«КРИСТИАН ДИОР»


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТІРЛІГІ

М. Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

РЕФЕРАТ

«БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТІНІҢ СЕМИНАРЫ» пәні бойынша

Тақырыбы: «КРИСТИАН ДИОР»

Орындаған: Маупас Аяжан

1 курс білімгері

Факультет: «Технологиялық»

Мамандық: « Дизайн»

Тексерген оқытушы: Муса-Ахунов Акрам Абдул-Махмудович

Бағасы:

Тараз, 2017

Жоспар:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

2. 1 Кристиан Диор - соғыс киімдерін романтикалық стильмен алмастырушы

2. 2 Christian Dior парфюмериясы

2. 3 Dior зергерлік бұйымдары

2. 4 Christian Dior косметикасы

III. Қорытынды

IV. Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Кристиан Диор 1905 жылы 21 қаңтарда Францияның солтүстік-батысындағы Ла-Манш жағалауының бұрынғы балық порты, Гранвильдегі шағын Норманд қалашығында дүниеге келеді. 1911 жылы кішкентай Кристианның отбасы Парижге көшіп кетеді. Оның ата-анасы ауқатты адамдар болғандықтан, бес баланың екіншісі болғанына қарамастан ешнәрсеге мұқтаж болмаған. Оның әкесі химиялық тыңайтқыш саудасымен жағдайын жасаған, ал анасы ақшаны игілігіне жаратып отырады. Кристиан бастапқы білімін үйінде алады және ата-анасының талабымен дипломатиялық мансабына дайындалады. Ол Еркін саяси ғылым мектебіне түседі, алайда оның саяси қызметі осымен аяқталады. Болашақ кутюрье халықаралық қатынастар мен география сабағының орнына уақытын музейде өткізіп, музыкалық композиция және сурет өнерінде оқиды.

1928 жылы Кристиан досы Жан Бонжакпен бірігіп арт-галереясын ашады. Ол галереяда Дерен, Матис, Пикассо жұмыстары көрсетілген. 1931 жылы Кристиан үшін трагедиялық кезең болды: анасы қатерлі ісік ауруынан дүниеден өтеді, ал әкесі алаяқтардың құрбаны болып, банкротқа ұшырайды және туберкулезбен ауырады. Сол кезде Кристианың галереясы да жабылады, өйткені галереяның көп бөлігін әкесі қаржыландырған. Дәл сол уақытта ол өзінің суреттерін сата бастайды: Le Figaro llustre журналына қалпақ эскиздері мен көйлектерін басып шығарады. Оның киім үлгілеріне қарағанда қалпақ үлгілерінің үлкен жетістікпен қолданылатынына қарамастан, Кристиан тек киім үлгілерін жасауға бет бұрады. 1938 жылы ол танымал модельер Роберт Пигенің (Robert Piguet) назарын аударады, алайда мансабының қарқынды дамуына сол жылдардағы соғыс кедергі болады. Диор армияға кетіп, Францияның оңтүстігінде әскери борышын өтейді. Алайда 1941 жылы Парижге қайта оралады және танымал модель үйі Lucien Lelong үшін жұмыс істейді.

1942 жылы Кристиан, Christian Dior Perfume фирмасына айналған парфюмерлік лабораториясының негізін қалайды.

1946 жылы соғыс аяқталғаннан кейін Marcel Boussac тоқыма фабрикантының қаржылық көмегімен өзінің жеке сән үйін ашады.

1947 жылы Диор өзінің алғашқы коллекциясына су жаңа New Look концепциясын енгізеді. Бұл жаңа кринолин нұсқасында жасалған «романтикалық топтама» болды.

Алғашқы кезде жаңа сәнгерге үреймен қарайды, дегенмен бір жылдан кейін бүкіл Еуропа мен Америка жаңа стильді қабылдайды.

Диор өзінің белсенділігі және қатал түйсігінің арқасында соғыстан кейінгі Парижге әлемдік сән астанасы атағын қайтарып бергендердің бірі болды. Ол өзінің әріптесі Жак Руэмен бірге сән кәсібіндегі лицензиялық келісімді бірінші болып қолданады.

Негізгі бөлім

1946 жылы Диор мата кәсібімен және жылқы шаруашылығымен айналысатын Марсель Буссакпен танысады. Ол өз кезегінде Диорға «Филипп және Гастон» атты сән үйінің суретші директоры болуды ұсынады. Осы уақытта Диор ерекше шабытқа ие болып, өзіне тиесілі сән үйін ашуды жөн көреді. Модельердің еңбекқорлығы мен талғампаздығына қайран қалған Буссак оған ісін бастауға көмектеседі. 1946 жылы 16 қазанда, сағат 9-да, Монтень көшесі, 30-үйде көп адамның көмегімен кішігірім ателье ашады. 1947 жылы жоғарғы санаттағы адамдардың талғамынан шығатын киімдерді ұсынады. Бір жылдан кейін Еуропа мен Америка «нью лук» деп аталатын жаңа стильді түгелдей дерлік қабылдайды. Кристиан Диор өзінің «Мен әйел тігіншісімін» атты кітабында: «Біз әйелдерді кең иықты болуға мәжбүр еткен формалық киім мен соғыс кезеңін артта қалдырдық. Мен өте нәзік, иықтары кішкене, анары алмадай, қыпша белді, гүлді еске түсіретін қыздардың суретін салдым», - дейді. Бұл романтикалық мүсін жастарға тән. Диор стильді жыл сайын өзгертіп, екі бағыттағы топтаманы бірден ұсынады. Стилі Н, Х, А, Ү әріптеріне сай келетін киімдер тігеді. Аталған кезеңнен бастап Диор сән үйінің ауқымы кеңейе бастайды. 1947 жылы Серж Эфтлер Луиш басқаратын парфюмерлік филиал ашады. «Мисс Диор», «Диориссимо» атты әтірлер шығады. 1948 жылы Нью-Йоркте прет-а-порте үйі ашылады. 1952 жылы Лондонда кеңсе ашады. 1954 жылы Кристиан Диор іш киімдер шығару үшін лицензия алады. Мұнымен қатар Мехикода, Каракаста, Аустралияда, Чилиде және Кубада дүкендер ашылады. 1957 жылы Кристиан Диорды Сен Лоран алмастырады. Оның «Трапеция» атты топтамасы үлкен сұранысқа ие болады. 1960 жылы Лоранды әскерге шақырады. Оны 1989 жылдан бастап Марк Бохан алмастырады. Ол сән үйінің дәстүрін жалғастырады. Ары қарай сән үйі Патрик Лавуамен бірігіп, салтанатты киімдер шығаратын Жанфранко Ферреге өтеді.

Christian Dior парфюмериясы
Christian Dior парфюмериясы әлемдегі сатылу көлемі бойынша төртінші орынды алады. Dior парфюмерлік үйіне хош иіс эссенциясы алынған көптеген ашылулар жатады, мысалы, інжугүл мен ваниль эссенциясы.

2011 жылы "Dior" парфюмерия өнімінің авторлық құқығын орыстың танымал миллионері Дмитрий Игоревич Ильичев (Ресей, Сердобскі қаласы, Пензен облысы, №9 МОУСОШ) сатып алады. 2011 жылы мамырда "Dior Parfum"-ның 40% -ын украина миллионері, "UperenkoSA" парфюмер үйінің қожайыны Сергей Уперенско сатып алады. Christian Dior хош иістерінің шығарылуында Пьер Бурдон, Оливер Кресп, Эдмонд Рудницка, Оливер Польж, Тьерри Вассер, Гай Роберт және т. б қызмет атқарған. Қазіргі кезде Dior хош иістерінің 97 түрі бар, солардың ішіндегі ең алғашқысы 1947 жылы Christian Dior Miss Dior атауымен шығады. Қазіргі кезде Dior хош иістерінің шығарылуына Lady GaGa-ға тиесілі парфюмер компаниясы көмек көрсетуде. 2008 жылы британ әншісі Amy Winehouse Dior компаниясының негізінде "Backtoblack" атты өзінің жеке иіс суын шығарады. "Backtoblack" иіс суы Forbеs журналының мәлімдемесіне сәйкес 300 миллион еуро табыс әкелген.

Christian Dior үздік иіс сулары:

  • Dior Addict (әйелдер үшін)
  • Dior Dune (әйелдер және ерлер үшін)
  • Dior Dolce Vita (әйелдер үшін)
  • Dior Poison (әйелдер үшін)
  • Dior J’adore (әйелдер үшін)
  • Dior Miss Dior Cherie (әйелдер үшін)
  • Dior Fahrenheit (ерлер үшін)
  • Dior Homme Sport (ерлер үшін)
  • Dior Higher (ерлер үшін)
  • Dior Homme (ерлер үшін)

Dior зергерлік бұйымдары

Dior зергерлік бұйымдары әр түрлі тарихи стильдерде шығарылады, бірақ ұлттық мотивтің қадағалануымен және жаңа заманғы материалдарды қолдану нәтижесі көмегімен ешқашан бір бірінің сәні қайталанбайды. Бұйымдардың жаңашыл түрлері 1955 жылы Сваровскимен бірігіп жасаған ерекше әсерлендірген эффект болады. Қазіргі уақытта Dior зергерлік бұйымдар үйінің бас сәнгері- Виктория де Кастеллано. 1948 жылы Кристиан өз моделдерінің лицензиялы өнімін бүкіл әлем және Францияның барлық аймақтарына таратады. Осылайша Диордың фирмалық белгілері тез арада жер шарының барлық түпкірлерінде пайда болады. Ұлы сәнгер 1957 жылы 24 қазанда Монтекатини-Термеде (Италия, Тоскана), жүрек талмасынан 52 жасында дүниеден өтеді. Оның Гранвильдегі үйі қазір музейге айналған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XX ғасырға дейінгі киім стилі
Нәзік және пикшрленген WEB - беттерін құру
Қазақстандағы сән әлемінің дамуы жайлы
Қазақстандағы сән әлемінің дамуы
Сән
Қазақстандағы сән әлемнің дамуы
Қазақстандағы сәнгерлер жайлы мәлімет
Киім және оның түрлері
Қазақстандағы суицид мәселесі
Өнімді өткізу және тарату
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz