Еңбек құқығының пәні, әдістері және жүйесі



1.Еңбек құқығының пәні
2.Еңбек құқығының әдістері
3.Еңбек құқығының жүйесі
4.Қорытынды
5.Қолданылған әдебиеттер
Еңбек құқығы, басқа да дербес құқық салаларымен қатар өзіне тән нышандарына байланысты белгілі бір біртектес қоғамдық қатынастарды ретейді. Осындай біртектес қоғамдық қатынастардың қатарына еңбек саласындағы қатынастар жатады. 2007 жылы 15 мамырда қабылдаған Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес еңбек адам мен қоғамның өміріне және олардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажетті материалдық, рухани және басқа да құндылықтарды жасауға бағытталған адамның қызметі.
Әрбір құқық өзіне тән пәні және әдістерімен ажыратылады. Еңбек құқығы құқық саласы ретінде қызметкер, жұмыс беруші және басқа да тұлғалар расында еңбек туралы заңнама , еңбек шарты, ұжымдық шарт, жұмыс берушінің актілері негізінде пайда болатын қоғамдық және жекелік қатынастрды реттейді.
1 Д.Ә. Жанпейісов, Д.Ә. Жанпейісов 2007, баспа Фолиант Астана,
2 М. Айымханова 2002, баспа Жеті жарғы,
3 Уваров В.Н. 2002, баспа Алматы,
4 Ахметов А, Ахметова Г 2006, баспа Алматы.

Жоспары:
1-Еңбек құқығының пәні
2-Еңбек құқығының әдістері
3-Еңбек құқығының жүйесі
4-Қорытынды
5-Қолданылған әдебиеттер

Еңбек құқығының пәні, әдістері және жүйесі.
Еңбек құқығы, басқа да дербес құқық салаларымен қатар өзіне тән нышандарына байланысты белгілі бір біртектес қоғамдық қатынастарды ретейді. Осындай біртектес қоғамдық қатынастардың қатарына еңбек саласындағы қатынастар жатады. 2007 жылы 15 мамырда қабылдаған Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес еңбек адам мен қоғамның өміріне және олардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажетті материалдық, рухани және басқа да құндылықтарды жасауға бағытталған адамның қызметі.
Әрбір құқық өзіне тән пәні және әдістерімен ажыратылады. Еңбек құқығы құқық саласы ретінде қызметкер, жұмыс беруші және басқа да тұлғалар расында еңбек туралы заңнама , еңбек шарты, ұжымдық шарт, жұмыс берушінің актілері негізінде пайда болатын қоғамдық және жекелік қатынастрды реттейді.
Олар :
Мемлекеттік - орталықтандырылған реттеу әдісі
Шартты (келісімді түрде) нысанда реттеу әдісі
Кәсіпорын, ұйым деңгейінде реттеу әдісі (локальдық әдіс)
Жеңілдік түрдегі әдіс
Еңбек құқығының пәні - еңбекті қоғамдық негізде ұйымдастыруға, басқаруға, кәсіпорындардың меншік нысанына қарамастан қызметкерлердің жұмыс күшін еңбек функциясына сәйкес пайдалануға және қызметкердің ішкі еңбек тәртіп ережелеріне бағына отырып, белгілі бір еңбек функциясын атқаруға, өз кезегінде жұмыс берушінің қызметкерге жалақының уақытылы төлеуін, жұмыс орнында қауіпсіздік пен еңбекті қорғау ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету міндетін жүзеге асыруға байланысты пайда болатын біртектес құқықтық қатынастар болып табылады..
Еңбек құқығының пәні оның қандай қоғамдық қатынастарды реттейтіні арқылы анықталатын болса, еңбек құқығының әдістері сол қатынастарды қандай тәсілдермен реттейтіндігімен айқындалады. Қазіргі кезеңдегі нарықтық қатынастар жағдайында еңбек құқығы саласында еңбектік қатынастарды реттейтін негізгі әдістер қалыптасқан.

