Жоғары оқу орнындағы оқытудың белсенді және интерактивті әдістері



1. Жоғары мектептегі оқыту әдістері
2. Жоғары оқу орнындағы оқытудың белсенді әдістері
3. Жоғары оқу орнындағы оқытудың интерактивті әдістері
Оқыту әдісіндегі «әдіс» (метод) термині гректің «metodos» ақиқатқа жету жолы, тәсілі деген мағынаны білдіреді. Оқыту әдістері – оқу – тәрбие үдерісінде үйретуші, дамытушы, тәрбиеленуші, ынталандырушы (мотивациялық) және бақылау – түзетушілік қызметтерді атқарады.
Оқыту әдісі дегеніміз оқытушы мен білім алушылардың ретке келтірілген өзара байланысты іс – әрекеттерінің оқу процесіндегі білім беру, тәрбиелеу және дамыту міндеттерін шешуге бағытталған іс – әрекет түрі.
Оқыту әдістері – оқу – тәрбие үдерісінде үйретуші, дамытушы, тәрбиелеуші, ынталандырушы (мотвациялық) және бақылау – түзетушілік қызметтерді атқарады.
1. «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудегі іс әрекетті ұйымдастырудың типтік ережелері» (№ 499, 17 мамыр 2013ж)
2. Шалғынбаева Қ.Қ, Албытова Н.П., Сламбекова Т.С. Жоғары мектеп педагогикасы: Магистранттарға арналған оқу құралы: Алматы: Эверо, 2014. - 272 бет.
3. Смирнов С.Д. Педагогика и психология высшего образования. 2 – е изд., перераб. и доп. – М.:Академия, 2005 – 400с.
4. Исаева З.А., Мынбаева А.К., Садвакасова З.М. Активные методы обучения или как интересно преподавать: Учебное пособие. А., 2007,- 284с.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

МӨЖ

Тақырыбы: Жоғары оқу орнындағы оқытудың белсенді және интерактивті әдістері

Тексерген: Джумажанова Г.К
Орындаған: Мукажанова М.С
МХЕ - 701

Семей 2017ж
Жоспар:
Жоғары мектептегі оқыту әдістері
Жоғары оқу орнындағы оқытудың белсенді әдістері
Жоғары оқу орнындағы оқытудың интерактивті әдістері

Жоғары мектептегі оқыту әдістері
Оқыту әдісіндегі әдіс (метод) термині гректің metodos ақиқатқа жету жолы, тәсілі деген мағынаны білдіреді. Оқыту әдістері - оқу - тәрбие үдерісінде үйретуші, дамытушы, тәрбиеленуші, ынталандырушы (мотивациялық) және бақылау - түзетушілік қызметтерді атқарады.
Оқыту әдісі дегеніміз оқытушы мен білім алушылардың ретке келтірілген өзара байланысты іс - әрекеттерінің оқу процесіндегі білім беру, тәрбиелеу және дамыту міндеттерін шешуге бағытталған іс - әрекет түрі.
Оқыту әдістері - оқу - тәрбие үдерісінде үйретуші, дамытушы, тәрбиелеуші, ынталандырушы (мотвациялық) және бақылау - түзетушілік қызметтерді атқарады.
И.Я.Лернер мен М.Н.Скаткин оқытудың 5 әдісін ұсынды:
1.Түсіндірмелі - иллюстративті әдіс. Білім алушылар лекцияда оқулықтан, түрлі әдебиеттерден, экранды оқу құралдарынан дайын білім алады. Фактілерді, қорытындыларды қабылдау, ой елегінен өткізу негізінде студенттер репродуктивті дәрежеде ойлайды. ЖОО - ында ауқымды информацияны жеткізу мақсатында бұл кеңінен қолданылатын оқыту әдісі.
2. Репродуктивті әдіс. Бұл әдісте оқылатын материалдар үлгі немесе ереже бойынша меңгеріледі. Білім алушының қызметі алгоритмдік сипатта болады, яғни, инструкция, ұқсас нұсқаға сәйкес орындау түрінде келеді.
3. Проблемаларды баяндау әдісі. Оқыушы жаңа материалдарды баяндамас бұрын сан түрлі амал - тәсілдер мен құралдарды пайдалана отырып, студенттердің алдына проблема, танымдық міндеттер қояды, жүйелі дәлеледер, көзқарастар, тұжырымдарды мысалдарға келтіру арқылы қойылған міндетті шешу жолын көрсетеді. Студенттер ғылыми ізденіске қатысушы, ғылыми жаңалық куәгері ретінде болады. Осындай әдіс қай кезде де ЖОО - да кең қолданылатын әдістің біріне жатады.
4. Эвристикалық әдіс. Оқыту үдерісінде ұсынылған міндеттерді шешу жолын белсенді іздестіруді ұйымдастыру (студент жекелей немесе оқытушымен бірлесе). Бұл әдіс ойлау процестерін белсенді етіп, семинарда, коллоквиумда танымдық қызығушылықты арттырады.
5. Зерттеушілік әдіс. Материалды талдап болғаннан соң, проблема қойылып, шешуге тиісті міндеттер ұсынылады да оларды орындау туралы қысқаша ауызша немесе жазбаша нұсқау (инструктаж) беріледі. Студенттер өз беттерімен әдебиеттерді, дереккөздерін, бақылау мен өлшемдерді қолдану арқылы ізденеді. Ізденістерді бірте - бірте ғылыми зерттеу жұмысына ұласады.
Оқыту әдістемеснің жіктемесі:
Сөздік әдістер - дәріс, әңгіме, түсіндіру, пікірталас, кітаппен жұмыс.
Көрнеклік әдістер - иллюстрация және демонстрация
Индуктивті және дедуктивті әдістер - талдау, салыстыру, салғастыру, абстрактілеу, жинақтау, қорыту, модельдеу (үлгілеу), педагогикалық есептерді шешу, педагогикалық жағдаяттарды талдау
Репродуктивті әдістер - түсіндіру, дәріс, әңгіме, нұсқау беру, кітаппен жұмыс, жаттығу
Проблемалық ізденістік әдістер - эвристикалық әңгіме, проблемалық сұрақ, жағдаятты талдау, салыстыру, жинақтау, жүйелеу, модельдеу (үлгілеу), зертханалық зерттеу жұмысы, жоба құру
Өзіндік жұмыс әдістері - кітаппен жұмыс, жаттығу, педагогикалық есептерді шешу, тест шешу, зертханалық зерттеу жұмысы, жоба құру
Оқу - танымдық іс - әрекетті ынталандыру әдістері - оқу пікір сайыстары, иллюстрация және демонстрация, дидактикалық және іскерлік ойындар, тренингтер, жеке (топтық) жобалау, зертханалық жұмыс
Оқытудағы бақылау және өзін - өзі бақылау әдістері - ауызша бақылау: жеке, фронтальды (жаппай) тексеру. Жазбаша бақылау: жазбаша бақылау жұмыстары, тестілеу, түсіндірмелі және графикалық диктанттар. Машинаны бақылау: тестілеу, виртуалды зертханалық жұмыс.
Жоғары оқу орнындағы оқытудың белсенді әдістері - оқу материалын меңгеру үдерісіндегі студенттердің танымдық іс -әрекетін арттыруға негіз болатын оқыту тәсілдері.
Оқытудың белсенді әдістері - бұл ең алдымен студент пен оқытушының қарым - қатынасы тікелей жүзеге асатын сұқбататсып оқыту; танымдық әрекеттің арнайы ұйымдастыру формасы. Ол толық айқындалған және мақсатын алдын ала болжауға болатын оқыту түрі.
Оқытудың белсенді әдістері: Жұптасып жұмыс істеу; Ротациялық (ауыспалы) үштік; Карусель; Шағын топтармен жұмыс; Рөльдік (іскерлік) ойын; Дискуссия; Дебат; жартылай кәсіби іс - әрекетті модельдейтін және іскерлік, дағдыны қалыптастыруға бағытталған тәсілдер: проблемалық сұрақтар, іскерлік ойындар, кәсіптік жағдаятты талдау, тренинг; білім, іскерлік, дағдыларын қалыптастыруға бағытталған тәсілдер: проблемалық есептер, жағдаяттар, дөңгелек үстел, эвристикалық әңгіме, миға шабуыл, оқу пікірталасы, кейс - стадия, өзіндік жұмыс.
Оқытуда жиі қолданылатын белсенді оқыту әдістері
Жұптасқан дәріс әдісі - бұл өн бойына оқу материалын репродуктивтік, проблемалық, инетграциялық және диалогтік баяндау элементтерін жинақтаған оқыту тәсілі.
Пікірталас әдісі - оқу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Даярлау бағыттарының жалпы сипаттамасы
Бастауыш сыныпта дүниетануды оқыту әдістемесі
Тәжірибелік-бағдарлы кәсіптік білім берудің оқыту әдістерімен байланысы
Жаңа педагогикалық технологияларды дамыту
Болашақ мамандардың интеллектуалды әлеуетін дамыту
ПСИХОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУ БЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРІ
Педагогикалық технологияға педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың әдістемлік құралы
Оқу үдерісін ұйымдастыруда жаңартылған білім беру мазмұнының тиімді әдістерін таңдау және қолдану
Медициналық жоғарғы оқу орындарындағы оқу үрдісі
Оқу іс-әрекеттің психологиялық теориясы
Пәндер