Қайыңдар тұқымдасы


Қайыңдар тұқымдасы (Betulaceae) - гүлді өсімдіктердің қос жарнақты класына жататын шамшаттар (Fagales) қатарына жататын бір үйлі, жапырақ тастайтын, желмен тозаңданатын өсімдіктер.
Негізінен Солтүстік жартышардың қоңыржай және салқын өңірінде (кейде Оңтүстік Азия мен Оңтүстік Американың таулы жерлерінде) өсетін 6 туысы 200-ге жуық түрі белгілі. Ал Қазақстанда 3 туысы (қайың, орман жаңғағы, қандыағаш), 17 түрі кездеседі. Негізгі өмірлік формалары: жапырақтары қысқа қарай түсіп отыратын ағаштар мен бұталар.
Гүлшоғы - сырға тәрізді тирс, дара жынысты (бір үйлі өсімдік) . Гүлдері ұсақ, дұрыс және бұрыс гүлдер, көп жағдайда гүлсеректері болмайды. Жемісі тұқымша, қанатша түрінде болады. Гүлдерінің формуласы:
*Р2А2-4G0; *Р0А0G(2) .
Тұқымдас өкілдерінің биіктігі 15 кейде 25-30 м-дей болады. Тамыры берік, жер бетіне жақын орналасады. Тамырында микориза (кейбір өсімдіктер тамырының саңырауқұлақ жіпшумағымен селбесіп өсуі) байқалады. Жапырақтары кезектесіп орналасқан, бөбешік жапырақтары (көпшілік өсімдіктер жапырағының түбін ала шығатын ерекше, әсіресе, жұптаса өсетін өсінді) ерте түсіп қалады. Гүлі ұсақ, реңсіз, дара жынысты. Аталық гүлшоғырының сырғасы ұзын, гүлдеген кезде төмен қарай салбырап тұрады, аналық гүлшоғырының сырғасы қысқа, едәуір тік, пішіні домалақ болады. Жемісі - жаңғақша.
Қайындар тұқымдасына жататын ағаштар 150, кейде 300 жылдай өсетін бағалы өсімдіктер. Олардың көп түрлері аязға төзімді. Қайың тұқымдасының өкілдерінің ағашы шаруашылық қажеттіліктерге, жиһаз жасайтын фабрикаларда, ағаш көмірі өндірісінде, дегть, жылулық үшін қолданылады. Қайың мен қандыағаш медицинада маңызды болып табылады. Қазақстанның Қызыл кітабына 4 түр енгізілген: қырғыз қайыңы (B. kirghisorum), талас қайыңы (B. talassica), ярмола қайыңы (B. jarmolenkoana), эндемді қандыағаш (Alnus glutinosa) . Қайың қабығынан қарамай (деготь) алу ежелден белгілі, онымен дөңгелектерді, аяқ киімді майлаған. Ал қайың тозынан әсем қорапшалар, сөмкелер тоқылады. Онымен Солтүстік Америка үндістері каноэның (тез жүзетін қайық) сыртын қаптайды.
Қайыңдардың гүлднп тұрған өркендері: 1- Betula pendula; 2- Corylus avellana.
Қайың (Betula) - қайыңдар тұқымдасына жататын сымбатты ағаш, ұшар басы үкідей шоқтанып, биік бойлап өседі. Дегенмен аса кәрі қайыңның ауыр бұтақтары мәжнүн талдай төгіліп тұрады. Ашық жерлерде қайың кейде жеке-дара өседі, бірақ көп ретте олар орман болып тұрады. Жазғы жап-жасыл шөп пен жайнаған гүлдің ортасында тұрған ақ балтыр қайың тоғайы - ол бір ғажайып сурет!
Қайың туысы (береза- Betula) . Түрлерінің жалпы саны 60, БОР-дың флорасында 40, ал Қазақстанда 15. Олар климаты салқын, қоңыржай, кейде тіптен ылғалы жеткіліксіз облыстарда кең таралған ағаштар мен бұталар.
Қайың туысының морфологиялық ерекшеліктері.
Betula pendula: 1-аталық дихази, қабыршақтан және үш гүлден тұратын. 2- аталық гүл. 3-аналық үш гүлді дихази, гүлдеу кезінде. 4-осы дихази жемістері піскеннен кейін. B. kirghisorum: 5- «соплодие». 6-аналық сырғаның жабындық қабыршағы. B. pumila: 7- ашылған жеміс, тұқымдағы жетілген ұрығымен. 8- жемістен алынған, пісіп жетілген ұрық.
Қотыр қайың ( betula verrucosa) : А- аталық жіне аналық гүлі бар, гүлшоғырларынан тұратын, репродуктивтік өркен; Б-аналық гүлдердің дихазиясы (жабындық жапырақша жағынан және сырғаның өсі жағынан қарағандағы көріністері ) ; В- аналық гүлдердің дихазиясының диаграммасы; Г-аталық гүлдердің дихазиясы (жабындық жапырақша жағынан және сырғаның өсі жағынан қарағандағы көріністері) ; Д-аталық гүлдердің дихазиясының диаграммасы; Е-аталықтары; Ж-жеміс.
Аталық және аналық гүлдері дихозияда 3-тен орналасып сырға түзеді. Жемісі - қанатша.
Қотыр қайың (береза повыслая, или береза бородавчатая - В. verrucosa, ) Европа мен Азияның орманды зонасында өседі. Үлпек қайың (береза пушистая - B. pubescens) - осыған дейінгі түрдің өсетін жерлерінде тараған. Тас қайың ( береза каменная - B. ermani) - қиыр шығыста өседі, тез (пробка) қабатының түсі сары болады.
Даур қайыңы (B. dahrica) - Забайкальеде өседі, тоз қабатының түсі қара -қошқыл болып келеді.
Қайың гүлдеуі. Қайың сәуірдің аяғы мен мамыр айының басында, яғни жаңғақ ағашы мен талдан кейін гүлдейді. Оның гүлдері қарапайым сырға тәріздес болып келеді. Ал қайыңның жапырағы сарғая бастаған кезде қыркүйек айы да туады.
Орман "пионері"
Қайыңның ұрықтары желмен тез ұшып кетеді. Ол орманның басқа ағаштары өсе алмайтын жерлерде де тез өсіп-өнеді. Сондықтан қайыңды орманның "пионері" деп атайды.
Қайың қабығы. Скандинавия елдерінде қайыңның дінінің төменгі жағы үйілденіп, шорланып-жуандап кететін қайыңдар бар. Оған тіпті балта да батпайды. Мұны Карелия қайыңы деп атайды. Оның ағашынан әшекейлі әсем жиһаз, қобдиша және әр түрлі безендіру заттарын жасайды. Карелия қайыңы өте сирек ұшырасады. Сондықтан қазір оны қолдан жасанды жолмен өсіруге әрекет жасалуда.
Betula pendula:
а: өркен, пісіп жетілген сырғамен; б: гүлдеп тұрған аталық және аналық сырғалар; в: жемісті жабатын қабыршақ; г: аталық дихази диаграммасы; д: аналық дихази диаграммасы; ж: үш гүдді аналық дихази, жауып тұрғыш жапырақ жағынан; з: үш гүлді аналық дихази, сырға осі жағынан; е: жеміс.
♂Р2А2G0; ♀P(4) A0G(2) .
Талас қайыңы (Betula talassica) Қайыңдар тұқымдасы - Сирек кездесетің, тар эндемиктік түр. Әзірге тек Ақсу Жабағалы қорығынан (Оңтүстік-Қазақстан облысы) белгілі, осынан 1950 жылы П. П. Поляков сипаттап жазды. Таулы өзен сайларында, жылғалар мен бұтақтар маңында (Ақсу және Кіші-Қайыңды өзен аңғарлары) кездесті. Аппақ қардай қабығы мен ірі тісті жиектелген жапыраұтары бар өте әдемі ағаш.
Шаттауық немесе орман жаңғағы (Corylus) - қайың тұқымдасына жататын бұта.
Еуропаның орман белдеуінде, Азияда және Солтүстік Америкада өсетін 20-ға тарта түрі бар. 8 түрі бар; БОР- түрі флорасында 7 түрі, ал Қазақстанда 1 түрі өседі. Қысқа қарай жапырақтары түсіп отыратын ағаштар бұталар, бәр үйлі, жапырақтары кезектесіп орналасқан, тең бүйірлі болмайды, қосалқы жапырақшалары түсіп отырады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz