«Нұрлы жол» бағдарламасы Қазақстанның тұрақты экономикалық тірегі



Кіріспе ... ... ... ... ... ...3
1. Нұрлы жол Бағдарламасы
1.1. Бағдарламаға жалпы шолу ... ... ... ..5
1.2. Кең ауқамды іске асыруға тиіс мәселелер..7
2. Жолдаудың ең басты түйіні
2.1. Ифрақұрылымдық даму ... ... .8
3. Жалпы ұлттық идея
3.1. Мәңгілік ел ... ... ... ... ... ... ... .11
Қорытынды ... ... ... ...12
Пайдаланылған әдебиеттер
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 11 қарашадағы Жолдауы қаншалықты көкейтесті және күтпеген жерден болса, атқарылатын жұмыстардың соншалықты маңыздылығы мен жауапкершілігі жылдам, әрі нәтижелі орындалу керектігі бірден байқалып қалды. Бұған дейінгі Жолдаулар дәстүрлі түрде жаңа жылдан кейін жарияланатын еді. Бірақ бұл жолы Президент Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауын әдеттегідей емес, қараша айының басында жариялап жіберді. Бұған баспасөздер мен әлеуметтік желілерде саясаттанушылар арасында әртүрлі пікірлер айтылып, қызу талқыға түсуде. Көбісі бұл маңызды құжат еліміздің әлеуметтік дамуына тың серпін береді деп топшылауда.
Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі айтқандай, қазір бүкіл әлем экономикалық сипаттағы жаңа қатерлермен бетпе-бет келіп отыр. Ол – қаржылық дағдарыс, әлемдік экономиканың құлдырауы, ірі державалардың геосаяси дағдарысы бәрі-бәрі есепке алынуда.
1. E-history.kz
2. Айбын. Энциклопедия. / Бас редакторы Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы»,
3. Akorda.kz

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Семей қ. Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті



СӨЖ
Тақырыбы: Нұрлы жол бағдарламасы Қазақстанның тұрақты экономикалық тірегі.

Орындаған:
Тексерген:

2016 ж
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
Нұрлы жол Бағдарламасы
Бағдарламаға жалпы шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
Кең ауқамды іске асыруға тиіс мәселелер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .7
Жолдаудың ең басты түйіні
Ифрақұрылымдық даму ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
Жалпы ұлттық идея
Мәңгілік ел ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14

Кіріспе:
Тақырыптың өзектілігі: Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 11 қарашадағы Жолдауы қаншалықты көкейтесті және күтпеген жерден болса, атқарылатын жұмыстардың соншалықты маңыздылығы мен жауапкершілігі жылдам, әрі нәтижелі орындалу керектігі бірден байқалып қалды. Бұған дейінгі Жолдаулар дәстүрлі түрде жаңа жылдан кейін жарияланатын еді. Бірақ бұл жолы Президент Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауын әдеттегідей емес, қараша айының басында жариялап жіберді. Бұған баспасөздер мен әлеуметтік желілерде саясаттанушылар арасында әртүрлі пікірлер айтылып, қызу талқыға түсуде. Көбісі бұл маңызды құжат еліміздің әлеуметтік дамуына тың серпін береді деп топшылауда.
Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі айтқандай, қазір бүкіл әлем экономикалық сипаттағы жаңа қатерлермен бетпе-бет келіп отыр. Ол - қаржылық дағдарыс, әлемдік экономиканың құлдырауы, ірі державалардың геосаяси дағдарысы бәрі-бәрі есепке алынуда. Соны меңзеген облыс әкімі өңіріміз үшін маңызды деген жайттарға ой тоғытып, болашақта атқарылатын жұмыстарға тоқталды.
Елбасымыздың биылғы Жолдауында алдымен мемлекетіміздің, ұлттық экономикамыздың, азаматтық қоғамымыздың, қоғамдық келісіміміздің, өңірлік көшбасшылығымыз бен халықаралық беделіміздің дағдарыста сыналуы сөз болды.
Ең бастысы, бұдан бұрынғы қол жеткізілген нәтижелер сараланып, енді осыдан соң тың міндеттерге бағыт беріліп, соны жүзеге асыруға бар күш-жігер жұмылдырылмақ. Ұлттық қордан 2015, 2016, 2017 жылдарға, әр жыл сайын үш миллиард доллардан қаржы құйылуы соның берік кепілдігі іспеттес.
Әсіресе, әлеуметтік саладағы екі-үш ауысымды мектептерді жою, балабақшаны көбейту және тағы басқа мақсаттардың халық көңілінен шығып, қолдау табары сөзсіз. Ұлттық қордан 2015-2016 жылдарға 180 миллиард теңге қаржының жас отбасылар мен пәтерге мұқтаж адамдарға үй салуға бөлінетіндігі де халықты бір қуантып тастады.
Жолдауда еліміздің жолдары ең негізгі байланыс өзегі болғандықтан, негізгі аймақтарды байланыстыратын автожолдарды жөндеу туралы тапсырмаларға да ерекше көңіл бөлінді.
Жастар мен жоғары білім саласының мемлекет назарынан тыс қалмайтынын айрықша атап көрсетті, жоғары оқу орындары тек ғылым-білім ғана емес, сонымен қатар жаңа инновациялардың ордасы болып, Отанымыздың экономикалық-әлеуметтік дамуында мемлекетке қолғабыс тигізуі тиіс. Сонымен қатар қай істің де алтын діңгегі - жоғары сапалы кадрлар құрамы. Бұл орайда Н.Назарбаев қазір өзін-өзі жан-жақты ақтаған Болашақ бағдарламасын одан әрі жетілдіріліп, өркен жаятынын айтып, ел жастарының сенімін нығайтты.
Тақырыптың мақсаты: Осы өздік жұмысының мақсаты 2014 жылғы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауымен танысу, Нұрлы жол бағдарламасымен танысу оның басты мақсатын білу.
Тақырыптың міндеті:
Нұрлы жол бағдарламасымен танысу;
Бағдарламаның негізгі бағыттары;
Нұрлы жол бағдарламасының артықшылығымен танысу;
Құрылымы: Осы өздік жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Нұрлы жол бағдарламасы
Бағдарламаға жалпы шолу
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Нұрлы Жол - болашаққа бастар жол атты Қазақстан халқына Жолдауы - өзінің тарихилығымен ерекшеленетін кезекті құжат. Елдің Жаңа экономикалық саясаты туралы Жолдау барша қазақстандықтар сияқты Жаңақорған халқы тарапынан да бірауыздан қолдау табуда.
Өздеріңіз байқағандай, Елбасының қазақстандықтарға жолдаған жаңа Жолдауында түрлі маңызды мәселелер жан-жақты көрініс тапқан. Ұлт көшбасшысы халыққа арнаған Жолдауында 7 бағытқа айрықша назар аударған:
Көліктік-логистикалық инфра - құрылымдарды дамыту.
Индустриялық инфра - құры - - - лымдарды дамыту.
Энергетикалық инфра - құры - лымдарды дамыту.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен су- және жылумен қамтамасыз ету желілері инфрақұ - рылымдарын жаңғырту.
Тұрғын үй инфрақұрылымдарын нығайту.
Әлеуметтік инфрақұрылым - дарды дамыту.
Шағын және орта бизнес пен іскерлік белсенділікті қолдау бойынша жұмысты жалғастыру.
Сонымен бірге Елбасы Жолдауда денсаулық, білім мәселесінің де күн тәртібінен түспейтінін айтты.
Ел экономикасының дамуы көлік қатынасының өркендеуімен тығыз байланысты. Өздеріңізге белгілі, жеті бағыттың алғашқысы көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту болып табылады. Бұл жөнінде Елбасымыз: Қазақстандықтар салатын жаңа магистральдар біздің экономикамыз бен қоғамымызды жаңартады. Олар біздің еліміздің барлық түкпірлерін орталықпен берік байланыстырады. Жүк тасымалы жеделдейді және ұлғаяды. Ел арқылы транзит көлемі артады. Біздің азаматтарымыз заманауи және сапалы автомагистральдармен жүріп, кез келген өңірге қауіпсіз және тез жететін болады. Әлеуметтік инфрақұрылым жақсарады, жаңа және заманауи мектептер мен ауруханалар жоғары сапалы қызметтер көрсетеді..., - деп Жолдауда нақты айтты. Бұл бағытта біздің ауданымызда да біршама жұмыстар атқарылды. Соның бірі ағымдағы жылы автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстарына 36 551,0 мың теңге қаржы бөлініп, 34,538,0 мың теңгесі игерілді. Ал келер жылы Жайылма, Байкенже, Қаратөбе, Қожамберді, Кеңес, Жаңарық елді мекендерінің ауылішілік көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілмекші.
Жолдаудың екінші бағыты - индустриялық инфрақұрылымдарды дамыту болып табылады. Бұл бағытта Елбасы облыстардан индустриялық аймақтар құруды тапсырды. Бәрімізге белгілі, Индустриялы-инновациялық даму бағдарламасы аясында облыста 22 жоба іске асырылса, оның 5 Жаңақорған ауданында іске асырылды. 1 жоба Республикалық даму картасына енді, 4 жоба аймақтық даму картасына еніп отыр. 2010-2014 жылдары өндіріс саласына 48 млрд 277 млн теңгеден астам инвестиция салынып, жаңадан 987 жаңа жұмыс орындары ашылды.
Индустриалды - инновациялық даму мақсатында қомақты инвестициялар салып, аудан экономикасының өркендеуіне зор үлес қосып отырған Казатомпром Ұлттық Корпорациясы Акционерлік Қоғамына қарайтын уран өндірісімен айналысатын Қызылқұм, Байкен-U, СКЗ-U Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестіктерінің жылына 500 мың тонна күкірт қышқылын өндіретін зауыты, қорғасын-мырыш кенін өндіретін Шалқия Цинк ЛТД ЖШС-гі, қиыршық тас өндіретін Казпром - Қызылорда Компаниясы ЖШС-гі, Шалқия-Неруд ЖШС-гі, КДСМ Қыран ЖШС-гі, УАД ЖШС-гі компаниялары. Бұл компаниялар заман талабына сай жаңа технологиялар мен құрал-жабдықтарды қолдану арқасында зор табыстарға жетіп отыр.
Алдағы жылдары, индустриялы-инновациялық дамудың екінші бесжылдығында ауданда бірнеше инвестициялық жобалардың іске асырылуы жоспарлануда. Осы орайда, Облыс әкімі аппараты мәжілісінің хаттамалық тапсырмасына сәйкес Жаңақорған кентінен шағын индустриалды аймақ ашу мақсатында жер учаскесі таңдалып алынды. Бүгінде ол жер аумағы тазартылып тегістелді. Тиесілі өлшемдері жасалып учаскелерге бөлінді. Учаске аралық жолдары салынды. Бүгіні күні осы аймаққа орналасып, кәсіпкерлік нысандарын салуға 30-дан астам азаматтар тілек білдіріп отыр.
Елбасы Жолдауда тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту мәселесіне айрықша маңыз берілгені белгілі. Оның ішінде мемлекет әлеуметтік жалдамалы баспананы салып, оны тұрғындарға сатып алу құқын бере отырып, ұзақ мерзімге жалға беруді ұсынды. Бұл делдалсыз және несиеге барынша төмен пайызбен ұсыну оның сатып алу құқын арзандатуға мүмкіндік тудырады.
Мемлекет басшысы жаңа экономикалық саясатында шағын және орта бизнес өкілдеріне қолдау білдіруді де ұмыт қалдырған жоқ. Бұл жөнінде Елбасы Жолдауда: Бүгінде Ұлттық қордан Шағын және Орта Бизнесті қолдауға және несиелеуге бағытталған 100 миллиард теңге толықтай игерілді. Бұл 4,5 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. Бұл қаржыға сұраныс ұсыныстан 23 миллиард теңгеге асып түсті. Бизнесті 10 жылға бар-жоғы 6 пайызбен несиелеудің бұрын-соңды болмаған шарты жасалды. Мұндай шарттар біздің елімізде бұған дейін болған емес,- деп атап өтті. Расында да мұның өзі кәсіпкерлер үшін бұл - бұрын-соңды болмаған мемлекеттік қолдау.

Кең ауқамды іске асыруға тиіс мәселелер

Жолдаудың ең басты түйіні
2.1 Инфрақұрылымдық даму
Бірінші. Көліктік-логистикалық инфрақұрылымдарды дамыту. Ол макроөңірлерді хабтар қағидаты бойынша қалыптастыру аясында жүзеге асырылатын болады. Оның үстіне, инфрақұрылымдық қаңқа Астанамен және макроөңірлерді магистаралды автомобиль, теміржол және әуе жолдарымен шұғыла қағидаты бойынша өзара байланыстырады. Бірінші кезекте, негізгі автожолдар жобасын жүзеге асыру қажет. Бұлар Батыс Қытай -- Батыс Еуропа; Астана -- Алматы; Астана -- Өскемен; Астана -- Ақтөбе -- Атырау; Алматы -- Өскемен; Қарағанды -- Жезқазған -- Қызылорда; Атырау -- Астрахань. Сондай-ақ, елдің шығысында логистикалық хаб және батысында теңіз инфрақұрылымын құруды жалғастыру қажет. Батыс бағытта Каспий порты арқылы экспорттық әлеуетті арттыруға Құрық портынан ауқымды паромдық өткелі және Боржақты -- Ерсай теміржол желісі ықпал ететін болады. Үкіметке Қытайдың, Иранның, Ресей мен ЕО елдерінің құрғақ" және теңіз порттарында терминалдық қуаттар салу немесе жалға алу мәселесін ойластыруды тапсырамын. Екінші. Индустриялық инфрақұрылымдарды дамыту. Инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру құрылыс материалдарына, көліктік-коммуникациялық, энергетикалық және тұрғын үй-коммуналдық салалар үшін өнімдер мен қызмет көрсетулерге үлкен сұраныс тудырады. Осыған байланысты, біріншіден, жұмыс істеп тұрған арнайы экономикалық аймақтарда инфрақұрылымдар қалыптастыру жұмыстарын аяқтау керек. Үкіметке және әкімдерге оларды нақты жобалармен толықтыру бойынша жедел шаралар алу қажет. Екіншіден, өңірлерде ШОБ өндірісін дамыту мен қосымша инвестициялар тартуға бағытталған жаңа индустриялық аймақтар салу мәселесін ойластырған жөн. Туризм үшін инфрақұрылым -- жеке бағыт. Оның басты басымдығы жұмыс орындары санын көптеп құру мүмкіндігі болып табылады. Мұнда бір жұмыс орнын құру өнеркәсіпке қарағанда 10 есе арзанға түседі. Үшінші. Энергетикалық инфрақұрылымдарды дамыту. Өткен 5 жылда энергетикада индустрияландыру бағдарламасы шеңберінде үлкен жұмыстар жүргізілді. Соған қарамастан, магистралдық желілердің шектеулілігі елдің оңтүстік өңірлерінде электр энергиясының, орталық және шығыс облыстарында табиғи газдың тапшылығын туындатып отыр. Екі жобаға назар салу керек. Екібастұз -- Семей -- Өскемен және Семей -- Ақтоғай -- Талдықорған -- Алматы бағыттарында жоғары вольтты желілер салу қажет. Бұл қазақстандық электр стансаларының елдің барлық өңірлерін теңдестірілген энергиямен қамтамасыз етуіне мүмкіндік береді. Төртінші. ТКШ мен су және жылумен қамтамасыз ету желілері инфрақұрылымдарын жаңғырту. Инвестицияларға жалпы қажеттілік қаржыландырудың барлық көздерінен 2020 жылға дейін жыл сайын ең азы 200 миллиард теңге бөлгенде кем ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білімді ұрпақ - болашақ тірегі
«МӘҢГІЛІК ЕЛ» - ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ
Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі
Қазақстанның ұлттық валютаның (теңгенің) болашағы
Тәуелсіздік - мәңгілік еліміздің тұғыры
«НҰРЛЫ КӨШ» – «СОРЛЫ КӨШке» айналды ма?
Нарықтық экономиканың өзегі - бәсеке
Саяси партиялар туралы Қазақстан Республикасының Заңы
Туризмді дамытуға әр елдердің және Қазақстандағы туризм түрлерін дамытуға арналған перспективті бағдарламаларды талдау
МӘҢГІЛІК ЕЛ - ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ
Пәндер