Еңбек құкығының пәніне жататын қоғамдық қарым-қатынастардың түрлері туралы қазіргі қолданыста жүрген ғылыми басылымдардағы, оқу құралдарындағы пікірлер алуан түрлі, өйткені нарықтық экономика жағдайында өмірге прогрессивтік жаңа еңбек қатынастары келеді. Бұл қоғамдық қарым-қатынастардың пайда болуы олардың бір-бірімен байланысы еңбекті ұйымдастырудағы ерекшеліктеріне, оның мазмұнына байланысты. Қазіргі кезде еңбек құқығының қатынастары бұрын-ғыдай тек жұмыскер мен мемлекеттік кәсіпорын, мекеме, ұйым арасындағы қатынастар емес, жаңа жағдайда заңға сәйкес меншік түріне байланысты занды тұлғалар мен жеке адамдар арасындағы еңбек катынастары.
Жаңа жағдайда пайда болған барлық еңбек құқығының қатынастары мынадай топтарға жіктеледі:
Бірінші топқа бұрыннан қалыптасқан мемлекет меншігіне байланысты пайда болған еңбек қүқығы қатынастарын жатқы-зуға болады. Мұндағы ерекшелік, еңбек ұжымдары заң жүзінде кәсіпорынның мүлкіне меншік иесі бола алмайды, бірақ бұл жағдайда енбек ұжымы кәсіпорынды басқарудан мүлде шеттетілді деуге де болмайды, өйткені олар кәсіпорынды, оның кұрылымдарын жалға немесе ұжымдық меншікке айналдыра алады.
Мемлекеттік кәсіпорындардағы еңбек қатынастарын құқықтық реттеудегі басты қағида ол мемлекет тарапынан басқаруды еңбек ұжымының өзін-өзі басқаруымен және кәсіпорын әкімшілігінің жеке-дара басқаруымен тығыз бай-ланыстыру.
Екінші топқа кооперативтік, акционерлік занды ұйымдар-дың меншігіне негізделген еңбек қатынастары кіреді. Бұл еңбек катынастарының өзіндіігерекшеліктері бар, оның тараптары: бір жағынан - меншік иесінің ұжымы, оның өкілдері (баскарма, бастық); екінші жағынан әрбір меншік иесі (өзі еңбеккер болуы мүмкін), жалдамалы жұмысшы болып саналады, ал кәсіпорынды басқару - өзін-өзі толық басқаруға негізделген.
Кооперативтерді ұйымдастыру, олардың шаруашылық жағ-дайы Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылы шык-қан Өндірістік кооператив туралы заң күші бар Жарлығы негізінде және кооперативтің жалпы жиналысында қабылдан-ған жарғысы бойынша анықталады. Еңбек қатынастарының субъектісі ретінде кооператив өздігінен еңбекті ұйымдастырып, жұмыс күнінің ұзақтығын, демалыс беру тәртібін, жалақы төлеу жүйесін белгілейді.
Акционерлік қоғамдағы еңбек қатынастарының субъектісі болып жеке еңбеккер, оның ішінде акция ұстаушы және өз атынан жалдау шартын жасаушы акционерлік қоғам болып табылады.
Меншіктің әр түріне негізделген шаруашылық серіктес-тіктер акционерлік қоғамдардың моделімен жұмыс істейді, бұлардың құрылтайшылары мемлекеттік, кооперативтік, қоғам-дық кәсіпорындар, шетелдік фирмалар мен азаматтар болады, сондықтан бүл саладағы еңбек қатынастары нормативтік кұқықтық актілермен, кәсіпорын жарғысымен және құрылтай құжаттарымен анықталады. Еңбек қатынастарына түсуші та-раптардың кұқықтық жағдайы жеке еңбек шарттарында (контрактілерінде) қарастырылып, толықтырылады.
Азаматтардың өз меншігінен пайда болған еңбек қатынастары үшінші топты қүрайды.
Мұны екі түрге бөлуге болады: жеке іскерлік және еңбек шаруашылығы түріндегі үжымдық іскерлік. Біріншісі - жеке адамның өз еңбегіне негізделген, сондыктан бұл жағдайда еңбек қатынастары тумайды, оны азаматтық және салық заңдары реттейді. Екіншісі -- меншік иесі өз меншігінен табыс алуды көздеп отбасы мүшелерінің еңбегін біріктіреді және жұмыс күшін жалдайды.
Жұмыс күшін жалдау ісін жүзеге асырған кезде пайда бо-латын еңбек қатынастары төртінші топқа жатады. Олар еңбек-кер меншік иесі болмағанда, кәсіпорынды басқаруға, түскен түсімді бөлісуге қатысқан жағдайда пайда болады. Жұмыс күшін жалдаудыңреті, жағдайы мемлекеттарапынан бақылауға алынады ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбек құқығы жүйесі
Еңбектік құқықтық қатынастар
Жер құқығының түсінігі, пәні, әдістері, жүйесі
Қылмыстарды алдын ала тергеу сатысы
Мемлекеттік қызмет пен еңбек құқығы
Еңбек құқығының қағидаттары
Қазақстан Республикасының жер құқығы жерге меншіктің құқықтық
Еңбек қатынастары
Еңбек құқықтық қатынастар саласындағы әлеуметтік әріптестік
Қазақстан Республикасының азаматтық іске қатысушылар
Пәндер