Бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын айқындау


МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 2-5
І. Бастауыш сынып оқушыларына бейнелеу өнері сабағы арқылы эстетикалық тәрбие берудің теориялық негізі . . . 6-21
1. 1 Бастауыш сыныптарда берілетін эстетикалық тәрбиенің мәні, міндеттері . . . 6-14
1. 2. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс- әрекетін қалыптастыруда бейнелеу өнері сабағының өзіндік ерекшеліктері . . . 15-21
ІІ. Бейнелеу өнері пәнінде оқушылардың шығармашылық іс-әректтерін сыныптан тыс жұмыстар арқылы қалыптастырудың әдістемелік жолдары . . . 22-45
2. 1. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекеттерін қалыптастыруда бейнелеу өнері пәнінің өзіндік ерекшеліктері . . . 22-48
2. 2. Бастауыш сныптарда бейнелеу өнері сабақтарынан сыныптан тыс жұмыстары арқылы шығармашылық қабілетін қалыптастырудың әдіс- тәсілдері . . . 29-45
Қорытынды . . . 46-47
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 48
Кіріспе
Бүгінгі таңда еліміздің тәуелсіз егемендік ел атанылуы, қоғамдық өмірдің барлық салаларында, әсіресе білім беру саласында көптеген түбегейлі өзгерістерге ұшырауда.
Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында: «отандық дәстүрлер, әлемдік тәжірибе негізінде және тұрақты даму қағидалары негізінде білім берудің мазмұны мен құрлымын жаңарту» міндеттері көзделген.
Өкіметіміздің осындай талаптарын іске асыру мақсатында қазіргі кезде білім берудің мемлекеттік стандартын әлемдік денгейге сәйкестендіруге байланысты өнер пәндерін (музыка, бейнелеу өнері, т. б. ) оқыту арқылы эстетикалық қабілеті мен эстетикалық талғамдарын арттыруға септігін тигізетін эстетикалық тәрбиенің көркемдік білім беру құралын қоғам талаптарына сай өзгертуге мүмкіндік болып отыр. Адамның рухани өміріне тұтастай әсер етіп, оқушылардың эстетикалық талғамын біліммен -тәрбие беру сапасын арттыруда өнер пәндерінің маңызы зор деп санаймыз.
Бастауыш сыныптарда өтілетін пәндерінің ішінде өнер пәндерінің ортақ міндеті оқушының жеке тұлғасын қалыптастыру, оларды қоршаған орта әсемдігін өнер түрлері арқылы түсіне білуге тәрбиелеу болып табылады.
Ежелгі дәуірден-ақ адам баласы үшін ғылым мен өнердің қажеттілігі тең дәрежеде бірін-бірі толықтырып отырған. Ғылым дүниені танып, білуге қызмет етсе, өнер - айналаны ортамен үйлесімді өмір сүрудің тамаша қасиетіне баулыған. Адам айналаны, бүкіл дүниені, оның әсемдігін тану арқылы, өзін танып, өз рухани дүниесін дамытып отырған. Сол себепті өнер адам бойында қайырымдылық, адалдық, отан сүйгіштік сияқты сан алуан асыл қасиеттер сезімін қалыптастырып тәрбиелемек.
Жалпы, өнер адамның жанын, оның рухани байлығын арттыырып, ойын тазартып, ізгі мақсатына жетелейді, яғни биік тұлғаны қалыптастырады.
Олай болса, болашақ ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында білім беру жүйесін ізгілендіру, оны оқыту үрдісінде ұтымды пайдалану кең орын алуы тиіс.
Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық мектептердің рөлін күшейте отырып, ол мектептерде білім алып жатқан жастарға білім мен тәрбие ісін үздіксіз жетілдіре түсу.
Сондықтан, еліміздің өсіп келе жатқан жас жеткеншек ұрпақтарын қоғам талабына сай білім алуға құштарлығы мол, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы жүйелі қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша болып саналады.
Өйткені, қазіргі таңдағы мектеп қоғам дамуындағы, әлеуметтік талаптармен тығыз байланысты.
Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып оқушы бойындағы рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады. Мектеп - тәрбиенің сай - санамен, күрделі мәселелеріне терең бойлауға бастайтын күнделікті тұрмыста кездесетін дағдылар арқылы баланың жан дүниесіне әсер ететін білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы.
Бастауыш мектеп, оқушы бойындағы білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады. Келешекте жалпы орта білім беретін кез-келген арнаулы мамандықтарға талпынудың ірге тасы бастауыш сыныптарды қаланады, жоғары сыныптарда жалғасын табады.
Сондықтан оқытудың мазмұны, оқытудың әдістері мен формаларын қазіргі жағдайға сәйкес жан-жақты талданып жүйелене түсу үстінде. Ал бүгінге дейін өтіліп келе жатқан мектептегі бейнелеу өнері сабағы дегенмен өз дәрежесінде өтіліп келе жатқан пәндердің бірі. Оқу құралдарымен оқу-әдістемелік құралдары бар болғанымен оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында әдістемелік құралдардың көптеп болғаны дұрыс дер едім. Бүгінге дейін бейнелеу өнері түрлерінің теориялық негіздерін, әдістемелік тұрғыда кеңінен дәлелденген, сондада болса мұғалімдерге қажетті материалдар мен толықтырылған оқу-әдістемелік құралдардың жоқтығынан қарама-қайшылықтар туындайды. Біз жазып отырған дипломдық жұмыстың тақырыбы осы мәселелердің шешімін табу мақсатында, ұсыныстар беру мақсатында біз қарастырып өткен педагогикалық әдебиеттерді талдау арқылы дипломдық жұмысымыздың тақырыбын “ Бейнелеу өнері сабағында оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін сыныптан тыс жұмыстар арқылы қалыптастыру “ ( 4-сынып ) деп таңдап алуға себепші болды.
Зерттеу мақсаты: Бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын қарастыру, айқындау.
Зерттеу міндеттері: 1) Бастауыш сыныптарда өтілетін бейнелеу өнер сабақтарында оқушылардың шығармашылық, іс-әрекеттерін дамытудың тиімділік жолдарын ашып көрсету.
2) Бастауыш сыныптарда оқушылардың шығармашылық қабілеттерін бейнелеу өнер сабағындағы сыныптан тыс жұмыстар арқылы қалыптастырудың әдіс - тәсілдерін қарастыру.
3) Бастауыш сынып оқушыларында бейнелеу өнері сабақтары арқылы берілетін эстетикалық тәрбиенің мәнін ашып көрсету.
Зерттеу объектісі: Бастауыш мектептің оқу - тәрбие процесі.
Зерттеу әдістері: Дипломдық жұмыстың тақырыбына байланысты бейнелеу өнері пәніне көркем әдебиеттер мен қажетті оқулықтарды талдап оқу «Қазақстан Республикасының білім туралы заңы», білім мен тәрбие берудегі материалдарын оқып сараптау. Педагогикалық іс-тәжірбиелерді сараптай отырып анықтау, бақылау, бейнелеу өнері туралы жазатын ғылыми мақалалары, әдебиеттерді талдау, саралау, қортындылау.
Дипломдық жұмыстың құрлымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қортынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. Бастауыш сынып оқушыларына бейнелеу өнері сабағы арқылы эстетикалық тәрбие берудің теориялық негізі.
1. 1 Бастауыш сыныптарда берілетін эстетикалық тәрбиенің мәні, міндеттері.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 8 -бабында білім берудегі басты міндет ретінде жеке тұлғаның шығармашылық және рухани мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауаттық өмір салтының негіздерін қалыптастыру, және тұлғаның дамуына жағдай жасай отырып, олардың ақыл - ойы мен зердесін байыту деп атап өтілген. Сондай-ақ әлемдік және отандық мәдениет жетістіктеріне қол жеткізу керектігі атап көрсетілген.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік білім беру саласындағы тұжырысмдамасында» келтірілген мына мәселелерге көңіл бөлінуді көздеген. «Бұл кезеңде (бастауышта) гуманитарлық-эстетикалық бағыттағы пәндерді кеңінен енгізу, ол пәндерге сағаттарды көптеп бөлу, өйткені осы жастағы балалар әсершіл, әрі сезімтал келеді. Бала бастауыш мектепті бітірген кезде, жанындағы адамдармен ешбір қиындықсыз белсене қарым-қатынас жасауды үйренуге, алған білімін түсініп, өмірде қолдана білуді талап ететін дағдыларды толық игеруі тиіс», - делінген.
Ондай пәндердің біріне бастауыш сыныптарда өтілетін бейнелеу өнері пәнін айтуымызға болады.
Өнер арқылы адам қабілетін дамыту мәселесі туралы жазылған ойлар, тұжырымдамалар, көзқарастар, еңбектер баршылық. Ежелден ұлы ойшылдарымыз Әл-Фараби, Ж. Баласағұн, ұлы Абай, өз еңбектерінде адамсның жеке басын, қабілеттерін дамытуға үнемі назар аударып отырған.
Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесі туралы кеңестік жаңашыл - педагогтар Ш. А. Амонашвили, И. П. Волков еңбектерінде арнайы сөз етіліп. Республика басылым беттерінде көрініс тапқан.
Республикамызда бұл мәселеге назар аударған ғалымдар, бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, ойын әрекет арқылы дамытудың педагогикалық шарттары айқындалған. Оқыту барысында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту (Б. Тұрғынбаева), эстетикалық тәрбие беру (С. А. Ұзақбаева), Б. А. Әлмұханбетов, А. Қамақов секілді ғалымдар өз еңбектерінде оқушылар мен студенттердің көркем мәдениеттік тәрбиесін (эстетикалық, музыкалық, адамгершілік) жетілдіру жолдары қарастырылып, педагогикалық мүмкіндіктерін ашып көрсеткен
Адамның рухани өміріне тұтастай әсер етіп, білім мен тәрбие беру сапасын арттыруда өнер пәндерінің, маңызы зор. Бастауыш сыныптарда өнер пәндерінің ортақ міндеті, оқушының жеке тұлғасын қалыптастыру, оларды қоршаған орта әсемдігін өнер түрлері арқылы түсіне білуге тәрбиелеу.
Өнер салалары арқылы жеке тұлғаның рухани әлеміне мақсатты түрде әсер ету үшін, алдымен өнер шығармасына деген қызығушылығын ойятып, оны көре білуге, әсерлі тыңдай білуге, әсемдікті сезіне білуге баулу.
Адамдардың эстетикалық сезімдері олардың өмірінде зор рөл атқарады.
Әсемдікті көре, түсіне, жасай білу адамның рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді, олар ең жоғары рухани ләззаттануға мүмкіндік береді. Біз әр адамның адамгершілікті тұлғалақ мәнін жан-жақты дамытуға ұмтыламыз.
Сондықтан бейнелеу өнері сабақтарында әр баланың сезім нәзіктігін көркемдікті, әсем нәрсені сүйетіндей етіп дамытуымыз керек. Адамның әсемдікті, қуаныш пен қайғыны тағы басқа түсінуіне байланысты, оның саналы тәртібі мен мінез-құлқы айқындалады. Осыдан келіп адамның әсемділікке шынайы көзқарасы дами түсіп, оқушы дүниетанымы кеңейе түседі.
Қазіргі кезде мектеп оқушыларынан эстетикалық көзқарастарын дамытуда, оларды жан-жақты етіп тәрбиелеуді мектеп мұғалімдерінен күн санап талап ететін мәселесі. Біздің қоғамдағы өмір сүріп жатқан адамдарға тек қана өнерден емес, еңбек қоғамдық қатынастар, қоршаған орта, тәртіп, табиғаттың да әсемдік жақтары ықпал етеді.
Эстетикалық көзқарастар адамның шындыққа қатынасын анықтайды.
Адам өмірінде эстетикалық көзқарас әрдайым қуатты рухани күш ретінде көрінеді. Балаға балғын бөбектік кезеңнен бастап әсемдікке ұмтылу тән нәрсе. Ол әрдайым бойларында әсемдік құндылықтары бар қатар - құрбыларына, ересектерге еліктейді. Балалардың өз еңбек іс-әрекеті тиімді және сапалы болуы үшін оның ұйымдастырылуы толысып, тамаша нәрсені қабылдау деңгейіне жеткені жөн. Балаға сонымен қатар жасампаздықтың да әсемдігі бала бойында ашылады. Әсемдіктің адам үшін зор тартымды күші бола отырып, сонымен бірге оның іс-әрекетінің белсенді және тиімді дем берушісі де болады. Оқушы өнегелігінің әсемдігі, оның жан дүниесінің байлығы, шешендігі оны басқа адамдарға тартымды етеді және еңбек іс-әрекетінің процесін жеңілдетеді. Ерлік пен шын азаматтық әсемдік, адамдарды қоғамдық тәртіп және құқықтық әрекеттерін орындауға жетелейді.
Эстетикалық тәрбиенің өзіне тән міндеттері бар. Олардың бірі - эстетикалық сезімді және эстетикалық қабылдауды бала бойына сіңіру.
Эстетикалық ұғымды, пайымдауды, баға беруді адам бойында қалыптастыру. Эстетикалық тәрбиенің тағы да бір негізгі міндетінің бірі әсемділікті сүю, оған түсіну үшін балаға негізінен көмектесетін негізгі - білім.
Көркемдікке және сұлулыққа баға беру үшін эстетикалық танымның маңызы өте зор.
Эстетикалық таным - бұл өмірдегі, еңбектегі және табиғаттағы сыртқы әдемілік пен нағыз сұлулықтың арасын ажырата білу және өнер шығармаларына жоғары талап қоя білу.
Қазіргі жағдайда біздің қоғамдық өміріміздегі қажетті мәселелердің бірі - баланың эстетикалық белсенділігін дамыту.
Эстетикалық тәрбиенің негізгі құралдары - өнер болып саналады.
Белгілі орыс суретшілері П. А. Федотовтың, В. Г. Перовтың, И. Е. Репиннің, В. В. Верещагиннің, И. И. Шишкиннің, И. Н. Левитанның және қазақ суретшілері Ә. Қастеевтің, М. Кембаевтің, Қ. Шояхметовтың тағы басқа да суретшілердің шығармашылығымен байланысты бейнелеу өнері адамдардың тәрбиесіне күшті ықпал етеді.
Эстетикалық тәрбие ақыл-ой тәрбиесі мен өте тығыз байланысты. Эстетикалық қабылдаудың танымдағы рай туралы В. Г. Белинский былай деп өте жақсы айтқан: «Фелософ силлогизмдермен сөйлеседі, ақын - образдарымен және бейнелерімен сөйлеседі, ал екеуі де сол бір нәрсені айтады». Саяси экономика маманы статистикалық сандармен қаруланып алып, қоғамдағы пәлендей таптық жағдайы пәлендей себептерге байланысты нашарлап кетті деп дәлелдеп, өз оқушыларының немесе тыңдаушыларының ақыл-ойына әсер етеді. Ақын шын өмірді әсерлі де айқын бейнелеуі арқылы дұрыс бейнені көрсетеді де өз оқушыларының фантазиясына әсер етеді. Біреуі дәлелдейді, екіншісі көрсетіп береді, сөйтіп екеуі де сендіреді, бірақ біреуі логикалық дәлелдермен, ал екіншісі - бейнелермен сендіреді. Сондықтан да өнер санаға ғылымнан кем әсер етпейді.
Біздің елімізде халыққа білім берудің жаңа жүйесі қалыптасқан алғашқы жылдардан бастап-ақ меңгертерде бере бастайтын эстетикалық тәрбиеге зор маңыз беретін болды.
Сондықтан біз өмір сүріп жатқан қоғамымыздың қазіргі даму жағдайында эстетикалық тәрбие жеке бастың үйлесімді дамуын қалыптастыруда маңызды орын алады.
Эстетикалық тәрбие - барлық оқу-тәрбие процесінің құрамдас негізгі бөлігі. Оның өзіндік мазмұны, мақсаты, міндеттері бар. Бұл тәрбиенің теориялық және практикалық мәселелері педагогика ғылымында толығымен шешілген.
Эстетикалық тәрбиенің теориясы мен практикасын талдауға, кеңестік өкіметтің халық ағарту ісінің көрнекті қайраткерлері А. В. Луначарский, Н. К. Крупская, А. С. Макаренко, П. П. Бломский, С. Т. Шацкая сияқты өкілдері қатысты.
Педагогикада ғылымында эстетикалық тәрбие тәрбиенің басқа жақтарымен тығыз байланысты қаралуда. Оқушыға оқытылатын құбылыстың әсемдік сырын ашпай тұрып, оған ақыл-ой тәрбиесін беру: еңбек процесі мен мазмұнының игі жақтары танытпай, еңбек тәрбиесін беру: адам дене құрылыс мүшелерін танытып алмай, дене тәрбиесін беру мүмкін емес.
Сонымен қатар, эстетикалық тәрбиені өмірден, шығармашылық белсенді іс-әрекеттен бөлуге болмайды. Қайта осы өмірмен тығыз байланыстыра отырып, біз ақыл-ой адамгершілік, еңбек және дене тәрбиесі проблемаларын тиімді шешуге мүмкіндік туғызады.
Эстетикалық тәрбиенің мақсаты - басқа тәрбие түрлері сияқты жеке бастың үйлесімді дамуын қалыптастыру, эстетикалық тәрбие кең көлемде, яғни көркем өнерде, адамдардың барлық іс-әрекеттерінде, қоғамдық болмыста жан - жақты сипат алуы тиіс.
В. Н. Шацкая. «Эстетикалық тәрбиенің негізгі мақсаты мен мәні» атты мақаласында эстетикалық тәрбие дегеніміз - айналаға қатысты болмысты, табиғатта, қоғамдық өмірде, еңбекте, көркемөнер құбылыстарындағы әсемдікті сезіну, мақсатты қабылдау қабілетін тәрбиелеу.
Көркемөнерде, өмірде, әсемдікті жасауға шамасынша қатысуға қабілеттері мен мүмкіндіктерін тәрбиелеу - деп сипаттама береді.
Бұл айтылған анықтамада жеке бастың белсенді - әрекеті қарастырылмаған.
Белгілі педагог А. И. Буров эстетикалық тәрбиеге «әсемдік заңы бойынша» адамның әрекетке және көркем өнерге эстетикалық көзқарасын «эстетикалық қажеті мен шығармашылық әрекетін қалыптастыру» - деген анықтама береді.
«Оқушылардың эстетикалық тәрбиесі» атты кітапта эстетикалық тәрбие түрі жеке бастың әрекет пен болмысқа эстетикалық көзқарасын қалыптастырудағы мақсатты, ұйымдасқан педагогикалық процесс ретінде қарастырылады.
Қазіргі педагогикада эстетикалық тәрбиені, тәрбиенің басқа түрлерімен байланыстыра кеңіне қарастыру актуальді мәселе.
В. Н. Шацкаяның «Балалардың жанұядағы эстетикалық тәрбиесі» атты кітабы оқушыларға берілетін эстетикалық тәрбие мәселелерін қарастырады. Кітапта баланың эстетикалық мүмкіндігі мен қабілетін тәрбиелеуде мына мәселелерге назар аударылған:
1. көркем өнерге, табиғатта, қоғамдық өмірде, адамдардың тұрмыстық қатынастарында әсемдікті дұрыс тануды тәрбиелеу.
2. құбылыстарды, түрлі сезім, сенімдерді: талғамдар балалардың эстетикалық тұрғыдан қабылдауын, оның бірте-бірте қалыптасуын дамыту.
3. баланың көркемдік қабілетін дамыту, білімнің іскуерлігін қалыптастыру.
А. И. Буров «Эстетикалық тәрбиенің жүйесі мәселелері» атты мақаласында оқушыға эстетикалық білім бере отырып, тәрбиелеу процесін іске асыруда мұғалім тарапынан танып-білуге тиісті үш бағыт ұсынады.
- мұғалімде жұмыс істеу үшін, қажетті оқу-тәрбие материалдары болуы.
- эстетикалық тәрбиенің кезеңдік мөлшерін ескертіп, эстетикалық тәрбие қортындысын бағдарламалай білу.
- осы негізге лайық педагогикалық процесті құрып, оқу-әдістемелік құралдардың анықтамаларын жасау.
Эстетикалық білімнің негізі - оқу пәндері. Бастауыш сынып оқушылар әр түрлі пәндерді оқудың нәтижесіне табиғаттың, еңбектің сұлулығы және адам іс-әрекетінің әдемілігін бағалай білуді түсінеді. Олар әдемі жазуға, мәнерлеп оқуға және айтуға үйренеді. Ал бұл мәдениетті сөйлеуге, көркемдік танымын қалыптастыруға, қиялын дамытуға игі әсер етеді.
Мұғалім суретке қарап әңгіме құрауды, әсер алған оқиғаларды айтып беруді, қиялында жаңа белгілерді жасауға үйретеді. Көркемдікті сезінуге талғамы пайда болып, олардың рухани күші дамиды.
Бейнелеу өнері сабақтарының да балалардың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеуге ықпалы мол. Бейнелеу өнер түрлеріндегі Кескіндеме, мүсін, сызықтық суреттер, сәулет өнері құралдарымен өмір, табиғат және қоғам әсемдігі өрнектеледі.
Бейнелеу, әсемдікті түсіну мен нәзіктік адам сезімі, сурет салудағы алған әсерін бейнелеу өнері құралдарымен шамасына сай беру, сызықтық сурет салу сауатын меңгеру, және балаларда кескін, мүсін, сызықтық суреттерді салу кезінде әсемдікеті жасау қабілеті, олардың өзіндік іс-әрекеті бейнелеу өнерін тану барысында қалыптаса бастайды.
Мұғалім, басқа сабақтарда берілетін оқу материалдарын бейнелеу өнер сабағындағы тапсырмалармен үйлестіріп түсіндіреді. Ендеше оқушылардың эстетикалық тәрбиесі оқу және сыныптан тыс тәрбие процесінде іске асырылады.
Қазіргі кездегі эстетикалық тәрбиенің міндеттерін шешу үшін халықтың осы уақытқа дейінгі жинаған мол тәжірбиесін меңгеру қажет.
Халық әрдайым әсемдікті іздеуін қолдан жасады, оны өмірге, тұрмыста, еңбекте бекітуге тырысады. Оны халқымыз үй жиһаздарын жасауынан және оны әсемдікті сезінуге тәрбие құралы ретінде пайдалануынан көруге болады.
1. 2. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс- әрекетін қалыптастыруда бейнелеу өнері сабағының өзіндік ерекшеліктері.
Бастауыш сыныптарда өтілетін жеке пәндердің біріне бейнелеу өнері пәні жатады. Бұл пәнінің басқа пәндермен салыстырғанда өзіндік ерекшеліктері зор болып саналады. Сондықтан бейнелеу өнері пәнін оқытудың негізгі міндеттеріне: оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, эстетикалық қабылдауды жетілдіру, бейнелеу әрекетінің қабілеттерін арттыру болып табылады. Бейнелеу өнері шығармаларын жақсы дәрежеде қабылдау үшін балада өнердің өзінің бейнелеу тілін түсінетін, дамыған қабілеті болуы қажет. Өнерді қабылдау үшін баладан арнайы сурет сала білу қабілеттілікті, үйренуді керек етеді. Бұл жағдайда ол үшін алғашқы міндет бейнелеуді шындықтың көрінісі ретінде қабылдай білу. Алайда, бейнелейтін заттар бір ғана заттар мен олардың арақатынасын дұрыс қабылдау үшін бір ғана бейнелеуден шындыққа қарым-қатынасын түсіну жеткіліксіз. Тіпті бала-бақшаға барып жүрген алты жастағылардың өзі де бейнелеу тілін, бейнелеу өнерінің ережелерін әлі де толық меңгермеген болып саналынады. Атап айтар болсақ бала-бақшаға бармаған балаға, мұражайларда сирек болатын, үлкендер жетекшілігімен көркем өнер туындыларын көрмеген балалардың бейнеленген шындықты жете түсіне қоюы екі талай. Ондай балаға әсіресе сұлу көріністі қабылдау қиынға соғады. Жақыннан және алыстан бейнеленген заттарды ол үлкенді кішілі заттар ретінде ғана қабылдайды. Суретте жақыннан бейнеленген ағаш алыстағымен салыстырғанда үлкен ағаш ретінде қабылданып, бағаланады. Суретті оның кескінделген жағынан көрген кезде бала осындай қиындықты басынан кешіреді. Егер нақты болмыста қардың ақ түсі ретінде, шөпті тек жасыл, аспанды тек көгілдір түс ретінде қабылдап үйренсе, онда ол ашық күнге қараудың сан алуан түсті бейнесін, бірақ өзі мына шынайы өмірді көруді үйрене алмаған бейнесін қабылдап, айыра алмайды, тіпті түрлі түсті сәулемен көлеңкенің өзі балаға болмайтын нәрсе немес былғаныш бірдеңе ретінде ерсі көрінуі мүмкін. Бейнелеу өнері шығармаларын қабылдауға баланы біртіндеп баулу керек. Бейнелеу өнерінің көрнекі түрде, көзбен көру арқылы айналадағы дүниені бейнелеу тәсілдеріне негізделген өз құпия сырлары арқылы нақты болмыстың бейнеленетінін білуді үйренуге негізделеді.
Өнер шығармаларында кескінделетін нәрсені білу мен бірге, бала бейнесі эстетикалық тұрғыдан қабылдауды үйренуі тиіс. Ол үшін мұғалім бұл шығарма үшін неге ғаламат деген-ді түсіндірмес бұрын, өзіде суреттен эстетикалық әсер ала білуі тиіс. Қайсы бір көркемдік бағыттағы бейнелеу тілін түсіне бастаған сәтте бала суреттің мазмұнын, көрінісін пайымдаудан қуанышқа бөленеді. Өнер шығармаларын қабылдауға және сурет сала білуге баланы ерікті түрде үйрете біліп оған өнердегі қайсы бір бағытта мәнерлеу амалдары арқылы меңгеруге көмектеседі.
Бастауыш сыныптарда өтілетін бейнелеу өнері сабақтары барысында реалистік бейнелеу тәсілдерін меңгере бастайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz