Банкроттық – нарықтық экономика жағдайында объективті экономикалық құбылыс


Жоспар:
Кіріспе . . . 3
1. Банкроттың түсінігі . . . 4
2. Кәсіпорын қызметінің тоқтауы (банкротқа ұшырау) . . . 5
3. Банкрот жүйесінің мақсаты мен пршщиптері . . . 6
Қорытынды . . . 12
Пайдаланған әдебиеттер . . . 14
Кіріспе.
Банкроттық - борышқордың сот таныған төлем қабілетсіздігі. Борышқордың мүлкін басқару сот қаулысы бойынша несие - берушінің мүддесін көздей отырып жүзеге асырылады. Ерікті банкроттық несие берушілердің сотқа арыздануына байланысты пайда болады. Банкроттық туралы заңда несие берушілердің жағдайын жеңілдететін баптар бар.
Нарықтық шаруашылықтың бірден-бір категорияларының бірі банкроттық болып табылады - сот шешімімен қабылданады немесе кредиторлармен келісім бойынша соттан тыс жағдайда қарызданушының төлеу қабілетінің жоқтығы ресми жария етілген.
Қ. Р-ның 07. 04. 95ж №2173 «Банкроттық туралы» заңына сәйкес төлем үшін қабілетсіз деп, «қарызданушының ақшалай міндеттемелері бойынша өздеіне тиісті мүліктермен қарыз берушілердің талаптарын қанағаттандыра алмауы, соның ішінде жалақыны төлеу туралы талаптар, сонымен қатар міндетті бюджеттік төлемдер мен бюджеттен тыс қорларға төлемдерді, қамтамасыз ете алмауы». Басқа сөзбен айтқанда шаруашылық жүргізуші субектінің төлем үшін қабілетсіздігі деп оның ағымдық операциалық іс-әрекетін қаржыландыра алмауы және қарызданушының мүліктік міндеттерінің жоғарылауымен байланысты немесе қарызданушының баланстық құрылымының байланысты жедел міндеттемелерді өтей алмайтындығы түсіндіріледі.
Баланстың қанағаттандырылмаған құрылымы - мүліктің және қарызданушының міндеттерінің мұндай жағдай қарызданушының мүлкінің ликвидтілік дәредесінің жеткіліксіздігімен байланысты қарыз берушілер алдындағы міндеттемелерін орындай алмауы кезінде орнайды. Бірақ мүліктің жалпы құны қарызданушының міндеттемелерінің жалпы соммасына тең немесе одан асып тұруы мүмкін.
Банкроттық кәсіпорындардың шаруашылық механизмінің қайта өндіру капиталының дұрыс ұйымдастырылмағандығы, оның тиімсіз бағалық инвестициялық және қаржының саясаттарының нәтижесі болып табылады.
1. Банкроттың түсінігі
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері үшін жауапкершілік принйипі жоғалтушылар пайда болған жағдайда тауарлар (қызмет, жұмыс) үшін ақы төлеу бойынша кредиттардың талаптарын орындай алмау және өндіріс процестерін қаржыландыра алмау жағдайында жүзеге асырылады, яғни кәсіпорынның банкроттық жағдайы келген кезде.
Экономикалық банкроттық - бұл қарызданушылық заңға сәйкес жарияланған және шаруашылық сотпен қабылданған кәсіпорынның толық ұжымдық қорытындысы.
Банкроттық кәсіпорын өз міндеттемелері бойынша төлем жүргізу үшін ақшының болмауы.
Банкроттық нарық қатынастарымен түсіндіріледі, бұлар әрдайым жоғалту тәуекелділігін және алға қойған мақсаттардың айқынсыздығымен байланысты болады.
Тәуекелдік жағдайлар шаруашылық процесінің сатысында пайда болуы мүмкін: матрицалармен шыкізаттарды сатып алу мен жеткізіп беруден өндіру мен дайын өнім сатуға дейін . Олардың себептері мыналар болуы мүмкін: Тұтынушылардың төлем қабілеттілігі, әр түрлі себептермен байланысты сапасыз өнімдер өндіру, басқарушы персоналдың дұрыс қызмет етпеуі т. б.
Мұндай жоғалтушылар капитал табыстың төмендеуіне кредиттің қаржыландырылмай қоюына алып келеді. Бұл жағдайда кәсіпорын тек қана процентті емес, сонымен қатар негізгі қарызды төлеуі қажет болады. Қолма-қол төлеу құралдарының болмаған жағдайында активтерді линвидтеу проблемасы туындайды. Мұндай жағдайда технологиялық төлеу қабілеттігі деп аталадыы. Осы кездің өзінде кредиттер кәсіпорынды банкрот деп жариялау үшін сотқа жүгінуі мүмкін. Банкроттардың негізгі мағынасы мынада: яғни шаруашылық айналымынан төлем қабілеттілігісіз кәсіпорынды шығарып тастау. Себебі бір кәсіпорын экономикалық төлем қабілеттіліг оның контрагентті болып табылуынан басқа да шаруашылық суъектілерінің қаржылық жағдайына әсер етуі мүмкін, ал банкрот деп жариялау шаруашылық субъектілерінің өз істерін жақсартуға және қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізіге мүмкіндік береді.
Банкроттық процедурасынсыз экономика икемді болуы мүмкін емес. Тек эконмикалық жауапкершілік шаруашылық субъектілерді тиімді қызмет етуге мәжбүрлейді. Басқаш жағдайда қаржы, еңбек және материалдық ресурстар нарық инфрақұрылымы арқылы тиімсіздікке тиімді жұмыс істеп жатқан кәсіпорындар қорына өтеді. Экономикалық процестерді реттеудегі нарық механизмдерінің қатайдығы осыдан көрінеді. Осылайша, кәсіпорынның банкроттығы мен белгілі дейгейдегі жұмыссыздық өндірістік шаруашылық қызметтің нәтижелеріне төлем сияқты болып табылады. Бәсекеге қабілетсіз тауар мен қызметтер нарықта өзінің орнын таба алмаған кәсіпорын өз әрекетін тоқтатуы тиіс, себебі өзінің орнына бәсекеге қабілетті жаңа кәсіпорындардың құрылуына мүмкіндік беруі қажет. Банкроттық процедуралары мемлекеттің араласуымен жүргізіледі. Оның міндеті бұл процедураның қоғам үшін зиянсыз ету, алаида тиімсіз кәсіпорындардың табиғй банкроттық процесін қолдан дотация механйзмі арқылы ұстап тұрмауы қажет. Мұндай жағдайда кәсіпорындарды қайта қалыптастыру және жалпы экономиканы тұрақтандыру мүмкіндігінен айырыламыз.
Әлемдік тәжірибеде банкроттың процедурасы кредиторлардың (кәсіпорындардың қарыз заңды және жеке тұлға) банкрот кәсіпорындарды қайта құруға және жоюға қол жеткізумен тұрды. Меншік иелері банкрот кәсіпорындарының меншік құқығынан айырылады, ал шақырылатын кредиторлар жиналысы кәсіпорындардың тағдырын шешеді. Бұл жерде екі нұсқа қолданылуы мүмкін.
- кәсіпорынды жою.
- қайта құру.
Кәсіпорындарды жойған жағдайда меншік құқығы сотпен уәкілденген тұлғаға (органға) беріледі - жоюшыға оның міндеті кредиторлар талаптарын қанағаттандыру мақсатында жалпы кәсіпорындарды немесе оның бөлімдерін сатудан тұрады.
Тәжірибеде мынадай жағдайлар болады, кәсіпорындардың мүлкінің нарықтық құны кредитор жойылатын кәсіпорынға салған құралдарын өтей алмауы мүмкін. Бұл кезде кредитор өз тәуекелімен кәсіп орындарды қайта құруы мүмкін, яғни жұмысын жаңартуы, бірақ басқару аппараты ауысқаннан және емдеу шаралары жүргізілгеннен соң қызмет ете алмайтынын кәсіп орындарды жоюдың артықшылығымен кемшіліктері бар:
Банкроттық кемшіліктеріне келесілерді жатқызуға болады:
- Жойылатын кәсіпорындардың жұмысының өз жұмыс орындарын жоғалтуы;
- Кредитормен ( банк, инвестициялық компания, қорлар мемлекеттік бюджет және т. б. ) , банкротқа ұшыраған кәсіпорынға ауқымды қаржыдан айрылу;
- Жоюшылардың кейбір мүліктерге сатып алушылар таппағандығына байланысты кейбір мүліктердің тұрып қалуы.
Банкроттық артықшылықтары келесілер болып табылады.
- Бәсекеге қабілетсіз кәсіпорынға тартылған ресурстарды босату;
- Квалификацияның өсуін қамтамасыз ететін менеджерлер персоналының дамуы;
- Инвестициялық ұйымдардың тәжірибе алуы және тиімді инвестициялық қалыптасуы және т. б.
2. Кәсіпорын қызметінің тоқтауы (банкротқа ұшырау)
Банкроттық - борышқордың сот таныған төлем қабілетсіздігі. Борышқордың мүлкін басқару сот қаулысы бойынша несие - берушінің мүддесін көздей отырып жүзеге асырылады. Ерікті банкроттық несие берушілердің сотқа арыздануына байланысты пайда болады. Банкроттық туралы заңда несие берушілердің жағдайын жеңілдететін баптар бар. Қолданылу мерзімі біткен облигацияларды сатып алуға қабілетсіз корпорациялардың бұрынғы басқарушылар басшылығымен немесе қамқоршылар бақылауымен кайтадан ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуіне, қарыз мөлшерін азайтуына немесе нысанын өзгертуіне рұқсат етіледі. Борышқорларға өзіне несие берушілер заң негізінде келісім жасау және қарызды төлеу уақытын ұзарту мүмкіндігі беріледі. Шығынды (пайда келтірмейтін) кәсіпорындардың өнімі мемлекеттік жоспарға енгізіледі, сөйтіп ондай кәсіпорын жоспарлы-шығынды кәсіпорын деп аталынады. Оның шығынының орны мемлекеттік дотация (жәрдемақы) есебінен толтырылады. Кәсіпорынның шығынға ұшырауын, әрдайым бірдей нашар жұмыс істеудің немесе төмен сапалы өнім шығарудың нәтижесі деуге болмайды. Әдетте, ол енгізілетін өндіріс жоспарына жоғарыдан тауарлардың мемлекеттік бағасының төмен деңгейде болуынан туындайды.
Алайда нарықтық экономикаға көшуге байланысты экономикалык жағдай күрт өзгеруде:
- банкроттық- шаруашылық өмірінің обьективтік немесе субьективтік себептерінен туындайтын белгілі бір табиғи құбылысқа айналып келеді;
- мемлекеттік дотациялар елеулі түрде тарылуда, бага неғұрлым икемді бола түсіп, сүраным мен үсынымды айқынырақ көрсетуде. Сондықтан тиімсіз жұмыс істейтін кәсіпорынның банкротқа ұшырауы мүмкін, оны тиісті өкілеттік орган куәландырады. Ондай кәсіпорындардың мүлкі қосымша қаражат табу үшін басқа кәсіпорынға (ұйымға) сатылуы, жалға берілуі немесе акционерлік меншікке өткізілуі мүмкін.
3. Банкрот жүйесінің мақсаты мен принциптері
Кез-келген кәсіпорын қызметтері көлемінің өсу шегі болады, осыған орай әрбір процесс экономикалық өсуді ынталандырушы немесе тоқтатушы рөлін атқаруы мүмкін.
Американдық зерттеушілер құлдырау мен өрлеудің, дағдарыс пен банкроттың пайда болуының белгілі заңдылықтарын анықтап берді:
• біріншіден, кәсіпорынның өмірлік циклының барлық сатысында кезендік дағдарыстың пайда болуы;
• екіншіден, шағын және орта бизнес фирмаларына тән құлдырау немесе өрлеу циклдарының математикалык әдіспен анықталған ұзақтылығы.
Мәселен, американ фирмаларының өрлеу фазасы орта есеппен 3 жылға (1 жылдан 7, 7 жылға дейін), ал кұлау фазасы - 2, 8 жылға (1 жылдан 4 жылға дейін) созылады.
Батыс елдерінің экономикалык дамуының негізі болып табылатын нарықтық экономика белгілі бір бақылау жүйесін, кәсіпорындарды мүмкіндіктеріне карай толығымен ойсыраудан қорғау, банкротқа ұшыраған шаруашылық субьектілеріне көмектесу жүйесін жасап шығарады.
1-схема. Кәсіпорынның қаржы тұрақсыздығының (банкротка ұшырау) жүйесі
1-сехемада келтіріліп отырған банкрот жүйесі қандай да бір мемлекет болмасын қолдануға болатын тиісінше салдардан ұйымдық және әдістемелік құрылымдардан тұрады.
Бұл жүйенің негізгі мәні - өндіріс құрылымын нарық қалыптастырып отырған төлем сұранымын канағаттандыруға бейімдеу қажеттілігі.
Банкрот жүйесін құру және оны нақтылы іске асырудың түпкі мақсаты - тауар өндіруші және қызмет көрсетуші құрылымдардың тиімді жұмыс істеулерінің жағдайында ел тұрғындарының нарықтық сұранымдарына сәйкес халық шаруашылығын құрылымдық жағынан қайта құру. Бұған әлемдік экономиканың жетістіктері көрсеткендей, келесі принциптерді сақтағанда ғана қол жеткізеді:
- кәсіпорынның банкроттық жағдайында барлық шаруашылық субьектілері үшін өзара қарым-қатынастың коммерциялық жүйесін, қүқықтары мен міндеттерін бірыңғай тұрақты және сенімді орналастыру;
- борышқорға өзінің қызметін жаңадан бастау міндеттерін орындап шығуына мүмкіндік беру;
- банкрот және экономикалық құлдырау кезінде қауіпсіздік шараларын ойластыру;
- бизнесті қайта түлетудің жүйесін жасап шығару;
- борышқор кәсіпорынға өзінің міндеттерін орындауда қаржылық реттеу тетігін ұсыну, оларды бизнесті тоқтатпай түрып-ақ жақсарту;
- адал және сенімді әріптестердің (серік) жұмыстарын ынталандыру үшін коммерциялық және құқықтық жүйелер құру;
- қаржыға байланысты дауларды шешуде әдістемелік процедураны калыптастыру;
- банкротқа ұшыраған кәсіпорынды тарату кезінде банкрот жүйесіне қатысушылардың барлығының (несие беруші, қызметкерлер) мүддесін сенімді қорғау;
- борышқордың активтерін әділетті түрде бөлуге жағдай жасау.
Міне, осы айтылғандар банкрот жүйесінің келесі жылдары тұрақтанып, борышқор кәсіпорын нарық талаптарына бейімделіп кетулері мүмкін. Демек, кәсіпорындарды сақтап қалуға бағытталған атқарымдық принциптерінің қысқаша мазмұны осындай болып табылады. (схема 2)
Банкротқа ұшыраушының әр алуан қоғамдық институттар, партия және басқа да түрлі қозғалыс мүшелері арасында әр түрлі пікір таласын туғызуда. Олардың бірқатары экономикалық реформа кезіндегі тоқырау жолдарында кездескен киыншылықтарды желеу қылып, банкроттық процедураның пайдасын жоққа шығаруға тырысады. Алайда, банкротқа үшыраудың жоғарыда көрсетілген мақсаттары мен принциптері банкроттық жүйені обьективті позиция тұрғысынан бағалауға мүмкіндік береді. Бұлай деуімізге мына төмендегі себептер дәлел бола алады:
• біріншіден, мемлекеттік кәсіпорындардың көп бөлігі, шын мәнінде, ұзақ жылдар бойы жасырын банкрот жағдайында өмір сүріп жатты, мәселен: жалақының аз мөлшері, қысқартылған жұмыс күні мен жұмыс аптасының орын алып жатқаны. Ауыл шаруашылығы болса, мұндағы шаруашылықтың басым нысаны - совхоздардың басым көпшілігі мемлекеттің колдауында болды, дотациямен күй кешті.
• екіншіден, көптеген жеке кәсіпорындар банкроттық мәртебені қабылдамайды, демек, олар қызметтерін өз еркімен тоқтатады, оны қайта бастамайды.
Міне, осындай жағдайда банкрот жуйесін пайдалану тиімсіз де емес, өйткені банкротқа ұшырау жағдайды жақсарту жолдарын ойластыруға мүмкіндік туғызады. Демек, жағдайды жақсартуға бағытталған банкроттық процедура барлық қатысушылар үшін болмаса да, олардың көпшілігі үшін тиімді.
Шын мәнінде, кәсіпкер (оның ішінде мемлекет те) өз ісінің нығайуына мүмкіндік алады, алдына қойған мақсаты мен міндеттерін орындай алмағанына орай жетекшілікті өзгертеді, ал бұл өз кезегінде:
• оңды техникалық;
• маркетингтік және кадр саясатын жүргізуге;
• өндірісті дамытуға қажетті инвестициялар тартуға тиісті жағдай туғызады.
Несие беруші болса, ол өзінің ақшасын сақтап қалуға, ал коғам - экономиканың нарыққа бейімделген қүрылымын қалыптастыруға мүмкіндік алады. Бұл тұрғындарға да тиімді. Олар тұтынуға қажетті тауарлармен қамтамасыз етілсе, бизнес өкілдері тиімді және керекті істермен шұғылданады.
Әлеуметтік қорғау жүйесі :
- жұмыстан босап калған еңбекке жарамды адамдарға тиісті жағдай жасау қажеттілігін;
- жұмыссыздығы бойынша жәрдемақымен қамтамасыз етуге;
- олардың біліктілігін көтеру үшін кайта оқыту жұмыстарын ұйымдастыруды алдын-ала ескерулері қажет.
Банкрот жүйесінің құрамды бөлігі:
• кәсіпорынның қаржылық жағдайын болжамдау:
• дағдарыстың алдын алу және бақылау.
Дағдарыс жағдайын болжамдау бірнеше кезеңдерден тұрады:
• кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау;
- нарықтық катынастардың даму бағытын болжау;
- дағдарыстың себептері мен негізгі факторларын дер кезінде таба білу.
Кәсіпорын қызметінің табыстары мен сәтсіздіктері:
- сыртқы, бұларға кәсіпорын әсер ете алмайды;
- ішкі, бұлар кәсіпорын қызметкерлерінің ұйымдастыру жұмыстарын жүргізудегі қабілеттеріне байланысты факторларға тікелей байланысты.
Сыртқы (әлеуметтік) және ішкі (технологиялық) факторлардың өзгерулеріне қарай бейімделу, оларды шеберлікпен ұштастыра жүргізіп отыру кәсіпорынның тұрақты жұмыс істеуінің, өркендеп өсуінің бірден-бір кепілі (3-схема) .
Кәсіпорын қызметіне әсер ететін сыртқы факторларға мыналар жатады:
- халық қажеттілігінін өлшемі мен құрылымы;
- халықтың табыстары мен жинақтарының деңгейі, яғни оның сатып алу қабілеттілігі (бұған баға деңгейі және тұтыну несиесін алу мүмкіндіктері де кіреді) ;
Саяси тұрақтылық және ішкі саясаттағы бағыттар;
- ғылым мен техниканың тауар өндіру процесі мен оның бәсеке қабілеттілігін анықтайтын бағыттарын дамыту;
- мәдениет деңгейі, яғни тұтыну нормасы мен дағдылары;
- халықаралық бәсеке, мәселен, шетел фирмалары бір кездерде арзан еңбектің есебімен жеңіске жетсе, ал басқалары - жетілген технология негізінде.
Кәсіпорын басшылары өз мекемелерінің қаржылық жағдайына:
• ел экономикасының даму барысы;
• инфляция;
• кенеттен жаңа бәсекелестердің пайда болуы;
• мемлекеттік реттеу жұмыстарындағы келеңсіздіктер;
• мемлекеттік тапсырыстың күрт төмендеп кетуінің де әсер ететінін үнемі ескеріп отырулары қажет.
Кәсіпорынның дамуып анықтайтын және оның қызметінің нәтижелі болуының ішкі факторлары мынадай:
- кәсіпорынның негізгі мақсаты;
- оның қызметінің негізгі принциптері;
- ресурстар және оны пайдалану;
- маркетинг қызметін пайдаланудың деңгейі және оның сапасы.
Ішкі факторлардың маңызы жөнінде мынаны айтуға болады. Мәселен, американдык кәсіпорындардың 90%-ға дейінгісінің жұмыстарындағы сәтсіздік, міне, осы:
- тәжірибесіз менеджерлерге;
- істі жете білмейтін басшылыққа;
- олардың кәсіпорын жұмысын өзгеріп отыруына сәйкес ұйымдастыра алмағандықтарына байланысты екенін, елде жүргізілген зерттеу жұмыстары көрсеткен.
Кәсіпорын дағдарысының бұлардан басқа да ішкі себептері бар. Олар:
- жұмысты нарық талабына сай ұйымдастыра алмағандық, осыған байланысты кәсіпорынның көптеген орынсыз шыгынға ұшырауы;
- өндірілген тауардың бәсекеге кабілеттілігінің төмендеп кетуі;
- тауарлы өнім түр-түрінің дер кезінде жаңартылмауы;
- басқару қүрылымдарының үйлесімсіздігінен өнім өндіру мен дайын тауарды сатудағы шығындар деңгейінің тез көтеріліп кетуі;
- штаттың өсуі;
- қымбат бағалы технология, кұрал және басқа да еңбек заттарын шектен тыс пайдалану;
- өндірістің және кәсіпорынның жалпы мәдени деңгейінің төмендеуі;
- кадрлардыңбіліктілігі;
- өндірістің техникалық деңгейі;
- ұжым қызметкерлерінің өзара қарым-қатынастары;
- олардың нәтижелі жұмысқа сеніммен және ынталы түрде ұмтылуы және т. б.
Батыс елдері мамандарының пікірінше, классикалық нарықтық экономикада, банкротқа үшырау себептерінің барлық кәсіпорындардың сыртқы факторлары үштен бір бөлігін, ал ішкі факторлар үштен екі бөлігін құрайды екен.
Қорытынды
Кәсіпорындардың арасындағы бәсекеге төзімділері, өнімділігі жоғары сонымен қатар салықтарды дер кезінде төлей алатындары қалып, төлем қабілеті төмендері өндірістен алшақтап, банкротқа ұшырап отырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz