Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Ең жоғарғы дәрежелi ерекшелiк белгiлерi

"Алтын Қыран" (Золотой Орел) орденi Қазақстан Республикасының ең жоғары дәрежелi ерекшелiк белгiсi болып табылады.

"Алтын Қыран" орденiмен азаматтар Қазақстан Республикасына сiңiрген мемлекеттiк ерекше еңбегi үшiн наградталады.

"Алтын Қыран" орденiмен бұрын Қазақстан Республикасының немесе КСР Одағының ордендерiнiң бiрiмен наградталған азаматтар наградталады.

Қазақстан Республикасының Президентi лауазымы бойынша айрықша үлгiдегi "Алтын Қыран" орденiнiң иегерi болып табылады.

"Халық қаhарманы" (Народный герой) атағы Қазақстан Республикасына сiңiрген аса үздiк еңбегi, оның бостандығы мен тәуелсiздiгi жолындағы жауынгерлiк ерлiктерi үшiн берiледi.

"Халық қаhарманы" атағына ие болған адамдарға айрықша ерекшелiк белгiсi - Алтын жұлдыз және "Отан орденi" тапсырылады.

"Қазақстанның Еңбек Ерi" атағы Қазақстан Республикасын экономикалық, әлеуметтiк-гуманитарлық дамытудағы аса үздiк жетiстiктерi үшiн берiледi.

"Қазақстанның Еңбек Ерi" атағына ие болған адамдарға айрықша ерекшелiк белгiсi - Алтын жұлдыз жөне "Отан" орденi тапсырылады.

Ордендер

"Отан" орденi

"Отан" орденiмен азаматтар:

- мемлекеттiк және қоғамдық қызметтегi;

- экономиканы, әлеуметтiк саланы, ғылым мен мәдениеттi дамытудағы;

- мемлекеттiк, құқық қорғау және әскери қызметтегi, демократия мен әлеуметтiк прогрестi дамытудағы айрықша еңбегi үшiн наградталады.

"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев" орденiмен Қазақстан Республикасының қалыптасуына, көркеюiне және даңқын шығаруға жәрдемдескен, мемлекеттiк және қоғамдық қызметтегi айрықша еңбегi үшiн Қазақстан Республикасының азаматтары наградталады.

"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев" орденiмен Қазақстан Республикасына сiңiрген айрықша еңбегi үшiн шет мемлекеттер мен олардың үкiметтерiнiң басшылары наградталуы мүмкiн.

"Барыс" орденi

"Барыс" орденiмен наградтау:

- Қазақстан Республикасының мемлекеттiгi мен егемендiгiн нығайту iсiндегi;

- бейбiтшiлiктi, қоғамның топтасуы мен Қазақстан халқының бiрлiгiн қамтамасыз етудегi;

- мемлекеттiк, өндiрiстiк, ғылыми, әлеуметтiк-мәдени және қоғамдық қызметтегi;

- халықтар арасындағы ынтымақтастықты нығайтудағы, ұлттық мәдениеттердi жақындастыру мен оларды өзара байытудағы, мемлекеттер арасындағы достық қатынастарды нығайтудағы айрықша еңбегi үшiн жүргiзiледi.

"Барыс" орденi үш дәрежеден тұрады:

- I дәрежелi "Барыс";

- II дәрежелi "Барыс";

- III дәрежелi "Барыс".

I дәреже орденнiң жоғары дәрежесi болып табылады. Наградтау III дәреже, II дәреже, I дәреже ретiмен жүргiзiледi.

Ерекше жағдайларда айрықша көзге түскенi үшiн Мемлекет басшысының шешiмiмен наградтау реттiлiк ескерiлмей жүргiзiлуi мүмкiн.

"Даңқ" орденi

"Даңқ" орденiмен Қарулы Күштердiң, басқа әскерлердiң және әскери құрамалардың жоғары офицерлiк құрамдағы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттiк органдарының, прокуратура, ұлттық қауiпсiздiк, iшкi iстер органдарының қызметкерлерi:

- әскерлерге басшылық жасау және оларды басқару iсiндегi табыстары, әскерлердiң жоғары жауынгерлiк даярлығы және елдiң қорғаныс қабiлетiн қамтамасыз еткенi үшiн;

- әскери, шекаралық және iшкi қызметтi үздiк ұйымдастырғаны, ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз еткенi, заңдылықты және қоғамдық тәртiптi сақтауды нығайтқаны үшiн наградталады.

"Даңқ" орденi екi дәрежеден тұрады:

- I дәрежелi "Даңқ";

- II дәрежелi "Даңқ".

I дәреже орденнiң жоғары дәрежесi болып табылады. Наградтау II дәреже және I дәреже ретiмен жүргiзiледi.

"Айбын" орденi

"Айбын" орденiмен Қарулы Күштердiң, басқа әскерлердiң және әскери құрамалардың әскери қызметшiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттiк органдарының, прокуратура, ұлттық қауiпсiздiк, iшкi iстер органдарының қызметкерлерi:

- жауынгерлiк әзiрлiкте, әскерлердi жоғары жауынгерлiк даярлықта ұстауда және жаңа әскери техниканы игеруде, заңдылықты және қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуде қол жеткiзген табыстары үшiн;

- әскери және қызметтiк борышын атқару үстiнде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы, сондай-ақ мемлекет мүддесiн қорғау кезiнде жасаған ерлiгi үшiн наградталады.

"Айбын" орденi үш дәрежеден тұрады:

- I дәрежелi "Айбын";

- II дәрежелi "Айбын";

- III дәрежелi "Айбын".

I және II дәрежелi "Айбын" ордендерiмен офицерлердiң кiшi және аға құрамдарындағы адамдар наградталады.

I дәреже орденнiң жоғары дәрежесi болып табылады. Наградтау: II дәреже және I дәреже ретiмен жүргiзiледi.

III дәрежелi "Айбын" орденiмен сарбаздар, матростар, сержанттар, старшиналар наградталады.

"Парасат" орденi

"Парасат" орденiмен ғылым мен мәдениет, әдебиет пен өнер қайраткерлерi, мемлекет және қоғам қайраткерлерi, сондай-ақ Республиканың рухани және интеллектуалдық әлеуетiн дамыту мен молайтуға зор жеке үлес қосқан не адам құқықтарын және оның әлеуметтiк мүдделерiн қорғау жөнiндегi белсендi қызметi үшiн азаматтар наградталады.

"Достық" орденi

"Достық" орденiмен азаматтар қоғамда өзара татулықты сақтау жөнiндегi жемiстi жұмысы, халықтар арасында бейбiтшiлiктi, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сiңiрген еңбегi үшiн наградталады.

"Достық" орденi екi дәрежеден тұрады:

- I дәрежелi "Достық";

- II дәрежелi "Достық".

Наградтау реттiлiк ескерiлмей жүргiзiлуi мүмкiн.

"Құрмет" орденi

"Құрмет" орденiмен азаматтар экономиканы, әлеуметтiк саланы, ғылым мен мәдениеттi, бiлiм беру iсiн дамытуға сiңiрген еңбегi, мемлекеттiк органдардағы мiнсiз қызметi және белсендi қоғамдық қызметi үшiн наградталады.

Медальдар

"Ерлiгi үшiн" медалі

"Ерлiгi үшiн" медалiмен азаматтар:
- адам өмiрiн сақтап қалуға байланысты қиын-қыстау жағдайларда (суға кету, өртке душар болу, дүлей апаттар кезiнде) ;
- қылмысқа қарсы күресте көрсеткен ержүректiгi мен жанқиярлығы үшiн наградталады.

"Жауынгерлiк ерлiгi үшiн" медалi

"Жауынгерлiк ерлiгi үшiн" медалiмен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларының әскери қызметшiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттiк органдардың, прокуратура органдарының қызметкерлерi, ұлттық қауiпсiздiк, iшкi iстер органдарының қызметкерлерi:
- әскери бөлiмнiң, бөлiмшенiң жауынгерлiк мiндеттердi ойдағыдай орындауына жәрдемдесетiн ұрыстағы, сондай-ақ қылмысқа қарсы күрестегi бiлгiр, бастамашыл әрi батыл iс-әрекетi үшiн;
- мемлекеттiк шекараны қорғау кезiнде көрсеткен ерлiгi үшiн;
- қызмет өткеру кезiнде сiңiрген қызметi үшiн наградталады.

"Ерен еңбегi үшiн" медалi

"Ерен еңбегi үшiн" медалiмен азаматтар экономикадағы, әлеуметтiк саладағы, ғылымдағы, мәдениеттегi және мемлекеттiк қызметтегi еңбек жетiстiктерi үшiн наградталады.

"Шапағат" медалi

"Шапағат" медалiмен азаматтар белсендi және жемiстi қайырымдылық қызметi мен мейiр-шапағаты үшiн наградталады.

Қазақстан Республикасының ордендерi мен медальдарының мәндiлiгi жағынан реттiлiгi осы Заңда баяндалған тәртiп бойынша белгiленедi.

Құрметтi атақтар

Қазақстан Республикасының құрметтi атақтары:
- "Қазақстанның еңбек сiңiрген қайраткерi" - Республикаға сiңiрген зор еңбегi үшiн көрнектi мемлекет және қоғам қайраткерлерiне, ғылым, мәдениет, өнер, өндiрiс және әлеуметтiк саланың өкiлдерiне;
- "Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы" - белгiленген ғарыштық ұшу бағдарламасын ойдағыдай жүзеге асырған, алдарына қойылған ғылыми-техникалық, зерттеушiлiк және практикалық мiндеттердi мiнсiз орындаған азаматтарға берiледi.

Қазақстан Республикасының құрметтi атақтарына ие болған адамдарға белгiленген үлгiдегi омырауға тағатын белгi табыс етiледi.

Көп балалы аналарға арналған наградалар

"Алтын алқа" наградасы

"Алтын алқа" алқасымен жетi және одан да көп бала туған және тәрбиелеп өсiрген аналар наградталады.
"Алтын алқа" алқасымен наградтау осы ананың жетiншi баласы бiр жасқа жеткен және басқа балалары тiрi болған ретте жүргiзiледi.
"Алтын алқа" алқасымен наградтау кезiнде, сондай-ақ:
- ананың заңда белгiленген тәртiппен асырап алған;
- Қазақстан Республикасының мүдделерiн қорғау кезiнде немесе өзге қызметтiк мiндеттерiн атқару үстiнде қаза тапқан не болмаса хабарсыз кеткен, дүлей апаттар кезiнде не адам өмiрi мен материалдық құндылықтарды құтқару жөнiнде азаматтық борышын атқару үстiнде, қылмысқа қарсы күресте және қоғамдық тәртiп күзетiнде қаза тапқан, сондай-ақ аталған жағдаяттар кезiнде жаралану, мертiгу немесе ауруға шалдығу не еңбек жарақаты немесе кәсiби ауру салдарынан қайтыс болған балалар ескерiледi.

"Күмiс алқа" наградасы

"Күмiс алқа" алқасымен алты бала туған және тәрбиелеп өсiрген аналар алтыншы баласы бiр жасқа жеткен және басқа балалары тiрi болған ретте наградталады.
"Күмiс алқа" алқасымен наградтау кезiнде, сондай-ақ осы Заңның 28-бабының үшiншi бөлiгiнде аталған балалар да ескерiледi.

Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы

Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен азаматтар экономикадағы, әлеуметтiк саладағы, ғылымдағы, мәдениеттегi, бiлiм берудегi, әскери және өзге мемлекеттiк қызметтегi, қоғамдық және мемлекеттiк қызметтегi елеулi жетiстiктерi үшiн наградталады.
Құрмет грамотасымен шығармашылық ұжымдар халықтар арасындағы мәдени байланыстарды, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға ықпалын тигiзген гастрольдiк сапарларының нәтижелерi бойынша наградталуы мүмкiн.

Ордендердi, медальдарды және басқа да ерекшелiк белгiлерiн тағып жүру тәртiбi

Ең жоғары дәрежелi ерекшелiк белгiлерi - "Алтын Қыран" орденi, Алтын жұлдыз сол жақ омырауға ордендер мен медальдардың үстiнен тағылады.
Құрметтi атақтар белгiлерi оң жақ омырауға тағылады.

Қазақстан Республикасының ордендерi мен медальдары сол жақ омырауға осы Заңның 11 және 18-баптарында көрсетiлген реттiлiкпен тағылады.
Орден белгiсiн иық лентасына тағу кезiнде ол оң иық арқылы өтедi. Осы орденнiң жұлдызы сол жақ омырауға ордендерден солға қарай орналасады.
Наградталған адамдар ордендер мен медальдардың орнына белгiленген үлгiдегi наградалар рәмiзiн тағып жүре алады.

Наградталушыда бұрынғы КСРО-ның және өзге де шет мемлекеттердiң мемлекеттiк наградалары болған жағдайда КСРО-ның және шет мемлекеттердiң наградалары осы Заңның 11 және 18-баптарында белгiленген ретпен Қазақстан Республикасының наградаларынан кейiн тағылады.

Мемлекеттiк наградалардың және олармен наградталған адамдардың мәртебесi

Жоғары дәрежелi ерекшелiк белгiлерi "Отан" орденiне немесе "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев" орденiне ие болған азаматтарды наградтау туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын Қазақстан Республикасының Даңқ Кiтабына жазылады.
Қазақстан Республикасының Даңқ Кiтабын жүргiзу және сақтау ережесiн, сондай-ақ оның сипаттамасын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі қазақ фалеронимдері: тарихы мен қалыптасуы
Тәуелсіз Қазақстанның наградалық жүйелері
Қазақстанның болат профилі
Әулие апостол Андрей Первозванный ордені
Әскери шендер мен атақтар
Мемлекеттік елтаңба
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы
Қазіргі заман тарихындағы даму көрсеткіштерін жылдар бойынша сараптау
Портфолио және оны даярлау жолдары
Бизнес аңыздары туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz