Экономикалық теория қызметі


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны:

Кіріспе

1. Экономикалық теорияның генезисі және эволюциясы

2. Экономикалық теория қызметі

3. Экономикалық категориялар және экономикалық заңдар. Зерттеу әдістері. Методология

4. Қазіргі кездегі экономикалық теория және басқа пәндермен байланысы

Кіріспе

Бізді қоршаған ортаға үңіле қарайтын болсақ, ол тым күрделі және онда болып жататын әртүрлі өзгерістер өзара бір-бірімен тығыз байланысты. Осы құбылыстарды жан-жақты зерттеу ісімен көптеген ғылымдар айналысады. Солардың ішінде экономика ғылымының орны ерекше.

Жалпы алғанда, экономикалық теория - бұл іргелі экономикалық ғылым, әлеуметтік-гуманитарлық және кәсіби экономикалық білімнің негізі. Осы тұрғыдан экономикалық теорияны қоғамдық байлықты және экономикалық қатынастар мен экономикалық заңдарды зерттейтін ғылым ретінде анықтауға болады.

Экономикалық теорияның зерттеу пәнін алғашқы рет классикалық мектеп өкілдерінің бірі Адам Смит жасаған болатын.

Экономикалық теорияның әдістері: экономикалық санаттар мен заңдар, формальдық логика, материалистік диалектика, экономикалық модельдер және сынақтар.

Осы жұмысты бөлімдермен қарастыратын боламын және де осы жұмысты орындау барысында экономикалық теорияға қатысты көптеген мәліметтер алдым, бұл ғылымға еңбегі сіңген ғұлама ғалымдармен, осы ғылым туралы қалыптасқан ой-пікірлермен таныстым.

Экономикалық теорияның генезисі және эволюциясы

Экономикалық теория - ертедегі ең ескі, бай тарихы бар ғылымдардың бірі. Экономикалық ойдың алғашқы көзін б. д. д. III ғасырда ертедегі грек ойшылдары Ксенофонт (б. д. д. 430-355 ж. ж. ) пен Аристотельдің (б. д. д. 384-322 ж. ж. ) еңбектерінен табуға болады. Экономикалық байланыстардың дамуы феодалдық тұйықтылықты жоюға және мемлекеттің пайда болуына ықпалын тигізді. Ол сол кездердегі жеке иеліктерді жүргізумен шектелмей, ұлттық мемлектетік шаруашылықты жүргізудің жалпы ережесін анықтаудың алғашқы талпыныстарымен бірге пайда болды. Мемлектеттік шаруашылықты жүргізудің жалпы ережесі «саяси экономия» деген атаққа ие болды. Антуан Монкретьен 1615-ші жылы «Саяси экономия трактаты» кітабында Франция елінің шаруашылығын мемлекеттік тұрғыдан басқарудың субъектісі ретінде қарастырды. Бірақ, мұны әлі де ғылым деп айтуға болмайтын еді. Экономикалық ілімдер тарихы ғылым ретінде XVII ғасырда пайда болып, осы кезде тауарлы-ақша қатынастары кең дамып, оның даму заңдылықтарын қарастыру мен зерттеудің бастауы болып табылады. Бірінші экономикалық ілім - «меркантилизм». Осы ілімнің негізгі мазмұны мынада: меркантилистер байлықтың қайнар көзі мен қоғамның әл-ауқаттылығы материалдық игіліктер өндірісінде емес, ол тауар мен ақша айналымы саласында болады деп есептеді. Олардың ойынша, қоғамның әл-ауқаттылығына сыртқы сауданы реттеу, тауарды сыртқа шығару басқа елден әкелінуінен артып тұруы мен елдегі ақша капиталы (алтын, күміс) қорлануының арқасында қол жеткізілді.

Меркантилистік саясат елге барынша көп мөлшерде алтын мен күмісті жинауды көздейді. Меркантилизмнің нағыз өкілдері - Вилья Стаффорд (1554-1612 ж. ) және Томас Мэн (1571-1641 ж. ) . Қоғам байлығы саудада емес, ол өндірісте пайда болатындығы туралы идея алғаш рет физиократтар еңбектерінде пайда болды. Осы мектептің басты тұлғасы - Франсуа Кенэ (1694-1774 ж. ) . Ол ұлттық байлықтың қайнар көзі ауыл шаруашылығының еңбегі деп есептеді. Кейінірек бұл Уильям Петти (1623-1687 ж. ), Адам Смит (1723-1790 ж. ) және Давид Рикардо (1772-1883 ж. ) еңбектерінде де қарастырылды. Олар ұлттық байлықтың қайнар көзі тек ауыл шаруашылығының еңбегі арқылы ғана емес, барлық өндіріс саласындағы еңбекте болатындығын айғақ етті. Осы идеялар классикалық (үлгілі) деген атаққа ие болды, сондықтан бұл ілімнің өкілдері классикалық экономикалық мектептің негізін қалаушылар деп аталды. Саяси экономиканың классикалық мектебінің тұжырымдамаларын одан әрі тереңдете зерттеу негізінде марксизм ілімі қалыптасты.

Карл Маркстың ашқан басты жаңалығы: қоғамдық-экономикалық формация, капитализмнің даму заңдылықтары, социализмнің (коммунизм) жаңа жүйе ретінде пайда болуы; ұдайы өндіріс пен экономикалық дағдарыстар теориясы, тауарға сіңген еңбектің екі табиғаттылығы, қосымша құн туралы ілімдерді қалыптастырды; абсолюттік рентаның, жалдамалы еңбектің мәнін ашты. К. Маркстың басты еңбегі - «Капитал» (1867 жылы 1-ші, 1885 жылы 2-ші, 1894 жылы 3-ші томдары жарыққа шықты) . Осы еңбек оны әлемдегі ұлы экономистер қатарына қосты. Бұл ілімінде жеке олқылықтар да кездеседі.

Тарих К. Маркстың капитализм кезеңіндегі пролетариаттың абсолютті кедейленуі туралы қорытындысын қоғам толық мақұлдамады, капитализмді таза қанаушы қоғам деген пікір де қателеу көрінді. Әлемдік экономикалық ғылым марксизмді қатты сынай отырып, осы ілім экономикалық теорияны дамытудағы ерекше дәуір болатындығын мойындады. XIX ғасырдың II жартысында «маржинализм» теориясы қалыптасты. Бұл теорияның негізін австриялық мектептің экономистері Карл Менгер (1840-1921 ж. ), Фридрих фон Визер (1851-1926 ж. ), Эйген фон Бем-Баверк (1851-1914 ж. ), сондай-ақ ағылшын экономисі Уильям Стели Джевонс (1835-1882 ж. ) және басқалары қалады. Маржинализмнің басты категориялары:шекті пайдалылық, шекті өнімділік, шекті шығындар.

Маржинализм экономико-математикалық тәсілдер мен модельдерді кең қолданды. Математикалық мектептің белгілі бір теоретигі швейцар экономисі Леон Вальрас (1834-1910 ж. ) болып табылады. Ол жалпы нарықтық тепе-теңділік моделін жасады, оның негізіне сұраным мен ұсынымды талдау жатады. Экономикалық ғылым үш ғасыр бойы (XVII-XIX ғ. ғ. ) саяси экономия ретінде дамыды. Ағылшын ғалымы, экономисі Альфред Маршалл (1842-1924 ж. ) өзінің «Саяси экономика принциптері» (1890 ж. ) деген еңбегінде «саяси экономия» термині «экономикалық теория» ұғымымен пара-парлығын айтты.

Альфред Маршаллдың шекті пайдалылық теориясы орташа мөлшерден шекті шағын шамаға өту мүмкіндігін жасады және олардың сұраным мен ұсыным, сондай-ақ шығындар көлеміндегі өзгерістерге алып келді. Бұл талдау техникасы процесі үшін өте үлкен мәнге ие болды. Экономикалық теорияда математикалық тәсілді қолдануға жол ашты. Қазіргі экономикалық ілімнің негізін қалаушы ағылшын экономисі Джон Кейнс болып табылады. Оның басты еңбегі - «Еңбекпен қамту пайыз бен ақшаның жалпы теориясы» деп аталады. Нарық жағдайында сұранымның ынталандыру қабілеттілігі жаппай жұмыссыздықтан құтқарады деген тұжырымға келді. Еңбекпен қамту деңгейін мемлекеттік реттеу жүйесіне көшіру Дж. Кейнстің жасаған негізгі қағидасы.

XX ғасырдың 70-ші жылдарындағы экономикалық дағдарыс пен кәсіпкерлік белсенділіктің бәсеңсуі А. Смиттің мемлекеттік реттеудің тиімсіздігі идеясына алып келді. Осы жағдайлардың әсерінен экономикалық ілімде жаңа бағыттар пайда бола бастады. Экономистер ойынша, нарық механизмі, бәсеке негізінде баланстандыру қамтамасыз етіледі немесе сұраным мен ұсыным арасында тепе-теңдік қалыптасады. Мемлекет жұмыспен қамтамасыз ету идеясынан бастартып, әлеуметтік бағдарламаны барынша қысқартады. Олардың қолдауынша, жеке кәсіпкерлік өндіріс пен қоғамдық әл-ауқаттың қарқынды өсуіне алып келеді, ұсынымды ынталандыру теориясы рейганомика мен тетчеризмнің негізін қалады.

«Монетаризмнің» басты стратегиясы-экономикалық өсудің мүмкіндігі мен тиімділігін қалпына келтіруді, мемлекеттік бюджеттен экономикаға ынталандыру салымын алмай жүзеге асыру. Осы тенденцияның айқын көрінісі

американ экономисі Пол Антони Самуэльсонның (1915 ж. ) «неоклассикалық синтез» теориясы болып табылады. Неоклассикалық синтез теориясының түсіндіруінше «еркін бәсекеге адамдар жұмыспен толық қамтылмайды және ресурстар түгелдей игерілмейді».

Пол Самуэльсон өзінің «неоклассикалық синтезіне» американ экономисі Джон Кеннет Гэлбрейттің (1908 ж. ) негізгі тұжырымдамалырн қосқан. Дж. Гэлбрейт ғылыми-техникалық революцияға және экономиканы реттеудің түрлері-үкіметтің өзара ұзақ мерзімді келісімімен, ірі корпорация мен кәсіподақтың мәмілелеріне ерекше мән берген. Қорыта айтқанда, қазіргі экономикалық ілімдер тарихы мынадай 4 ірі ағымдармен сипатталады:

-бірінші ағым «неоклассикалық» деп аталып, өзіне қазіргі «монетризм» және «неолиберализм» теорияларымен жұптасады. Неоклассиктер-А. Смиттің тікелей ізбасарлары былай деп есептеді: егер нарықтық экономика субъектліреіне мүмкіндігінше экономикалық еркіндік берілсе өте жақсы қызмет атқарған болар еді;

-екінші ағым «капитализмді реттеу» теориясымен айқындалады. Оның негізін қолдаушы ағылшын экономисі Дж. Кейнс (1883-1946ж. ) болып табылады.

-үшінші ағым «институционализм» теориясымен айқындалады. Оның негізін салушы американдық ғалым, экономист Торстейн Веблен

(1857-1929ж. ) . Осы ағым үшін капиталистік қоғамның дамуы мен түрінің өзгеруіне арналған зерттеулер сипаты тән.

-төртінші ағым әлеуметтік бағытталған нарықтық шаруашылық теориясымен айқындалды. Осы теорияның негізін қалаушылар неміс ғалымы, мемлекеттік қайраткер Людвиг Эрхард (1897-1977 ж. ) және Германияның ғалым-экономисі Вальтер Ойкен (1891-1950 ж. ) болып табылады.

Экономикалық теория қызметі

Экономикалық теорияға қатысты алғандағы функция (қызмет) деп отырғанымыз - объективті дүниені танып-білу жүйесіндегі осы теорияның шешетін міндеттері, сонымен бірге басқа да ғылыми пәндерге қатысты оның міндеттері. Бұлардың негізінде экономикалық теорияның шынайы әлем объектілері және субъектілерімен диалектикалық тұрғыда өзара әсерлесуі қалыптасады. Сол қызметтерінің бірнешеуін төменде көрсетейік:

Экономикалық теорияның танымдық қызметі - қоғамдық ұдайы өндіріс айналымында (өндіріс, бөлу, айырбас, тұтыну) көрініс табатын заңдар, заңдылықтар және экономикалық өмір категорияларын ғылыми тұрғыда танып-білу (зерделеу) . Ол нақты үрдістердің мәнін, ішкі, анықтаушы байланыстарын зерттейді. Экономикалық теория қоғам дамуының заңдары мен тенденцияларын танып біледі, әсіресе оның заманға сай жағдайы үшін.

Методологиялық қызметі салалық, салааралық, функционалдық, тарихи-экономикалық ғылымдар кешені үшін, сонымен бірге білімнің сан алуан саласында тоғысқан экономикалық ғылымдар үшін теориялық түпнегіз (фундемент) ретінде сипатталады.

Келесі қызметі прагматикалық немесе тәжірибелі - болжамдық . Көп жағдайда экономикалық әдебиеттерде күнделікті тәжірибе және болжам деген екі ұғым бір-бірінен бөлек қарастырылады, алайда оларды бірге талдау қажет. Тәжiрибенi ғылыми болжамды алдын ала негіздеуден үзіп алу қоғамның экономикалық өмiрiнде сөзсiз жағымсыз салдарға әкеледі. Жеткілікті түрде негізделген және жасалып біткен ғылыми болжамдарсыз, олардың міндетті көп нұсқалылығынсыз (тіпті экономикалық теория элементтерін пайдалана отырып) қабылданған шешімдер экономикалық тәжірибеде волюнтаризммен және осындай нұсқадағы қоғамның сөзсіз шығындарымен бірге жүреді.

Басқа да ғылымдар сияқты экономикалық теория білім беру қызметін атқарады. Ол экономикалық ойлау мен сәйкесінше сана-сезім қалыптастырады, яғни білім беру қызметі соңында шаруашылықтың іс-әрекетін анықтайды, қоғамдық психологияға әсер етеді.

Экономикалық категориялар және экономикалық заңдар. Зерттеу әдістері. Методология

Экономикалық заң дегеніміз - қоғамның экономикалық өмірінің аса маңызды, тұрақты құбылыстары мен процестерінің байланыстары. Олар өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну қатынастарының даму заңдары. Қоғамның даму заңдарының - экономикалық заңдар мен табиғат заңдарының, ортақ белгілері және сонымен қатар айырмашылықтары болады. Бұларға ортақ белгілер, ол экономикалық заңдар, табиғат заңдары сияқты, объективтік заңдар, яғни, олар адамдардың еркі мен санасынан тәуелсіз жаратылып, әрекет етеді.

Экономикалық заңдарды ашып қолдану адамдардан белгілі күш салып тырысуды тілейді, өйткені қоғамдағы реакцияшыл, керітартпа күштер осы заңдарды қолданып пайдалануға жол бермеуге бар күшін жұмсайды. Экономикалық заңдар объективтік сипатта болады. Осыған байланысты сұрақ туады - «Адамдар осы заңдарды талдап, танып біліп, экономикалық өмірде пайдалана алама?». Сөзсіз, адамдар экономикалық құбылыстар мен процестердің мәніне үңіле отырып олардың даму заңдарын ашып, әрекет ету механизімін түсініп біледі. Қоғам саналы түрде осы заңдардың талабын жүзеге асырады. Экономикалық теория экономикалық заңдармен қатар экономиқалық категорияларды зерттейді.

Экономикалық категориялар - қоғам өмірінің нақты жағдайларын теориялық тұрғыдан сипаттайтын логикалық түсініктер. Мысалы: сұраныс, ұсыныс, қаржы, несие, меншік, жалақы, нарық, пайда, тауар, ақша т. б. Экономикалық заңдардың жиынтығы, қоғамның даму заңдылықтарын белгілейтін экономикалық заңдар жүйесін құрайды. Бұл жүйені құратын заңдарды негізгі, басты, басты емес деп бөлуді дұрыс деуге қиын. Қоғам өмірін талдауда, жүйелік әдіс қолдану керек жағдайда, барлық заңдар маңызды, өзара байланысты болады. Тек бір ғана заңды пайдаланғанда болған қателік барлық жүйені бүлдіріп, қоғамдағы тепе-тендікті жояды. Экономикалық ғылым, жалпы жүйедегі экономикалық заңдарды ерекше және жалпы экономикалық заңдар деп ірі топта бөледі.

Ерекше экономикалық заңдар - бұл шаруашылықтың нақты тарихи формасының даму заңдары.

Жалпы экономикалық заңдар - бұл барлық тарихи дәуірле тән заңдар, олар барлық дәуірлерді біртұтас тарихи үйлесіп процесс етіп байланыстырады. Бұған қоғамдық еңбек бөлу заңы, т. б. заңдар жатады.

Экономикалық заңдар өздері, өз алдына әрекет ете алмаған экономикалық прогресс өзімен-өзі, өз алдына жүріп отырмақ.

Бұл үшін адамдардың, олардың қажеттіліктері мен мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған іс-әрекеті қажет.

Экономикалық динамиканы және статиканы зерттеу мен талдаудың екі амалы қалыптасқан: зерттеуді ұдайы өндірістік бағытта жүргізу және байланыстар мен тәуелділіктерді экономикалық өсу бағытынан зерттеу.

Кеше ғана ұдайы өндірістік бағыт экономикалық өсудің марксистік теориясы деп, ал экономикалық өсу бағыты-ұдайы өндірістің біршама, буржуазиялық теориясы деп тұжырымдалатын. Зерттеудің осы екі бағыттарының екеуіне де ортақ қасиеттері және олардың айырмашылықтарын сипаттайтын қасиеттері болады. Оларды зерттеуде өндіріс құрал-жабдықтары, жұмыс күші, жұмыс және бос уақыт, жалпы қоғамдык өнім, ұлттық табыс және басқадай ортақ категориялар мен көрсеткіштер қолданылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономика саласынан дәрістер курсы
Экономикалық ілім пәні мен әдістері
Экономикалық теорияның орны мен ролі, пәні және әдіс- тәсілдері
Экономикалық жүйе және, оның экономикалық заңдылықтары
Экономикалық теорияның қалыптасу және даму кезеңдері туралы
Экономикалық теорияның жалпы әдістері
Экономикалық жүйенің дамуы үшін қажетті шарттар мен жағдайлар
Экономикалық тәрбие беру
Экономикалық теория негіздерінің пәні және әдістері
Экономикалық теорияның қалыптасу және даму кезеңдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz