Жапондық және американдық менеджмент


Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. 1) Американдық менеджмент

1. 2) Жапондық менеджмент

1. 3) Жапондық және американдық менеджментті салыстыру

Қорытынды

Кіріспе

Қызметкерлерді басқару менеджменттің ең бір маңызды функцияларының бірі болып табылады. Басқару - негізгі өндірістік, шығармашылық күш. Қазіргі заманғы күрделі өндірісте адам рөлі өсуде, соның нәтижесінде қызметкердің қабілетіне, білім мен біліктілік деңгейіне жоғарғы талаптар қойылуда. Ғылыми-техникалық прогресс еңбек әдістерінің терең өзгерістеріне әкелді, яғни қызметкерлерді ұйымдастыру мен басқарудың жаңа нысандарын талап етеді. Адам ресурсын қолданудың тиімділігін арттыру бағыттары әр түрлі менеджмент моделінде әр түрлі қарастырылған. Қазіргі таңдағы ең маңызды менеджмент түрі - американдық және жапондық. Өзіндік жұмыста осы екі менеджментті сипаттай отырып, екеуінің айырмашылықтарын ашып көрсетемін.

Американдық және жапондық менеджмент

Американдық менеджмент негізін қалаушы Анри Файоль болып табылатын классикалық мектептің ілімін бойына сіңірген. Екі американдық Лютер Гьюлик және Линдал Урвик классикалық мектептің атағын шығару үшін көп еңбектенген.

Қазіргі американдық менеджмент үш тарихи алғышарттарға негізделеді:

-Нарықтың болуы.

- Өндірісті ұйымдастырудың индустриалды әдісі.

-Корпорация кәсіпкерліктің негізгі формасы ретінде.

Басқару теориясының дамуындағы менеджмент түсінігіне Петерсон мен Плоумен «қол астындағыларға жүзеге асырылатын басшылықтың, адамдардың басты талпыныстарын қанағаттандыратын психологиялық үрдістер» деген анықтама берген. Американдық менеджменттің белгілі өкілі Питер Ф. Друкер менеджментті тек қана өнім шығаратын немесе әр түрлі қызметтер түрлерін көрсететін кәсіпорынға жатқызу керек деп есептей келе, ол менеджмент түсінігін кең талқылауға алуға қарсы шығады.

Друкер кез келген менеджерлердің еңбегіне тән бірнеше міндетті функцияларды анықтады:

-Кәсіпорын мақсаттарын және оларға жету жолдарын анықтау.

- Кәсіпорынның персоналдары жұмыстарын ұйымдастыру (жұмыс көлемін анықтау және оны жұмысшыларға бөліп беру, ұйымдастырушылық құрылымды құру және т. б. ) .

-Жұмысшылар қызметтерінің ынталандыру және үйлестіру жүйелерін құру.

- Ұйым қызметін талдау және персоналдар жұмыстарын бақылау. Ұйымдағы адамдар өсімін қамтамасыз ету.

Американдық менеджмент моделі: «Өндірістік демократия» .

«Өндірістік демократия» келесі бағыттар бойынша жұмысшыларды басқаруды, тартуды, кеңейтуді қарастырады:

-Жұмысшыларға өз беттерінше шешімдерді қабылдау құқықтарын беру.

-Жұмысшыларды шешімдерді қабылдау үрдістеріне тарту (шешімді қабылдауға қажетті ақпараттарды жинастыру, қабылданған шешімдерді орындаудың, жұмыстарды ұйымдастырудың және т. б. әдістері мен тәсілдерін анықтау) .

-Жұмысшыларға олармен орындалған жұмыстардың саны мен сапасын бақылауға құқық беру. Бүкіл ұйыммен қатар оның жеке бөлімшелеріндегі қызметтерді жетілдіруге жұмысшылардың қатысуы. Шешімдерді тиімдірек орындау мақсатында жұмысшыларға қызығушылықтары, мақсаттары және т. б. бойынша жұмысшылар топтарын құру құқықтарын беру.

Менеджменттің қазіргі американдық моделі ХІХ ғ. басында-ақ пайда болған корпорациялар (акционерлік қоғамдар) сияқты жеке кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық формасына бейімделген.

Американдық менеджмент моделінде қазіргі уақытта да корпорация негізгі құрылымдық бірлік болып табылады.

Жапондық менеджмент. Соңғы екі онжылдықта Жапония әлемдік нарықта көшбасшылық жағдайға қол жеткізді. Оның үлесіне әлемнің барлық елдері акцияларының жалпы құнының 44, 5% тиесілі. Ал Жапония тұрғындарының саны жер шары тұрғындарының 2% ғана құрайды.

Менеджменттің жапондық моделі «әлеуметтік адамға» негізделген. Жапондықтар топтық қатынастарды жоғары бағалай отырып, өзінің топтағы орнына аса жоғары зейін қояды. Олар топтағы әрбір адамның орындарының өзгерістеріне тез бейімделеді және өздерінің белгіленген шекараларынан аспауға тырысады.

Кез келген жапондық фирма көптеген топтардан құралады. Топтағы үлкендер мен кішілер жасына, жұмыс стажына және тәжірибесіне байланысты ажыратылады. Топтағы кішілер үлкендерге бағынады. Топтар фирманың мақсатары мен міндеттерінен хабардар. Фирма мақсатына жұмыс істеуші әрбір жапондық, топ үшін және өзі үшін жұмыс істейтінін түсінеді. Әрбір жұмысшы өзін фирма бөлігі ретінде сезінеді. Жапондық кіммен болмасын танысса да, өзін: «Мен «Сони», «Хонда» компаниясынанмын», -деп таныстырады. Жапондықтар осынысымен американдықтардан өзгешеленеді. Американдықтар танысудың бұл формасын тек телефонмен сөйлесудің барысында қолданады, ал қалған барлық жағдайларда олар ең бірінші өз есімдерін атайды.

Менеджменттің жапондық моделі американдық модельмен салыстырғанда көп артықшылықтарға ие.

Американдық және жапондық менеджментті салыстыру

Американдық менеджмент
Жапондық менеджмент
Американдық менеджмент: Кәсіпорынның әкімшілігі ауысқан кезде, жұмысшылар мен басқару тетіктері ауысады.
Жапондық менеджмент: Кәсіпорынның әкімшілігі ауысқан кезде кәсіпорын философиясы өзгеріссіз қалады. Жұмысшылар өз орындарында қалады, себебі Жапонияда жұмысшыларды «өмір бойына» жұмысқа алады.
Американдық менеджмент: Мақсаты: Кәсіпорын пайдасы мен жеке салымшылардың дивиденттерінің өсуі
Жапондық менеджмент: Мақсаты: Кәсіпорынның барлық жұмысшыларының әл-ауқаты мен пайдасының өсуін қамтамасыз ету
Американдық менеджмент: Корпорация автономды бөлімдерден тұрады. Басқарудың матрицалық құрылымын пайдалану
Жапондық менеджмент: Кәсіпорын коммерциялық тұрғыдағы автономды бөлімдерден тұрады. Штаб-пәтерлердегі функциональді қызметтердің ролі жоғары. Басқарудың жобалық құрылымдарын қолдану.
Американдық менеджмент:

Жұмысшыларды университеттер желісі, бизнес мектептері арқылы еңбек нарығынан жұмысқа алу. Жеке карьераға ұмтылу. Жұмысшыларды жұмысқа алуда оның бос орынға сәйкестігі тексеріледі, конкурс, арнайы «бағалау орталықтарында» білімді бағалау, қызметке тұруға экзамен тапсыру арқылы.

Жұмысшыларды жеке бағалау және аттестациядан өткізу. Жеке нәтижелері мен жұмысшының еңбегіне байланысты жалақы төлеу.

Жапондық менеджмент: Мектеп пен ЖОО-дарының еңбегі кеңінен қолданылады. Өндірістен қол үзбестен, кәсіпорын ішіндегі мамандарды оқыту мен қайта даярлау. Жұмыс істеу жылдарының мөлшеріне қарай қызмет бабының жылжуы. Кәсіпорындағы еңбек өтілі мен жасына қарай жалақы төлеу ( теңдестірілген жалақы)
Американдық менеджмент:

Жұмысшыларды ынталандыру

Жұмысшыларды ынталандыру Жапонияға қарағанда әлдеқайда төмен. Алайда ірі американдық корпорацияның президентінің жалақысы орта есеппен Жапониядағы президенттікіне қарағанда 3 есе жоғары.

Жапондық менеджмент:

Жұмысшыларды ынталандыру

Қаржылық жағдай тұрақты болғанда сыйақы жылына екі рет төленеді (екі-үш айлық жалақы көлемінде)

Әлеуметтік қордан төлемақылар мен жәрдемақылар: тұрғын үйдің ақшасының бір бөлігін немесе толықтай төлеу, медициналық сақтандыру мен қызмет көрсетуге шығындар, зейнетақы қорына жалақының белгілі бір пайызын аударып отыру, жұмысқа кәсіпорын көлігімен жету мүмкіндігі, ұжымдық демалыстарды ұйымдастыру.

Американдық менеджмент: Өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру: Өндіріске емес, сыртқы ортаға бейімделушілікке баса көңіл аударылады
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Менеджменттің жапондық және американдық модельдеріне салыстырмалы талдау жүргізу
Американдық менеджмент
Жапондық менеджменттің мәні және маңызы
Жапондық басқару
Баскарудың жапондық типінің түрлері
Жапондық модель
Менеджменттің мектептері
МЕМЛЕКЕТТІК МЕНЕДЖМЕНТ: ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН
Жапондық және американдық персоналдарды басқару жүйелерінің салыстырмалы сипаттамасы мен сараптамасы үрдісіндегі ерекшеліктер мен айырмашылықтар
Американ компанияларындағы менеджмент тәсілдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz