Дәрілік заттардың әсеріне биологиялық ырғақтың ықпалы. Хронофармакология туралы түсінік


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ ӘСЕРІНЕ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЫРҒАҚТЫҢ ЫҚПАЛЫ. ХРОНОФАРМАКОЛОГИЯ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

Жоспар:

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім

2. 1. Биологиялық ритмдер. Биологиялық ритмдердің жіктелуі

2. 2. Хронофармакологиялның түсінігі. Хрономедицина

  1. Қорытынды
  2. Пайдаланылған әдебиет

Кіріспе

Биологиялық жүйелерде тіршіліктің барлық деңгейінде кездесетін оралымды құбылыстар біртұтас организмнің бірлестірілген әрекеті ретінде байқалады. Негізгі табиғи құбылыстардың ішінде организмге оқтын- оқтын маңызды ықпал жасайтын тәуліктік ырғақ. Маусымдық оралым климатқа бейімделу әсерленістерін тудырады. Күннің оралымдығы жеке организмнің және олардың топтары мен популяциясының арнамалы бейімділісіне жағдай жасайды.

Қазіргі кезде биологиялық тербелістерді тексеретін ғылым саласын биоритмология немесе хронобиология деп атайды. Оның мақсаты- физиологиялық әрекеттердің ырғақты өзгерістерін, олардың реттелу ерекшеліктерін, организмнің бейімделу әсерленісіне маңызын, ауытқулы процестерге қатынасын зерттеу. Сонымен қатар ол тәуліктік, айлық және жылдық биологиялық оралымдарға сәйкес организмнің улы заттарға, дәрі- дәрмекке сезімталдығының өзгерісін анықтайды.

Биоритмология бірнеше салаларға жіктеледі:

  1. хронофизиология;
  2. хронофармакология;
  3. хрономедицина;

Олар биологиялық ырғақтарға байланысты арнамалы өзгерістерді тексереді.

Биологиялық ритмдер. Биологиялық ритмдердің жіктелуі

Организм мен ортаның өзара қатынасына байланысты екі түрлі тербелісті қозғалысты бөледі.

  • Біріншісі, сыртқы ортаның оқтын- оқтын болатын өзгерістеріне организмді икемдейтін тербеліс кезеңдері геофизикалық оралымдарға жуық, бейімдейтін ырғақтар немесе биоырғақтар.
  • Екіншісі, физиологиялық немесе жұмыскер ырғақтар, яғни олар организмнің тіршіліктік жүйелерінің іс- әрекетін көрсететін тербелістер.

Биологиялық ритм (биоритм) - мінездің, биологиялық процестің күнделікті қайталама өзгерісі, тірі организмге тән өзгеріс.

Ол “ішкі биологиялық сағат” кез келген оганизмде орналасқан. Адам организмінде 300-ге жуық физиологиялық функциялар орналасқан, күнделікті уақытқа негізделген. Олар:

  • АҚ
  • Пульс жиілігі
  • Дене температурасы
  • Қан мен гормон концентрациясы

Биологиялық ырғақтар 5 класқа жіктеледі:

  1. жоғары жиілігі бар ырғақтар, тербеліс кезеңі 30 минутқа дейін созылады;
  2. орталық жиіліктегі ырғақтар, ол 30 минут пен 28 сағаттың арасы, оның ішінде ультрадиандық - 20 сағатқа дейінгі және циркадалық (20- 28 сағат) ырғақтар;
  3. мезоырғақтар;
  4. макроырғақтар - кезеңдері 20 күннен 1 жылға дейін.
  5. мегаырғақтар - әсіребаяу ырғақ, кезеңдері ондаған немесе бірнеше ондаған жылдарға созылады.

Ырғақты сипаттау үшін бірнеше қатар көрсеткіштерді: деңгей, кезең, шайқалым және кез қолданады.

Деңгей деп бір биологиялық оралымның зерттеліп отырған мерзімі ішінде тіркелетін әрекеттің орта шамасын айтады.

Ырғақтың кезеңін тербелістің белгілі уақыттағы толық бір оралымының ұзақтығы арқылы табады

Шайқалымды әрекеттің бір биологиялық оралымы ішінде максимальді және минимальді көрсеткіштерінің айырмашылығы ретінде есептеп шығарады

Уақыттың әрбір сәтіндегі тербелуші жүйенің жағдайын кез сипаттайды.

Ырғақтылық . Сыртқы жағдайлардың дәрежесіне байланысты ішкі (эндогендік) және сыртқы (экзогендік) ырғақтарды ажыратады. Егер тыныштық пен белсенділік, зат алмасудың жеделдеуі немесе баяулауы сыртқы ортаның өзгерістеріне сәйкес келетін болса, оларды сыртқы ырғаққа жатқызады. Ал сыртқы тұрақты жағдайларда тіркелетін ырғақтар ішкі деп есептеледі (жүйке серпінісі, тыныс, пульс, қан қысымы, ой жұмыскерлігі, ұйқы) . Егер ырғақтардың кездері тең болса, оларды лайықталған деп санайды. Қалыпты жағдайда көрнекі кезеңінің ұзақтығы 24 сағаттан көп өзгермейді, сондықтан тіршіліктің барлық көрінісінде олар бірдей болады. Ал бұл тіршіліктік әрекеттерде бірдей болмаса, онда лайықталмаған (десинхроноз) жағдай байқалады.

Тәуліктік ырғақтар. Адамның дене температурасы, қан қысымы және гормондар мөлшері көтерілгенде, жұмыскерлік қабілеті жоғарылайды. Алайда олардың әрбір адамның өзіне тән мезгілі байқалады. Осыған орай адамдарды тәңертіңгілік (бозторғайлар), күндізгілік (жапалақтар), кешкілік (кептерлер) деп үш түрге бөледі.

“Бозторғайлар” әдетте ерте оянады, белсенді іс- әрекетке тез қосылады.

Ал “жапалақтар” керсінше, кеш жатып, кеш оянады, іске баяу қосылады.

“Кептерлер” аралық типке жатады, олар ерте тұрғанды ұнатпайды, сонымен қатар кеш жатқанды да жаратпайды.

Хронофармакологиялның түсінігі

Хронофармакология - уақытқа тәуелді биологиялық процестер мен дәрілік заттардың арасындағы қарым қатынаста зерттейтін фармакологияның бөлімі. Хронофармакологияның негізгі мақсаты-фармакологиялық әсерлерге әртүрлі биологиялық ритмнің үлесі және организм қызметінің ырғақтылығына дәрілердің әсерінің сапасын зерттеу болып табылады. Оның негізі фармакокинетика және фармакодинамика деген бөлімдері бар.

Әр дәрінің биологиялық ритмге байланысты өз “күнтүзбесі” болуы тиіс. Мысалы:

  • Аспирин-ол асқазанның ішкі қанауына алып келуі мүмкін, біракта оны тәуліктің екінші кезінде қабылдасақ бұл қауіп 40% төмендейді.
  • Морфин- күннің екінші жартысында қабылдау өте белсенді.
  • Нитроглицирин- күннің ортасында қабылдағаннан таңертенгілік уақытта қабылдаған жақсы.
  • Инсулин-бүл дәрінің егу уақыты сағат 8-13 аралығында.
  • Фуросемид- таңетенгілік сағат 10 да қабылдайды.
  • Гистамин -аллергиялық реакциялардың медиаторы болып саналғандықтан оны 21-24 сағаттарда қабылдаған жөн, себебі аллергиялар түнгі уақытта қозып белсенді болады.

Асқорыту жолдарының ауруларына тағайындалынған дәрілерді тамаққа қарай береді, “до завтрака”, “до обеда”, “перед сном”. Ол тек қана еске салу емес, әр түрлі дозаларды әртүрлі уақыттың әрекет ету белсенділігіне қарай байланысты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фармокология ғылымы
Дәрілік заттардың әсерінің биоырғақа тәуелділігі
Дәрілік заттардың өзара әсерлесуі
Биологиялық ырғақтың қайталану кезеңі
Ішек цестодоздарын емдейтін дәрілер
Биоритмология
Көбею және даму. Адам онтогенезінің ерекшеліктерін оқыту(8-сынып) тарауын өткізу әдістемесі
Тәуліктік ырғақтар
Мерзімдік процестер биофизикасы. Биоритмология. Жарық және биоырғақ. Көпклеткалы организмдегі ырғақ иерархиясы. Биологиялық сағат
Аритмия этиологиясы мен түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz