Бұқаралық коммуникация әлеуметтануы



І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Бұқыралық коммуникация тұжырымын зерттеушілер және олардың көзқарастары
2. Бұқаралық коммуникация құралдары
3. Бұқаралық коммуникация тілінің әлеуметтік проблемалары
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Алдымен, негізгі тұжырымдарға тоқталып кетейін. Бұқаралық коммуникация ұғымы «коммуникация» (байланыс, ақпарат) термині (лат. тілінен «сommunicatio»-хабар, ақпарат және «сommunicare»-жалпылау, әңгімелесу, байланысу, хабарлау, жіберу) ғылыми әдебиетте ХХ ғасырдың басында пайда болды. Коммуникация - адамдар, топтар, ұлттар, мемлекеттер арасындағы өзара әрекеттің қажетті элементі болып табылады.Коммуникация - бұл адамдардың тіршілік әрекеті үрдісіндегі олардың өзара әрекетінің ерекшелікті формасы.
Әлеуметтік коммуникация, - деген қоғамда әлеуметтік маңызды бағалармен нақты жағдайлар, коммуникативті салалармен қарым-қатынас нормалары бекітілген адамдардың коммуникативті іс-әрекеттері.
Коммуникация негізінде қоғамда индивидуалды(жеке) және ұжымдық мінез-құлық қалыптасады.
1. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет.
2. Р.Әбсаттаров, М.Дәкенов «Әлеуметтану» Алматы: Қарасай,2007 жыл.
3. А.И. Икенов, А.Д.Жүсіпова «Әлеуметтану негіздері» Алматы Экономика 2004 жыл
4. И.Шәмшәтұлы, МДәкенов, Д.Дәуіт, Н.Күнкожаев "Әлеуметтану" Алматы, 1999ж
5. Р.Әбсаттаров, М.Дәкенов, «Әлеуметтану», Алматы «Ғылым» ғылыми баспа орталығы; 2003. – 376 б.
6. Тощенко Ж.П. «Социология» Москва, 1994

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
БҰҚАРАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ

Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1. Бұқыралық коммуникация тұжырымын зерттеушілер және олардың көзқарастары

2. Бұқаралық коммуникация құралдары

3. Бұқаралық коммуникация тілінің әлеуметтік проблемалары

ІІІ. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Алдымен, негізгі тұжырымдарға тоқталып кетейін. Бұқаралық
коммуникация ұғымы коммуникация (байланыс, ақпарат) термині (лат. тілінен
сommunicatio-хабар, ақпарат және сommunicare-жалпылау, әңгімелесу,
байланысу, хабарлау, жіберу) ғылыми әдебиетте ХХ ғасырдың басында пайда
болды. Коммуникация - адамдар, топтар, ұлттар, мемлекеттер арасындағы өзара
әрекеттің қажетті элементі болып табылады.Коммуникация - бұл адамдардың
тіршілік әрекеті үрдісіндегі олардың өзара әрекетінің ерекшелікті формасы.
Әлеуметтік коммуникация, - деген қоғамда әлеуметтік маңызды
бағалармен нақты жағдайлар, коммуникативті салалармен қарым-қатынас
нормалары бекітілген адамдардың коммуникативті іс-әрекеттері.
Коммуникация негізінде қоғамда индивидуалды(жеке) және ұжымдық мінез-
құлық қалыптасады. Коммуникация мынадай түрлі формада іске
асады:тұлғааралық байланыстың тілдік және паралингвистикалық (ым, қылық);
мәдениет саласында - әдебиет, өнер және бұқаралық ақпарат
құралдары.Коммуникация адами белгілер жүйесі (тілдер) арқылы индивидтер,
топтар, ұйымдар, мемлекеттер, мәдениеттер арасында жүзеге асырылады.
Коммуникация тұтас белгі хабарларын алмасу ретінде адамдар арасында қарым-
қатынас кезінде жүреді, онда білім, ойлар, идеялар, қарым-қатынас
жасаушылардын көңіл-күй сезімдері мен бағдарламалары
бейнеленген.Коммуникация индивидуалды және топтар арасындағы сөйлеу тәртібі
қалыптасатын әлеуметтік келісу процессі. Сондықтан да әлеуметтануда
коммуникация тұлғааралықпен қатар бұқаралық коммуникация кең түрде
зерттелді.Әлеуметтану әлеуметтік факторларды, яғни бұқаралық
коммуникацияның қоғамдық пікірді қалыптастырудағы әсерін, адамдардың
әлеуметтік шындық пен құндылықтарға қатынасын зерттейді.Коммуникациялық
процестің тұрақты элементері болып: 1) жіберуші (коммуникатор, хабарды
тасымалдаушы); 2) канал немесе арна ақпаратты жіберу құралы; 3) жеке хабар;
4) ақпараттың бағытталған тұлғасы-алушы.

Бұқаралық коммуникация (БК)-бұл ақпаратты бұқаралық коммуникация
құралдары (баспасөз, радио, киномотография,телевизиа), арқылы көпшілік
аудиторияға адамдардың бағалау, көзқарасымен іс-қимылына әсер етуі арқылы
хабарлау процесі.

Бұқыралық коммуникация тұжырымын зерттеушілер және олардың көзқарастары

Бұқаралық коммуникация тұжырымдамалары жалпы әлеуметтанылық
контексттегі БК туралы алғашқы зерттеулер 20ғ. басынан басталды. БК
жӛніндегі зерттеуледің негізі Г.Тард, Г.Лебон, П.Лавров, Н.Михайловский,
Н.Кареева, П.Сорокиннің еңбектерінен қаланған. Алғашқы БК туралы
тұжырымдамада бұқараны тобырдан бөліп қарастырады. Тобыр адамдарды
басқаруға қабілетсіз және мүлдем жауапкершіліксіз қылады. Ол (тобыр)
талқыламай эмоцияға, көңіл-күйге беріледі. Лебонның айтуына қарағанда, 20ғ.
басты сипатын индивидтің тобырдың санасыз іс-әрекетін саналы іс-қимылға
ауыстыруын санады.Француз әлеуметтанушысы және криминалисті Г.Тард өзінің
тұжырымдамасын ӛз әріптесіне қарағанда тереңірек қарастырды. Лебон секілді
Тард адам тобыр арасында тым эмоцияға берілгіш, саналы ойламайды деп
есептеді. Адамдардың тобырдағы орташа саналық денгейі, әрбірін санаған
кездегі деңгейден төмен екендігін айтты. Егер Лебон тек шашыраңқы тобыр
туралы айтса, онда Тард жаңа әлеуметтік бірлестік –публиканы ерекше бөліп
көрсетті. Публиканың құрылуының негізіне ол бұкараға әсер ету тәсілін алды.
Публика ортақ ақпараттың көздерімен біріккен әлеуметтік топ.Танымал
Қоғамдық пікір (1920ж) еңбегінің авторы В.Липпман қазіргі заман
адамындағы дүниетанымының қалыптасу процесі БК-ң ықпал етуі стериотиптер
негізінде іске асады. БАҚ хабарлайтын фактілерді өздерінің қарауына сәйкес
түрлендіреді, кейде оны өзгертіп те жібереді. Қоршаған орта туралы
түсініктері жөнінде жүктеп, БК олардың сана-сезімдері арқылы адамдар
әрекетіне ықпал етеді. Осылайша баспасөздің адамдарды шексіз билеуі жүзеге
асады.Американ әлеуметтанушысы Г.Ласуэлль 1948ж. өзінің Дүниежүзілік
соғыстағы насихаттау техникасы атты кітабында тұңғыш және ең танымал, бес
элементен тұратын: кім? (хабарды жібереді) -коммуникатор, не? жіберіліп
жатыр)-хабар: қалай? (жіберілудің іске асырылып жатуы) -арна;
кімге?(хабарламаның жеткізілуі)- аудиторияға; қандай? (хабардың әсерлілігі)-
нәтиже.Ең аз мөлшердегі әсер (минимальный эффект) теориясының негізін
қалағандардың бірі Н.Лазерефельд болып табылады. Қоғамдық пікірді сайлау
науқаны кезінде зерттеудің нәтижесінде, ол, БК-ң аудиторияға шектеулі
түрде, яғни, белгілі бір дәрежеде ғана әсер ететіндігін қорытты. Бұл
зерттеулердің қорытындысы ретінде БК-ң аудиторияға екі сатылы әсер ету
моделінің пайда болуына әкеліп, онда басымдық күшті БК емес, көшбасшының
тұлғалық ықпал етуі атқарды. Кейіннен, Дж. Клаппер БК құрылымының
адамдардың өміріне ықпал етуі шексіз еместігін, дегенмен, қабылдаған
аудиторияға әсер ете алады деген қорытындыға келді. Сондықтан, БК халықтын
сана-сезімінің ауысуының негізгі себепкері бола алмайды.Лазерефельд пен
Клаппердің қорытындыларын саяси коммуникациядағы БАҚ-ң рөлі туралы кейінгі
зерттеулері де дәлелдеп, БК ықпал ететін келесі факторларды анықтады:1)
ақпарат көзі әрқашан хабарлаушымен(комментатор) байланысты, яғни,
ақпараттың қалай және кіммен берілуі маңызды; 2) хабардың контексі маңызды
болып саналады; 3) ақпарат көзі мен коммуникатордың арасында бір жағынан
хабар мен аудитория, келесі бір жағынан ақаулар, шудың болуы; 4)
референттік топтардың болуы маңызды.1953ж. К.Ховланд, А.Джанинс, Х.Келли
Коммуникация және сенім атты кітәбін жарыққа шығарып сендіруші
коммуникация тұрғысынан индивидтің (коммуникатор) екінші бір индивидтердің
аудитория пікірін және мінез-құлқын өзгертуді ынталандыруды енгізетін
процесс. Осынау енгізудің нәтижесі ақпараттың сапасы мен ақиқаттылығына,
рецепиенттердің жеке тәжірибесі мен құндылық жүесінің негізінде анықталатын
ақпарат көзінің мәртебесі мен беделіне де тәуелді болады.БК зерттеу
жұмыстарында Б.Барельсонның жасаған аудитория қажеттіліктерін
қанағаттандыру тұжырымдамасы аса үлкен рөлді атқарадыОның пікірінше БК
аудитория қажеттіліктеріне бағыт ұстап ол белгілі бір дәрежеде ақпарат
мазмұның анықтайды. Барельсон БК мен қоғамдық пікірдің өзара әрекеті туралы
және де олар бір-біріне әсер етеді деген қорытынды жасайды. БК өзі қызметін
іске асыру үшін, ол көпшілік аудиторияға назар аударып, оның
қызығушылықтары мен дүниетанымын есепке алу тиіс. Сондай-ақ ол БК-ң
қоғамдық пікірге ақпаратпен ықпал етуінен гөрі ақпаратты бағалау жағы басым
деген қорытындыға келеді. Қоғам дамуын ақпараттық байланыстың техникалық
құралдарымен байланыстырылған құрал теориясын жасап шығарған канадалық
ғалым Г.М. Маклоэн болды.Маклоэн тұжырымдамасының басты тезисінде хабардың
өзі құрал деп алады. Аудиторияға бағытталған ақпараттың сапасы, қабылдау
деңгейі, сол ақпарат тасымалдайтын немесе жіберетін құрал немесе арна мен
анықталады. Ақпаратты жіберетін әрбір құрал бір ғана арнайы тіл мен
актуализацияландырылған әдіспен, қоғамға әсер ететін сол ақпараттың сипатын
қалыптастырады соған сәйкес дүние қабылданады.

Бұқаралық коммуникация құралдары
Коммуникация термині қарым-қатынас құралы ретінде де кең қолданылады.
Коммуникацияны араласу, сөйлесу, яғни белгілі бір ақпаратты жеткізу
барысында тілді іске қосу деп те қарастыруға болады. Әрине, коммуникация
терминіне терең талдау жасайтын болсақ, оның лингвистикалық тілді пайдалану
арқылы белгілі бір ақпарды жеткізумен шектейтін мәнімен қоса әлеуметтік-
психологиялық мағынасы да барлығын көреміз – адам тұлғаларының эмоционалды,
аффективті-құндылықтық реңкі басым қатынасу, іштесу, араласуын да
білдіретіндігін көреміз. Осы айтылғанмен жалпылама анықтаманы шектегенді
жөн көргендіктен, коммуникация деп біздер адамдар арасында таңбалық-
белгілік құрылымдар арқылы ақпар алмасу ісін жүзеге асыратын негізгі қарым-
қатынас жолын айтамыз.
Сонымен, араласу мен коммуникация арасында ұқсастықтар да, айырмашылықтар
да бар. Қорытындылай келе, анықтайтын болсақ, коммуникация деп тұлғааралық
байланыста да, көпшілік байланыста да түрлі коммуникативтік құралдар арқылы
ақпаратты жеткізу мен қабылдаудың әлеуметтік шартталған процессін айтады.
Коммуникация – адам Мен-інің өзін Басқадан табуына көмектесетін, қарым-
қатынасты білдіретін философиялық категория десек те болады. Коммуникация
Ясперстің экзистенциализмінде, сондай-ақ, қазіргі француз персонализмінде
мейілінше толық көрініс тапты.
Коммуникация мен адамдар арасындағы аралас-құраластық қарым-қатынасы –
мәдениеттің маңызды бөлігі. Олардың маңыздылығы сонша, көп жағдайда
мәдениетті коммуникациямен теңдестіру сарыны да жиі кездеседі. Мәдени қарым-
қатынастарды зерттеудегі танымал маман Э. Холл мәдениет дегеніміз
коммуникация, ал коммуникация дегеніміз мәдениет деп теңдестіре
қарастырады.
Коммуникация процесін түрлі үлгіде көзге елестетуге болады. Солардың
бірін келтіре кететін болсақ, оны интерактивті үлгі деп атаймыз.
Интерктивті үлгідегі коммуникация бірінен кейін бірі келіп отыратын
төмендегідей өзара байланысты сатылардан тұрады:
Жіберуші көз – ақпарды жіберу үшін даярлаушы (ол жеке адам да, ұйым да бола
алады).
Кодтау – жіберілетін ақпарды белгілі бір таңбалық түрге айналдыру.
Ақпар – коммуникацияның не үшін жүзеге асырылып жатқандығына себепкер
идея, жаңалық, хабар. Ол рәміз, таңбалардан тұрады, сөйтіп, не ауызша, не
жазбаша, не көзге көрінетін визуалды қалыпта болады.
Арна – ақпаратты тасымалдау жолы. Ол тұлғааралық сипатта да, көпшілік
сипатта да болуы мүмкін.
Кодын алып тастау – ақпаратты қабылдау барысында түсінікті ету жолы.
Қабылдаушы – ақпардың кімге арналғандығы.
Кері байланыс – қабылдаушының алған ақпаратына деген реакциясы: ақпарат
оның білімін, ұстанымын, іс-әрекетін өзгертуі мүмкін.
Бұдан басқа коммуникация процессінің психологиялық компоненттері де
болады. Оларға: коммуникативтік ниет – басқа біреумен қарым-қатынасқа түсу
пиғылы;
ақпараттың жобасы – автордың қабылдаушыға жібергісі келген таза бастапқы
күйдегі ақпарат, сол ақпараттың идеясы; ақпараттың көздеген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтану пәнінен дәрістер комплексі
Әлеуметтану ғылымдар жүйесінде
Әлеуметтану обектісі
Студентерге қазіргі қоғамның келбетін, әлеуметтік бейнесін, құрылымын түсіндіру
Саяси - әлеуметтанудың әсері
Әлеуметтану пәнінен дәрістер жинағы
Отбасы және гендер әлеуметтануы
Жастық шақ теориялары
Әлеуметтану сұрақтары
Жас стратификациясы
Пәндер