Әскери оқу орындары



1 Ұлттық қорғаныс университеті
2 Құрлық әскерлерінің Әскери институты
3 Кеңес одағының екі мәрте Батыры Т.Я.Бегельдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институттары
4 Әскери.теңіз институты
5 ҚР азаматтық жоғары оқу орындарындағы әскери кафедралар
Әскери оқу орындары - барлық саладағы әскери мамандарды даярлайтын орта және жоғары арнаұлы әскери білім беретін оқу орындары. Негізгі міндеттері: Қарулы Күштерге қажетті командирлер, тәрбиешілер мен әлеуметтік-құқық саласының кызметшілері, инженер-техниктер және т.б. арнаулы мамандар даярлау, олардың біліктілігін арттырып, әскери білімдерін, дайындықтарын жетілдіру. Әскери оқу орындарының тыңдаушылары әскерибасшылық саласына маманданған, жалпы тактика, арнаулы әскер түрлерінің тактикасы т.б. оқып үйренеді. Оларда әскери-техникалық даярлыққа (қару мен әскери техниканыны меңгеруге) да үлкен маңыз беріледі. Сондай-ақ, Әскери оқу орындарында қоғамдық ғалымдарды да терең оқытып үйретеді, әскери педагогика мен әскери психологияны, армиядағы саяси-ұйымдастырушылық жұмыстар әдістемелерін оқып зерттейді. Қазақстандағы әскери оқу орындары қатарында Алматы жоғары әскери академиясы, Шекарашылардың жоғары әскери институты, ҰҚК-нің, Алматы жоғары әскери институты, Ақтөбе жоғары әскери авиация институты, Ақтау қаласы Әскери-теңіз институты, Қазақстан ІІМ Ішкі әскері Петропавл жоғары әскери инты, Ш.Уәлиханов атындағы Кадет корпусы, жоғары оқу орындары жанындағы офицерлер даярлайтын әскери кафедралар, курстар, Астанадағы армия ген. С.Нұрмағанбетов атындағы «Жас ұлан», Алматыдағы Б.Момышұлы атындағы және Қарағанды, Шымкент қаларындағы әскери бағыттагы орта арнаулы мектептері т.б. бар.

Пән: Алғашқы әскери дайындық
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Әскери оқу орындары - барлық саладағы әскери мамандарды даярлайтын орта және жоғары арнаұлы әскери білім беретін оқу орындары. Негізгі міндеттері: Қарулы Күштерге қажетті командирлер, тәрбиешілер мен әлеуметтік-құқық саласының кызметшілері, инженер-техниктер және т.б. арнаулы мамандар даярлау, олардың біліктілігін арттырып, әскери білімдерін, дайындықтарын жетілдіру. Әскери оқу орындарының тыңдаушылары әскерибасшылық саласына маманданған, жалпы тактика, арнаулы әскер түрлерінің тактикасы т.б. оқып үйренеді. Оларда әскери-техникалық даярлыққа (қару мен әскери техниканыны меңгеруге) да үлкен маңыз беріледі. Сондай-ақ, Әскери оқу орындарында қоғамдық ғалымдарды да терең оқытып үйретеді, әскери педагогика мен әскери психологияны, армиядағы саяси-ұйымдастырушылық жұмыстар әдістемелерін оқып зерттейді. Қазақстандағы әскери оқу орындары қатарында Алматы жоғары әскери академиясы, Шекарашылардың жоғары әскери институты, ҰҚК-нің, Алматы жоғары әскери институты, Ақтөбе жоғары әскери авиация институты, Ақтау қаласы Әскери-теңіз институты, Қазақстан ІІМ Ішкі әскері Петропавл жоғары әскери инты, Ш.Уәлиханов атындағы Кадет корпусы, жоғары оқу орындары жанындағы офицерлер даярлайтын әскери кафедралар, курстар, Астанадағы армия ген. С.Нұрмағанбетов атындағы Жас ұлан, Алматыдағы Б.Момышұлы атындағы және Қарағанды, Шымкент қаларындағы әскери бағыттагы орта арнаулы мектептері т.б. бар.

Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылы 27 ақпаны № 815 Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери академиясы мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы жарғысымен және Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің 2002 жылдың 2 мамыры № 12911248 Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери-оқу орындарында ұйымдастыру іс-шараларын өткізу туралы Директивасымен ҚР ҚК Әскери академиясы Көкшетау облысының Щучинск қ. орнын ауыстырды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылдың 21 тамызы № 1173 Әскери білім беру жүйесін жақсарту шаралары туралы жарғысымен ҚР ҚК Әскери академиясы Ұлттық қорғаныс университеті мемлекеттік мекемесіне өзгерді.
Ұлттық қорғаныс университеті Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа әскерлер мен әскери құралымдарына жоғары кәсіби білім беру бағдарламасы бойынша офицерлік кадрларды келесі мамандықтар бойынша дайындайды
- Әскери-мемлекеттік басқару.
- Әскери және әкімшілік басқару;
- Техникалық қамтамасыз етумен басқару;
- Тылдық қамтамасыз етумен басқару;
- Тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмысты басқару;
- Әскери білім беруді басқару;
Коллективті қауіпсіздік келісімі ұйымы Қорғаныс Министрлері Кеңесінің 2005 жылдың 30 қарашасы шешіміне сәйкес Ұлттық қорғаныс университеті Коллективті қауіпсіздік келісімі ұйымының мүше-мемлекеттерінің Қарулы Күштеріне әскери кадрларды бірігін дайындайтын оқу орындардың Тізіміне қосылған.
Қорғаныс университеті әскери кадрларды жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білімінен кейінгі әскери кадрларды дайындау жүргізеді (адъюнктура).
Адъюнктураның міндеті - Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлер мен әскери құралымдарға жоғары маманды ғылыми-педагогикалық және ғылыми кадрларды дайындау.

Ұлтық қорғаныс университеті келесі мекенжай бойынша орналасқан: Щучинск қаласы, 476410, тел: 8(71636) 4-18-19
ҚР ҚМ Ұлттық қорғаныс университетінің сайты http:www.nuo.kz
Құрлық әскерлерінің Әскери институты
Өзінің тарихын институт 1970 жылы құрылған КСРО Жоғары Кеңесінің Қаулысы негізінде Алма-Аты жоғары жалпы әскери командалық училищеден бастау алады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылдың 11 ақпаны № 3353 Жарғысымен И.С.Конев атындағы АЖӘКУ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери академиясына айналды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 ж. 27 ақпаны № 815 Жарғысымен Әскери академияның құрамынан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Алматы жоғары әскери училище бөлінген.
2003 жылдың 31 қазанында Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1080 қаулысымен ҚР ҚК Алматы жоғары әскери училищесі Құрлық әскерлерінің Әскери институты болып аты өзгертілді.
Институттың бас міндеті болып құрлық әскерлерінің жоғары мамандандырылған офицерлерін дайындау болып табылады.
Құрлық әскерлерінің Әскери институты жоғары әскери кәсіпқой білім беру бағдарламасы бойынша офицерлік кадрларды 11 мамандықтар бойынша дайындайды:
- Мотоатқыш әскерлерінің командалық-тактикалық даярлығы;
- Әуе-десанттық әскерлерінің және әскери барлаудың командалық-тактикалық даярлығы;
- Танк әскерлерінің командалық-тактикалық даярлығы;
- Артиллерияның командалық-тактикалық даярлығы;
- Автокөлік әскерлерінің ккомандалық-тактикалық даярлығы;
- Азық-түлікпен қамтамасыз ету бойынша командалық-тактикалық даярлық;
- Киім-кешекпен қамтамасыз ету бойынша командалық-тактикалық даярлық;
- Жанар-жағар маймен қамтамасыз ету бойынша командалық-тактикалық даярлық;
- Бронетанктық қару-жарақ және техника;
- Инженерлік әскерлердің командалық-тактикалық даярлығы;
- Әскерлерді ракета-артиллериялық қамтамасыз ету бойынша командалық-тактикалық даярлық;
- Әскери аударма ісі.

Коллективті қауіпсіздік келісімі ұйымы Қорғаныс Министрлері Кеңесінің 2005 жылдың 30 қарашасы шешіміне сәйкес Құрлық әскерлерінің Әскери институты Коллективті қауіпсіздік келісімі ұйымы мүше-мемлекеттерінің Қарулы Күштеріне әскери кадрларды бірігін дайындайтын оқу орындардың Тізіміне қосылған.
Институт замануи оқу-материалдық базамен, техникалық оқу құралдарымен қамтамасыз етілген. Училищенің лекциялық аудиториялары, кабинеттері және класстары ғылым мен техниканың заманауи даму деңгейінде әскери мамандарды дайындауға керектінің барлығымен жабдықталған. Оқу үдірісінде оқытудың заманауи техникалық құралдары компьютерлік және есептеу аппараттарын пайдаланумен кеңінен қолданылады.
Институтта физикалық тәрбиеге үлкен көңіл бөлінеді. Физикалық дайындық - әскери оқыту және тәрбиенің маңызды бөлігі. Ол әскери қызметшілердің қару-жарақпен және жауынгерлік техникамен иемденуге, оларды ұрыста сапалы қолдануға, физикалық ауырлықтарды оңтайлы көтеруге, жауынгерлік істің жүйке-психикалық қысымдары мен икемсіз жағымсыз факторларына физикалық дайындығын қамтамасыз етеді.
Бұл мақсатта бай материалдық база қарастырылған: арнайыланған залдарымен әдемі спорттық комплексі (гимнастика, ауыр атлетика, қоянқолтық ұрыс, спорт ойындары, жүзу бассейні және т.б.), стадион және басқа да спорттық құрал-жабдықтар. Спорттың әр-түрлі түрлерінен әрдайым спорттық секциялар қызмет істейді.
Кәсіби тәсілдерді жақсартумен қатар институтта курсанттардың демалысын ұйымдастыру қарастырылуда - көркем-өнер ісі, бос уақытта қатысу бөлімдері (хореографиялық билеу, ұлттық аспаптар, вокалды-аспаптық ансамбль) жұмыс істейді.
Курсанттардың соғыс және еңбек ардагерлерімен, мемлекет басқарушыларымен, Қарулы Күштердің жоғары командалық құрамымен, мәдениет пен өнердің атақты тұлғаларымен кездесуі ұйымдастырылады, мәдени демалыстар мен экскурсиялар, тақырыптық кештер мен демалу кештері, КТК. Осы іс-шаралар қазақстандық патриотизмді, достастық пен жолдастыққа бағытталған офицерлердің интеллекуалды және эстетикалық дамуына көмектеседі.

Олардың басымды сапасы болып жоғары теориялық дайындық, жауынгерлік техниканы және қару-жарақты мығым білу, адамдармен жұмыс істеуі, әскери міндетті терең түсінуі мен оны соңына дейін атқаруы болып табылады.
Әскери оқу орнының пайда болуынан бастап өмірге жолын 10 мың шамасында мамандар бастауын алды, олардың 400-ден астам түлектері өзінің әскери міндетін Афганистанда және басқа да ыстық аймақтарда атқарған, Тәжікстан мен Ирактағы бейбітшілік операцияларына қатысқан, сол үшін жоғары үкіметтік наградтарға ие болған.
Көрсеткен жігерліктері мен батыр сапасы үшін үш офицерлер: Шахворостов А.Е. (қайтыс болғаннан кейін), Акрамов Н.М. және Гущин С.Н. Кеңес одағының Батыры шеніне ие болды, ал лейтенант Олег Чивильевтың атымен Көгершін жұлдыз торындағы ғалымдармен ашылған жұлдыз аталды.2008 жылы Қазақстан Республикасының Президентімен Халық қаһарманы жоғары шені генерал-лейтенант Б.Е.Ертаевқа - осы ӘОО-ның түлегіне берілген. Қазіргі институттың курсанттары, командирлер мен оқытушылардың шегі заңды түрде өздерінің алдағы үлгілі офицерлерінің салттары мен ерең еңбектерін мақтан тұтады.
Институттың курсанттары халықаралық бейбітшілік оқуларға Қазақстан аумағында да, оның тысқары аумақтарында қатысқан. Олар өзінің қызығушылықтарын ғаламдық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, бейбітшілік үшін жоғары және даңқты мақсатын орындауға дайындығын көрсетті.
Институттқа келген Ресей, Қытай, АҚШ-тың әскери делегациялары профессорлық-оқытушы құрамның, курсанттардың кәсіби дайындығын жоғары бағалаған.
Құрлық әскерлерінің Әскери институты келесі мекенжай бойынша орналасқан: Алматы қаласы, Красногорская көш. 35, тел: 8 (7272) 90-18-20, 90-12-42
Құрлық әскерлерінің Әскери институты
Өзінің тарихын институт 1970 жылы құрылған КСРО Жоғары Кеңесінің Қаулысы негізінде Алма-Аты жоғары жалпы әскери командалық училищеден бастау алады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылдың 11 ақпаны № 3353 Жарғысымен И.С.Конев атындағы АЖӘКУ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери академиясына айналды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 ж. 27 ақпаны № 815 Жарғысымен Әскери академияның құрамынан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Алматы жоғары әскери училище бөлінген.
2003 жылдың 31 қазанында Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1080 қаулысымен ҚР ҚК Алматы жоғары әскери училищесі Құрлық әскерлерінің Әскери институты болып аты өзгертілді.
Институттың бас міндеті болып құрлық әскерлерінің жоғары мамандандырылған офицерлерін дайындау болып табылады.
Құрлық әскерлерінің Әскери институты жоғары әскери кәсіпқой білім беру бағдарламасы бойынша офицерлік кадрларды 11 мамандықтар бойынша дайындайды:
- Мотоатқыш әскерлерінің командалық-тактикалық даярлығы;
- Әуе-десанттық әскерлерінің және әскери барлаудың командалық-тактикалық даярлығы;
- Танк әскерлерінің командалық-тактикалық даярлығы;
- Артиллерияның командалық-тактикалық даярлығы;
- Автокөлік әскерлерінің ккомандалық-тактикалық даярлығы;
- Азық-түлікпен қамтамасыз ету бойынша командалық-тактикалық даярлық;
- Киім-кешекпен қамтамасыз ету бойынша командалық-тактикалық даярлық;
- Жанар-жағар маймен қамтамасыз ету бойынша командалық-тактикалық даярлық;
- Бронетанктық қару-жарақ және техника;
- Инженерлік әскерлердің командалық-тактикалық даярлығы;
- Әскерлерді ракета-артиллериялық қамтамасыз ету бойынша командалық-тактикалық даярлық;
- Әскери аударма ісі.
Коллективті қауіпсіздік келісімі ұйымы Қорғаныс Министрлері Кеңесінің 2005 жылдың 30 қарашасы шешіміне сәйкес Құрлық әскерлерінің Әскери институты Коллективті қауіпсіздік келісімі ұйымы мүше-мемлекеттерінің Қарулы Күштеріне әскери кадрларды бірігін дайындайтын оқу орындардың Тізіміне қосылған.
Институт замануи оқу-материалдық базамен, техникалық оқу құралдарымен қамтамасыз етілген. Училищенің лекциялық аудиториялары, кабинеттері және класстары ғылым мен техниканың заманауи даму деңгейінде әскери мамандарды дайындауға керектінің барлығымен жабдықталған. Оқу үдірісінде оқытудың заманауи техникалық құралдары компьютерлік және есептеу аппараттарын пайдаланумен кеңінен қолданылады.
Институтта физикалық тәрбиеге үлкен көңіл бөлінеді. Физикалық дайындық - әскери оқыту және тәрбиенің маңызды бөлігі. Ол әскери қызметшілердің қару-жарақпен және жауынгерлік техникамен иемденуге, оларды ұрыста сапалы қолдануға, физикалық ауырлықтарды оңтайлы көтеруге, жауынгерлік істің жүйке-психикалық қысымдары мен икемсіз жағымсыз факторларына физикалық дайындығын қамтамасыз етеді. Бұл мақсатта бай материалдық база қарастырылған: арнайыланған залдарымен әдемі спорттық комплексі (гимнастика, ауыр атлетика, қоянқолтық ұрыс, спорт ойындары, жүзу бассейні және т.б.), стадион және басқа да спорттық құрал-жабдықтар. Спорттың әр-түрлі түрлерінен әрдайым спорттық секциялар қызмет істейді.
Кәсіби тәсілдерді жақсартумен қатар институтта курсанттардың демалысын ұйымдастыру қарастырылуда - көркем-өнер ісі, бос уақытта қатысу бөлімдері (хореографиялық билеу, ұлттық аспаптар, вокалды-аспаптық ансамбль) жұмыс істейді.
Курсанттардың соғыс және еңбек ардагерлерімен, мемлекет басқарушыларымен, Қарулы Күштердің жоғары командалық құрамымен, мәдениет пен өнердің атақты тұлғаларымен кездесуі ұйымдастырылады, мәдени демалыстар мен экскурсиялар, тақырыптық кештер мен демалу кештері, КТК. Осы іс-шаралар қазақстандық патриотизмді, достастық пен жолдастыққа бағытталған офицерлердің интеллекуалды және эстетикалық дамуына көмектеседі.
Олардың басымды сапасы болып жоғары теориялық дайындық, жауынгерлік техниканы және қару-жарақты мығым білу, адамдармен жұмыс істеуі, әскери міндетті терең түсінуі мен оны соңына дейін атқаруы болып табылады.
Әскери оқу орнының пайда болуынан бастап өмірге жолын 10 мың шамасында мамандар бастауын алды, олардың 400-ден астам түлектері өзінің әскери міндетін Афганистанда және басқа да ыстық аймақтарда атқарған, Тәжікстан мен Ирактағы бейбітшілік операцияларына қатысқан, сол үшін жоғары үкіметтік наградтарға ие болған.
Көрсеткен жігерліктері мен батыр сапасы үшін үш офицерлер: Шахворостов А.Е. (қайтыс болғаннан кейін), Акрамов Н.М. және Гущин С.Н. Кеңес одағының Батыры шеніне ие болды, ал лейтенант Олег Чивильевтың атымен Көгершін жұлдыз торындағы ғалымдармен ашылған жұлдыз аталды.2008 жылы Қазақстан Республикасының Президентімен Халық қаһарманы жоғары шені генерал-лейтенант Б.Е.Ертаевқа - осы ӘОО-ның түлегіне берілген. Қазіргі институттың курсанттары, командирлер мен оқытушылардың шегі заңды түрде өздерінің алдағы үлгілі офицерлерінің салттары мен ерең еңбектерін мақтан тұтады.
Институттың курсанттары халықаралық бейбітшілік оқуларға Қазақстан аумағында да, оның тысқары аумақтарында қатысқан. Олар өзінің қызығушылықтарын ғаламдық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, бейбітшілік үшін жоғары және даңқты мақсатын орындауға дайындығын көрсетті.
Институттқа келген Ресей, Қытай, АҚШ-тың әскери делегациялары профессорлық-оқытушы құрамның, курсанттардың кәсіби дайындығын жоғары бағалаған.
Құрлық әскерлерінің Әскери институты келесі мекенжай бойынша орналасқан: Алматы қаласы, Красногорская көш. 35, тел: 8 (7272) 90-18-20, 90-12-42
Кеңес одағының екі мәрте Батыры Т.Я.Бегельдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институттары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылы 4 маусымдағы № 688 Ақтөбелік жоғары азаматтық ұшқыш авияцияны Кеңес Одағының екі мәрте батыры Т.Я.Бегельдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институтына ауыстыру туралы қаулысымен құралған.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылдың 10 шілдесі № 684 қаулысы негізінде Ақтөбелік жоғары азаматтық ұшқыш авияциясы Кеңес Одағының екі мәрте батыры Т.Я.Бегельдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институтына атын ауыстырды.

Институттың негізгі міндеттері болып табылады:
- Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің авиациясына квалификациялық мінездемелердің талаптарымен офицерлік кадрларды дайындау;
- білім алушы тұлғаларының жан-жақты және бірқалыпты дамуы, оларда жоғары ой-саналық және әскери-кәсіби сапаның орнығуы;
- әскери теорияны дамытуға, қоғамдық ғылымдардың әскери, қару-жарақ, авиациялық әскери техниканың мәселелеріне бағытталған ғылыми зерттеулерді орындау;
- әскерлердің қауіпсіздігі және жауынгерлік дайындығын арттыру, оқу-тәрбие үдірісін жақсарту;
- оқу, материалдық және әлеуметтік-тұрмыстық базаны дамыту және жақсарту.
Институт 8 мамандық бойынша дайындық жүргізеді:
Ұшқыш аппараттарын пайдалану, фронттық авиацияның командалық тактикасы;
Ұшқыш аппараттарын пайдалану, армия авиациясының командалық тактикасы;
Штурмандық авияцияның тактикасы;
Авиациямен жауынгерлік басқарудың командалық тактикасы;
Ұшқыш аппараттардың және оталғыштардың техникалық пайдалануы;
Авиациялық радиоэлектронды құрал-жабдық;
Авияциялық электрофикациялық және ұшқыштық-көздеуіш радиоэлектронды құрал-жабдықтың техникалық пайдалануы;
Авиациялық қару-жарақтану.
Қазіргі уақытта институт курсанттарды дайындау үшін қажетті оқу-материалдық базамен қамсыздандырылған. Мұнда профессорлық-оқутышылық, ұшқыштық-нұсқаулық, инженерлік-техникалық құрамдағы жоғары кәсіби мамандардың коллективы жұмыс істейді.
Коллективті қауіпсіздік келісімі ұйымы Қорғаныс Министрлері Кеңесінің 2005 жылдың 30 қарашасы шешіміне сәйкес Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институты Коллективті қауіпсіздік келісімі ұйымы мүше-мемлекеттерінің Қарулы Күштеріне әскери кадрларды бірігін дайындайтын оқу орындардың Тізіміне қосылған.
1998 жылдың 22 тамызында мемлекет Президенті - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғары Бас қолбасшысы авиаторлардың - бірінші офицерлер бітіруіне қатысқан. Сол уақыттан бастап әскери оқу орнының қабырғаларында 1000-нан астам офицерлер дайындалған.
Авиацияның басты мамандықтарының бірі болып инженер ұшқыштың мамандығы болып табылады.
Ұшқыштың мамандандырылған дайындығынан қойылған жауынгерлік міндеттердің орындалуы байланысты.
Заманауи жауынгерлік ұшақтардың және тікұшақтар құрылымының қиындығы бүгінгі таңда ұшқыштан терең инженерлік білімді қажет етеді. Сол себептен болашақ ұшқыштарды тек ұшу мамандығына ғана емес, сонымен бірге ұшақты басқару, әуе ұрысын жүргізу және бомбалауды, ұшқыштық аппараттардың барлық жүйелерін сапалы пайдалануға үйретеді.
Штурман-инженердің мамандығы ұшқышта еш маңызды, әрі кем емес. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның қазіргі армиясы
Қазақ этнопедагогикасының негізінде студенттерге патриоттық тәрбие беру
Қазақстанның қазіргі армиясы туралы
Құрлық әскерлерінің әскери институты
Патшалық өкіметтің Қазақстанда саяси билігінің орнығуы (1867-1891 ж.ж)
Жедел медициналық көмек
Азаматтарды әскери қызметке шақыру
Қазақстанның оқу-ағарту жүйесі
Отарлық басқару ережелері негізінде рухани өмірге көрсетілген қысым
1917 – 1939 жылдардағы қазақ халқы
Пәндер