Бастауыш сынып оқыту процесінде эстетикалық тәрбие беру жолдары


Кіріспе
І-тарау. Бастауыш мектептерде эстетикалық тәрбие берудің педагогикалық негізі.
1. 1 Бастауыш мектептерде эстетикалық тәрбие берудің теориялық тұжырымдамалары
1. 2 Бастауыш мектепте эстетикалықтәрбие берудің негізгі құрылымы
ІІ-тарау. Бастауыш мектептегі эстетикалық тәрбиені берудің бағыттары және оны жеке пәндерді оқыту барысында жүзеге асырудың тиімді жолдары
2. 1 Бастауыш мектептегі эстетикалық тәрбиені берудің бағыттары әдістемелік негіздері
2. 2 Жеке пәндерді оқыту барысында эстетикалық тәрбиені жүзеге асырудың тиімді жолдары
Қортынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Ұзақ жылдар бойы жас ұрпаққа ұлттық тәлім-тәрбие беру мәселесі ұмыт болып келді. Бүгінгі таңда, тәуелсіздікке қол жетіп, ел болып етек-жеңімізді жиған шақта аңсаған арманымызды жүзеге асыратын кез туды. Қазақ елінің болашағы үшін, оның оның болашақ мұрагерлері үшін қазіргі оқушылар, жастар, мұғалімдер, ата-аналар мақсатты, үлгілі іс -әрекеттерімен өз үлестерін қосуы керек. Сыпайылықты, әдептілікті қастерлеу, сөз қадірін бағалау, өнерді дәріптеу еліміздің ежелгі жақсы дәстүрі.
Әсіресе, бастауыш сынып мұғалімдері оқушыларды үнемі дұрыс сөйлеу, дұрыс жаза білуге дағдалындыруы керек. Осы жақсы дәстүрді жалғастыру, оны халық арасында кең насихаттау- интеллегенцияның алдыңғы қатарлы өкілдерінің бірі мұғалімдер қауымының абыройлы борышы.
Педагогика пәнінің өзекті мәселесінің өзі жеке адамдарды жан-жақты дамыту, өмірге дұрыс көзқарастарын қалыптастыру. Біз әр адамның адамгершілікті тұлғалық мәнін жан-жақты дамытуға ұмтыламыз, сондықтан әр баланың сезім нәзіктігін көркемдікті, әсем нәрсені сүйетіндей етіп дамытуымыз керек. Мектеп оқушыны әсемдікті өмірден, адамдар қылықтарынан, еңбек іс-әрекетінен, еңбек нәтижесінен көруді және ләззат алуды үйретіп қана қоймайды күнделікті өмірде осы әсемдікті жасау ынтасы мен іскерлігін тәрбиелейді. Демек, оқытушының өзі эстетикалық тұрғыда тәрбиеленген болуы керек. өмірді жасаушы адам болғандықтан, оның өзі сұлулықты жасауға ұмтылуы заңды.
Тақырыптың мақсаты. Табиғат адамды қуанышқа бөлейді, сезімін дамытады, эстетикалық түсінігін байытады. «Эстетика»-көркемдік таным теориясы, әсемдік туралы, көркем шығарманың жалпы заңдары туралы адамның болмысқа эстетикалық қатынасы туралы ғылыми өнерге деген көзқарас, өнерді қабылдау, сезіну, сүйсіну, түсіну деген уәлімді айтамыз. Жалпы ұлттық мектептің басты міндеті- саналы да парасатты, білімді де білікті, денсаулығы мықты жалқаулыққа жаны қас «Қазақ азаматы» деген абыройлы атты алып жүретін адам тәрбиелеу барлығымыздың басты міндетіміз. Ал эстетикалық тәрбие дегеніміз- адамды рухани байлықты игеруге, оны қоғам мүддесі мен өз мүддесіне орынды пайдалана білетін білімді, мәдениетті рухани дүниесі бай адам етіп даулау деген сөз. Сонымен оқуша жастардың эстетикалық танымын, сезімін, мәдениетін, білімін көтеруге ең басты сүйеніш мүғалімдер мен ата-аналар. Олар өздері үлгілі болып эстетикалық тәрбие жұмысының мазмұнын, формаларын және әдістерін жетілдірудің жолдарын және әдістерін жетілдірудің жолдарын іздестіріп іске асырады.
Эстетикалық тәрбиенің мән-мағынасы жөнінде классик-педагогтар Ж. Ж. Руссо, И. Г. Пестоноцкий, Я. А. Комменский, К. Д. Ушинский, Ы. Алтынсарин, С. Мокоренко және т. б. сөз етсе, қазақтың ұлы ойшыл ағартушылары Ш. Уалиханов, А. Құнанбаев, М. Әуезов т. б. өз пікірлерін айтқан болатын. ХХ-ғасырдың бас кезінде өмір сүрген, қазақ бастауы мектебінің негізін қалаған А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов және т. б. ал бүгінгі ғалымдар Қ. Жарықбаев, С. Қалиев, С. Ұзақбаева, Х. М. Балтабаев, Т. Қышқашбаевтар және педагогтар Қоянбаев Ж. Б. Қоянбаев Р. Н-ң еңбектеріне эстетикалық тәрбиенің бала өмірінде алатын орны жөнінде ғылыми еңбектерін жариялауда.
Міне осы тұрғыдан таңдау жасай келе мен дипломдық жұмысымның тақырыбын «Бастауыш сынып оқыту процесінде эстетикалық тәрбие беру жолдары», деп анықтап алдым.
Ғылыми-зерттеу жұмысымды орындау барысында алға қойған мақсатым:
«Бастауыш мектеп оқушыларын тәрбиелеудегі эстетикалық тәрбиенің алатын орны және өзіндік ерекшеліктері», зерттеу міндеттерім.
- Бастауш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие қалыптастырудың теориялық негізін анықтау;
- Эстетикалық тәрбие берудің тиімді жолдарын көрсету.
Зерттеу объектім:
Бастауыш мектептегі оқу тәрбие барысы процесіндегі қазақ тілі пәні.
Зерттеу әдісім: Ғылыми педагогикалық тарихи оқу әдістемелік еңбектерді жинақтау, талдау, сұрыптау. Баспа бетінде жапырақ көрген озат мұғалім, іс-тәжірибесінде теориялық талдау жасау.
Ғылыми зерттеу жұмысым:
Кіріспе, екі тараудан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімін қамтиды.
І-тарау. Бастауыш мектептерде эстетикалық тәрбие берудің педагогикалық негізі.
Адамзат дамуында тәрбие барысы адамның қоғамдық мәнінің әлеуметтік маңызды сапаларын қалыптастыруға, оның қоғамға, адамдарға, өзді-өзіндік қатынастарын жасауға және олардың шеңберін кеңейтуге бағытталады. Тәрбиенің мәні-адамның қоғамдық мазмұнын әлеуметтендіріп, оның коллективпен және қоғаммен практикалық қатынастарының жүйесін құру. Өзінің табиғаты жағынан тәрбие ісі педагогикалық міндеттердің төмендегідей бірқатар мәселелерін шешу барысын қамтиды:
1. Педагогикалық жағдайларды талдау тәрбиелік әсерлердің нәтижесі мен жоспарын реттеу. Сөйтіп, оқушылар тәрбиелігінің деңгейін анықтауды, оның қоғамдық мәні мен коллективтің дамуын белгілеуді, нақты педагогикалық міндетті бөлуді және қалыптастыруды, оны шешудің жолдарын анықтауды, тәрбиенің құралдары мен әдістерін таңдай білуды, тәрбие объекті мен субъектінің іс-әрекеттерін жоспарлауды, жоспарланған педагогикалық әсерлерге оқушылардың қарым-қатынасын, оның сипатын алдын-ала көре білуді т. б. қажет етеді.
2. Тәрбе барысының жобасын құру және жүзеге асыру. Бұл өзінің мазмұны жағынан педагогикалық іс-әрекетті пайдалы бөліктерге және ықпалдарға бөлудың, оқушылардың іс-әрекетіне педагогикалық басшылық етудің, оқушылар коллективтері мен шағын топтардың, жеке оқушымен дұрыс-қатынастарды бекітудің, оқушалр тәртібінің әлеуметтік-психологиялық шарттары мен себептерін аңғара білудің, оқушыларға жеке тұрғыда қатынас жасау білігінің болуын талап етеді.
3. Тәрбиелік ықпалдарды реттеу және оларға түзетулер енгізу. Бұл мазмұны жағынан педагогикалық міндеттерге енгізілген түзетулерді орынды жүзеге асыруды, сыртқы ықпалдардың қалыпты жағдайға өтуін немесе қабылданбауын қамтамасыз етеді, қоршаған ортаға сай баланы дамыту үшін қажетті материалды таңдап алуды, коллективтегі, коллектив пен адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттеуді, бағыттауды, дамытуды, пайда болатын жеке шиеленістерді жоюды, оқушылар арасындағы достық пен жолдастық қатынастарды нығайтуды, педагогикалық жағдайда байланысты талап логикасын түрлендіруге, өзгерген жағдайларда тәрбиелік ықпал жасаудың бағытын дұрыс анықтауды және тәсілдерді қайта құруды т. б. талап етеді.
4. Қорытынды есепке алу және бақылау. Мұның мазмұны әдепкі берілгендермен салыстырып, қол жеткен нәтижені талдау, қолданылған тәрбие әдістерінің тиімділік шеңберін анықтау балалардағы және тәртібіндегі ойластырылмаған, қажетсіз құрылыстардың туу себептерін белгілеу, орынды құралдарды, әдістерді, тәсілдерді, жинақтау, өз тәжірибесіне енгізу мақсатында басқа мұғалімдердің іс -әрекетін зерттеу, педагогикалық теориямен тәжірибені сәйкестендіре білу деген сөз.
Оқушыны қоғамдық мәні қалыптастырудың басқарылуын қамтамасыз ету тәрбиенің негізгі құралдарын толық білу болып табылады. А. С. Макаренко өз тәжірибесімен тәрбиедегі шешуші роль атқаратын нәрсе оқшауланған құралдар емес, керісінше олардың үйлесімді құрылған жүйесі екенін дұрыс көрсеткен-ді. Адам еңбектің, танымның, қарым-қатынастың субъектісі ретінде іс-әрекет барысында қалыптасады. Педагогикалық тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылса, қоғамдық мәні қалыптасып келе адамның кешегі іс-әрекет түрлері тәрбие құралдары болып табылады.
Мұны қалай дәлелдеуге болады?
Адамның қоғамдық мәнінің нағыз мағынасы оның қалықтауы мен әрекеттерінен көрінеді. Бұл жерде адамның белгілі бір қылық көрсеткісі келуі талап етілетін тәртіпті саналы түсінуі жеткіліксіз болуы мүмкін. Бұл практикалық іс-әрекет емес, тек оның алғы шарты ғана. Бірнеше рет орындалып, көп қайталанып, нәтижесінде адам өзінің жаттап алған және саналы қабылдаған ережелерінің дұрыстығына өз тәжірибесі негізінде көзі жетсе ғана қылықтар мен әдеттер өзіне тән дағдыға айналады. Мысалы, еңбексүйгіштіктің пайда мен құндылығын оқушыға қаншама түсіндіргенмен, егер ол еңбектің ықпалын, одан шаршау мен қуаныш кезеңін басынан кешірмесе, көздеген нәтижеге жете алмайсыз. Оқушы гимнастикалық жаттығулардың маңызын біле тұрып, оларды орындамаса, дене тәрбиесінде бір қадам да ілгері баса алмайды. Олардан келіп, тәрбие жұмысының ақиқат мәні балаға тікелей әсер етуде ғана емес, оның өмірін ұйымдастыруда екендігін түсіну қиынға соқпайды.
Көздеген іс-әрекет субъектінің объективті дүниені танып білуі үшін істейтін қимыл әрекетінен және қылықтарынан тұрады. Мұның өзі бала өмірі мен әрекетінің ерекше шеңбері болып табылатын қарым-қатынасты құрайды. Нәрестенің өзін толық дәрежеде әлеуметтік тіршілік иесі деп қарау керек. Педагогикалық және психологиялық ғылыми зерттеулердің көптеген деректері бала қолындағы ойыншықтың өзі де оның ересектермен қарым-қатынасының құралы екенін дәлелдейді. Бала ересектерден көмек алуға ғана емес, өзінің қарым-қатынас қажеттігін қанағаттандыру үшін қол созады. Балалар қарым-қатынас іс-әрекеттің арнайы түрі болып табылады. Мұндай қарым-қатынас объектісі-адам. Бұл іс-әрекеттек жұмыстың нақты мазмұны кітап оқу, сабақ дайындау, модель жасау, әңгімелесу тәсілі болып табылады. Балалық шақты қарым-қатынас өз құрдастарын және өзін-өзі танудың маңызды құралы болады. Қарым-қатынас деңгейіне байланысты баланың өз қатарластарының арасында белгілі бір орны болады.
Оқушылардың, әсіресе кіші мектеп жасындағылардың өмірінде ойын іс-әрекеті үлкен орын алады. Кез-келген ойын тәрбие құралы болмайды. Ойын іс-әрекетіне педагогикалық басшылық баланың ойынан біртіндеп еңбек шеберіне ауысуын қамтамасыз етуі керек. Дегенмен, мұның барысын жасанды жеделдетуге, балалар бастамасын, ересектер ықпалымен ырықсыз ауыстыруға тырысудың қажеті жоқ.
Балалар іс-әрекетінің ерекше түрі-оқу. Оқудың ең күрделі түріне- ақыл-ой еңбегі жатады. Оқу әңгіме болған объектіні біліп, оны басқалардан ажыратуды, белгілі бір заттардың қатарына жатқыза білуді, оны дайындалған үлгі түрінде немесе графикалық және сөзбен қайта жаңғырта білуді мүмкін ететін жүйеге келтірілген білім береді. Оқыту осы алған білімді оқудағыдай жағдайларда жеке өмірдің жаңа жағдайларында пайдалана білуді қамтамасыз етеді.
Бала өмірінің маңызды әлеуметтік формасы оның еңбекке негізделген іс-әрекеті болып табылады. Еңбектің түр-түріне жаттығып, олардың үздіксіз ұлғая және жетіле түсуінен бала өз бетімен іс әрекет етуге көшеді. Өзін-өзі қоғамдық мәні бар адам ретінде түсінеді. Мектеп бітірушілердің болашақ тағдыры қалай шешілмесін, бәрібір олардың еңбекте шынығуы келешекте іс-әрекеттің кез-келген шеңберінде қажет болады. Ең бастысы, мұны оқушылар жақсы ұғынып, мұғалімдер, ата-аналар, жалпы жұртшылық терең қабылдау керек.
Баланың құлықтың және ерікті сапалары іс-әрекет барысында, ең алдымен еңбекте тәрбиеленеді, қалыптастырылады, дамытылады, жетілдіріледі. Дегенмен, кез-келген еңбек тәрбиелемейді. Балалардың еңбекке теріс қатынасы бірқатар себептерден туады. Бұған семья тәрбиесіндегі кемшіліктер, еңбек нәтижесіне қызығу, бірақ практикалық іс-әрекет барысында балалардың қиындықтарды жеңудегі қабілетсіздіктері, еңбек барысына қызығу, бірақ көп қайталауды және адамды қажытатын әрекеттерді талап ететін біліктерді және дағдаларды меңгеру ынтасының бастау т. б. жатады. Мұғалім балаларды еңбектік іс-әрекетке қосып, оны педагогикалық тұрғыда дұрыс ұйымдастырса ғана бұл қарама-қайшылықтарды жеңудің мүмкіндігі туады.
Мектеп педагогикасы балаға біртұтас қоғамдық мән, басқаша айтқанда, біртұтас қоғамдық қатынастар жиынтығы деген көзқарас тұрғысынан қарайды. Тәрбие жеке бөліктермен емес, біртұтас жинақты жүзеге асырады. Баланың қоғамдық мәнінің көп түрлі сапалары бірімен-бірі тығыз байланысты және олар оның әр жақтылығын көрсетеді. өз зейінің жеке сәттерде белгілі бір сапаны тәрбиелеуге аударғанымен тәрбие оқушының қоғамдық мәнін қалыптастырудың бүкіл барысын көзден таса қылмайды. Тәрбие оқушының күш-қуатын, ақыл-ойын, еңбек қабілеті., мінез-құлқын және әсемдікке көзқарасын дамытатын біртұтас, бөлінбейтін, ішкі байланысы бар іс-әрекеттің барысы. тәрбие мәселелерінің анатомиялық, физиологиялық, психологиялық негіздері жоғары оқу орындарында арнайы пәндерде оқылып, зерттелетін болғандықтан, оған көп тоқтануды қажет деп есептейміз. Тек осыларға байланысты негізгі мәселе сана мен тәртіптің бірлігін жүзеге асыру екендігін ескерткіміз келеді.
Сана мен тәртіптің бірлігіне жету жолы дұрыс қылықтарға ұзақ жаттығудан, еңбек және қоғамдық пайдалы іс-әрекет негізінде оқушылар өмірінен, нақты қарым-қатынастардан туындайды. Орынды қылықтарға ұзақ, жиі жаттығулар талап етілетін тәртіптің дағдаларын және әдеттерін туғызады. Тәртіп дағыларын және әдеттерін туғызады. Тәртіп дағдылары мен әдеттері-адам әрекеттері мен қылықтарының тұрақты формалары. Адам неғұрлым нақты және пайдалы әдеттерді өзәдетіне айналдырса, соғұрлым оның өмірі мазмұны және нәтижелі болады. Жақсы әдет-адам құқының сарқылмас қоры.
Совет ғалымдары зерттеулеріне сүйеніп, баланың қоғамдық мәнінің қалыптасу сатыларын төмендегідей етіп бөлуге болады:
1. Ынталандыру сыртқы ықпал-стимулы. Ынталандыру ретінде белгілі бір адамның іс әрекеті немесе оның қоғамджық мәнінің жеке қасиеті, жинақталған немесе бекілген моральдық ереже, әдеби бейне, мазмұны оңды немесе кездейсоқ ықпал болуы мүмкін. Барлық жағдайда да ынталандыру тәрбиеленушінің ішкі дүниесіне қабылданады және бейнеленеді, белгілі бір бағаға ие болады;
2. Себеп ішкі сезімді оятушы -мотив. Бұл ынталандыруды ұғыну мен қабылдау негізінде қалыптасады және сыртқы орындалатын іске айналуға икемді болады;
3. Әрекет бағдарламасын және тәртіп түрін таңдап алу. Бұл жағдайда себеп адамның қоғамдық мәнінің қалыптасып келе жатқан қасиетіндегі өз қызметін орындауды. Осыдан себепке бара-бара тәртіптің түрі туындауы керек. Бірақ себеп пен тәртіп түрінің бірігуінің осы кезеңі баланың ішкі дүниесінде жүзеге асады;
4. Себептің адам тәртібінде жүзеге асуы және тәртіптің әдетке айналуы. Бұл түрлі-түрлі іс-әрекет барысында, нақты практикалық жағдайларда орындалады. Таңдалған тәртіп түрін бекіту және тұрғақтандыру, оны әдетке айналдыруға жеткізу көп қайталану нәтижесінде жүзеге асады;
5. Тәртіптің әдеттегі түрлерінің адамның қоғамдық мәнінің қасиетіне айналуы. Әдетті жеке алып қарасақ, ол адамның қоғамдық мәнінің қасиеті болмағанымен, нақты жағдайларда қасиетке айналуы мүмкін. Бұл біртектес әдеттертоқайласқанда мүмкін болады. Мұндай біріктірілген, тоқайласқан инеграцияланған құрылым оқушылардың үздіксіз өзгеретін кең, әр жақты өмір жағдайлары мен іс-әрекетінде, сонымен қатар, нақты өрісі тар, қысылтаяң жағдайларда да өз қызметін атқара алады.
Бұл жерде тәрбиеленушінің қоғамдық мәніндегі қасиеттерінің қалыптасу ырғағын және ретін бейнелейтін негізгі схемасын келтірдік. Ал педагогикалық іс-әрекет барысының күрделі және қарама-қайшылықты жағдайларында оның жеке буындары, кезеңдеріне тез жүргізілуі яки ығыстырылуы немесе жылжытылуы мүмкін. Бірақ себептер жүйесін және оларды жүзеге асырудың әдеттегі түрлерін жасау барлық жағдайда да тұрақты әрекет ету сипатында болады.
Эстетикалық тәрбие дегеніміз- баланың қоғамдық өмірдегі, табиғаттағы, еңбектегі, тұрмыстағы, көркем-өнердегі әсемдікті дұрыс қабылдауын, түсінуін тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбие балалардың әсемдік жөніндегі түсінігін кеңейтіп, сұлулықты тану, сүйе білу, оны шығармашылықпен өмірге ендіре білу қабілетін, эстетикалық талғамын, қиялын дамытады.
Педагогика «Эстетикалық тәрбие», «Көркемдікке тәрбиелеу», «Эстетикалық даму» деген үш түрлі түсінік бар.
Эстетикалық тәрбие - кең ұғым. Ол әсемдікті сезе білуге тәрбиелейді. Эстетикалық тәрбие көркемөнер құралдары арқылы ғана емес, қоғамдық өмірдің, оқудың, еңбектің, табиғаттың әсемдігін тану кезінде, адамдармен қарым-қатынас үстінде тәрбиеленеді.
Көркемдікке көркемөнер құралдары арқылы тәрбиеленеді. Көркемдікке тәрбиелеу эстетикалық тәрбиенің негізгі құрамдас бөлімі.
Эстетикалық сезім дегеніміз- өмірдегі, көркемөнердегі қабылдаудан туатын эстетикалық нәр алу, толқу, рақаттану. Ол адам табиғатына ғана тән жоғары сезім.
Ғылымдарымыз эстетикалық тәрбиені қоғамдық мәдени өмірдің жан-жақты дамуымен байланыстыра қарайды, сондай-ақ өткен дәуірдің прогресті дәстүрі мен тәжірибесіне сүйенеді. Әсемдік байланыста объективті түрде өмір сүреді, адам өзінің шығармашылық қызметінде өмірді және оның әсемдігін сәулелендіреді. Адамның әсемдікті сезе де тани білу қабілеті, әсемдікті жасауға қарым-қатынасы оның сезім байлығы мен эстетикалық мәдениетінің даму дәрежесіне байланысты болады.
Эстетикалық тәрбие балаға өмір құбылыстарын терең қабылдауға, сенсорлық әрекетін дұрыс дамытуға, білімге құштарлығын арттыруға ықпал етеді. Байқағыштығы мен әсерленгіштігін (қуану, қайғыру) тереңдетеді. Эстетикалық әсерлену әсемдікті қабылдауға ғана негізделіп қоймайды, өнер шығармасының мазмұны мен идеясын терең түсінуге де негізделеді. Бұл эстетикалық тәрбиенің ақыл-ой, адамгершілік, еңбек дене тәрбиесімен тығыз байланыстылығын байқатады.
Көркем шығарманы, табиғат әсемдігі, адамның жақсы тәртібін, тамаша мінез-құлқын көріп сүйсіну, қабылдау адамның адамгершілік парасатына үлкен әсер етеді. әсемдікті сезіну баланың өмірін байытып, бір-біріне достық қарым-қатынасын, жақсылық істеуге талпынысын, белсенділігін тудырады. Эстетикалық тәрбиені бала дамуының алғашқы сатысы-мектепке дейінгі кезеңнен бастау жан-жақты жарасымды дамыған ұрпақ тәрбиелеуге алғы шарт жасайды.
Балабақшада эстетикалық тәрбиенің төмендегі міндеттері іске асырылады:
Бұл жерде тәрбиеленушінің қоғамдық мәніндегі қасиеттерінің қалыптасу ырғағын және ретін бейнелейтін негізгі схемасын келтірдік. Ал педагогикалық іс-әрекет барысының күрделі және қарама-қайшылықты жағдайларында оның жеке буындары, кезеңдеріне тез жүргізілуі яки ығыстырылуы немесе жылжытылуы мүмкін. Бірақ себептер жүйесін және оларды жүзеге асырудың әдеттегі түрлерін жасау барлық жағдайда да тұрақты әрекет ету сипатында болады.
Эстетикалық тәрбие дегеніміз- баланың қоғамдық өмірдегі, табиғаттағы, еңбектегі, тұрмыстағы, көркем-өнердегі әсемдікті дұрыс қабылдауын, түсінуін тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбие балалардың әсемдік жөніндегі түсінігін кеңейтіп, сұлулықты тану, сүйе білу, оны шығармашылықпен өмірге ендіре білу қабілетін, эстетикалық талғамын, қиялын дамытады.
Педагогика «Эстетикалық тәрбие», «Көркемдікке тәрбиелеу», «Эстетикалық даму» деген үш түрлі түсінік бар.
Эстетикалық тәрбие - кең ұғым. Ол әсемдікті сезе білуге тәрбиелейді. Эстетикалық тәрбие көркемөнер құралдары арқылы ғана емес, қоғамдық өмірдің, оқудың, еңбектің, табиғаттың әсемдігін тану кезінде, адамдармен қарым-қатынас үстінде тәрбиеленеді.
Көркемдікке көркемөнер құралдары арқылы тәрбиеленеді. Көркемдікке тәрбиелеу эстетикалық тәрбиенің негізгі құрамдас бөлімі.
Эстетикалық сезім дегеніміз- өмірдегі, көркемөнердегі қабылдаудан туатын эстетикалық нәр алу, толқу, рақаттану. Ол адам табиғатына ғана тән жоғары сезім.
Ғылымдарымыз эстетикалық тәрбиені қоғамдық мәдени өмірдің жан-жақты дамуымен байланыстыра қарайды, сондай-ақ өткен дәуірдің прогресті дәстүрі мен тәжірибесіне сүйенеді. Әсемдік байланыста объективті түрде өмір сүреді, адам өзінің шығармашылық қызметінде өмірді және оның әсемдігін сәулелендіреді. Адамның әсемдікті сезе де тани білу қабілеті, әсемдікті жасауға қарым-қатынасы оның сезім байлығы мен эстетикалық мәдениетінің даму дәрежесіне байланысты болады.
Эстетикалық тәрбие балаға өмір құбылыстарын терең қабылдауға, сенсорлық әрекетін дұрыс дамытуға, білімге құштарлығын арттыруға ықпал етеді. Байқағыштығы мен әсерленгіштігін (қуану, қайғыру) тереңдетеді. Эстетикалық әсерлену әсемдікті қабылдауға ғана негізделіп қоймайды, өнер шығармасының мазмұны мен идеясын терең түсінуге де негізделеді. Бұл эстетикалық тәрбиенің ақыл-ой, адамгершілік, еңбек дене тәрбиесімен тығыз байланыстылығын байқатады.
Көркем шығарманы, табиғат әсемдігі, адамның жақсы тәртібін, тамаша мінез-құлқын көріп сүйсіну, қабылдау адамның адамгершілік парасатына үлкен әсер етеді. әсемдікті сезіну баланың өмірін байытып, бір-біріне достық қарым-қатынасын, жақсылық істеуге талпынысын, белсенділігін тудырады. Эстетикалық тәрбиені бала дамуының алғашқы сатысы-мектепке дейінгі кезеңнен бастау жан-жақты жарасымды дамыған ұрпақ тәрбиелеуге алғы шарт жасайды.
Балабақшада эстетикалық тәрбиенің төмендегі міндеттері іске асырылады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz