Қатынастың субъектілерінің екі жақты құқықтары мен міндеттерінің толық көрсету


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе . . . 4
- Құқықтық норманың түсінігі, мазмұны, құндылығы мен негізгі сипаттарыҚұқықтық норманың түсінігі, мазмұны және құндылығы. 5Құқықтық нормалардың құрылымы . . . 11Құқықтық норманың негізгі сипаттары . . . 23
- Құқықтық нормаларын іс жүзінде асыруҚұқықтық нормаларды қолданудың сатылары . . . 25Құқықтық нормаларды талқылау және оның түрлері . . . 33
Қорытынды . . . 39
Қолданылған әдебиеттер . . . 44
Қосымшалар . . . 46
КІРІСПЕ
Құқықтық норма - қоғамдық қатынастарды реттеуге қолданылатын әлеуметтік ережелердің бір түрі. Ол бүкіл халықтың мүддесін қорғаудың, мемлекеттің билігін, саясатын іс жүзінде асырудың құралы. Құқықтық норма қоғам мүшелерінің мінез - құлқын, іс әрекетін арнайы ережелермен реттейді. Құқықтық норма заңда ресмилендірілген нормативтік нұсқау. Ол жалпыға міндетті, мемлекеттің атынан баянды етілген, қоғамдық қатынастарды реттейтін билік. Оған мына белгілер тән. Құқықтық норма ең маңызды қоғам, тұлға үшін өте қажет қоғамдық қатынастарды бейнелейді. Құқықтық нормада қоғам, тұлға үшін пайдалы, қажетті қатынастармен қатар, зиянды қатынастар да бейнеленеді.
Қатынастар құқықтық сипатты тек сол кезде алады, егер әңгіме әлеуметтік маңызы бар актілерді жүргізуге арналса. Ал, оймен сезімге сәйкес олардың қимылын көрсетпейтін болса, олардың заңды табиғаты туралы айтып та қажеті жоқ.
Тақырыптың өзектілігі. Қоғамдық қатынастар - белгілі бір өндіріс тәсілі негізінде өндірісте және өмірде адамдар арасында қалыптасатын күрделі де сан қилы қатынастар. Философия тарихты материалистік тұрғыдан қоғамдық қатынастарды материалдық және идеологиялық деп екіге жіктеді. Материалдық қоғамдық қатынас объективті, адамдардың санасы мен еркіне байланысты емес. Материалдық қоғамдық қатынас ішіндегі ең бастысы өрі айқындаушысы адамдардың өндірістік қатынастары болып табылады. Өндірістік қатынастар қоғамдық өндіріс процесіндегі адамдар арасындағы материалдық экономикалық қатынастардың жиынтығы. Өндірістік қатынас қоғамдық өндірістің қажетті жағы. Жеке адам материалдық игіліктерді ендіре алмайды. Өндіру үшін адамдар белгілі байланыстар мен қатынастар жасайды, сөйтіп осы қоғамдық байланыстар мен қатынастар арқылы ғана олардың табиғатқа қатынасы болады, өндіріс орын алады.
Идеологиялық қатынастар адамның санасына байланысты болады. Оның ең маңыздылары саяси, құқықтық, моральдық, ұлттық, діни т. б. қатынастар. Құқықтық нормалар арқылы реттелетін қоғамдық қатынастардың барлық жиынтығы өзара заңды байланысқан реттелген бұлжымас бір ізді жүйелігінде.
Ғылыми жаңалығы. Адамдардың және олардың ұйымдарының арасындағы өмірлік қарым-қатынастардың әр түрлі жақтары және сыртқы көріністерінің өзіндік нысандары болады. Олар моральдік, саяси, ұлттық, діни, соған қосымша құқықтың болуы мүмкін. Әрбір қоғамдық қатынастар қиын және көпжақты құбылыстар, оларға әртүрлі қоғамдық мүдделердің бөлімдері және қажеттіліктері қосылуы ықтимал. Кейбіреулері құқықтық реттумен қамтылса, басқалары қамтылмайды. Мысалы, отбасы өмірінде заңды нысандарға көшетін әдеттегідей, материалдық қарым-қатынастар адамдардың дінге, өзіне қатынасы, құқықтық реттеу аясынан сыртта болады. Соған байланысты, қоғамдық қатынастардың бәрі бірдей толық көлемде заңды нысандарға көшпейді. Құқықтық қатынас адамдар арасындағы құқық нормаларымен белгіленген анық қатынастарды көрсетеді. Барлық қоғамдық құбылыстар обьективті түрде заңды бола алмайды. Дипломдық жұмыста құқықтық қатынастар мен нормалардың құндылығы, мазмұны, түсінігі, түрлері, субъектілері, объектілері мен субъективті заңды құқығы мен міндеттері толық айқындалған.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қоғамдық қатынастардың жиынтығынан белгілі бір ізділікті табу, оның ең бастысын, негізін анықтау. Қоғамдық қатынастардың өзара байланысын сипаттайтын зандылықтарды ашу ғылымның зор еңбегі. Қоғамдық өмірде қарым-қатынастар әртүрлі әлеуметтік топтар арасындағы қатынастар ретінде және сол ұжым ішіндегі қатынастар ретінде де өмір сүреді. Қоғамдық қатынастардың жиынтығы адамдар ұжымдары үшін олардың өмір сүретін белгілі бір әлеуметтік ортасы болып табылады. Қоғамдық қатынас антагонистік және антагонистік емес болып екіге бөлінеді.
Антагонистік қоғамдық қатынастар жеке меншікке және адамды қанауға негізделген қоғамдықэкономикалық формацияда болады.
Антагонистік емес қоғамдық қатынастар қанаушылық жоқ қоғамда болады. Мәселен, алғашқы қауымдық қоғам Марксизм болашақ коммунизм қоғамында да болуға тиіс деп түсіндіреді. Қоғамдық қатынастардағы кез келген түбірлі өзгеріс тек өндірістік қатынастардың өзгеруіне байланысты. Қоғамдық қатынастардың басым көпшілігі әлеуметтік нормалар арқылы реттеліп, басқарылып жатады. Қоғамның мүдде-мақсаттары, саясат, мемлекеттік билік т. б. күрделі мәселелер кұқықтық нормалар арқылы реттеліп, басқарылады. Өйткені бұл бағытта қоғамдық қатынастардың ең маңыздысы, ең күрделі түрлері топтасып, мемлекет пен кұқықтың ең жауапты қызметіне айналады -деп заңгер - ғалымдар тұжырымдайды.
Жұмыстың методологиялық негізі. Құқықтық қатынастар адамдардың өзара әлеуметтік байланысы, қарым қатынасы. Адамдар өмір сүру үшін, ұрпақты жалғастыру үшін т. б. себептермен бір-бірімен қарым қатынаста болады. Бұл объективтік процесс. Қоғамның диалектикалық даму процесіне сөйкес қарым-қатынастар да ескіріп, жаңарып жатады. Бұл процесс әртүрлі жолмен дамиды, адамдардың бостандығының, іс-әрекетінің шеңбері кеңиді. Ғылым мен техниканың дамуы қоғамдағы қарым-қатынастардың түрін шексіз көбейтіп, қарқынды деңгейде дамытты. Бірақ бұл қарқынды даму процесі адамды қоршаған ортаның экологиясын нашарлатты, табиғи ресурстарды, байлықтарды азайтты. Сондықтан адамдардың және қоғамның мүдде-мақсаттары тұрғысынан бостандықты дамыта отырып, кейбір қарым-қатынастарға шектеу қойылды.
Тақырыптың зерттеу объектісі. Қоғамдық қатынастар әртүрлі болады: саяси, моральдық, экономикалық, әлеуметтік, ұлттық, діни т. б. байланыстар. Бұл байланыс қатынастар моральдық, әдет-ғұрып, діни, құқықтық нормалармен реттеледі. Мысалы, отбасы қатынастардың көпшілігі дәстүр, діни нормалармен реттеліп жатады.
Қоғамдағы барлық қатынастар құқықтық нормалармен реттелмейді, тек әлеуметтік, қоғамдық мүдде-мақсаттарды қамтитын қатынастарды реттеп, басқарып отырады.
Зерттеу жұымысының мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың мақсаты қатынастың субъектілерінің екі жақты құқықтары мен міндеттерінің толық көрсетілуі. Бір жағының кұқығы екінші жағының міндеттеріне сәйкес, тең келеді. Субъектілердің бостандығы тең болады. Субъектілер өз еріктерімен, өз мүдде-мақсаттарын іске асыру үшін құқықтық қатынас жасайды. Егер қатынаста нормативтік актінің мазмұны бұзылса немесе субъектілер өз міндеттерін дұрыс, толық орындамаса, мемлекеттің қатынасуымен бұл кемшіліктер түзетіліп, жауапкершіліктің түрін анықтауға тиіс.
Теориялық және практикалық маңыздылығы. Қоғамдағы барлық қатынастар және нормативтік актілер құқықтың жүйе саласына сәйкес бірнеше түрге бөлінеді: мемлекеттік, әкімшілік, азаматтық, қылмыстық, қылмыстық процессуалдық, азаматтық-процессуалдық, т. б. құқықтар. Құқықтық норманың атқаратын ісіне қарай қатынастар екіге бөлінеді: реттеуші және қорғаушы. Реттеуші нормалар қатынастарды реттеп, басқарып, дамытып отырады. Қорғаушы нормалар қарым-қатынастардың дұрыс, заңға сәйкес орындалуын қамтамасыз етеді. Оның теориялық негіздерін заңгер ғалымдар ғылыми тұжырымдамаларымен практикалық мәні бар еңбектері құрайды.
Жұмыстың құрылымы және көлемі. Жұмыс кіріспеден, үш тараудан, он параграфтан, қорытнды мен пайдаланылған әдебиеттерден тұрады. Көлемі алпыс үш беттен тұрады.
Өз пікірім
Бұл курстық жұмысты жазу себебім осы құқық және құқық нормаларын қарастырғым келді. Құқық жалпы ұғым болып табылса, құқықтық нормалар құқықты қалыптастыратын, дара ұғымдарының көп сандағы жи-ынтығы. Құқықтық нормалар құқықтың формалық болмысы, өмір сүруінің тыныс-тіршілігі, объективтендірілген түрі және сипаты. Құқық тек құқықтық нормалар арқылы әмір сүреді, коғамдық қатынастарды реттейді және қорғайды. Сондықтан құқықтық нормалар құқықтың клеткалары болып табылады.
Норма сөзі латын тілінен аударғанда «үлгі», «ереже» деген мағынаны білдіреді. Құқықтық нормаларды қабылдау, бекіту әр уақытта мемлекет тарапынан болды және олардың мазмұнында қоғамдық қатынастарға түскен субъектілердің мінез-кұлықтары, әрекеттері туралы информация бекітіледі. Субъект өмірдегі сан алуан ситуацияларға тап болған жағдайларда оның сол сәттегі әрекеттері құқық нормаларымен реттеледі, немесе қорғалады. Мысалы, субъект үйін сату үшін нотариустың қатысуымен сату туралы келісім шарт жасауы тиіс, некеге тұру үшін кәмелеттік жасқа толу керек т. б. әрекеттер.
Әр кезде тиімді құқықтык нормалар коғамдық қатынастарды реттеуде қоғамды прогреске жетелейді, шиеленістердің болуын тежейді. Керісінше, тиімсіз нормалар өмірдің дамуын тежеп, керітартпалық рөл атқарады. Құқық жасаушылықтың мақсаты заң ғылымының жетістіктерін пайдалану арқылы тиімді құқық нормаларын қабылдау болып табылады. Құқық нормаларынын мазмұнын аталмыш ерекшеліктерді біртұтастық мағынада танып, зерттегенде ғана оның барлық сипаты мен тиімділігіне баға беруге боладыҚұқықтық нормалар басқа әлеуметтік нормалармен салыстырып қарағанда жалпы мазмұнға ие, бәріне бірдей колданылатын мінез- құлықты бекітеді.
Осыдан мынандай қорытынды туындайды: құқықтық нормалар өмірде болған жағдайларға сан алуан рет колданылады және ол жеке бір субъектке. бағытталмайды жалпыға бірдей болып табылады. Мемлекеттік органдар өздерінің құқық бекіткен құзырлары бойынша құқықтық нормаларды қабылдайды
- Құқықтық норманың түсінігі, мазмұны, құндылығы мен негізгі сипаттарыҚұқықтық норманың түсінігі, мазмұны және құндылығы
Құқықтық норма - қоғамдық қатынастарды реттеуге қолданылатын әлеуметтік ережелердің бір түрі. Ол бүкіл халықтың мүддесін қорғаудың, мемлекеттің билігін, саясатын іс жүзінде асырудың құралы. Құқықтық норма қоғам мүшелерінің мінез - құлқын, іс әрекетін арнайы ережелермен реттейді.
Жеке дара норма немесе нормалардың бір жүйесі құқық бола алмайды. Құқық деп қоғамның билігін, саясатын, мүддесін іс жүзіне асыруды толық қамтыған нормативтік актілердің жиынтығын айтамыз. Сонда да жеке дара құқықтық норманың маңызы зор. Оның мазмұны өте күрделі мәселелерді: қоғамдық мүддені, саясатты, мемлекеттік билікті, бостандықты, теңдікті, әділеттікті, адамгершілікті, заңдылықты, тәртіпті, білімді, ғылымды, рухани сананы, халықтың әлеуметтік жағдайын, денсаулығын және тағы басқа демократиялық іс - әрекеттерді біріктіреді.
Заң нормаларында анықтамалар берілуі мүмкін. Қазақстан Конституциясында құқыққа мынадай анықтама берілген: Республикада қолданылатын құқық Констетуцияның, соған сай келетін заңдардың, өзгеде нормативтік - құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық міндеттемелерінің нормалары болып табылады. Норма принциптері де болады. Республика қызметінің түбегейлі принциптері - делінген Констетуцияда, ол - қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігін көздейтін эканомикалық даму, Қазақстандық патриотизм, мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, оның ішінде Республикалық референдумда немесе парламентте дауыс беру арқылы шешіледі.
Құқықтық норма заңда ресмилендірілген нормативтік нұсқау. Ол - жалпыға міндетті, мемлекеттің атынан баянды етілген, қоғамдық қатынастарды реттейтін билік. Оған мына белгілер тән. Құқықтық норма ең маңызды қоғам, тұлға үшін өте қажет қоғамдық қатынастарды бейнелейді.
Құқықтық нормада қоғам, тұлға үшін пайдалы, қажетті қатынастармен қатар, зиянды қатынастар да бейнеленеді. Заң бұзушылық қоғамға, тұлғаға шексіз зиян келтіруі мүмкін. Құқықтық норма осындай іс - әрекеттерді де қамтиды. Құқықтық норманың екінші белгісі - ол реттелетін қоғамдық қатынастардың үлгісі (моделі) болып саналады. Үлгі - оң және теріс мінез - құлықтың бейнесі болуы мүмкін. Тұлға өзіне жүктелген міндетті қалқысыз орындаса, ол оң үлнгіге жатады. Егер адам заң бұзса, онда ол теріс үлгіге жатады. Құқықтың норманың жалпыға бірдей сипаты бар. Құқықтық нормада нақтылы, жеке субъектілер көрсетілмейді. Ол
реттейтін қоғамдық қатынастарға қатысатындардың барлығы құқықтық норманың талабына бағынуы қажет. Мемлекет, қоғамдық бірлестіктер, жеке адам заң нормасының талабын мүлтіксіз сақтауға, орындауға міндетті. Заң нормасының талабын өз еркімен орындамаса, оны бұзған тұлғаға мемлекет тарапынан мәжбүрлеу шаралары қолданылады. Демек, заң нормасын мемлекет қорғайды.
- құқықтың нормалар қоғамды реттеп басқарудың құралы, сол арқылы адамдардың, заңды тұлғалардың қарым - қатынастарына дұрыс бағыт беріп отырады;
- құқықтың нормалар қоғамдық құрылыс жүйені қорғаудағы ең сапалы құрал, нормативтік актілер қоғамға зиянды іс - әрекеттерге жауапкершілікті күшейтіп отырады;
- құқықтың нормалар қоғамның дамуына пайдалы қатынастарды қолдап, қолайсыздарын қысқартып, эканомиканың әлеуметтік жағдайдың жақсаруына мүмкіншілік жасап отырады;
- құқықтық нормалар қоғамда әділеттікті, теңдікті, бостандықты және тағы басқа демократиялық қағидаларды қалыптастырады;
- құқық нормалар халықаралық, мемлекетаралық байланысты, қатынасты жақсартудығ құралы;
Құқық - жалпыға бірдей міндетті, мемлекетпен қамтамасыз етілетін, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Құқықтық норма - құқықтың бір клеткасы, қоғамдық қатынастарының жақсы дамуының үлгісі деуге болады. Ол адам істерінің, жұмысының, тәртібінің шеңберін анықтап, олардың бостандығын және қарым - қатынасын реттеп, басқарып отырады.
Адамдардың бостандығын реттейтін норма екі тұрғыдан қарастырады:
Біріншісі - адамдардың өздерінің, өз істерін, өз тәртібін жобалау - жоспарлауы (ішкі бостандық) ;
Екіншісі - өз мүдде - мақсаттарын өздері анықтап, оны өздерінің жүзеге асыруы (сыртқы бостандық) .
Қоғамдағы барлық прцесс, барлық қарым - қатынастар құқықтық нормалар арқылы реттеліп, басқарылып жатады. Нормативтік актілер әлеуметтік жеке мемлекеттік ықпал ету қасиеттерін біріктіріп, қоғамның дұрыс, жағымды дамуына, жалпы халықтық тәртіптің нығаюына мүмкіншілік жасап отырады.
1. 2 Құқықтық нормалардың құрылымы
Құқық нормаларында халықтың, таптардың, топтардың, тіпті жеке адамның еркі де бекітіледі. Адамзат тарихында жеке адамның еріктерінің құқықтық нормаларында бекітілуі көп болған. Мысалы, коммунизм идеологиясының негізін қалаушы Карл Маркс өзінің «Коммунистік партияның манифесті»деген еңбегінде буржуазиялық қоғамдағы мұрагерлік туралы заңның өте қатаң талаптарын жоюды өз әмірінен алған. К. Маркс өзінің құдай қосқан әйелі бола тұрып, отбасында қызметші болған Ленхен деген әйелмен көңілдес болып, бала туғызған. Әйелінен сескенген К. Маркс Ф. Энгельске сәбиді «менікі» дегізеді, бірақ оған өзінің мұрасын бөліп беруді армандайды. Өкінішке орай сол кездегі заң бойынша заңды некеден туған балаларға ғана мұрагерлік берілген.
- Социалистік идеологияны жазу барысында К. Маркс «Коммунистік партияның манифесінде» қатаң мүрагерлік заңын жокка шығаруды талап етті.
- Құқықтық нормалар қажет болған жағдайларда мемле-кеттік күшпен қамтамасыз етіледі. Сот, прокуратура полицияжәне басқа да мемлекеттік органдар құқық нормаларын бұрма-лаған, немесе орындамаған субъектілерге күш қолданады, жа-уап қатартады.
Құқықтық норма дегеніміз мемлекет бекіткен, бәріне бірдей, формаларды - айқын және орындалуы, сақталуы, қажет болган жағдайда күшпен қамтамасыз етілетін мінез құлықтың үлгісі.
Құқықтық нормалар жеке тұлғалар мен занды тұлғалардың нақтылы мағынадағы құқықтық жағдайларын, мінез-құқықтарын бекітеді. Құқықтық қатынасқа түскен субъектілер құқық нормаларындағы ереже, үлгі талаптарына сай ғана әрекеттер істеулері тиіс. Формула жүзінде:
«Мен солай істеуім керек, құқық нормасы менен соны талап етеді» деген талап іс жүзіне асырылуы тиіс. Осыған байланысты құқытық нормаларының мазмұны мынандай ерекшеліктермен айшықталады:
- Құқықтық нормаларда қайсыбір болмасын заманның, тарихи жағдайлардың тілек-талаптары мен қажеттілігі бекітіледі. Мысалы, Қазан төңкерісінен кейін Кеңес өкіметі қабылдаған құқық нормалар өтпелі дәуірдің барлық талаптарын бекітті (жерді тартып алу, завод, фабрикаларды тәркілеу, байларды сайлау құқықтарынан айыру, қалыңмалды, әмеңгерлікті, көп әйел алушылықты жою) .
- Субъектілердің құқықтары мен міндеттері нақтылы, айқын мағынада бекітіледі. Жеке және заңды тұлғалар тек талаптар негізінде құқықтары мен міндеттерін атқара алады. Құқықтық норма үлгісінен тыс әрекеттер заңсыз деп танылады.
- Құқықтық нормалардың мазмұны, түсініктілігі және санаға ұғымдылығы оны жазған, қабылдаған органдардың сауаттылығына тікелей байланысты болды. Шашыраңқы, түсініксіз, қайталауы басым, дұрыс дәрежеде аударылмаған құқықтық нормаларды қолдануда көптеген қиындықтар туындайды.
Құқықтық нормалар математикалық формулалар сияқты нақтылы-, айқын және қысқа болулары шарт. Көп сөзділік, мағынасы түсініксіз нормалар бұрмалауға жол ашады, заңсыздыққа әкеп соқтырады.
- Белгілі күштер, партиялар, топтар және таптар лоббизм тетіктерін пайдалану аркылы өз мүдделерін құқық нормаларында бекітеді.
Әр кезде тиімді құқықтык нормалар коғамдық қатынастарды реттеуде қоғамды прогреске жетелейді, шиеленістердің болуын тежейді. Керісінше, тиімсіз нормалар өмірдің дамуын тежеп, керітартпалық рөл атқарады. Құқық жасаушылықтың мақсаты заң ғылымының жетістіктерін пайдалану арқылы тиімді құқық нормаларын қабылдау болып табылады. Құқық нормаларынын мазмұнын аталмыш ерекшеліктерді біртұтастық мағынада танып, зерттегенде ғана оның барлық сипаты мен тиімділігіне баға беруге болады.
Құқықтық нормалар басқа әлеуметтік нормалармен салыстырып қарағанда жалпы мазмұнға ие, бәріне бірдей колданылатын мінез- құлықты бекітеді.
Осыдан мынандай қорытынды туындайды: құқықтық нормалар өмірде болған жағдайларға сан алуан рет колданылады және ол жеке бір субъектке. бағытталмайды жалпыға бірдей болып табыладыМемлекеттік органдар өздерінің құқық бекіткен құзырлары бойынша құқықтық нормаларды қабылдайды.
Бірақ, қабылдаған нормалардың бәрі құқықтық нормалар болып саналмайды. Олардың шығарған көптеген кесімдері әр түрлі жағдайларға байланысты болған сәттерге арналып шығарылады. Мысалы, Қазақстан Республикасының Президентінің бір адамды орденмен марапаттау туралы шығарған жарлығы, министрдің төменгі сатыда тұрған бөлім, басқарма бастықтарын тағайындау туралы шығарған бұйрықтары, облыс әкімінің аппараттағы бөлім басшысын тағайындау туралы шығарған бұйрықтары және т. б. бұл жерде лауазымды тұлғалардың шығарған кесімдері өздерінің құзырларына байланысты, бір гана жағдайларға байланысты бір ғана жағдайларға қатысы бар, басқа адамдарға ешқандай қатысы жок. Судьяның заң негізінде шығарған шешімдері мен үкімдері де дара кесімдер қатарына жатады. Дара кесімдер кұқық нормалар сияқты нормативтік сипатқа ие бола алмайды, бір ғана жағдайларға қолданылады, сонымен өзінің күшін жояды.
Құқықтық нормалардың өздеріне тән арнайы құрылымы болады. Құқықтық нормалардың құрылымы танудың теорияға және тәжірибеге мәні өте зор. Оны меңгеру, білу арқылы заңгерлер құқықты қолдану процесі қызметінде кеңінен пайдаланады.
Құқықтық норманың құрылымы дегеніміз - қисынды мағынамен оның ішкі мазмұныны ңэлементтерін айқындап көрсету. Құқықтық нормалардың құрылымы мынандай элементтерден тұрады:
- Гипотеза (шарт, жағдай)
- Диспозиция (мінез-құлык)
- Санкция (жаза)
Гипотеза - өмірде болатын нақтылы жағдайларда құқықтық норманың қолданылуы. Негізінде «Егер» деген мағынамен қамтылады. Гипотеза құрамдық мағынасына байланысты мынандай түрлерге бөлінеді:
- Жай (жұпыны) гипотеза бір ғана жағдай болғанда құқықтық норманың дипозициясы іс жүзіне асырылады, немесе қолданылады.
- Күрделі гипотеза скі немесе бірнеше жағдайлар арқылы диспозиция қолданылады. Мысалы, «Қазақстан Республикасының сайлау туралы» заңының 3-мынандай күрделі гипотезаны бекітеді: «Республика Президентін, Парламснт Мәжілісінің және мәслихаттарының дспутаттарын жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелері сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізіндс жасырын дауыс беру жағдайында өткізеді». Бапта көрсетілгендей сайлаудың өтуі үшін бірнеше жағдайлар, шарттар бекітілген.
Дәрежелі кесімділік сипаты бойыиша болжамдар абсолюттік-кесімді және салыстырмалы кесімді болып бөлінеді.
Абсолюттік-кесімді гипотеза өзінің мәтінінде құқықтық норманы қолданудың және іс жүзіне асырылуының нақтылы жағдайлары мен шарттарын көрсетеді. Мысалы, «Қазақстан Республикасы неке және отбасы заңының» 11-бабы абсолюттік-кесімді гипотезаға жатады:
Некеге тұруға;
- біреуі болса да басқа тіркелген некеде тұрған адамдардың;
- тікелей ата-тегі бойынша және өзінен тарайтын жақын туыстардың (ата-аналар мен балалардың, атасының, әжссінің және немересінің), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек әкесі немесе анасы ортақ ағалы-інілер мен апалы-сіңілілердің (аға-қарындастарының) ;
- асырап алушылар мен асырап алынғандардың;
- біреуін болса да психикалық ауруының немесе ақыл-есі кемдігінің салдарынан сот әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардың арасында жол берілмейді».
Немесе, Қазақстан Республикасының Азаматтык іс жүргізу кодексінің 249-бабы абсолюттік кесімді нормалар санатына жатады: «сот егер :
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz