Бастауыш сыныпта оқушыларына эстетикалық тәрбие беру


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   

Нормативтік сілтемелер

  1. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ17. 01. 2014ж. http://www. nationalbank. kz/?docid=636&switch=kazakh 6-7 б.
  2. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 11 қараша. Нұрлы жол - болашаққа бастар жол http://www. nationalbank. kz/ 7-8 б.
  3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген «Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (ҚР МЖМБС 1. 4. 002-2012) ».
  4. Қазақстан Республикасында дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлкеттік Бағдарламасы. - Астана, 2010 ж.

Анықтамалар

Әдiс - оқушылардың оқу танымдық қызметiн ұйымдастыруда мұғалiм жүргiзетiн iс-әрекеттер жиынтығы.

Тәсiл - осы әдiстiң бiр элементi, құрамдас бөлшегi. Қазақ тiлi сабақтарында мұғалiм түрлi әдiстердi: материалдарды түсiндiру, оны талдау, жаттығу, дәлелдеу, жаттықтыру, қорыту секiлдi көптеген әдiс-тәсiлдердi қолданады.

Тәрбие - бұл жалпы, ортақ міндеттерді іске асыру барысында мұғалім мен оқушының ықпалдасты әркеттерін қамтамасыз етуші арнайы ұйымдастырылған тәрбиелік жүйе жағдайында мақсатты тұлға қалыптастыру болған әлеумметтік процесс

Эстетика (грек сөзі - эстезис - сезінуші, сезім қызметіне қатысты)

көркемдік таным теориясы; әсемдік туралы, көркем творчествоның жалпы заңдары туралы, адамның болмысқа эстетикалық қатынасы туралы ғылым [21, 159 б. ] .

Эстетика - өмірді сезім арқылы біліп танудың негізгі жолы. Эстетикалық тәрбие оқушыны сұлулықты айқын қабылдап түсінуге, көркемдікті, айналадағы шындық, болмыстағы және көркем шығармалардағы сұлулық көріністерін сүюге, оларды бағалай білуге, көркемдік элементтерін тұрмысқа енгізу және өмір мен өнердегі жағымсыздыққа қарсы күресуді үйретеді.

Эстетикалық ләззат - табиғат, қоғам өмірі туралы және өнер сұлулығын қабылдау нәтижесінде немесе іс-әрекет үстінде, адамның рухани дүниесінің тебіреніп, жан рахатына батуы.

Эстетикалық тәрбие - болмыстағы және өнердегі сұлулық пен әсемдікті дұрыс қабылдау және эстетикалық түсінікті, сезім мен талғамды тәрбиелейтін, өнерде және өмірде сұлулықты жасау, оған қатысу қабілетін қажетсінуін қалыптастыратын тәрбиенің бір бөлігі.

Эстетикалық қабылдау - әсемдікті қабылдау процесін айтады, мұның нәтижесі эстетиталық әсерлену, эмоция болып табылады. Табиғат, өнер, адам жасаған заттар, адамның сыртқы кейпі, рухани дүниесі, тұрмыс-салты, әрекеттері мен қылықтары, адамның өзі де эстетикалық қабылдаудың объектісі бола алады.

Сезім байлығы - адамның рухани өмірін жоғары да әр тарапты дамытудың қажетті шарты. Адам рухани жағынан бай болып, әсемдікті көре біліп, одан ләззат ала білуге тиісті.

Белгілеулер мен қысқартулар

ҚР МЖМБС- Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты

ҚР-Қазақстан Республикасы

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі: Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаев « Қазақстан жолы-2050: « Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын, 2020 жылға қарай Әлемдік білім кеңістігіне толығымен кірігу білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды, деген болатын [1, 6-7 б. ] .

Қазіргі кезде әсемдікке көзқарасты тәрбиелеу - тәрбие барысының зейін салуды, күн санап өсіруді талап ететін мәселесі. Біздің қоғам адамына тек қана өнердің емес, еңбек, қоғамдық қатынастар, қоршаған әлеуметтік орта, тәртіп, тұрмыс, табиғаттың әсемдік жақтары ықпал етеді. Әсемдік құбылыстары адамның шындыққа қатынасын анықтайтын пайдалы істердің шын факторына айналып отыр.

