Банкет фуршет


Банкет фуршет
Фуршет (фр. fourchette - шанышқы) - бұл бірігіп тамақтану, яғни шақырылған қонақтар тамақтарды тұрған күйінда қабылдап, сусындар мен тамақтарды таңдап, өздеріне өздері қызмет көрсетіп және құралдар ретінде шанышқыны пайдалануды айтуға болады. Үстелдер мен орындықтар бұл іс-шарада қарастырылмайды.
А-ля фуршет келесідей жағдайларда ұсынылады:
- қонақтар көп, ал оларды қабылдау орны кішігірім болса;
- қонақтар мен мереке иелерінің уақыттары тығыз болған жағдайда;
- жиналу мақсаты - тамақ ішу емес, жай әңгімелесу болса.
Іскерлік а-ля фуршет-коктейль - әдетте конгресстер мен конференциялардағы үзілістер барысында ұйымдастырылатын, уақыты 1 сағ. белгіленген іс -шара болып табылады.
Демалу мақсатындағы а-ля фуршет - 2сағ. уақытты қамтиды және әдетте конференциялардан кейін таза ауада, аулада болады.
Ерекшеліктері :
1 даяршыға 18-20 қонақ ( егер фуршет даяршылармен бірге болса) ;
кішігірім шайнамалардың үлкен мөлшерде болуы;
ұзақтылығы 1, 5-2сағ. қамтуы мүмкін;
фуршетте 4-5 рет қызмет көрсетуге болады;
залдардың бірдей аудандарында, банкетке қарағанда көп адамды қамтиды;
Үстелдер :
Жиһаздарды қою барысында, үстелдердің жай (90-100 см) үстелдерден әлдеқайда биік болуы керектігін ескеру қажет. Үстел мен қабырға арасындағы арақашықтық 1, 5 м. яғни, олардың арасымен оңай өтуге болатындай етіп қойылуы тиіс.
- дөңгелек;
- шаршы;
- крест пішінді;
- 2 қабатты (келесі қабат 50см. аспауы керек) ;
- 3 қабатты болуы мүмкін.
Үстелдерге мальтон-асжаулықтарды жаяды. Әрине асжаулық түрі болатын іс-шараға байланысты. Үстелге "белдемше" де кигіздіруі мүмкін.
Асжаулық пен еден арасында 5 см. қалуы керек. Жабдықтау барысында, гүлдерден жасалған композиция қойылады. Бөтелкелердегі салқын сусындарды үстелдің шетіне заттаңбасын көрсетпей етіп қояды. Сусындар, минералды суларды кұмыраларға құйып қояды. Шайнамаларға арналған тәрелкелерді 6-10 талдан қояды. Дөңгелек және шаршы тәрелкелерді 45 градус шамасында қояды. Шайнамаларды қою барысында, ең алдымен өздерінің сапасын тез жоғалтпайтын және температураның ықпалынан тез бүлінбейтін тағамдарды қояды. Ең соңғы кезекте майонезбен құйылған тамақтарды, май және уылдырық қойылады.
Ас мәзірін ұйымдастыру
Ас мәзірін ұйымдастыру барысында келесіні қарастыру керек:
1 конаққа кемінде 500-400гр. шайнама болуы керек (сан қилы) ;
қарсы алу дәстүрі ретінде 50 гр. шампанды ұсынуға болады.
Фуршеттің ең қарапайым түрі - канапе болып табылады (60-80гр. құрайтын кішкене бутербродтар), шай мен жеміс-жидектер, бірнеше шайнамалар. Фуршеттің ас мәзірі 12-16 салқын тамақтарды, 13 десерттер, шай, кофені құрайды.
Фуршеттерді ұйымдастыру
Фуршеттерді ұйымдастыру бірнеше ңұсқаларды қамтиды. Бірінші кезекте, ас ішуге арналған зона екі секторға бөлінуі мүмкін. Олардың бірінде, үстелдер қойылса, ал екіншісінде демалу зонасы ұйымдастырылады. Егер де ас ресми түрде болмаса, онда жай қонықтардың санына қарай орындықтар қойылады. Егер де іс-шара мерекелік сипатта болса, кішкене үстелшелерді, орындықтарды қояды. Процесс барысында, оларды қонақтарға көбірек орын мен іс-қимылдардың еркіндігі үшін алып тастайды .
Фуршеттерде әдетте тамақтардың үш нұсқасы ұсынылады. Мысалы, гарнирлер: пісірілген картоп, ақжелкенмен, көкөкністермен, пияз бен аскөкпен, шафран мен күрішпен бірге қойылады; ет пен балықтан жасалған тамақтар: кәуаптар, салаттар, тарталеткалар, канапе, қабатты бутербродтар - өте көп мөлшерде пайдалануға болады.
Ірімшіктен жасалған тамақтарды да ұмытпауы керек, Ірімшік - өте дәмді әрі калориялы тамақ болып табылады. Ал қазіргі таңда, ірімшіктің көптеген түрлері сатылуда, сондықтан оларды жай ғана жұмсақ және қатты сорттарына бөліп тәрелкелерге салады. Ірімшік 25-40 гр. шамасындағы бөліктерге бөлінеді. Сорттарды бір-біріне жақындатпай, сағат тілі бойынша орналастырады. Ірімшікке жақсы классикалық қоспа ретінде - жүзім болып табылады. Ірімшікке сонымен қатар, алмұрт пен қауын да үйлесімді. Сонымен қатар, тұздалған қиярлар, қызанақ, жүгері. қозықұйрықтар, болғар бұрышы, қырықжапырақтар, зәйтүндер мен майшабақты да ұмытпау керек.
Ыстық тағамдарды астына арнайы ысытатын құралдары бар ыдыстарға салып қояды. Тамақтардың арасындағы кеңістікті көптеу етіп қалдыру керек, әйтпесе үстел басындағы тамақтар саны шектен тыс көп болып көрінуі мүмкін. Қонақтарға тамақтарды таңдау мен оларға үстел басында орын іздеген кезде, түстердің маңыздылығы мен иістерді де есекру қажет. алдымен жеңіл қоспалары бар, кейін жұпар иісті тамақтар берілуі керек.
Фуршет сервировкасы
Фуршетті үстелдер сервировкасын рюмкалар мен бокалдар топтарын орналастырумен бастайды. Содан кейін тарелка мен құралдарды орналастырады. Біржақты және екіжақты сервировканы ажыратады.
Банкет-фуршетке тұрып жейтіндіктен дәмтатым үшін азық-түлікті пышақты қолданбас үшін майдалап кеседі. Гарнирлерді бөлек ыдысқа салып қояды.
Тағамды бокалдар мен рюмкаларға тығыз орналастырудан аулақ болуы керек. Сонымен бірге дәмтатым тағамдарын үстел шетіне орналастыруға болмайды. Әйтпесе қонақтар тарелкаларын қоя алмай қалады. Банкетке қатысушыларды даяшылар өздеріне бекіткен үстел басында тұрып, қонақтарды жаймен, бас июмен, сүйкімді күлкімен үстел басына шақырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz