Білім беру басқару органдарын және білім беру ұйымдарының жетекшілерін оқыту және тәрбиелеу сапасын жетілдіру


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары

Зерттеу жүргізген жері:

Зерттеу жүргізген мерзімі:

Зерттеудің мақсаты:

Зерттеудің міндеттері:

Зерттеу обьектісі және іріктеудің құрылымы:

Зерттеудің нәтижелері:

К і р і с п е

Мемлекеттің дамуына ең негізгі басымдық халықаралық білім беру кеңістігінде еңбек нарығында және отандық білім берудің бәсекеге төтеп беруін қамсыздандыру, білім беру сапасының жоғарғы жетістіктерге жетіуі болып табылады.

«Қазақстан - 2030» жылға дейінгі Стратегиясында білім саласы негізгі басымдылықтың бірі ретінде мойындалған. Қазақстандағы білім беру реформаларының жалпы мақсаты білім жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайға бейімдеу. Мемлекет басшысы Қазақстанды әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру туралы ертеде көзделген идеяларын есепке ала отырып сенім білдірілген орташа мерзімдік стратегиясын ұсынды және ұсынылатын білім беру қызметтерінің сапасын әлемдік стандарттар деңгейіне көтеру міндетіне тағы да жіті назар аударды.

Білім беру жүйесіндегі бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізу мемлекет жүргізіп отырған білім беру саясатын ақпараттық және талдамалық қамтамасыз етуді және оны іске асыру қорытындыларын болжайды.

Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында ұлттық білім беру сапасын бағалау жүйесін (ҰББСБЖ) ендіруді жалғастыру оның бір міндеттеріне жатады, ол қоғамды білім берудің жай-күйі мен оның даму болжамы туралы жан-жақты талқыланған объективті ақпаратпен қамтамасыздандырады.

Білім берудің барлық жүйесін дамытудың жағдайы мен процестері, оны талдауы мен барабар түсіндірмесі туралы жедел және дұрыс ақпаратты қолданусыз білім сапасына арттыруға бағытталған тиімді басқарушылық шешімдерді қабылдау мүмкін емес. Мұндай ақпараттың мәні қоғамдағы білімге деген қызығушылықтың өсуімен байланысты ұдайы өсіп отырады.

Бірақ білім беруді басқарудың барлық деңгейінде білім беру қызметін тұтынушыларға арналған білім беру жүйесі және жай-күйі, онда өтіп жатқан өзгерістер туралы қажетті ақпараттар жеткіліксіз болып қалуда. Білім беру ұйымдары мен ата-аналар арасындағы ақпарат алмасу жүйесін реттеу маңызды болып отыр.

Білім беру нарығындағы ең негізгі тұтынушылардың бірі оқушылар мен олардың ата-аналары болып табылады. Бүгінгі күні бұндай маңызды тұтынушылар тобының ақпаратқа мұқтаждығы туралы мәліметтер жоқ деуге болады.

Осыған байланысты, білім беру жүйесі туралы ақпаратқа ата-аналар мен оқушылардың мұқтаждығын анықтау ерекше маңызды болып табылады.

«Білім туралы» Заңда оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша ақпарат пен кеңес жәрдемін алуға құқылы ата-аналардан белгілі регламент бойынша мақалалар қабылданған. Ата-аналар балаларының инабатты қалыптасуына, күш-қуаты мен ой-өрісінің парасатты дамуларына, оқуы мен өмірінің қауіпсіздігіне жағдай жасаулары тиіс. Педагогтар оқушыларды тиімді тәрбиелеу және оқыту үшін, әр оқушының отбасымен әріптестік қатынаста болып, өзара көмектесу ахуалын жасауға және білім беру қызметінің сапасын жетілдіруге күштерін бірлесе отырып шешулері қажет.

ҰББСБО-ның ұсынымдары бойынша облыстардағы жалпы білім беру мектептерінде, білім беру жүйесі туралы ата-аналар мен оқушылардың ақпараттық мұқтаждығын анықтайтын зерттеулерді жүргізу қажет.

Зерттеудің мақсаттары:

1. Отбасы мен мектеп арасындағы қатынас деңгейін бағалау үшін білім беру жүйесінің жай-күйі мен дамуы туралы ата-аналар мен оқушылардың ақпараттық сұранысын айқындау және қанағаттандыру.

2. Білім беру басқару органдарын және білім беру ұйымдарының жетекшілерін оқыту және тәрбиелеу сапасын жетілдіру бойынша басқару шешімдерді қабылдау үшін отбасы мен мектеп арасындағы қатынастар туралы ақпаратпен қамтамассыздандыру.

Зерттеудің міндеттері:

  1. Мектептегі білім беру қызметінің көрсетуі туралы ата-аналар мен оқушылардың ағымдық ақпараттандырылған жағдайын бағалау және олардың сұранысын анықтау.
  2. Ата-аналардың әлеуметтік жағдайы мен білім деңгейін ақпараттық сұранысына әсер етулерін анықтау.
  3. Ата-аналардың, оқушылардың ақпарат алу қайнар көзін тауып, олардың ақиқатқа сәйкестігін анықтау.
  4. Мектептің ата-аналар үшін ашық деңгейін бағалау.
  5. Оқушылардың оқыту сапасын жоғарлатуға ата-аналардың әсер етуінің деңгейін бағалау.
  6. Ата-аналар мен мектеп арасындағы қарым-қатынастарды жақсарту бойынша ұсынымдарды өңдеу.
  7. Тиімді басқару шешімдерді қабылдау үшін мемлекеттік білім беру басқару органдарын және білім беру ұйымдарының жетекшілерін білім беру жүйесі туралы ата-аналар мен оқушылардың ақпараттық қамтамасыздандырылуын бағалау, зерттеулердің қорытындылары бойынша объективті ақпаратпен қамтамасыздандыру.

Зерттеудің негізгі әдістері :

  1. Сауалнама жүргізу.
  2. Сұрақ-жауап әдісі (сұхбат, сауалнама өткізу) .
  3. MS Excel көмегімен нәтижелерді өңдеудің статистикалық әдістері.
  4. MS Excel көмегімен алынған нәтижелерді өңдеудің графикалық әдістері.
  5. Алынған нәтижелерге салыстырмалы талдау жүргізу әдісі.

Ата-аналар мен оқушылардың білім беру жүйесі туралы ақпаратқа сұранысын бағалау технологиясының деңгейлері келесі мәліметтерді қамтиды:

  1. Ата-аналар мен оқушылардың білім беру жүйесі туралы ақпаратқа сұранысын бағалау бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған іс-шаралар.
  2. Нұсқаулы-әдістемелік материалдар мен нормативтік құжаттардың жобасы.
  3. Зерттеу жұмысын жүргізудің құрал-жабдықтары.
  4. Талдау (аналитикалық) тұжырымның құрылымы.

Талдаулық (аналитикалық) тұжырымның қорытындысы бойынша облыстық (қалалық) білім басқармасы әртүрлі тұтынушылар топтарын білім беру туралы ақпаратпен қамтамасыз ету деңгейін арттыру жөнінде қажетті басқару шешімдер қабылдайды.

1. Білім беру жүйесі туралы ақпаратқа ата-аналар мен оқушылардың мұқтаждығын бағалау бойынша зерттеу жұмысын жүргізуге арналған

іс-шаралар тізімі

Білім беру жүйесі туралы ақпаратқа ата-аналар мен оқушылардың сұранысын бағалау бойынша зерттеу жұмысын жүргізу үшін облыс деңгейінде жүргізілетін іс-әрекеттер ретін мақсатқа сәйкес жасау керек. Оның көмегімен білім басқармасының, аудандық (қалалық) білім беру бөлімдерінің басшылары, мектеп басшылары жалпы білім беру мекемелерінде зерттеу жұмыстарын ұйымдастыра алады.

Осы бөлімде білім беру жүйесінің әр деңгейдегі мамандарына арналған болжалды іс-шаралар тізімі берілген.

Кестеде көрсетілген іс-шара түрлері мен оларға дайындалу мерзімі ұсыным сипатында келтірілген :

Іс-шаралар
Мерзімі
Орындалған түрі
Жауаптылар
№: 1
Іс-шаралар:

Ата-аналар мен оқушылардың білім беру жүйесі туралы ақпаратқа сұранысын бағалау бойынша жүргізілетін зерттеу жұмысына қатысатын жалпы білім беру мектептеріндегі сыныптар мен оқушылар саны бойынша тізімін бекіту.

Зерттеу жұмысы жүргізі-летін аудандарға, жалпы білім беру мектептері мен сыныптарға код белгілеп үлестіру.

Мерзімі: 5 күн
Орындалған түрі: Мектептер тізімі және зерттеуге қатысушы-лардың кодын белгілеу
Жауаптылар:

Білім басқармасы

Облыстық білім беру сапасын бағалау қызметі

№: 2
Іс-шаралар: Нормативтік құжаттарды басып шығару.
Мерзімі: 5 күн
Орындалған түрі: Білім беру жүйесі туралы ақпаратқа ата-аналар мен оқушылардың сұранысын бағалау құрылымы бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу туралы бұйрық.
Жауаптылар: Білім басқармасы
№: 3
Іс-шаралар:

Сауалнама жүргізу үшін қажетті материалдар

шығынын есептеу.

Мерзімі: 2 күн
Орындалған түрі: Шығындар сметасы.
Жауаптылар:

Облыстық білім беру

сапасын бағалау қызметі

№: 4
Іс-шаралар:

Аудандық (қалалық) білім беру бөлімдеріне

тарататын нұсқаулы-

әдістемелік хаттарды

дайындау және жіберу.

Мерзімі: 5 күн
Орындалған түрі: Аудандық (қалалық) білім беру бөлімі басшыларына арналған нұсқаулы-әдістемелік хат.
Жауаптылар:

Білім Басқармасы,

Облыстық білім беру

сапасын бағалау қызметі

№: 5
Іс-шаралар: Аудандық (қалалық) білім беру бөлімінің басшылары-мен, мектеп координатор-ларымен кеңес өткізу және нұсқама беру.
Мерзімі: 2 күн
Орындалған түрі: Кеңес хаттамасы
Жауаптылар:

Білім Басқарамасы,

облыстық білім беру сапасын бағалау қызметі

№: 6
Іс-шаралар:

Аудандық (қалалық) білім беру бөлімінің зерттеу жұмысын жүргізуге

қажетті материалдарды

беру.

Мерзімі: 3 күн
Орындалған түрі:

1) Зерттеу жұмысын жүргізу туралы

бұйрық.

2) Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі

сауалнама бланктері.

3) Сауалнама

нәтижелерін өңдеу бойынша нұсқау.

4) Электрондық

тасымалдаушыда сандық форматтағы

Excel-дің екі базалық файлы.

Жауаптылар:
№: 7
Іс-шаралар:

Зерттеу жұмысын жүргізу технологиясы бойынша

кеңес беру.

Мерзімі: Зерттеу мерзімі
Орындалған түрі: Зерттеудің өткізу технологиясы
Жауаптылар: Облыстық білім беру сапасын бағалау қызметі
№: 8
Іс-шаралар:

Зерттеу жұмыстарын

жүзеге асырудың мерзімі мен оны ұйымдастырудың негізгі қадамдарының

орындалуын қадағалау.

Мерзімі: Зерттеу мерзімі
Орындалған түрі:

Зерттеуді жүргізу

кестесі

Жауаптылар: Білім Басқармасы
№: 9
Іс-шаралар:

Аудандық (қалалық) білім беру бөлімдерінен

материалдарды жинау

Мерзімі: 3 күн
Орындалған түрі:

1) Қағаз тасымал-дағыштағы сауалнама.

2) Нұсқау бойынша құрылған, толтырылған және кодталған зерттеудің алғашқы мәліметтері бар Excel-дің екі базалық файлы (біреуі - балалардың екіншісі - ата-аналардың

жауаптары) .

3) Талдау (аналитика-лық) қорытындысы бар мәтіндік файл.

4) MS Power Рoint-тегі сұрақ-жауап нәтиже-лері бойынша

тұсаукесер.

5) Электрондық

тасымалдаушыға жазылған сауалнамаға қатысқандардың саны туралы мәліметтері бар мектеп бойынша

іріктеуі.

Жауаптылар: Облыстық білім беру сапасын бағалау қызметі
№: 10
Іс-шаралар:

Нәтижелерді өңдеу, талдау және мәліметтерге

түсініктеме беру.

Мерзімі: 20 күн
Орындалған түрі:

1) Ата-аналар мен

оқушылардың білім беру жүйесі туралы ақпаратқа сұранысын

зерделеу бойынша

талдау (аналитика-лық) қорытынды

2) MS Power Рoint-те сауалнама нәтижелерімен тұсаукесер.

Жауаптылар:

Облыстық білім беру

сапасын бағалау қызметі

2. Ата-аналар мен оқушылардың білім беру жүйесі туралы ақпаратқа сұранысын бағалау бойынша зерттеу жұмысын жүргізуді реттейтін әдістемелік-нұсқаулық материалдар мен нормативтік құжаттардың жобалары

Зерттеуді жүргізу үшін барлық деңгейдегі білім беру жүйесінің бір-бірімен өзара қарым-қатынастағы істерді реттеуге арналған нормативтік құжаттар (бұйрықтар) жиынтығын құру қажет.

ЖОБА

Бұйрық

№ «___»2011 ж.

Ата-аналар мен оқушылардың

білім беру жүйесі туралы ақпаратқа

сұранысын бағалауды жүргізу туралы

Облыстық жалпы білім беру мектептеріндегі ата-аналар мен оқушылардың білім беру жүйесі туралы ақпаратқа сұранысын бағалауды жүргізу мақсатында БҰЙЫРАМЫН :

  1. Төмендегі мерзімде (жылы, айы, күні) зерттеу жұмысын жүргізу үшін облыста таңдап алынған мектептерде, оқыту мен тәрбиенің жағдайы туралы ақпаратқа ата-аналар мен оқушылардың сұранысын бағалауды жүргізу. (Қосымша - мектептер тізімі) .
  2. Ата-аналар мен оқушыларға арналған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі сауалнамаларды бекіту (жылы, айы, күні) . (Қосымша - ата-аналар мен оқушыларға арналған сауалнамалар) .
  3. Білім Басқармасына:зерттеуді өткізу үшін таңдап алынған мектептердегі оқушылар саны мен сыныптар тізімін бекіту (жылы, айы, күні) . аудандық/қалалық білім бөлімінің басшыларымен кеңес өткізу (жылы, айы, күні) .

4. Облыстық білім беру сапасын бағалау қызметіне:

  • зерттеу мәліметтерінің базасын құру үшін ақпарат жинауды қамтамасыз ету (таңдап алынған мектеп, оқушылардың саны және сыныптар бойынша іріктеу) ;
  • аудандық (қалалық) білім беру бөлімі басшыларымен кеңес өткізуді ұйымдастыру (жылы, айы, күні) ;
  • аудандық (қалалық) білім беру бөліміне барлық қажетті материалдарды электрондық тасымалдаушы арқылы жіберу (жылы, айы, күні) ;
  • (жылы, айы, күні) -нен (жылы, айы, күні) -не дейінгі зерттеу нәтижелерінің талдауын және алғашқы өңдеуін, жинауын қамтамасыз ету;
  • Білім Басқармасына барлық материалдардың түпнұсқасын тапсыру (жылы, айы, күні) .

5. Аудандық (қалалық) білім беру бөлімдерінің басшыларына:

  • зерттеуді өткізуге бұйрық шығару (жылы, айы, күні) ;
  • бекітілген үлгідегі зерттеуге қатысушылар іріктеуін облыстық білім беру сапасын бағалау қызметіне тапсыру (жылы, айы, күні) ;
  • зерттеуге қатысатын мектеп басшыларымен кеңес өткізу (жылы, айы, күні) ;
  • зерттеуге қатысатын мектептерді дайындау, оларды сауалнаманың қағаз бланкілері және құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету (жылы, айы, күні) ;
  • (жылы, айы, күні) -нен (жылы, айы, күні) -не дейіңгі зерттеу нәтижелерінің талдауын және алғашқы өңдеуін, жинауын қамтамасыз ету;
  • облыстық білім беру сапасын бағалау қызметіне материалдарды тапсыру (жылы, айы, күні) .

6. Зерттеуге қатысатын білім беру ұйымдарының басшыларына:

  • бекітілген үлгі бойынша зерттеуге қатысатындарды іріктеу жұмысын аудандық (қалалық) білім беру бөлімдеріне тапсыру (жылы, айы, күні) ;
  • зерттеуді өткізуге бұйрық шығару (жылы, айы, күні) ;
  • зерттеу рәсімі бойынша нұсқау беретін кеңес өткізу (жылы, айы, күні) ;
  • зерттеу жұмысын жүргізуге жағдай жасау;
  • (жылы, айы, күні) -нен (жылы, айы, күні) -не дейін сауалнама өткізу;
  • (жылы, айы, күні) -нен (жылы, айы, күні) -не дейін мәліметтерді түсіндіру және сауалнама нәтижелерін талдау, өңдеу жүргізу;
  • аудандық (қалалық) білім беру бөлімдеріне материалдарды тапсыру (жылы, айы, күні) ;

7. Бұл бұйрықтың орындалуын өз бақылауыма аламын.

Облыстық Білім Басқармасының

басшысы: (Тегі, аты-жөні)

Нұсқаулы-әдістемелік хаттың жобасында зерттеуге қатысатындардың категориясы туралы мағлұматтар бар. Мұнда барлық білім беру деңгейінде зерттеу жұмысын жүргізудің негізігі ұйымдастырушылық қадамдары берілген және сауалнама жүргізудің негізгі ережелері құрылған. Сонымен қатар сауалнама мазмұны және жауаптар коды беріледі.

Нұсқаулы-әдістемелік хат ұсыным сипатында болып келеді, ол білім Басқармасының және облыстық білім беру сапасын бағалау қызметінің мамандарына, аудандық (қалалық) білім беру бөлімдеріне, білім беру ұйымдарының басшылары мен олардың орынбасарларына арналады.

ЖОБА

Нұсқаулы-әдістемелік хат

Зерттеудің мақсаты:

1. Отбасы мен мектеп арасындағы қарым-қатынастар деңгейін бағалау үшін білім беру жүйесінің жай-күйі мен дамуы туралы ақпаратқа ата-аналар мен оқушылардың сұранысын белгілеу және қанағаттандыру.

2. Білім беру басқару органдарын және білім беру ұйымдарының жетекшілерін оқыту және тәрбиелеу сапасын жетілдіру бойынша басқару шешімдерді қабылдау үшін отбасы мен мектеп арасындағы қатынастар туралы ақпаратпен қамтамассыздандыру.

Зерттеудің міндеттері:

1. Мектептегі білім беру қызметінің көрсетуі туралы ата-аналар мен оқушылардың ағымдық ақпараттандырылған жағдайын бағалау және олардың сұранысын анықтау.

2. Ата-аналардың әлеуметтік жағдайы мен білім деңгейін ақпараттық сұранысын әсер етулерін анықтау.

3. Ата-аналардың, оқушылардың ақпарат алу қайнар көзін тауып, олардың ақиқатқа сәйкестігін анықтау.

4. Мектептің ата-аналар үшін ашық деңгейін бағалау.

5. Оқушылардың оқыту сапасын жоғарлатуға ата-аналардың әсер етуінің деңгейін бағалау.

6. Ата-аналар мен мектеп арасындағы қарым-қатынастарды жақсарту бойынша ұсынымдарды өңдеу.

7. Тиімді басқару шешімдерді қабылдау үшін мемлекеттік білім беру басқару органдарын және білім беру ұйымдарының жетекшілерін, білім беру жүйесі туралы ата-аналар мен оқушылардың ақпараттық қамтамассыздандыруын бағалау, зерттеулердің қорытындылары бойынша объективті ақпаратпен қамтамасыздандыру.

Зерттеудің негізгі әдістері :

  1. Сауалнама жүргізу.
  2. Сұрақ-жауап әдісі (сұхбат, сауалнама өткізу) .
  3. MS Excel көмегімен нәтижелерді өңдеудің статистикалық әдістері.
  4. MS Excel көмегімен алынған нәтижелерді өңдеудің графикалық әдістері.

5. Алынған нәтижелерге салыстырмалы талдау жүргізу әдісі.


Сауалнама жүргізу
- сауалнама көмегімен әлеуметтік, демографиялық және т. б. зерттеулерден ақпарат жинау.

Сауалнама - белгілі бір үлгі бойынша жасалған, қандай-да бір мәлімет алуға арналған сұрақ-жауап қағазы.

Әңгіме - бағдарлама бойынша ата-аналар және оқушылармен зерттеушінің диалогі.

Сұхбат алу - зерттеу сұрақтары бойынша ата-аналар және оқушылардың пікірлерін айқындау үшін ауызша диалог.

Талдау - бір нәрсенің негізгі құрамын, қасиетін, жан-жақты талқылау жолымен жүзеге асатын ғылыми зерттеу әдісі.

Өңдеудің статистикалық әдістері - бұқаралық құбылыс және мәліметтерді сандық есеби жолмен ақпаратты өңдеудің тәсілі .

Өңдеудің графикалық әдістері - бір нәрсенің жағдайын, дамудың сандық көрсеткіштерін диаграмма, сызба, кесте және т. б. қолдану арқылы ақпаратты жеткізудің тәсілі.

Салыстырмалы талдау әдісі - алынған нәтижелерді салыстыру негізінде мәліметтерді өңдеудің тәсілі.

Сауалнама жүргізу:

  1. Ата-аналарға сауалнама жүргізу:

1) Сауалнамаға 1, 4, 5, 9, 11-ші сынып оқушыларының ата-аналары қатысады.

2) Сауалнама 3 бөліктен тұрады:

  • сауалнама сұрақтарының 1-ші бөлігі баласы оқитын мектептің маңыздылығын анықтауға мүмкіндік береді;
  • 2-ші бөлігінде ата-аналарға келесі оқу сатысын таңдауда негізгі көзқарасын білдіру ұсынылады. Шешім қабылдай отырып, ата-аналар нені білгілері келеді?
  • сауалнаманың 3-ші бөлігінде жауап берушінің отбасы, оның баласы, білім беру туралы ақпаратты алу көзі, оған қанағаттануы туралы ақпараттар бар.

Сауалнамалардағы жауаптарды кодтау:

  • Өте маңызды - 3.
  • Білгім келеді, бірақ міндетті емес - 2.
  • Қажет емес ақпарат - 1.
  • Жауап беруге қиналамын - 0.

2. Оқушыларға сауалнама жүргізу:

1) Сауалнамаға 5, 9, 11-ші сынып оқушылары қатысады.

2) Сауалнама 8 сұрақтан тұрады (1-7 жабық сұрақтар, 8 - ашық сұрақ) .

  • Оқушылар сауалнамада берілгендердің маңыздылығын анықтайды.

Сауалнамалардағы жауаптарды кодтау:

  • Өте маңызды - 3.
  • Білгім келеді, бірақ міндетті емес - 2.
  • Қажет емес ақпарат - 1.
  • Жауап беруге қиналамын - 0.

Сауалнама жүргізудің ережесі:

  • сауалнаманыоқу ұйымдарындажүргізеді (ата-аналар жиналысында/ сынып сағатында) . Сауалнаманы алып кетуге және оны үйде толтыруға рұқсат берілмейді.
  • әр сауалнамаға реттік нөмір беріледі (зерттеуге қатысатындар санына сәйкес) .
  • сауалнама толтыру уақытын ОББСБ қызметінің координаторлары белгілейді.
  • сауалнама нәтижелері өңделіп болғаннан кейін, оны сауалнамаға қатысқандарға мәлімдеу қажет.

Зерттеудің негізгі ұйымдастыру қадамдары:

І. Облыстық білім беру Басқармасы:

  • зерттеуге қатысатын облыстық жалпы білім беру мектептеріндегі ата-аналар мен оқушылардың білім беру жүйесі туралы ақпаратқа сұранысын бағалауды жүргізу туралы бұйрықты бекітеді;
  • зерттеуге қатысатын мектептердегі сыныптар мен оқушылар санын іріктеп бекітеді;
  • зерттеуге қатысатын ата-аналар мен оқушыларға арналған сауалнамаларды мемлекеттік және орыс тілдерінде бекітеді;
  • зерттеуге қатысатын жалпы білім беру мектептеріндегі ата-аналар мен оқушылардың білім беру жүйесі туралы ақпаратқа сұранысын бағалауды жүргізу бойынша аудандық/қалалық білім беру бөлімдерінің басшыларымен нұсқаулық-кеңес өткізеді;
  • «Ата-аналар мен оқушылардың білім беру жүйесі туралы ақпаратқа сұранысын бағалау» зерттеу нәтижелері бойынша басқару шешімдерін қабылдайды.

II. Облыстық білім беру сапасын бағалау қызметі:

  • зерттеу мәліметтерінің базасын қалыптастыру үшін ақпараттың жинауын (таңдап алынған сыныптар мен оқушылар санын іріктеу) қамтамасыздандыру;
  • аудандық/қалалық білім бөлімінің басшыларымен кеңес өткізу;
  • зерттеу нәтижелерінің жиынын, алғашқы өңдеуін және талдауын қамтамасыздандыру;
  • аудандық/қалалық білім беру бөлімдеріне электрондық түрде сауалнама қағаз бланктерін, құрал-жабдықтарын, Excel-дің сандық үлгідегі екі базалық файлын береді;
  • облыстық Білім басқармасына барлық материалдардың түпнұсқаларын береді;
  • облыс бойынша соңғы талдаудың (аналитикалық) қорытындысын құрастырып, баспа түрінде және электрондық тасымалдағышта (мемлекеттік және орыс тілдерінде) ҰББСБО-ға тапсыру.

ІІІ. Аудандық/қалалық білім беру бөлімдері:

  • аудандық жалпы білім беру мектептерінде ата-аналар мен оқушылардың білім беру жүйесі туралы ақпаратқа сұранысын бағалауды жүргізу туралы бұйрық шығарады;
  • өз ауданындағы зерттеуге қатысатындарды іріктеу жұмысын облыстық білім беру сапасын бағалау қызметіне табыс етеді;
  • зерттеу өткізілетін аудандарға, жалпы білім беру мектептеріне және сыныптарға код белгілейді;
  • зерттеуге қатысатын білім беру ұйымдарының басшыларымен нұсқамалық-кеңес өткізеді;
  • мектепке қажетті материалдарды (қағазға басылып шығарылған сауалнама қағаз бланктерін, құрал-жабдықтарын және Excel-дің сандық үлгідегі екі базалық файлын) береді;
  • зерттеуге қатысатын мектептерден материалдарды(сауалнама нәтижелерін өңдеу бойынша нұсқауға сәйкес) алады және өңдейді, сауалнама нәтижелерін талдайды және мәліметтерді түсіндіреді;
  • материалдарды (қағазға басылып шығарылған сауалнамалар, сауалнама нәтижелерін өңдеу бойынша нұсқауға сәйкес толтырылған, құрылған және кодталған зерттеудің алғашқы көрсеткіштері бар Excel-дің екі базалық файлы:біреуі - оқушылардың, екіншісі - ата-аналар жауабымен; талданған (аналитикалық) қорытынды бар мәтіндік файл, сұрақ-жауап нәтижелері бойынша MS Power Рoint-тегі таныстыру, сұраққа жауап бергендер саны туралы көрсеткіштері енгізілген мектеп бойынша іріктеу) облыстық білім беру сапасын бағалау қызметіне табыс етеді.

ІV. Зерттеуге қатысатын білім беру ұйымдары:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалардың мектепте оқытуға даярлығын зерттеу ерекшеліктері
Білім беру жүйесі
Білім берудің қазіргі заманғы жай-күйі
Жаһандану үдерістерінің ерекшеліктерінің сипаттамасы
Зайсан аудандық білім бөлімінің білім беру жүйесінің қазіргі заманғы ахуалы және мүмкін болар қауіп-қатерлер
Мектеп тыс тәрбие мен оқыту
Білім беру жүйесінің басты сипаты
Муниципалдық қызметтің міндеттері мен принциптері
Білім беру мақсаттары жайлы ақпарат
Озат педагогикалық тәжірибе және инновация
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz