Психодиагностиканың әдістемесінің құрылымы



Кіріспе

1.Психодиагностиканың бастапқы кезеңі
2. Психодиагностиканың ғылым ретінде шығу тарихы.
3. Психодиагностиканың әдістемесінің құрылымы
4.Психологиялық диагноз

Пайдаланылған әдебиеттер
12 жылдық білім беруге көшу жағдайындағы эксперимент барысында оқыту мен тәрбелеудің жеке тұлғаға бағдарлануы басты орынға шығып отыр. Мұғалім үшін баланың қызығушылығы,бейімі,қабілеті және басқа да психологиялық ерекшеліктері басты орында болуы тиіс. Осы ерекшелкті ескеру мен дамыту оқушының жеке тұлғасын қалыптастыруда
маңызды фактор болып табылады.
Осы міндеттерді мұғалімнің біліктілігі мен психологиялық мәдениетін көтеру арқылы ғана тиімді жүзеге асыра аламыз.
Соңғы уақыттарда мектеп тәжірибесінде оқушылардың әлеуметтік психологиясымен айналысу басты орынға шығып , педагогикалық психология екінші орынға ысырылуда.
Мұғалімге оқыту мен тәрбие үрдісінде нәтижеге жету үшін психологиялық кұралдарды меңгеру қажеттігі туындап отыр.
1. Рогов Е.И. Психологтың үстел кітабы: М. Гуманит. Баспа. ВПАДОС орталығы, 2004
2. Білім берудегі практикалық психология. И.В. Дубровин ред: басшылығымен: М.ТЦ «Сфера,» 1997.
3. Мектеп психологиясының жұмыс кітабы./ И.В. Дубровина , М.К. акимова, Борисова Е.М., и др. Под ред. И.В. Дубровиной.-М. Просвещение, 1997.
4. Жабицкая Л Г . Мұғалімге арналған психодиагностика. Кишенев , Лумина, 1990.
5. Нижегородцева Н В, Шадриков В Д. Оқушылардың оқуға психолгиялық-педагогикалық дайындығы . –М.: Гуманит. Баспа. ВПАДОС орталығы, 2001

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

1.Психодиагностиканың бастапқы кезеңі
2. Психодиагностиканың ғылым ретінде шығу тарихы.
3. Психодиагностиканың әдістемесінің құрылымы
4.Психологиялық диагноз

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

12 жылдық білім беруге көшу жағдайындағы эксперимент барысында
оқыту мен тәрбелеудің жеке тұлғаға бағдарлануы басты орынға шығып отыр.
Мұғалім үшін баланың қызығушылығы,бейімі,қабілеті және басқа да
психологиялық ерекшеліктері басты орында болуы тиіс. Осы ерекшелкті ескеру
мен дамыту оқушының жеке тұлғасын қалыптастыруда
маңызды фактор болып табылады.
Осы міндеттерді мұғалімнің біліктілігі мен психологиялық мәдениетін
көтеру арқылы ғана тиімді жүзеге асыра аламыз.
Соңғы уақыттарда мектеп тәжірибесінде оқушылардың әлеуметтік
психологиясымен айналысу басты орынға шығып , педагогикалық психология
екінші орынға ысырылуда.
Мұғалімге оқыту мен тәрбие үрдісінде нәтижеге жету үшін психологиялық
кұралдарды меңгеру қажеттігі туындап отыр.
Бұл әдістемелерді көбінесе , дефектологтар , дәрігер-психиатрлар мен
психолог-практиктер қолданады.
Ал осы психологиялық-педагогикалық анықтау жұмысының қажеттігі 12
жылдық білім беруге көшу жағдайындағы эспериментке байланысты туындап отыр.
Эксперимент жүргізуші мұғалімге мектеп психологының көмегі әрқашан
жеткілікті бола бермейді. Сонымен қатар оларға психологиялық әдебиеттер де
аздық етеді.
Бұл құралда сол мұғалімдерді қажетті ақпараттармен қатар, арнайы
психологиялық анықтау материалдармен қамтамасыз ету көзделген.
Құралда көбінесе , сынақтан өткен классикалық әдістемелер, сондайақ
сауалнамалар мен психологтардың зерттеу әдістемелері берілді.
Құрал мұғалімнің көкейінде жүрген көптеген мәселелерді шешуге бағдар
береді.
Сонымен қатар оқушы психикасын зерттеу әдістемесі мен жалпы ұстанымдарын
ашу жолдарын көрсетеді.
Әр бөлімде танысып отырған психологиялық компаненттер (ес, ойлау,
темперамент және т.б ) жөнінде мәліметтер беріледі. Олар мұғалімге
ұсынылған психологиялық әдістердің көмегімен алынған психологиялық түсінік
шеңберіндегі материалдарға талдау жасауға қолайлы.
Бұл жұмыс мектепке келген оқушыларға психологиялық диагностика жасауға
мүмкіндік береді. Мектеп оқушыларын тексеру үшін мына әдістер ұсынылады:
-оқушыға жеке тұлға ретінде бақылау жасау ;
-жеке тұлға ақыл-ойының даму ерекшелігімен танысу.

1. Психодиагностиканың бастапқы кезеңі.
Ешқандай ғылым жайдан-жай пайда бола алмайды. оның пайда болуы үшін
алдымен пікірлер, идеялар, көріністердің жиынтығы пайда болады, яғни ол
адамның өзін тануы мен қоршаған ортаны ғасырлар бойы жинаған
тәжірибелерінің негізінде қалыптасады. Психодиагностиканың өзіне қосып
алған білімдердің жиыны адам өмірінің көп қырларынан алынған.
Алдыңғы психодиагностика индивидуальды әртүрлі адамдардың объективті
негізге жасалынған ғылым ретінде қабылданды. Әрине, біздің ертедегі ата-
бабаларымызға да керек нәрселерді ажырату және есепке алу тән еді.
Мысалыға, тек аң аулау үшін де адамның оны аулауынан басқа да физикалық
мүмкіндіктері керек болды емес пе?!
Библияның өзінде диагностиканың ерекше мінездері көрініс тапты.
Кітапта Құдайлардың Соты Қолбасшы Гедеонға соғыс үшін қандай жауынгерлерді
таңдау керектігін көрсетті.
Ол халықты судың басына әкелді. Және Құдай Гедеонға былай деді: Егер
кімде кім суды инке ұқсап тілімен ішетін болса, және оны жоғары қой, және
солай жасайтындардың барлығын да өзінің аяғына жығылып ішетіндерді деді.
Және итке ұқсап ішкендер 300 адам болды: ал қалған халықтың барлығы
өз аяқтарына жығылып суды ішкендер болды.
Гедеонға Құдай айтты: 300 су ішкендердің ішінде мен сізді
құтқарамын... деді.
Ертеден адамдар индивидуальды көріністердің көптігін көрсету
мақсатында жинақталған система құруға тырысты. Антикалық дәуірден біздің
заманымызға Теофрасттың Мінездер атты еңбегі жетті (б.з.д. 327-287 ж.ж.)
онда тұлғалық ерекшеліктерінің көрініс табуы сияқты адамдар формасының
түрлері көрініс тапты. Және жалықтырғыш, өтірікші, қулығы асқан
түрлерді де көрсетті. Бұлар (типология) диагностикалық функцияның
жиынтығын құрады, оған немесе басқа адамның мінез-құлықтарын түрлерге
бөліп, және нәтижесінде оның тәртібі, тәрбиесі туралы айтуға көп мүмкіндік
берді.
Ертеден жинақталған әртүрлі типологиялар қазіргі ғылыми
психодиагностиканың қалыптасуына негіз болды: Гиппократтың темперамент
түрлерінен-Галенге дейін, ондағы нақты мінез-құлықтарымен бөліп көрсетеді:
одан кейін- Кантқа дейін, яғни темперамент құрамын басқа психикалық
ерекшеліктерден ажыратуға тырысты; және сонымен Павловтың, Кречмердің,
Шелданның және тағы да басқа зерттеушілердің қазіргі типологиялары
(жиынтықтары) жасалды.
Ерте цивилизация (даму) тарихы бізге әрқилы қолданыс түрлерімен куә
етеді, яғни индивидуальды әртүрлілікті көрсетеді. Осылай, Ежелгі Қытайда
б.з.д. 2200 ғасырда шенеулік таңдауда бірқатар маңызды сұрақтар болған. Ол
кездегі таңдау системасы-жазу мен санаудан, қиын жағдайда шешім қабылдай
білу керек деп ойлаған, яғни мүмкіндігін бағаламаған. Бұл тесттер
бірнеше жүзжылдықтар бойында сақталған.
Ежелгі Грецияда, Спартада, құлиеленуші Римде әртүрлі тәжірибелер
жасалғаны бізге мәлім. 413 ж. б.з.д. 7000 жуық Афина армиясының ұсталған
солдаты, яғни Сицилиядағы жеңілісте олар Сиракуз жанында тас карьерлерге
тасталды: олардың өмірі және құтқарылуы Еврипидтің өлеңдерін қайталай алу
мүмкіндіктерінен тұрды.
Ежелгі Грецияға байланысты тағы да бір мысал келтірейік. Әйгілі
философ және математик сол кездегі Пифагар өзі негізін қалаған мектепке
тек қана ауыр сынақтан өткен адамдарды ғана қабылдаған. Ол күлкі мен
адамның жүрісіне аса көңіл бөлді, өйткені олар адамның мінезін көрсетеді
деп ойлады. Пифагор мектебіне тек қана әртүрлі ауыр сынақтан өткендер ғана
қабылданды. Ол рухтың пайда болуын көрсету, өз дәрежесін сақтау және
қорқынышты түнде үңгір ішіндегі әрекетін көрсету керек болды.
Осылай индивидуальды (различний) айқындалуға талаптану адамзат
тарихында ертеден басталғанын көреміз. Әрине, индивидуальды айқындалу тек
қана психологиялық ғылыммен ғана анықтала қоймайды. Бірінші жағдайда оның
қызығушылығы индивидуальды-психологиялық айқындалу болып табылады. Бізден
бұрынғы уақытта қызметке алу үшін ғана индивидуальды-психология айқындалу
керек болды десек, бұл асыра айтушылық болар еді.
Индивидуальды-психология айқындалу барлық айқындаудың түрі секілді
мемлекеттік қызметке керек адамды таңдап алуда негіз болды. Индивидтің
қалыптасу қатарын тесттерден көруге болады. Оны психодиагностиканың ғылыми
негіздерін салушы Ф. Гальтон мен Дж. Кеттеллош жасады.
Шынында, ақылдың өлшеуіне байланысты тесттерді жасаған испан
оқымыстысы Хуан Хуарт (1530-1589) болды. Оның 1575 ж. шыққан Ехаmen de
Ingenios деп аталатын кітабы балалардың дарындылығын көрсетуше арналған.
Нәтижесінде, бұл кітап европаның 27 тіліне және латын тілдеріне
аударылған. Хуарттың мән бергені түсінік және есте сақтау және бейнелеу
туралы болғанын көреміз. Біздің заманымызға жақын, яғни, ХІХ ғасырдың басы
мен ХХ ғасырда френология, физиогномика, графалогия сияқты, ғылымдар
жарыққа шыға бастады. Оларды айтып өту индивидтің ерекшелігін ашуда олардың
да көмегі тиюде. Мысал ретінде френологиялық әдемілікке қарайтын болсақ,
оның инициаторын австриялық ананом Ф. Галль еді.

2. Психодиагностиканың ғылым ретінде шығу тарихы.
Психологиялық тестілеу.
Ғылыми диагностиканың қалыптасуы ең алдымен психологиялық ғылымда
эксперименттің, идеялардың пайда болуымен байланысты. Квантификациялық
психология зерттеулер туралы ойлар ХІХ ғ. 30 ж. жарыққа шықты. Ең бірінші
бұл туралы неміс зерттеушісі Вольф болды. Ол психометрия ұғымын енгізді.
Бірақ сол кездегі философтардың төккен қан мен тері ғасыр өткеннен кейін
ғана өз нәтижесін берді. Э. Вебер мен Г.Фехнердің психофизика бойынша
бастаған жұмыстарында, яғни, психикалық көріністердің салыстыру туралы
ойлардың шындыққа енуі сол кездегі экспериментальді психологияның
ізденістеріндегі негізгі бағытты анықтап берді. Осы кездестірген
жайттардың ішіндегі қызықтысы, индивидтің айқындалуын зерттеп оқуда
оқымысты ғалымдар психологияға, физиологияға және медицинаға жақын
болғандар.
Ментальды хронометрияда маңызды бағдар көрсетуде еңбек сіңірген
Галланд ғалымы әрі физиологы Ф. Дондерс (1818-1889) болды. Ол бірнеше
реакция түрлерін бөліп көрсетті. А реакциясы – тәжірибе жасалынып жатқан
қандай нәрсе әсер ететінін және оған қалай жауап беру керек екенін біледі.
В реакциясы – зерттелуші әр әсерге әр түрлі жауап береді. С реакциясы –
барлық жасалғандардың ішінде тек қана біреуіне ғана жауап береді.
Бұл зерттеулер экспериментті зерттеулердің маңызды бір бөлігі ретінде
қарастырылды.
Психодиагностика туралы түсінік
Көп қолданылатын термин сөз ретінде жеке тұлғаның психологиялық
әртүрлілігін таразылау үшін, ең алғашқы қолданған тесттер - психологиялық
тестілеу ұғымы кеңінен пайдаланылады. Алғашқы кезде психологиялық
тестілеу кең мағынада қолданылды, яғни, үнемі өзіне керекті
салыстыруларды психологиялық ғылымдармен қоса қолданды. Ал, кейірінек
тестілердің дамуына байланысты, олар жеке тұлғаның ерекшеліктеріне және
мүмкіндіктеріне қарай психологиялық тестілеу аумағы кеңейе түсті.
Психодиагностика терминін 1921 жылы Г. Роршах енгізеді. Ол
диагностикалық тесттің перцепциясына негізделеді деп аталатын зерттеудің
пайда болуы еді. Бірақ та бұл терминнің мазмұны кеңей түседі. Яғни, бұл
термин психологиялық тестілеу сөзімен синоним ретінде қолданылды.
Бұл термин сөздің алдағы тағдыры өте қызық. Р. Хейстің айтуынша, ол
тез маңызды мағынаға айналды деп көрсетеді.
Айтып беру керек, егер психодиагностика туралы қатынасқа түсінік,
жоспарланған тәсілмен қаралса, оларды неміс және швейцар психологтарының
(Мейли, 1961; Хейс, 1966 ж.) жұмыстарынан көруге болады.
Диагноз термині туралы ертеректе былай айтылды, яғни, оны қандай да
бір көңіл болмаушылықта, білмеушілікте қолданылу ғана айтылды.
(Розенцвейг, 1949 ж.) . бұндай қадам қазіргі баспалық сөздіктерде
кездестіруге болады.
Белгілі WEBSTER сөздігінде: Психодиагностика-бұл жеке тұлғаны
бағалауға немесе клиникалық психологияның құралдарымен психикалық
ауытқушылықты диагностикалау туралы ғылым және практикалық жұмыс жүргізу.
1970 ж. дейін психологиялық тестілеу термині, кез келген
психологиялық тест жұмыстарымен байланысты ізденулер,зерттеулерге қатысты
қолданылды. Осыған байланысты 1960-70 ж. әйгілі бірнеше (руководствалар)
топтарды атап өтуге болады.
Психологическое тестирование (Anastasi, 1968; Анастази, 1982, 2001),
Сущность психологического тестирования-Essentials of Psychological
Testing (Cronbach, 1960), Теория тестов-Test Theory (Magnusson, 1967),
Теория и практика психологического тестирования-Theory and Practice of
Psychological Testing (Freeman, 1963), История психологического
тестирования (А History ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психологиялық - педагогикалық диагностиканың ғылымитеориялық негіздері
Психодиагностика жүргізуге қойылатын кәсіби этикалық талаптар
Психологиялық-педагогикалық жеке адам диагностикасы
Психодиагностика әдістерінің жалпы сипаттамасы
Психодиагностиканың ғылыми-теориялық негізі
Педагогикалық-психологиялық диагностикалау - тұлғаны зерттеудің негізі
Педагогикалық-психологиялық диагностикалау
Психодиагностқа қойылатын талаптар
Психодиагностика туралы
Психодиагностика ғылым және тәжірибелік іс – әрекеттері
Пәндер