Бастауыш сынып математика сабақтарында ойын түрлерін пайдалану



1 Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыруда ойын түрлерін пайдалану
2 Сабақта ойындарды қолдану үшін әдістемелік талаптар
3 Дидактикалық ойындардың мақсаты
Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыруда ойын түрлерін пайдаланудың орны бөлек. Тиімді қолданылған ойын түрлері мұғалімнің түсіндірген материалын оқушылардың берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені бастауыш сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап тұрады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез сергіп, тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады.
Балалық шақ – бала бойына адамгершіліктің негізін қалайтын кез. Балалардың ойын сабаққа аударып, қызықтырумен қата, олардың жан – жақты дамуы үшін ойынның рөлі ерекше. Ойын барысында балалар айналасындағы дүние жайындағы мағлұматтары кеңейіп, игерген білім – машықтарының негізінде бір көрініске орай басты кейіпкерге еліктеуі, ойын ойнауға өзіне серік тауып алуы, онымен шынайы қарым – қатынас орната алуы, таңдап алған рөлдеріне деген жауапкершілігі арта түседі.
1. Құлбаева С. Ойын әдісімен. // Бастауыш мектеп. №3, 2004, 37-38 б.
2. Керімбаева Р. Ойын түрлері және оның ерекшеліктері // Бастауыш мектеп. №3, 2008, 11-12 б.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Бастауыш сынып математика сабақтарында ойын түрлерін пайдалану

Использование видов игр на уроках математики в начальных классах
The using the kinds of games in Mathematics of tne primary forms

Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыруда ойын түрлерін
пайдаланудың орны бөлек. Тиімді қолданылған ойын түрлері мұғалімнің
түсіндірген материалын оқушылардың берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені
бастауыш сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап
тұрады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез сергіп, тапсырманы ықыластана
әрі сапалы орындайтын болады.
Балалық шақ – бала бойына адамгершіліктің негізін қалайтын кез.
Балалардың ойын сабаққа аударып, қызықтырумен қата, олардың жан – жақты
дамуы үшін ойынның рөлі ерекше. Ойын барысында балалар айналасындағы дүние
жайындағы мағлұматтары кеңейіп, игерген білім – машықтарының негізінде бір
көрініске орай басты кейіпкерге еліктеуі, ойын ойнауға өзіне серік тауып
алуы, онымен шынайы қарым – қатынас орната алуы, таңдап алған рөлдеріне
деген жауапкершілігі арта түседі.
Ойын–балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін арттырудағы басты
құрал. Бала ойын ойнағанда өмірде көрген–білгенін өзіне ұнаған адамның іс-
әрекетіне еліктеп отырып бейнелейді.
Ойын–баланың жан серігі іспеттес. Қай бала болмасын, ойнап өседі.
Әрбір елдің ойыны сол елдің қоғамдық өзгерістеріне, тұрмыс–тіршілігіне,
айналысатын кәсіп – шаруашылық ерекшеліктеріне байланысты. Ойын сырттай
қарағанда оп–оңай тәрізді көрінуі мүмкін. Ал іс жүзінде бала үшін ойынға
қатысты басқалармен тіл табысып, өзінің ойлаған ойын іске асыру оңай емес.
Мәселен, рөлдерге бөлгенде балаға өзіне ұнамсыз рөл тиюінің өзі–ақ көп
нәрсені шешеді. Сондықтан мұғалімнің міндеті–балаларды ойынға өз
қызығушылығы мен ынтасының қатысуын қамтамасыз ету.
Қызығу–танымдық іс-әрекеттің қозғаушы күші. Оқушының қызығу жәрдемімен
оқып–үйрену барысында қабілеті ашылып, дарыны ұшталады, өз күшіне,
мүмкіндігіне сенімі артады, дара тұлғалық сипаттарға ие бола бастайды [1].
Сабақта ойындарды қолдану үшін мынадай әдістемелік талаптарды орындау
керек.
1.Ойынның мақсаты нақты қойылу керек.
2.Керекті көрнекіліктер мен материалдар алдын-ала дайындалып, оңтайлы жерге
қойылуы керек.
3.Ойынға сыныптағы оқушылардың барлығын қатыстыруды қамтамасыз ету керек.
4.Ойынның жүру барысында оқушылардың шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне
жетелеуі керек.
Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым
сәйкес алынса, оның танымдық, тәрбиелік маңызы да арта түседі. Оны тиімді
пайдалану сабақтың әсерлігін, тартымдылығын күшейтеді, оқушылардың сабаққа
ынтасы мен қызығушылығын арттырады.
Мен өз сабақтарымда, әсіресе математика сабағында ойын түрлерін жиі
пайдаланамын. Ойын сабағы оқушылардың белсенділігін, қызығуын арттырумен
бірге оқушының ойлау қабілетін дамытатындай дәрежеде болуы керек. Атап
айтқанда Кім тез, Орныңды тап, Орамал тастамақ, Ойлан, тап және
т.б.

Ойын технолнгиялары – оқу–тәрбие міндеттерін шешуге бағытталған
әртүрлі ойындарды қолдануды көздейтін дидактикалық жүйелер.
Ойын технологиясы мәнді өмір жағдаяттарын жобалау және оның шешуін
іздестіруге құрылады, жетекші әдісі – ойын.
Ойын – шығармашылық мақсатқа бағытталған іс-әрекет, оны жүргізу
үдерісінде балалар қоршаған болмыстың құбылыстарын терең танып біледі.
Дидактикалық ойындардың мақсаты – баланы оқыту, олардың ойлау
қабілеттерін жаттықтыру және дамыту, игі қасиеттерді тәрбиелеу.
Дидактикалық ойындардың мазмұны қандай да болмасын ақыл–ой міндеттерін
жүзеге асыруға негізделеді. Ережені орындау ойды, қиялды, есті дамытуға
ықпал етеді. Дидактикалық ойын арқылы дүниені тану басқаша түрге ие болады,
ол күнделікті оқытуға ұқсамайды, мұнда қиял–ғажайып та, жауапты өзбетінше
іздеу де, белгілі болмыс пен құбылысқа жаңаша көзқарас та, білімді
толықтыру мен кеңейту де бар. Ең бастысы, оқушыларға ешқандай күш түсірмей,
олардың өздерінің қалауы бойынша дидактикалық ойын арқылы оқу материалын
әртүрлі тұрғыдан бірнеше рет қайталауға мүмкіндік туады. Сонымен бірге
дидактикалық ойын өзара жарыстыру мүмкіндігін туғызып, оқушыларға
білімдерін әртүрлі жағдайда қолдануға негіз береді.
Дидактикалық ойынның арнайы құрылымы болуы шарт:
1. Міндеті.
2. Әрекет.
3. Ереже.
4. Нәтиже, ойынның аяқталуы.
Әрбір дидактикалық ойынның белгілі міндеті болады, ол дидактикалық
мақсаттан келіп туындайды. Ойынның міндеті оның оқу мазмұнын құрайды. Ойын
мазмұны балалардың қызығушылығын оятады, олардың танымдық іс - әрекетін
белсендіреді және жаңа білім, білік, дағдымен байытады.
Әрекет – ойынның негізгі бөлігі. Әрекетсіз ойынның мақсатын жүзеге
асыру мүмкін емес. Әрбір дидактикалық ойынның міндеті әрбір оқушының мінез
– құлқын анықтап, ұйымдастырып, біртұтас ұжымға біріктіретін әрекет арқылы
іске асады. Ол балалардың қызығушылығын тудырып, олардың ойынға деген
эмоциялық қатынасын анықтайды. Дидактикалық ойында әрекет нақты анықталған
және анық түрде белгіленген. Ол әртүрлі болуы мүмкін, бұл жағдайда
төмендегі негізгі шарттарға сәйкес келуі тиіс:
а) ойын міндетіне бағыну керек, сол арқылы ойын мақсаты жүзеге асырылуы
шарт;
ә) ойын аяғына дейін тартымды, әрі қызықты болуы шарт.
Ереже дидактикалық ойынның қажетті бөлігі болып табылады және ерекше
орын алады, сондықтан кейде дидактикалық ойындарды ережеге құрылған ойындар
деп те атайды. Ереже ойын міндетіне бағынады. Олар іс - әрекетті ойынның
міндетін жүзеге асыруға бағыттай ұйымдастыруды көздейді. Сондықтан
дидактикалық ойында іс - әрекет ережемен тығыз байланысты. Ережелер баланың
ойын үстінде не істеу және қалай істеу керек екендігін анықтайды.
Дидактикалық ойынның ережесі іс - әрекетті ұйымдастырып қана қоймайды,
сонымен бірге оның тартымдылығын арттырады.
Ойын нәтижесі – бұл міндетті шешу мен ережені орындау. Нәтиже мен
ойынның аяқталуын екі тұрғыдан бағалау қажет: баланың көзқарасы тұрғысынан
және мұғалімнің көзқарасы тұрғысынан.
Егер ойын нәтижесін баланың көзқарас тұрғысынан бағаласа, онда мұғалім
ойынның балаға моральдық және руханиләззат беру жағын есепке алады.
Дидактикалық ойынның міндеттерін шешу баладан белгілі бір күш – жігерді
талап етіп, олардың іс-әрекетіне талаптар қояды. Балалар ойын барысында
ұшқырлық, алғырлық, тапқырлық танытады. Мұның барлығы балаларды моральдық
тұрғыдан қанаттандырып, олардың өз күштеріне сенімін арттырады, қуаныш
сезімге бөлейді.
Дидактикалық ойын оқушылардың ақыл – ой белсенділігін тәрбиелеудің
маңызды құралы бола отырып, бағдарлама материалының негізі тақырыптары
бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді, әрі пысықтауды көздейді,
балалардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып математикасын оқытуда оқушымен жеке дара жұмыс
Бастауыш сынып оқушыларын ойын әдісі арқылы тәрбиелеу
Бастауыш мектепте математика пәнін оқыту процесі
Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың тиімділігі
Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың қиыншылығы
Бастауыш сынып оқушыларын оқыту процесінде компьютерлік технологияларды қолданудың дидактикалық шарттары
Математика сабақтарында халық педагогикасының озық үлгілерін қолданудың әдістемесі мен тәжірибесі
Математика ғылымын оқытуда пәнаралық байланысты жүзеге асыру әдістемесі
Алтыжасарлармен жұмыс істеуге болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін математикадан әдістемелік дайындаудың кейбір мәселелері
Бастауыш сыныптарда математика сабақтарында ойын технологиясын қолдану
Пәндер