Қазақстан Республикасының тұрғындарының қорғау құқығы



1. тақырып. Қазақстан Республикасының тұрғындарының қорғау құқығының
әдісі, пәні, түсінігі және жүйесі
2 . тақырып. Орталықтан зейнетақы тағайындаудағы еңбек өтілі.
3. тақырып. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақымен қамтамасыз ету.
4 . тақырып. Орталықтан зейнетақымен қамтамасыз ету.
5 . тақырып. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы.
6 . тақырып. Әлеуметтіқ қамсыздандырудағы өтемақылар мен жәрдемақылар
7 . тақырып. Мүгедектігіне байланысты зейнетақы.
8 .тақырып. Сіңірген еңбек жылдары үшін
төленетін зейнетақылар.
Әлеуметтік қорғау дегеніміз - жынысына қарамастан адамдардың әлеуметтік экономикалық саяси және өзгеде құқықтары мен кепілдігін қамтамасыз ететін мемлекет саясаты, яғни адамның жақсы өмір суруін оның қоғамның қазіргі даму деңгейінде материялдық қамсыздандыру және мәдени құндылықтарға қол жеткізуге, қамтамасыз етуге, бағытталған мемлекеттің кепіл етілген және жүзеге асырылатын құқықты айтамыз.
Әлеуметік қамсыздандыру түсінігін әр-түрлі мағынада қолдануға болады.
1) Әлеуметтік қамсыздандыру ретінде әкімшілік биліктік қатынастардың ерекше нысаны ретінде түсіндіріледі.
2) Мемлекеттің қызметі ретінде түсіндіріледі.
3) Азаматтардың қартайуына, асыраушысынан айырылуына, еңбек қабілетттілігінен айырылуына ж.т.б. материялдық қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі және нысаны ретінде түсіндіріледі.
4) Құқық саласы ретінде түсіндіріледі.
5) Азаматтардың құқығы ретінде түсіндіріледі.
Барлық құқық салалары сияқты әлеуметтік қамсыздандыру 3-жүйеден тұрады.
1) жалпы бөлім
2) ерекше бөлім
3) арнайы бөлім

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
1- тақырып.
Қазақстан Республикасының тұрғындарының қорғау құқығының
әдісі, пәні, түсінігі және жүйесі.

1. Әлеуметтік қорғау жүйесі және түсінігі.
2. Әлеуметтік қорғаудағы азаматтардың құқығы.
3. Әлеуметтік қорғау туралы.

Әлеуметтік қорғау дегеніміз - жынысына қарамастан адамдардың әлеуметтік экономикалық саяси және өзгеде құқықтары мен кепілдігін қамтамасыз ететін мемлекет саясаты, яғни адамның жақсы өмір суруін оның қоғамның қазіргі даму деңгейінде материялдық қамсыздандыру және мәдени құндылықтарға қол жеткізуге, қамтамасыз етуге, бағытталған мемлекеттің кепіл етілген және жүзеге асырылатын құқықты айтамыз.
Әлеуметік қамсыздандыру түсінігін әр-түрлі мағынада қолдануға болады.
1) Әлеуметтік қамсыздандыру ретінде әкімшілік биліктік қатынастардың ерекше нысаны ретінде түсіндіріледі.
2) Мемлекеттің қызметі ретінде түсіндіріледі.
3) Азаматтардың қартайуына, асыраушысынан айырылуына, еңбек қабілетттілігінен айырылуына ж.т.б. материялдық қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі және нысаны ретінде түсіндіріледі.
4) Құқық саласы ретінде түсіндіріледі.
5) Азаматтардың құқығы ретінде түсіндіріледі.
Барлық құқық салалары сияқты әлеуметтік қамсыздандыру 3-жүйеден тұрады.
1) жалпы бөлім
2) ерекше бөлім
3) арнайы бөлім
Жалпы бөлімде әлеуметтік қамсыздандырудың пәні, әдісі, міндеттері, құқықтық нормалары, олардың кеңістікпен тұлғалар шеңбері бойынша заңдық күші салдарының құқықтық қатынастарынан туындау өзгеру және тоқтау негіздерінің тәртібі олардың объектілері әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қағидалары, жүйесі және қайнар көздерін сипаттайтын нормалар оқытылады.
Ерекше бөлімінде осы құқық саласының жекелеген институттарын зерттейді. Оның ішінде еңбек өтілі, зейнетақы мен қамсыздандыру қатынастырын реттейді.
Арнайы бөлімінде әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы құқықтық қатынастар мен бірге қамсыздандыру саласындағы құқықтық қатынастарды халықаралық реттеу мен шетел азаматтарын әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты заңдарды қарастырады.
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы деп - азаматтардың белгілі бір жасқа жеткен және белгілі бір құқықтық жағдайларға байланысты немесе баланы асырап тәрбиелеуімен ұштасатын және белгілі бір жағдайда төлемдерге құқығы пайда болып туындайтын қатынастарын реттейтін нормалар жиынтығын білдіреді.
Осыған орай әлеуметтік салада 3-жүйе қалыптаскан:
1. Ынтымақтастық жүйесі - бұл жүйе кеңес одақ кезінде пайда болып оның мәні жастардың қарт адамдарды зейнетақымен қамсыздандыруына негізделеді.
2. Жинақтаушы жүйе - Чили елінен алынып, ол мемлекетте 60-жылдан астам уақыт бойы қолданылып келген. Ал Қазақстан Республикасында 1997 жылы қабылданып, 1998 жылдың 1-і қаңтарынан бастап қолданысқа еңгізілді.
3. Аралас жүйе дамыған елдерде қолданылады, бұл жүйе бойынша әрбір жұмыс істейтін азамат мемлекетке әрбір тоқсан сайын зейнетақы жарналарын аударып отыруына негізделеді.
Осыған орай жинақтаушы зейнетақы қорлары деп - Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген міндетті, ерікті немсе ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын жинап алушыға зейнет ақыны активтендірілген (банкостиянда) сақталатын зейнет ақы төлемдерін айтамыз, яғни азамат өзінің кәрілігін зейнетақы мен қамтамасыз ету үшін жинақтаушы зейнетақы қорларына заңдарда белгіленген тәртіпте міндетті, ерікті және ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын тұрақты төлеп отыруын айтамыз.
Мемлекеттегі әлеуметтік қамсыздандыру функциялары келесі түрлерге жіктеледі:
1. Саяси функция - әлеуметтік тұрақтылықты сақтайтын және халықтың әр-түрлі тобының өмір деңгейінің ерекшеліктерінде толық қанды қоғамдық әлеуметтік шиеленістің әлсіреуінен көрініс табады.
2. Экономикалық функция - жасына, еңбек қабілетінен айырылуына немесе асыраушысынан айырылуына байланысты, жалақысынан немесе өзге де табыстың орнын толтыратын және тұрмыс жағдайы нашар тұлғаларға көмек көрсетуден көрініс табады.
3. Әлеуметтік функциясы - әлеуметтік қорғалмаған, өзгенің жәрдем көрсетуіне мұқтаж азаматтар санатарын оларға қосымша қаржы бөлу көмек көрсетуден көрініс табады.
4. Еңбек функциясы - әлеуметтік қамсыздандырудың барлық түрі үшін қаржының қайнар көзі еңбек болғандықтан халықты жұмыспен қамтамасыз етуге негізделіп, олардың даму деңгейіне әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің барлық буындары тәуелді болып табылады.
5. Сауықтыру функциясы - мүгедектер мен халықтың өзге де әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтардың қоғамдық мәртебесін қалпына келтіру үшін қалыпты жағдайда көрініс табылып, аталған тұлғалардың қоғамның толық қанды мүшесі ретінде сезінуіне мүмкіндік береді.
6. Демографиялық функциясы - елдің халық сынының көбеюіне және оны көтермелеуге бағыталған мемлекеттің қалыпты дамуы үшін қажет қызмет.
Осыған орай әлеуметтік қамсыздандыру субъектісіне келесіде тұлғалар жатады:
1.Еңбек қабілетілігі жоқ тұлғалар, оларға:
а) зейнеткерлер, мүгедектермен жалғыз басты тұлғалар;
б) балалар мен жасөспірімдер.
2.Еңбекке қабілетті жастағы азаматтар, оларға:
а) жұмыссыздар;
б) уақытша жұмыссыздар;
в) мүгедектер;
г) көп балалы отбасылар;
д) тұрмысты жағдайы төмен тұлғалар.
Әлеуметтік қамсыздандыру пәнін - азаматтарды зейнетақымен, өтемақымен қамтамасыз етумен сонымен қатар прцесуалдық және құқықтық қорғаушылық сипаттағы қызмет көрсетумен байланысты қатынастар құрайды.
Олар келесі қатынастарды қамтиды:
1. Азаматтарды зейнетақымен, жәрдемақымен және өтемақымен қамтамасыз етумен байланысты қоғамдық қатынастар;
2. Заттай нысанда көмек көрсетуіге байланысты қоғамдық қатынастар яғни тегін және жеңілдікті бағамен берілетін нақты тауардың қызметін қамтамасыз ету.
3. Процедуралық және қорғаушылық сипаттағы қатынастарды әлеуметтік қамсыздандыру салаларына байланысты қатынастар әкімшілік биліктік қатнастар болып табылады.
Ал олардың жүзге асырудың бес тәсілін белгілеп қарастыруға болады.
1) Тегін әрбір азаматқа бөлінетін мемлекеттің белгіленген әлеуметтік нормативінің шегінде, қоғамдық саналы қажетіліктерге және экономикалық мүшелеріне сай игіліктерге қатысты теңдей қатынастар негізі;
2) Бұрыңғы немесе ағымды еңбектің шығынын өндірүдің материялдық қамсыздандырудың қажеттілігін ескере отырып теңестірілмейтін бірақ нормаланған сипаттағы әлеуметтік шарттары.
3) Құнды ішінара төлеумен байланысты жеңілдетілген жағдайлардағы қатынастарды. Мысалы: дәрі-дәрмекті санаторияларға жолдамаларды жеңілдетілген баға мен сату.
4) Әлеуметтік қамсыздандыру шаралары.
5) Еңбегінің санымен сапасына қарай қамсыздандыру шаралары.
Нәтижесінде Қазақстан Республикасында зейнетақылық құқықтық қатынастар мыналарды төлеумен байланысты туындайды:
1. Жасына байланысты зейнетақылар;
2. Мугедектілігі бойынша зейнетақылар;
3. Еңбек жылдары үшін төленетін зейнетақылар;
4. Әлеуметтік зейнетақылар.
Ал жәрдемақы алуға қатысты құқықтық қатынастар мыналарды төлеумен байланысты туындайды:
1. Еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты жәрдемақылар;
2. Жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақылар;
3. Қайғылы оқиғаның немесе кәсіптік аурудың нәтижесінде қызметкерлердің денсаулығына келтірілген зиянды өтеумен байланысты жәрдемақылар;
4. Жұмысшыға берілетін атаулы әлеуметтік көмек;
5. Бала тууымен байланысты бір жолғы жәрдемақылар.
Өтемақы алуға қатысты құқықтық қатынастар келесідей өтемақыларын төлеумен байланысты туындайды:
1.18-жасқа дейнгі мүгедек баланы асырап отырған еңбекке қабілетті азаматтарға төленетін өтемақы;
2. 1-ші топ мүгедегін қарап отырған еңбекке қабілетті азаматтарға төленетін өтемақы;

3. 80-нен асқан қартты күтүші еңбекке қабілетті азаматтарға берілетін өтемақылар.
Заттай нысанда көмек көрсетуге қатысты құқықтық қатынастардың туындауына мыналар негіз болады.
1. Тегін немесе жеңілдікпен берілетін тауарлар және көрсетілетін қызмет түрі;
2. Дәрі-дәрмектер;
3. Санатариялық(курорттық) емдеу;
4. Медициналық көмек көрсету;
5. Балаларды мекемелерге орналастыру;
6. Мүгедектерге берілетін көлік-құралдары;
7. Кәсіби оқыту және қайта дайындықтарын өткізу;
8. Заңдарда көзделген өзгеде жеңілдіктер.
Процесуалдық сипаттағы құқықтық қатынастар келесідей заңды мәнге ие әпекеттер жасаумен байланысты туындайды:
1) Олардаң материялдық қатынастар туындамайтын заңды фактілерді белгілеу (Мысалы: мүгедектігі бойынша зейнетақыны тағайындау үшін мүгедектік фактісін анықтау қажет).
2) Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы яғни әлеуметтік қамсыздандырудың кезекті түрін тағайындауға негізделеді.
Ақша құралдарының қайнар көздерінде қаралатын мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыруы келесі түрде асырылуы мүмкін:
1.Ақшалай төлем ретінде (зейнетақылар, жәрдемақылар, өтемақылармен материядық көмек)
2. Заттай көмек ретінде (дәрі-дәрмек, азық-түлік, мүгедектер үшін техникалық көлік-құралдары)
3. Мүгдектердің емделуімен, сауығуымен, денсаулығын жақсартумен байланысты (стационарларда, ұйден қатынап емдеу санаторияларында, қарттар мен мүгедектер үшін арнайы ұй интернаттарында) емдеу санаторияларында, қарттар мен мүгедектер үшін арнайы емдеу орнына барумен және қайтуымен байланысты шығындарын өтеу, жұмыссыздарды қайта оқыту немесе қайта дайындықтан өткізу.
4. Азаматтардың жекелеген санаттарына көмек көрсетудің бір жолғы ақшалай және ақшалай емес түрлерін белгілеу.

2 - тақырып.
Орталықтан зейнетақы тағайындаудағы еңбек өтілі.

1. Орталықтан зейнетақы тағайындаудағы еңбек өтілі ұғымы және түрлері.
2. Өтілді есептеудің жеңілдетілген тәртібі.
3. Еңбек өтілін растаушы құжатар.

Еңбек өтілі дегеніміз- бұл зейнетақы төлеу кезінде есепке алынатын жұмыс пен өзге де кезеңдерінің қосынды ұзақтылығын білдіреді. Еңбек өтілі тек ұзақтылығымен қатар жұмыс түрін және еңбек қызметі өткен жағдайларды оның ішінде зияндылық, қауіптілік жағдайларды сипаттайды.
Еңбек қызметінің ұзақтылығы мен сипаттылығына қарай еңбек өтілі үшке бөлінеді.
1) Жалпы еңбек өтілі - бұл жұмыс орнында уақытша орын алған үзіліске қарамастан адамдардың бүкіл өміріндегі еңбек қызметінің жалпы жиынтық ұзақтылығын білдіреді.
2) Арнайы еңбек өтілі - бұл белгілі бір жағдайдағы (ауыр, зиянды, қауіпті ж.т.б.) белгілі лауазымды, белгілі бір климаттық жағдайда, радиоактивтік ластануға ұшыраған аумақтарда, жасына байланысты және сіңірген еңбек жылдары үшін төленетін зейнет ақыларын жеңілдетілген тәртіппен қамсыздандыруға жататын қезеңдеріндегі жұмыс ұзақтылығын ілдіреді.
3) Үздіксіз еңбек өтілі - бұл қызметкердің бір жұмыстан екіншісіне ауыстырылған кезеңдеріндегі үзіліс заңдарда белгіленген мерзімнен аспаған және қызметінен босату қызметкердің кінәсінән болмаған жағдайдағы үздіксіз еңбек өтілінің ұзақтығын айтамыз.
Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындау Қазақстан Республикасында зейнетақы мен қамсыздандыру туралы заңның 9 - бабына сәйкес келесі тәртіпте тағайындалады:
1998 жылғы 1 қаңтардан бастап - еркектерге 61 жасқа толғанда, әйелдерге 56 жасқа толғанда;
1998 жылғы 1 шілдеден бастап - еркектерге 61,5 жасқа толғанда, әйелдерге 56,5 жасқа толғанда;
1999 жылғы 1 шілдеден бастап - еркекерге 62 жасқа толғанда, әйелдерге 57 жасқа толғанда;
2000 жылғы 1 шілдеден бастап - еркектерге 62,5 жасқа толғанда, әйелдерге 57,5 жасқа толғанда;
2001 жылғы 1 шілдеден бастап - еркектерге 63 жасқа толғанда, әйелдерге 28 жасқа толғанда;
Төтенше және барынша радияциялық қатерлі өңірлерде 1949 жылғы 29 тамыздан 1963 жылғы 5 шілдеге дейін кемінде 10 жыл тұрған азаматтар Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы Қазақстан Республикасы заңына сәйкес:
oo еркектер - жалпы жұмыс өтілі 20 жылдан кем болмаған жағдайда 50 жасқа жеткенде;
oo әйелдер - жалпы өтілі 20 жылдан кем болмаған жағдайда 45 жасқа жеткенде:
бес және одан да көп бала туып, оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер 50 жасқа толғанда жасына байланысты толық көлмінде зейнетақы алуға құқылы, аталған зейнетақы жасы 1998 жылғы 1 шілдеден бастап жыл сайын 6 айға өсіп отырады, бірақ тұтас алғанда 3 жылдан аспауы тиіс.
Орталықтан жасына байланысты зейнетақы төлемдері толық көлемде келесі санаттағы азаматтарға төленеді:
1. еркектерге 1998 жылғы 1 қаңтарда кемінде 25 жыл еңбек өтілі болғанда қызметінен босатылған кезінен тағайындалып, жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары салынбағаны есептеледі;
2. әйелдерге 1998 жылғы 1 қаңтарда кемінде 20 жыл еңбек өтілі болғанда қызметінен босатылған кезінен тағайындалып, жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары салынбағаны есептеледі;
3. толық емес көлемдегі жасына байланысты зейнетақы төлемдері 61 жасқа толған еркектер мен 56 жасқа толған әйелдерге 1997 жылғы 1 қаңтарда нақты еңбек өтілінің болуына қарай Орталықтан толық көлемде зейнетақы төлемдерін алу құқығы болмаған жағдайда, экологиялық апат аймақтарында жұмыс істеген қызметкерлерге, міндетті зейнетақы жарналарының болмауына қарамастан тағайындалады.
Жасына байланысты зейнетақының толық емес көлемдегі төлемдері заңдарда белгіленген тіртіппен, 1998 жылғы 1 қаңтарда болған еңбек өтіліне бара-бар үлес ретінде есептеледі.
Зейнетақы тағайындау үшін еңбек өтілін есептеу кезінде мыналар есепке алынады:
1) Еңбек келісім шарты бойынша жеке және заңды тұлғаның ақы төленетін қызметі;
2) Әскери қызмет;
3) Құқық қорғау органдарындағы қызмет;
4) Мемлекеттік қызмет;
5) Кәсіпкерлік қызмет;
6) 1-ші топтағы, 2-топтағы жалғыз басты мүгедекке, өзгенің жәрдеміне мұқтаж жасына байланысты зейнеткерлерге, сондай-ақ 80- жасқа толған өзгенің жәрдеміне мұқтаж қарт адамдарға күтім жасаған еңбекке жарамды адам уақыты;
7) Атом сынақтары, экологиялық апатар салдарынан зардап шеккен немесе иммундық тапшылық вирусын жұқтырған ЖҚТБ-мен ауыратындарға, 16- жасқа дейінгі мүгедекке күтім жасаған уақыт;
8) Жұмыс істемейтін анасының жас балаларын бағып күткен, бірақ әрбір баласы 3-жастан аспайтын жалпы жиынтығы 12-жыл шегіндегі уақыт;
9) Жауапкершілікке негізсіз тартылып қуғын сүргінге ұшыраған бірақ кейін ақталған азаматтардың қамауда болған, бас бостандығынан айыру және жер аудару орындарында кінәсіз жазасын өтеген уақыты;
10) Еңбекке жарамды азаматтардың бұрынғы КСРО-ның уақытында акупацияланған аумақтарда және ұлы отан соғысы кезінде басқа мемлекеттің аумағында зорлық пен әкетілген адамдарын (жасына қарамастан) сонда болған уақыты және фашистік конслагерде болған уақыты егер аталған кезенде отанға қарсы қылмыс жасамаса есптеледі;
11) Жұмыс істемейтін соғыс мүгедектерінің және оларға теңестірілген мүгедектердің мүгедек болған уақыты;
12) Бұрынғы кеңес мекемесінің Қазақстан Республикасы мекемесінің Халықаралық ұйымның қызметкерлерінің жұбайыларымен зайыбының бірге шетелде тұрған кезеңі, бірақ жалпы алғанда 10 жылдан аспаған уақыты;
13) Офицерлік құрамдағы қызметкерлермен прапорщиктердің мерзімінен тыс атқарған әскери қызметкерлер зайыбының жұмысқа орналасу мүмкін болмаған жерлерге жұбайымен бірге тұрған кезеңі бірақ 10-жылдан аспаған уақыты;
14) Қазақстан Республикасы аумағында одан тыс жерлердегі жоғарғы, арнаулы, орта оқу орындарында, училищелерде, мектептерде және кадрлар даярлау, біліктілігін арттыру, қайта мамандандыру курстарымен аспирантурада, доктарантурада, клиникалық ординатурада, күндізгі жоғарғы, орта діни оқу орындарында оқыған уақыты;
15) Әскерилендірілген күзетте, арнаулы байланысты кең құтқару бөлімдерінде олардың бағынышты бөлімшелерінде, арнаулы әскери ведомствалық бағыныштылығындағы қызметі;
16) Әлеуметтік сақтандыруға қаржы төлеген жағдайдағы өзге де жұмыс уақыты зейнетақы тағайындау кезінде еспке алынады.
Орталықтан зейнетақы тағайындау үшін еңбек өтілін жеңілдетілген тіртіппен есптеу кезінде мыналар есепке алынады:
1) Әскери жарылыс салдарынан емдеу мекемелерінде емдеуде болған уақыты, әскери қызметке сіңірген еңбек жылдары үшін зейнет ақы тағайындау кезінде осы қызметтің мерзімін есептеу үшін белгіленген тәртіппен есептеледі;
2) Заңсыз қылмыстық жауаптылыққа тартылған, қуғын-сүргінге ұшыраған кейіннен ақталған азаматтардың қамауда болған, бас-бостандығынан айыру, жер аудару орындарында жазасын өтеген, бас-бостандығынан шектей отырып мәжбүрлеп еңбекке тартқан арнаулы қоныстандыру орталығында ұсталған, психиатриялық мекемелерде мәжбүрлеп емдеуде болған уақыты 2-се мөлшерде;
3) Семей сынақ полигонына жапсарлас жатқан аудандарда 1949 жылдың 29 тамыздан бастап 1963 жылдың 5-шілдесіне дейінгі кезеңде жұмыс істеп, әскери қызмет атқарған уақыты 3-есе мөлшеріде. 1963 жылдың 6-шілдесінен 1992 жылдың 1-қаңтарына дейінгі уақыт 1-есе мөлшерде есптеледі;
4) Алапеске обаға қарсы мекемелерде, иммундық тапшылық вирусын жұқтырған немесе ЖҚТБ-мен ауыратынн адамдарды емдеу жөніндегі жұқпалы аурулар мекемелеріндегі жұмысы 2-есе мөлшерде, сот медициналық сараптамаларда емдеу мекемелерінің полелогия-онотомиялық бөлімдеріндегі жұмыс Қазақстан Республикасы үкіметі бекіткен жұмыс тізбесі бойынша1-жарым есе мөлшерде есептеледі;
5) Толық новигациялық кезең ішінде су көлігіндегі жұмыс 1-жылғы еңбегі үшін есептеледі;
6) Ведомствалық бағыныштылығына қарамастан өнеркәсіптің маусымдық салаларының кәсіпорындағы толық маусым ішіндегі жұмыс Қазақстан Республикасы үкіметі бекіткен тізім бойынша 1-жылғы жұмыс өтіліне есептеледі.
Қазақстан Республикасы еңбек кодексінің 34-бабына еңбек өтілін растайтын құжаттарға келесі құжаттар жатады:
1. Еңбек кітапшасы;
2. Тоқтату куні мен оны анықтаудың негізі туралы жұмыс берушінің белгісі бар еңбек шарты;
3. Еңбек шартының жасалуы және тоқтатылуы негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс беруші актілерінен үзінді;
4. Қызметкерлерге жалақы төлеу ведомосынан үзінді;
5. Жұмыс берушінің қолы қойылған, ұйымның мөрімен расталғанне нотариус растаған қызмет ету тізімі (қызметкерлердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);
6. қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжат болып табылады.
Еңбек кітапшасына - жұмысқа қабылдау туралы, басқа тұрақты жұмысқа ауыстыру туралы барлық негіздер болса жұмыстан босату туралы жазбаларды жұмыс беруші (басшылық) құжаттардың (бұйрықтар, өкімдер) негізінде соларға сілтеме жасай отырып жазады. Еңбек кітапшасына енетін жазбалар шимаусыз, түзетусіз, өзгертусіз жазылуы қажет. Еңбек кодексінің 35 - бабына сәйкес еңбек кітапшасы қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді қамтитын құжат болып табылады. Еңбек кітапшасының нысанын, жүргізу және сақтау тәртібін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді. Жұмыс беруші қызметкердің еңбек кітапшысына ұйымдағы еңбек қызметі туралы тиісті жазбалар енгізуге міндетті және еңбек шарты бұзылғанда, еңбек шартын тоқтатудың себептері туралы жазбалар еңбек кодексінің нормаларын көрсете отырып жүргізілуі тиіс.
Еңбек өтілін құжаттық тұрғыдан растауы үшін келесі құжаттар ұсынылуы мүмкін:
1. Жинақтаушы зейнетақы қорынан анықтамалар, жеке шоттар, жалақыны беруге қатысты ведомствар, мінездемелер жұмыс кезеңі туралы мәлімдемелер;
2. Жеке еңбек қызметімен айналысатын тіркеу куәлігіне ие тұлғалардың жұмыс уақытында қаржы органа (олардың өз қызметінде тапқан) салық органдарына салық төлеуі туралы анықтамалары;
3. 1998 жылдың 1-қаңтарынан бастап жеке еңбек қызметімен айналысатын тұлғалардың жұмыс уақыты. Оның ішінде міндетті, ерікті және ерікті кәсіптік жарналар төлеуі туралы анықтамалары;
4. Жоғары, арнайы, орта оқу, кәсіби техникалық оқу орындарына, аспирантура, доктарантура, клиникалық ординатура, дайындау, біліктілігін көтеру, біліктілігін арттыру мектептерінде, курстарында оқыған уақыт кезеңдері туралы ақпараттарға ие архив мәліметтерінің негізінде берілген дипломдарын, куәліктерін анықтайтын өзге де құжаттарымен расталады;
5. Егер емдеу мекемелерінің қорытындысы бойынша бұл тұлғалар басқа тұлғалардың көмегін қажет ететін болса, 1-топ мүгедегіне, 16-жасқа дейінгі мүгедекке күтім жасаған еңбекке қабілетті тұлға уақыты әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі органдар мен күтім жасаған тұлғаның тұрғылықты жерімен анықталады;
6. Жұмыс істемейтін анасының жасы кіші балаларына күтім жасаған уақыты, баланың тууын куәландыратын құжаттарын (туу туралы куәлік) оның 3- жасқа толуымен ( неке туралы куәлікпен) балалар мекемесінен, тұрғын үйге қатысты органнан алынатын анықтамалармен расталады.

3- тақырып.
Жинақтаушы зейнетақы қорларынан
зейнетақымен қамтамасыз ету.

1. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақымен қамтамасыз етуді ұйымдастыру.
2. Зейнетақыны жинақтаушы зейнетақы қорларынан төлеу шарттары.

Міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы міндетті зейнетақы жарналарын төлеу үшін бір ғана жинақтаушы зейнетақы қорын таңдап алуға және онымен міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасуға міндетті. Міндетті зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен төленеді. Жинақтаушы зейнетақы қорлары дегеніміз - зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті сондай-ақ Қазақстан Республикасы белгілеген тәртіппен зейнетақы активтерін инвистициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға болып табылады.
Қазақстан Республикасында жинақтаушы зейнетақы қорының 2-түрі бар:
1. Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры;
2. Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қоры (2014 жылы жабылып мемлекетке өтті).
Қазақстан Респулбикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңына сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорларына төленетін зейнетақы жарналарының келесі түрлері бар:
1. Міндетті зейнетақы жарналары.
2. Ерікті зейнетақы жарналары.
3. Ерікті кәсіптік жарналары.
Міндетті зейнетақы жарналары дегеніміз - жинақтаушы зейнетақы қорларына төленуге тиісті міндетті зейнетақы жарналарын қызметкерлердің салық салынуға тиісті ай сайынғы табысынан 10% мөлшерінде белгіленеді және ай сайынғы кірістің немесе ең төменгі айлық жалақысының 75 - есептік мөлшерінен аспауы тиіс зейнетақы жарналарын түсінеміз.
Ерікті зейнетақы жарналары дегеніміз - Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамтамасыз ету туралы шартта белгіленген тәртіппен салушының өз бастамасы мен алушының пайдалануында жинақталған зейнетақы қорларына салатын ақша қаражатын түсінеміз.
Ерікті кәсіптік жарналары дегеніміз - ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуді және кәсіптердің тізбесін Қазақстан Республикасы үкіметі белгілеген қызметтерінің пайда салымшылар өз пайдалары есебінен жарналардан аланатын ақша қаражатын түсінеміз. Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының ставкасы ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының есебінен зйенетақы мен қамтамасыз ету туралы шарт тараптарының келісімі бойынша белгіленеді. Бірақ ол қызметкердің ай сайынғы табысының 10%-нан жоғары болмауға тиіс. Бұл орайда ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын ай сайынғы кіріс Қазақстан Республикасы үкіметі белгілеген тәртіппен анықталады.
Жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлік қоғам нысанында құралады.
Жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының жинақталған зейнетақы қаражаттары жинақтаушы зейнетақы қорының банк кастиондарында сақталады. Жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақымен қамтамасыз ету туралы шарт жинақтаушы зейнетақы қоры мен салымшы арасында міндетті, ерікті және ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы мен қамтамасыз ету туралы үлгі шарттарына сәйкес жазбаша түрде жасалып анықталады. Міндетті, ерікті және ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы мен қамтамасыз ету туралы үлгі шартты үәкілетті орган әзірлеп бекітеді және онда мынадай мәліметтер мен талаптар қамтылуы керек:
1. Жинақтаушы зейнетақы қорының атауы, орналасқан жері, банктік реквизиттері;
2. Салымшының тегі, аты, әкесінің аты, әлеуметтік жеке коды, мекен жайы (егер ол жеке тұлға болса) оның атауы, орналасқан жері және банктік реквизиттері;
3. Шоттың мәні;
4. Тараптардың құқықтары мен міндеттері;
5. Зейнетақы жарналарын енгізудің тәртібі мен шарттары;
6. Жеке зейнетақы шотының нөмірі;
7. Жинақтаушы зейнетақы қорында жинақталған зейнетақы қаражаттарының жай күйі жөніндегі есеп беру тәртібі;
8. Тараптардың міндеттемелерді орындамаған жағдайдағы жауапкершілігі;
9. Шарттың қолдану мерзімі;
10. Шартты өзгертудің және бұзудың тәртібі мен ережесі;
11. Ерікті зейнетақы жарналарының немесе ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының алушысы туралы мәлімет;
12. Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген өзге де мәліметтер көрсетілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасында зейнетақы мен қамсыздандыру туралы заңның 23 - бабына сәйкес міндетті зейнетақы жарналары есебінен жинақтаушы зейнетақы қорында жинақталған зейнетақы қаражаты бар келесі тұлғаларға төленеді:
1) Еркектер 63 жасқа, әйелдер 58 жасқа толғанда, көп балалы әйелдер 53 жасқа толғанда және экологиялық апат аймақтарында адамның денсаулығына зиян келтіру уақытында 10 жыл тұрған тұлғалардың міндетті жинақталған зейнетақы қаражаты бар адамдарға;
2) 55-жасқа толғанда және жинақталған зейнетақы қаражатының ең төмен зейнетақы мөлшерінен кем емес төлемді қамтамасыз ету үшін жеткілікті болғанда;
3) Егер мүгедектігі мерзімсіз белгіленсе бірінші топтағы және екінші топтағы мүгедектердің;
4) Сіңірген еңбек жылдары үшін зейнетақы тағайындалған тұлғалардың;
5) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететін немесе кеткен, кету ниеті немесе кету фактісін растайтын Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген құжаттарын табыс еткен шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың жинақталған зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар. Бұл орайда Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кетер кезінде жинақталған зейнетақы қаражатын алып қойған адамға жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы тағайындалмайды.
Ал жинақтаушы зейнетақы қорында міндетті зейнетақы жарналары есебінен жинақталған зейнетақы қаражаты бар адам қайтыс болған жағдайда оның жинақталған зейнетақы қаражаты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппне мұраға қалдырылады.
Аталған заңның 23 - бабының 1-ші тармағына сәйкес ерікті зейнетақы жарналары есебінен жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақы төлемдеріне жинақтаушы зейнетақы қорларында жинақталған зейнетақы қаражаты бар келесі адамдарға төленеді:
1) 55-жасқа толған адамдардың;
2) Мүгедектердің;
3) Қазақстан Респулбикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететін немесе кеткен және кету ниетін немесе кету фактісін растайтын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құжаттарды табыс еткен адамдардың құқықтары пайда болады.
Ерікті зейнетақы жарналары есебінен жинақтаушы зейнетақы қорларында жинақталған зейнетақы қаражаты бар адам қайтыс болған жағдайда оның жинақталған зейнетақы қаражаты Қазақстан Рспубликасының заңдарында белгілеген тәртіпен мұраға қалдырылады.
Осы заңның 23 - бабының 2-ші тармағына сәйкес ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақы төлемдеріне жинақтаушы зейнетақы қорларында жинақталған зейнетақы қаражаты бар келесі адамдарға төленеді:
1) 50-жасқа толған;
2) Қазақстан Рспубликасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететін немесе кеткен және кету ниетін немесе кету фактісін растайтын Қазақстан Республкасының заңдарында белгіленген құжаттарды табыс еткен адамдардың құқығы пайда болады.
Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен жинақтаушы зейнетақы қорларында жинақталған зейнетақы қаражаты бар адам қайтыс болған жағдайда оның жинақталған зейнетақы қаражаты Қазақстан Республикасының заңдарында белгілнген тәртіпен мұраға қалдырылады.
Жинақтаушы зейнетақы қорларынан жинақталған зейнетақы қаражатын төлеу аталған заңның 23 - бабының 3-ші тармағына сәйкес жеке зейнетақы шоттарында жинақталған зейнетақы қаражаты бар алушыларға оның жеке басын куәләндыратын куәлігі болған жағдайда төленеді. Ал мугедектігі мерзімсіз белгіленген немесе бірінші және екінші топтағы мүгедектердің өз таңдауы бойынша жинақталған зейнетақы қаражатын жинақтаушы зейнетақы қорынан белгіленген кесте бойынша зейнетақы төлемдері түрінде және сақтандыру ұйымынан зейнетақы аннуйтетінің түрінде алуға құқығы бар, ал жинақталған зейнетақы қаражатының соммасы сақтандыру ұйымымен жасалған зейнетақы аннуйтеті шартының соммасынан артық болған жағдайда, айырма салымшыға белгіленген кесте бойынша жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері ретінде төленеді. Алушыға Орталықтан тағайындалған ай сайыңғы зейнетақы төлемдерінің және кесте бойынша төленетін зейнетақы төлемдерінің соммасы тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген ең төменгі зейнетақы мөлшерінен кем болмауы керек. Ал есептеу тәртібі мен төлеу ережесін Қазақстан Республикасының үкіметі белгілейді. Кесте бойынша зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру кезеңділігі ай сайыңғы, тоқсан сайыңғы, жыл сайыңғы зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сәйкес белгіленеді.

4 - тақырып.
Орталықтан зейнетақымен қамтамасыз ету.

1. Орталықтан зейнетақы алу құқығы.
2. Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындау және төлеу тәртібі.
3. Орталықтан зейнетақы төлемдерін есептеу.

Зейнетақы сөзінің орысша баламасы пенсия сөзі, төлем деген мағынаны білдіреді. Зейнетақы қандайда бір себептермен және белгілі жасқа толуына, мүгедектігіне, асыраушысына айырылуына және т.б. себептерге орай еңбек міндеттерін орындауды тоқтатқан немесе оны тоқтату құбылысына ие тұлғалар үшін тағайындалады.
Зейнетақы дегеніміз - бұл әрбір азаматтардың еңбектерінен табылған жеке меншігі болып табылып, оның зейнетақыға қатысты құқығы заңдарымен қорғалады.
Зейнетақы деп - бұл тұлғаларға заңдарда белгіленген жасқа толған жағдайларда сонымен қатар сіңірген жылдары үшін, мүгедектігіне байланысты, асыраушысынан айырылған жағдайда орталықтан немесе жинақтаушы зейнетақы қорларынан өмір сүрудің негізгі көзі ретінде ұзақ мерзімге ай сайын тағайындалатын ақша қаражатын айтамыз.
Қазақстан Республикасында зейнетақылардың келесі түрлері бар:
1) Еңбек зейнетақылары.
2) Әлеуметтік зейнетақылар.
Еңбек зейнетақылары келесі түрге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауылшаруашылық тұрғындарының құқықтық нормаларының түсінігі
Мемлекеттің әлеуметтік мәні және оның функциялары
Қазақстан әлеуметтік құқықтық мемлекет
Ауыл-селодағы әлеуметтік жұмыс
Ауыл жастарын адамгершілік- құқықтық тұрғыдан әлеуметтендіру
Қазақстандағы аграрлық құқық
Мәслихат депутаттарының өкілеттігін талдау
Ауыл шаруашылық жер иелену,пайдалану жұмыс жобасы
Қазақстан құқықтық мемлекет ретінде
Мемлекеттің белгілеріне жататындар
Пәндер