Бастауыш мектеп оқушыларының көркемдік талғамын қалыптастырудағы дәстүрлі сәндік-қолданбалы өнердің мәні мен маңызы



Кіріспе.
І тарау. Мектептегі эстетикалық тәрбие беру жүйесіндегі
көркемдік талғамды қалыптастырудың педагогикалық негізі
1.1. Жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие берудің педагогикалық негізі..
1.2. Өнер арқылы көркемдік талғамды қалыптастырудың мәні мен мазмұны...
1.3. Қазақ ұлттық ою.өрнектерін пайдалануға бастауыш сынып оқушыларын даярлау ... .

ІІ тарау. Ұлттық тәрбие беруде ою.өрнек өнерін пайдалануға бастауыш сынып оқушыларының даярлығын қалыптастыру жолдары
2.1. Ою.өрнек салып үйрену әдістері ...
2.2. Ою.өрнектердің орындалу тәсілдері және оқытып үйрету әдістері ...
2.3. Ою.өрнек элементтерін қағазға ою, сызу, қию әдістері..
Қорытынды...
Әдебиеттер тізімі ...
Қосымша
Егемендікпен бірге келген қоғамдағы саяси-әлеуметтік, экономикалық, мәдени өзгерістерге байланысты, мемлекетіміз, елімізде ғылымның, өнердің, мәдениеттің дамуын жүзеге асыратын халыққа білім беру мен жалпы және жас ұрпақ тәрбиесінің жүйесін заман талабына, қоғамдық мұраттарға сай, жаңа мазмұнда қайта құру ісін бірізділікпен жүзеге асырып келеді және бұл салада атқарылуы тиіс іс-шаралардың орындалуына зор мүмкіндіктер туғызуда. Бұған дәлел, республикамыздың білім мен тәрбие, мәдениет саласындағы заңдары мен ресми құжаттардың, арнайы тұжырымдардың мазмұнындағы жас ұрпақтын имандылық-эстетикалық тәрбиесіне, олардың бойында ана тіліне, туған еліне, халқына, өнері мен мәдени мұраларына деген азаматтық сүйіспеншілік қасиеттерді тәрбиелеуге басты назар аударылуы.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Бастауыш мектеп оқушыларының көркемдік талғамын қалыптастырудағы дәстүрлі
сәндік-қолданбалы өнердің мәні мен маңызы

ЖҰМЫСТЫҢ МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3-6 бет
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .
І тарау. Мектептегі эстетикалық тәрбие беру жүйесіндегі
көркемдік талғамды қалыптастырудың педагогикалық негізі
1.1. Жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие берудің педагогикалық 7-16 бет
негізі..
1.2. Өнер арқылы көркемдік талғамды қалыптастырудың мәні мен
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17-3 1 бет
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
1.3. Қазақ ұлттық ою-өрнектерін пайдалануға бастауыш сынып
оқушыларын 32-51 бет
даярлау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...


ІІ тарау. Ұлттық тәрбие беруде ою-өрнек өнерін
пайдалануға бастауыш сынып оқушыларының даярлығын қалыптастыру
жолдары
2.1. Ою-өрнек салып үйрену 52-54 бет
әдістері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
2.2. Ою-өрнектердің орындалу тәсілдері және оқытып үйрету
әдістері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..54-58бет
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... .
2.3. Ою-өрнек элементтерін қағазға ою, сызу, қию 58-59 бет
әдістері ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..60 бет
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...
Әдебиеттер 61-63 бет
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...
Қосымша

К І Р І С П Е
Егемендікпен бірге келген қоғамдағы саяси-әлеуметтік, экономикалық,
мәдени өзгерістерге байланысты, мемлекетіміз, елімізде ғылымның, өнердің,
мәдениеттің дамуын жүзеге асыратын халыққа білім беру мен жалпы және жас
ұрпақ тәрбиесінің жүйесін заман талабына, қоғамдық мұраттарға сай, жаңа
мазмұнда қайта құру ісін бірізділікпен жүзеге асырып келеді және бұл салада
атқарылуы тиіс іс-шаралардың орындалуына зор мүмкіндіктер туғызуда. Бұған
дәлел, республикамыздың білім мен тәрбие, мәдениет саласындағы заңдары мен
ресми құжаттардың, арнайы тұжырымдардың мазмұнындағы жас ұрпақтын имандылық-
эстетикалық тәрбиесіне, олардың бойында ана тіліне, туған еліне, халқына,
өнері мен мәдени мұраларына деген азаматтық сүйіспеншілік қасиеттерді
тәрбиелеуге басты назар аударылуы.
Жас ұрпақтың рухани-эстетикалық, дүниетанымдық көзқарасының жарасымды
қалыптасуына, көркемдік сезімталдығы мен эстетикалық талғам өрісінің
дамуына ықпал ететін эстетикалық тәрбие құралдарының бірі - өнер.
Жеке тұлғаның эстетикалық дамуына, әсемдік туралы көзқарасының
қалыптасуына көркемөнердің ықпалды әсері туралы теориялық, практикалық
тұжырымдар мен ой-пікірлер, ерте дәуір ойшылдарының (Аристотель, Платон
т.б.), өнердің адамгершілік тәрбиедегі мәні мен маңызын айқындаған
ағартушылардың (Ж.Ж.Руссо, И.Песталоцции, Дидро, Я.Коменский т.б.), одан
кейінгі дәуірлердегі философтар мен эстетика өкілдерінің және ғалым-
педагогтардың еңбектеріндегі тұжырымдардан бастау алады.
Бала тәрбиесіндегі өнердің мәні мен маңызы Я.А.Коменский,
И.Песталоцции, Ж.Ж.Руссо, К.Д.Ушинский т.б. ағартушы педагогтар
еңбектерінде, кеңестік дәуірде эстетикалық тәрбие теориясының негізі
А.Бакушинский, П.Блонский, Н.Крупская; А.Луначарский, С.Шацкий еңбетерінде
көрнекті орын алады.
Мектептегі көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие негізінен көркем
әдебиет, музыка, бейнелеу өнері, сәндік-қолданбалы өнер негізіндегі
көркемдік еңбек пәндері арқылы жүзеге асырылады. Осы пәндер саласындағы
көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие берудің мәселелерін зерттеген ғалым
педагогтардың еңбектері жеткілікті. Солардың ішінде, бейнелеу өнерінің бір
саласы – сәндік-қолданбалы өнердің тәлім-тәрбиелік мәні мен маңызын
А.Апраксина, Н.Дмитриева, Е.Квятковский, Г.Лабунская, Б.Лихачев,
Б.Неменский т.б. педагогикалық еңбектерінде анықталған.
Бұл өнерді балабақшаның, мектептің көркемдік білім мен эстетикалық
тәрбие жүйесінде пайдаланудың маңызына Н.П.Сакулина, Е.А.Флерина,
Т.С.Комарова, Е.И.Васильева, Л.Н.Любарская, Т.Я.Шпикалова зерттеулерінде
тоқталған.
Ұлт мәдениеті мен өнері және оның жеке тұлғаның рухани дамуына әсері
туралы ой-пікірлердің қалыптасуына Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, Ж.Аймауытов,
А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев т.б. сынды қазақ ойшылдары мен ағартушыларының
қосқан үлесі мол.
Жас ұрпаққа ұлттық өнердің қыры мен сырын игерте отырып, олардың
эстетикалық сезімталдығын, танымдық өрісін, көркемдік талғамы мен
шығармашылық ой-қиялын шыңдау, дамыту, балалардың өзі өмір сүретін ортасына
сұлулық әкелуге деген құштарлығын, туған халқына, ата-бабаларымыздың көркем-
мәдени мұраларына, эстетикалық дәстүрлеріне деген сүйіспеншілік
қатынастарын дамытуға, тәрбиелеуге зор мүмкіндіктер туады.
Әр халықтың эстетикалық дүниетанымы, оның көркемдік және материалдық
мәдениетін жасайтын өзіне тән өнер түрлерімен ерекшеленетіні белгілі. Қазақ
халқының да, ғасырлар бойы, тұрмыс-тіршілігімен біте қайнасқан, адамдардың
қоршаған табиғат пен ортаға деген эстетикалық танымын, талғамын,
данышпандық пен шеберлік дәрежесін көрсететін ұлкен өнерінің бірі –
дәстүрлі сәндік-қолданбалы өнері.
Қазақ халқының бұл дәстүрлі өнерінің табиғаты мен даму
ерекшеліктерінен аса құнды деректер берген Х.Арғынбаев, Қ.Ақышев,
Т.Басенов, С.Қасиманов, Ә.Марғұлан, М.Мұқанов т.б еңбектерінде аса бағалы
да қызғылықты мәліметтер берілген.
Қазақ халқының дәстүрлі сәндік-қолданбалы өнерін мектептің оқу-тәрбие
үрдісінде пайдаланудың педагогикалық-әдістемелік мәселелері,
республикамыздың ғалымдары М.Балтабаев, С.Ұзақбаева, Е.Асылханов,
Қ.Әмірғазин, Б.Әлмұхамбетов, Ж.Балкенов, Ә.Қамақ т.б. еңбектерінде
зерттелген.
Дегенменде, қазақ бастауыш мектептегі өнер саласындағы, соның ішінде
негізінен – бейнелеу өнері және көркемдік еңбек пәндерінің оқу
бағдарламаларына шолу жасасақ, онда дәстүрлі сәндік-қолданбалы өнерге
бөлінген сабақтар санының аздығын, тапсырмалардың, балалардың бейнелеу,
жапсыру, құрастыру істерін орындауына бағытталып құрылғанын көруге болады.
Бағдарлама мазмұнындағы талаптар мен міндеттер мазмұнында дәстүрлі өнердің
табиғатына сай. Балалардың күнделікті материалдық дүниелерге деген
эстетикалық, қоршаған ортаға деген көркемдік талғам өрісін қалыптастыру
мәселелері жеткілікті қарастырылмаған. Осы көкейкесті мәселеге байланысты,
біз, дипломдық жұмысымыздың тақырыбын Бастауыш мектеп оқушыларының
көркемдік талғамын қалыптастырудағы дәстүрлі сәндік-қолданбалы өнердің
мәні мен маңызы деп таңдадық.
Дипломдық жұмыстың нысанасы: Бастауыш мектептегі көркемдік білім мен
эстетикалық тәрбие үрдісі.
Дипломдық жұмыстың пәні: Бастауыш сынып оқушыларының көркемдік
талғамын қалыптастырудағы дәстүрлі сәндік-қолданбалы өнердің маңызын ашып
көрсету.
Жұмыстың мақсаты: Ұлттық дәстүрлі сәндік-қолданбалы өнердің тәлім-
тәрбиелік ықпалды әсерін айқындай отырып, бастауыш сынып оқушыларының
көркемдік талғамын қалыптастыруда пайдаланудың жолдарын анықтау.
Жұмыстың ғылыми болжамы: Дәстүрлі сәндік-қолданбалы өнер табиғаты,
өзіне тән жасалу жолдарымен, адам өміріндегі атқаратын қызметімен
ерекшеленеді. Сондықтан, бастауыш сынып оқушыларының жасына, танымдық
мүмкіндіктеріне сәйкес, бұл өнердің туындыларын эстетикалық қабылдаудың,
оның мәнерлік құралдары мен бейнелі тілін игертудің арнайы оқу-тәрбие
тәсілдерін тиімді пайдаланылса, оқушылардың көркемдік талғамының қалыптасуы
нәтижелі болады.
Жұмысты орындаудың міндеттері:
- өнер арқылы жас ұрпаққа көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие берудің
педагогикалық, әдіснамалық негізін анықтау;
- дәстүрлі сәндік-қолданбалы өнердің бастауыш мектептегі көркемдік білім
жүйесіндегі оқушылардың көркемдік талғамын қалыптастырудағы мәнін анықтау;
- оқушыларды сәндік-қолданбалы өнерге баулу негізінде көркемдік талғамын
қалыптастырудың жолдарын анықтау.
Жұмысты орындау әдістері:
- дипломдық жұмыстың тақырыптық мазмұнына сәйкес көркемдік білім мен
эстетикалық тәрбие саласына арналған педагогикалық, психологиялық,
әдістемелік әдебиеттерді оқу, талдау;
- ұлттық дәстүрлі өнердің мәні, мазмұны туралы ғалымдардың еңбектерімен
танысу;
- бастауыш мектептің бейнелеу өнері, көркемдік еңбек пәндерінің оқу
бағдарламалары мен оқулықтарын, педагогикалық басылымдардан, бұл
өнерге балаларды баулу, эстетикалық тәрбиеде пайдалану саласына
арналған озық тәжірибелерді талдау, тақырыпқа сәйкес пайдалану.
- арнай сабақтар үлгісін дайындау.

І тарау. Мектептегі эстетикалық тәрбие беру жүйесіндегі
көркемдік талғамды қалыптастырудың
педагогикалық негізі

1. . Жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие берудің педагогикалық негізі

Жас ұрпаққа түрлі көркемөнердің қыры мен сырын, өнердің адам, қоғам
өміріндегі ролін, өнердің көркем бейнелілік құралдары мен өзіне тән тілін
меңгерте отырып, олардың өнер саласындағы шығармашылық іс-әрекеттерін
дамыту арқылы халқымыздың рухани мәдениетінің бай мұраларын игерту, туған
халқының өміріндегі парасатты эстетикалық дәстүрлеріне деген дүниетанымдық
көзқарастарын қалыптастыру, қазіргі кезеңдегі балабақшадан бастап, орта
мектеп, білім беру жүйесінің барлық саласындағы имандылық-эстетикалық
тәрбиенің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
Жас ұрпаққа рухани-эстетикалық тәрбие беруді қамтамасыз ету негізінен,
мектептегі; әдебиет, музыка, бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер пәндері
арқылы жүзеге асырылады. Қандай болсын өнер түрі, қоршаған шындық
болмысының құбылыстарын бейнелейтін, өзіне тән көркемдік құралдары арқылы,
баланың санасына әсер ете отырып, оның сұлулық туралы алғашқы түсінігін,
қоршаған өмір шындығына деген эмоциялық қатынасының қалыптасуын сапалы
дәрежеге жеткізетін танымдық, талғамдық мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Педагогикалық, психологиялық әдебиеттерде, баланы түрлі өнерге
баулудың, олардың жас ерекшеліктеріне қарай өсіп жетілуіне тән тәлім-
тәрбиелік ой-пікірлер мен тұжырымдар, әдістемелік тәжірибелер мол
жинақталған. Олар, біздер – болашақ мектеп мұғалімдері үшін, бастауыш
мектептегі көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие жүйесін заман талабына
сай жаңаша құруда мол мүмкіндік жасайтын бағыт-бағдар немесе осы мәселенің
әдіснамалық негізі болады.
Өнер арқылы жас жеткіншектерге эстетикалық тәрбие берудегі өнер
түрлерінің мәні мен маңызы ағартушы-педагогтар: Я.А.Коменский, Ж.Ж.Руссо,
И.Песталоцции т.б. еңбектеріде елеулі орын алады. Ж.Ж.Руссо өз
тұжырымдарында өнердің адам өміріндегі мәні мен маңызын түсінуге ғана емес,
сонымен бірге, эстетикалық тәрбие жүйесінің жаңа ой-пікірлермен толыға
түсуіне жол ашты. Бұл саладағы педагогикалық ой-пікірлердің дамуына орыс
демократ-ағартушылары (Н.Г.Чернышевский, В.Г.Белинский, К.Д.Ушинский т.б.),
кеңестік кезеңде А.В.Луначарский, Н.К.Крупская, П.Блонский, С.Т.Шацкий,
Л.С.Выготский т.б. зор үлес қосты. А.В.Луначарский, өнер өткенді, болашақты
түсінуге, сүюге жетелейді, сондықтан өзімізге лайықты болып табылатын
қажеттілікті көне өнерден таңдап ала отырып, оны пайдалану арқылы жаңа
заман өнерін жасаймыз деген кұнды пікір айтады. Балалардың өнер арқылы
көркемдік білімі мен тәрбиесін ісін жандандыруда Н.К.Крупская елеулі
педагогикалық еңбектер қалдырды. Өнер арқылы көркем-эстетикалық тәрбие
жүйесінде өткен дәуірдің тәрбиелік мәні зор көркем-мәдени мұраларымен
балаларды қауыштыру арқылы баланың адам, қоғам өміріндегі өнер мәнін
түсінуге баулуды, педагогтардың басты міндеті болуі тиіс екенін көрсетті.
Дегенменде, казіргі педагог-зерттеушілеріміз, сол кездегі педагогика-
лық тәжірибелердегі эстетикалық тәрбие мәселелерінің мазмұнындағы өткен
ұрпақтың өнер саласындағы көркемдік мұраларымен жас ұрпақты қауыштыру
ісінің шектелген сипатта болғаны туралы пікір айтады. Олардың
тұжырымдауынша, бұл шектелу, сол кездегі педагогтардың өнердің оқу-тәрбие
пәні ретіндегі мол мүмкіндігін түсінбеуден немесе көңіл аудармаудан емес,
сол кездегі қоғамдық құрылыстың идеологиясына, ол қоғамның өз азаматтарының
жалпы сауаттылығын ашуға бағытталған саяси қажеттілігінен туғанын пайымдай
отырып, олар сол кездің педагогика өкілдерінің арасында өнердің жас ұрпақ
тәрбиесіндегі педагогикалық, психологиялық факторларын ғылыми тәжірибелер
арқылы зерттеген - А.В.Бакушинский, С.Т.Шацкий, Л.С.Выготский т.б. сияқты
ғалымдар аз болған жоқ деп көрсетеді (С.Ұзақбаева, М.Балтабаев, Ә.Қамак
т.б.). Педагог зерттеуші ғалымдарымыз, өнер арқылы эстетикалық тәрбие беру
ісі, кеңестік дәуірдегі педагогиканың даму кезеңдеріндегі талаптарын
жүзеге асырудың бір саласы ретінде күн тартібінен түскен жоқ және көптеген
маңызды тәжірибе қорытындылары мен тұжырымдары сұрыпталып, жинақталды.
Ол тәжірибелер бүгінгі күнге дейін, педагог-ғалымдар: Б.Т.Лихачевтың,
Е.В.Квятковскийдің, В.А.Разумныйдың, Фохт-Бабушкиннің т.б. мектептік
көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие жүйесін жандандыруға, ізгілендіруге
бағытталған зерттеулерінде тиімді пайдаланылуды.
Бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер арқылы жас жеткіншектерге
эстетикалық тәрбие берудің педагогикалық, психологиялық мәселелеріне
байланысты ғылыми-зерттеулер 1970-90 жылдар аралығында кең аумақты
жүргізілгенін, осы кезеңдегі зерттеушілер еңбегінен көруге болады
(Б.М.Неменский, Б.П.Юсов, А.В.Кузин, Қ.Ералин, Қ.Әмірғазин, Е.Асылханов,
Ә.Қамақ т.б.). Олардың ғылыми-зерттеу еңбектерінде, балаларды жас шағынан
бейнелеу өнеріне, дәстүрлі сәндік-қолданбалы өнерге баулудың түрлі
аспектлері теориялық, әдістемелік тұрғыда қарастырылған.
Жалпа көркемөнердің түрлері, соның ішінде бейнелеу өнерінің түрлері
мен жанрлары алуан түрлі. Әр өнер түрі, жанралары өзінің көркем бейнелі
тілімен адам сезіміне, санасына, ой-өрісіне ықпал жасай отырып, тұлғаның
жалпы эстетикалық қалыптасуына, көркемдік дүниетанымы мен талғам өрісінің
дамуына зор мүмкіндік беретін тәрбие құралдары саналады. Солардың бір
саласы – халық өмір-тұрмысымен тікелей байланысты – дәстүрлі халықтық
сәндік-қолданбалы өнер.
Сәндік-қолданбалы өнердің табиғатын, оның адам өміріңдегі атқаратын
қызметін зерттеген орыс ғалымдары: И.Я.Богусловская, М.А.Некрасова,
Т.М.Разина, т.б. сол сияқты, халқымыздың баға жетпес рухани-материалдық
құндылықтары саналатын, қазақтың дәстүрлі сәндік өнері туралы ғалымдарымыз:
Х.Арғынбаев, Т.Басенов, С.Қасиманов, Ә.Марғұлан т.б. өз еңбектерінде бұл
өнердің өміршеңдігін, қайталанбас көркем-эстетикалық құндылығын айқындай
отырып, оның тәлім-тәрбиелік маңызына да баса назар аударады. Орыс ғалымы
И.Я.Богусловская: Ол - өткен өмірдің көлеңкесі емес, даму мүмкіндігінде
шегі жоқ ұлттық дәстүр деп бағалайды.
Басқа өнер түрлерімен бірге, дәстүрлі сәндік-қолданбалы өнерді жас
ұрпақ тәрбиесінде пайдалану, педагогикалық тәжірибе, ғылыми-зерттеу
жұмыстарының өзекті мәселесіне айналады. Кеңес дәуірінің алғашқы кезінде
балалардың шығармашылық іс-әрекеттерінің сипатын ғылыми тұрғыда зерттеген
А.В.Бакушинский, баланың көркемдік ой-өрісі мен әсемдікті қабылдау арқылы
танып білу қабілетін дамытудағы сәндік-қолданбалы өнердің ықпалына, баланың
қоршаған ортаға деген эстетикалық қатынасын қалыптастырудағы, еңбекке
баулудағы тәлім-тәрбиелік мәні мен маңызына баса көңіл бөледі.
Мектеп жасына дейінгі балалардға көркемөнер негізінде, соның ішінде
сәндік өнер арқылы эстетикалық тәрбие беру жұмыстарын, алдағы мектептік
талаптармен ұштастыра ұйымдастыру жайын, балалардың көркемдік ынтасын,
шығармашылық қиялы мен қабілеттіліктерін дамытуға араналған ғылыми-
зерттеулерді кеңестік дәуірдегі орыс ғалымдары А.П.Усова, Е.А.Флерина,
Н.П.Сакулина, Т.С.Комарова т.б. жүргізді. Мектеп жасына дейінгі балалардың
қабылдауына, танымына жеңіл болатын айшықты да әсем бейнелі халық өнерінің
үлгілерін жинау, оларды сабақтар барысында орында пайдаланудың дидактикалық
құралдарын жасаудың қажеттілігі туралы мәселесінің педагогикалық маңызын
Н.П.Сакулина, А.П.Усова атап өтеді.
Бастауыш мектеп және орта мектеп оқушыларының сәндік-қолданбалы
өнердегі көркемдік іс-әрекеттерінің түрлері, мазмұны мен сабақтастығы
туралы, педагогикалық жетекшіліктің әдістемелік бағыттарын айқынқындауға,
1970-80 жылдары, сол кезеңдегі ұлттық республикалардың педагог-
зерттеушілері: Л.Н.Любарскаяның (Украина), Ю.В.Максимовтың (Ресей),
А.М.Магомедовтың (Дағыстан), А.С.Меликсетянның (Армения), Р.Х.Хасановтың
(Өзбекстан), Ә.О.Қамақтың (Қазақстан) т.б. ғылыми тәжірибелік зерттеулері
арналған. Аталған зерттеушілер, әр халықтың өкілі ретінде, туған елі мен
халқының дәстүрлі ұлттық өнері саласындағы көркем шығармашылық тәжірибесін
талдай отырып, жас ұрпақтың көркем-эстетикалық тәрбиесінде пайдаланудың
мүмкіндіктерін айқындайды.
Кейінгі жылдары қазақтың осы өнер саласындағы көркемдік дәстүрлерін
жас ұрпақ тәрбиелеуде педагогикалық құрал ретінде пайдалану мәселелері
республикамыздың бір шама ғалымдарының жұмыстарында қарастырылады
(Е.Асылханов, Қ.Әмірғазин, М.Балтабаев, Ж.Балкенов, О.Сатқанов, С.Ұзақбаева
т.б.). Қазақстандық кейбір ғалымдар еңбегінің мазмұнына қысқаша тоқталып
өтейік. Е.Асылханов Қазақтың сәндік-қолданбалы өнерін республика
мектептері мен педагогикалық институттарда оқып үйрену атты зерттеу
еңбегінде, қазақ өнерінің ұлттық ерекшелігін, эстетикалық тәрбиедегі
құндылығын айқындай отырып, оқушылар мен мұғалімдерге бұл өнерді меңгертуге
бағытталған арнайы оқу бағдарламасын жасауды қарастырады. Б,Әльмұхамбетов
өз еңбегінде дәстүрлі халықтық сәндік өнерін эстетикалық тәрбие жүйесінде
пайдаланудың маңызы мен міндеттерін айқындайды. Ә Қамақтың 4-6 сынып
оқушыларына халықтық сәндік-қолданбалы өнер арқылы эстетикалық тәрбие беру
атты зерттеунде, халықтық сәндік-қолданбалы өнердің ұлттық ерекшелігін,бұл
өнерге тән қалыптасқан көркем-эстетикалық дәстүрлерді игертудің объективті
заңдылықтарын, педагогикалық, психологиялық, тәсілдемелік негізін тәжірибе
арқылы зерттеген және бұл өнерге баулудың бүгіні мен болашағы жайында
ғылыми болжамдар жасаған.
С.А.Ұзақбаева Тамыры терең тәрбие кітабінде, балаларға сәндік-
қолданбалы өнер арқылы эстетикалық тәрбие беру және оларға халықтың
көркемдік мұраларын игерту мәселелері жан-жақты қарастырылған. Ұзақбаеваның
Өміршең өнер өрісі, Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі халық
дәстүрлері атты еңбектерін де атап кеткен жөн. Балалар мен жастарға
эстетикалық тәрбие берудің мүмкіндіктерін қарастыра келіп, халықтық
педагогиканың тамаша идеялары мен дәстүрлерін сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа
жеткізуде халықтың ауызекі шығармашылығы мен сәндік-қолданбалы өнері
айырықша рөл атқарады. Олар халықтық педагогикада балалар мен ересектер
тәрбиесінің таптырмайтын құралы, әдіс-амалы, тәсілі, ережелері мен әдет-
дағдылары болды. Құнды ізеттілік, адамгершілік қасиеттерін (қайырымдылық,
мейірімділік, инабаттылық, достық, туыстық, жолдастық сезім, туған жерге,
елге сүйіспеншілігін, ұлттық намыс, Отансүйгіштік т.б), психологиялық-
эмоциялық қасиеттерін (өмірдегі қуанышты сүйіспеншілік сезіммен қабылдау,
байыптау, елестету, ойлау т.б), эмоциялық-эстетикалық қасиеттерін
(өнердегі, табиғаттағы әсемдікті, сұлулықты талғаммен, сүйіспеншілік
сезіммен қабылдау, ләззаттану, әсерлену, эстетикалық тұрғыда баға беру
т.б.) қалыптастырады. Олардың маңыздылығы бүгінгі күнде тіпті артып отыр, -
деп тұжырымдайды.
Сол сияқты музыкалық білім беруде ұлттық көркем-мәдени дәстүрлерді
меңгерту мәселелерін, әсіресе музыкалық сабақтарда халықтық сәндік өнер
туындыларын мақсатты түрде пайдалануды көздеген ғалым М.Х.Балтабаеватың,
бейнелеу өнері мұғалімдерін даярлауда халық педагогикасының негіздерін
өнермен байланыстыра игертудің мәселелерін дәлелдеген Қ.Болатбаевтың
зерттеу жұмыстарын айтуға болады.
Еліміздің болашағы - жас ұрпақтың рухани-эстетикалық дамуына, ұлттық
көркемөнердің әсерлі ықпалын, өнер түрлерін оқу-тәрбие ісінде тиімді
пайдаланудың педагогикалық жолдарын айқындауға бағытталған ғылыми
зерттеулерінің аумағы кеңейіп, нәтижелері мектеп өміріне кең тарап
жатқанымен, бұл мәселеде ұлттық дәстүрлі сәндік өнердің бастауыш мектеп
оқушыларының көркемдік талғамын қалыптастырудағы ықпалы, мәні мен маңызы
туралы педагогиклық, әдістемелік еңбектер жеткліксіз. Бастауыш мектептің,
дәстүрлі өнермен балаларды қауыштыруды өз мазмұнына алған бейнелеу өнері
пәнінің және көркемдік еңбек пәнінің оқу бағдарламалары мен оқулықтарында,
балалардың көркемдік талғамын қалыптастыру мәселелері қарастырылмаған.
Тіпті талғам туралы сөз болғанымен, ол қасиетті қалыптастыру, дамыту
жолдары, соған байланысты оқу тапсырмаларының үлгілері берілмеген. Олардың
негізгі бағыты балалардыңсәндік-қолданбалы өнер саласындағы жасау,
құрастыру дағдыларын қалыптастыруға ғана бағытталып дайындалғанын көруге
болады. Балалардың өнер туындыларын эстетикалық қабылдау іс-әрекеттері
арқылы сезіміне, түйсігіне, ой-қиялына әсер ету, өнерге деген
әсерленушілік сезімі мен ықыластылығын, өнерден алған әсерлерін өз
түсінігінше пайымдап айта білу қабілетін қалыптастыру барысында, әсемдік
туралы таным мен шығармашылық ой-өрістің деңгейін белгілейтін басты қасиет
– көркемдік талғамды қалыптастыру, өрісін кеңейту мәселелеріне жеткілікті
көңіл бөлінбеген.
Қазақтың дәстүрлі сәндік өнерінің айшықты бір түрі – ою-өрнек. Ою-
өрнек жеке дара өмір сүрмейді, ол тек шебер қолдан шыққан әдемі бұйымдарды
әшекейлеумен бірге, сол бұйымның эстетикалық көркемдік деңгейін сапалы
дәрежеге көтеретін әшекейлік бейне құралы. Сондықтан, ою-өрнектермен
балаларды таныстырғанда, көркем бейнелеуде пайдалану тапсырмаларын
орындатқанда, ою-өрнектің атқаратын қызметін, оның жасалу жолын,
әшекейлеуде пайдаланудағы ұлттық ерекшеліктерді, олардың бояу түстерін т.б.
қасиеттерін бірізділікпен, танымдық деңгейге жетелейтіндей мәнде қабылдауды
ұйымдастыруды қажет етеді.
Адамзат қоғамының даму сатыларында болашақ ұрпақ тәрбиесі туралы ой-
пікірлер, тұжырымдар мен тәжірибелер өз жалғасын тауып, халықтың арман-
мүддесімен, эстетикалық-рухани мәдениетімен, психологиялық мінез-құлық,
салт-дәстүрлерімен үштасып, мазмұны кеңейіп, кемелденіп отырады. Ұлт
мәдениеті және оның жеке тұлғаның дамуына әсері ме маңызы туралы ой-
пікірлердің қалыптасуына Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев,
Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов сынды ғалым-ойшылдар мен
ағартушылардың қосқан үлесі аса мол. Олардың дүниетанымдық-шығармашылық
еңбектерінен, көркемөнердің тәрбиелік мәні туралы, халықтың бай мәдени
мұрасын игертудің маңызы туралы ой-тұжырымдарды оқып білеміз. Мысалы
Ш.Уәлиханов өз зерттеу жұмыстарында қазақ халқы мен Орта Азия халықтарының
әдет-ғұрыптарына, салт-дәстүрлеріне баса көңіл бөледі. Өз халқының ауыз
әдебиеті, әсемдік танымы арқылы халқының эстетикалық талғамы мен
дүниетанымдық деңгейінің дәрежесін танып білуге тырысады. Сол сияқты
ағартушы-ұстаз Ы.Алтынсарин бірнеше қолөнер мектебін ашып, ұлттық қолөнер
бұйымдарын жасауға жас жеткіншектерді үйрету мәселелерін көтергені оның
еңбектерінен мәлім. Торғайдағы қазақ қыздары үшін ашылған мектепте, ұлттық
кйімдер, кесте тігу, шәлі тоқу, жүнді өңдеп одан түрлі тұрмыстық бұйымдар
жасау сияқты көркем-шығармашылық жұмыстармен айналысқан. Алтынсарин жас
ұрпақтың білімді болуымен бірге, өнер саласында да шебер, талғамды болуын
армандаған ұстаз.
Ж.Аймауытов өзінің Жан жүйесі және өнер таңдау атты еңбегінде, адам
баласының мәдениет тарихынан өнердің көрнекті орын алғанын, өнерсіз
қоғамның дамуы, рухани байлықтың жасалуы мүмкін емес екенін айта келіп, ұлт
мектептерінде әуелі сурет өнері мен әуен өнеріне балаларды баулуға негіз
салу керектігін, әр баланың өнерге деген ынтасын, өнерпаздық ықыластылығы
мен қабілетін қозғап, көркемдік тәлім-тәрбие беру керектігін айтады ( )
М.Жұмабаевтың Педагогика оқу құралында дене, ақыл-ой, эстетикалық
тәрбие және жан (рухани) тәрбие мәселелері қарастырылып, айналаны қоршаған
табиғат, болмысты эстетикалық қабылдаудың жолдары, принциптері, заңдары
көрсетіледі. Аталған еңбекте жан көріністерінің бірлігі, әсерлену, сыртқы
сезім, ес, қиял, ойлау, ішкі сезімдердің адам үшін қымбат сүлулық сезімдері
жайында құнді тұжырымдар айтылған. Мысалы: Сұлулық сезімдері адамның сұлу
нәрсені сүюіне, көріксіз нәрседен жиренуіне, хатта жақсылыққа ұмтылып,
жауыздықтан тиылуына көп көмек көрсетеді. ... Біреудің музыкадан, біреудің
сұлу суреттен, біреудің поэзиядан, искусствоның әйтеуір бір түрінен ләззәт
алмайтын, біреуіне құмартпайтын адам болмайды. Тәрбиенің міндеті балада
искусствоның қандай түріне ынта бар екенін тауып, сол ынтасын, сол түр
туғызатын сұлулық сезімдерін тереңдетед... деген ой-пікірдің маңізы
бүгінгі күнде де мәніе жойған жоқ (131-132 ).
Еліміз егемендік алған кезден бастап, жас ұрпаққа білім мен тәрбие
беру ісіндегі олқылықтарды жою, бұл мәселенің педагогикалық, психологиялық
үрдісін халқымыздың ұлттық табиғатына, тәлім-тәрбиелік дәстүрлеріне, өнері
мен мәдени, рухани мұраларына негіздеп қайта құру мәселелері қолға алынды.
Тәлім-тәрбиені қайта құруға бағытталған: Қазақ мектептері мен мектепке
дейінгі балалар мекемелерінде имандылық-эстетикалық тәрбие берудің кешенді
республикалық бағдарламасы (1990), Үздіксіз тарбие тұжырымдамасы (1995),
Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың тәрбие тұжырымдамасы
(1995), Этномәдениет тәрбие тұжырымдамасы (1997) т.б. сияқты мемлекеттік
деңгейдегі көптеген педагогикалық құжаттар жасалып, мектептеге ұсынылды.
Бұл құжаттардың мазмұнында балаларға өнер, әсіресе ұлттық өнер негізінде
эстетикалық тәрбие беру мәселелері көтерілген.
Сол кезеңде қазақ мектептеріндегі бейнелеу өнері, көркемдік еңбек
пәндерін оқыту жүйесін ұлттық өнер негізінде қайта құруға бағытталған
тәжірибелер жүргізіліп, натижесінде қазақ мектептерінің бастауыш
сыныптарына арналған ұлттық мазмұндағы Бейнелеу өнері (1992) және
Еңбекке баулу (1992-94) пәндерінің жаңа бағдарламалары жасалды. Бұл пән
бағдарламаларының мазмұнында қазақ халқының дәстүрлі сәндік-қолданбалы
өнері үлгілерін сабақ барысында пайдалану, балалардың ол өнер туындыларын
эстетикалық қабылдау, шығармашылық іс-әрекеттері барысында халқымыздың
ұлттық рухани, мәдени, материалдық-эстетикалық құндылықтарымен қауышуын
қамтамасыз ету мәселелері қарастырылған. Бейнелеу өнері пәні
бағдарламасының Сәндік-қолданбалы өнер саласындағы көркемдік іс-әрекеттер
және Өнерді және қоршаған өмір шындығын эстетикалық қабылдау
бөлімдерінде, бастауыш мектеп оқушыларын, 1- сныныптан бастап, ұлттық
дәстүрлі өнер түрлері туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыра отырып,
қоршаған өмір шындығы сұлулығын қабылдауға, тануға баулу, сезіндіру арқылы
баланың көркемдік талғамын бірізділікпен қалыптастыру қажеттілігі міндет
етіп қойылған.
Қазіргі кезде, республиклық Атамұра баспасынан ұлттық өнер
саласындағы тамаша оқулықтар, оқу құралдары жарық көріп, мектеп
оқушыларының пайдалануында. Бұлда сол егемендіктің алғашқы кезіндегі жас
ұрпаққа білім мен ұлттық мәндегі эстетикалық тәрбие беру, сол арқылы
әлемдік мәдениет құндылықтарымен балаларды қауыштыруға жол ашуға
бағытталған мемлекетіміздің басты мүдделерінің жүзеге асырылуы деп білеміз.

2. . Өнер арқылы көркемдік талғамды қалыптастырудың
мәні мен мазмұны

Адамдардың шығармашылық ой-өрісін дамыту арқылы, олардың қоршаған өмір
шындығына деген адамгершілік-гуманистік, эстетикалық дүниетанымдық
көзқарасын қалыптастыру, әрбір тұлғаның алдыңғы ұрпақ жасап қалдырған
көркем-материалдық, рухани-эстетикалық құндылықтарды, қоршаған ортаның
сұлулығын жоғары көркем-эстетикалық талғам деңгейінде танып білуге,
сақтауға, құрметтеуге жетелейді. Сол құндылықтарды өзінің күнделікті
өмірінде қолдануға, халыққа таратуға, насихаттауға белсенді ат салысуға
тәрбиелейді.
Жас ұрпаққа көркемдік-эстетикалық білім мен тәрбие беру ісі - біздің
еліміздің бүгінгі және болашақтағы қоғамдық дамуымен, сол дамудың көптеген
талаптарымен ұштасып жатқан қажетті - әлеуметтік, мәдени, рухани дамудың
өзекті мәселелерінің бір саласы болып табылады. Өйткені, еліміздің жаңа
ғасырда өркениетті елдер арасында болуы, тек экономикалық жетістіктермен,
саяси белсенділікпен ғана емес, сонымен бірге, мәдениет, өнер, білім мен
ғылым саласындағы жетіктіктерге де байланысты. Ал адамдардын рухани,
мәдени, эстетикалық, көркемдік дамуына, күнделікті және қоғамдық іс-
әрекеттерді орындауда аса қажетті эстетикалық тәрбиенің және психологиялық
дамудың бір саласы - көркемдік талғамды қалыптастыру аса қажетті
педагогикалық мәселе.
Философиялық, өнертану, эстетикалық тәрбие мәселелеріне байланысты
педагогикалық, психологиялық еңбектерде эстетикалық талғам және оның
қалыптасуына ықпал ететін факторлар мен құралдар туралы мағлұматтар
берілген. Ал көркемдік талғамның мәні мен оны қалыптастыру мәселелері
эстетика ғылымына байланысты жазылған еңбектерде (А.Буров, И.Маца, А.Зись,
Л.Коган, А.Салтыков, В.Скатерщиков т.б.) көрініс тапқан. Арнайы
әдебиеттерде талғамның басты мақсаты: қоршаған өмір шындығындағы, өнердегі
сұлулық пен келеңсіздікті ажырата білу деген ұғымда белгіленген.
Талғам жеке тұлғаның қоршаған өмір болмысын эстетикалық жағынан
қабылдауға, эмоциялы сезінуге, танып білуге, сол арқылы оның ішкі әлемін,
мінез-құлқын оятуға, өз ісін және басқалардың әрекеттерін бағалауға әрі
пайымдауға әсер ете отырып, оның эстетикалық санасын, мұқтаждығын,
талаптану деңгейін нақтылы сипаттап белгілеп беретін құбылыс.
Сәндік-қолданбалы өнер тарихы мен теориясын зерттеуші орыс ғалымы
А.В.Салтыков: Көркемдік талғам дегеніміз – әсемдікті ажарсыздан, нағыз
сұлулықты жалғаннан ажырата білу қабілеті, - деп белгілейді. ( 30).
Эстетикалық және көркемдік талғам мәнін қабілеттілік тұрғысында танып білу
үшін, алдымен сол қабілеттіліктің табиғатын, оның қалыптасуына, дамуына
мүмкіндік туғызатын әсерлі күшті айқындап алу қажеттілігі туралы
В.Скатерщиков ( ), Б.Қазыханова ( ), М.Балтабаев ( ) еңбектерінде
баяндалады. Көркемдік талғамды қалыптастыру және дамыту мәселелерін
зерттеушілер, негізінен, адамның эстетикалық сезімінің, шығармашылық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бейнелеу өнерінің пейзаж жанрының жасалу барысы
Сәндік-қолданбалы өнердің жеткіншектердің эстетикалық тәрбиесін жетілдірудегі мүмкіндіктері
Оқушыларға көркемдік тәрбие берудің жолдары мен құралдары
Ұлттық дүниетанымды халық өнері арқылы қалыптастыру
Оқушылардың көркемдік талғамын дамытудың психологиялық ерекшеліктері
Жеткіншек шақтағы оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің маңызы
Бейнелеу өнері пәні барысында бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру
Мектеп оқушыларының эстетикалық талғамын қалыптастыру үдерісі
Бастауыш сынып оқушыларының еңбекке баулу процесінде көркемдік талғамын қалыптастыру
Қиялды дамыту жолдары
Пәндер