Тәрбие ісі әрбір нақты кезеңнің өзіне тән ерекшеліктерін сақтай отырып, болашақтың ерекшеліктеріне бағдар ұстайды, соған әзірлейді, ал одан әрі баланың бұдан бұрынғы кезеңдерде жинақтаған өмірлік тәжірибесін белсенді түрде пайдаланады.

Қазіргі қоғамымыздағы болашақ ұрпақты дайындауда әр ұстаз өз тәжірибесін оқу тәрбие үрдісінде жаңа педагогикалық технологияны жетік меңгерумен қатар, шығармашылық жұмыс жүргізуіге тиісті.

Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр. Отанды сүю - бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп, табыстау деген сөз. Барша қазақстандықтардың жұмысының түпкі мәні - осы! [2, 7-8 б. ] . Бүгінгі талап өткен өмірімізден кеткен қателіктерімізді болдырмау мақсатында, жаңа ұрпақты қалыптастыру мен тәрбиелеу үшін мұғалімдерге үлкен жауапкершілікті жүктейді. Жас шыбық иілуге қандай икемді болса, жас бала да тәрбиені қабылдауға сондай бейім.

Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыруға, оның жеке қабілеттерін, оқу ісіндегі оң мотивациясы мен іскерлігін: негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын кейіннен меңгеру үшін оқудың, жазудың, есептеудің, тілдік қатынастың, шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсетудің, мінез-құлық мәдениетінің берік дағдыларын дамытуға бағытталған [3, 15 б. ] .

Ел Президентінің Қазақстан халқына жоғары білімнің еуропалық аймағына бірігуді қамтамасыз ету; білімнің, ғылымның және өндірістің бірігуін қамтамасыз ету, зияткерлік меншік пен технологиялардың өнімдерін коммерцияландыру үшін жағдай жасау. Жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагог кадрларды даярлау; өмір бойы оқыту, баршаға білім алу үшін жағдай жасау; [4, 10 б. ] . Еліміздің болашағы көркейтіліп, өркениетті елдер қатарына қосылу бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Осыдан барып жас ұрпаққа ғылыми негізде білім беру, қабілеттерін ашу міндеті туындайды. Яғни білім мазмұнын жаңарту, үздіксіз білім беру жүйесін дамыту - өмірдің өзі талап етіп отырған бүгінгі күннің обьективті заңдылығы. Өміріміздің жалғасы ұрпақ тәрбиесі. Бала тәрбиесінде эстетикалық тәрбиенің алар орны ерекше. Енді сол эстетика туралы қысқаша түсінік беріп өтсек.

Эстетика (грек сөзі - aisthetikos сезінуші, сезім қызметіне қатысты) - көркемдік таным теориясы; әсемдік туралы, көркем творчествоның жалпы заңдары туралы, адмның болмысқа эстетикалық қатынасы туралы ғылым.

Эстетикалық ләззат - табиғат, қоғам өмірі туралы және өнер сұлулығын қабылдау нәтижесінде немесе іс-әрекет үстінде, адамның рухани дүниесінің тебіреніп, жан рахатына батуы [5, 249 б. ] .

Эстетикалық тәрбие - болмыстағы және өнердегі сұлулык пен әсемдікті дұрыс қабылдау және эстетикалық түсінікті, сезім мен талғамды тәрбиелейтін, өнерде және өмірде сұлулықты жасау оған қатысу қабілетін қажетсінуін қалыптастыратын тәрбиенің бір бөлігі.

Эстетикалық тәрбие деп жеке адамның эстетикалық талғамы мен мұратының қалыптасуы, болмыс пен өнердегі әсемдікті дұрыс түсіну қабілетінің дамуын түсінеміз.

Эстетика - өмірді сезім арқылы біліп танудың негізгі жолы. Эстетикалық тәрбие оқушыны сұлулықты айқын қабылдап түсінуге, көркемдікті, айналадағы шындық, болмыстағы және көркем шығармалардағы сұлулық көріністерін сүюге, оларды бағалай білуге, көркемдік элементтерін тұрмысқа енгізу және өмір мен өнердегі жағымсыздыққа қарсы күресуді үйретеді.

Эстетикалық тәрбие мәдени жетістіктер мен жеке шығармашылық негізде дамиды. Сұлулық көркемдеу, әуен туғызу, сурет салу, әдемілікті сезіну секілді даму және жетілу шыңы қалыптасады [6, 228 б. ] .

Тәрбиенің басты мақсаты - адам. Ш. А. Амонашвилидің адамгершілікке тәрбиелеу педагогикасында, балаға үмітпен, сенімді көзбен қарап, оны жағымды көре біліп, жақсы қасиеттерін көріп, соны үнемі арқау етіп, үлгі етудің тәлімді мәні зор [7, 11б. ] . Осы мақсатпен кейде «Сенен болашақта жақсы адам шығады», «Мен сенің ұлы адам болатыныңа сенемін» - деген жылы сөздерді жиі-жиі пайдаланып отырсақ, әрбір оқушы бойында жауапкершілік қасиеті қалыптасып, өмірге деген қызығушылығы арта түсетіні сөзсіз.

Ғасырдан - ғасырға жалғанып келе жатқан халқымыздың озық тәжірибесі, тәрбиелік мәні зор әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, ауыз әдебиеті, өнері, жас ұрпақтың ұлттық сана-сезімін оятып, қалыптастырады. Осы эстетикалық тәрбие беруге де көп көңіл бөлу керек.

Театр өнері баланың жан-дүниесіне, мінез-кұлқына әсер етіп, рухани кемелденуіне ықпал жасайды. Себебі, сахнада бейнеленген өмір суреттері, қаһармандардың толғанып айтқан сөздері, күй, саз, мұқамдар әрбір көрермендердің жүрегін тебірентіп, терең сезім күйлеріне бөлейді, әрі жақсы арманға жетелейді.

Мұндағы мақсат - жас ұрпақты өнерге баулып, өз қабілеттерін ашып, келешекте өнердің негізін меңгерген, жан-жақты тәрбиелі, мәдениетті, өз халқының өнерін қадірлейтін жастарды жетілдіру. Республикамыз егеменді ел болып отырған қазіргі шақта мектеп оқушыларын елін, жерін, туған халқының тілі мен салт-дәстүрін, ән-жырларын қастерлейтін саналы да, отансүйгіш, парасатты азамат етіп тәрбиелеуде музыка пәнінің алатын орны ерекше. Осыған байланысты музыка өнері отбасында да, мектепте дс, балабақшада да бала тәрбиесінің ең негізгі құралы. Күй, ән, өлең-жыр, тақпақ, жаңылтпаш, ертегі, мақал-мәтел сияқты өнер түрлері халық педагогикасының қайнар көзі. Бүгінгі таңда еліміздің әлемдік білім кеңістігіне енуге бағытталған талпыныстары білім беру мазмұнын жаңарту, оқу үрдісін жетілдіру, әсіресе шәкірттің шығармашылық жұмысын, эстетикалық тәрбиесін дамытатын оқытудың жаңа әдіс - тәсілдері мен түрлерін іздестіруге аса мән беріп отыр. Осыған байланысты зерттеу проблемасы саласында жарық көрген арнайы ғылыми еңбектерге, оқу әдістемелік құралдарға жасалған талдау қазіргі кезеңде бұл мәселенің әдебиеттерде жеткіліксіз қарастырылуы, өзіндік іс-әрекетінің анықтамалық ғылыми негіздемесін жасауда, оқу үрдісінде бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру деңгейі мен қазіргі талаптар жүйесі арасындағы қайшылықтардың болуы диплом жұмысымыздың тақырыбын «Бастауыш сыныпта оқушыларына эстетикалық тәрбие беру» деп таңдауға негіз болды.

Зерттеу нысаны: Бастауыш сыныпта музыка пәнін оқыту үдерісінде эстетикалық тәрбие беру.

Зерттеу пәні : Бастауыш сыныпта музыка пәнін оқыту үдерісі.

Диплом жұмысының мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының музыка сабағында эстетикалық тәрбие беру мәселелерін теориялық және практикалық тұрғыда негіздеп, әдістемелік жағын қарастыру.

Диплом жұмысыныц міндеттері:

1) Бастауыш сыныпты оқыту барысында оқушылардың эстетикалық тәрбиесін қалыптастыруда педагогикалық еңбектерге талдау жүргізіп, теориялық жағынан негіздеу.

2) Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда эстетикалық тәрбие берудің негізгі бағыттары мен ерекшеліктерін қарастыру.

3) Бастауыш сынып оқушыларына музыка пәнін оқытуда эстетикалық тәрбие берудің әдіс-тәсілдерін қолдану.

Зерттеу әдісі: Тақырыпқа байланысты әдебиеттерге, газет-журналдардағы озат тәжірибелерге талдау, сұрыптау жасау.

Диплом жұмысының құрылымы кіріспе, бөлім, қорытынды және пайдаланғаи әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Бастауыш сынып оқушыларын оқыту барысында эстетикалық тәрбие берудің теориялық негізі

1. 1 Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің педагогикалық мәселелері

Эстетикалық тәрбие болмыстағы және өнердегі сұлулық пен әсемдікті дұрыс қабылдауды және эстетикалық сезім мен талғамды тәрбиелейді. Өнер және өмірдегі сұлулықты жасау, оған қатысу қабілетін, қажетсінуін қалыптастырады.

Адамдардың эстетикалық сезімдері олардың өмірінде зор рөл атқарады. Әсемдікті көріп, түсініп, жасай білу адамның рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді, оған ең жоғары рухани ләззаттануға мүмкіндік береді. Адамның әсемдікті және жексұрындықты, сәулеттілік және ұждансыздықты, қуаныш пен қайғыны түсіне білуіне байланысты, оның саналы тәртібі мен мінез-құлқы айқындалады. Осыдан келіп адамның әсемдікке шынайы көзқарастары мен мұраттары болуы керек екендігі шығады.

Ең бастысы - адамгершілік сезімді, жеке бастың рухани деңгейін көтеру, мінез-құлқын толықтыру, түзету. Егер оқушы өзін жаман әдеттен алшақ ұстап, іс-әрекетінің әдемілігін, қажеттілігін түсініп, еңбек нәтижесінен көркемдікті сезіне білсе, бұл оның эститикалық талғамының, адамгершілік қасиеттерінің жоғары жетіле бастағаңын көрсетеді.

Материалистік эстетика - эстетикалық, тәрбиенің методологиялық негізі болып табылады. Ол өмір мен өнердегі эстетиканың мәнін ашады, адамның ортаны эстетикалық тұрғыдан меңгеруіне деген принциптерді зерттейді, көркем шығармашылық заңдарын тексереді.

Ал, тәрбиенің теориясы болса, эстетикалық сезімнің, талғамның идеялық қалыптасу процесін зерттейді. Материалистік эстетика - болмыста жүзеге асатын нақты сұлулықты нығайта отырып, адамды ойдан шығарған сәулетті арман, қиял әлеміне алып кетпейді. Керісінше өнердегі әдемілік, болмыста әдеміліктің сәулесі деп мәлімдейді.

Эстетикалық тәрбиенің мақсаты - жеке адамның эстетикалық мәдениетін дамыту. Оның негізгі компонентері:

  • Эстетикалық қабылдау.
  • Эстетикалық сезім.
  • Эстетикалық талғам.

Эстетикалық қабылдау деп - әсемдікті қабылдау процесін айтады, мұның нәтижесі эстетиталық әсерлену, эмоция болып табылады. Табиғат, өнер, адам жасаған заттар, адамның сыртқы кейпі, рухани дүниесі, тұрмыс-салты, әрекеттері мен қылықтары, адамның өзі де эстетикалық қабылдаудың объектісі бола алады.

Сезім байлығы - адамның рухани өмірін жоғары да әр тарапты дамытудың қажетті шарты. Адам рухани жағынан бай болып, әсемдікті көре біліп, одан ләззат ала білуге тиісті.

Эстетикалық талғам - әсемдікті дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу. Эстетикалық талғам немесе көркемдік талғам әрбір адам өзі жасайтын белгілі бір эстетикалың мұратты бейнелейді.

Эстетикальщ мұрат дегеніміз - адамдардың көксеп жүрген әсемдік жөніндегі түсінігі. Адамның жетем-ау деген арманы, өмірде сол бойынша құрғысы келетін нәрсесі.

Эстетикалың сезімдерді, мұрат, талғамдарды бағалауды тәрбиелеу білімді меңгеріп алумен бірге, дүниеге көзқарасты қалыптастырудың маңызды құралы болып табылады.

Эстетикалық тәрбиенің мақсаты - оқушының бойында көркем эстетикалық мәдениетті қалыптастыру, оны жоспарлы және мақсатты - түрде сіңіру болып табылады.

Эстетикалың тәрбиенің міндеттері:

• Бейнелеу өңері арқылы көркем шығармашылық сезімін, талғамын дамыту.

  • Эстетикалық құралдарды: өнер, әдебиеттерді, қолдана білу дағдысын қалыптастыру.
  • Эстетикалық сезімді және эстетикалық қабылдауды тәр-биелеу.
  • Оқушыларды әсемдікті көре біліп, сезінуге тәрбиелеу.

Қазақ халқында көшпенділік өмір жағдайына байланысты табиғи өзгерістерге өте нәзік байқағыштық тән. Кең далада қозғалыс бағытын дұрыс табу, жайылымдардың күйін анықтау, ауа райының өзгерісін алдын ала болжау, өсімдіктердің атын өте дәл тауып қою, т. с. с. Халықтың эстетикалық тәрбие жүйесінде лирикалық, үйелмендік, тұрмыстық, әдет-ғұрыптық, еңбектік және т. б. әндер мен өлеңдер ерекше орын алады. Бұлар да эстетикалық тәрбиенің құралдары ретінде қызмет етті. Халқымыздың әндері жанры және тақырыбы жағынан бай. Халқымыздың тұрмысына енген қолданбалы қолөнер бұйымдары, олардың әшекейленіп жасалуы эстетикалық тәрбиеде өз алдына бір сала. Ағаш, тері, металл өңдеудегі өнері әлемге әйгілі. Эстетикалық тәрбиеде халың ауыз әдебиетінің маңызы зор. Оның мазмұны халқымыздың бүкіл өмір тәжірибесін қамти отырып, жас үрпақ санасын, әсемдік сезімін, талғамын дамытады.

Салт-дәстүр дегеніміз - халықтардың кәсібіне, сенім нанымына, тіршілігіне байланысты қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын қоғамдық құбылыс. Ол отбасылық тәрбиеде қалыптасады. Салт-дәстүр халықтың белгілі бір әдет-ғұрыптарымен байланысты туады.

Тәрбие отбасынан басталады дегендей, балаға имандылық, инабаттылық, ар, ождан уағызы, қоршаған орта, табиғат сырына жастайынан тәнті ету тәрбиеден туатын үрдіс. Ананың сөзі - ақылдың көзі деп қарау, атаның өнегелі ісін мұра түту, оның жолын қуу, ән мен күйді, жыр мен термені рухани азық ету, зергерлік, шеберлік, ұсталық өнерді үйрену, ананың әлдиі, әженің бесік жыры - бәрі тәрбиенің тарғылымдары.

Эстетикалық тәрбиеде халықауыз әдебиетінің маңызы зор. Оның мазмұны халқымыздың бүкіл өмір тәжірибесін-қамти отырып, жас ұрпақтың санасын, әсемдік сезімін, талғамын дамытуда рөлі ерекше.

Эстетикалық тәрбие беру жүйесінде ұлттық өнердің орны
ерекше:

  • Лирикалық, үйелмендік, тұрмыстық, әдет-ғұрыптың, еңбектік және т. б. әндер мен өлеңдер.
  • Музыкалық аспаптар: домбыра, шертер, асатаяқ, шаңқобыз, мүйіз сырнай, жетіген, үскірік, т. б.
  • Қолданбалы қолөнер бұйымдары: ағаш, тері, металл өңдеуөнері.
  • Ауыз әдебиеті.

Олар жас ұрпақтың бос уақытында эстетикалық тәрбие беру ісіне қызмет етті.

Оқушылардың эстетикалық тәрбиесі оқу-тәрбие процесінде іске асырылады. Эстетикалық білімнің негізі - оқу пәндері. Мектеп оқушылары әр түрлі пәндерді оқудың нәтижесінде табиғаттың, еңбектің сұлулығын және адам іс-әрекетінің әдемілігін бағалай білуді түсінеді:

Ана тілі - мәдениетті сөйлеу, көркемдік танымын қалыптастырып, қиялын дамытады.

Музыка - сезімдерін дамытып, музыкалық мұратын қалыптастырады.

География - оқушылардың эстетикалық дүниетанымын дамытады.

Бейнелеу өнері - кескіндеме, мүсін, графика, әсемдікті жасау қабілетін дамытады.

Әдебиет, тарих - шығармашылық қабілетін дамытады.

Химия, физика - табиғи құбылыстар жөнінде түсінік алады.

Музыка сабақтары өте әсерлі сезімдерді оятып, музыка мұраттарын қалыптастырып, бала тәртібіне ықпал етеді. Музыканы тыңдау, ән салу балалар үшін өнегелік-әсемдік мәні бар, себебі көтеріңкі көңіл, ержүректік сезімдерден ортақ әсер алу оларды рухани өрлеу үстінде біріктіреді және топтастырады. Сондықтан саналы тәртіп пен мінез-құлықтықты тәрбиелеу үшін музыка пәні бағдарламасында халық әндерін игеруге үлкен мән
берілген. Музыка пәнінің-бағдарламасында, ән салу және жазылып алынған музыкалық шығармаларды тыңдау негізінде оқушылардың есту қабілетін дамытуды көздейді.

Сурет-1

Оқушылардың эстетикалық тәрбиесі сыныптан тыс тәрбие процесінде іске асырылады.

Әдебиет, музыка, хореография, бейнелеу өнері, т. б. шығармашылық үйірмелер ұйымдастыру. Балалардың шығармашылық жұмыстарының басты формаларының бірі -көрмелер, сайыстар.

Сыныптан тыс эстетикалық жұмыстың барлық түрлері оқушылардың еріктік, қызығушылық, бейімділік принциптері негізінде іске асырылады [8, 202 - 207 б. ] .

Тәрбие ісі әрбір нақты кезеңнің өзіне тән ерекшеліктерін сақтай отырып, болашақтың ерекшеліктеріне бағдар ұстайды, соған әзірлейді. Ал одан әрі баланың бұдан бұрынғы кезеңдерде жинақтаған өмірлік тәжірибесін белсенді түрде пайдаланады. Өскелең ұрпақтың туған жерге деген сүйіспеншілілгін оятып, қоршаған ортаға деген адами ізгілікті көзқарасын калыптастыру, сөйтіп табиғатпеи үндестікте ғұмыр кешу салтын қалау - бүгінгі күннің басты мәселелерінің бірі. Бала тәрбиесіне әрбір ұлт үлкен жауапкершілікпен қараған. Бұл жөнінде Н. К. Крупская балаға деген бауырмалдылық, жылы жүректілік шығыс халқына тән қасиет екенін айта келіп: «Балаға деген сүйіспеншілікті өзге ұлттар қазақ халқынан үйренсін» - деп өте орынды айтқан [9, 8 б. ] .

Қазіргі кезде эстетикалық көзқарастарды тәрбиелеу - тәрбие барысының зейін салуды, күн санап өсіруді талап ететін мәселесі. Біздің қоғам адамына тек қана өнердің емес, еңбек, қоғамдық қатынастар, қоршаған орта, тәртіп, тұрмыс, табиғаттың да әсемдік жақтары ықпал етеді. Эстетикалық көзқарастар адамның шындыққа қатынасын анықтайды. Бүгін алдымыздағы бала ертеңгі ұлтымыздың зор үмітін ақтар азамат. Сондықтан бала тәрбиесіне әрбір отбасы, қоғам жауапты. Бұл негізде орыс педагогы А. С. Макаренко былай деді: «Біздің балаларымыз - еліміздің азаматы. Олар тарихты жасайды. Балалар дұрыс тәрбиеленіп өссе, біздің бақытымыз» [10, 161-166 б. ] . Сонымен эстетикалық тәрбие табиғаты, өнердегі, еңбектегі, өмірдегі ең жақсыны қабылдау, одан ләззат алу.

Музыка сабақтары өте әсерлі сезімдерді оятып, музыка мұраттарын қалыптастырып, бала тәртібіне ықпал етеді. Музыканы тыңдау, ән салу баллаар үшін өнегелік-әсемдік мәні бар, себебі көтеріңкі көңіл, ержүректік сезімдерден ортақ әсер алу оларды рухани өрлеу үстінде біріктіреді және топтастырады. Сондықтан саналы тәртіп пен мінез-құлықтық тәрбиені күшейту үшін музыка пәні бағдарламасында халық әндерін игеру үлкен мән берілген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кіші мектеп оқушыларының экологиялық тәрбиесін оқытудың әдіс-тәсілдері
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Бастауыш мектептерде жаратылыстану пәндері арқылы экологиялық білім беру
Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің педагогикалық мәселелері
Кіші мектеп оқушыларында экологиялық тәрбие қалыптастырудың жолдары
Бейнелеу өнерінен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдістері
Музыка – эстетикалық тәрбие көзі
Оқушыларға экологиялық тәрбие беру
Биологияны оқытудағы тәрбие элементтері
Экология және экологиялық тәрбие жайлы ұғым
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz