Липидтер


Жоспар:
1. Кіріспе
Негізгі бөлім
- Липидтердің класқа бөлу
- Майлардың химиялық, физикалық қасиеттері
- Май тәріздес заттар (липоидтар)
- Липидтер алмасуы
- Өзіндік зерттеу
Техника қауіпсіздігі
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
3. Тіркелген мәліметтер
Кіріспе
Липидтер дегеніміз - табиғи заттар тобы. Олар іс жүзінде суда ерімейді, бірақ полярсыз еріткіштерде (хлороформ, эфир, ыстық этанол, күкіртті көміртегінде) ериді. Белоктармен, углеводтармен қатар липидтерде мал, адам және өсімдіктердің барлық тканньдері клеткаларының құрамына кіреді. Липид гректің lipos- май деген сөзінен шыққан.
Липидтер мынадай биологиялық қызмет атқарады:
- липидтер энергия қорының (депосының) негізгі түрі және тірі организм үшін көміртегі атомдарын беруші; қор болып жиналған липидтердің құрамы мен мөлшері мал азықтандыруға және олардың қоңдылығына байланысты болады;
- липидтер клетка мембранасының құрылымдық және рецепторлық бөлігі; белгілі бір мүшедегі немесе тканьдегі құрылымдық липидтердің тұрақты мөлшері және белгілі химиялық құрамы болады; ондай липидтер жануарды азықтандыруға және олардың ауруына байланысты өзгермейді;
- Липидтер басқа да биологиялық тұрғыдан маңызды органикалық қосылыстардың алғы заты бола алады;
- Қорғаныс қызметін атқарады, организмдерді ыстық суықтан, электер және механикалық әсерлерден (соққыдан, қағылып соғылудан, қатты суықтан) қорғайды;
- Липидтерде көптеген витаминдер ериді, олардың құрамында алмастыруға келмейтін май қышқылдары бар, ондай қышқылдар организмнің қалыпты тіршілігі үшін қажет.
Липидтерді класқа бөлу.
Химиялық құрамы мен құрылымы жөнінде липидтер екі класқа бөлінеді:
- Майлар немесе бейтарап майлар- қарапайым липидтер деп саналады, мұндай липидтерге триглицеридтер (Триацилглицериндер) жатады.
- Май тәріздес заттар немесе липоидтар- күрделі липидтер. Мұндай липидтерге фосфолипидтер, балауыз, сфинголипидтер, стеролдар және стеридтер жатады.
Мал организмдегі тері майы шелінде, шалбырда, шашырқайда, қойдың құйрығында, түйеннің өркешінде орналасады. Өсімдік организмдегі май тұқымында (дәнінде), сабағында тамырында болады. Азықтық майдың көп бөлігін мақта, күнбағыз дәнегінен, соя мен жүгері дәнінен алады. Сол сияқты сүттен және мал етіненде май алынды.
Мал мүшелерімен тканьдеріндегі липид мөлшері әр түрлі. Мысалы, бұлшық етте 2% шамасындай май, 0, 5% фосфолипидтер, 0, 1% стеролдар бар. Майлы тканьдерде (шарбыда, тері асты шелінде) майдың мөлшері 50% және одан да көбірек.
Майлар.
Май дегеніміз триглицеридтердің қоспасы. Триглицерид - үш атомды спирт глицерин мен май қышқылыының үш молекуласынан құралған күрделі эфир.
Майдың құрылымын 1811 жылы француз ғалымы Шевраль анықтады, ал екінші француз ғалымы М. Бертло 1854 жылы майды синтездік жолмен алды.
Молекуласындағы май қышқылдарының санына байланысты моно, ди- және триглецерид түзіледі. Егер күрделі эфир глицериннің бір гидроксильдік тобынан құралса ол - моноглицерид. Оның құрамына май қышқылының екі молекуласы кірсе, ди глицерид түзіледі, сол сияқты егер глицериннің үш гидроксильдік тобының үшеуіде эфирленсе, онда триглицерид құралады. Табиғи майларда негізінен триглицеридтер ғана кездеседі. Триглицеридтердің түзілу теңдеуі мынадай:
СН 2 - ОН С 17 Н 35 С- ОН
2СН - ОН + С 17 Н 33 С- ОН → 3Н 2 О + СН- О-С- С 17 Н 33
- СН2- ОН С3Н7С-ОН
Триглицеридтердің атауы олардың молекулаларының құрамына кіретін май қышқылдары атауынан шығады. Жоғарыда келтірілген триглицерид құрамына стеарин қышқылы (бірінші жағдайда), олеин қышқылы (екінші жағдайда) және май қышқылы (үшінші жағдайда) кірген. Сондықтан ол 1-стеарил 2-олеин-3 бутилглицерин деп аталады.
Майларды алу. Майларды тек табиғи көзден ғана алуға болады. Мал тканінен майды қайырып, ыдысқа салып, отты басып қойып қыздыру жолымен бөліп алады. Ал өсімдіктер майын сығымдап немесе органикалық еріткіштермен (хлоорформмен, бензолмен немесе эфирмен) экстракция жасап, әсер ету жолымен алынады.
Май адамға және малға қоректік өнім ретінде қажет. Олардың құрамында алмастыруға келмейтін май қышқылдары бар. Биологиялық маңызы жөнінен май белоктан кем емес. Май азықтық мақсаттан басқа техникада майлаушы ретінде қажет, өнеркәіпте майдан әртүрлі сабын, бояу, олифа сияқты заттар дайындалады.
Химиялық құрамы.
Гидролиздеген кезде май глицеринге және май қышқылдарына жіктеледі. Май қышқылдары дегеніміз- карбон қышқылдары. Оның құрамында көміртегі атомдарының ұзын тізбегі бар, Бұл қышқылдарға жалпы қабылданған (тривиалдық) немесе системалық атаулары қалыптасқан. Мысалы, молекула құрамында көміртегінің төрт атомы (С 4 ) бар қышқыл май қышқылы деп аталады. (тривиалдық атауы), сол қышқыл систематикалық номенклатурада бутан қышқылы деп аталады. Молекула құрамында көміртегінің 18 атомы бар (С 18 ) қаныққан қышқыл тиісінше стеарин қышқылы немесе октадекан қышқылы деп аталады.
Майлардың құрамына әр түрлі май қышқылдары кіреді. Мысалы, табиғи майлардың ішіндегі ең күрделісі деп табылған сүт майында 497 май бар екендігі анықталды.
Май қышқылы негізгі бес топқа бөлінеді.
1. Қаныққан май қышқылдарының молекула құрамында көміртегінің 4-24 атомдары болады және олар түзу тізбекке орналасады. Табиғи майларда көміртегі атомдары жұп болады. Май қышқылдары құрамындағы көміртегін нөмірлеу карбоксил тобы тұрған атомнан басталады. Кейде көміртегі атомдары грек алфавиті әріптерімен де белгіленеді. Мұндай жағдайда карбоксил топқа ең жақын орналасқаны көміртегі атомы α- әріпімен белгіленеді.
СН 3 - СН 2 -СН 2 -СН 2 -СН 2 - СООН
ع δ γ β α
2. Молекуласында бір, екі, үш, және одан да көп қос байланыстары бар қанықпаған май қышқылдары. Мұндағы қос байланыстың орны ∆ белгісімен көрсетіледі де, оның шекесіне нөмерлі индекс қойылады. Мысалы, ∆ 9 деген белгі мынаны білдіреді. Карбоксильдік топтан есептегенде 9 көміртегі атомынан кейін қос байланыс орналасады, яғни қос байланыс молекуласындағы 9- және 10 көміртегі атомдарының арасында орналасады. Қышқыл молекуласындағы қос байланыстарыды әрқашанда бір метилен тобы (-СН 2 ) бөліп тұрады. Сол сияқты С 10:0 белгісі май қышқылдарының молекуласы қос байланыссыз екенін көрсетеді. С 18:2 белгісі молекула құрамыфнда екі қос байланыс бар екенін және оның 18 көміртегі атомынан құралғанын білдіреді.
Мұнда да қос байланысты қосылыстар үшін цис-изомерия және транс-изомерия тән, олар ∆ белгісінің алдына қойылыды. Мысалы, цис-∆ 9 немесе транс-∆ 9 . Табиғи майларда әрқашанда цис-конфигурациялы қанықпаған қышқылдар кездеседі. Молекула құрамында екі немесе одан да көп қос байланысы бар қанықпаған май қышқылдары полиқанықпаған қышқылдар деп аталады.
3. Тармақталған тізбекті май қышқылдары. Мұндай май қышқылдары табиғи майларда шамалы ғана мөлшерде кездеседі. Күйіс қайыратын мал майында болады. Олар тармақталған көміртегі атомдарының тізбегі бар амин қышқылдары радикалдарынан тұрады.
4. Оксимай қышқылдары. Бұлар майда сирек кездеседі, әдетте олардың құрамында көміртегі атомдарының ұзын тізбегі бар. Мысалы, цереброн СН 3 (СН 2 ) 21 СНОНСООН.
5. Циклды май қышқылдары. Олар кейбір өсімдіктер майларында табылған.
Төмендегі 2-таблицада мал майында кездесетін негізгі қаныққан және қанықпаған май қышқылдары берілген.
2. Мал майындағы негізгі май қышқылдары
Тривиалдық атауы
(С атомдарының және қос байланыстың саны)
Май қышқылы (С 4:0 )
Капрон қышқылы (С 6:0 )
Каприл қышқылы (С 10:0 )
Каприл қышқылы (С 3:0 )
Лаурин қышқылы (С 12:0 )
Миристин қышқылы (С 14:0 )
Пальмитин қышқылы (С 16:0 )
Стеарин қышқылы (С 18:0 )
Арахин қышқылы (С 20:0 )
Беген қышқылы (С 22:0 )
Лигноцерин қышқылы (С 24:0 )
Бутан қышқылы
Гексан қышқылы
Окиан қышқылы
Декан қышқылы
Додекан қышқылы
Тетрадекан қышқылы
Гексадекан қышқылы
Октадекан қышқылы
Әйкозан қышқылы
Докозан қышқылы
Тетракозан қышқылы
СН 3 -(СН 2 ) 2 - СООН
СН 3 -(СН 2 ) 4 - СООН
СН 3 - (СН 2 ) 6 - СООН
СН 3 - (СН 2 ) 8 - СООН
СН 3 - (СН 2 ) 10 - СООН
СН 3 - (СН 2 ) 12 - СООН
СН 3 - (СН 2 ) 14 - СООН
СН 3 -(СН 2 ) 16 - СООН
СН 3 -(СН 2 ) 18 - СООН
СН 3 - (СН 2 ) 20 - СООН
СН 3 - (СН 2 ) 22 - СООН
Қанықпаған май қышқылдары
Пальмитоолеин қышқылы (С 16:0 )
Олеин қышқылы (СН 18:1 )
Вакцен қышқылы (С 18:1 )
Линол қышқылы (С 18:2 )
Линолен қышқылы (С 18:3 )
Арахидон қышқылы (С 20:4 )
Клупанодан қышқылы (С 22:5 )
Цис-∆ 9 -гексадекан қышқылы
Цис-∆ 9 - октадекан қышқылы
Транс- ∆ 11 - октадекан қышқылы
Тұтас цис-∆ 9, 12, 16 - октадекатриен
Тұтас цис-∆ 5, 8, 11, 14 эйкозтетраен қышқылы
Тұтас цис-∆ 7, 10, 13, 16, 19 докозапентаен қышқылы
СН 3 - (СН 2 ) 5 - СН=СН-(СН 2 ) 7 - СООН
СН 3 - (СН 2 ) 7 -СН=СН-(СН 2 ) 7 -СООН
СН 3 -(СН 2 ) 5 -СН=СН-(СН 2 ) 9
СН 3 -СН 2 -(СН=СНСН 2 ) 3 -(СН 2 ) 6 -СООН
СН 3 -(СН 2 ) 4 -(СН=СНСН 2
-(СН 2 ) 6 - СООН
СН 3 -СН 2 (СН =СНСН 2 ) 5 - (СН 2 ) 4 - СООН
Май қышқылдарының физикалық қасиеттері
Май қышқылдарының қасиеттері оның құрамындағы көміртегі атомдары тізбегінің ұзындығына және қанықпау дәрежесіне байланысты. Мысалы, миристин қышқылының (С 14:0 ) балқу температурасы 54, 4 0 С. Ал С атомының тізбегі ұзарған сайын қышқылдың балқу температурасы да артады. Осыған орай, пальмитин қышқылының балқу температурасы 62, 9 0 С, стеарин қышқылыныкі 69, 6 0 С.
Қанықпаған қышқылдарда қос байланыс санының артуына байланысты балқу температурасы төмендейді. Мысалы, олеин қышқылының (С 18:1 ) балқу температурасы +13, 4 0 С. Полиқанықпаған қышқылдардың балқу температурасы бұдан да төмен.
С 18:2 - 5, 0 0 С; С 18:3 - 11, 0 0 С; С 20:4 - 49, 5 0 С; С 22:5 -78, 0 0 С.
Қаныққан май қышқылдары С 4:0 - С 8:0 үй температурасында сұйық зат. С 10:0 - ден бастап олар қатая бастайды. Қанықпаған май қышқылдары әдетте сұйық күйде болады.
Май қышқылдарының тізбегінде полярсыз байланыстары С-С, С-Н көп. Ондай байланыстар полярлық- СООН тобына қарамай бүкіл молекулаға полярсыз сипат береді. Гидорфобтық ұзын құйрық және гидрофильдік бас (-СООН) май қышқылдарына және липидтерге тән ерекше қасиет береді - олар бір мезгілде өзара гидрофильдік және гидрофобтық әрекеттесуге кіріседі. Осындай қасиеттерінің арқасында липидтер эмульсия түзеді, мембрананың тұрақты құрамдас бөлігіне жатады.
Май қышқылдарының химиялық қасиеттері. Барлық карбон қышқылдары сияқты, май қышқылдары өздеріне тән химиялық реакцияларға қатысады- күрделі эфирлер, тұздар, амидтер және басқа да заттар түзеді. Біз бұл аталған реакцияларды қазір қарастырмаймыз. Май қышқылдарының триглицериндтер молекуласындағы қос байланысқа тәуелді кейбір реакциялары майлардың химиялық қасиеттеріне қатысты баяндалады.
Май - энергияның негізгі қоры.
Май - қуаты мол энергитикалық материал. 1г май толық тотыққан кезде бөлініп шығатын энергия мөлшері 9, 4 ккал. Ал 1г углевод және 1г белоктан 4, 1 ккал энергия шығады. Май қышқылдары организмде триглицеридтер түрінде жиналады. Өйткені көп жиналған бос май қышқылдары улы келеді. Энергия сыйымдылығына байланысты май мен углевод, белоктар арасындағы үлкен айырмашылық мынаған байланысты.
Май қышқылдары жоғары дәрежеде тотықсызданған қосылыстар. Олардың құрамында оттегі жоқ (карбоксильдік топтағыдан басқа) . Сол сияқты триглицериндтер гидробты келеді, ал белоктар мен углеводтар болса гидрофильді. Белоктар мен углеводтар суға жақын және соған сәйкес жоғары гиратталған. Мысалы, 1г құрғақ гликоген 2г сумен байланысады. Сондықтан да мүлде жиналған суы жоқ 1г майдағы энергия қоры, гидратталған 1г гликогенде жиналған энергия қоры ретінде гликоген емес, триглицериндтердің арнайы таңдап алынуы осыған байланысты. Массасы 70 кг болатын адамда триглицериндтер үлесі шамамен 11 кг. Егер осындай мөлшердегі энергия қоры гликоген түрінде жиналса, онда дененің массасы 55 кг ауыр болар еді. яғни 70+55= 125 кг (Л. Страйер, 1985 жыл) .
Майлардың физикалық қасеттері.
Майлардың физикалық және химиялық құрамындағы қышқылдарына байланысты. Мал майы (сиыр майы, сүт майы және басқалар) 40-60% қаныққан май қышқылдарынан (негізінен миристин, пальмитин және стеарин қышқылдары), 30-35% моноқанықпаған май қышқылдарынан тұрады. Мал майында полиқанықпаған май қышқылдары аз. Жылқы майы мен қаз майында полиқанақпаған май қышқылдары көп. Сондықтан да олардың май қатпайды.
Өсімдік майында әдетте қаныққан май қышқылдары аз (10-20%), қанықпаған қышқылдар көп (80-90%) . Қанықпаған қышқылдардың құрамы өсімдік түріне байланысты. Зәйтүн майының 79% олеин қышқылынан; күнбағыс майының 75% линол қышқылынан тұрады. Өсімдік майлары сұйық күйде болады.
Триглицеридтердің иісі жоқ, бірақ төменгі молекулалары май қышқылдары (май қышқылы мен капрон қышқылы) бар триглицеридтер дәмі жағымды келеді. Бұл жағдайда сүт майының және сары майдың өздеріне тән жағымды дәміне байланысты. Жоғары молекулалы май қышқылдарының иісі жоқ. Ал өзінің құрамындағы С атом тізбегінің қысқаруына байланысты жағымсыз иіс пайда бола бастайды, ондай иіс тізбегінің ұзындығы С 4 - С 6 болатын қышқылдарға тән.
Майдың азық- түлік ретінде бағалылығы оның балқу температурасына байланысты. Майдың балқу температурасы мал денесі температурасына жақындаған сайын, май жақсы эмульсияланады, асқазанда жақсы қорытылып, организмге оңай сіңеді.
Әр түрлі майлардың балку температурасы мынадай мөлшерде ауыткиды (С 0 есебімен) :
Сиыр сүтінің майы 28-42
Қой сүтінің майы 29-36
Ешкі майы 27-39
Адам сүтінің майы 32
Сиыр майы Шошқа майы 42-50
Кокос майы 20-28
Пальма майы 27-42
Майлардың химиялық қасиеттері.
Триглицеридтер химиялық тұрғыда бейтарап, инертті келеді. Оларға мынадай реакциялар тән:
1. Гидролиз рекациясы. Бұл реакция әсіресе майларға тән нәрсе. Тірі организмде гидролиз реакциясы катализатор (фермент) әсерімен жүреді, ал организмнен тыс жерде сілті катализатор қызметін атқарады және қыздыру қажет.
СН 2 - О- С- R СН 2 - ОН
СН- О- С-R + 3Н 2 О → СН - ОН +3R- СООН
Май қышқылдары
СН 2 - О-С- R СН 2 -ОН
Триглицерид Глицерин
Егер майдың гидролиздеуі сілтінің әсерімен жүретін болса, ондай реакцияны сабындану деп атайды. Бұл кезде май қышқылдарының тұзы түзіледі, ондай тұздар сабын деп аталады. Сабын дегеніміз - май қышқылдары натрий тұздарының қоспасы. Мысалы, С 17 Н 35 СООNа тұздарға жатады. Май қышқылдарының калий тұздары сұйық боладығ олар медициналық сабын деп аталды.
2. Гидрогендену реакциясы. Әдетте мұндай реакция сұйық майдан қатты май алу мақсатымен іске асырылады. Мавргарин өндірісінде саломас алу үшін қолданылады. Мұндағы катализатор - никель немесе платина.
3. Гидроасқын тотықтардың түзілу реакциясы. Бұл реакция ферменттредің қатысынсыз өтеді. Липидтердің қос байланысы бар. Май қышқылдарын қүшті тотықтырғыштар тотықтырады. Мысалы, сутегінің асқын тотығы Н 2 О 2 , супер тотық - анион радикал О 2 - немесе гидроксил- радикал ОН. Мұндай тотықтырғыштар клеткада болады. Қанықпаған май қышқылдары тотығу процесі кезінде гидропертотыққа айналады:
>С= О<+ Н 2 О 2 → НО- О- С- С<
Қанықпаған Тотықтырғыш Гидроасқын тотық қышқылдың фрагменті
Линол қышқылы мысалында гидроасқын тотықтардың түзілуін былай көрсетуге болады:
СН 3 - (СН 2 ) 4 - СН =СН- СН 2 -СН = СН- (СН 2 ) 7 - СООН +2 * ОН → СН 3 -
Линол қышқылы Тотықтырғыш
(СН 2 ) 4 - СН- СН = СН-СН = СН- (СН 2 ) 7 - СООН
О- О -Н
Линол қышқылының гидроасқын тотығы
4. Майлардың асқын тотығып ашуы, бұзылуы. Триглицеридтердің құрамына кіретін май қышқылы гидролиз кезінде оңай бөлініп шығады. Ол қышқылдың жағымсыз дәмі, сасық иісі бар, сүт майын және сары майды бүлдіретін осы қышқыл. Триглицериді ұзақ сақтау кезінде және қанықпаған қышқылдар тотығуының жағымсыз кезінде оттегінің әсерінен гидроасқын тотықтар ғана түзіліп қана қоймайды сонымен қатар мұнда йқұрылымды асқын тотықтарда түзіледі:
- СН = СН - + О 2 → - СН- СН -
О - О
Қанықпаған қышқыл Асқын тотық
молекуласының фрагменті
5. Майдың «кебуі». Өсімдік майлары әсіресе зығыр майы қыздыру кезінде қоюланады да бара- бара қатайып түссіз жарғақ секілденіп қалады. Бұл қанықпаған қышқылдардың полимерленуіне, сөйтіп полимер түзілуге және оттегін қосып алуға байланысты мәселе. Соның нәтижесінде О 2 есебінен майдың массасы ұлғаяды. Осындай жолмен олифа майлы бояулар, лактар, политура алынады.
Май тәріздес заттар (липоидтер)
Май тәріздес заттарды кейде күрделі липидтер деп атайды. Олар 4 топқа бөлінеді: 1) фосфолипидтер (фосфатидтер), 2) балауыз, 3) сфинголипидтер, 4) стеролдар (стериндер) мен стеридтер.
Фосфолипидтер.
Липоидтардың ішінде әсіресе көп таралғаны фосфолипидтер. Олар майға жақын, глицериннің екі гидроксильдік тобы май қышқылдары мен этирленген. Үшінші гидроксильдік топ фосфор қышқылының күрделі эфирін түзеді, оған азоттық негіз қосылады. Липоидтердің азоттық негіздеріне холин, этаноламин (коламин), серин жатады.
HOCH 2 - CH 2 - N + ≡ (СН 3 ) 3 НОСН 2 - СН 2 - NH 3 +
Холин Этаноламин (коламин)
НОСН 2 - СН- СОО -
NH + 3
Серин (цвиттер - ион)
Фосфолипидтер мен сфинголипидтер басқа липидтерден бір құрылымдық ерекшелігі бойынша ажыратылады. Олардың молекуласында әртүрлі екі топ бар: полярсыз гидрофоб «құйрық», полярлы гидрофиль «бас». Екі түрлі табиғаты бар қосылыстар анфипатиялық (гректің «екі жақты» және «сезім» деген сөздерінен шыққан) деп аталады.
Балауыз.
Жоғары молекулалы май қышқылдарының және С 16 - С 30 бір атомдық жоғары спирттердің күрделі эфирлері балауыздың негізін құрайды. Балауыздың құрамында бос май қышқылдары спирттер, углеводтар, бояушы және иісті заттар болады. Оның кұрамы күрделі.
Іс жүзінде ара балының балауызы, спермацет (кашалот киттінің бас қуысынан алынады), ланолин (қойдың тері майынан алынады) құрамының негізін күрделі эфир пальмитомирицил құрайды:
О
СН 3 - (СН 2 ) 14 - С- О- СН 2 - (СН 2 ) 28 - СН 3
Ланолин құрамында холестерол, пальмитин қышқылы, миристин қышқылы, олеин қышқылы, капрон қышқылы көп болады.
Балауыз - метаболизмнің соңғы өнімі. Ол жұқа қабық түрінде орналасады және қорғаныс қызметін атқарады. Балауыз су құстарына, жануарларға қажет, ол құстың қауырсынына, жануарлардың терісіне су жұқпайтын қасиет береді. Араның әр 8 кг балынан 1 кг балауыз жиналады.
Сфинголипидтер.
Фосфолипидтермен бірге сфинголипидтерде клетка мембранасының барлық түрінен табылған. Сфинголипидтердің фосфолипидтерден айырмасы- олардың құрамында глицерин болмайды. Сфинголипидтердің 4 түрі бар:
1) фосфосфинголипидтер, 2) цереброзиттер, 3) ганглиозидтер, 4) сульфолипидтер.
Соңғы үшеуінің құрамында қант бар, олар гликолипидтер деп аталады. Барлық сфинголипидтердің негізінде сфингозин бар. Сфингозин қанақпаған аминоспирт. Оынң көміртегі тізбегі ұзын.
СН 3 - (СН 2 ) 12 -СН = СН- СН- СН- СН 2 ОН
ОН NH 2
Алғышқы сфинголипидтер деп церамидті санайды. Ол сфингозиннен және моноқанықпаған май қышқылынан (олейн қышқылынан) амндтік байланыстың көмегімен түзіледі.
СН 2 ОН О СН 2 ОН О
СН- NH НО- С СН- NH С
CHOH (СН 2 ) 7 CHOH (СН 2 ) 7
CH + СН →H 2 O + CH СН
CH СН CH СН
(СН 2 ) 12 (СН 2 ) 7 (СН 2 ) 12 (СН 2 ) 7
СН 3 СН 3 СН 3 СН 3
Сфингозин Олеин Церамид
қышқылы
Қантты, аминқанттарды, фосфат туындыларын және басқа да бөліктерді қосып алу арқылы церамидтен фосфолипидтердің барлық төрт тобы түзіледі.
Фосфосфинголипидтер - цереамидтер туындысы, сфингозин құрамындағы алғашқы спиртік топ фосфат туындыларымен қосылып, мұнда этерленген. Әсіресе көп таралған фосфосфинголипид- цереаминдтен және фосфохолинннен құралған сфингомиелин. Сфингомиелин көпшілік клеткалардың мембрана құрамына кіреді.
СН 3 - (СН 2 ) 12 -СН = СН-СН- СН-СН 2 -О -Р- О СН 2 - СН 2 - + N≡ (СН 3 ) 3
ОН NH OH
Сфингомиелин C = O Фосфохолин қалдығы
R
Церброзиттер- сфинголипидтердің ішіндегі ең қарапайымы, цереамидтен және қанттың бір қалдығынан (галактозадан немесе глюкозадан) құралады. Церамидтер құрамында олеин қышқылынан басқада жоғары иолекулалы май қышқұылы болуы, мысалы, стерарин қышқылы, лигноцерин қышқылы болуы мүмкін. Құрамында галактоза бар цероброзидтер көп мөлшерде сүт қоректі жануарлардың миында және нерв тканінде кездеседі. Басқа ткандерде көбінесе құрамында глюкоза бар цереброзиттер кездеседі.
β
СН 3 -(СН 2 ) 12 - СН = СН- СН- СН- СН 2 - О ← I галактоза
ОН NH (R- май қышқылының радикалы)
C = O
R
Цереброзид (галактоцереброзид)
Ганглиозидтер. Ганглиозидтер әсіресе күрделі цинголипидтерге жатады ол мынадай бөліктерден тұрады: церамид, глюкоза (глю), галактоза (гал), N- ацетилгалактозамен (N-ац. Гал. амин), сиал қышқылы (ск) .
β β
СН 3 - (СН 2 ) 12 - СН = СН- СН -СН - О ← 1 глю 4 ←
ОН NH
C = O
β R
← 1глю 4 ← 1 N-ац. Гал. ам.
- 3
↑ β ↑ β
2 1
сқ гал
Ганглиозид G м1
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz