Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің орны, тарихи түрлері, ұғымы, мәні, белгілері
1 Мемлекет саяси жүйе
2 Мемлекеттің қоғамдық саясатты орындаудағы ерекшеліктері
3 Мемлекет және қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер
4 Мемлекеттің мәні оның ерекшеліктері
5 Мемлекеттің белгілері

Мемлекет саяси жүйеге белгілі бір жекелеген органдары арқылы емес, өзіндік бір саяси, аумақтық, құрылымдық бөоік ретінде кіреді. Ол өз функцияларын басқа әлеуметтік институттармен, партиялармен, кәсіптік одактармен, жергілікті басқару органдарымен бірлесе отырып атқарады. Ол саяси жүйеде жетекші рөлді иеленген, себебі.
а) оның аумақтық шекараларында азаматтық белгілі бойынша біріккен халықтың жалғыз ресми өкілі рөлін атқарады;
ә) егемендіктің жалғыз иесі болып табылады;
б) қоғамды басқаруға бағытталған әлеуметтік аппараты болады;
в) қарулы құрылымдары болады;
г) құқықшығармашылыққа қатысты монополяиға ие;
д) материалдық құндылықтардың ерекше жиынтығында (мемлекеттік меншік, бюджет , валюта және т.б.) ие.

1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. – 569 б.
2. “Қазақ Энциклопедиясы”, II-том
3. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.
4. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет
5. .С.К.Амандықов. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы.Астана 2001
6. АғдарбековТ.А.Әлайдар .Құқық негіздері.- Алматы,2008
7. 1995 ж. «ҚР Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» ҚР –ның заңы
8. 4.Жоламан.Қ.Д. Мемлекет және құқық теориясы. «Нұр – пресс» 2005
9. Ғ.Сапарғалиев. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы. Алматы «Жеті жарғы» 2008
2. “Қазақ Энциклопедиясы”, II-том
3. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.
4. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет
5. .С.К.Амандықов. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы.Астана 2001
6. АғдарбековТ.А.Әлайдар .Құқық негіздері.- Алматы,2008
7. 1995 ж. «ҚР Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» ҚР –ның заңы
8. 4.Жоламан.Қ.Д. Мемлекет және құқық теориясы. «Нұр – пресс» 2005
9. Ғ.Сапарғалиев. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы. Алматы «Жеті жарғы» 2008
Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің орны, тарихи түрлері, ұғымы, мәні, белгілері
Мемлекет саяси жүйеге белгілі бір жекелеген органдары арқылы емес, өзіндік бір саяси, аумақтық, құрылымдық бөоік ретінде кіреді. Ол өз функцияларын басқа әлеуметтік институттармен, партиялармен, кәсіптік одактармен, жергілікті басқару органдарымен бірлесе отырып атқарады. Ол саяси жүйеде жетекші рөлді иеленген, себебі.
а) оның аумақтық шекараларында азаматтық белгілі бойынша біріккен халықтың жалғыз ресми өкілі рөлін атқарады;
ә) егемендіктің жалғыз иесі болып табылады;
б) қоғамды басқаруға бағытталған әлеуметтік аппараты болады;
в) қарулы құрылымдары болады;
г) құқықшығармашылыққа қатысты монополяиға ие;
д) материалдық құндылықтардың ерекше жиынтығында (мемлекеттік меншік, бюджет , валюта және т.б.) ие.
Мемлекеттің қоғамдық саясатты орындаудағы ерекшеліктері:
- мемлекет саяси жұмысын қоғам көлемінде нормалар арқылы жүргізіледі;
- мемлекет барлық қоғамдық жұмыстың негізгі бағыттарын анықтап, басқарып отырады;
- мемлекет ішкі- сыртқы істерді атқаруға, егеменді тәуелсіз аппарат.
Мемлекет қоғамның саяси жүйесіне кіретін барлық ұйымдарды, бірлестіктерді, одақтарды, ұжымдарды біріктіріп, көмек жасап отырады. Мемлекеттің бұл бағыттағы жұмыстарының түрлері:
1. Мемлекет Конституция арқылы барлық азаматарға өздерінің бірлестіктерін, ұйымдарын құруға толық мүмкіншілік береді; қоғамдағы демократияны дамытуға міндетті.
2. Мемлекет қоғамдық ұйымдардың құқықтық құзыретінің көлемін, шеңберін анықтайды.
3. Мемлекет қоғамдық ұйымдардың дербес жұмыс жасауына толық мүмкіншілік беріп, оларды қорғап отырады.
Сөйтіп, мемлекет қоғамдағы барлық ұйымдарды, ұжымдарды біріктіріп, қоғамның саясатын, мүдде- мақсатын дұрыс, жақсы орындауын , демократияның дамуын қамтамасыз етіп, саяси жүйенің жан- жақты нығаюына мүмкіншілік жасайды.
Саяси жүйенің барлық саласы өздерінің жұмысын әлеуметтік нормалар, оның ішінде басым түрде құқықтық нормалар арқылы жүргізіледі. Мемлекет, барлық саяси партиялар, ұйымдар, ұжымдар заңдылықты, құқықтық тәртіпті қатаң сақтап, қорғайды.
Мемлекет қоғамдық және саяси жүйенің құрамындағы басқарушы, реттеуші, ұйымдастырушы ең маңызды бірлестік. Оның себептері:
1. Мемлекет қоғамдағы қайшылықтарды өршітпей, дамытпай дұрыс келісімге келтірудің арбитры, әділ қазысы. Ф.Энгельс бұл жөнінде өте қасқаша былай деген: Егерде мемлекет пен құқық өмірге келмегенде, адам қоғамы көне дәуірде ақыр замаңға тап болатын еді.
2. Мемлекет қоғамдағы сан қырлы қайшылықтарды, ретсіз жағдайларды халықпен, бірлестіктермен, ұйымдармен, одақтармен, саяси ағымдармен, партиялармен, еңбек ұжымдарымен, бірлесіп, оларды бір келісімге келтіріп, сол келісімді бәрі бірігіп іске асырушы күш.
3. Мемлеект басында қоғамды басқарушы, қаңаушы үстемдік таптың құралы ретінде өмірге келді. Кейін қоғам дамыған сайын, мемлекет демократияны жақтап, қоғамдық мүдде- мақсатты басым түрде реттеп, басқарып отырады. Қазіргі заманда да осылай, сым түрде реттеп, басқарып отырады. Қазіргі заманда да осылай.
4. Мемлекет адамдардың, саяси-әлеуметтің күштердің үздіксіз күрестерінің нәтижесінде қоғамдағы үзіліссіз қайшылықтарды келісімге келтірудің әділ қазысы болып отыр.
5. Мемлекеттің қоғамдағы барлық мәселені шешудегі егемендігі, қоғамның дұрыс дамуы, адамдардың бостандығы мен құқықтары, әділеттік пен теңдіктің шын мәнінде қалыптасуы мемлекеттің құзыретіндегі мәселе. Өйткені қоғамдағы билік мемлекеттің қолында.
6. Қоғамның саяси- экономикалық, мәдени- әлеуметтік жағдай үзіліссіз диалектикалық даму прроцесінде болғандықтан, бұл процесті дұрыс, пайдалы басқару тек мемлекеттің қолынан келеді. Өйткені мемлекеттің құзырында барлық материалдық, саяси, әлеуметтік, әскери күштер бар. Мемлекеттік билікті іске асыратын құқықтық механизм бар.
Мемлекет өзінің билігін саяси партияларға, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктерге, еңбек ұжымдарына, жергілікті өзін- өзі басқару ұйымдарына, азаматтарға сүйене отырып іске асырады. Енді осы байланыстарға қысқаша тоқтап өтейік.
Мемлекет және саяси партиялар- бұл екеуі бірігіп қоғамды басқарудағы ең шешуші күш. Басқарудың сапалы немесе сапасыз болуы осы екі бірлестіктің қызметіне байланысты. Сондықтан олардың іс-әрекеті халықтың, үкіметтің үнемі бақылауында болады.
Мемлекет және қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер- қазіргі заманда халықтың мүдде - мақсатын орындайтын тек мемлекет пен саяси партиялар емес. Ол мүдде - мақсаттың басым көпшілігі қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің қолында. Сондықтан мемлекет оларға көмек көрсетіп, іс әрекеттерін, жұмыстарын бақылап отырады.
Мемлекет және еңбек ұжымдары- өндірісте, шаруашылықта мәселенің басым көпшілігі еңбек ұжымдарының құзыретінде: шаруашылықтың нәтижелі жұмыс жасауы, тәртіптің жақсы дәрежеде болуы, адамдардың бірлігі, достығы, мәдени, рухани білімі, денсаулығы т.б. Осы бағытта ұжымның атқаратын қызметінің маңызы, құндылығы еделеп айтпаса да белгілі. Бұл мәселені ұжым мемлекетпен бірігіп іске асырады.
Мемлекет пен жергілікті өзін-өзі басқару мекеменлерінің қызметі жергілікті басқару мекемелері өзінің әкімшілік территориясында мемлекеттік билікті жүргізуге құзіреті болады және ол үшін жауапты. Бұл жұмысқа сол территориядағы азаматтар белсенді қатысып, барлық мәселені реттеп, басқаруға міндетті. Жергілікті мемлекеттік басқару органы оларға жан- жақты көмек көрсетуге міндетті. Осы екі орган тығыз байланыста қызмет жасауға тиіс. Сонда ғана нәтиже болады.
Мемлекет пен азаматтар мемлекеттің жұмысына тікелей қатысып немесе өздерінің өкілдері арқылы өз ой-пікірлерін білдіріп оытруға құқықтары бар және ақпарат, радио, теледидар да өздерінің тілектерін, талаптарын, сын- пікірлерін айтуға құзыреті бар. Мемлекеттік орындар көмек көрсетіп, толық бостандық беруге міндетті. Егерде бұл іс-әрекет екі жақты сапалы жүргізілсе қоғамға, халыққа тиетін жақсылығы көп болады деуге болады.
Мемлекет пен дін. Мемлекеттің дінмен қарым-қатынасына мәйкес үш түрлі мемлекеттер болады: зайырлы, теократиялық, клерикалдық:
- зайырлы мемлекеттің дінмен тікелей байланысы болмайды, олар бір- бірінің жұмысына тікелей қатынаса алмайды, жай байланыс жасауға болады. Оның бағыттары- демократияны, бостандықты, әділдікті, теңдікті дамыту, халықтывң мәдени, рухани білімін көтері, жастарды инабаттылыққа, парасаттылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу, ұлттарды бірлікке, достыққа тәрбиелеу т.б.
- теократиялық мемлекетті басқару шіркеу құзыретінде. 1921 жылға дейін Монғолия осындай мемлекетке жатты. Қазір- Ватикан осы жүйедегі мемлекет.
- Клерикалық мемлекет зайырлы және теократиялық мемлекеттерінің ортасындағы мемлекет. Олар мемлекетпен бірікпейді, бірақ заң шығару процесіне қатысып, мемлекеттің саясатына ықпал жасайды. Бұл мемлекеттерге жататында: Ұлыбритания, Дания, Норвегия, Швеция, Израиль, Италия және 20 шақты ислам мемлекеттері.
Саяси жүйе биліктің жасақталуын, қызмет атқаруын, және қоғаммен қарым-қатынасын реттейді. Саяси жүйе осы үш күрделі мәселенің тетіктерін біріктіреді. Демо - кратиялық елдерде билікті қалыптастыру сайлау арқылы, яғни қоғамның шешімі негізінде жүзеге асырылады. Және де, биліктің жауапкершілігі қалыптасу үшін өкілетті, атқарушы және сот тараптарының бірін-бірі тежеп, қадағалап отыру тетіктері болуы керек.
Қоғамның бақылауын қамтамасыз ету үшін, біріншіден, биліктің өзінің жариялы - лығы қажет. Екіншіден, қоғамдық пікірдің билік саясатына әсері болуы тиіс.
Билік қоғамдағы пікірдің өзге - руіне, сондай-ақ жаңа талаптардың туындауына байланысты ұстанып отырған саясатына өзге - рістер енгізгені жөн. Үшіншіден, сөз бостан - дығы, тәуелсіз бұқара - лық ақпарат құралдары бо - луы шарт. Саяси жүйе осы бағытқа қарай жыл - жуы керек.
Мемлекеттің түпкі мәні қандай болса оның ұғымының, белгілерінің, нысандарынын, механизмінің, атқаратын қызметтерінің мазмұны да сондай болады. Демек, осы тұрғыдан қарағанда мемлекетті оқып-білуді оның мәнін ашып көрсетуден бастау дұрыс әдіс. Мемлекеттін мәні дегеніміз - оның табиғатын, мазмұнын, қызмет ету мақсатын, қоғамдағы қажеттілігін анықтайтын барынша маңызды, тұрақты ішкі және сыртқы жақтары мен қасиеттерінін жиынтығы. Мемлекеттің мәнін ашып көрсетудің екі жолы қалыптасқан: таптық (маркстік-лениндік) және жалпы әлеуметтік. Маркстік-лениндік ағым мемлекеттің мәні жиынтығы қоғамның экономикалық негізін кұрайтын өндірістік қатынастардың сипатымен анықталады-дейді. Өңдірістік қатынастардың сипаты осы қатынастарға тікелей араласатын таптардың алатын орны мен атқаратын рөлдерінен байкалады. Сөйтіп, марксизм-ленинизм мемлекеттің әлеуметтік құбылыс ретіндегі мәнін аша отырып, таптық қоғамда оның үстем етүші таптың мүддесін қорғайтынын көрсетеді. Сонымен, марксизм мемлекет - коғам бір-біріне қарама-қайшы таптарға бөлінген кезенде пайда болады-деп түсіндіреді. Адамзат қоғамындағы алғашқы таптық мемлекет ол құл иеленүшілердің үстемдігіне негізделген құл иеленүші мемлекет болды. Бұл мемлекеттің мәні қоғамның алғаш рет таптарға - құл иеленүшілер мен құлдарға бөлінгенін көрсетті. Осы тұрғыдан қарағанда мемлекет дегеніміз - бір таптың екінші тапқа өзінің үстемдігін жүргізудің құралы. Мемлекеттің әлеуметтік мәнін жақтаушылар мемлекет адамзат қоғамына ортак, әмбебап, жалпы ұйым болғандықтан ол халыктың барлық топтарының мүддесін, ешкімге артықшылық кемшілік жасамай бірдей қорғау керек-деген пікір айтады.
Солардың барлығын ескере келе, бүгінгі танда мемлекет дегеніміз -- егемендікке ие, құқықтың негізінде, арнайы аппараттың көмегімен елді басқаруды іске асыратын, зандандырылған мәжбүрлеу мен күштеу қолдану кұқығы бар, қоғамдағы саяси биліктің ұйымдастырылуының ерекше түр-пішіні деп айтуға болады.
Мемлекеттің мәні оның ерекшеліктері мен сипатты белгілерінің жиынтығынан тұратын мазмұнынан көрінеді. Мемлекет деген қоғамда басқару, билік жүргізу функцияларын іс жүзіне асыратын арнайы адамдар тобынан құрылған саяси ұйым. Осыған байланысты мемлекеттің тарихи даму кезеңдеріне орай олардың өздеріне тән типтері калыптасады. Мемлекеттің мәні негізінде типологиямен тығыз байланысты. Мемлекет және құқық теориясында жалпы тарихтың жетістіктерін пайдалана отырып, мемлекеттің типологиясын екі мағынада түсіндіреді:
- формациялық;
- өркениеттік.
Формациялық ұғым мағынасында мемлекеттердің типтері қоғамға тән экономикалық құрылысы бар, билік жүргізетін үстем тап мүддесіне кызмет ететін басқару күштер құралы ретінде танылды. Формациялық типология негізінде марксистік ілімге тән марксизм-ленинизмнің саяси-құқықтық ілімі адамзат тарихыңда пайда болған мемлекеттердің типтерін қоғамдық-экономикалық формацияның дамып, тарихтың бір сатысынан бір сатысына көтерілуімен тығыз байланыстырып қарайды. Формация өзгеріске ұшырағанда - мемлекеттің типі де соған сәйкес келетін формалық мағынаны қабылдайды.
Мемлекеттің формациялық типтерінің негізін қоғамдық-экономикалық формацияның өндірістік қатынастарының жиынтығы (базисі) құрайды. Марксистік ілім бойынша коғамдағы өндіргіш қарама-қайшылықтар пайда болғанда әлеуметтік төңкеріс болып, жаңа қоғамдық-экономикалық формация пайда болады.
Бұл процесс жаңа формацияға сәйкес келетін мемлекеттің типін қалыптастырады. К.Маркс өзінің формациялық ілімі туралы былай деп жазды: Менің зерттеулерім мені мынадай нәтижеге жеткізді: праволық қатынастарды, дәл сол сияқты мемлекеттердің формацияларын да өзінен-өзі де, адам рухының жалпы дамуы дейтінінен де түсініп болмайды, керісінше, олар материалдық өмірлік қатынастарға негізделеді. Осы өндірістік қатынастардың жиынтығы қоғамның экономикалық кұрылымы, реалдық базисі болып табылады, осыған келіп зандылық және саяси қондырма орнайды. Қоғамның материалдық өндіргіш күштері өз дамуының белгілі саласында сол кездегі өндірістік қатынастарға немесе осы күнге дейін өздері солардың ішіңде өркендеп келген өндірістік қатынастардың заңдық жағынан алғандағы бейнесі ғана болып табылатын меншік қатынастарға қайшы келеді. Өндіргіш күштердің даму нысандары болған бұл қатынастар енді олардың бұғауына айналады. Сол кезде әлеуметтік революция заманы басталады, экономикалық негіздің өзгеруімен бірге азды-кепті қысқа уақыт ішінде бүкіл орасан зор қондырмада төңкеріс жасалады.
К.Маркстің ашқан бұл жаңалығын коммунистік идеология құл иеленуші, феодалдық, буржуазиялық және социалистік мемлекеттер типологиясын тек догматикалық қағида ұғымдарымен түсіндірді.
Кұл иеленушілік типтердегі мемлекеттердің экономикалық негізін құл иеленушілердің өндірістік кұрал-жабдықтарға деген жеке меншігін құрайды, ал сол өндірістік қатынастардан тікелей құл иеленушілердің саяси билігі, диктатурасы қалыптасады. Біріншісі - қоғамның экономикалық негізі, екіншісі - саяси негізі. Әлеуметтік негізін екі тап қалыптастырады: құл иеленушілер және құлдар.
Феодалдық мемлекеттің экономикалық негізін феодал таптарының жерге деген жеке меншігі кұрайды. Саяси билік феодалдардың иелігінде. Осыған орай феодалдық базис негізінде пайда болған мемлекеттердің барлығы феодалдық типтегі мемлекеттердің қатарына жатады.
Феодалдық мемлекеттер феодалдық өндірістік қатынастарды қорғау үшін феодал таптарының саяси билігін жүргізетін басып-жаншу машинасы ретінде ғана бағаланады. Басқа құндылықтарды таптық сипат негізінде бағалайды.
Буржуазиялық мемлекет типінің экономикалық негізін буржуазия табының өндірістік құрал-жабдыққа деген меншігін құрса, саяси негізін буржуазияның саяси билігін заңдастырады. Буржуазия мен пролетариат қоғамның әлеуметтік негізін құрайды. Маркстің саяси-құқықтық ілімі бойынша буржуазиялық мемлекет тарихтың даму зандылықтары социалистік мемлекетпен ауыстырылды. Бұл процесс негізінде төңкеріс арқылы болады. Және ол барлық елдерде міндетті түрде болатын құбылыс.
Социалистік типтегі мемлекеттің экономикалық негізін жұмысшы және шаруалар табының өндірістік құрал-жабдықтарға меншігі құрайды, ал саяси негізі пролетариат және шаруалар табының билігі ретінде бағаланды. Социалистік мемлекет пролетариат диктатурасы ретінде пайда болып, дами келе жалпы халықтық мемлекетке айналады. Қоғамның басқарушы күші ретінде жұмысшы табының коммунистік партиясы танылады. Социалистік мемлекеттің оған дейін пайда болған мемлекеттерге қарағанда адамның әлеуметтік жағынан тиімді қорғалудың тетіктерін (жұмыссыздыққа жол бермеу, ақысыз медициналық көмек, ақысыз білім алу, т.б.) іс жүзіне асырады. Бұл прогрессивтік бағана. Сонымен қатар, социалистік мемлекетке бір меншіктің түріне, бір партияға шексіз монополия беріледі, адам құқы аяққа тапталады, бір ғана идеология үстемдік етеді, билікті болу идеясы қабылданбайды және плюрализмге жол бермейді. Халыққа қарсы күш қолдану және үркіту-қорқыту мемлекеттік саясаттың негізгі құралдарына айналады.
Кеңестік социалистік мемлекет, алпауыт қызыл империя қанау мен күштерді үш бағытта жүргізді:
- Меншікке қарсы жүргізген күштеу саясаты. Меншікті күшпен тартып алудың нәтижесінде халық езгіден құтылған жоқ. Керісінше, адам партиялық номенклатура билеген мемлекеттің шексіз езгісіне душар болды. Мемлекет жеке адамға артық табыс табуға тыйым салды, тер төгіп төккен жалақысының 36% ғана иемделінді, қалғандары мемлекеттің қалтасына түсіп отырды.
- Өмірдің барлық саласына мемлекеттік көлемде жоспар құру (түйме жасаудан, космос корабіліне дейін) және бәсекелестікті жою саясаты мемлекеттік мәні бар идеология ретінде танылады.
- Жеке адамға қарсы күш қолдану, адам құқын аяққа таптайды, еркін пікір білдіруге қатаң түрде тыйым салады. Оның барлық қимыл-әрекеттері мемлекет тарапынан бақылауға алынады.
Социалистік мемлекет жеке адамды қакпанда ұстайды. Соның нәтижесінде тек ғана 1919 жылы 1 миллион 114 мың қазақ құрбандыққа ұшырады , меншікті тартып алудың салдарынан 1930-32 жылдары, колдан жасалған этноцидтен үш миллионға жуық қазақ қырылды, 75 мың бетке ұстар перзенттеріміз қуғын-сүргінге ұшырап түрмелерде қаза тапты, оның 22 мыңы атылды . Бұл социалистік типтегі мемлекеттің қазақ жеріндегі көрінісі.
Жалпы алып қарағанда мемлекеттердің формациялық типологиясы барлық халықтар мен қоғамға әмбебаптық әдістеме бола алмайды. Соған байланысты типологияның түрлерін өркениеттік мағына сипатымен түсіндіру бар. Мысалы, А.Тоинби қоғам мен мемлекеттердің типологиясының негіздерін анықтауда тек экономикалық қатынастарды ескеріп қана қоймай, сонымен қатар мәдени, діни факторларды ескеру қажет екенін дәлелдейді. Ол дүниежүзілік тарихта 21 астам өркениет қалыптасқанын атап көрсетті . Мысалы, египет, қытай, араб, мексика, православия, иран, сирия, батыстық, мая, инкілер, ацтектер т.б., өркениеттер. Ал, зерттеуші О.Шпенглер 8 өркениеттік дамумен шектеледі. А.Тоинбидің пікірінше, мемлекеттер пайда болғаннан кейін езінің биік даму, өркендеп өсу шыңына жеткеннен кейін, міндетті түрде күйрейді осылай даму арқылы мәңгілік айналым болып тұрады.
Өркениеттік типология негізінде мемлекеттердін барлығын бір-біріне ұқсас даму сатыларынан өтеді деген тезисті жоққа шығарып, дүниені біртұтастық ұғым ретінде қарайды, ал мемлекеттер мен халықтардың тарихқа қосқан мәдени үлестерін бүкіл адамзаттын жетістігі деп бағалайды.
Сонымен қатар, өркениеттік типологияда технологиялық бағыт дамып келе жатыр. Бұл тұжырымдама бойынша мемлекеттердің типтерінің деңгейі қоғамдағы ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерімен сарапталады. Жоғарғы технологияны еңгізу мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық деңгейін халықтың әл-ауқатының жақсаруына мүмкіндіктер туғызады. XVII ғасырда ойшыл Криспюфор Келлер (Целлариус) мемлекеттердің типологиялық даму сатыларын ежелгі, орта және жаңа даму сатыларын үш дәуірге бөліп, олардың даму заңдылықтарын зерттеу қажеттілігін дәлелдеді. Орта ғасырда мемлекеттің қалыптасуы, билік ету діни ағымдардың ықпалымен қалыптасып, діни мағынадағы сипатқа ұласты. Жаңа замаңда мемлекетті бірігу, одақ ұғымдарымен байланыстырып таныды. Мысалы, Гуго Горций мемлекетке: Мемлекет деген еркін адамдардың құқықтарын қорғау және жалпы пайда үшін құрылған, -жетілдірілген одағы деп анықтама берсе, Иммануил Кант: Мемлекет - көп адамдардың құқықтық заңдармен бірігуі - деген тұжырымды ұсынды.
Заң ғылымында мемлекеттерді типке бөліп зерттеу арқылы олардың даму процесін, деңгейін, өркениеттің мазмұнын тануға болады.
Теорияда қабылданған мемлекеттердің аталмыш типологиясында номадизм қалыптастырған мемлекеттік құрылым таса қалып қалғанын атап кеткен жөн. Негізінде евоцентристік кезқараста болған А. Тоинби, О.Шпенглер және Ресей зерттеушілері көшпенділерді жабайы орда ретінде бағалады. Олар қалыптастырған мемлекеттік жүйені жалпы мемлекет типологиясына, дәстүрлі стандарттық қалыпқа сыймайтын, өркениетке жат, үнемі инерциялық санат билеген және ретсіздік жайлаған тобыр екені ағыл-тегіл болып суреттелінді. Себебі, Қазақтардың қоғамдық қатынастарын қате баяндау оларды тек ғана шалағай зерттеулерімен ғана түсіндірілмейді, сонымен қатар буржуазиялық авторлардың аз болмаса да ғылыми әдістемелерінің терістігінен болған. Олар қоғамдық құбылыстарды танудың ғылыми әдісін меңгермей, ең дегенде адал ниетпен бай-қағандарын жазып алды. Оларға қоғамдық өмір құбылыстарын басқаратын зандар белгісіз болып қала берді. Сонда көшпенділердің мемлекеті ғылыми жағынан алып қарағанда типологияның қандай түріне кіруі қажет? Көшпенділердің тарихын мол зерттеген Е.И.Кычанов, біз көшпенділер мемлекеті туралы жазамыз, бірақ, жеке алып қарағанда, көшпенділердің мемлекетінің бұрын болғанын осы күнге дейін дәлелдеп келеміз-деп жазды.
Н.Масанов кешпенділердің жалпы қоғамдық-экономикалық формация типологиясына мүлдем сай келмейтін мемлекеттік дамуы болғанын тілге тиек ете келе олардың қоғамдық-саяси құқықтық дамуын әмбебаптық аграрлық цивилизация деген теориямен байланыстырады. Шын мәнінде назар аударарлық пікір. Бірақ, көшпенділер мемлекетінің мәртебесі типологиясы көрсетілмеген. Біздің ойымызша көшпелі қазақ өркениетінің эволюциялық дамуы Батыс Европа халықтарының тарихынан мүлдем ерекше және далалық салт-санаға еш уақытта базис, қондырма ұғымдары формула, қағида ретінде жүрмейді. Көшпелі өмірдің ең негізгі ерекшеліктері жеке адамның мінез-құлқының моральдық талаптарын асқақтату, ұят, ар-этностың рухы, баға жетпейтін құндылығы, әлеумет тыныс - тіршілігінің өзегі болып табылады.
Ал, материалдық дәреже, байлық руханият пен даналықты, жалпы өнерді қамтамасыз ету жолында пайдаланатын зат, нәрселер ретінде қабылданған. Осыған байланысты қазақ мемлекеті типологиясының мағынасы мен мәніне баға беретін болсақ оның билік жүргізу формасы алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауының ең соңғы кезеңінде қалыптасқан әскери демократия сатысы мен мазмұнына дәлме-дәл сәйкес келетін құрылым. Бұл кезеңде рулық құрылымның дәстүрлері жаңа қалыптасып келе жатқан мемлекеттің нышандарымен бір қайнасып жатады.
Мемлекет типі сәйкес тарихи кезеңде туындайтын оның маңызды жақтары мен қасиеттерінің қатаң жүйесін білдіреді. Белгілі бір кезендегі барлық мемлекеттерге белгілі бір сипаттар тән болып келеді. Мемлекеттерді типке бөлу негізінен формациялық жэне өркениетті тәсілдер тұрғысынан жүзеге асырылады.
Формациялық тәсілдің шегінде негізгі талап ретінде әлеуметтік-экономикалық факторлар, яғни, қоғамдық-экономикалық формация орын алады. Бұл тәсіл тұрғысынан мемлекет типі қоғамның экономикалық базисімен тығыз байланысты қоғамдық құрылымға сәйкес мемлекеттің өзара тығыз байланысты белгілерінің жиынтығы ретінде анықталады. Экономикалық базистің типтеріне қарай мемлекеттің төмендегідей типтерін бөліп қарастырады: құлиеленушілік, феодалдық, буржуазиялық және социалистік мемлекеттер.
Бұл типологияның артықшылықтары болып екі мәселе табылады: мемлекеттерді әлеуметтік-экономикалық негізінде бөлу идеясы өте дұрыс, себебі, шынымен де бұл факторлар қоғамға зор әсерін тигізеді, ол мемлекеттің дамуының табиғи-тарихи сипатын, кезенділігін көрсетеді. Ал формациялық теорияның әлсіз жағы оның тарихтың әртүрлі сипаттарын ескермеуінен және рухани факторларды бағаламауынан көрінеді.
Мемлекеттің алғашқы қауымдық құрылыстағы әлеуметтік биліктен айырмашылығы:
- Халықты туысқандығына қарамай, территориясына сәйкес біріктіру. Билікті осы территорияда жүргізу.
- Қоғамдағы басқаратын арнаулы аппараттың құрылуы. Бұл аппарат үстемдік таптың, топтың, мүдде-мақсатын орындау үшін қалыптасты.
- Салық жүйесінің болуы. Арнаулы мемлекетті басқаратын аппаратта қызмет жасайтын адамдарды әлеуметтік қамтамасыз ету үшін салық қалыптасты. Мемлекеттің пайда болу, даму себептері:
- Қоғамды басқаруды, жақсарту, дамыту: қоғамның жұмысының көлемі де, шеңбері де молайып, кеңейіп ескі басқару аппара - ты тиісті дәрежеде жұмыс жасай алмады. Жаңа мемлекеттік аппа - рат қажет болды;
- Қалың бұқараның, қаналушы таптың үстемдік тапқа, топқа қарсы іс-әрекетін әлсірету, жою үшін күшті мемлекеттік аппарат керек болды;
- Қоғамды, экономиканы дамыту үшін, әлеуметтік жағдайды жақсарту үшін басқарушы аппаратты нығайту керек болды;
- Қоғамның қорғанысын күшейту үшін, зандылықты, құқықтық тәртіпті қатаң сақтау үшін мемлекет керек болды.
Мемлекеттің қоғамдағы бірлестіктерден, ұйымдардан айырмашылық белгілері:
- мемлеқет қоғамдық көлемде бірден-бір билік жүргізетін ұйым; басқа бірлестіктердің билігі барлық халықты қамти алмайды, мемлекет қана барлық қоғамға күші бар нормативтік акты қабылдай алады;
- мемлекет қоғамдағы барлық құқықтық нормалардың дұрыс, уақытында іске асуын, орындалуын қадағалап, заңдылықты, тәртіпті бақылап отырады:
- мемлекеттің ішкі-сыртқы істердегі тәуелсіздігі, басым үстемдігі.
Мемлекеттерді этатистік және құқықтық мемлекеттерге жіктеу де айрықша назар аударуды қажет етеді. Мұндай жіктеуге мемлекеттің құқықка қатынасы негіз болады. Академик М.Т.Баймахановтың пікірі бойынша, этатистікке қоғамдық қатынастарды реттеудің императивтік әдістерімен сипатталатын мемлекеттерді жатқызу керек. Ол мемлекеттерде азаматтардың, қоғамдық бірлестіктердің және т.б. бостандықтары мен дербестіктері, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz