«ЕЖЕЛГІ ГРЕК МӘДЕНИЕТІНІҢ КЛАССИКАЛЫҚ КЕЗЕҢІ»


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТІРЛІГІ
М. Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
РЕФЕРАТ
«МӘДЕНИЕТТАНУ» пәні бойынша
Тақырыбы: «ЕЖЕЛГІ ГРЕК МӘДЕНИЕТІНІҢ КЛАССИКАЛЫҚ КЕЗЕҢІ»
Орындаған: Маупас Аяжан
1 курс білімгері
Факультет: «Технологиялық»
Мамандық: « Дизайн»
Тексерген оқытушы: Баярисов Режеп Узарбаевич
Бағасы:
Тараз, 2017
Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2. 1 Грек классикасы мәдениеті (б. з. д V-IV)
2. 2 Грек классикасы мәдениеті ( б. з. д IV-I ғ)
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Антик дүниесінің өнері деп аталатын ежелгі Грекия мен Рим мәдениетінің әлемдік өркениетте алатын орны ерекше. «Антик - (көне, ежелгі) » деген ұғым. Қайта өрлеу дәуірінде дүниеге келген, бұл терминді итальян ойшыл-гуманистері грек-рим мәдениетіне байланысты қолданған. Бүл атаудың түп-төркіні «ежелгі», «көне», «қадым заман» мағынасын беретін «антиквус» деген латын сөзінен шыққан. Көне мемлекеттердің мол, мәдени мұрасы Еуропаның барлық халықтары өнерінің, көркем әдебиетінің, философиясының, театрының және т. б. дамуына, саяси және құқықтық көзқарастарының қалыптасуына елеулі ықпал жасады. Өмір шындығын нақты бейнелеп, көркемділік пен қарапайымдылык, шыншылдық пен шеберлік қасиеттерімен белгілі болған грек және рим сәулетшілерінің, мүсіншілерінің және кескіндемешілерінің даңқты мәдени туындылары - көне заман тарихы туралы ұғымымызды қеңейтіп қана қоймай, мәдениеттің асқақ үлгісі ретінде күні бүгінге дейін өз мәнін жоймай отыр.
Негізгі бөлім
«Көне», «қадым заман» мәдениетінің негізін қалаушылар ежелгі гректер екендігін ешкім жоққа шығара алмайды. Олар өздерін «Эллиндер»; ал өз елдерін «Эллада» деп атаған. Антик дүниесінің мәдениеті біздің заманымыздан бұрынғы бір мың жылдықтың алғашқы ғасырларында қалыптаса бастаған. Оның он бес ғасырдай уақытын қамтитын ұзақ ғұмыры біздің заманымыздың V-ғасырда Рим империясының құлауымен аяқталды. Мәдениет тарихының қай кезеңін алсақ та, ол өзінің баға жетпес мәдени құндылықтарымен ерекшеленеді. Сондықтан да болар, ғалымдар көне мәдениеттің ішінде, әсіресе, грек мәдениетіне ерекше мән береді, өйткені ежелгі Грекияның өдебиеті, өнері, философиясы және т. б. ғасырлар бойы Еуропаның барлық елдерінің ақындарына, мүсіншілеріне, суретшілеріне, жазушыларына, композиторларына сарқылмас шалқар шабыт берді. Шындығын айтсақ, біздің дүниежүзілік мәдениетпен таныстығымыздың өзі де гректердің таңқаларлық мәдени қазынасы мен үшқыр ақыл-ой иелерімен танысудан басталады. Мұндай ақыл-ой даналығы рухани және саяси-әлеуметгік өмірдің барлық салаларында - поэзияда, саясатта, ғылымда, құқықта, кескіндеме, сәулет, мүсін және т. б. өнер салаларында кеңінен көрініс тапты. Көне мөдениеттің жарқын бетгері Эсхил, Софокл, Еврипид, Геродот, Фукидид, Демокрит, Платон, Аристотель сияқты үлылар есімімен тығыз байланысты болды.
Грекияның көне мәдениетінің тамыры тереңде жатыр, өйткені, оның бастауында б. з. д. Ill-II мыңжылдықтарда Грекия жері мен Эгей теңізі аралдарын мекендеген тайпалардың өркениеті жатыр. «Эгей» өркениеті мәдениеттің қайнар бүлағы болды, міне сондықтан да грек халқының ежелгі мәдениетінің ең ерте шағы Эгей өнерімен сабақтас. Б. з. д. ӀӀ-мыңжылдықта Эгей мөдениетінің аса маңызды орталықтары Крит аралы мен
"Зевс"
Пелопоннес түбегіндегі Микены болғандықтан да Эгей өркениетін Крит-Микены мэдениеті деп атайтын болған. Грек аңыздарына қарағанда Крит - ұлы жебеуші, найзағай тәңірі Зевстің туған жері. Аңыз бойынша гректердің ең басты қүдайы Зевс бұқа бейнесіне еніп, Финикия патшайымы, асқан сұлу Еуропаны алып келеді, ал одан аралдың болашақ билеушісі Минос туған. Атақты Геракл өз ерліктерінің бірін дәл осы Крит аралында жасаған, қүтырған бүқаға бас үйреткен. Гомер де өз дастандарында бүл арал қалаларының бай екендігін мадақтай көрсетеді. Ал шындыққа белгісіз кейбір аңыздарда Зевс пен Еуропаның баласы Минос ел билеуші патшалардың ішіндегі ең әділеттісі болыпты-мыс дейтін деректер бар. Алайда Критті осындай есімді патша тек мифологиялық шығармаларда ғана емес, грек тарихшыларының еңбектерінде кездесетінін естен шығаруға тағы да болмайды. Крит жайында египеттік текстерде де кейбір деректер ара-түра кездесіп қалады
Грек классикасы мәдениеті
(біздің заманымызға дейінгі V - IV ғасырлар)
Біздің заманымызға дейінгі грек-парсы соғыстары (500-449 жылдар) ежелгі Грекияның тарихындағы бетбұрыс кезең болды, өйткені дәл осы уақыттан бастап грек мәдениетінің классикалық кезеңі басталды. Азаттық жолындағы күресте парсылардың талқандалуы ежелгі Грекия мемлекет-қалаларының қоғамдық құрылысының артықшылығын көрсетіп қана қоймай, азаматтық сананың артуына, ең бастысы - классикалық құлдық қоғамның толық қалыптасуына, ал өз кезеңінде полистік демократияның дамуының нәтижесінде экономикалық және саяси өмірдің жанданып, мәдениеттің гүлденуіне әкеліп соқты. Біздің заманымызға дейінгі V ғасыр Афины, әсіресе Периклдің (біздің заманымызға дейінгі 444-429 жылдар) басшылығы кезінде аса ірі мәдени орталыққа айналды. Афинының рухани өмірінде демократиялық құрылыстың орнығуы - грек театрының гүлденуімен, трагедиялық және комедиялық шығармалары дүниежүзілік әдебиеттің асыл қазынасына енген Эсхилдің, Софоклдың, Еврипид пен Аристофанның шығармашылықтарымен тұспа-тұс келді.
Архаикалық дәуірде әдебиет саласында лирикалық жанр үстемдік етсе, ендігі жерде трагедия мен комедия жанрлары басты орынға шықты. Дәл мағынасында трагедия деген сөз - «ешкілер әні» деген мағына береді. Ол - ешкі терісін жамылып, әзіл-оспақтық сарында хормен өлең айтудан шыққан. Афиныда Дионис құдайдың құрметіне байланысты жалпы мемлекеттік мейрамның бекітілуі - трагедияның мерейін жоғарылата түсті. Мифологиялық кейіпкерлерге толы грек трагедияларының басты мазмұны - халықтың өз теңдігі мен әлеуметтік әділет жолындағы қаһармандық күресінің сан саласына арналған. Гректрагедиясының Гомер дастандары сияқты үлкен тәрбиелік мәні болды. Сонымен бірге трагедиялық кейіпкерлер іректердің бойында адамгершілік, парасат сезімдері, азаматтық биік этикалық асыл қасиеттерді ныгайтты. Трагедияда грек мәдениетінің катарсис (тазару) деп аталатын ұғымы кеңінен көрініс тапты. Трагедия жанрының гүлденуі Эсхил, Софокл, Еврипид сияқты үш драматургтердің есімімен тығыз байланысты болды. Адамзат мәселесі, адамның тағдыры, әділеттілік пен игілік және тағы да басқа мәселелер осы бір даналар назарында болды, бірақ олардың әрқайсысының өзіндік ой-толғамдарының, өзіндік көзқарастарының бар екендігі аңғарылып тұрды.
Бұл трагедиялар грек театрларының басты қойылымдарына айналды. Жалпы грек театры ойын-сауық отауы ғана емес, нағыз халықтың тәрбиешісіне айналды, грек жұртының сана-сезімі мен өмірге деген көзқарастарын қалыптастырды. Археологиялық қазба жұмысстарының нәтижесінде аршылып алынған грек және рим театрлары бүгінгі заманға дейін сақталынған. Біздің заманымызға дейінгі IV ғасырдың аяғынан бастап ағаштан жасалынған театрлардың орнын тастан салынған театр басты. Мысалы, құрылысы бір ғасырға созылған, 17 мың адам сиятындай етіп салынған атақты Дионис театры Афины тұрғындарының үлкен өнер ордасына айналды. Театр қойылымдары - діни мейрамдардың бір саласы болғандықтан, оған жүздеген-мыңдаған адамдар қатысатын. Көне заманда драмалық шығармаларда ойнаған актерлерді өте жоғары бағалаған. Олардың атақтыларының аты-жөндері мөрмәр тақтаға ойылып жазылып, Дионис театрына қойылған, ал кейіннен мемлекеттік архивке тапсырылатын болған. Осының нәтижесінде бізге 62 трагедия және 82 комедия жанрларында өнер көрсеткен актерлердің аттары белгілі болып отыр.
Классикалық грек трагедиясының негізін қалаушы - ұлы Эсхил (біздің заманымызға дейінгі 525-456 жылдар) болды. Эсхилге дейін бүкіл кейіпкерлерді бір-ақ актер ойнайтын болса, енді сахнаға екінші актер шығарылды, соның арқасында драмалық сахна көріністері жандана түсті. Осы орайда, драмалық қойылымдарда маскалардың, декорациялардың қолданылуы да Эсхилдің есімімен тығыз байланысты екендігін айта кеткен жөн. Эсхил трагедияларында шындық, өділеттілік, діни-этикалық мұра ұғымдары одан әрі айқындалып, азаматтардың рақымшылдығы мен адамгершілігі, өз еліне деген сүйіспеншілігі басты орынға шықты. Мысалы, «Құрсаулы Прометей» трагедиясының басты тақырыбы патриотизм мен рақымшылдық болса, ал «Орестей» трилогиясында адам тағдыры кеңінен көрініс тапқан. Адам тагдыры мөселесі грек трагедиясының дарынды өкілдерінің бірі Софоклдың (біздің заманымызға дейінгі 497-406 жылдар) шығармашылығында өзінің занды жалғасын тапты. Ол өз шығармаларында еркіндікке толы азамат еркінің әділетсіз қатал тағдырға қарсылығын тамаша суреттей білді. Софоклдың «Эдип патша» деп аталатын ұлы трагедиясының күні бүгінге дейін элем сахналарынан түспеуі көп нөрсені аңғартса керек.
Біздің заманымызға дейінгі 480-406 жылдар аралығында өмір сүрген Эврипид психологиялық драманың негізін қалады. Оның «Медея» және «Федра» трагедиялары да адам өліміне өкеліп соғатын шым-шытырық өмірлік уақиғаларға толы болып келеді.
Ежелгі Грекиядағы комедия жанрының тамаша өкілі - Аристофан (біздің заманымызға дейінгі 445-385 жылдар шамасы) болды. Оның комедиялық туындыларында халықтың күнделікті өмірі, тұрмыс-тіршілігі басты орын алды. Сондықтан да болар, оның комедияларындағы кейіпкерлер әдетте халық атынан сөйлеп, халықты қанап, алдап-арбаушыларды өткір сынға алады. Ұрылар сияқты қоғамға жат элементтермен қатар, ақылы мен арын сатқан ел билеуші философтарды да әжуаға ұшыратады. Оның 138 «Салт аттылар», «Бейбітшілік», «Лисистрата» және тағы да басқа комедиялары саяси мазмұндағы шығармалар қатарына жатады. Аристофан грек театрының халықтың дөстүрлеріне сүйене отырып театр сахналарында мималарды (өмірдің күнделікті жағдайларын бейнелейтін шағын көріністер) кеңінен пайдаланды. Дөл осы кезенде пантомима жанрының туындауы комедия жанрын одан әрі түрлендіріп, оның халықтық сипатын айқындай түсті.
Біздің заманымызға дейінгі V ғасыр грек тарихнамасы қарқынды түрде дами бастады. Оған үлкен үлес қосқан сонау көне заманның өзінде-ақ «тарихтың атасы» деген атақ-даңққа ие болған Геродот (біздің заманымызға дейінгі 484- 430 жылдар) болды. Оның тақырыбының негізгі арқауы грек-парсы соғыстары болып табылатын «Тарих» атты еңбегі баға жетпес тарихи мұралардың қатарынан орын алды. Көне заманның ұлы тарихшыларының бірі - Фукидид (біздің заманымызға дейінгі 460-400 жылдар) өзінің «Пелопоннесе соғыстары» атты еңбегінде алғаш рет ғылыми - шыншылдық әдісін кеңінен қолданып, сол кезеңдегі тарихи уақиғалардың өзара байланыстарын ашу арқасында, халықтың саяси білімінің артуына себепкер болды.
Біздің заманымызға дейінгі V-IV ғасырда жасалған сәулетшілердің, мүсіншілер мен суретшілердің даңқты өнер туындылары кейінгі ғасырларда да үлгі-өнеге алуға лайық болды, сондықтан да оларды классикалық мұра, яғни үлгі деп есептейміз. V-IV ғасыр өнер - грек классикалық өнері деген атақ алды. Біздің заманымызға дейінгі V ғасыр сөулет өнері архаикалық кезеңнің белгілерін сақтағанымен, өзіндік жаңаша түрге, жаңаша мазмұнға ие болды, колонналармен қоршалған гимарат, периптер типі дамып, жетілді. Дорлық ордер храмдары жетекші орын алып, олар бұрынғы біздің заманымызға дейінгі VI ғасырдағы аумақты жер бауырлаған храмдармен салыстырғанда зор тұтастық пен жарастыққа ие болды. Біздің заманымызға дейінгі V ғасырдың өнер шеберлерінің алдында тұрған ұлы мөселелердің бірі - сөулет өнері мен мүсін өнері бір-бірімен етене байланыста көрсету міндеті ойдағыдай шешілді. Қорыта келгенде, классикалық дәуір өнерінің басты жеңісі, адамның архаика өнерінің шарттылығынан құтылған тәуелсіз, табиғи қалпын бере білу шеберлігі болып табылды.
Грекия тарихындағы ұзаққа созылған қанды соғыстар (тарихқа Пелопоннесе соғысы - деген атпен кірген Афины теңіздер державасы мен Спарта бастаған Пелопоннесе одағының өзара әскери қақтығыстары) Афинының жеңілісімен және ол басқарған қалалар одағының ыдырауымен аяқталды. Соғыс құлиеленушілік қоғамның қайшылықтарын одан әрі шиеленістіріп, мемлекет - қалалардың дағдарысын тудырды. Үздіксіз саяси және әлеуметтік күрес грек мемлекеттерін әбден титықтатып, біздің заманымызға дейінгі IV ғасыр екінші жартысында олардың жаңа қуатты держава - Македонияның қол астына өтуімен аяқталды.
Қоғамда орын алған әртүрлі қоғамдық қақтығыстар біздің заманымызға дейінгі IV ғасыр адамдарының көзқарастарына елеулі өзгерістер енгізді. Құлиеленушілік қоғам демократиясы дағдарысқа ұшырап, қоғамдық өмір мәселелеріне салғырттық, өз қаласының тағдырына самарқаулық байқалды, жеке бастың мүддесі қоғамдық мүддеден жоғары тұрды. Философиялық мектептердің біразы мәдениет жетістіктерінің бәрінен безіп, адамньщ табиғат аясына кетуін уағыздаса, екіншілері адамдарды «алаңсыздыққа» шақырып, «елеусіз өмір сүру» принципін уағыздады. Қоғамдық өмір мәселелерін белсене сынаған Аристофан комедияларының орнына өз заманының саяси оқиғалары ақ түсті суретгелетін мән-мағынасыз комедиялар пайда болды. Міне, осындай тарихи жағдайда грек мәдениетінің тағы бір кезеңі - тоқырау кезеңі басталды.
Классикалық Грекия кезеңі (Б. з. д. IV-ші - б. з I ғасырлары) .
Сәулет өнерінің дамуына үлес косқан өнер ошақтарының бірі - Грекия. Көне грек архитектурасының ең күшті дамыған кезі - б. з. б. V ғ-дағы Периклдың билік құрған тұсы. Афин қаласының ең биік төбесіне жартасқа ауданы 300 х жерге жететін Акрополь қаласы салынады. Олардың сәулетшілері Иткин мен Калликрат, ұзындығы, ені (б. з. б. 448 -438 ж) Парфенон ғибадатханасын түрғызды. Ғимараттың шатырын биіктігі 10 м-ге жуық жетерлік колонна ұстап түрды. Ғибадатхананың ішкі жағына Фидийдің Афина құдайына арналған мүсіні орнатылды. Шатырдың шығыс жақтағы маңдайшасына Афинаның тууы, батыстағы маңдайшасына Афинаның Посейдонмен айтысы тақырыптарына арналған бейнелелер бедерленді. Фризде 160 панафея шеруі бейнеленген, 92 метопа атты ұсақ бөлшектерде алыптардың, кентаврлардьң амазонкалардың бейнелері бедерленді. Акропольге көтеріле берістегі орналасқан бірінші құрылыс - сәулетші Мнесикл (6. 3. 6. 440- ж. ) тұрғызған Пропилей ғибадатханасы. Акропольде Парфеноннан кейінгі орналасқан, ерекше Эрехтейон ғибадатханасы бой көтерген. Ол қаланың аты анызға айналған Эрехтеяға арнап салынған (сәулетшілер Архилох) Филокл, б. з. б. 421 - 407 ж. ) Грек сәулетшілерінің дүниежүзілік архитектура саласына қосқан бір жаңалығы - архитектуралық ордер жүйесі. Бірнеше құрамдас бөліктен тұратын ордерлік жүйе көне грек ғибадатханалары негізгі айқындаушысына айналды. Бір тәртіпте орналасқан колонналар антаблементті көтеріп тұрады. Ордерлік жүйенің үш негізгі түрі: дории, иониилік және коринифтік Афин акрополінде көрініс тапты. Мысалы, Парфенон дориилік ордерде, Эрехтейон иониилік жүйеде шешімін тапқан ғибадатханалар. Ғибадатхана қабырғалары ірі, кесек тастардан қаланатын болған.
V-ші ғасырдың соңында суретшілер, ал кейінірек көрермендер жаңа қалыптасқан тәсілді түсіне бастады. Өнерді діни немесе қоғамдық жағынан ғана бағалап қоймай, оның көркемөнер құндылығы жағынан да бағалай түсті. Осы кездегі Парфенон дориилік ордерде тұрғызылған болатын, ал оның соңын ала акрополь құрылысында ионилік стиль пайда болады. Ол ғибадатхана Эрехтейон деген атқа ие болды. Ионилік стильде капительдің қарапайым жастықша формасын - сәнді валютамен алмастырады. Осындай құрылыстар өзінің нәзіктігімен, әсемдік пен жеңілдікті тудырды. Осы уақытта Афиналықтар Спарталықтармен соғыс жүргізіп жатқан кезі еді. Біздің заманымызға дейінгі 408 жылы аз ғана уақытқа созылған достық, Акропольдегі кішкентай ғана Жеңіс құдайына арналған ғибадатханаға баллюстрада қосылып салынады. Оны сәндеп тұрған мүсін, өте нәзік ионилік стильде тұрғызылған. Ондағы фигуралар қатты бұзылғанымен қол, бас мүшесіз мүсін бейнелерде оның сұлулығын сақтап қалды. Бұлар жүріп бара жатқан қыздар мен шешіліп қалған сандалын жөндеп байлап жатқан қыздың фигурасы, яғни Ника Жеңіс Құдайының бейнесі.
IV ғасырда өнерге деген көзқарас өзгере түседі. Фидий мүсіндері құдай бейнелері ретінде бүткіл Грекияда танымал болды. IV ғасырдағы ғибадатхана ішіндегі немесе сыртындағы мүсіндердің көркем құндылығы жоғары бағаланады. Гректер білімді театрдан, өлеңнен, кескіндеме мен пластика өнерінен талдай бастайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz