Қазақстан экономикасында шетел инвестициясын қолдану тиімділігі


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1. ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ РӨЛІ . . . 5
1. 1. Шетел инвестицияаларын тартудың негізгі нысандары және механизмдері . . . 5
1. 2. Қазақстанға шетел инвестицияларын тартуды мемлекет тарапынан реттеу . . . 12
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЭКОНОМИКАСЫНДА ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯСЫН ҚОЛДАНУ ТИІМДІЛІГІ
2. 1. Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларын тартудың халахуалының жағдайы . . . 17
2. 2 Қазақстан Республикасындағы шетел инвестициясының келіп түсүін және қолдану тиімділігін талдау . . . 22
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНА ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯСЫН ТАРТУДЫҢ БОЛАШАҒЫ
3. 1. Шетел инвестицияларын тартудың негізгі мәселелері . . . 27
3. 2. Шетел инвестицияларын тартудың жетілдіру жолдары . . . 33
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 39
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 41
Кіріспе
Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасы тәуелсіз сыртқы нарықтарға шығуға мүмкіндік алды. Бірақ, Қазақстанның сыртқы экономикалық қызметті жүргізуде жеткілікті тәжірибесі жоқ және сондықтан белгілі бір проблемалар туындайды. Қазақстан Республикасының үкіметінің маңызды проблемаларының бірі шетелдік инвестицияларды тиімді түрде тарту мен бөлу болып табылады. Ең алдымен инвестициялар бұл экономикалық маңызды фактор, оның көмегімен алдыңғы қатарлы технологиялар меңгеріледі, нарықтардың отандық тауарлармен толуы жүреді, экспорттық өнімнің бәсеке қабілеттігі көтеріледі.
Қазақстан экономикасының қазіргі дамуында шетелдік инвестициялардың маңыздылығы сөзсіз. Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде құрылуынан бастап шетелдік инвестициялардың көлемі екпінді өсуін байқаймыз. Әлемдік шаруашылық дамуының, қазіргі деңгейінде шет инвестициялардың өсуінің күшеюі байқалады, оның қарқыны халықаралық сауда өсуінің қарқынынан асып түседі. Барлық елдер экономикалық даму дәрежесіне қарамастан экономикалық өсімге жету үшін шетел инветицияларын тартудың әдістері мен жолдарын жетілдірумен айналысады. Сауда ағымдарының, шетел инвестицияларының ағымдарының және технологияның айырбасының либерализациясы жағдайында компаниялардың нарықтағы күресі одан әрі агресивті болып жатыр. Капиталдың болуы, иновациялық қызмет технологиялармен, квалификацияланған адам ресурстарымен қамтамассыз етілуі және тиімді ұйымдастырушылық және басқарушылық практикасы - осы факторлардың бәрі кәсіпорынның бәсеке қабілеттігін қамтамассыз етуде маңызды рол атқарады және сәйкес макроэкономикалық жағдайларда қабылдаушы елдердің экономикалық даму көрсеткіштерін жақсартуға көмектеседі. Бірақ, көп ел инвестиция алғысы келетінін және оған деген бәсекенің жоғары деңгейде екендігін ескеру керек. Сондықтан да шетел инвестицияларды тартуды зерттеу осы таңда өзекті мәселелердің бірі деп айтуымызға әбден болады. “ Қазақстан Республикасындағы шетелдік инвестицияларды реттеу: жағдайларымен мәселелері ” тақырыбын таңдай отырып, курстық жұмысты жазуда келесі мақсат көзделді : шетел инвестициясы, оның ішінде тікелей инвестицияның Қазақстан экономикасындағы атқаратын орнын және мәнін анықтау.
Осы мақсатқа қол жеткізуде келесі мәселелерді шешу қажет:
- ұлттық экономиканың дамуындағы шетелдік инвестициялардың және
олардың нысандарының рөлін анықтау;
- шетелдік тікелей инвестициялаудың себептерін және экономикалық
тиімділігін талдау; шетелдік тікелей инвестицияларды тартудың механизімін қарастыру;
- Қазақстанға шетел инвестицияларын тартуды мемлекет тарапынан
реттеуді зерттеу; Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларын тартудың хал-ахуалының жағдайын сараптау;
- Қазақстан Республикасындағы шетел инвестициясының келіп түсуіне
талдау жасау;
- шетел инвестицияларын тартудың негізгі мәселелерін қарастыру;
- шетел инвестицияларын тартудың жетілдіру жолдарын табу.
Курстық жұмыс кіріспеден, ұш тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Шетел инвестицияларының мәнін және мазмұнын оның халықаралық экономикалық қатынастардағы рөлін, даму тенденциаларын және Қазақстандағы шетел инвестициясының құқықтық аспектілерін зерттеуге жұмыстың бірінші тарауында қол жеткізілмек.
Екінші тарауда шетел инвестициясының оның ішінде тікелей шетел инвестициасының Қазақстан экономикасындағы орнын, көлемін, даму барысын, экономикалық дамуға тигізетін әсерін, сонымен қатар республикадағы тікелей шетел инвестициясын тартудағы және мемлекет тарапынан оларды реттеудегі шараларды зерттеп талдау мақсаттары шешіледі.
Үшінші тарауда теориалық білімдерді тәжірибелік шындықпен салыстыра отырып, Қазақстан Республикасына шетел инвестициясын тартудағы негізгі мәселелерді айқындау және оны жетілдіру жолдарын іздестіруді көздеу мәселелері қойылмақ.
- ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ РӨЛІШетел инвестицияларын тартудың негізгі нысандары және механизмдері
Қазіргі уақытта капиталдың халықаралық қозғалысы, әлемдік шаруашылықтың және ұлттық экономикалардың дамуында маңызды роль атқарады. /1/
Әлемдегі нарықтағы инвестициялық капиталдық сұранысымен ұсынысына шиелініскен баланста Қазақстан мен ТМД-ның басқа мемлекетінің позициялары өте төмен болып саналады. Бұл мәселелерге енді тек қана өз араларында, әлемдік капитал нарығының өте шағын сигментінде бәсекелесуге ғана болады. Ал тікелей және портфельді инвестицияларға келсек, бұл аймақта олардың ликвидтіліктері экономиканың құрылымдық өзгермелі мәселелерімен, ішкі қаржылық нарықтық көбірек болуымен шектелуі.
Өндіріс факторларының халықаралық қозғалысы халықаралық сауданың себептері өндіріс факторлары мен қамтамасыз етілуінде айырмашылықтар болатын жағдайда сауданы алмастырады.
Егер сауда негізінде өндіріс факторларымен қамтамасыз ету ерекшеліктерінен басқа себептері жатса, өндіріс факторларының халықаралық қозғалысы халықаралық сауданы тауармен толықтырады (салыстырмалы артықшылық, масштаб эффектісі, технологиялық өзгерістер) .
Елдердің өндірістік факторлармен қамтамасыз етілуінің үлкен өзгешеліктері жағдайында өндірістік факторлардың халықаралық қозғалысы салааралық сауданы алмастырады және ішкі-салалық сауданы толықтырады.
Өндірістік фактормен қамтамасыз ету деңгейі өзгеше болса, әр ел тауа рлар өндірісіне маманданады және өндірістік факторлардың халықаралық қозғалысы болмайды. Елдер арасында тек сала аралық сауда мүмкін болды.
Өндіріс факторларының халықаралық қозғалысы әдетте халықаралық саудадан гөрі қатаң мемлекеттік реттеудің құралы болып табылады. Әлемнің көптеген елдерінде, соның ішінде дамыған Батыс Еуропа елдерінде, капитал қозғалысына және жұмыс күші миграциясына өте маңызды шектеулер әлі күнге дейін іс жүргізуде. /2/
Капиталдың халықаралық қозғалысының екі ағымын анықтауға болады: капиталдың экспорты және импорты.
Капиталдың халықаралық қозғалысының экспортының және импортының себептері әр түрлі болады. Басты себептері - бұл капиталды максималды табыстарды әкелетін және салымдарының деңгейін қысқартуға мүмкіндік беретін және тәуекелділікті жоятын салаға және елге капиталды орналастыруға тырыстыру.
Капиталды экспорттаудың себептері:
- технологиялық алға шығу. Корпарациядағы стау көлемдерінде НИОКР
ға шығын үлесі жоғары болған сайын шетелге тікелей инвестициясының экспортының көлемі жоғары болады және керісінше, шетелге тікелей инвестицияларды апара отырып, корпарациялар оларға бәсекелестік артықшылықты беретін технологияларға бақылау жасауға ұмтылады;
- жұмыс күшінің квалификациясындағы артықшылықтар. Олар
жұмысшыларға еңбегін төлеудің орташа деңгейімен өлшенеді. Корпорацияда еңбекті төлеудің деңгейі жоғары болған сайын, тікелей инвестицияларды экспорттаудың көлемі де жоғары болады және керісінше;
- жарнамалаудағы артықшылық. Ол халықаралық маркетингтегі жиналған
тәжірибені көрсетеді. Корпорациялардың сатылуында жарнамаға кеткен шығындарды салмағы жоғары болған сайын, тікелей инвестицияның экспортының көлемі де жоғары болады және керісінше;
- масштаб экономикасы. Ішкі нарықтағы корпорацияны өндіріс өлшемі
болған сайын, тікелей инвестицияларының экспорт көлемі де жоғары болады және керісінше;
- корпорация өлшемі. Копорация өлшемі жоғары болған сайын, тікелей
инвестициялары экспортының көлемі де жоғары болады және керісінше;
- өндіріс концентрациясының деңгейі. Корпорация шегіндегі белгілі бір
тауардың өндірісіндегі концентрация деңгейі жоғары болған сайын, тікелей инвестициялар экспортының көлемі де жоғары болады және керісінше;
- табиғи ресурстарға қол жеткізуді қамтамасыз ету. Белгілі бір табиғи
ресурста корпорациялардың қажеттіліктері жоғары болған сайын, осы ресурсы бар елге тікелей инвестицияларды экспорттаудың көлемі де сол құрылым жоғары болады және керісінше.
Капитал экспортының басқа да себептері:
- тұтынушыға жақын кәсіпорындарды құру арқылы, оған тауарды жеткізуге
кететін көліктік шығындарды қысқарту;
- шет елдерінің территориясында реттуші өндірісті құру арқылы, сол елдің
импорттық шектеулерін жеңу.
Капитал импортының себептері:
- психологиялық алға шығу;
- жұмыс күшінің квалификациясының деңгейі;
- жарнамадағы артықшылық;
- масштаб экономикасы;
- корпорация өлшемі;
- өндірісті концентрациялау деңгейі;
- капиталдағы қажеттілік;
- ұлттық фирмалардың саны. Ел ішінде корпорацияның бөлімшелері көп
болған сайын, тікелей инвестицияларының импорты да солғұрлым жоғары болады;
- өндіріс шығындары. Қабылдаушы елдің өндіріс шығындары төмен болған
сайын, тікелей инвестициялары импортының көлемі соғұрлым жоғары болады;
- ішкі тауарлы нарықты қорғаудың деңгейі. Елдің ішкі тауарлары нарығын
қорғаудың кедендік және басқа да деңгейі жоғары болған сайын, тікелей инвестицияларының импорты соғұрлым жоғары болады;
- нарықтық өлшемі. Елдің ішкі нарығының өлшемі жоғары болған сайын,
тікелей инвестиция көлемі соғұрлым жоғары болады.
Капитал миграциясының басқа да факторлары:
- шетелдік тікелей инвестициялары арқылы негізделген өндірістің
экспорттық бағыттылығы;
- экономикалық дамудың үкметтік бағдарламаларының бар болуы. /3/
Инвестициялық климатты модельдеу мемлекеттің шетелдік инвестицияны қолдану және тарту саясатын жасаудың маңызды түйіні болып табылатын себебі, ол біріншіде, шетелдік инвесторға әсерін тигізетін факторларды жүйелі елестетуге мүмкіндік береді. Екіншіден, елдегі жағдайды тереңірек бағалауға мүмкіндік береді. Үшіншіден, шетелдік серіктес іс-қимылының ынталануын сезінуге мүмкіндік береді.
Капитал миграциясының осы ғалымдар анықтаған бір себебі - капиталға деген сұраныс пен ұсыныстың әр елде бір қалыпты болмауы.
Капитал көп жағдайда оған деген сұранысы бар және де сұраныс мөлшері көп еледрде шығарылады.
Негізінен, капиталды оған деген сұранысы көп елдер емес, ұсынысы көп елдер шығарады.
Неоклассиктердің бірі Б. Олин өзінің сауда концепциясында былай деген: “Өндіріс факторы әр бір елдегі оған деген сұраныспен анықталады, демек, олар шектеулі өнімділігі аз жерден көп жерлерге қарай көшеді”.
Р. Нурксенің тұжырымы бойынша, тауарды сыртқа көп тасымалдаушы дамыған елде капиталға деген сұраныс тез өседі, осыған сәйкес олар капиталды ішке енгізе бастайды (немесе керісінше) .
Неоклассиктермен бірге бұл сұраққа неокейнсиандықтар да жауап беруге тырысты. Неокейнсиандық теория негізінен капитал қозғалысы мен төлем балансының арақатынасын анықтайды.
Кейнстің айтуы бойынша, “капитал миграциясының бірден бір себебі - бұл әрбір елдің төлем баланстарының бір қалыпты болмауы”. Кейнстің осы көзқарасын Ф. Махлуп пен Р. Ф. Харрод дамытты.
Ф. Махлуп осы арақатынасты үш тұрғыда қарастырды:
- белгілі бір елдің төлем балансының сальдосы плюс (+) таңбалы болса,
онда капиталды шетке шығарушы ел сатып алушы елге өз тауарын көбірек сата отырып. Ішке капитал енгізе отырып, ішке капитал енгізу арқылы экспорт пен импортты теңестіреді. Осының нәтижесінде капиталды шетке шығарушы елдің ұлттық табысы ұлғаяды;
- егер белгілі бір елдің инвестициясы көбеймесе, бірақ қаржы жинау
қабілеті зор болса, онда капиталды шетке шығару экспортер елдің ұлттық табысын ұлғайтады және жұмыстың белсенділігін күшейтеді;
- капиталдың шеттен әкелінуі импортер елдің ішкі экономикалық
жағдайына әсер етеді, яғни шеттен әкелетін капитал формаларының ішінде портфельдік инвестициядан гөрі, тікелей төте инвестицияны енгізу әлде қайда тиімді болып табылады. /4/
Тікелей инвестициялар - инвестродың капитал орналасқан объектіге бақылау жасауды қамтамасыз ететін капитал салынған елдегі ұзақ мерзімді экономикалық қызығушылықты иемдену мақсатындағы капитал салымдары.
Мемлекеттік фирмалар бойынша қатысты емес шетелдік инвестициялардың көлемін санамағанда, олар толығымен жеке кәсіпкерлік капиталды шетке шығарумен байланысты.
Портфельді инвестициялар - бұл инвесторға инвестицияланған объектіге нақты бақылау жасау құқығын беретін шетелдік бағалау қағаздарына капитал салымдары.
Халықаралық капитал қозғалысының нысандары әр белгілі бір елмен мойындалады, әдетте ол өзінің инвестициялық және банктік заңдылықтары мен орналастырылады.
Тікелей шетел инвестицияларына қатысты:
- капитал шығарудың субъектілері;
- тікелей шетел инвестициялаудың себептері;
- тікелей инвестицияларының экономикалық эффекттері;
- тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау.
Қазіргі таңда әр түрлі сфераларға салынатын тікелей шетел инвестицияларының тез өсу тенденциясы айқындала түсті. Капиталды шетке шығарудың алғашқы кезеңінде капиталдар көп жағдайда дамыған елдерден алынып, тәуелді елдерге шығарылды.
Ал қазіргі уақытта капиталдың миграциясы көбінесе дамыған елдердің арасында жүреді, яғни тікелей шетел инвестициялардың 70 - 75 % - ті өнеркәсібі дамыған елдердің үлесінде болып тұр. Тікелей инвестициялардың ХХ ғасырдың 90 жылдарының басында жалпы көлемінің 25, 8%-ті дамушы елдерге, 18, 2%-ті АҚШ-қа, 99 %-ті Ұлыбританияға, 26, 6%-і Батыс Еуропаның басқа елдеріне, 10%-і Канадаға, 9, 5%-ті әлемнің басқа елдеріне салынады. /5/
Дамыған елдердің арасында капитал миграциясының өсуінің бірден-бір себебі, дамушы елдерде ғылымды көп қажет ететін, жоғары білімді мамандармен қамтамасыз етілетін өнім өндірісін ұйымдастыру өте қиын. Сонымен бірге, өнеркәсібі дамыған елдерде өте ірі қаржылар мен сиымды ішкі нарықтар бар. ФРГ мен Жапонияның шетелдерге қаржы бөлуі ХХ ғасырдың 60 жылдарының ортасынан бастап, жылдамдатылды. Олардың тікелей инвестицияларының өсу қарқыны АҚШ пен салыстырғанда, екі еседей көп болды. Капиталды салу сфераларына бәсекелестік күшейді. Мемлекеттің капитал экспортеры ретіндегі рөлі кенеттен өсіп кетті.
Қазіргі уақытта елдер арасындағы капиталдың қарама-қарсы қозғалысы кең дамуда, яғни олардың әр қайсысы бір мезетте әрі экспортер, әрі импортер рөлін атқарады, яғни капиталдың айқасқан айырбасы деген қозғалыс пайда болды. Сонымен бірге, елдің ішінде капиталдың жетіспеуінен экспорттың жүзеге асырылуына, ал импорттың шетелдік капиталдың ұлттық капиталды бірнеше рет ығыстыруына әкеліп соғуы мүмкін. Капитал миграциясы пайда болған кезеңнен бастап, ХХ ғасырдың 70 жылдарының аяғына дейін Батыс Еуропа капиталдардың байланысқан айырбасының ең үлкен аймағы болып саналады. Бұл ең алдымен экономикалық одақтастықтың Еуропалық Одақ ішіндегі интеграциялық процесстердің дамуы салдарынан пайда болған. Батыс Еуропаның ішіндегі қаржылардың үлесі ХХ ғасырдың 70 жылдарының аяғынан бастап, азая бастады, сонымен бір мезгілде АҚШ-та капитал экспорты өсе бастады. Ұлттық экономиканың ішінде ХХ ғасырдың 80 жылдарында жұмсалған шетелдік капиталдың көлемі бойынша дүние жүзінде бірінші орын алды. Қазіргі уақытта капитал миграциясының тағы бір ерекшелігі - дамушы елдерге, атап айтқанда, мұнай табатын ОПЕК - ке кіретін елдерде капитал экспортының пайда болуы. /6/
ОПЕК - мұнай экспорттаушы елдердің ұйымы. Капитал нарығында ОПЕК елдері белсенді рөл атқаруда. Мысалы, Кувейттің жеке меншік секторының инвестицияларының шетелдегі мөлшері (1995 ж. ) 100 млрд. долл., ал мемлекеттік секторының инвестициялары - 30 млрд. долл. болды.
Мемлекеттегі қолайлы инвестициялық климатты жасау дегеніміз - бұл қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы инвестициялық климатты бағалаудың, салыстырмалы талдаудың негізі болып табылады, толық көрсеткіштер жүйесін құрайтын әр түрлі әдістер кешенінің жиынтығы:
- мемлекеттің нарық потенциалының мінездемесі;
- табиғи және еңбек ресурстарымен қамтамасыз етуі;
- экономикалық реформалардың күйі және дамуы;
- инвестициялық іс-әрекет үшін заңдылық база;
- мемлекеттік ограндарда жүргізу, басқару кепілдерін қабылдаудың реттелуі;
- валюталық нарықтың және нарық инфрақұрылымының дамуы;
- банктық жүйенің тұрақтылылығы;
- саяси климаттың тұрақтылылығы және бағыттылылығы.
Инвестордың типіне, инвестициялық мақсаттар мен тәуекел дәрежесіне байланысты шетел инвестицияларының түрлерін бөліп көрсетеді. Сонғы жылдары қаржылар (құралдар) әр түрлі, бұның көмегімен шетел инвестициялары жүзеге асырылады. Бұл электрондық коммуникация шеңберіндегі жетістіктердің арасындағы байланысты жақсартқан және жаңа инвестициялық механизмдерді дамытқан жетістіктердің арқасында мүмкін болды.
Капитал қозғалысының осындай механизмдерінің бірі тікелей шетел инвесторы болып табылады, бұларды шетел компанияларымен мемлекетке жүзеге асыру арқылы инвесторлар рыноктан тез кету мүмкіндігінен айырылады. Бірақ олар жоғары дәрежедегі тәуекелмен байланысты ұзақмерзімді салымдар салуға дайын, өйткені бұл жағдайда салым тәуекелімен байланысты шығындардай пайда жоғары болатынына сенімді болады. Тікелей шетел инвестициялар тікелей емес инвестицияларға қарағанда капиталдың маңызды сомаларын құрайды. Инвестицияның өте жоғары көлемі мен капиталсалымның ұзақ мерзімімен үйлестіруде, инвестициялаудың бұл формалары алушы елдер үшін табысты болып табылады. Осыдан, Қазақстан инвестицияның мұндай формасын тартуға құштар екенін көруге болады.
Тікелей инвестициялар арқылы шетелге өндіріс факторларының қозғалысы сыртқы сауданы ынталандырады, өйткені келесілерді жабдықтау талап етіледі:
- қосалқы бөлшектер;
- қосымша өнімдерді;
- еншілес фирмалар үшін құрал - жабдықтарды кәсіпорындар мен үкімет
төмендегілер үшін тікелей инвестицияға қатысуға тырысады;
- рыноктарды кеңейту;
- материалдар немесе ресурстарды сатып алу үшін.
Сонымен қатар үкімет саяси артықшылықтарға сай келуге тырысады. Бүгінгі күні шетел капиталын тарту немесе тартпау сұрағы қойылмайды. Проблема басқада: оны қай сфераға тарту керек және қандай жағдайда, нақты инвестициялар пайда болатындығын анықтау. Ал соңында әр бір нақты нысанның ұлттық мүдделерге сәйкес келуі туралы айтылады. Бұл мәселелер бойынша біздің шаруашылығымызда барлығы жақсы емес.
Шетел капиталының импортер елдегі келесі себептерге байланысты шетел инвестициясын тартуға ынталанады:
- елдің экономикалық дамуын қаржыландыруға жалпы қаражаттардың
жетіспеуі, халықтың жұмыс бастылық деңгейін көтеру қажеттілігі, төлем балансының тапшылығын меңгеру және тағыда басқа;
- орташа және жоғары дамыған елде шаруашылықтың аймақты құрылымын
жетілдіру, жаңа техника мен технология алу, бәсеке қабілеттілікті көтеру үшін шетел капиталын тартады;
- шетел капитал қатынасына таңдаулы саясатты (жеке аймақ және сала
бойынша шектеу және ынталандыру) кейбір орташа дамыған елдер, сонымен қатар өте бай елдер де (Кувейт, Сауыд Аравиясы, Сингапур) жүргізеді, олар экономиканың жалпы қарқынында ғана емес, белгілі саланың және технологияның дамуында қызығушылық танытады;
- көп мемлекеттер шетел капиталын ұлттық экономикаға екі жақты негізде
енгізеді, яғни өзара сауда саяси инвестициялық жол беру шеңберінде (мысалы ЕО-ның ішенде капитал қозғалысының либерализациясы немесе Жапонияның ағылшын инвестиция қатынасына қарағанда, АҚШ-тың Жапондық инвестициясына либералдық қарым-қатынасымен байланысты АҚШ-тың Жапонияға шығындануы) . Басқа елдермен экономикалық ынтымақтастық бойынша келісімдерге қол қойғанда, халықаралық ұйымдарға кіргенде, келісімнің қатысушылары ұлттық экономикаға шетел инвестициясының жіберілуін либерализациялауға мәжбүр болады.
Қазақстан үшін екі, бірінші себеп дәл келеді. Шетелден инвестициялар белгілі салаларда, техника және технология түрінде және аймақтарға қажет КСРО-ның құлдырау нәтижесінде пайда болған диспропорцияны жеңу және жиналып келе жатқан артта қалушылықты жеңу.
Қазақстан Республикасында экономикалық өсу және оны тұрақтандыру үшін шетел капиталын әкелу және игеру басты бағыттардың бірі, халық шаруашылығы объектілері және салаларының өмір сүруіне қолайлы болуы үшін шетел капиталының экономикалық қаржылық және ұйымдастырушылық регламентациясы инвестициялаудың қауіпсіздігін табыстылығын нормативті-құқықтық қамтамасыз ету және қолайлы жағдай туғызу болып табылады. /7/
Әлеуметтік-экономикалық жағдай да Қазақстанның даму жолы ұзақ мерзімді перспективада әлеуметтік және саяси тұрақтылықты сақтау, тиімді басқару, жағымды ұстап тұруды қажет етеді. Елдің ұлттық артықшылығы иілгіш және балансталған экономиканы құруға бағыттау керек, ол халықаралық деңгейде бәсекелесе алуы тиіс, бұл жеделдетілген экономикалық өсуге елдің тұрмысының қолайлы жағдайда болуына себебін тигізеді.
Инвестициялық преференциялар. Инвестицияны реттеудің және қолдаудың әдістері инвестициялық преференцияның көрінісі ретінде ел заңында көрсетіледі, яғни нақтылық сипатқа ие - инвестициялық, салықтық преференция. Инвестициялық преференция берудің негізгі шарттары - инвестицияны экономиканың приоритеті секторларына салу, олардың тізімін ел үкіметі бекітеді.
Инвестициялық салықтық преференциялар келесідей түрде беріледі: инвесторларға корпоративтік табыс салығы, егер инвестор жаңа өндіріс ашатын болса немесе кеңейтетін болса жеңілдіктер беріледі.
Тікелей инвестицияны кәсіпорынға салу кезінде инвесторды бәрінен бұрын қызықтырады:
- ақпараттың бар болуы;
- жетімділігі;
- толықтылығы;
- шынайылығы;
- оны берудің оперативтілігі (уақыттылылығы) .
1. 2. Қазақстанға шетел инвестицияларын тартуды мемлекет тарапынан реттеу
Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызмет жалпы мемлекеттік және шаруашылық заңдармен, сонымен қатар республикалық және аймақтық денгейлерде арнайы нормативтік актілер жүйесімен реттеледі.
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, жер, кен, кәсіпорын және кәсіпкерлік қызмет туралы, акционерлік қоғамдар, біріккен кәсіпорындар туралы, банк және банктік қызмет туралы заңдар, салық салу, сыртқы экономикалық қызмет, кендік бақылау және валюталық реттеу, қарыз туралы, арендалық қатынас және сақтандыру туралы заң ережелері, нормативтік актілер және жекешелендіру бағдарламасы және т. б. бірінші топқа жатады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz