Еңбек және еңбек құқығы туралы жалпы түсінік



1. Еңбек құқығы
1.1 Еңбек және еңбек құқығы туралы түсінік
1.2 Еңбек құқығының басшылыққа алатын қағидалары
1.3 Еңбекпен байланысты құқықтық қатынастар

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Біздің Ата заңымызда немесе Қазақстан Республикасының конституциясында 24-бапта, 1-тарауда былай деп айтылған: «Әркімнің еңбек ету бостандығын, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар. Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі.»
Құқықтың әрбір саласы қоғамдық қатынастардың, өзінің мазмұны мен ерекшеліктерімен басқалардан өзгеше келетін белгілі бір тобын реттейді. Еңбек құқығының пәнін ашу ең алдымен құқықтың осы саласының нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар шеңберін анықтау қажет.
Кейінгі кезеңде Республикамыздың қалыптасып келе жатқан еңбекті ұйымдастырудың нарықтық нысандарының дамуы мемелекет меншігінде болған кәсіпорын, мекеме, ұйымдары жекешелендіруді, жеке меншіктің дамуына әкеледі. Мұның барлығы еңбек қатынастарын реттеуде жаңаша көзқарасты талап етеді.
1. А.С. Ибраева, Н.С. Ибраев Теория государства и права: учебное пособие.- Алматы, «Жеті жарғы», 2003
2. А.С. Ибраева Заң терминдерінің қазақша – орысша және орысша – қазақша қысаша түсіндірме сөздігі.- Алматы, «Жеті жарғы» 1996ж.
3. А. Жакупова «Конституция – основа развития государства» // Заң және заман.-2005ж
4. Ә. Әділхан «Адам құқы – ең жоғары құндылық» // Заң және заман.- 2005ж
5. Б. Қонақбаев «Азаматтарды құқықтық қорғау және олардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін нығайту» // Заң.-2005ж
6. Г. Адрасулова «Юридическое значение, функции и эффективность применения норм права» // Фемида.-2006ж
7. Ғ. Сапарғалиев, А. Ибраева Мемлекет және құқық теориясы: оқу құралы.- Алматы, «Жеті жарға», 1998ж
8. «Қазақстан Республикасының Конституциясы»: Түсініктеме.-Алматы, «Жеті жарғы», 1999ж.
9. «Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері» : оқулық.-Алматы, 2003ж.
10. Қ.А. Мустафаев «Құқықтық тәлім - тәрбие мен жалпы оқытудың іс-шаралары» // Заң.-2005ж.
11. Қ.Д. Жоламан, А.Қ. Мухтарова, А.Н. Таукелов мемлекет және құқық теориясы: оқулық.-Алматы, ҚазМЗУ-дың баспа- полиграфия орталығы 1999ж.

М а з м ұ н ы

1. Еңбек құқығы
1. Еңбек және еңбек құқығы туралы түсінік
2. Еңбек құқығының басшылыққа алатын қағидалары
3. Еңбекпен байланысты құқықтық қатынастар

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Біздің Ата заңымызда немесе Қазақстан Республикасының конституциясында
24-бапта, 1-тарауда былай деп айтылған: Әркімнің еңбек ету бостандығын,
қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар. Еріксіз еңбекке соттың
үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол
беріледі.
Құқықтың әрбір саласы қоғамдық қатынастардың, өзінің мазмұны мен
ерекшеліктерімен басқалардан өзгеше келетін белгілі бір тобын реттейді.
Еңбек құқығының пәнін ашу ең алдымен құқықтың осы саласының нормаларымен
реттелетін қоғамдық қатынастар шеңберін анықтау қажет.
Кейінгі кезеңде Республикамыздың қалыптасып келе жатқан еңбекті
ұйымдастырудың нарықтық нысандарының дамуы мемелекет меншігінде болған
кәсіпорын, мекеме, ұйымдары жекешелендіруді, жеке меншіктің дамуына
әкеледі. Мұның барлығы еңбек қатынастарын реттеуде жаңаша көзқарасты талап
етеді. Сондықтан, еңбек құқығы еңбек ету үрдісінің технологиясын
реттемейді, еңбекті ұйымдастыру мен қолдану жөніндегі әлеуметтік
байланыстарды реттейді, яғни еңбек құқығының пәні – еңбек емес, еңбектің
әлеуметтік құрылымы, немесе адамдардың еңбек ету барысындағы қатынастары
болып табылады. Басқаша айтқанда, еңбек құқығының пәні-еңбекке
қаблеттілікті іске асыру, еңбекті ұйымдастыру мен басқару жөніндегі
мемелекеттік және жеке ұйымдарды азаматтардың еңбегін қолдану жөнінде
қалыптасқан жеке дара да, сондай-ақ ұжымдық та қоғамдық қатынастарды
құрайды.
Жеке еңбек шарты еңбек құқығының негізгі институттарының қатарына
жатады. Оның қоғамдық ролі, еңбек ету бостандығын, қызмет түрі мен мамандық
таңдау бостандығын, еңбекті ұйымдастыру мен қолдануда негізге алынатын
құқықтар мен бостандықтарды жариялайтын Қазақстан Республикасының
Конституциясымен анықталады.
Еңбек шартының заңдық маңызы ол еңбек қатынастарының пайда болуына ғана
емес оның өзгеруіне де, жойылуына да себепкер болуында.
Жеке еңбек шарты тақырыбының ішінде барлық құрама тақырыптары
қарастырылған. Қолданылған барлық заңдар, Қазақстан Республикасының Заңы,
Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы (осы заң азаматтардың Қазақстан
Республикасындағы еңбек бостандығына конституциялық құқығын іске асыру
барысында туындайтын еңбек қатынастарын реттейді.) ресми басылымнан
алынған. Бұл заңда жеке еңбек шарты туралы 2-тарауда, 9-31 баптарда
қарастырылған.

1. Еңбек құқығы
1. Еңбек және еңбек құқығы туралы түсінік
Еңбек – адамның өз қажеттерін қанағаттандыру үшін табиғат заттарының
түрін өзгертуге және оны өз керегіне бейімдеуге бағытталған мақсатқа сай
істелетін қызметі; қоғамның өмір сүруінің негізгі, адамзат тіршілігінің
мәңгілік, табиғи шарты. Еңбек – адамдардың өмірі үшін материалдық, рухани
және басқа да құныдылықтар жасауға бағытталған адам қызметі.
Құқықтың әрбір саласы қоғамдық қатынастардың, өзінің мазмұны мен
ерекшеліктерімен басқалардан өзгеше болып келетін белгілі тобын реттейді.
Еңбек құқығының пәнін ашу үшін ең алдымен құқықтың осы саласының
нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар шеңберін анықтау қажет.
Қазақстан Республикасында қалыптасып келе жатқан еңбекті ұйымдастырудың
нарықтық нысандарының дамуы мемлекет меншігінде болған кәсіпорын, мекеме,
ұйымдарды жекешелендіруді, жеке меншіктітің дамуына әкеледі. Мұның бәрі
еңбек қатынастарын реттеуде жаңаша көзқарасты талап етеді. Соныдқтан, еңбек
құқығы еңбек ету процессінің технологиясын реттемейді, еңбекті ұйымдастыру
мен қолдану жөніндегі әлеуметтік байланыстарды реттейді, яғни еңбек
құқығының пәні еңбек емес, еңбектің әлеуметтік құрылымы, немесе адамдардың
еңбек ету барысндағы қатынастары болып табылады.
Ал жалпылама алғанда еңбек құқығы дегеніміздің өзі – меншігі мен
шаруашылық түріне байланыссыз жұмысшылардың барлық категориясының жалдамалы
еңбекке байланысты қоғамдық еңбек қатынастарын реттейтін құқықтың жеке
саласы.
Еңбек қатынастары – тараптардың әдетте жеке еңбек және ұжымдық шарттар
негізінде белгілі бір еңбек қызметін жүзеге асыруы жөнінде туындайтын жұмыс
беруші мен қызметкер арасындағы қатынастар.
Еңбек қатынастары саласындағы құзыретті органдардың барлық жағдайларда
қолдануға есептелген нормативтік нұсқаулардан тұратын құқықтық актілер
еңбек құқығының көздері болып табылады. Әдебиетте бұл көздер еңбек туралы
нормативтік актілері, еңбек туралы заң актілер, еңбек құқығының
нормативтік актілер және т.б. деп аталады.
Еңбек туралы нормативтік-құқықтық актілер Қазақстан Республикасының
Еңбек туралы Заңына сәйкес болуы қажет. Олар мыналардан тұрады:
1. Заңдар және Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар
жарлықтарынан;
2. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарынан және Қазақстан
Республикасы Үкіметінің қаулыларынан;
3. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы
Сотының нормативтік қаулыларынан;
4. Министрліктер мен ведомстволпрдың нормативтік құқықтық актілерінен
тұрады.
Жұмыс берушілер мен қызметкерлердің еңбек қатынастарын реттейтін
негізгі заңға 1999 жылғы 10 желтоқсанда қабылданған Қазақстан
Республикасындағы Еңбек туралы Заң жатады, осы заң қабылданғаннан кейін
мынадай заңдар өз күшін сақтаған:
• 1992 жылы 4 шілде қабылданған Ұжымдық шарт туралы
• 1993 жылы 22 қаңтарда қабылданған Кәсіптік одақтар туралы
• 1993 жылы 9 сәуірде қабылданған Кәсіптік одақтар туралы
• 1996 жылы 8 шілде қабылданған Ұжымдық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР еңбек құқығы
Еңбек құқығының ұғымы
Еңбек және еңбекті қорғау ұғымы
ҚР-ның еңбек құқығы
Еңбек құқығының қағидалары
Бңбек құқығы туралы
Еңбекпен байланысты құқықтық қатынастар
Еңбек құқығы туралы мәлімет
Сот талқылауының тікелейлігі
Басқарудың ұйымдастыру формасы
Пәндер