Мэйдзи кезеңіндегі Қарулы күштер реформасы



1 Қарулы күштер мен полиция реформасы
2 Тұрақты қарулы күштердің құрылуы
3 Полицияның құрылуы
Әскери реформаның құрылуы жөнінде Мэйдзи көшбасшылары полярдық көзқарасты ұстанып отырды. Кидо Такаеси сидзокуның күшеюінен қорқып, әскерді құру үшін әскери міндеттілікті енгізу керек деп айтқан. Окубо Тосимити және Сайго Такамори әскерді самурайлардан құру керек, себебі оларды жаңа биліктің тірегі деп есептеді.
Ымыралы шешім ретінде 1871 жылдың ақпанында Сацума, Тесю және Тосадан шыққан және әскери мекемеге бағынатын 8 мыңдық императорлық гвардия (симпэй, кейінгі атауы - коноэхэй) құрылды. 1871 жылы княздіктерді таратып, жергілікті әскери бөлімшелер жартылай жабылып, жартылай билік ететін үкімет қолына көшті. Осы императорлық гвардия сепаратизмге қатты соққы беріп, біріккен қарулы күштер мен мемлекеттің болашақ тұрақты өзегіне айналды.
1872 жылдың 27 ақпанында әскери мекеме таратылды, ал келесі күні армияның министрлігі (рикугунсе) және әскери-теңіз флотының министрлігі (кайгунсе) құрылды. Бұл қарулы күштерді басқару жөніндегі қадамның алға басуының белгісі. 1872 жылдың 28 қарашасында әскери міндеткерлікке шақыратын құжаттар шығарылды.

Пән: Алғашқы әскери дайындық
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Қарулы күштер мен полиция реформасы

1871 жылға дейін үкімет өзі иеленетін әскері болмады. Дегенмен, мемлекетке жаңа доктринаға құрылған заманауи әскер қажет болғандықтан, оның құрылуы бай мемлекет - мықты армия деген концепцияға сүйенді.

Тұрақты қарулы күштердің құрылуы. Әскери реформаның құрылуы жөнінде Мэйдзи көшбасшылары полярдық көзқарасты ұстанып отырды. Кидо Такаеси сидзокуның күшеюінен қорқып, әскерді құру үшін әскери міндеттілікті енгізу керек деп айтқан. Окубо Тосимити және Сайго Такамори әскерді самурайлардан құру керек, себебі оларды жаңа биліктің тірегі деп есептеді.
Ымыралы шешім ретінде 1871 жылдың ақпанында Сацума, Тесю және Тосадан шыққан және әскери мекемеге бағынатын 8 мыңдық императорлық гвардия (симпэй, кейінгі атауы - коноэхэй) құрылды. 1871 жылы княздіктерді таратып, жергілікті әскери бөлімшелер жартылай жабылып, жартылай билік ететін үкімет қолына көшті. Осы императорлық гвардия сепаратизмге қатты соққы беріп, біріккен қарулы күштер мен мемлекеттің болашақ тұрақты өзегіне айналды.
1872 жылдың 27 ақпанында әскери мекеме таратылды, ал келесі күні армияның министрлігі (рикугунсе) және әскери-теңіз флотының министрлігі (кайгунсе) құрылды. Бұл қарулы күштерді басқару жөніндегі қадамның алға басуының белгісі. 1872 жылдың 28 қарашасында әскери міндеткерлікке шақыратын құжаттар шығарылды.
Әдеттегідей, үкімет өзінің әрбір іс-әрекетіне сақтықпен қарап жүрді. Сондықтан да, әскери міндеткерлік алғашында тек 5 префектураларда ғана енгізілді. Бүкіл империяға 1873 жылы ғана күшіне енді.
Осы заңды қабылдау жөнінде қалалық кеңестің ресми мәлімдемесінде айтылған:

Барлық адамдар әскери міндетін орындауға тиіс... Міндеткерлікке ер жеткен және жарамды бүкіл халық шақырылған. Одан бас тартатындарға ең қатаң шаралар қолданылады... Өзінің әскери борышын өтеп келгендер қайтып оралып, өзінің бұрынғы мамандықтарына қайта орналасады... 2 семсер ұстаған, бос жүретін, адамдарға зорлық көрсетіп, өлтіретін және сол үшін мемлекет алдында жазасын өтемейтін самурайлар болмау керек... Ең төмен қоғамдық топтарға бірте-бірте еркіндік берілетін болады... Бұл бүкіл адамдар арасындағы теңдікті орнататын дәл осы жол.

Заңға сәйкес, мемлекет 6 әскери округтарға бөлінген. 20 жасқа жеткен барлық ер адамдар 3 жылдық әскери қызметке міндеттелген. Осы жағдайда кейбір тұлғалардың ағалары әскери қызметте болса, сол тұлғалар әскери жауапкершіліктен босатылады.
Жаңа заң халықпен наразылықпен қабылданды. Әскери міндеткерліктен жалтару ел арасында кең етек алды. Соған бірнеше себеп бар, біріншіден, жоғарыда айтылған теңдікке қарамай, әскери қызметтен билік шенеуніктері, привилегиялы оқу орнында немесе шет елде оқитындар және қомақты ақшаны пайдаланып, пара беріп құтылғандар босатылды. Екіншіден, жанұяның отағасы, оның мұрагері (үлкен ұлдары), өзінің аталарымен өсіп жатқан жетімдер, отбасындағы жалғыз ұл не немере, асыранды балалар әскери міндетінен босатылады. Сондықтан, әскери міндеткерлікті атқаруда осындай теңсіздіктер орын алды.
Осындай жағдай, сөзсіз, елде толқуларды тудырды. 1873 жылы 30-дан астам шаруалар көтерілісінің 12-сі сол әскери міндеткерлікпен тікелей байланысты. Дегенмен, кей кезде осы толқулар қандай да бір заңның бабындағы түсініспеушілікпен және қараңғы халық сенетін шындыққа сәйкес келмейтін қауесет сөздердің арқасында басталды. Мәселен, заңда жазылған әскери қызмет - қанмен өтелетін салық деген сөздер тура мағынасында халықпен қабылданған, яғни жаңа түскен солдаттардан қан алынады, кейбір кездерде ол тіпті өлтіріледі, ал оның денесі шет елдіктерге тағам ретінде беріледі.
Заңға сәйкес, Қарулы кұштердің Жоғарғы бас қолбасшысы - император. Әскери мекеменің бастығы артиллериялы кеңес, инженерлер кеңесі, әскери-санитарлы кеңесі, қару-жарақ департаменті, арсенал, фортификацияның бөлімі, интенданттық қызмет пен әскери-біліми мекемелерге жетекшілік етті.
Армия мен флоттағы білім беруге үлкен мән берілді. Үкімет ұлттық әскери дәстүрлермен қоса ең мықты шет елдік тәжірибені алмасу үшін қаражаттан да, күшін де аямады. 70 жылдардың басында Токиода ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мэйдзи дәуіріндегі Жапониядағы жаңа саяси жүйенің қалыптасуы
Жапон қоғамының күрделі капитализмге өту жолдары
Модернизация-жапондық феномен ретінде
ХҮІІ ғ. екінші жартысы-ХХ ғ. Жапония
Жапонияның дәстүрлі мәдениетінің ерекшеліктері және модернизация мен вестернизация үрдістері
Жапонияның тіл - жазу мәдениеті
Хэйан дәуірінің мәдени өзгерістері
Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы. Оку-әдістемелік құрал
Ерте орта ғасырлардағы Жапония
Әскері әрекеттердің барысы
Пәндер