Бастауыш мектепте қазақ тілі сабағын оқыту кезеңінде дарынды балалармен жұмыс жүргізудің мәселелерін жан-жақты анықтау


Мазмұны
Кіріспе 2-5
І тарау. Бастауыш мектептегі дарынды балаларды оқыту барысында жүргізілетін жұмыстардың теориялық негіздері.
1. 1. Бастауыш сыныптардағы дарынды балаларды оқытудағы педагогикалық-психологиялық зерттеулер. 6-10
1. 2. Бастауыш сыныптарда дарынды балаларды оқытуда мұғалімге қойылатын талаптар. 11-15
ІІ тарау. Кіші мектеп жасындағы дарынды балаларға қазақ тілінен білім беруді ұйымдастырудың әдістемелік негіздері.
2. 1 Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту барысында дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың ерекшеліктері. 16-28
2. 2. Қазақ тілі сабағын оқытуда кіші мектеп жасындағы дарынды балалармен жұмыс жүргізудің әдіс-тәсілдері. (4 сынып) 29-35
Қорытынды. 37-40
Сабақ үлгілері 40-42
Қосымшалар. 43
Пайдаланылған әдебиетер 44
Кіріспе
Болашақтың бүгінгіден нұрлы болуна ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп-өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты.
Егеменді еліміз тәуелсіз мемлекет мәртебесін алып, қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған арманы іске асу барысында, осы тұста өз жеткіншегін жан-жақты жетілген, парасатты азамат етіп тәрбиелеу, тиісті мамандық беру кез-келген мемлекеттің естен шығармайтын негізгі мақсаттарының бірі. Қазіргі кезде орын алып отырған қиыншылықтарды, келеңсіздіктерді жеңетін де, жаңаша жол табатын да, нарықтық қатынастардың дұрыс бағытын анықтыйтын да тек іскер, білгір мамандар болатындығына дау жоқ.
Ел Президентінің Қазақстан халқына «Қазақстан-2030» жолдауында: «Біздің жас мемлекетіміз өсіп жетіліп кемелденеді, біздің балаларымызбен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі, білім өресі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады»-деген сенімі жай айтылған сөз емес. Бүгініг күн талабына орай білім беру мазмұны, мақсаты қайта қаралып, түбегейлі жаңартылуы тиіс. Еліміздің болашағы көркейтіліп, өркениетті елдер қатарына қосылу бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Осыдан барып жас ұрпаққа ғылыми негізде білім беру, қабілеттерін ашу міндеті туындайды. Яғни білім мазмұнын жаңарту, үздіксіз білім беру жүйесін дамыту-өмірдің өзі талап етіп отырған бүгінгі күннің обьективті заңдылығы.
Кез келген елдің болашағы білім беру жүйесінің және зиялылар қауымының деңгейіне байланысты болғандықтан, Қазақстан халқына да әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде білім беру қажеттілігі тудырмайды.
Білім мазмұнын жаңартудың ғылыми негізіне бастауыш сынып оқушысын белгілі бір қажетті біліктер мен дағдылардың
иесі, оқу әрекетінің субъектісі, әр түрлі мәдениеттермен өз көзқарасы тұрғысынан диалогқа түсетін автор және жас ерекшелігіне сәйкес өз жасын қалыптастыруға күш жұмсап, еңбектенетін бала деп қарастыратын, осыған орай көп қырлы құрылымды білім- тәрбие мазмұнын анықтап құруға көмектесетін қазіргі заманғы дамыта оқыту идеясы алынады.
«Адам ұрпағымен мың жасайды»-дегендей, ұрпақ тәрбиесі- қай кезеңде де халықтық мәселе болған.
Тарихтан білетініміз:дарындылар, қабілеттілер аса жоғары бағаланған.
Н. Ожеговтың сөздігінде дарындылық «табиғаттан берілетін ерекше қабілет »деп түсіндіріледі. Адами ойлау, ізденімпаздық-
табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйы. Бұл қабілет барлық адам бойынан табылары сөзсіз. Дегенмен, табиғат оны бәріне бірдей етіп бөлмей, біреуге көптеу, біреуге аздау, ал үшіншілеріне мүлдем жарытпай тарататыны да анық.
Көптеген ғалымдар дарындылықты генетикалық нәрсе деп қарастырған. Оны белгілі бір даму сатысының соңғы нәтижесі деп түсіндіреді.
Кезінде Плотонның өзі ақындықты «өнер мен білімнің арқасында емес, құдайдың анықтауы мен кернеген сезімнен» туындайды деген болатын.
Ал, Сократ өзінің ерекше қасиетін түсіндіргенде «маған әрдайым көмекке мейірімді пірім-гений келеді» деген екен.
Дарындылықты немесе ерекше қабілеттілікті балалық шақтан универсалдық тұрғыдан қарастырған жөн. Ал, уақыт өте келе, тұлғаның есеюімен бұл қабілет өзінің арнаулы қырларын көрсетеді, пәндік дәрежеге, мазмұнға ие болады.
Жаңа дәуір табалдырығында тұрған адамзат баласы өзінің даму сатысында интелектуалдық қабілетке барынша иек артуда. Интелектуалдық ақыл-ой иесі дегенде бізт талантты адамдарды айтамыз. Мұндай дарын иелері қоғамның үлкен байлығы және алға жылжытар күші.
Осыған байланысты елімізде дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттар ашылуда. Соның айғағы ретінде Түркістан қаласында ашылған Нұртас Оңдасынов атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатты айтуға болады. Алайда осы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатарымыз оқушыларды 6-7 сыныптан ғана бастап, өздерінің есіктерін айқара ашады. Ал, бастауыш сыныптан бастап тек қана Республикамыздың көлемінде дарынды балаларға арналған тек қана А. Жұбанов және К. Байсейітова атындағы музыкалық мектеп-интернаттарды айтуға болады. Ал ендеше неге осы дарынды балаларға арналған мектептерімізге оқушыларды 1 сыныптан бастап қабылдамасқа. Ол үшін әрине, қала, аудан көлемін аралап, ауыл мектептерінде қабылдау комиссиясын құру арқылы олардың жекелеген пәндерге деген ерекше қабілеттерін есепке алып, оларды жалпы интелектуалдық қабілетін, қызығушылығын айқындап арнайы психологиялық тестілеу, сұрақ-жауап жүргізу арқылы анықтау қажет деп ойлаймыз.
Осыған орай тақырыпты зерттеудегі мақсат: Бастауыш мектепте қазақ тілі сабағын оқыту кезеңінде дарынды балалармен жұмыс жүргізудің мәселелерін жан-жақты анықтап, жолдарын қарастыру.
Міндеті:
1. Қазақ тілі сабақтарында бастауыш мектептегі дарынды балаларды оқытудың теориялық-әдістемелік негізін анықтау, зерттеу.
2. Бастауыш мектепте дарынды балаларға қазақ тілін оқытудың тиімді жолдарын қарастыру.
Зерттеу әдісі:
Кіші мектеп жасындағы дарынды балаларды оқыту мәселесінде ақпарат құралдарына, әдістемелік оқу құралдарында және әдебиеттерде жазылған мақалаларға сараптама жүргізу.
Зерттеу объектісі:
Бастауыш мектепте оқу-тәрбие процесіндегі қазақ тілі сабақтарында дарынды балалармен жұмыс ұйымдастыру.
- Бастауыш сыныптардағы дарынды балаларды оқытудағы педагогикалық-психологиялық зерттеулер.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы » заңында «Әр баланың жеке қабілетіне қарай интелектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын талантын, қабілетін» дамыту сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отыр. Себебі ғылым мен техниканы, өндірісті әлемдік деңгейде дамыту үшін елімізге шығармашылықпен жұмыс жасайтын білімді, жоғары дайындығы бар білікті мамандар қажет.
Жаңа дәуір табалдырығында тұрған адамзат баласы өзінің даму сатысында интелектуалдық қабілетке барынша иек артуда. Интелектуалдық ақыл-ой дегенде біз талантты адамдарды айтамыз. Мұндай дарын иелері қоғамның үлкен байлығы және алға жылжытар күші.
Дарындылық-адам бойындағы тума қасиет деп есептеледі Талантты дарынды балалар жөнінде 1975 жылы дүниежүзілік Кеңес құрылды. Көптеген елдерде дарынды балаларды әлеуметтік, психологиялық жағынан қолдау мақсатында арнайы бағдарламалар жасақталуда.
Өркениетті қоғамда дарынды балаларды бөлектеп оқыту ХХ ғасырдың 50-60 жылдарынан басталып, оқытудың саралап білім беру принцпіне көшкені мәлім. Ол Францияда, Америкада, Германияда, Англияда, Жапонияда т. б. елдердің білім беру жүйесінде қазір жоғары деңгейде жүргізілуде.
Әлемдік тәжірбиеге сүйенсек мектеп жасындағы балалардың 20 пайызы осы топқа жатқызылады екен.
Біз дарынды деп белгілі бір қабілеті көпшіліктің орташа қабілетінен ерекшеленетіндерді айтып жүрміз. Өмір сүретін орта, берілетін тәрбие осы ерекшеліктің одан әрі дамуына көмектеседі немесе оны мүлдем жоқ қылады. Мәселен, саусағынан бал тамған зергердің табиғи алмазды бриллиантқа айналдырғаны сияқты, қолайлы ахуал тамаша кәсіби ұстаздық кез келген ерекше қабілетті оқушыны дарынға айналдыра алады. Міне, осы бір айдай анық мәселе педагогика мен психологияда көптеген қиыншылықтырдан өтіп, өз жлын енді тауып келеді.
Әлбетте, дарындылықтың тұқым қуалайтындығы, ұрпақтан ұрпаққа берілетіндіге сөзсіз. Ендеше Абайдай Ұлы тұлғаны өмірге әкелген Құнанбайды дарын емес деп кім айта алады ?
Канада ғалымы Д. Хебб»генотиптік интеллект» деген ұғымды енгізді. Бұл таза тұқым қуалайтын интеллект сыртқы ортамен қарым-қатынас орната отырып «фенотиптік интеллектіні » құрайды. Соңғысының деңгейі бәрімізге белгілі тест әдісімен анықталады. Д. Хеббтің ойынша ген арқылы берілу мен сыртқы ортаның әсерінің арасындағы қатынас 8:2. Мұнда 8-тұқым қуалаушылық, 2-сыртқы орта. Осыдан ол мынандай қорытындыға келеді: ой-өрісі (интелект) бұл мәдени-әлеуметтік орта мен индивидтің (адамның ) тәжірибені ассимиляциялап (жинақтап) тиімді пайдалана білуінің 80 пайызы генотиптік құрылымға байланысты.
Д. Хеббтің және басқа да гендік дарындылықты жақтаушылардың тұжырымдары практик-ғалымдар мен білім қызметкелері тарапынан қатты сынға алынды. Олардың бірінші қарсылығы «қатып қалған интеллектіні» жоққа шығарудан басталады. Сегіз Бен он алты жас арасындағы сынақтан өткен оқушылардың 50 пайызы ғылымның әр түрлі саласынан әр дәрежеде ой-өріс деңгейін көрсете білген. Сонда 8 жыл ішінде тұрақсыз интеллектуалды дарындылығын танытқан.
Нақты, шүбә келтірмейтін немесе көпшілік мойындаған дарындылық итуралы тұжырымдама болған емес ижәне бұл бағыттан оны жоқ деуге болады. Әйтсе де, бұл жағдай дарындылықты ғылыми тұрғыдан зерттеушілерді көп қиналта қоймайды. Тіпті, кейбіреулері мұны дұрыс заңды нәрсе ретінде қабылдау керектігін алға тартады.
Белгілі ағылшын психологы Г:Айзенк осы мәселе жайындағы көзқарасын былай түйіндейді. Термометрді алғаш ойлап тапқанда ғылымда жылу құбылысы, оның өлшем бірліктері туралы мәлімет өте мардымсыз болды, «түбінде жылулық теориясы термометр және басқа да құралдармен өлшеулер жүргізу арқылы дамыды емес пе». Сөйтіп Айзенк дарындылық туралы түбегйлі, тұрақты қорытынды шығаруға асықпаған жөн деп тұжырымдайды ойын.
ХІХ-ХХ ғасырлар тоғысында ассоциативтік психологияда дарындылық мәселесіне функционалдық көзқарас туындады. А. Бен, В, Вунт, Д. Милль, Г. СпенсерТ. Циген сияқты психологтер ой-өріс дарындылығын диагностикалау үшін бес негізгі функцияны өлшеп, зерттеу керектігін айтады. Олар: ой, зейін, ерік, қабылдау және есте ұстау. Тек ХХ ғасыр басында ғана ғалымдар нағыз дарынды ғылыми қызмет, ғылыми ойлаудан іздеу керектігін айта бастады. Содан әр түрлі, өзара қарама-қайшы шиеленіскен көзқарастарды жүйелей отырып, ғалымдар дарындылықты жалпы және арнаулы деп екіге бөліп қарастыруға көшті. Неміс ғалымы В. Штерн жалпы дарындылық-интьеллектіден өзгеше, оны индивидтік өз ойын жаңа талаптар, мақсаттар мен міндеттерді орындауға саналы түрде бағыттай алатын қабілеті деп түсіндіреді. Арнаулы дарындылық дегеніміз-бұл белгілі юір бағытта ерекше қабілеттер таныта білуі. Мысалы:қолөнер, сурет, ақындық және т. б. сонда көптеген біріне-бірі байланыссыз арнаулы факторлар түбінде ақыл-ой қабілетін, яғни интеллектіні құрайды.
Дегенмен іс-әрекеттің әр алуан саласында ұлы жетістіктерге жету үшін интеллекті емес, психиканың одан да күрделі ерекшеліктері: жаңа, ұшқыр ойлармен идеяларды туындату және қисыны көп, стандартты емес есептердің шешімін таба білу қабілеті болу керек. Мұны психологияда креативтілік деп атайды.
ХХ ғасырдың 50-60 жылдары «креативтілік » ұғымы « интеллект » ұғымының дарындылықты сипаттаудағы монопалистік құқығынан толығымен жоғарыда қарастырылып отырған мәселе бойынша ойымызды қорытындыласақ, «дарындылық » тұлғаның жалпы интегралды қасиет екендігі анық көрініп тұр. Тек қана бір салада ерекше қабілетті болып, ал өмірдің басқа жақтарынан дәрменсіз болу табиғатта сирек кездесетін құбылыс. Атақты суретшілердің көпшілігі өлең жазған және керісінше ақындардың біразы сурет, қолөнермен шұғылданып, жақсы туындылармен халқын тамсандырған.
Дарындылықты немесе ерекше қабілеттілікті балалық шақта жалпы универсалдық тұрғыдан қарастырған жөн. Ал уақыт өтісімен, тұлғаның есеюімен бұл қабілет өзінің арнаулы қырларын көрсетеді, пәндік дәрежеге, мазмұнға ие болады.
Психикалық қасиеттер-бір адамды екінші адамнан ажыратуға негіз болатын ең маңызды, ең тұрлаулы ерекшеліктер. Бұған әрбір адамның мінезімен темпераменті, қабілеті мен дүниетанымы, сенімі мен талғамы, қызығуы жатады.
Біз балаға « қабілетті » деген мінездеме береміз. Қабілеттілік әр алуан. Мектепте оқушыларға түрлі жұмыстар жүктелгенде де олаардың кейбіреулерінің ұйымдастырғыштық, екінші біреуінің музыкалық, ал үшіншісінің суретшілік қабілеті еске алынып, бұған ерекше мән беріліп отырады. Бұл мысалдар әр адамның әрекеттің бір түріне жарамдылығын көрсететін дара ерекшелігі болатынын байқатады. Ерекшеліктер іс-әрекетті орындау үстінде, әсіресе, оның нәтижесінен жақсы көрінеді. Мысалы, біреу қолына алған ісін тез бұрқыратып тастайды және оны өте нәтижелі етіп шығарады. Ал екінші біреуі өте баяу қимылдап, әрі сапасыз орындайды. Бұл жерде бірінші адамның екінші адамға қарағанда іске деген қабілеттілігі әлдеқайда жоғары екендігі көрініп тұр.
Қандайда болсын бір нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды. Ол біреуде күшті, біреуде шамалы болып келуі мүмкін. тәжірибе мен парасат адамдардың тең емес екенін дәлелдйді.
Адамның өзгеше қасиеттері ана құрсағында пайда болады. Анатомиялық нышан-баланың ата-анасына ұқсап тууы. Физиологиялық нышан -жүйке жүйесінің кейбір анализаторының ерекшеленуі. Анализатордың ерекшелігі қабілеттің көрінуіне себін тигізеді. Егер адамның туысында нышан болып, ол тәрбиеленбесе, оның қабілеті дамымайды. Қолайырақ жағдай туса, қиыннан қиыстырып мәселе шешуде ізденімпаз болып шыға келеді.
Нышанның ықпалымен қалыптасқан қабілеттің түрін дарындылық деп атайды. Дарынды балалар мектеп бағдарламасын жылдам меңгереді. Зеректік, байқағыштық қасиеттері жоғары болады. Олардың көпшілігі өз уақыттарын шығармашылық жұмысқа арнайды. Сурет салады, өлең жазады. Мысалы, Ч. Дарвин көп уақытын көбелек қуып коллекция жинауға көңіл бөледі екен.
Дарын өкілдерінің қуат-қабілетінің шарықтайтын шегі болады. Мұндайда олардың санасы барынша өткірленіп, мейлінше айқындалады, байқампаздығы онан сайын арта түседі.
Жүсіпбек Аймауытовтың пікірінше, адам өмірге өзіндік табиғи қасиеттерімен, қабілеттерімен келеді. Ал баланың бойындағы туа біткен қасиеттерді дамытатын оқыту мен тәрбие.
«Неғұрлым баланың қабілеті мен талантын дамытуға ертерек көңіл бөлінсе, соғұрлым оны толық ашуға мүмкіндік туады. Бала бойындағы ерекше қасиеттерді оған жақын жасы үлкендер дұрыс, жеткілікті бағаламаса, оның «өзгелер сияқты » болып қалып қоюы мүмкін» дейді америкалық ғалымдар.
1. 2. Бастауыш сыныптарда дарынды балаларды оқытуда мұғалімге қойылатын талаптар.
Ертеңгі күннің бүгінгіден гөрі нұрлырақ болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Демек, қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына тікелей байланысты.
Бүгінгі таңда қоғамдық қатынастардың саяси, әлеуметтік-экономикалық салаларындағы жағдайы түбірімен өзгерді. Соған орай жас ұрпақты оқыту, тәрбиелеу жұмыстарын қайта құру қажеттігі туды. Ұлттың болашағы -ұрпағында болса, ұрпақ тәрбиесі -ұстаз қолында. Ал ұстаз мұраты - жетілген, толыққанды азамат тәрбиелеу. Толыққанды азамат қалыптастыру үшін ақыл-ой тәрбиесі, имандылық, еңбек, эстетикалық, тілдік қатынас, дене тәрбиесі, сонымен қатар экологиялық, экономикалық, жыныстық, патриоттық тәрбие берілуі тиіс. Демек, оқу-тәрбие ісінің тиімді болуы үшін ғылыми педагогикамен халық педагогикасын қатар қолдану қажеттігі айқындала түседі. Осы орайда ұлтымыздың асыл перзенті Мағжан Жұмабаевтың мына сөздері еске оралады: «Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып келе жатқан тақта жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші, сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті. » Бала бойына, ең алдымен, тәлімді тәрбие сіңірмей, білім берем деу бекер әурешілік.
Егемен еліміздің ертеңін нұрлы етер білімді ұрпақ өсіру үшін, әсіресе, мына шарттарды есте ұстағанымыз жөн:
- Ұлтымыздың намысын жоғары қоя білетін, елінің сөзін сөйлейтін жас ұрпақты баулып тәрбиелеу үшін «мұны білуге саған ерте, оған тыйым саламыз » деген тежеулерді алып тастап, баланы бұғаулы ойдан шектеулі ұғымдардан құтқару қажет. Мұны баланың ойын еркін айта білуге, білімге жетелеудің бір арнасы деп ұғу абзал.
- Жас ұрпақты адамға тән табиғи, адами сезіммен өмірді, табиғатты сүйе білуге, құрметтеуге үйрету керек. Ол үшін жанды жансыз жаратылысты өз дәрежесінде, өз орнымен бағалауға үйрету арқылы тіршілік деген тұтас әлемнең қадір-қасиетін танытқан дұрыс.
- Жаратылыстың ақиқатын, болмысты ашық, бүкпесіз көрсетіп, ұғындырған жөн. Өйткені, қазіргі мектеп шындықты үйрету мектебі болуы тиіс.
Осы айтылған басты, әрі негізгі қағиданың үшеуі де қазақ халқының ұлттық тәрбие үрдісінен алынып отыр. Халқымыз өз ұрпағын осыларды басшылыққа ала отырып тәрбиелеген. Ата дәстүрінен алшақтап, бүгінгі дәуір талабына ғана иек арту ұшпаққа шығармайды. Сондықтан ұлттық мектептің басты мақсаты ұлтымыздың мәдени, рухани жолын танып білуге негізделуі керек. Бұл ұлттық сана мен нанымды қайта қалыптастыру деген сөз. Ал бүгінгі мақсат - мұрат белгілі. Ол - білімі жоғары, дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі жоғары, парасатты, мәдениетті, еңбеккер, іскер, сондай-ақ бойында басқа да игі қасиеттері қалыптасқан азаматты оқытып тәрбиелеу, оны дамыту.
Бүгінгі таңда жаңа қоғамда мұғалімнің ішкі жан дүниесі де жаңаша болуы қажет. Өйткені болашақ ұрпақтан үлкен үміт күтілуде.
Мектептегі басшы тұлға мұғалім десек, білім саясаты ең алдымен осы мұғалімдер арқылы жүзеге асырылады. Ал біздің алдымызда басты мақсат-рухани жан дүниесі бай, жан-жақты жарасымды дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.
Ал рухани байлықтың түп-тамыры әр халықтың ұлттық салт-дәстүрі мәдени байлығында жатыр. Сол ұлттық байлықтың адамзат ұрпағының адам тәрбиелеу, білім берудегі озық үлгілерімен тығыз байланыстыра отырып дамыту, жас ұрпақтың
қабілеті мен талантын ашу, шығармашылық қабілетін жетілдіру, осы арқылы өзіне деген сенімін арттыру, өз жолын өзі тануына түрткі болу-бүгінгі таңның басты мәселесі.
Оқушылардың рухани жан дүниесін байыту, шығармашылық қабі-леттерін дамыту үшін дарынды оқушыларды мектептен тыс, сы-ныптан тыс әр түрлі үйірмелерге баулу, олардың жеке шығарма-шылықтарын көрсетуге жағдай жасап отыру, қазіргі таңдағы уақыт талабы деп түсіну қажет. Осылай еткенде ғана оқушы белсенділігі одан әрі артып, өзіне-өзі сенімді, берілген жұмысты тиянақты орындай алатын, рухы мықты тұлға болып шығуы сөзсіз.
Баланың өзіне өзі деген сенімін қалыптастыру, өз бойынан шығарма-шылық қасиет іздеуге дағдыландыру, оның өмірден өз орнын табуына жол ашады. Бүгінгі таңдағы білім ісінің негізгі күре тамыры да осы бо-луға тиіс.
Оқу-тәрбие үрдісінде қабілет, дағды, білім, ептілік сияқты психологиялық ұғымдарды өз мәнінде түсіне алмау мұғалімдерді педагогикалық қателерге ұшыратуы мүмкін. Мұғалім оқушы өзгеше-ліктеріне зер сала білуі керек. Мұғалімнің жеке бір шығармашылық табысы болса тіпті жақсы. Мысалы, орындаушылық, сурет өнері, музыкадан.
Бала әрекетіндегі, қимылындағы саналы күштерді ақырын, нәзік түрде шақырып, оятып отыруы керек. Ол сурет салып отырғанда, бояумен жұмыс істегенде, баланың санасын оятатын мақсат қоя білген жөн. Қызыл түспен басымырақ сурет салынса, енді көгілдір түспен не салар едің деген сияқты сұрақтар қойып жетелеген жөн.
Дарынды балалармен жұмыс барысында мұғалім әр қырынан көрінуі шарт. Алдымен кәсіптік қабілетіне талап қойылады:
- Бақылау жүргізу қабілеті. Анықтауда тест, бағдарлама құра білуі.
- Диагностикалық тексерулерден алған қорытындылар бойынша баламен жұмыс істеу бағдарламасын құра білуі.
- Оқу бағдарламаларын қажетіне қарай өзгерте білу.
- Оқушының икем бағытын нақты ажырату, оған ықпал ету жолдарын сәтті талдауға ептілік.
- Арнайы оқу жоспарымен жұмыс істеуі.
- Сөйлеу шеберлігі, ой қорыту жоғарылығы.
- Ата-аналармен байланыс жасауы және кеңес бере білуі.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz