Археологиялық, жазба мәліметтер, түркі тілдес халықтардың халық ауыз әдебиеті шығармашылығының ескерткіштері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Археологиялық ескерткіштер ... ... ..4
1.1. Күлтегін ескерткіші ... ... ... .4
1.2. Орхон Енисей ... ... ... ... ..7
2. Жазба мәліметтер ... ... ... ... ..9
2.1. Құтадғу білік ... ... ... ... ..9
2.2. Тарихи Рашиди ... ... ... ...10
3. Түркі тілдес халықтардың халық ауыз әдебиеті шығармашылығының ескерткіштері ... ... ... ... ... ..11
3.1. Дастандар ... ... ... ... ... ..11
3.2. Жырлар ... ... ... ... ... ... .12
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ..15
Пайдаланылған әдебиеттер
Тарихты білу, оның бастау алар кезеңдеріне үңілу, бүгінгі күнге қажетін табуға ұмтылу – барлық халықтарға тән дәстүр. Қазақ тілі ғайыптан пайда болған жоқ және оқшау жаратылған тіл емес. Қазақ тілі түркі тілі деп аталатын алып бәйтеректің аса бір ірі тармағына жатады. VІ-VІІІ ғасырларда біз бүгінде дүние жүзінде түркілерден тараған қырықтан астам ұлт болса, солардың барлығын бір ғана атаумен «түркілер» деп атаған. Сол кезде бабаларымыз Түркі қағанатын құрған. Түркі халықтарының тарихи мұралары тарих, мәдениет және тіл тұрғысынан алғанда аса құнды қазына екенін бағалай білу, таныту – кезек күттірмейтін негізгі міндеттердің бірі. Түркілер тарих сахнасында тез арада пайда болып, өз аттарын көптеген халықтарға қалдырып, ғайып болды.
1. "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 3-том
2. Аманжолов. «Түркi халықтарының тарихы». I том
3. Тiлеген Садықов «Күлтегiн кұдiретi»// Егемен Қазақстан. 2004,
4. Қ. Айтаханов, Жұмаш е в а., Отырар жәдігерлері. А., 2004.
5. Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005
6. Қазақстан Республикасының Ғылым Энциклопедиясы
7. “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
8. Қазақстан тарихы. көне заманнан бүгінге дейін, бес томдық, 1 том, Алматы. «Атамұра» 2010
9. Мұхаммед Хайдар Дулати. Тарих-и Рашиди, парсы тіліндегі қолжазба нұсқасынан тәржімалаған Ислам Жеменей. Жалпы ред. басқарған және алғысөзін жазған Әбсаттар Дербісәлі. — Алматы: Тұран, 2003.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Семей қ. Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті



СӨЖ
Тақырыбы: Археологиялық, жазба мәліметтер, түркі тілдес халықтардың халық ауыз әдебиеті шығармашылығының ескерткіштері.

Орындаған:
Тексерген:

2016 ж
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
Археологиялық ескерткіштер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
Күлтегін ескерткіші ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
Орхон Енисей ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
Жазба мәліметтер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
Құтадғу білік ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
Тарихи Рашиди ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
Түркі тілдес халықтардың халық ауыз әдебиеті шығармашылығының ескерткіштері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
Дастандар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
Жырлар ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16

Кіріспе
Тақырыптың мақсаты: Осы жұмыстың мақсаты түркі тілдес халықтардың ескерткіштерімен танысу сондай-ақ ескерткіштердегі мәліметтерді қалдырудың мақсатын қарастыру және де ақпараттардың осы заманға қажеттілігі түсіну.
Тақырыптың өзектілігі: Тарихты білу, оның бастау алар кезеңдеріне үңілу, бүгінгі күнге қажетін табуға ұмтылу - барлық халықтарға тән дәстүр. Қазақ тілі ғайыптан пайда болған жоқ және оқшау жаратылған тіл емес. Қазақ тілі түркі тілі деп аталатын алып бәйтеректің аса бір ірі тармағына жатады. VІ-VІІІ ғасырларда біз бүгінде дүние жүзінде түркілерден тараған қырықтан астам ұлт болса, солардың барлығын бір ғана атаумен түркілер деп атаған. Сол кезде бабаларымыз Түркі қағанатын құрған. Түркі халықтарының тарихи мұралары тарих, мәдениет және тіл тұрғысынан алғанда аса құнды қазына екенін бағалай білу, таныту - кезек күттірмейтін негізгі міндеттердің бірі. Түркілер тарих сахнасында тез арада пайда болып, өз аттарын көптеген халықтарға қалдырып, ғайып болды.
VI-XII ғасырларда Қазақстан аймағын мекендеген халықтар мен ұлыстар мәдениеті туралы жазба әдебиеттен, археологиялық жазбалардан және құлпытастарда жазылған қайнар көздерден білуге болады. Түркі тайпалары халық ретінде біздің дәуіріміздің VІ ғасырында дүние жүзіне белгілі бола бастады. Түркі тайпалары туралы құнды деректерді, әсіресе, Батыс Еуропадағы Византия материалдарынан көбірек кездестіруге болады. Сонымен бірге түркі халықтары жөніндегі қыруар мәліметтерді біз сол түркі тайпаларының өшпес мұрасы - өздері жасаған жазба нұсқалар арқылы да біле аламыз. Мұндай жазба нұсқалар түркі халықтары үшін баға жетпес тарихи және мәдени ескерткіш болып табылады. Ежелгi түркiлердiң арғы ата-тегi саналатын сақтардың батырлық жырлары арасындағы мазмұн, түр, стиль бiрлiгi көркемдiк дәстүр жалғастығы тұрғысынан ғыл. негiзде дәлелдендi. Сол себептi б.з.б. дәуiрлерде шығарылған Алып Ер Тоңға, Шу батыр, Атилла, Көк бөрi және Ергенеқон дастандары бүгiнгi қазақ әдебиетінiң қайнар-бастаулары болып табылады. Сондай-ақ аталған қаһармандық дастандар өзiнен кейiнгi тарихи кезеңдердегi -- Түркі қағандығы тұсындағы (8 ғ.) әдеби жәдiгерлердiң (Күлтегiн, Тоныкөк, Бiлге қаған жырлары) жазылуына үлгi-өнеге, негiз болды. Түрiк қағандығы тұсындағы жазба әдебиет өзiнен бұрынғы сақтар мен ғұндардың ауыз әдебиетi үлгiлерiмен генезистiк, типологиялық, дәстүрлiк үндестiкте дамыды. Осындай көптеген мәліметтерден сол заманның өзекті мәселелерінен, тарихынан, қоғам қайраткерлерінен ақпарат алу арқылы тек тарих саласын емес, сонымен қатар әдебиет саласын да байыттық. Бұл мәліметтердің өздері әртүрлі жолмен бізге дейін сақталған. Айта кететін болсақ ауызша және жазбаша.

1.Археологиялық ескерткіштер
Археологиялық ескерткіштер - халықтардың ежелгі тарихына қатысты материалдық мәдениетінің ескерткіштері. Оған: қалашықтар мен қалалар; ежелгі қоныстардың қалдықтары; обалар, қабір үстіне орнатылған ескерткіштер мен салт-дәстүрлік құрылыстар; адамның еңбек қызметін сипаттайтын ескерткіштер; тасқа және үңгірде қашалған жазулар; табылған жекелеген қазбалардың орындары жатады. Көне түркі жазба ескерткіштері түркологиялық әдебиеттерде негізінен үш топқа бөлінеді. Олар:
Енисей ескерткіштері. Бұған Енисей өзенінің жоғарғы сағасы мен Тува Якутия Моңғолия жерлерінен табылған көптеген ескерткіштер жатады. Енисей ескерткіштерін зерттеуде В.В.Радлов, С.Е.Малов, Х.Н.Оркун, С.В.Кислев, И.А.Батманов т.б. көп еңбек сіңірді.
Талас ескерткіштері. Талас ескерткіштерінің табылуы (1896-1898 жылдары, бұрынғы Әулиеата) қазіргі Жамбыл уезінің әкімі, Талас жазуларын табушылардың бірі - В.А.Каллаурдың есіміне байланысты. Талас ескерткіштерінің саны қазір 10-нан асты. Талас ескерткіштерін тауып, аудармаларын жасап, жариялауда Г.Гейкель, В.Радлов, П.Мелиоранский, С.Малов, Ю.Немет, Х.Оркун, С.Киселев, И.Батманов және Л.Кызласов, т.б. шұғылданды.
Орхон ескерткіштері. Бұған VІІ ғасырдың соңы мен VІІІ ғасырдың бас кезіндегі Құтлығ қаған, Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк, Күлі-чор сияқты ірі ескерткіштер мен он шақты майда ескерткіштер жатады. Орхон ескерткіштерін зерттеуге көптеген ғалымдар ат салысты.
Көркемдік ерекшеліктері. Орхон ескерткіштерінің жанрлық ескерткіштері туралы соңғы кезге дейін өзара қарама-қайшы екі түрлі көзқарас орын алып келеді. Бірі - Күлтегін, Білгі қаған және Тоныкөк ескерткіштері көркем әдебиетке, соның ішінде поэзияға ешбір қатысы жоқ, Түрік қағанатының дәлме дәл жазылған тарихы деп қарады. Екіншісі - руна жазуындағы бұл ескерткіштерде поеэзиялық туындыға тән барлық белгілері бар, ежелгі түркілердің өзіндік әдеби дәстүріне негізделген көркем туынды деп танылды.
Күлтегін ескерткіші
Әр халықтың қалыптасу, даму жолында өзіне тән ерекшеліктері бар. Бұл тарихи құндылықты зерделеп жарыққа шығару қай мемлекетте болмасын маңызды мәселелердің біріне айналған.
Кеңестер Одағы кезінде өткен тарихымызды зерттеу мүмкін болмады. Сондықтан болар ата-бабамыздың бай мұрасы Түркі әлемін зерттеуде ғалымдарымыздың негізгі еңбектері егемендіктен кейін ғана көріне бастады.
Түркі халықтарының көне дәуірдегі ұзақ ғасырлық мәдени мұраларының бірі - Күлтегін ескерткіші. Орхон-Енисей жазуына жататын маңыздылығы жағынан баға жетпес құнды дүние.
Бізге жеткен Түркi тарихы да осы VII-VIII ғасырларда жазылған Орхон-Енисей жазба ескерткіштері арқылы белгiлi болды. Ескерткiш бiр заманда түркiлер мекендеген Енесей өзенiнiң бойы мен қазiргi моңғол Халық Республикасының астанасы Улан-Батордың батысындағы 400 километр жердегi Орхон өзенi бойындағы Кошо-Цайдам ойпатында орналасқан. Оны алғаш тауып, ғылым әлемiне мәлiмдеушi-орыс ғалымы Н. М. Ядринцев. 1890 жылы Гейкель басфин - угор қоғамының, 1901 жылы В. Радлов бастаған Орыс ғылым Академиясының Экспедициялары ескерткiш орнатылған жерге барып, жазуды өз көздерiмен көрiп, тексерiп қайтады. 1902 жылы Ужчжоудағы ағылшын консулы К. Кэмппель Күлтегiн ескерткiшiне бiрсыпыра зертеу жұмысын жүргiздi. 1909 жылы француз саяхатшысы Де Ля Кост келiп кетсе, 1912 жылы ғалым В. Л. Котвич зерттеу жұмыстарын жүргiздi. 1958 жылы монгол - чехославак бiрiккен ғылыми экспедициясы Күлтегiн ескерткiшiнiн орнына қазба жұмыстарын жүргiздi. Бұған басшылық еткен чех археологы Л. Иисль. Бұл В.В. Радловтан кейiнгi жасалған қазба жұмысы едi. Қазба жұмыстары үстiнде қорған астынан екi кiсiнiң тасқа әдемi ойылып жасалған бас мүсiнiн кездестiрдi. Оның бiрi Күлтегiнiң, екiншi әйелiнiң мүсiнi екені анықталды. Күлтегiнге арналған ескерткiш пирамида тәрiздi. Биiктiгi 3,15 метр, енi 1,24 метр, қалыңдығы 0,41 метр. Ескерткiштiң жоғарғы жағы бес бұрышты, қырларында айдаһардың суреттерi мен қаған таңбалары бейнеленген. Екiншi жағында ескерткiштiң орнатылған күнi - бiрiншi тамыз, 732 жыл деп жазылған.
Ескерткіштің негізгі бетінде 40 жол жазу бар, ол ескерткіштің сол жақ бетіндегі 13 жол жазудың жалғасы. Түркологиялық әдебиеттерде ескерткіштегі 40 жол Үлкен жазу , ал 13 жол жазу кіші жазу деп аталады. Ескерткіштің биіктігі 3,15 м., ені 1,34, қалыңдығы 0,41 м. Тас бағана бес бұрышты қалқан тәрізді, қырларында айдаһардың суреттері мен қаған таңбалары бейнеленген.
Ескерткiш негiзiнен табғаш (Қытай) және көне түркi жазуымен толтырылған. Ескерткiш бетiндегi Қытай жазуы 732 жылы Қытай императоры Хусен-Цунг тарапынан бедерленген. Мұнда қытайша ескерткiштiң қысқаша мәнi айтылған. Қытай жазуы алғаш орысша, французша, содан кейiн немiс, ағылшын және кейiнгi кездерi түрiк тiлдерiне аударылды. Жазудын үстiнде қытайша бiр сөйлем бар, онда Марқұм Күлтегiн жазуы делінген.
Күлтегін ескерткішін зерттеуші ғалым Мырзатай Жолдасбековтың аудармасында:

Он оқүлым, түргiс қағанынан

Мақраш таңбашы.

Оғуз Бiлге таңбашы келдi;

Қырғыз қағанынан

Тардуш ынаншы, Чур келдi;

Мазар тұрғызуға,

Зер салынған жазба тасты тұрғызуға

Табғаш қағанынан зергершiсi

Чаң сеңун келдi.

Күлтегiн қой жылы, он жетiншi күнi өлдi.

Тоғызыншы айдың жиырма жетiсiнде жерледiк.

Мазарын, ою - өрнегiн, жазба тасын,

Мешiн жылы жетiншi айдын жиырма

жетiсiнде тегiз аяқтадық.

Күлтегiн өлгенде қырық жетi жаста едi.

деп келтіреді.
Қазақтың халық ақыны белгілі ғалым Олжас Сүлейменовтың көне мұра жөнiнiде 80 жылдары Монголияға әдейілеп барып, көне ескерткіштегі жазуды өз көзiмен көргеннiн және жазудың біраз бөлігінің бүлінгенін байқап, Монголияның мәдениет Министрiне кiрiп ескерткiштердi ашық аспан астында қалдырмауды өтiнген. Бұл өтiнiштi Мәскеуге де, Алматыға да жеткізгендігін айта келе Ендi мiне, сол арманымыз iске асып отыр. Бабалар рухы өз елiмiзге оралды. Шын мәнiнде ешбiр халықта жазу мәдениеттi қалыптаспаған кездiң өзiнде бiздiң бабаларымыз өз тарихын тасқа қашап жазып кеткен -деп, түркі тіліне жатқызуға қимаған Еуропалықтардың пікірлерінің теріс екекдігін дәлелдеді.
Ескерткіштің көшірмесін жасауға тікелей атсалысқан, түркі мәдениетін зертеуші Иманғали Тасмағамбетовтың Елдiк пен ерлiктiң ерекше ескерткiшi деген еңбегінде Төл тарихымыздың ең көне ескерткiштерiнiң бiрi, түркi жұртының ортақ мақтанышы, ұлы қолбасшы Күлтегiннiң құрметiне орнатылған ескерткiштiң туған топыраққа оралуы, өшкенiмiз жанып, өлгенiмiз тiрiлгендей, зор қуаныш екенiн атап көрсеттi.

Белгілі ғалым Мырзатай Жолдасбеков сол конференцияда дүние жүзiнде дәл осыған ұқсас он бес мыңдай ескерткiштер бар, оларды оқып, бiр жүйеге түсiру транскрипциясын жасау қажеттiгiн, сонымен қатар, алдағы уақытта жыл сайын 25 қараша - Түркi ескерткiштерiнiң күнi болып белгiлендi.
Кириллица мен латын жазуы мың жылдың арғы-бергi тұсында ғана пайда болды десек, бабаларымыздың одан 600 жыл бурын тіл жазуы, әдебиетi, тiл мәдениетi болғанын сол тасқа басылған таңбалы жазулар дәлелдейдi.
Ескi дәстүр бойынша таққа Күлтегiн отыруы керек болса да өзі таққа отырмай туған ағасы Бiлге қаған таққа отыруынан Күлтегiннiң құрметiне қойылған ескерткіште, сол бағзы дәуiрдегі бабалардың дүниетанымы жоғары деңгейде болғандығын Көк түрiктердiң басқа империядан ерекшiлiгi, үкiмет, ел басқару жүйесi заңдастырылғандығын, ел басқару жүйесі қазіргі заманғы үрдістей демократиялық жолмен шешетіндігін аңғаруға болады.
Күлтегін жыры, париоттық рух беретін батырлық жыры. Мәтінінің негізі Түркі ұлтының тек тарихы ғана емес Күлтегіннің батырлдығы мен ерлігін бейнелейді. Кіші жазудың 27-ші бөлімінен арғы қарайғы жазулары тек Күлтегіге арналған. Осы 27-ші бөлімінде Күлтегіннің ағасы Білге қағанның "Інім Күлтегінмен, екі уәзірімен өліп-тіріліп құрадым. Сонды құрап, біріккен халықты от-су қылмадым. Мен өзім қаған болғанда" сөздері жазылған.
Күлтегін жыр жазуы 53 бөлімнен тұрса, соның 27-ден 53-ке дейінгі жазулары, Күлтегіннің батырлығын және оның соғыстарда мол табыстарға жетіп отырғандығынан мағлұмат береді.
Қазіргі уақытта Күлтегінге арнап қойылған ескерткіш мәтіні жазулары 732 жылы, Білге қағанға арнап қойылған құлыптасындағы жазу 735 жылыдары жазылғандығы, басқа да Орхон - Енисей ескерткітеріне жататын көптеген құлыптас жазулардың 716-735 жж. аралығында жазылған деп жорамалдауда. Күлтегін ескерткіші туралы алғашқы мәліметтер 19 ғасырдағы батыс зерттеушілерінің еңбектерінде жариялана бастады. Екі құлпытастағы құпия жазуларды түркітанушылар көпке дейін оқи алмай келді. Ғалымдар арасында тастағы белгісіз жазуларды көне кельт, гот, грек, славян, Скандинавия, финн, тіпті моңғол немесе қалмақ жазулары деген тұжырымдар болды.
Күлтегін ескерткіші Түркі халықтарының баға жетпес мәдени байлығы. Бұл құнды дүниенге түркі тектес халықтар ғана емес сонымен қоса әлем ғалымдарының назарын аударуда. Қазіргі уақытта тарих және тіл білімі саласынан зерттелуде, әлі талай ғылыми жаңалықтар туары даусыз. Ескерткіштің 2001 жылы 18 мамырда Астанадағы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Мемлекеттiк Университетiнiн бас ғимаратына орналастыруы Қазақ халқының арғы аталары Көне Түріктердің төл жазбаларының қаншалықты құнды мұра екендігін дәлелдей түседі.

1.2.Орхон Енисей
Орхон-Енисей жазбалары -- көне түркі жазба тарихи-мәдени ескерткіші. Көп уақытқа дейін сыры беймәлім, қай тілде жазылғандығы белгісіз болып келген. Орхон-Енисей жазбаларын руналық жазбалар деп те атайды. Тек 1893 ж. ғана даниялық ғалым В.Томсен құпия жазуды оқудың кілтін ашады. Біраз жылдардан кейін орыс ғалымы В.В.Радлов Орхон өзені бойынан табылған үлкен тастардағы жазуды толық оқып, аударды. Руна жазуындағы ең үлкен ескерткіштер Орхон мен Енисей өзендері алқабынан табылғандықтан, жазудың өзін де осылайша атап кетті.
Орхон-Енисей жазбалары Шығыс Түркі қағанатының қағаны Білге мен оның інісі Күлтегін қабірлеріне қойылған орасан зор құлпытастарға қашап жазылған жыр жолдары болып шықты. Жырға арқау болған негізгі мәселелер - елдің тәуелсіздігі, береке-бірлігі. Күлтегін жырында сегіз оқиға баяндалған.
Қағанның өз халқына қарата айтқан үндеуі,
Түрік Қағанаты жерінің кеңдігін суреттейді,
Түркілердің әскери жорықтары,
Көршілес табғаштардың қастандық әрекеттері туралы әңгіме,
Табғаш тайпасымен қатысу түркілерге қауіпті екендігі жөнінде,
түркі халқының болашақты болжай алмауына өкіну,
Түркі халқының даңқын асырған қаған жөнінде,
Осы ескерткішті жыр қып жазуға түрткі болған жағдайларға тоқталады.
Орхон-Енисей жазбаларының енді бір ескерткіші - Тоныкөк құлпытасындағы жырлар. Онда да сол кездегі түркілердің өмірінен мағлұмат беретін он төрт жол жазылған. Түркі халқының табғаштарға тәуелді болып қалу тарихы, азат қалған түркілердің бірігуі, қаған сайлауы, Тоныкөктің ықпалымен Елтерістің қаған болуы, Оғыз мемлекетінің тыңшылары түркілерге қауіп төндіргені, қарсыластармен болған шайқастар, анталаған жаудың бетін қайтаруда Тоныкөктің ерлігі, ұрыс-шайқастардың жүргізілуі, түркілердің түрлі тайпалармен жауласу жолдары баяндалып, Тоныкөкті мадақтау берілген.
Енисей өзені аңғарынан құпия жазуы бар құлпытастар табылғаны туралы алғашқы хабарды Н.К.Видзен, С.У.Ремезов, сондай-ақ Сібірде айдауда жүрген швед офицері И.Т.Страленберг пен немістің белгілі ғалымы Д.Г.Мессершмид, т.б. бергенін ХVIII ғасырдың бас кезінде жазған мақалалары мен хаттарынан білеміз.
1893 жылғы қарашаның 25-күні Дания корольдік ғылым академиясының мәжілісінде Вильгельм Томсен ғылыми әлемді дүр сілкіндірген мәлімдеме жасады. Ғалым Орхон мен Енисей өзендері бойынан табылған ескерткіштердегі құпия жазуды оқудың кілтін ашқандығын хабарлады. Ғалымның ең алдымен оқыған сөздері тәңірі және түрік деген сөздер екен.
Орхон жазба жәдігерліктерін ұзақ жылдар бойы түбегейлі зерттеген білікті ғұламалар М.Жолдасбеков пен Қ.Сартқожаұлының бірлесіп жазған ірілі зерттеуі жарық көрді.
Л.Н.Гумилев Орхон жазба ескерткіштерін Көк түріктердің өздері туралы жазған шежіресі деп біледі.Тасқа жазылған ескерткіштерде негізінен Түрік қағанаты, оны билеген қағандар, олардың ерлігі жайында сөз болады. Күлтегін және Тоныкөк жырлары өткен дәуірден нақты мәлімет беруге арналған тарихи деректер. Күлтегін жырының басты идеясы - Күлтегін батырды Түрік қағанатының құдіретті тұлғасы етіп көрсету. Күлтегін жырының авторы - Йоллығтегін Түрік қағанатының күш қуаты артты, жері барынша кеңіді, ел тұрмысы түзелді.
2.Жазба мәліметтер.
Жазба деректер-этнографиялық материалдардан бастап мазмұны мен формасы сан алуан болып келетін жазба ескерткіштерінің бәрі. Қазақ жазба тілінің қалыптасу негізі көптеген түркі халықтарына ортақ әдеби нұсқалардан бастау алады. Соған орай көне түркі жазба ескерткіштері (6 -- 7 ғасырларда), ерте ортағасырлық Жүсіп Баласағұнның "Құтадғу білік", Махмұт Қашқаридың "Диуани лұғат ат-түрк" (11 ғасыр), ортағасырлық "Мұхаббатнама", "Оғызнама" (14 ғасыр) сияқты жазба ескерткіштер қазақ жазба тілінің негізі ретінде танылады. 15 ғасырдан 20 ғасырдың басына дейінгі аралықта қазақ жазба тіліне ортаазиялық түркі әдеби тілінің дәстүрі ықпал етті. 19 ғасырдың 2-жартысынан бастап халықтық тіл негізінде қазақтың ұлттық жазба әдеби тілі қалыптасты, оның нормалық белгілері, стильдік салалары дамыды, қоғамдық қолданылу аясы кеңіді.
2.1Құтадғу білік.
Құтадғу білік -- Жүсіп Баласағұни шығарған дидактикалық поэма.Бұл көне түркі тілінде жазылған, түркі тектес халықтардың ортақ қазынасы.
Көптеген зерттеушілер бұл поэманы саясат, мемлекет басқару, әскери іс жөніндегі философиялық трактат деп жүр. Шындығында да, бұл жалаң әдеби дүние емес. Бұл бүтін бір тарихи кезеңнің мінез құлқын бойына сіңірген, қоғамдық саяси, әлеуметтік бітімі қанық, моральдық этикалық, рухани қазынамыздың негізі, арқау боларлық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Археологиялық жазба мәлімметтер, түркі тілдес халықтардың халық ауыз әдебиеті шығармашылығының ескерткіштері
Орхон- Енисей ескерткіштерінің көркемдік мәні, зерттелуі
Түркі ортағасырлық мәдениеті әлемдік мәдениеттер қазынасына енді
Тәуелсіздіктен бұрынғы кездердегі ислам және түркі жазба ескерткіштерінің танылуы
Көне түркілердің діні, наным – сенімдер және салт-дәстүрлері
Мәдени мұралардың түркілік тарихты зерттеудегі үлесі
Мәдени мұра саласындағы проблеманың қазiргі жай-күйiн талдау
Көне түркілер
Қазақ - түркілердің материалдық мәдениетінің сабақтастығы
Түркі мәдениеті мен менталитеті ұғымы
Пәндер