Қазақстан Республикасы [qɑzɑqˈstɑn]



1Этимологиясы
2Тарихы
2.1Ежелгі Қазақстан
2.2Ерте орта ғасырлардағы Қазақстан (Түркі дәуірі)
2.2.1Қазақстан аумағындағы ерте орта ғасырдағы мемлекеттер (VI.IX ғғ)
2.3Орта ғасырлардағы Қазақстан (Оғыз дәуірі)
2.4Ресей империясының құрамындағы Қазақстан
2.5Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы
2.6Қазақстан Республикасы
2.6.1Толық мақаласы: Қазақстан тарихы
3Географиясы
4Әкімшілік бөлінуі
4.1Ірі қалалар
5Халқы
6Мемлекеттік құрылымы
7Табиғаты
7.1Толық мақаласы: Қазақстанның жер бедері
7.2Толық мақаласы: Қазақстанның геологиялық құрылымы
7.3Толық мақаласы: Қазақстан климаты
7.4Толық мақаласы: Қазақстанның су қорлары
7.5Толық мақаласы: Қазақстанның топырағы
7.6Өсімдігі
7.7Жануарлар дүниесі
7.8Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
7.9Табиғат ресурстары
8Саяси жағдайы
8.1Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін.өзі басқару
8.2Сыртқы саясат
8.3Қоғам
9Мереке және демалыс күндер
10Экономикасы
10.1Қазақстанның сыртқы экономикасы
11Энергетикасы
11.1Мәдениет және қоғам
11.2Білім беру жүйесі
11.3Бұқаралық ақпарат құралдары
11.4Әлеуметтік саласы
11.5Қарулы күштері
12Қысқаша мәлімет
13Дереккөздер
14Сыртқы сілтемелер
Қазіргі Қазақстан жерін ежелгі адамзат баласы бұдан 1 миллиондай жыл бұрын мекен еткен. Қола дәуірінде Сібірдің, Жайық өңірінің, Қазақстан мен Орта Азияның ұлан-ғайыр далаларын тегі және тарихи тағдырларының ортақтығы жағынан туыс тайпалар мекендеді. Бұл тайпалар өзінше бір үлгідегі жарқын мәдениет қалдырды. Мұны ғылымда Андрон мәдениеті деп атайды. Ерте темір ғасыры дәуірінде (біздің заманымыздан бұрынғы I мыңжылдық ортасы) Қазақстанда тайпалық одақтар қалыптасты. Қазақстанның оңтүстік, шығыс және орталық аудандарын мекендеген тайпалар сақ тайпалар одағына, ал батыс, солтүстік аудандарындағы тайпалар савроматтар тайпалық бірлестігіне бірікті. Біздің заманымыздан бұрынғы 3-ғасырда Қазақстан жерінде кейбір тайпалар өз мемлекетін құрып, алыс-жақын елдермен саяси қарым-қатынастарға түсті. Олардың алғашқылары сюнну (ғұндар) болатын. Зерттеушілер ғұндарды түріктердің арғы ата-бабалары деп есептейді. Бұл бірлестікті Мөде басқарған кезде ғұндар бүкіл әлемге танылды. Ғұндардың батысқа жорығы “Халықтардың ұлы қоныс аударуына” түрткі болды. Жетісуда ежелгі тиграхауда сақтарының жерін мұра етіп алған усундер (үйсіндер) біздің заманымыздан бұрынғы 160 ж. шамасында Іле алқабында өз мемлекетін құрды. Олар Қаңлы мемлекетімен шектесті. Бұл тайпалар құрған мемлекеттер Қытай, Парфия, Рим және Кушан империясы сияқты елдермен саяси, экономикалық және мәдени байланыс орнатқан.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Қазақстан

Қазақстан Республикасы

Байрақ
Елтаңба

Ұран: Алаш! (тарихи)
Алға Қазақстан! (ресми емес)
Әнұран: Менің Қазақстаным (тыңдау (ақп.))

Тарихы
Құрылды
1465 жыл
Қазақ хандығы
Тәуелсіздік күні
16 желтоқсан 1991 жылы(КСРО-дан)
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тілдері
Қазақ тілі -- мемлекеттік тіл
орыс тілі -- ресми
Елорда
Астана
Ірі қалалары
Алматы, Астана, Шымкент, Қарағанды, Ақтөбе, Тараз, Павлодар, Өскемен, Семей
Үкімет түрі
Президенттік унитарлыреспублика
Президенті
Премьер-министрі
Нұрсұлтан Назарбаев
Бақытжан Сағынтаев
Мемлекеттік діні
Зайырлы мемлекет
Географиясы
Жер аумағы
:: Барлығы
:: % су беті
Әлем бойынша 9-шы-орын
2 724 902[1] км²
1.7
Жұрты
:: Сарап (2017)
:: Тығыздығы

▲ 18 056 215[[2]] адам (64-ші)
6,63 адамкм² (184)
Экономикасы
ЖІӨ (АҚТ)
:: Қорытынды (2014)
:: Жан басына шаққанда

$420.629 млрд[[3]] $ (43-ші)
$24,143[[3]] $ (50-ші)
ЖІӨ (номинал)
:: Қорытынды (2014)
:: Жан басына шаққанда

$225.619 млрд[[3]] $ (50-ші[3])
$12,950[[3]] $ (54-ші)
АДИ (2015)
▲ 0,788[[4]] (жоғары) (56-шы)
Этнохороним
Қазақстандықтар
Валютасы
Қазақстан теңгесі ₸
(KZT, код 82)
Қосымша мәліметтер
Әуе компаниясы
Air Astana, SCAT, QAZAQ AIR
Интернет үйшігі
.kz,.қаз
ISO коды
KZ
ХОК коды
KAZ
Телефон коды
+7-6xx, +7-7xx
Уақыт белдеулері
+5, +6
.
Қазақстан ( Қазақстан [qɑzɑqˈstɑn]), толық атауы Қазақстан Республикасы ( Қазақстан Республикасы) -- Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда орналасқан мемлекет. Бaтысында Еділдің төмeнгі ағысынан, шығысында Алтай тауларына дейін 3000 км-ге, солтүстіктегі Батыс Сібір жазығынан, оңтүстіктегі Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне 1 600 км-ге созылып жатыр. Қазақстан Каспий теңізі арқылы Әзірбайжан, Иран елдеріне, Еділ өзені және Еділ-Дон каналы арқылы Азов және Қара теңіздерге шыға алады. Мұхитқа тікелей шыға алмайтын мемлекеттердің ішінде Қазақстан - ең үлкені.
Қазақстан бес мемлекетпен шекаралас, соның ішінде әлемдегі құрлықтағы ең ұзақ шекара солтүстігінде жəне батысында Ресеймен -- 6 467 км құрайды. Оңтүстігінде -- Түрікменстан -- 380 км, Өзбекстан -- 2 300 км және Қырғызстан -- 980 км, ал шығысында -- Қытаймен -- 1 460 км шектеседі. Жалпы құрлық шекарасының ұзындығы -- 13392,6 км[5]. Батыста Каспий теңізімен, оңтүстік батыста Арал теңізімен шайылады[6].
2017 жылдың 1 қаңтарға елдегі тұрғындар саны - 17 926 500 адам бұл әлем бойынша 64-орын. Жер көлемі жағынан әлем елдерінің ішінде 9-орын алады (2 724 900 км²).
Елдің астанасы - Астана қаласы. Мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Ресми тілі - орыс тілі.
Қазақстанның ұлттық құрамы aлуан түрлі. Хaлықтың үлкен бөлігін қазақтар құрайды, пайыздық үлесі - 66,01%, орыстар - 21,05%, өзбектер - 3,07%, украиндар - 1,70%, ұйғырлар - 1,44%, татарлар - 1,17%, басқа халықтар - 5,56%.[7] Халықтың 70 пайыздан астамын мұсылмандар құрайды, православты христиандар - 26%, қалғаны басқа дін өкілдері.[8]
Экономикалық көрсeткіштері бойынша дамушы экономика ретінде қарастырылады. Елдің жалпы ішкі өнімі ЖІӨ (номинал) = $225.619 млрд (2014). Экономиканың негізгі бағыты отын-энергетика саласындағы шикізат өндіру, ауыл шаруашылығы (егіншілік). Елдің негізгі валютасы - теңге.
1991 жылдың 16 желтоқсан күні КСРО-ның ыдырауына байланысты өз егемендігін жариялады және халықаралық қауымдастық тарапынан тәуелсіз мемлекет ретінде мойындалды. 1992 жылдың 2 наурызынан бастап БҰҰ-ның толыққанды мүшесі. Сонымен қатар Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына, Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымына, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына және Еуразиялық Экономикалық Қауымдастығы сияқты басқа да бірнеше халықаралық ұйымдардың құрамына кіреді.
Мазмұны
[жасыру]
* 1Этимологиясы
* 2Тарихы
o 2.1Ежелгі Қазақстан
o 2.2Ерте орта ғасырлардағы Қазақстан (Түркі дәуірі)
# 2.2.1Қазақстан аумағындағы ерте орта ғасырдағы мемлекеттер (VI-IX ғғ)
o 2.3Орта ғасырлардағы Қазақстан (Оғыз дәуірі)
o 2.4Ресей империясының құрамындағы Қазақстан
o 2.5Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы
o 2.6Қазақстан Республикасы
# 2.6.1Толық мақаласы: Қазақстан тарихы
* 3Географиясы
* 4Әкімшілік бөлінуі
o 4.1Ірі қалалар
* 5Халқы
* 6Мемлекеттік құрылымы
* 7Табиғаты
o 7.1Толық мақаласы: Қазақстанның жер бедері
o 7.2Толық мақаласы: Қазақстанның геологиялық құрылымы
o 7.3Толық мақаласы: Қазақстан климаты
o 7.4Толық мақаласы: Қазақстанның су қорлары
o 7.5Толық мақаласы: Қазақстанның топырағы
o 7.6Өсімдігі
o 7.7Жануарлар дүниесі
o 7.8Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
o 7.9Табиғат ресурстары
* 8Саяси жағдайы
o 8.1Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
o 8.2Сыртқы саясат
o 8.3Қоғам
* 9Мереке және демалыс күндер
* 10Экономикасы
o 10.1Қазақстанның сыртқы экономикасы
* 11Энергетикасы
o 11.1Мәдениет және қоғам
o 11.2Білім беру жүйесі
o 11.3Бұқаралық ақпарат құралдары
o 11.4Әлеуметтік саласы
o 11.5Қарулы күштері
* 12Қысқаша мәлімет
* 13Дереккөздер
* 14Сыртқы сілтемелер
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Этимологиясы
Қазақстан сөзі Қазақ [9][10] және Стан сөздерінен құралған, яғни Қазақ елі деген мағына береді. Соңғы кездері халық арасында Қазақ елі, Ұлы дала елі және Қазақиядеген атаулар қолданылуда[11][12][13].
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Тарихы
Толық мақаласы: Қазақстан тарихы
Қазақстан тарихы

Ежелгі Қазақстан тарихы
Андронов мәдениеті
Сақтар :: Үйсіндер :: Қаңлылар :: Ғұндар
Қазақстанның ерте орта ғасырлардағы мемлекеттері
Түркі қағанаты (552 -- 603)
Батыс Түрік қағанаты (603 -- 704)
Түргеш қағанаты (704 -- 756)
Қарлұқ қағанаты (756 -- 940)
Қаңғарлар :: Қимақтар :: Оғыздар
Қарахандар :: Қарақытайлар :: Қыпшақтар
Қазақстанның орта ғасырлардағы мемлекеттері
Моңғол империясы (1205 -- 1291)
Жошы ұлысы (1224 -- 1481)
Шағатай ұлысы (1222 -- 1370)
Орда Ежен ұлысы (1242 -- 1446)
Шайбани ұлысы (1243 -- ?)
Ақ Орда (XIII -- XV ғғ.)
Көк Орда :: Әбілқайыр хандығы (1428 -- 1480)
Ноғай ордасы (1440 -- 1634)
Сығанақ хандығы (1340 -- 1379)
Моғолстан (1346 -- 1706)
Ташкент хандығы (1501 -- 1627)
Қазақ хандығы мен жүздері
Қазақ хандығы (1465 -- 1847)
Ұлы жүз (1715 -- 1822)
Орта жүз (1715 -- 1822)
Кіші жүз (1715 -- 1731)
Ресей империясы құрамында
Бөкей ордасы (1801 -- 1872)
Қазіргі заман
Алаш автономиясы (1917 -- 1920)
Түркістан автономиясы (1917 -- 1918)
Қырғыз (Қазақ) АКСР-і (1920 -- 1925)
Қазақ АКСР-і (1925 -- 1936)
Қазақ КСР-і (1936 -- 1991)
Қазақстан Республикасы (1991 -- қазір)

қ :: т :: ө

Портал Қазақстан
Санат Қазақстан тарихы
Ежелгі Қазақстан
Қазіргі Қазақстан жерін ежелгі адамзат баласы бұдан 1 миллиондай жыл бұрын мекен еткен. Қола дәуірінде Сібірдің, Жайық өңірінің, Қазақстан мен Орта Азияның ұлан-ғайыр далаларын тегі және тарихи тағдырларының ортақтығы жағынан туыс тайпалар мекендеді. Бұл тайпалар өзінше бір үлгідегі жарқын мәдениет қалдырды. Мұны ғылымда Андрон мәдениеті деп атайды. Ерте темір ғасыры дәуірінде (біздің заманымыздан бұрынғы I мыңжылдық ортасы) Қазақстанда тайпалық одақтар қалыптасты. Қазақстанның оңтүстік, шығыс және орталық аудандарын мекендеген тайпалар сақ тайпалар одағына, ал батыс, солтүстік аудандарындағы тайпалар савроматтар тайпалық бірлестігіне бірікті. Біздің заманымыздан бұрынғы 3-ғасырда Қазақстан жерінде кейбір тайпалар өз мемлекетін құрып, алыс-жақын елдермен саяси қарым-қатынастарға түсті. Олардың алғашқылары сюнну (ғұндар) болатын. Зерттеушілер ғұндарды түріктердің арғы ата-бабалары деп есептейді. Бұл бірлестікті Мөде басқарған кезде ғұндар бүкіл әлемге танылды. Ғұндардың батысқа жорығы "Халықтардың ұлы қоныс аударуына" түрткі болды. Жетісуда ежелгі тиграхауда сақтарының жерін мұра етіп алған усундер (үйсіндер) біздің заманымыздан бұрынғы 160 ж. шамасында Іле алқабында өз мемлекетін құрды. Олар Қаңлы мемлекетімен шектесті. Бұл тайпалар құрған мемлекеттер Қытай, Парфия, Рим және Кушан империясы сияқты елдермен саяси, экономикалық және мәдени байланыс орнатқан.
Ерте орта ғасырлардағы Қазақстан (Түркі дәуірі)
Қазақстан аумағындағы ерте орта ғасырдағы мемлекеттер (VI-IX ғғ)
VI ғасырдың басында бүгінгі қазақ жерінде аса күрделі бетбұрыстар болған. Алтай-Сібір, Моңғолия жерінде түрік тайпаларыныңүстем тап өкілдері бірігіп, әскер күшіне сүйенген Түрік қағанаты атты ерте феодалдық мемлекет құрды. Олардың жері шығыс Кореядан бастап, Орта Азияның жерінде қамтылған. Қазақстанда бұл қағандықтың құрамына кірген.
Бұл мемлекет туралы жазба деректер түрік тайпаларының өз тілінде жазылған Үлкен күлтегін, Таныкөк құлпытастарындағыжазуларынан белгілі. Махмұд Қашқари, Рашид-ад-диннің тарихи жазбаларынан көптеген құнды деректер алуға болады. Византия, Қытай тарихшылары да мол мәлімет береді. Қазақстанның тарихында бұл мерзім Түрік дәуірі (VI-XIII ғ.ғ.) деген атпен белгілі. Қазақ жерінде көрсетілген мерзімде бірнеше феодалдық мемлекеттер өздерінің саяси-әкімшілік биліктерінжүргізді.
Қазақстанда алғашқы қауымдық құрылыстан кейін V ғасырдан феодалдық қатынастар орнай бастады (немісше феод- жер, аль- иесі, яғни жердің иесі деген ұғымды береді.). Ортағасырлық тайпалардың арасында негізгі екі тап: феодалдық табы мен шаруалар табы қалыптасады. Феодалдар мал мен жердің негізгі иесі болады. Феодалдық қатынастардың орнауы Қазақстанның оңтүстігінде басқа өңірлерге қарағанда жедел жүрді. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихының басты ерекшеліктерінің бірі осы феодалдық-патриархаттық қатынастардың орнауы болды.
Тағы қараңыз: Түркі қағандығы, Батыс Түрік қағанаты, Түргеш қағанаты және Қарлұқ қағанаты
Орта ғасырлардағы Қазақстан (Оғыз дәуірі)

Өтініш, осы бөлімді толықтырыңыз.
Орта ғасырларда қазіргі Қазақстан жерін Қарахан, Қарақытай, Оғыз, Қимақ хандықтары өмір сүрді.
Ресей империясының құрамындағы Қазақстан
Қазақстанды Ресейдің отарлауы 1731 жылы Кіші Жүз ханы Әбілқайырдың Ресейге қосылуынан басталды. Бұл процесс 130 жылдан аса уақытқа созылып, 19 ғасырдың 60 жылдарының ортасына қарай толық жүзеге асырылды. 1731 - 1860 жылдары Қазақстан Ресейге, көбіне сөз жүзінде ғана бағынып, іс жүзінде ру, тайпа билеушілері дербес саясат жүргізді. Патша өкіметі халық көтерілістерін аяусыз басып отырғанымен, елдің ішкі істеріне (сот жүйесіне, ру аралық мәселелерге) араласпады. Ел ішіндегі беделді адамдарға, ру басыларына жалақы тағайындап, әр түрлі атақтар беріп, екінші жағынан әкімшілік реформалар жасап, көнбегендерін жазалау арқылы өз билігін күшейтті.
* 1822 ж. "Сібір қазақтары туралы жарғы", 1824 ж. "Орынбор қазақтары жөніндегі жарғы" деген құжаттармен қазақ жерін басқару тәртібі белгіленді. Осы заңдар бойынша Орта жүз бен Кіші жүз хандықтары жойылды. Кіші жүзде хандық биліктің орнына Ресейдегі сияқты әкімшілік басқару жүйесі қалыптасты. Ал Орта жүзде "аға сұлтан" деген басқарушы қызмет енгізілді. Ішкі округтер құрылды. Округтер болыстарға, болыстар ауылдарға бөлінді.
* 19-ғасырдың басында Хиуа мен Қоқан хандары Оңтүстік Қазақстанға өз бақылауларын орнатты. Қазақтар Қоқан мен Хиуа билеушілеріне қарсы жиі-жиі бас көтеріп отырды. Отарлық езгінің күшеюі, шұрайлы жерлерді тартып алып, бекіністер салу Кенесары Қасымұлы бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысын (1837 - 47) тудырды.
* 19-ғасырдың 60-жылдарында Қазақстанның Ресейге қосылу үрдісі аяқталды.
* 1914 ж. 1-тамызда Ресейдің 1-дүниежүзілік соғысқа тартылуы Қазақстан халқына ауыр соққы болып тиді.
* Жаппай наразылықтар нәтижесінде 1916 жылғы көтеріліс шықты. Көтерілістің басталуына патшаның 1916 жылғы 25-маусымдағы майдандағы қара жұмысқа Қазақ пен Түркістан өлкелерінің және ішінара Сібірдің 19-дан 43 жас аралығындағы ер-азаматтарын шақыру жөніндегі жарлығы түрткі болды. Көтерілістің аса ірі ошақтары Жетісу мен Торғайда болды.
* 1917 ж. патшаны тақтан құлатқан Ақпан революциясының оқиғалары көп ұзамай Қазақстанға да жетті.
* 1917 ж. 21 - 28 шілдеде Орынборда 1-Бүкілқазақ съезі өтті. Делегаттар ұлттық автономия, жер-су, т.б. мәселелердің шешілуіне, Құрылтай жиналысына әзірлік және қазақ саяси партиясын құру мәселелеріне баса назар аударды. Әлихан Бөкейханов, Мұхамеджан Тынышбаев, Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсынұлы, Жанша Досмұхамедұлы, Халел Досмұхамедұлы, Мағжан Жұмабаев, т.б. қайраткерлер отаршылдыққа қарсы Алаш партиясын құрды. Олар қазақ халқын отарлық езгіден азат ету ұраны төңірегіне топтасып, қазақтың дербес, тәуелсіз Алашорда демократиялық мемлекетін құруға кірісті. Бірақ көп ұзамай бүкіл Ресейдегі сияқты қазақ жерінде де кеңес билігі орнады.
Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы
1917 жылы большевистік революциядан кейін Қазақстанда Кеңес билігі орнады. Бірінші дүниежүзілік және азамат соғыстары бүкіл ел шаруашылығын күйретті. 1920-1921 жж. қыста болған жұттың салдарынан ірі қараның жартысына жуығы қырылды. 1921 жылы жаз егінсіз болып, аштық орнады. Тек 20-жылдардың соңына қарай Қазақстан қалпына келді. 1920 жылы Қазақстан автономды, ал 1936 жылы КСРО құрамындағы одақтық республика болды.
Аймақтың экономикалық әлсіздігін есепке ала отырып, одақтық үкімет Қазақстан шаруашылығын қарқынды түрде дамытуды алға қойды және 1941 жылы өнеркәсіп өндіріс көлемі 1913 жылмен салыстырғанда сегіз есеге артты.. Ірі экономикалық жобаларды орындауға ресурстарды топтастырудың жоспарлық жүйесінің мүмкіндіктері арқасында Қазақстан 30-жылдары көшпелі өлкесінен ірі және өнеркәсіптік, егіншілік пен мал шаруашылығы дамыған, жоғары мәдени деңгейі бар аймаққа айналды.
Қазақстан аумағында мыңдаған ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар құрылды, он мыңдаған шақырымға созылған темір және автомобиль жолдары түсті. Қазақстан түрлі түсті және қара металл, көмір, мұнай, бидай, мал шаруашылығы өнімдерінің ірі өндірушісі болды. 1991 жылы Қазақстан үлесіне қорғасын, мырыш, титан, магний, қалайыны өндіруде одақтық өндірістің 70 пайызы, фосфор мен хром өндірісінің 90 пайызы, күміс пен молибденнің 60 пайыздан астамы тиесілі болды. Қазақстан дәнді дақылдардың ірі өндірушісі болды.
Алайда, экономикалық дамудағы жетістіктер үшін қазақ халқы құнын өтеді. Социалистік индустриялау әдісі қайғылы жағдайға әкелді. Нәтижесінде ұжымдастыру бойынша қозғалыс 30-жылдары аштыққа әкеліп тіреді. Қазақтардың бір бөлігі тобымен Қытайға және көршілес ортаазия елдеріне кетті. 1931-1934 жылдары аштық пен аурудан бір жарым миллион адам қаза тапты, ол этностың 40 пайызын құрады.
Қазақстан бұрынғы КСРО аумағындағы негізгі тұрғындардың ең аз бөлігін құраған бірегей республика болды; мұндай жағдай 30-жылдары халықтың көп бөлігінен айырылғаннан емес, КСРО-ның басқа аймақтарынан Қазақстан аумағына жүз мыңдаған адамдарды жарамсыз большевиктік режимде 1937-1938 жж. террор құрбандарына арналған концлагерлер ұйымдастыру арқылы қоныс аудару салдарынан болды.
1935 жылдан 1940 жылға дейінгі кезеңде Батыс Украина, Белоруссия және Литвадан поляктардың жер аударуы көп орын алды (120 мыңға жуық адам). ІІ дүниежүзілік соғыс жылдары Қазақстанға Поволжья немістері, Кавказдан шешендер, ингуштар және басқа да ұлт өкілдері күштеп қоныс аударылды, ал 50-60 жж. тың игеруге байланысты біздің елге Ресей, Украина, Белоруссиядан миллиондаған тұрғындар көшіп келді. Нәтижесінде 1926 жылы республикадағы барлық тұрғынның меншікті салмағы 57,1% құрап, 1939 жылы бұл көрсеткіш 38%-ға дейін төмендеді, ал 1959 жылы небәрі 30 пайызға тең болды. Тек соңғы жылдары қазақтардың меншікті салмағы 50 %-дың көрсеткішке жетті. 70-80 жылдар қарсаңында КСРО-ның экономикалық және әлеуметтік-саяси өміріндегі дағдарыс Қазақстанға да әсер етті. Қатаң жоспарлық жүйе елдің экономикалық дамуын, әлеуметтік саланы тоқыратты. Сондықтан да қайта құру саясаты жариялылық пен демократияға сенген Қазақстан халқынан кең қолдау тапты. Алайда, 1986 жылғы 17 желтоқсанда орын алған Алматыдағы жастардың демократиялық көтерілісінің қатты қысымға алынғаны тағы да әлеуметтік жүйенің жарамсыздығын көрсетті.
Қазақстан Республикасы
Толық мақаласы: Қазақстан тарихы
1990 жылдарда
1991 жылы 8 желтоқсанда РКФСР, Украина, Беларусь басшылары Минск қаласында кесдесті (Беловеж келісімі). Талқыланған негізгі мәселелер - 1922 жылғы КСРО құру туралы келісім шартты жою, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру. Бас қосуда осы мәселелер туралы құжаттарға қол қойылды. Бұл кездесуге Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев та, басқа Орта азиялық республикалардың басшылары да шақырылмады.
1991 жылы 13 желтоқсанда Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Тәжікстан басшылары Ашхабадта бас қосты. Орта Азия мемлекеттерінің басшылары Минск (Беловеж келісімі) шешімін қолдайтындықтарын білдірді. 1991 жылы 20 желтоқсанда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан, РКФСР, Украина, Белорусь, Армения, Молдова Алматыда бас қосты. Оған Грузия бақылаушы есебінде ғана қатысты.
1991 жылы 21 желтоқсанда аталған 11 республиканың басшылары КСРО-ны ыдыратып, ТМД-ны құру туралы келісімге қол қойды.
Кеңестік жүйенің құрсауынан босап шыққан республикалар кеңестік, социалистік деген атаулардан бас тарта бастады. 1991 жылғы желтоқсанның 10-ы Республика Жоғарғы Кеңесінің сессиясында Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауын Қазақстан Республикасы деп өзгертті.
Алматы кездесуі кезінде келісілген мәселелердің аса бір маңыздысы - ядролық қаруға қатысты бірлескен шара жөніндегі келіссөз еді. Оған қолдарында ядролық қаруы бар мемлекет есебінде Белорусь, Қазақстан, Ресей Федерациясы және Украина республикаcының басшылары қол қойды. Мемлекеттер келісімі бойынша - қатысушылар ядролық мәселе жөніндегі саясатты бірлесе жасап, Тәуелсіз Елдер Достастығына енетін барлық республиқалардың ұжымдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиісті болды.
КСРО-ның ыдырау процессін тездеткен 1991 жылғы тамыз бүлігі 1991 жылдың қазанына қарай көптеген республикалардың өз тәуелсіздігін жариялауына септігін тигізді. 1991 жылы 16 желтоқсанда Республиканың Жоғарғы Қеңесінің жетінші сессиясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заң қабылданды. Осы күні Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады. Сонымен, 1991 жылғы 16 желтоқсан Республиканың тәуесіздік алған күні.
Екінші мыңжылдықта
Екінші мыңжылдық 10 жылдарында
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Географиясы
Толық мақаласы: Қазақстан географиясы
Қазақстан Республикасының жер көлемі 2,7 млн шаршы шақырым. Жерінің ауданы жағынан дүние жүзіндегі ең ірі мемлекеттердің қатарына жатады. Бұл көрсеткіш бойынша Ресей, Канада, Қытай, АҚШ, Бразилия, Австралия, Үндістан және Аргентинадан кейін 9-шы орында тұр.
Республика Еуразия құрлығының орталығында барлық мұхиттардан бірдей қашықтықта орналасқан. Республика батысында Еділ өзені алабынан шығысында Алтай тауышыңдарына дейін 3 мың км дейін, солтүстіктегі Батыс Сібір жазығынан (Солтүстік Қазақстан жазығы) оңтүстігінде Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне 1600 км-ге дейін созылып жатыр. Қиыр солтүстік нүктесі (55 26 с.е.) Шығыс Еуропа жазығының орталық бөлігі мен Британия аралдарының оңтүстігіне, ал оңтүстік нүктесі (40 56 с.е.) Кавказ сырты мен Оңтүстік Еуропаның Жерорта теңізі өңіріндегі елдердің ендігіне сәйкес келеді. Қазақстан қоңыржай белдеудің орта және оңтүстік ендіктерінде орналасқан. Географиялық орнына қарай орманды дала, дала, шөлейт және шөл зоналары қалыптасқан. Елдің батыс шеті (46 27 ш.б.) Елтон және Басқыншақ көлдері маңына, ал шығыс нүктесі (87 20 ш.б.) Бұқтырма өзенінің бастауына тұспа тұс келеді.
Аумағының 10%-ы биік таулы өңірлер, қалған бөлігі ойпат, жазық, үстірт, қырат жерлер. Қазақстанның ең биік жері - Хантәңірі шыңы (6995 м, қар құрсауымен қосып есептесе 7010 м). Ол Тянь-Шань тау жүйесінде орналасқан. Каспий теңізінің шығыс жағалауында елдің ең ойпат жері Қарақия ойысы теңіз деңгейінен 132 м төменде орналасқан.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Әкімшілік бөлінуі
Толық мақаласы: Қазақстан әкімшілік бірліктері
Қазақстан Республикасы -- унитарлы мемлекет. Әкішілік құрылымы бойынша құрамына 14 облыс, 86 қала, соның ішінде 3 республикалық маңызы бар қалалар (Астана, Алматы, Байқоңыр), 168 аудан, 174 ауылдық округ кіреді.

Қазақстанның әкімшілік бөлінісі

Аймақ
Әкімшілік орталығы
Ауданы, км²
Тұрғыны
(1 қаңтар
2011 ж. адам)[[14]]
Тұрғыны (1 қаңтар
2013 ж. адам)
2 жылдық қорытынды (адам)

1
Алматы облысы
Талдықорған
223 924
1 857 781
1 997 324
▲ 139 543

2
Шығыс Қазақстан облысы (ШҚО)
Өскемен
283 226
1 396 746
1 394 382
▼ 236

3
Қарағанды облысы
Қарағанды
427 982
1 351 905
1 367 512
▲ 15607

4
Жамбыл облысы
Тараз
144 264
1 043 617
1 081 907
▲ 38290

5
Оңтүстік Қазақстан облысы(ОҚО)
Шымкент
117 249
2 563 081
2 721 676
▲ 158595

6
Қызылорда облысы
Қызылорда
226 019
699 132
737 122
▲ 37 990

7
Ақтөбе облысы
Ақтөбе
300 629
777 256
805 117
▲ 27 861

8
Қостанай облысы
Қостанай
196 001
881 234
880 775
▼ 459

9
Солтүстік Қазақстан облысы (СҚО)
Петропавл
97 993
588 910
576 748
▼ 12 162

10
Ақмола облысы
Көкшетау
146 219
732 964
735 232
▲ 2 268

11
Павлодар облысы
Павлодар
124 800
746 010
752 057
▲ 6 047

12
Батыс Қазақстан облысы (БКО)
Орал
151 339
607 975
622 333
▲ 14 358

13
Атырау облысы
Атырау
118 631
531 562
564 936
▲ 33 374

14
Маңғыстау облысы
Ақтау
165 642
523 301
582 361
▲ 59 060

15
Алматы -- республикалық маңызы бар қала

451
1 434 755
1 494 590
▲ 59 835

16
Астана -- республиканың елордасы

710,2
697 257
804 474
▲ 107 217

17
Байқоңыр -- республикалық маңызы бар қала

57

38 970
Unknown

Барлығы

2 724 902
14 301 474
17 098 546
▲ 2 797 072

Ірі қалалар

Астана

Алматы

Байқоңыр ғарыш айлағы
Орыны
Қала
Тұрғыны

Миллионер қала
1 млн
1
Алматы
1 703 500

Жүз мыңнан астам тұрғынды қалалар
100 -- 999 мың тұрғын
2
Шымкент
885 799
3
Астана
880 191
4
Қарағанды
468 957
5
Ақтөбе
397 572
6
Тараз
356 983
7
Павлодар
350 967
8
Семей
343 556
9
Өскемен
333 600
10
Қостанай
231 906
11
Орал
230 775
12
Петропавл
204 800
13
Қызылорда
200 900
14
Атырау
195 674
15
Теміртау
185 536
16
Ақтау
185 100
17
Талдықорған
163 300
18
Көкшетау
160 228
19
Түркістан
154 022
20
Екібастұз
151 306
21
Жаңаөзен
142 000
22
Рудный
124 098

Барлық тұрғын саны
(ірі қалаларда):
7 819 995

Қазақстанның жалпы тұрғын саны:
17 926 500

Ірі қалалардың тұрғын санындағы үлесі %
43,58 %
* Қазақстан қалалары
* Қазақстан аудандары
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Халқы
Толық мақаласы: Қазақстан демографиясы
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Мемлекеттік құрылымы
Қазақстан -- 1995 жылғы 30 тамыздағы респ. референдумда қабылданған Конституция бойынша - өзін демократиялы, зайырлы, құқықты және әлеуметті мемлекет ретінде орнықтырды. Қазақстан Республикасы - президенттік басқару формасындағы біртұтас мемлекет. Республиканың ең жоғ. өкілді органы - Парламент. Ол республиканың заң шығару құзіретін жүзеге асырады.
Парламент тұрақты жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады. Сенатқа әр облыстан және респ. маңызы бар 2 қаладан екі адамнан сайланады. Сенаттың 15 депутатын Парламент өкілеттігі мерзіміне Республика Президенті тағайындайды. Мәжіліс республиканың әкімш.-аумақтық бөлінісі ескеріле отырып құрылған, сайлаушылар саны шамамен тең болатын бір мандатты аумақтық сайлау округтары бойынша сайланатын алпыс жеті депутаттан және партиялық тізім бойынша сайланатын 10 депутаттан тұрады.
Президент Үкіметті Конституцияда белгіленген тәртіппен құрады. Тағайындалғаннан кейінгі он күн мерзім ішінде Премьер-Министр Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы республика Президентіне ұсыныс енгізеді. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі жеті мүшеден тұрады, олардың өкілеттігі алты жылға созылады. Конституциялық Кеңестің төрағасын республика Президенті тағайындайды.
Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Ол заңмен құрылған Қазақстан Республикасының Жоғ. Соты және республиканың жергілікті соттары болады. Жергілікті мемл. басқаруды тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты жергілікті өкілдік (мәслихат) және атқарушы органдар (әкімдік) жүзеге асырады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Табиғаты
Толық мақаласы: Қазақстанның жер бедері

"Сарыарқа даласы"
Қазақстанның қазіргі жер бедері палеогеографиялық дамудың талай ұзақ кезеңдерінен кейін, теңіздік және континенттік жағдайлардың алмасып отыруынан, климаттың үнемі өзгеріске ұшырауынан және тектоник. қозғалыстардың нәтижесінде қалыптасқан. Республиканың орт. бөлігінде болған варийлік (герциндік) тау жүйелері жоғ. палеозойдан бастап қарқынды континенттік мүжілуге ұшырау салдарынан, қалдық қырқалы денудациялық жазықтар мен аласа тауларға айналды. Тек қана Торғай қолаты мен республиканың солт.-шығыс бөлігін кайнозойдың мореналық алаптарының жекелеген шығанақтары, ал оңт.-батыс бөлігін тұтасымен бор және неогендік теңіз басып жатты. Төрттік кезеңде ғана Маңғыстау түбегі мен оған жапсарлас аудандар климаты қуаң жазық құрлыққа айналды. Қазақстанның оңт.-шығысында неоген-төрттік кезеңде түзілген биік таулы аймақтың қалыптасу процесі бүгінге дейін созылуда. Оған жер қыртысының осы аймақтағы қозғалыстары мен сілкінулері дәлел. Таулы өңірді табиғат тарихында 3 рет мұз басқан, соның салдарынан мұнда қар, мұздықтық аңғарлар, мореналық жыныстар ұшырайды.
Толық мақаласы: Қазақстанның геологиялық құрылымы
Қазақстан Шығыс Еуропа платформасының оңт.-шығыс шетін (Каспий маңы синеклизасын) және Орал-Моңғол қатпарлы белдеуінің батыс бөлігін алып жатыр. Қатпарлы белдеу өзінің оңт.-батысында Тұран ойпатына (тақтасына) жалғасады.
* Тақтаның (плитаның) мезокайнозойлық тысының астынан Мұғалжар мен Қаратаудың (Маңғыстауда) палеозойлық құрылымдары шығып жатады. Бұлардың шығысындағы Қазақстанның таулы-қатпарлы бөлігінде Орт. Қазақстан палеозойлық массиві - Сарыарқаны, бірнеше қатпарлы жүйелер мен облыстарды (Шыңғыс - Тарбағатай, Обь - Зайсан және Алтай - Саян қатпарлы облыстарының қазақстандық бөліктері), Солт. Тянь-Шань мен Жетісу Алатауының ендік бағытқа жуық альпілік белдеулерін ажыратуға болады. Каспий маңы синеклизасы (ойпаңы) үш бөлікке жіктелген шөгінділерден тұрады. Төм. бөлігі қалыңд. 13 км-ге дейінгі рифей мен төм. және орт. палеозойдың құмды-тақтатасты, сазды, карбонатты-терригендік қат-қабаттарынан, орт. бөлігі кунгур ярусының (қалыңд. 5 км-дей) тұзды сериясынан, беткі жағы жоғ. пермь-мезозойдың теңіздік, континенттік шөгінділерінен (4 - 6 км) құралған...
Толық мақаласы: Қазақстан климаты
Қазақстанның климаты шұғыл континентті. Климаттың континенттігі оның өзіндік ерекшеліктерінен көрінеді. Оларға: қыс пен жаз температурасының үлкен айырмашылықта болуы, ауаның құрғақтығы, республиканың көп жерінде атмосфералық жауын-шашынның әркелкі түсуі, қыстың солтүстікте ұзақ әрі аязды, оңтүстікте қысқа әрі жұмсақ болуы жатады.
Қазақстан өзі орналасқан географиялық ендігі бойынша климаты ылғалды субтропикалы Жерорта теңізі елдеріне және қоңыржай континентті орталық Еуропаға сәйкес келеді. Бірақ еліміз орасан зор Еуразия құрлығының ортасында орналасқандықтан климатының шұғыл континенттігімен ерекше. Өйткені Дүниежүзілік мұхиттардан мыңдаған километр қашық жатқандықтан олардың климат жұмсартарлық әсері өте аз.
Қазақстан коңыржай климаттық белдеудің оңтүстігінде жатыр, сондықтан жылдың төрт мезгілі (жаз, күз, қыс, көктем) айқын білінеді. Қыста Сібірдің қатты суығы келеді. Жазда Орта Азияның жылы, тіпті ыстық ауасының әсері жақсы байқалады. Жыл мезгілдерінің арасындағы температуралық айырмашылықтар климаттың континенттігін арттырады.
Кең байтақ Қазақстан жерінде оның географиялық орнына (яғни атмосфералық ылғалдықтың негізгі көзі - мұхиттардан тым шалғай орналасуына) және жер бедеріне байланысты қуаң континенттік климат қалыптасқан. Басқа кез келген аумақты аймақтар сияқты республика климатына да радиациялық және циркуляциялық факторлар кешені ерекше әсер етеді.
Радиация. Қазақстан аумағы үстінде бүкіл жыл бойы жоғары қысымды ауа қабаты үстемдік етеді, ал оған көршілес аймақтарға (солт., батыс және оңт.) төм. қысымды қабаттар тән келеді. Жалпы республика аумағының көп бөлігінде антициклондық ауа райы басым. Сондықтан мұнда шұғылалы ашық күндер ұзақт. жылына солт-тен оңт-ке қарай 2000 сағ-тан 3000 сағ-қа дейін артып отырады. Жылына солт-те 120, оңт-те 260 күн ұдайы ашық болады, бұлтты күндер саны тиісінше 60 күннен 10 күнге дейін (Балқаш ойысында) кемиді. Міне, осылардың нәтижесінде жиынтық радиация мөлшері де солт-тен оңт-ке қарай 4200-ден 5500 МДжм2-ге дейін біртіндеп артады. Сол сияқты төсеніш беттің (жер бетінің) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Магистралды мұнай құбыры
Толтырғышты химиялық ерітінділермен өңдеу
Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері
Теңіз кенορында қабатқа су айдау әдісін анықтау
Желінің бөліктік зарядтық қуаты
Шарошкалы қашаулардың конструкциясына қойылатын талаптар
Аудандық жылу қазандығы
Автоматтандыру объектісі ретіндегі магистралды мұнай құбыры
Кейбір астрофизикалық құбылыстарды динамикалық хаос теориясы әдісімен сипаттау
Спиндік жүйелердің теориясы
Пәндер