1937-1938 жж. Қазақстандағы жаппай репрессиялау шаралары және оның салдары:ұлт интеллигенциясының қиын тағдыры құжаттарда


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіСемей қ. Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: 1937-1938 жж. Қазақстандағы жаппай репрессиялау шаралары және оның салдары:ұлт интеллигенциясының қиын тағдыры құжаттарда.

Орындаған:

Тексерген:

2016 ж

Жоспар

Кіріспе . . . 3

  1. 1937-1938 жж. Қазақстандағы жаппай репрессиялау шаралары1937-1938 жж. жаппай жазалау шаралары . . . 5Қазақстан аумағындағы «еңбекпен түзеу» лагерьлері . . . 6Репрессиялау салдары . . . 7
  1. Ұлт интеллигенциясының саны мен құрамындағы демографиялық мәселелер. . 8Ұлт интеллигенциясының көрнекті өкілдері . . . 8Ұлт интеллигенциясының қиын тағдыры құжаттарда . . . 9

Қорытынды . . . 11

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 12

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Репрессия- бүтіндей жою, басып- жаншу мақсатында жүргізілетін жазалау шаралары (мысалы, реакциялық тәртіптерді) . Үкімет басшыларының заң орындары арқылы өз халқын, оның жекелеген өкілдерін қуғынға ұшыратып, жазалау шаралары.

1930 жылға қарай елдің барлық жерінде социалистік қатынастар орнады. Жер фабрика, заводтар, ұжымшарлар мен кеңшарлар мемлекет меншігіне өтті. Өндіріс құрал-жабдықтарына қоғамдық меншік орнықты. Елде 1936 жылдың 5 желтоқсанынада Кеңестердің Жалпыодақтық ҮІ төтенше сьезінде жаңа сталиндік Конститутция қабылдады. Ол бойынша КСРО - да бюрократиялық орталықтандыру орнықты. Социализм тоталитарлық казармалық сипат алды. Елде сталиндік саясат жүзеге асты. Жазалау органдарының қызметі күшейтілді. Осылайша жеке адам құқығы аяққа басылып, пікір айтқан, ұсыныс жасаған адам «халық жауы» қатарына жатқызылып жазаланды. Сталиндік қуғын-сүргін «геноцид саясаты» осылай басталды.

1937-38 жылдары қазақтың көрнекті қайраткерлерінің барлығы репрессияланды. Сондай-ақ респрессия құрбандары ішінде Тұрар Рысқұлов, Нығмет Нұрмақов, Сұлтанбек Қожанов, Ұзақбай Құлымбетов, Ораз Жандосов, Әбілхайыр Досов, Смағұл Сәдуақасов, Темірбек Жүргенов, Әлихан Бөкейханов, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Құдайберген Жұбанов, Санжар Асфендияров та бар. Бүгінгі таңда Қазақстанның орталық көшелеріне, мемлекеттік мекемелеріне осы қоғам қайраткерлері мен қазақтың көрнекті азаматтарының аты берілген. Олардың еңбектерін оқушылар, студенттер оқып, ғалымдар зерттейді. Олардың құрметіне мемлекетте мемориалдық кешендер орнатылып, ескерткіштер ашылған.

Қазір біздің тарихымыздағы Сталиннің рөлі туралы айтыс тартыстар ұлғаюда. Оның тарихи тұлғасы қарама - қайшылықта айтылады. Тарихи шындық позициясынан қарасақ, Сталиннің социализм жеңісін қамтамасыз етудегі, оны қорғаудағы үлесі шексіз, десе де осы жолда ірі саяси қателіктерге жол берді, оның өзі мен маңайындағылардың қателіктерінің арқасында халқымыз жапа шекті. Кей кездері бұл сорақылықты Сталин білмеген деседі . Ал біз білетін құжаттар басқаша айтады, партия мен халық алдындағы Сталин мен оның маңайындағылардың жаппай қуғын - сүргін ұйымдастыруы мен заңсыздыққа жол беруі - кешірілмейді. Бұл барлық кезеңдегі ұрпақ үшін тарихи сабақ.

Тақырыптың мақсаты: Осы өздік жұмысының мақсаты 1937- 1938 жж репрессия шараларымен және оның салдарымен танысу, сондай-ақ сталиндік жазалау шараларына шолу жасау. Бұл кездегі ұлт интеллигенциясының қиын тағдырын, қасіретін ой елегінен өткізу.

Тақырыптың міндеті:

  • Сталинизмнің орнығуы, жазалау шараларымен танысу;
  • Сол кездегі Халық қасіреті;
  • Кеңес Одағы кезіндегі Қазақстанда салынған еңбекпен түзеу лагерьлерінің тарихына шолу жасау

Құрылымы: Осы өздік жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1937-1938 жж. Қазақстандағы жаппай репрессиялау шаралары

  1. 1937-1938 жж. Жаппай жазалау шаралары.

Қазақстандағы екінші репрессия 1937-1938 жылдары жүргізілді. Себебі бұл жылдары бүкіл елімізде, әсіресе Мәскеу мен Ленинградта жаппай жазалау шаралары басталған еді. Соның ызғары Қазақстанғы Қарағанды қаласына да келіп жетті. Өйткені Қарағанды еліміздегі үшінші көмір ошағы аталды. Мұнда көптеген партия, мемлекет және қоғам қайраткерлері, белгілі ғалымдар мен ақын- жазушылар жұмыс істеді.

Осы жылы маусымайында Қарқаралы округтік партия комитетінің хатшысы М. Ғатаулин ұсталды . Өйткені ол 1932 жылдын өзінде-ақ Ғ. Мүсірепов, М. Дәулетқалиев, Қ. Куанышев, Е. Алтынбековтермен бірге Қазақстан өлкелік партия комитетінін сол кездегі 1-хатшысы Ф. И. Голощекиннің үстінен БК(б) ПОК-не хат жазған болатын. Бұл хат Қазқстан Компартиясы тарихында «Бесеудің хаты» деген атпен белгіледі. Осы хатқа байланысты М. Ғатаулин үнемі бақылауда жүретін. Сол тұста онымен бірге Н. Нұрсейітовты, М. Орддбаевты, Ж . Баймолдинді тұтқынға алады. Сол жылдың күзінде осы іс бойынша А. Асылбеков, Н. Нұрмақов, С. Сейфуллин, Т. Рысқұлов т. б. ұсталып, ату жазасына кесілді . Бұдан кейін осы облыста кызмет істеген Ғ. И. Пинхасик, Ә. Макатов, Ж. Сәдуакасов, М. Тәтімов, Ж. Сұлтанбеков, X. Әміров, О. Беков, X. Жүсіпбеков, Т. Нұртазин, С. Талжанов, Р. Әлсенов, А . Асылбековтыңәкесі-Мүсәпір, С. Сейфулиннің әкесі - Сейфулла, Хасен Жетпісбаев сияқты карттар камауға алынып, ауыр жазаға ұшырады . Сол жылдары Федоровда, Куперман, Мрачковский, Кадаленко, Шедин, Измаиловтардың тобы деген «істер» ұйымадастырылды, көптеген адамдар нақақтан - нақақ жауапқа тартылды. Солардын ішінде Смирнов, Смертюк, Парамонов, Хенкин, Скрипкин, Көрпебаев сияқты жұмысшы гвардиясының көрнекті өкілдері де кетті . Бұлардан басқа «Қарағанды ісі», «Қарқаралы ісі» деген жалған қылмыспен сан қазақ сотталды. Сөйтіп, 1937 ж. кезінде Қазақстанның Петропавл, Қостанай, Семей обл ның чекистері тәрізді Қарағанды обл . Ішкі істер басқарма сынын қызметкерлері де ерекше қаталдығымен көзге түсті . Тіпті Ұлы Отан соғысының ауыр жылдарында Карағанды чекистерінің ұйымдастыруымен 1944 ж. қаланың Жамбыл атындағы орта мектебінің бір топ жастары- 3. Әбділдин, Б. Жақсылықов, А. Рүстемов, Ж. Өмірбеков т. б . « ЕСЕП » («Елін сүйгенерлер партиясы » ) атты ұлтшылдық ұйым құрды » деген айыппен қамауға алынып, жауапқа тартылды. Ал 1951-52ж. Карағанды оқытушылар институтының профессор К. Жұмашев, аға оқытушысы А. Нарешев, осы институттың түлектері Б. Ысқақов, М. Теміров, Р. Нарешев т. б. жоғарыда аталған ұйымға қатысы болған деген айыппен қамауға алынып, әрқайсысы ұзақ жаза мерзіміне сот алып кетті . Бұл репрессия нын жалғасы 1963-64ж. дейін созылып, сол жылдары ұлтшылдық ұйым құрды деген жаламен К. Жүнісов, К. Сауғабаев т. б . институттан шығарылып, түрліше жазаларға ұшырады.

1. 2. Қазақстан аумағындағы «еңбекпен түзеу» лагерьлері

1930 ж. мамыр айында КСРО ХКК “Қазақстанда еңбекпен түзету лагерін құру (ҚазЕТЛАГ) туралы” қаулы қабылдады. 1931 ж. 19 желтоқсанда шешім шығарылып, “Ги­гант” совхозы ОГПУ-дің Қарағанды жеке еңбекпен түзету лагері болып қайта құрылды, қысқаша “Қарлаг ОГПУ” аталған бұл мекеменің “Долинское” селосында басқармасы орна­ласып, ГУЛАГ-қа тікелей бағындырылды. Қарлагтың солтүстіктен оңтүстікке дейінгі аумағы - 300 км, шығыстан батысқа - 200 км.

Қарлагқа қоныстанушылар 1930 жылдары бұрынғы партия өкілдері, кулактар мен байлар, сондай-ақ, айыпты боп табылған жұмысшылар мен шаруалар болды. Қарлаг өмір сүрген уақытта онда 1 млн. тұтқын тіркелген: тұтқындар құрамы үнемі өзгеріп отырды: жаңадан лек-легімен адамдар әкелініп, этаппен өзге лагерьлерге жөнелтіліп жатты. ГУЛАГ жобасы бойынша Қарлаг 32 мың тұтқынға арналған, ал шын мәнінде мұнда 75 мыңдай адамға дейін ұсталды. Тұтқындар санын арттыру Қарлагқа жүктелген халықшаруашылық міндеттерімен - Қарағанды көмір алабын игеру, Жезқазған және Балқаш металлургия комбинаттарының құрылысымен тығыз байланысты болды. Алайда тұтқындардың негізгі бөлігі ауыл шаруашылығы жұмыстарына тартылды. Лагерь тұрғындарының ауыл шаруа­шылығында 98, 5%-ы, ал өнеркәсіпте - 41, 5%-ы істеді. Қарлаг әкімшілік жағынан 1931 ж. 14 бөлімше, 64 участокке бөлінсе, 1941 ж. - 22 бөлімше, 159 участок болды, ал 1953 ж. - 26 бөлімше, 192 лагерь нүктелері белгіленді.

30-жылдардағы жаппай саяси қуғын-сүргін кезеңінде Отанға опасыздық жасағандардың отбасы мүшелерін қоғамнан аластауға арналған лагерь (ЧСИР) құрылды. Қазақстанда Отанына опасыздық жасағандар әйелдерінің лагері (АЛЖИР) жұмыс істеп тұрды.

1938 ж. 6 қаңтарда “Р-17” еңбекпен түзету лагеріне (Ақмола облысы) 1-ден - 3 жасқа дейінгі балалары бар 50 әйелден тұратын алғашқы этап келіп түсті. Әйелдерді елдің түкпір-түкпірінен жинаған. Бұлар қуғын-сүргінге ұшырағандар отбасыларының өкілдері еді.

Алжир (Отанына опасыздық жасағандар әйелдерінің Ақмола лагері) тұрғындарының арасында С. Сейфуллин, Б. Майлин, Ж. Шанин, Х. Баяубаев, Т. Рысқұлов, Т. Жүргенов, С. Мең­дешев, М. Тәтімов, Ж. Садуақасов, С. Есқараев, С. Асфендияров, Н. Нұрмақов, К. Сар­молдаев, т. б. көптеген белгілі адамдардың әйелдері болды.

Алжир ерекше жағдайдағы лагерь болды: күшейтілген күзет, қатаң тәртіп пен субординация, жоғары тұрған ұйымдардың бұйрығын қалтқысыз орындау, т. б. 4 жастан асқан балалар анасынан ажыратылып, балалар үйіне жіберілді.

1. 3. Репрессиялау салдары

Сталиндік режимнің ең ауыр қылмыстық акцияларының бірі - депортация. «Депортация» - қуғындау, жер аудару деген мағынаны береді. Соғысқа дейін және соғыс жылдары Қазақстанға депортрианттар: корейлер, немістер, қырым татарлары, армияндар, болгарлар, гректер, солтүстік кавказ ұлтының өкілдері күштеп жер аударылды. КСРО ХКК және ВКП/б/ ОК 1937 ж. 21 августағы қаулысымен «жапон шпионажының күшеюіне орай» корейлер Қазақстан мен Орта Азияға жер аударылды. Оларға сенімсіздік білдірілді. 36422 корей семиясы /171781 адам/ 1937 жылы қазанда 124 теміржол эшалондарымен Қиыр Шығыстан батысқа қарай жер аударылды, оның 20170 семьясы /95256 адамы/ Қазақстанға келді.

Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстан мен Сібірге 1 млн 84 мың немістер, оның 76 пайызы, яғни 420 мыңы, Қазақстанға жер аударылды. Олардың жолға жиналуына 24 сағат берілді. Ал одан былайғы тағдыры қалай болады?

Ол жағы беймәлім. Аман есен келгендері аса ауыр тұрмыстық жағдайды бастан өткерді: азық-түлік жетіспеді, бұрынғы түрмелерге, қоймаларға орналастырылды.

Ұлт интеллигенциясының тағдыры

2. 1 Интеллигенцияның саны мен құрамындағы демографиялық мәселелер

Қазақ интеллигенциясының саны мен құрамы зерттеу аралығының 1920 жылдары негізінен пролетариат топтарының өкілдерінен құралып, кеңес үкіметінің мемлекеттік басқару жүйесіндегі басшылары маман қызметкерлердің тапшылығынан қазақ жұмысшылар мен шаруалардың арасынан алғыр, еңбекке тәжірибелі адамдарды басшылық қызметтерге тағайындаған еді. Бұл тәсіл, әсіресе, 1930 жылдардың ортасында кең етек алып, жүйеленудің үстінде болды. Сол жылдары орыстандыру саясатының елімізде жүргізілгені мәлім, соның салдарынан басшылық аппараттармен қызметтерге негізінен орыс ұлтының адамдары тағайындалып, мамандықтардың әр түрлі салаларында қызметтер атқарғаны белгілі. Бірақ, бұлардың арасында сауатты, білімі бар қазақтарда болып, олардың қатары бірлі жарым, саусақпен санарлықтай ғана болған екен.

1926 жылғы Бүкілодақтық халық санағы бойынша Қазақстандағы интеллигенцияларының саны 13825 адам болып, олар республика халқының 0, 2 пайызын құраған еді. Оның құрамында ерлері көбірек 10143, яғни 73, 4 пайыз болса, ал әйелдері азырақ 3682, демек 26, 6 пайыз болған екен. 1939 жылғы санақта республикадағы интеллигенцияларының саны 354533-ке жетіп, өсімі 5, 8 пайызға артса, оның ерлері басымырақ 258292, яғни 72, 9 пайыз болып, ал әйелдері төменірек 96241, демек 27, 1 пайыз болды.

Қазақ халқы, әсіресе оның интеллигенция қауымы мен партия Кеңес орындарындағы басшылық қызметтегі белсенді азаматтары 1926-1930 жылдардағы қуғындауларға ұшырап, тек 1937-1938 жылдары 135 мың қазақ интеллигенциясы саяси репрессия зобалаңының құрбаны болып атылды.

Қазақ мәдениеті мен ұлттық болмысына 1937 және 1938 жылдардағы жаппай саяси репрессияның тигізген зардабы өте ауыр болды. Бұл жылдары қазақ интеллигенциясына қарсы бұрын-соңды болмаған көлемде қызыл большевиктік шабуыл жасалды. Тарихи зерттеулерге қарағанда, осы жылдары ﴾1937-1938﴿ қызыл қырғында ең көп қаза тапқандар мемлекеттік және қоғам қайраткерлері болды. Ал осы азаматтардан соң, біздіңше, ең көп саяси репрессияға ұшыратылғандар - ұлттық ой еңбегінің интеллигенция өкілдері, ал олардың ішінен ең алдымен, ақын-жазушылар болды.

2. 2. Ұлт интеллигенциясының көрнекті өкілдері .

Ахмет Байтұрсынов. Оның тағдыр - қиын, бірақ кісі қызығарлық тағдыр. Ғұмыры ащы арманға толы, алайда адамға өнеге боларлық ғұмыр. Мақсат-мұратының мазмұны, кей тұста қайшылықтарға соқтырды десек те, өте терең. 1929 ж. қамауға алынған қазақ зиялыларының ішінде «рухани көсем» А. Байтұрсынов та бар. 1937 ж. 9 қазанда сталиндік репрессияның қанды пышағына ілігеді

Тұрар Рысқұлов - адам ретінде де, қоғам және саяси қайраткер ретінде де ерте есейіп, есімі жиырма жастан асар-аспас кезінде жұрт аузына ілініп, халыққа танымал болды. Ол Сталиндік-Голощекиндік «Кіші Қазан» бағытын жүзеге асыру нәтижесінде жаппай ашаршылыққа ұшыраған өз халқына ара түсіп шырылдады. Сталинге хаттар жазды. «Ұлы көсеммен» сөзге келіп, айтысқа түсті, оның диктаторлық ел билеу тәртібіне қарсы шықты. Нәтижесінде 1937-1938 жылдары бүкіл ел көлемінде орын алған үлкен террордың құрбаны болып кете барды.

Мағжан Жұмабаев - табиғат жаршысы, махаббат жыршысы. Оның бұл тақырыптардағы өлеңдерінің де негізгі тақырыбы тәуелсіздік. Ел тәуелсіздігінің жыршысы Мағжан ақынның өзі де 1937 жылы 30 желтоқсанда өз тәуелсіздігінен айрылып, қызыл қырғынның құрбандығына айналды.

Міржақып Дулатов - «Оян, қазақ!» бұл сөздің құдіреті де қасиеті де сол - осы отты өлеңнің жарық көргеніне ғасырдан астам уақыт өтсе де, сол қаныш тамшылаған өзекті күйінде қалып отырғандығы - бүгінде қазақ байтағын індеттей жайлаған бойкүйездік, самарқаулық, жалқаулық, еріншектік - қысқасы ұлтымызды ұлық істерден кері тартып отырған барша кесапаттарды тап басып айта білген, содан арылуға үндейді, намысқа шақырады. 1938 жылы қайтадан қамауға алынып, ату жазасына кесілді.

2. 3. Ұлт интеллигенциясының қиын тағдыры құжаттарда

Тарихтың “ақтаңдық” беттері туралы ең алғаш болып “Қазақ әдебиеті” газетінің 1988 жылғы 6 ақпаны күнгі нөмірінде - халқымыздың тілі мен тарихына, мәдениеті мен әдебиетінің тағдырына байланысты жиі-жиі проблемалық мақалалармен көрініп жүрген белгілі жазушы Б. Нұжекеевтің “Шындықты бүкпей айтсақ” деген мақаласы жарияланды. Одан соң бастаманы “Арай ” журналы мен “Өркен” газеттері жалғастырып, бұрын халық жауы аталыр келген Косарев, Бухарин жайлы материялды орыс тілінен аударып басып, өздеріде осы тақырыпқа байланысты көлемді интервью, очерк, мақалаларды жариялай бастады.

“Ел басынан күн туып, ері қайда жүр екеннің” кері келді. 1937 жылдың тажал аждаһасы Нығмет Нұрмақанов, Сейтқали Меңдешов, Тұрар Рысқұлов сияқты миллиондардың өмірін қиды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
1937-1938 жж. Қазақстандағы жаппай репрессиялау шаралары және оның салдары: ұлттық интеллигенцияның қиын тағдыры
Студенттердің өзіндік жұмыстарының (СӨЖ) жоспары. Жаңа дәуірдегі ұлттық мемлекет пен ұлттық идея эволюциясы
Экономикалық дамудың кластерлік принципі - елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру
1937-1938 жылдардағы қуғын-сүргін, басталуы мен себептері
Қазақстандағы 1937-1938 жж. жаппай саяси репрессия шаралары мен салдарлары
1937-1938 жж. Қазақстандағы жаппай репрессиялау шаралары және оның салдары
1937-1938 жж Қазақстандағы жаппай репрециялау шаралары және оның салдары: ұлттық интелегенцияның қиын тағдыры құжаттары
Қазақстанның орталық және жергілікті мұрағаттар қорлары құжаттары саяси репрессиялар тарихының дерек көзі
1937-1938 жж. Қазақстандағы жаппай террор мен саяси репрессия зардаптары
Қазақстан Үлкен террор жылдарында
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz