Қылмыстық істі жүргізу
Кіріспе
1 Қылмыстық істі жүргізу барысындағы мәжбірлеу шаралары
2 Мәжбүрлеу шараларының түрлері
3 Іс жүргізу шығындарың өтеу мәселелері және төлеттіру тэртібі

Мәжбүрлеу қоғамдық қатынастарды реттеудің тиімді құралы болып табылады және оның әрекет ету осы қатынастардың құқықтық нормативті сипатымен ерекшеленеді. Мемлекеттік аппарат күшімен авторлар Б.Т.Базылевтың көзқарасына негіз ретінде қолданады. Мемлекеттік мәжбүрлеу, мемлекеттік талаптарға бағындыру мақсатындағы жеке материалдық және моралдық шектерді қою арқылы фигуралық ықпал ету болып табылады. Қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеу шараларын қолдану барысында процессуалдық мәжбүрлеу құралдардың құндылығы, қылмыстық сот өндірісінің міндеттерін шешу үшін оларға жүгінудің заңдылығында негізділігімен сипатталады. Процессуалдық мәжбүрлеу инетитуының әлеуметтік құндылығын оны сипаттайтын тараптары және қасиеттері мен жиынтығын қарастырған жөн. Осылардың ішінде рұқсат етілген жариялы мәжбүрлеудің көлемі мен шектерін қатаң шектейтін мәжбүрлеу шараларын қолданудың процессуалдық формасы және адамның, азаматтың құқықтары мен бостандықтарының епілдіктерінің жүйесі бірінші дәрежелі мағынада болады. Сондықтанда аталған дипломдық жұмыс тақырыбының практикалық мәні зор. Қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеу шаралары, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын шектемейтіндіктен, олардың заңдылығымен негізділігін қамтамасыз етуші, нақты қатаң процессуалдық кепілдіктер керек.
1. Қазақстан Республикасының 01.01.2001. Астана 2001
2. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексі // 01.03.2002. Алматы 2002
3. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі 26.09.2000 // ИКФ “Фолиант” Астана 2000
4. Қазақстан Республикасының “Жедел іздестіру қызметі туралы” заңы өзгертулер мен толықтырулар: 16.07.2001 // құқық қорғау органдары. Алматы 2002
5. Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы Қазақстан Республикасының Президентінің заң күші бар жарлығы // құқық қорғау органдары. Алматы 2002
Арнайы әдебиеттер мен оқулықтар
1. Ароцкер Л.Е. Тактика и этика судебного допроса.-М., 1969.
2. Ахпанов А.Н. Возбуждение уголовного преследования и применение мер процессуального принуждения. –Караганда, 2000
3. Ахпанов А.Н. Проблемы уголовно-процессуального принуждения в стадии предварительного расследования. –Алматы, 1997.
4. Бажанов С. О мерах принуждения в уголовно-процессуальном законодательстве // Законность, 1996. №3.
5. Бекешко С.П., Матвиенко Е.А. Подозреваемый в советском уголовном процессе. –Минск, 1969.
6. Березин М.Н., Гуткин И.М., Чувилев А.А. Задержание в советском уголовном судопроизводстве. –М. 1975.
7. Буряков А.Д. Залог как мера пресечения в советском уголовном процессе. –Иркутск, 1969.
8. Бычков С.Ф., Гинзбург А.Я. Следственные действия / Краткий комментарий к уголовно-процессуальному кодексу РК. –Алматы, 1998.
9. Галкин И.С., Кочетков В.Г. Процессуальное положение подозреваемого. –М., 1968.
10. Гуткин И.М. Актуальные вопросы уголовно-процессуального задержания. –М., 1980.

Мәжбүрлеу қоғамдық қатынастарды реттеудің тиімді құралы болып табылады және оның әрекет ету осы қатынастардың құқықтық нормативті сипатымен ерекшеленеді. Мемлекеттік аппарат күшімен авторлар Б.Т.Базылевтың көзқарасына негіз ретінде қолданады. Мемлекеттік мәжбүрлеу, мемлекеттік талаптарға бағындыру мақсатындағы жеке материалдық және моралдық шектерді қою арқылы фигуралық ықпал ету болып табылады. Қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеу шараларын қолдану барысында процессуалдық мәжбүрлеу құралдардың құндылығы, қылмыстық сот өндірісінің міндеттерін шешу үшін оларға жүгінудің заңдылығында негізділігімен сипатталады. Процессуалдық мәжбүрлеу инетитуының әлеуметтік құндылығын оны сипаттайтын тараптары және қасиеттері мен жиынтығын қарастырған жөн. Осылардың ішінде рұқсат етілген жариялы мәжбүрлеудің көлемі мен шектерін қатаң шектейтін мәжбүрлеу шараларын қолданудың процессуалдық формасы және адамның, азаматтың құқықтары мен бостандықтарының епілдіктерінің жүйесі бірінші дәрежелі мағынада болады. Сондықтанда аталған дипломдық жұмыс тақырыбының практикалық мәні зор. Қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеу шаралары, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын шектемейтіндіктен, олардың заңдылығымен негізділігін қамтамасыз етуші, нақты қатаң процессуалдық кепілдіктер керек. Біздің мемлекетте қылмыстық сот өндірісінің мақсаттарына, азаматтың құқықтары мен бостандығын аз шектеу арқылы қол жеткізу көзделген. Мемлекеттік мәжбүрлеуді қоғамдық қатынастарды реттеудің әдістерінің бірі ретінде қарастырған жөн. Жоғарыда айтып кеткенің бәрін ескере отырып, біз процессуалдық мәжбүрлеу деп қылмыстық сот өндірісінің мақсаттарына кедергісіз жетуге бағытталған, қылмыстық іс жүргізу қатынастарының қатысушыларына ықпал етудің, заң нормаларымен бекітілген, ерекше өзіне тән тәсілдеріне көрініс табатын, қылмыстық іс жүргізудің реттеу әдісін түсінеміз. Қылмыстық іс жүргізу әдебиетінде күштеудің мәні, оны қарама-қарсы мағынасы бар, қос категориямен, сәйкестендіру жолымен анықталады. Мәжбүрлеу қылмыстық процесте тұлға еркіндігін қандай да бір формада әрқашанда шектейді.
Қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеу шараны қолдануда, қылмыстық сот өндірісінің міндеттеріне жету мақсатында, заң нормаларында бекітілген жағдайларда конституциялық құқықтары мен бостандықтары шектеуді рұқсат етеді. Дипломдық жұмыс тақырыбын зерттеу барысында, Ахпанов А.М., Петрухин И.Л., Коврига З.Ф., Зинатуллин З.З., Сәрсенбаев П.Е., Төлеубекова Б.Х., сияқты ғалымдардың пікірлерін басшылыққа ала отырып, негізгі ойлар тұжырымдалды.
Қылмыстық істі жүргізу барысындағы мәжбірлеу шаралары.
Процессуалдық мәжбүрлеу шараларына қолданылатын ғылыми жіктеудің маңызы оның бір уақытта барлық зертелетін нәрселерді қамту мүмкіндігінде.
Сонымен қоса олардың әрқайсысының тұрған жерін ғана емес, сонымен қоса олардың бір-бірімен байланысын қалыптастырады. Олардың ішкі заңдылықтарын ашады.
Процессуалдық әдебиеттерде процессуалдық мәжбүрлеу шаралары әр автордың әр түрлі қөзқарастарымен топтастырылады. Мысалы, П.М.Давыдов:"Сот және тергеу органдарына алып келуге бағытталған шақыртумен алып келу түріндегі шаралар; тінті, алу, куәландыру; айыпталушының қызметі бойынша жаңа қылмыстарды жасаудың алдын алатын шаралар; қызметіне шеттету; соттық талқылау тәртібін қамтамасыз ететін шаралар - тәртіп бұзушыларды сот мәжілісі залынан шығару, айып салу; азаматтық талапты қамтамасыз ету бөлігіндегі сот үкімін орындауды қамтамасыз ететін шаралар; мүлікке тыйым салу; айыпталушының алдын- ала тергеуде және сотта болуын қамтамасыз ететін шаралар; кесі шаралар жатады".
Ю.Д.Лившиц процессуалдық мәжбүрлеу шараларын келесідей түрге жіктейді:
1 бұлтартпау шаралары
2 дәлелдемелерді табу, алу және бекітуге бағытталған шаралар
3 соттық талқылау тәртібін қамтамасыз етуші шаралар
4 аталған топтардың ешқайсына да жатпайтын басқа да шаралар
М.А. Чельцов процессуалдық мәжбүрлеу шараларын үш топқа жүктейді:
1 айыпталушының әділ соттан жалтармауын қамтамасыз етуші шаралар
2 дәлелдеу құралдарын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар

З.Ф.Коврига процессуалдық мәжбүрлеу шараларын келесідей түрлерін бөледі:
1 бұлтартпау шаралары,келу туралы міндеттеме, ұстау, алып келу, іздестіру, этаптау, айыпталушының қызметінен шектету, сот мәжілісі тәртібін бұзғандарға қолданылатын шаралар жатады.
2 қамтамасыз ету құралдары, оның ойынша олардың қатарына тінту, алу, айыпталушыны немесе сезіктіні медициналық мекемеге орналастыру жатады.
Келтірілген жіктеулердің барлығы бір-бірінен айырмашылықтары аз, өйткені оларды жіктеудің негізіне мақсаттық белгілері қойылған, Аталған шаралардың барлығы белгілі бір мақсатқа жетуді қамтамасыз етеді. Мысалы, бұл тұлғаны тергеу органдарына алып келу арқылы дәлелдемелерді алуды қамтамасыз етеді. Кесуге және қылмыстың алдын алуға бағытталған ұстау қылмыстық процесте бір уақытта сезіктінің қатысуын және дәлелдемелер алуды қамтамасыз етеді.
Барлық жетіспеушіліктерге қарамастан мақсаттық белгілер бойынша жіктеу барынша толықтығын және процессуалдық мәжбүрлеу шаралары түрлерінің байланысын білдіреді.
Жоғарыда көрсетілген жіктеулерді талдап қортындылай келе процессуалдық мәжбүрлеу шараларын келесідей жіктеуді ұсынамыз: бірінщі топ- айыпталушының және қылмыстық процесске қатысушы тұлғалардың қылмыстық қатысуын және тәртібін қамтамасыз етуші шаралар. Оған: бұлтартпау шаралары, келутуралы міндеттеме, алып келу, ұстау, қызметінен уақытша шеттету. Екінші топ- дәлелдемелерді табуды, алуды, зерттеуді, азаматтық талапты немесе мүлікті тіркелудің мүмкіндігін қамтамасыз етуші шаралар. Шаралардың бұл тобы:
А дәлелдемелерді табу, алу және зерттеуді қамтамасыз ететін шаралар тінті, алу, куәландыру салыстырмалы зерттеуге үлгілер алу, медициналық мекемеге орналастыру;
Б мүлікті тәркілеудің мүмкіндігін және азаматтық талапты қамтамасыз етуші шаралар.
Барынша толық, бірақ ыңғайлы қөзқарас бойынша бұл еңбектің құрлымында зерттелетін шаралар өзінің сипаты және көріну дәрежесінде мәжбүрленуі бойынша жіктелген. Сондықтанда осы негіздерге байланысты процессуалдық мәжбүрлеудің барлық шаралары: кесу шаралары және басқа процессуалдық мәжбүрлеу шараларына бөлінеді.
Қылмыстық - процессуалдық мәжбүрлеу қылмыстық-процессуалдық әрекет субъектілерінің тәртібіне мемлекеттік органдар немесе лауазымды тұлғалар қылмыстық-процессуалдық қатынастар саласында жасайтын әсер ету. Бұл әрекет процессуалдық міндеттердің орындалуын, қылмыстық сот өндірісінің дұрыс жүруін қамтамасыз етуге бағытталған.
Әдебиеттерде қылмыстық - процессуалдық мәжбүрлеудің шараларын әртүрлі жіктеген. З.Ф.Коврига барлық қылмыстық - процессуалдық мәжбүрлеу шараларын негізгі екі топқа бөледі:
1 бұлтартпау құралдары;
2 қамтамасыз ету құралдары.
Бірінші топқа бұлтартпау шаралары, келу туралы міндеттемені алу, ұстау, алып келу, іздестіру және этаптау, айыпталушыны қызметінен шеттету, сот мәжілісінің тәртібін бұзушыларға қолданылатын шаралар. Екінші топқа: тінту, алу, айыпталушыны немесе сезіктіні соттық-психиатриалық сараптама жүргізу үшін медициналық мекемеге орналастыру, мүлікке тыйым салу.
З.Ф.Коврига өзінің жіктеуінің негізіне мақсаттық белгілерді қойған осыған байланысты одан бір жағынан құқыққа қайшы әрекеттерді жоятын құралдар, екінші жағынан дәлелдемелерді алуды қамтамасыз етуге бағытталған құралдар бөлінеді. Бірінші топқа автор бұл мақсатқа сай емес құралдарды жатқызған. Кесу шаралары, келу туралы міндеттеме. Айыпталушыны атқаратын қызметінен шеттету, алдын алу мақсатында айыпталушы қылмыстық сот өндірісінің жүруіне теріс әсерін тигізуіне жол бермеу үшін, яғни процессуалдық міндеттер бұзылмау тұрып жасалады. Бұл топқа автор процессуалдық міндеттер бұзылған жағдайда қолданылатын шараларды жатқызады: шақыруға дәлелсіз себептермен келмегені үшін алып келу, сот мәжілісінің тәртібін бұзушыларға қолданылатын шаралар. Автор кесу құралдарының бір тобында өзінің мақсаты және сипаты бойынша әртүрлі мәжбүрлеу шараларын біріктірген: қылмыстық-процессуалдық заң бойынша процеске қатысушының заңға сәкес емес тәртібінің алдын алатын құралдар мен превентивтік шаралар.Автордың ойынша қамтамасыз ету шараларын қолданудың мақсаты әділ соттың жүзеге асырылуына мәжбүрлі тәртіпте жағдай жасау және сонымен қатар жалпы қылмыстық процестегі мәжбүрлеу шараларының мақсаты болып табылады.
В.М. Корнуков процессуалдық мәжбүрлеу шараларын олардың мақсатарына байланысты 2 топқа бөледі: бірінші топқа-айыпталушының және басқа да тұлғалардың қылмыстық процеске қатысуын және қажетті тәртібін қамтамасыз ететін шаралар жатады. Оған автор: кесу шараларын, келу туралы міндеттемені, ұстауды және қызметінен шеттеуді жатқызған. Екінші топқа дәлелдемелерді табуды, алуды және зерттеуді қамтамасыз ететін шаралар жатады.Бұл екінші топ өзі екі топшаларға бөлінеді:
А дәлелдемелерді алуды, табуды және зерттеуді қамтамасыз ететін шаралар тінту, алу, медициналық мекемеге орналастыру;
Б азаматтық талапты және мүмкін болатын мүлікті тіркелудің қамтамасыз ететін шаралар.
Осыған орай жіктеуді З.З.Зинаттулин жасаған. Ол: а қылмыстық-процессуалдық әрекеттің қатысушыларының жағымсыз тәртібінің алдын-алуға бағытталған шаралар;
б дәлелдеу құралдарын жинаумен және зерттеумен тікелей байланысты шаралар деп екі топқа бөледі.
Келтірілген жіктеулерде бөлудің негізіне салынған мақсаттың белгі өзін ақтады. Бірақ олардың жалпы ортақ кемшіліктері барлығындағы бір шараның түрі әртүрлі топтарға жатқызылады. Мысалы, қылмыстық сот өндірісінің
қатысушыларының тәртібін қамтамасыз етуге бағытталған шаралардың соңғы мақсаты дәлелдемелер алу.
Бұған куәнің және жәбірленушінің тергеушіге, сотқа келуін және олардың көрсету беруін қамтамасыз етуші шаралар бағытталған тергеу әрекеттерін мәжбүрлеу шараларына жатқызуға болмайды.
Тергеу әрекеттері-бұл жалпы мәжбүрлеу әрекеті емес. Олар мәжбүрлеумен бірге жүреді және мәжбүрлеуді өзіне белгілі бір жағдайларда қосады, яғни тергеу әрекеттерін жүргізуге кедергілер болған жағдайда. Бұл айыпталушының қарсыласуы, оның дәлелдемелерді алуға кедергі жасауға тырысуы. Заңда қылмыстық процесс қатысушыларының дәлелдемелерді өз әрекеттерімен тапсыруы қарастырылған: айыпталушы, сезікті жәбірленуші, азаматтық талапкер және жауапкер. Егер тереу әрекеттерін жүргізу кезінде дәлелдемелерді процесс қатысушылары өз еріктерімен тапсырса, онда мәжбүрлеу әрекеттері туралы айтуға болмайды.
И.Л.Петрухиннің қөзқарасы бойынша қылмыстық процесте мәжбүрлеу үш нысанда көрінеді: құқықтық тәртіпті қорғау шаралары, превентивтік шаралар, жауапкершілік шаралары. Қоғау шараларына автор міндеттің субъектісіне мәжбүрлі орындатудың тұратын қалпына келтіру санкцияларын қолдануды жатқызады. мәжбүрлі куәландыру, сараптаманы мәжбүрлі түрде жүргізу, мәжбүрлі алу және т.с.с. Превентивтік шаралар күзетпен қамау, сезіктіні ұстау, мүлікке тыйым салу және басқалары- бұл азаматтың құқыққа қайшы тәртібімен және санкция қолдануымен байланысты емес шаралар. Үшінші топқа автор процессуалдық міндеттерді бұзғаны үшін қолданылатын айыптық санкциялар. Мысалы, ақша өндіріп алу.
Келтірілген жіктеулердің негізінде қылмыстық процесте қолданылатын мәжбүрлеу шараларының сипаты жатыр. Оның ерекшелігі сонда ол қалпына
келтіруші санкцияларды, айыптық санкцияларды және превентивтік шараларды бір-бірінен нақты айыруға жағдай жасайды.
Бірақ біздің ойымызша қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеудің құқықтық табиғатын талдау үшін мәжбүрлеушараларын қолдану негіздері бойынша жіктеген барынша ыңғайлы болады. Қылмыстық сот өндірісінің субъектісінің процессуалдық міндеттерді бұзу дерегі қолданудың негізінде жатыр ма, соған байланысты барлық процессуалдық мәжбүрлеу шараларын процессуалдық құқық бұзушылықтарға байланыссыз қолданылатын шараларға бөлуге болады.
Негізінде процессуалдық құқық бұзушылықтар болатын процессуалдық мәжбүрлеу әртүрлі болуы мүмкін. Бұл көбіне қалпына келтіру шаралары, ымсалы заңсыз және негізсіз үкімінің күшін жою, істі қосымша тексеруге қайтарып беру.
Қылмыстық-процессуалдық әрекет үшін олар ерекше тән болады.
Қылмыстық іс бойынша өндіріс кезінде көптеген билікті процессуалдық шешімдер: тергеуші мен прокурордың қаулысы, бірінші соты, соттардың ұйғарымдары мен үкімдері және жоғарғы тұрған соттардың қаулылары шығарылады. Заңдылықтың талаптарын бұзудан келетін әлеуметтік төлемдер өте үлкен, сондықтан да бұндай қылмыстық-процессуалдық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған, оның ішінде теріс салдарды жоюға бағытталған арнайы қалпына келтіруші шаралар қарастырылған.Бұндай шаралардың міндеті: дұрыс емес шешімді жоюға және осы арқылы процессуалдық құқық бұзушылықтан келген зиянды төменгі шекке жеткізу, қылмыстық сот өндірісі бойынша сұрақтардың дұрыс шешілуін және іс бойынша заңды және негізделген шешім шығаруға қамтамасыз ету. Судья ҚР ҚІЖК-ң 303-бабында көрсетілген негіздер бойынша қылмыстық істі қосымша тергеуге қайтарады. Кассациялық инстанция соттары маңызды негіздер бойынша айыпталушыны үкімді кейінге қалдыруға құқылы.
Процессуалдық құқықбұзушыларға жазалаушы қамтамасыз етуші шаралар қолданылуы мүмкін. Мысалы, оған айыпкер сезікті бірінші тағайындалған бұлтартпау шарасы бойынша өзіндіктерін орындамаған жағдайда оған барынша қатал бұлтартпау шарасы ауыстырылады немесе сот мәжілісінің тәртібін бұзған жағдайда сот залына жіберу немесе куәні дәлелді себепсіз шақыртуға келмеген жағдайда алып келу және басқалары жатады. Көрсетілген шаралар құқықбұзушылық үшін қолданылатын және шектеу ретінде қолданылатын жазаның бір көрінісі. Құқыққа қайшы әрекеттердің теріс салдары белгілі бір тәртіпке мәжбүрлеудің құралы ретінде болады және ол іс бойынша ақиқатты қалыптастыратын қылмыстық сот өндірісінің ойдағыдай жүруін қамтамасыз етеді. Бұл жерде айта кететін бір жай, қылмыстық сот өндірісінің ойдағыдай жүруін қамтамасыз ету-бұл процессуалдық мәжбүрлеу шараларын қолданудың жалпы соңғы мақсаты.
Мәжбүрлеу шараларының ішіндегі құқықбұзушылыққа жауап болып табылмайтын түрі ретінде ең алдымен превентивтік шараларды көрсетеміз. Олардың негізгі мақсаты процеске жеке қатысушылардың тарапынан болатын құқық бұзушылықтардың алдын алу, қылмыстық-процессуалдық қатынастардың қалыпты дамуына кері әсер ететін немесе іс бойынша ақиқатты қалыптастыруға кедергі болатын әрекеттердің алдын алу. Оған, мысалы бұлтартпау шараларын қолдану, айыпталушыны алдын-ала шақыртусыз алып келу, мүлікке тыйым салу жатады.
Кейбір тергеу әрекеттерін жүргізуде қолданатын мәжбүрлеудің сипаты туралы сұрақ белгілі бір қиындықтарды туғызады. Мәжбүрлеумен бірге алудың, куәландыруды, салыстырмалы зерттеуге үлгілерді алуды жүргізу бірге болады. Заңға сәйкес айыпталушы немесе сезікті адам соттық-медициналық немесе соттық-психиатриялық сараптама жүргізу үшін медициналық мекемеге орналастыруы мүмкін. Бұл мәжбүрлеу санкциябола ма? Бұл сұраққа жауап беру үшін көрсетілген шаралардың сипатына талдау жасайық.
Қылмыстық-процессуалдық санкциялар қылмыстық процестегі басқа мәжбүрлеу шараларынан басты айырмашылығы сонда, санкциялар процессуалдық міндеттерді бұзған ерекше жағдайларда ғана қолданылады. Тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде мәжбүрлеу дәлелдемелерді белгілі бір адамдарда ерікті түрде ала алмаған жағдайда дәлелдемелерді табу және алуды қамтамасыз ету үшін қолданылады. Мәжбүрлеу алуды және басқа да осыған ұқсас мәжбүрлеу шараларын санкциялар қатарына жатқызуды ұсынған авторлар негізсіз бұл жерде мәжбүрлеу азаматқа сәйкес құқықтық қатынастағы міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді деп есептейді.
Әдебиеттерде басқаша көзқарастар айтылған В.М.Корнуков тінті, алу, куәландыру үлгілерді салыстырмалы зерттеуге алып келу қылмыстық-процессуалдық нормалардың бұзылуымен байланысты емес деп есептейді. Заңда бұл шараларды қолдануға рұқсат етілген тұлғалармен процессуалдық нормалардың талаптарын бұзу мен және орындаумен байланыстырмайды.
Аталған тергеу әрекеттерін жүргізу қылмыстық-процессуалдық нормалардың бұзылуымен байланысты емес дегенмен келісу керек.Бірақ жерде әңгіме тергеу әрекеттерінің іс туралы емес, ал оларды өткізу кезіндегі мәжбүрлеу шаралары туралы болып отыр. Автор бұндай барлық әрекеттерді мәжбүрлеу шаралары деп есептейді, сондықтан да бұл жердегі мәжбүрлеу санкция емес. Айтқанымыздай тергеу әрекеттерінің кейбіреулері мәжбүрлеу шараларымен бірге жүрмеуі де мүмкін. Маңыздыкепіл болып қамауды және қамауда ұстаудың мерзімін ұзарту заңдылығы мен негізділігі жөнінде соттық бақылау табылады. Лауазымды тұлғалармен мемлекеттік органдармен, олардың өндірісінде жүріп жатқан істер бойынша бұл кепілдіктерді қатаң ұстау, тұлғаның құқықтары мен бостандығын қорғауға және қылмыстық сот өндірісінің дұрыс жүруін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Мәжбүрлеу шараларының түрлері
Жүктелген міндетті орындамаған субъекті үшін салдардың мінездемесіне байланысты процессуалдық мәжбүрлеу шаралары екі негізгі топқа бөлінеді. Біріншісін заң ұстанушы азаматтардың құқықтық дәрежесіне кіретін, субъективті құқықтарды шектейтін процессуалдық тәсілдер құрастырады. Бұл процессуалдық ықпал етудің превентивті мәжбүрлеу шаралары деп аталатындар кіреді, И.Л.Петрухин оларды құқықтық тәртіпті қорғау мен заңдылықты орнына келтіру шаралары деп анықтайды. Екінші топқа кіретін мәжбүрлеу шаралары олардың процессуалдық дәлелдеу мен байланыстылығына немесе қылмыстық-процессуалдық қатынастардың дұрыс дамуы үшін ұйымдастырушы шарттарды туғызуға бағытталғандығына тәуелді ажыратылады.
Мәжбүрлеу тәсілдерін, олардың мақсатты тағайындалуына байланысты бөлшектеу ревалюцияға дейін орыс ғылымында орын алған. Мысалға, И.Я.Фойницкий келесі түрлерді анықтаған: 1 дәлелдемелерді алу шаралары; 2 айыпкердің келуін қамтамасыз етуші шаралар; 3 айыпкерден жауап алу; 4 сотта істі қарауды қамтамасыз етуші шаралар.
Заң әдебиеттерінде келесі жіктелу аса көп таратылады, оған сәйкес негізгі топтар ретінде дәлелдемелерді алуға бағытталған шаралар және процесс субъектісінің тиісті тәртібін қамтамасызетуші мәжбүрлеу шаралары қарастырылады. Қызметтік критерийді назарына алмаған бірде-бір автор жоқ.
Сонымен қатар қылмыстық процесс теориясында, қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеу шараларын жіктеу үшін тағы да бір қатар басқа негіздер бар. Мысалға, ықпал етілетін, объектілердің ортасына байланысты, бүкіл шараларды, қылмыстық сот өндірісін жүргізіп отырған лауазымды тұлғаларға қатысты әрекет ететін шаралар және процестің басқа қатысушыларының тиісті емес тәртібіне байланыссыз шаралар деп бөлуге болады. Құқықты қамтамасыз ету мәселсіне байланысты превентивтік алдын алушы. Жоюшы мәжбүрлеудің қамтамасыз етуші тәсілдері деп бөлуге болады.
Құқықты шектеуші бағыттылығына тәуелді келесі түрлері бөлінеді: басым жекелік мінездемедегі шаралар және тиімсіз мүліктік салдарды туғызушы шаралар.
Ықпал ету уақытына байланысты мәжбүрлеу тәсілдері ұзақ және қысқа мерзімді болып бөлінеді. Ықпал ету мінездемесіне сәйкес оларды үш топқа бөлуге болады, басым дәрежеде не психологиялық, не физикалық, не материалдық ықпал ететіндер. Пайда болу негіздері мәжбүрлеу шараларын келседей бөлуге құқық береді: құқық бұзушылықты жасаудың шынайы мүмкінділігінде процесте пайда болатын және құқық бұзушылықты жасағаннан кейін пайда болатын шаралар.
Барлық әрекет етіп отырған критерийлер әртүрлі аспектілерді қылмыстық процестегі мәжбүрлеу тәсілдерін мінездейтіндігі шартсыз. Бірақта олардың маңызын кішірейтпей, мәжбүрлеуді тұлғаға ұсынылған мінез еркіндігі және ерікті білдіру бостандығы шарасы арқылы қарастырған, басқаларға қарағанда, толып деп есептейміз. Мәжбүрлеу, мемлекетпен бүкіл азаматтар үшін анықталған шектерде, тұлға ие болып отырған немесе ие болуы мүмкін болған әлеуметтік құндылықтар мен байлықтар комплексіне қарама-қарсы қойылады.
Бұл құндылықтарға ие болуы шарасы ең алдымен тұлғаның бекітілген құқықтық дәрежесіне тәуелді болады.
Мәжбүрлеу шараларын жіктеудің маңызды критерийіне құқық шектеу мінездемесін жатқызбаған жөн. Бұндай негіз ретінде күштелген субъектінің ерекше құқықтық дәрежесі қарастырылады.
Құқықтық дәреже біріншіден мемлекетпен, оның органдары түрінде анықталатын бостандық шарасынан тәуелді болады.
И.Ребаненың көзқарасы бойынша, бұл критерийді қабылдау, мәжбүрлеп жатқан тұлға детерминация тізбегінен шығарылмайды деген мағынаны білдіреді.
Мәжбүрлеп жатқан тұлға құқықсыз объектіге айналмайды. Тұлға қызығушылықтары, мемлекет органдарымен лауазымды тұлғалармен есепке алынады және қалайда көп мүмкінділік дәрежесінде қамтамасыз етіліп қанағатталу керек.
Аталған негізге сәйкес, қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеу тәсілдерінің жіктелуін нақты тәсілдердің тұлға құқықтары мен бостандықтарымен арақатынасын есепке ала отырып құруға болады.
1 Әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени және жеке құқық саласындағы тұлғаның шектелген құқықтық дәрежесін орнатушы, қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеу шаралары. Оларға: мәжбүрлеу шарасы ретіндегі қамауға ұстау, стационарлық тексеруді өткізу үшін медициналық мекемеге орналастыру жатқызылады.
2 Әлеуметтік-заңдылық және жеке құқық саласында тұлғаның шектелген құқықтық дәрежесін бекітуші, қылмыстық-процессуалдық шаралар. Бұл айыпкерді лауазымды орнынан алып тастау.
3 Жеке құқық саласында шектелген құқықтық дәреженің тәртібін белгілеуші, процессуалдық мәжбүрлеу шаралары: а тұрғын жай мен мүліктің қол сұқпаушылығына құқықтар тінту, алу, мүлікке арест, қамау салу, пошталетеграфтық хат жазысуға қамау салу; ә дене қол сұқпаушылығына құқықтар куәландыру, салыстырмалы зерттеу үшін үлгі салу. Азаматтардың жеке тінтуі; б жүріп тұру мен тұрғын жайды тандау еркіндігінің құқығы басқа бұлтартпау шаралары, сот тергеу органдарының шақыруы бойынша келу міндеттемесін алу, әкелу.
Құқықтың қорғаушы қызметі өзін үш негізгі формаларда бейнелейді. Бұл заңдылық жауапкершілік, құқықтық тәртіпті қорғау шаралары және превентивтік шаралар. Мәжбүрлеу де осы формалардың әрқайсысында жүзеге асуы мүмкін.
В.Н.Корнуков қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеу шараларын келесі түрлерге бөледі:1 процессуалдық жауапкершілік; 2 құқықтық тәртіпті қорғау шаралары заңсыз шешімдерді жоққа шығару; 3 белгілі әрекеттердің алдын алу тәсілдері және дәлелдемелерді табу үшін жағдай жасау тінту, алу, тұлғаны медициналық мекемеге орналастыру және т.б.. Бұл жіктеулер, дәлелдемелерді жинауды қамтамасыз етуші, тәсілдер мен бұлтартпау шаралары тобына негізсіз біріктірілген.
А.А.Филющенко қылмыстық-процессуалдық нормаларды мәжбүрлеп қамтамасыз етудің үш түрін айырады: 1 заңдылық жауапкершілік; 2 қорғаныс шаралары;
3 превентивті шаралар.
З.Ф.Коврига процессуалдық мәжбүрлеуді. Жауапкершілікті, санкцияны бөліп шығарады да олардың ара-қатынасын қарастырады.
Г.Н.Ветрова қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеу шараларын келесідей бөледі: 1 процессуалдық міндеттерді орындамағаны үшін қолданылатын шаралар; 2 қалпына келтіруші және жазалаушы-қамтамасыз етуші мінездегі шаралар; 3 процессуалдық құқық бұзушылыққа байланыссыз қолданылатын шаралар.
З.З.Зинатуллин келесідей процессуалдық мәжбүрлеу шараларын бөліп шығарады: 1 процессуалдық құқық бұзушылықты жасауға дейінгі қолданылатын шаралар; 2 процессуалдық құқық бұзушылықты жасағаннан кейін қолданылатын шаралар; а орындалмаған процессуалдық міндетті мәжбүрлеп орындату шаралары привоз, алу және т.б. ә процессуалдық заңды бұзушыларға ықпал ету шаралары сот залынан шығарып жіберу және т.б..
З.З.Зинатуллин мәжбүрлеу шаралары мен жауапкершіліктің ара қатынастарын қарастыра отырып, шараларды топтарға бөледі: а басымды процессуалдық мәжбүрлеудің шаралары; ә мәжбүрлеу мен жауапкершілікті біріктіретін шаралар; б басым жауапкершілік шаралары.
Ф.Стацевич процессуалдық мәжбүрлеу шараларын келесідей бөледі: 1 әділеттік мүдделерін қамтамасысыз ететін; 2 дәлелдемелерді анықтау мен бекіту үшін қызмет ететін; 3 сот залындағы тәртіпті орнату үшін қолданылатын шаралар.
Превентивтік шаралар мәжбүрлеуші болса да, процессуалдық құқық бұзушылықты жасағаны үшін емес, тек олардың алдын алу үшін және сезіктінің, айыптының тиісті тәртібін қамтамасыз ету үшін ғана қолданылады, сондықтанда олардың жүзеге асуы санкцияларды қолдану деп есептелмейді. Қылмыстық процесте қорғау шаралары мен превентивтік шаралар басым болады.
1 Ұстау.
А.В.Франктің көзқарасы бойынша : "Ұстау жазалау шарасы немесе өндіртіп алу шарасы ретінде қолданылмайды, яғни санкция мінездемесіне ие болмайды".
Ұстау тек тәсіл ретінде қарастырылады, соның көмегімен биліктің тиісті органдары мен оның лауазымды тұлғалары қоғамдық тәртіпті, мемлекеттік және жеке қауіпсіздік қорғау жөнінде оларға жүктелген міндеттемелерді орындаулары мүмкін.
Ұстау-қылмыстылық пен күресудің "алдыңғы шегі". Ұстаудың негізінде қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын орган қылмыстық әрекетті тоқтатады, құқық бұзушының қашып кетуінің алдын алады, егерде белгісіз болса, онда құқық бұзушы тұлғаны анықтайды, тергеу әрекеттерінде оның қатысуын қамтамасыз етеді, куәлар мен жәбірленушілерді айынуға, айыпкердің дәлелдемелерді бұрмалау мен жасандылауына бөгет жасайды және шындықты, ақиқатты орнатуға, анықтауға бөгет жасайтын оның басқа да әрекеттеріне кедергі жасайды.
2 Бұлтартпау шаралары.
Айыпталушы анықтаудан. Алдын ала тергеуден немесе соттан жасырынады, не істі сотта объективті зерттеуге және талдауға бөгет жасайды немесе қылмыстық әрекетпен шұғылдануды жалғастырады деп ойлауға жеткілікті негіздер болған кезде, сондай-ақ үкімнің орындалуын қамтамасыз ету үшін қылмыстық процесті жүргізуші орган өз өкілетті шегінде ол адамға ҚР ҚІЖК 140 б. көзделген бұлтартпау шараларының келесі түрлері көрсетілген:
1 ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қол қойдыру;
2 жеке кепілдік беру;
3 әскери қызметшіні әскери бөлім командованиесінің бақылауына беру;
4 кәмелетке толмағанды қарауға беру;
5 кепіл беру;
6 үйде қамауда ұстау;
7 қамау.
Бұлтартпау шараларын тек бірқатар құқықтық шарттарды орындағанда ғана қолдану мүмкін:
біріншіден, бұлтартпау шарасы тек құқықтық шарттарды орындағанда ғана қолдану мүмкін
екіншіден, бұлтартпау шарасы айыпталушыға тағайындалатын қылмыстық жазадан айырылмау керек
үшіншіден, бұлтартпау шарасының кез келген түрін қолданудың шарты болып тұлғаны айыпталушы ретінде тарту табылады
төртіншіден, бұлтартпау шарасы тек тиісті субъектіге, яғни қылмыстық жауапкершілік жасына жеткен тұлғаға ғана қолданылуы мүмкін.
Нақтырақ айтқанда, бұлтартпау шараларының тек өзіне тән мақсаттары бар:
айыпталушыныңсезіктінің анықтаудан. Алдын ала тергеуден және соттан жасыруының алдын алу
айыпталушының сезіктінің айқындылықты орнатуға кедергі жасауын болдырмау
айыпталушының сезіктінің қылмыстық әрекеттерін әрі қарай жалғастыруының алдын алу
үкімнің орындалу мүмкіндігін қамтамасыз ету.
Бұлтартпау шараларын қолдану азаматтардың жеке бостандығын, ерекше алғанда тұлға қолсұғушылығы, кедергісіз орын ауыстыру және тұрғын жай тандау құқықтарын аса белсенді шектеумен байланысты.
Жоғарыда атаулының кеткен бұлтартпау шараларының қайсы бірін қолдану қажеттілігін шешкенде анықтамада аталған мән-жайлармен қатар, тағылған айыптаудың ауырлығы, айыпталушының жеке басы. Оның жас мөлшері, денсаулық жағдайы отбасы жағдайы, немен шұғылданатындығы, мүліктік жай-күйі, тұрақты тұратын жерінің бар жоғы және басқа да мән-жайлар ескерілуге тиіс.
А Ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат беру. Ешқайда кетпеу туралы қолхат беру, ең көп таралған мәжбүрлеу шарасы. Бұлтартпау шараларының жүйесінде оның үлесі: В.М.Корнуковтың мәліметері бойынша-46%, З.З.Зинатуллиннің мәліметері бойынша-48-53%. Соған қарамастан бұл жеткілікті тиімді шара т.б. Б.А.Денжкиннің мәліметтері бойынша, ешқайда кетпеу туралы қолхат бергендердің тек 1,5 іс барысында жасырынып кетті. Бұл бұлтартпау шарасының негізгі жақсы жағы, оны қолдану адамды бостандығынан айырмайды, оны жанұясынан, жұмысынан үзіп алмайды. Сонымен қатар ешқайда кетпеу туралы қолхат беру-процессуалдық мәжбүрлеу шарасы, өйткені тұлға мәжбүрлеу тәртібінде белгілі уақытқа жүріп тұрып бостандығынан айырылады да нәтижесінде оның заңды мүдделері толық қанағаттанбай қалуы мүмкін мысалға, ол басқа қалада тұратын таныстарына, туыстарына бара алмайды, өз қалауы бойынша демалатын жерін таңдай алмайды, іскерлік сапарға жүріп кете алмайды және с.с.т.б. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz