Инновациялық педагогикалық техналогиялар негізінде бастауыш сынып оқушыларына қазақ тілі пәнінде жаңа техналогияларды қолданудың шығармашылық жолдарын теориялық тұрғыдан негіздеу


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ . . . 3

I. БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ЖАЗБА ЖҰМЫСЫН ЖҮРГІЗУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АЛҒЫШАРТТАРЫ

1. 1 Бастаауыш сыныпта жүргізілетін жазба жұмысының ерекшелігі . . . 6

1. 2 Бастауыш сатыда жүргізілетін жазба жұмысының түрлері . . . 13

1. 3 Диктант түрлері мен оны жүргізуге қойылатын талаптар. 16

1. 4 Мәтін арқылы жүргізілетін жазба жұмыстары . . . 22

II. ЖАТТЫҒУ ЖҰМЫСЫ АРҚЫЛЫ ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖАЗБА ЖҰМЫСТАРЫ

2. 1 Грамматикалық жаттығулар барысында жазба жұмысын жүргізу әдістемесі . . . 36

2. 2 Инновациялық технологиялар арқылы оқыту барысында жүргізілетін жазба жұмыстары . . . 40

2. 3 Тәжірибелік бөлім. Сабаққа талдама . . . 48

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 54

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 56

Кіріспе

Ғылыми зерттеу жұмысының көкейтестілігі: Қазіргі заман педагогтерінің негізгі мақсаты - оқушылардың алатын білімін сапалы ету оның толыққанды жеке тұлға болып қалыптасуына негіз қалау Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасында жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, жоғары оқу орындары зерттеулерінің әлеуметтік сала мен экономикалық қажеттіліктерімен тығыз байланысты білім беру және техналогияларды жетілдіру болып табылады деп атап көрсетілгендей, қазіргі білім беру саласындағы басты мәселе: әлеуметтік-педагогикалық ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді болып қалыптасуына негіз қалау [1] .

Білім беру үрдісін басқару мұғалім бойындағы тұлғалық өзгерістер және оның кәсіби деңгейін дамыту әрекеттерімен тығыз байланысты. Өйткені, мұғалімге қойылатын талаптар оның жеке тұлғалық сапасының бала үшін ғана емес, жалпы адамдар үшін үлгі болуын қажет етеді. Мұғалімнің басты міндеті жоғары деңгейдегі адамгершіліктің иесі болу, өзінің білімі, еңбекқорлығы, адамдарға деген мейірбандығымен оқушылар үшін үлгі болу, жеке өнегесімен оларды тәрбиелеу. Сонымен қатар, мұғалім үшін тағы бір маңызды мәселе-өзіндік білімін жетілдіруге өзін-өзі дамыту деген құлшынысының болуы. Мұғалім өмір бойы оқуы керек, ол оқуын, білім алуын тоқтатқан сәттен бастап, оның бойында мұғалімдікте жойылады. Педагогикалық психология зерттеушілері Қ. І. Аманқұлов [2], Н. К. Ахметов [3], Қайдарова [4], Ж. Ж. Наурызбай [5], Ж. К. Тілешова [6] және тағы басқа еңбектерінде мұғалімнің тұлғалық ерекшеліктеріне сәйкес педагогикалық қызметінің тиімділігі қарастырылған екен.

Мектепті басқару арқылы оқушылар мен мұғалімдерді тұлға ретінде инновациялық әрекеттерге тарту туралы Қ. Аймағамбетова [7], Ж. Т. Қайыңбаева [8], Ш. Х. Құрманалина [9] т. б.

Қазіргі уақытта ең басты мәселелердің бірі-мектептің таяу уақыттарға бағытталған талаптарына сәйкес жоғары оқу орындарында бастауыш сынып оқушыларына қазақ тілі пәнінде инновациялық педагогикалық технологиялар негізінде білім берудің жолдарын айқындап, бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби даярлығын үнемі жетілдіріп отыру аса қажет болып отыр .

Бастауыш сынып оқушыларына инновациялық технологияларды қолданудың мүмкіндіктері мен оларды іс жүзінде жүзеге асыру процесінде толығымен пайдаланылмауы арасында және инновациялық педагогикалық технологиялар негізінде бастауыш сынып мұғалімінің даярлығын жетілдіру қажеттілігімен бұл мәселенің педагогикалық теория мен практикада жеткіліксіз зерттеулер арасындағы қарама-қайшылықтар анық байқалады.

Осы қайшылықтардың шешімін табу мақсатында бастауыш мектепте инновациялық педагогикалық технологияларды бүгінгі заман талабына, сұранысына сай жетілдіру, зерттеу, қолдану мақсатында, тақырыпты бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқытудың инновациялық әдістерін қолдануды.

а) Педагогика-психологиялық.

Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес шығармашылық танымдық ықпалын ояту. Әркімнің жеке қабілетін шығармашылық потенциялының

еркін ашылуына жету. Білім мен икем-дағдыны анықтаудың көп саласы параметрлерін қолданудың тиімділігі.

г) Ғылыми әдістемелік.

Мұғалім мен оқушының шығармашылық өзара ынтымақты қарым-қатынасын қалыптастыру. Оқушылар арасында бәсекелестің оңды сипатқа ие болуы. Білім мен икем-дағдыны бағалаудың халықаралық принциптеріне біртіндеп көшуді жүзеге асыру. Ғылыми-шығармашылық әліппесіне үйрету болып табылады. Мектеп оқушыларының жазба тілін дамытып, тәрбиелеу ең өзекті міндеті.

Зерттеу жұмысының мақсаты : инновациялық педагогикалық техналогиялар негізінде бастауыш сынып оқушыларына қазақ тілі пәнінде жаңа техналогияларды қолданудың шығармашылық жолдарын теориялық тұрғыдан негіздеу және практикалық түрде жүзеге асыру .

Бастауыш сынып оқушыларына қазақ тілі пәнінде инновациялық технологияларды қолданудың мүмкіндіктері мен жолдарын айқындау.

Бастауыш сынып оқушыларына қазақ тілі пәнінде инновациялы технологияларды қолдануды меңгеру және ұсынылып отырған жүйенің тиімділігін тәжірибе арқылы тексеру .

Зерттеу жұмысының міндеті : қазіргі заманғы даму жүйесіне сай қоғамның талабы мен сұранысын қанағаттандыратын бастауыш сынып оқушыларына қазақ тілі пәнінде инновациялық технологияларды қолдану еркшеліктерін жетілдіру.

Іс-әрекеттің әр түрлі тәсілдерін меңгеру мен көрінетін білім нәтижесі. Дамудың жаңа сатысына сәйкес бағыт алған мектептің ең негізгі өзегі-оқушылардың зерттеулік ізденісі мен білімі.

«Зерттеу» ұғымын кеңінен түсіндіру.

Зерттеулік оқыту жағдайына «зерттеу» ұғымы тек эмпирикалық таныммен шектелмей оны максималды (ашд) неғұрлым нәтижесі болатыны сөзсіз, осыған орай кейбір аспектілер жеке пәндерді оқыту әдістерінде қарастырылған.

Зерттеу дегеніміз - жаңа ақпараттар жинақтау арқылы өзінің жеке білім кеңістігін орнату. Зерттеу жұмысын мынадай реттілікпен жүргізуге болады.

- зерттеу өзектілігі проблеманы көре білу және зерттеу бағыттарын анықтау;

- ақпаратты жинақтау және өңдеу;

- зерттеу саласын анықтау негізделген сұрақтарды айқындау;

- зерттеу тақырыбын таңдау ( зерттеу шектелмегенін белгілеу) ;

- болжам құру оның ішінде қисынсыз арандатушы, провакциялық идеяларды да өңдеу және рефлекция.

Ғылыми зерттеу жұмысында қолданылатын әдістер.

Бастауыш сынып оқушыларына сабақ барысында жаңа технологияларды дидактикалық, суретті көрнекілікті жұмыс түрлерін қолдану және сауалнама жүргізіп олармен әңгімелесу, тірек схемаларымен, интерактивтік тақталармен жұмыс, түсіндіру, сұрақ-жауап, топтастыру, болжау, жұппен жұмыс, ой қозғау, шығармашылық жұмыстарын бақылау. Педагогикалық тәжірибе іс-әрекеттер нәтижесіне баға беру, оларды өңдеу.

Ғылыми зерттеу жұмысының құрылымы : диплом кіріспеден, үш негізгі тараудан, бірінші тарау үш бөлімнен, екінші тарау үш бөлімнен, үшінші тарау екі сабаққа талдамадан, әдебиеттер тізімінен тұрады.

I. Бастауыш сыныпта жазба жұмысын жүргізудң педагогикалық- психологиялық алғышарттары

1. 1. Бастауыш сыныпта жүргізілетін жазба жұмысының ерекшелігі.

Тіл өзінің қатынас құралы болу қызметін ауызша түрде де, жазбаша түрде де дыбыстық тіл жазу арқылы таңбаланады. Соның нәтижесінде оның қатынас құралы ретінде қолдану шеңбері кеңейеді. Жазу (жазба тіл) - адамдардың кеңістік пен уақытқа тәуелді болмай, өмірдің барлық саласында кең түрде қарым-қатынас жасауына мүмкіндік беретін құрал. Ал ауызекі тіл жайында мұны айта алмаймыз.

Жазба тілдің ауызекі тілден кейін пайда болғаны, оның (жазба тілдің)

жазудың шығып жасалуымен байланысты екендігі белглі. Жазудың шығып жасалуының, күллі мәдениет атауларының тарихында орасан зор маңызы болды және болып та отыр.

Жазусыз мәдениет атаулыны, цивилизация атаулыны көзге елестетудің өзі мүмкін емес. Көрнекті жазушы Леонид Леонов жазудың маңызы туралы

былай дейді: «Адамдардың тегін қорлық жағдайдан бөліп алып шыққан, өткен замандарда ашылған ұлы жаңалықтардың ішінде жазу өте-мөте үлкен роль атқарады. Алфавиттің туған күнін адамның өзін-өзі біліп ұғынуындағы дәуір деп есептеуге болады, осыдан кітап басу станогының пайда болуына тура жол ашылды. Адам өзінің қазіргі биігіне нақ кітап арқылы баспалдақпен көтерілгендей көтерілді» [10] .

Адам білімді негізінен, жазба тіл арқылы, жазылғанды оқу арқылы алады. Адамзаттың сонау көне дәуірінен бастап, біздің заманымызға дейінгі талай ғасырлар бойына ғылым мен техника, әдебиет пен өнер саласында жасаған күллі әдеби байлығын ұрпақтан - ұрпаққа жеткізген де - жазба тіл.

Жазудың тарихы өте ерте замандардан басталады. Көне жазуды да, қазіргі жазуды да зерттеп білудің әрі теориялық, әрі практикалық үлкен мәні бар.

Көне жазу нұсқаларын талдап оқи білу ерте заманда өмір сүріп, қазірде өлі тілдерге айналған тілдермен танысуға немесе қазіргі тілдердің ертедегі

қалпымен танысуға және оны білуге мүмкіндік береді. Мұның тіл тарихын зерттеуде орасан зор маңызы бар. Жазудың тарихын зерттеп білу тіл білімі үшін ғана емес, сонымен бірге тарих ғылымы үшін де, археология мен этнография үшін де айрықша маңызы бар. Халықтардың қазіргі жазуларын олардың дыбыстық тіліне қарым-қатынас жағынан қарастырып зерттей білу сол тілдің жазуларының ғылымы тұрғыдан дәледі ережелерін жасау үшін өте - мөте қажет. Қазірде біз жазба тілді ауызша тілдегі сөздердің жазбаша түрде әріптердің тіркесімен белгіленуі . Жазудың тарихына әріп пен таңбаланудың кейінірек пайда болғанын көреміз. Жазу өте ерте заманда жасалып, мыңдаған жылдар бойы өзгеріп, дамып келеді. Жазудың мыңдаған жыл бойына дамып жетілуімен бірге, оның принциптері де өзгеріп отырады [11] .

Жазудың жүйесі таңбалардың жиынтығынан құралған. Ол таңбалар

бүтіндей сөзді, не буынды, немесе дыбысты белгілейді. Әрбір жазбаша таңбаның графикалық формасы, белгілі бір мағынасы болады.

Жазу жүйесіндегі таңбалардың не бүтіндей хабарды, не жеке сөзді, не буынды, не дыбысты белгілеуіне қарай, жазу мынадай түрлерге бөлініп қарастырылады.

1. Пиктографиялық жазу.

2. Идиографиялық жазу.

3. Буын жазуы.

4. Әріптік немесе дыбыстық жазу.

  1. Пиктографиялық жазу - жазудың ең алғашқы түрі. П. Ж. суретке негізделген жазу. Сондықтан оны кейде сурет жазуы деп те атайды.
  2. Идеографиялы жазу - таңбаларын идеограммалар деп те атайды.

Пиктографияның идеографияға көшу өте баяу болады.

3. Буын жазуы жазудың даму барысында буын жазуы пайда болған

жазудың буын жүйесінде таңба буынды белгілейді.

4. Әріп (дыбыс) жазуы . Әріп жазуы буын жүйелі жазудан кейін пайда

болған. Таза күйінде консонантты дыбыстық жазу.

ІІ мың жылдықтың екінші жартысында пайда болған вокалданған дыбыстық жазу біздің дәуіріміздің І мың жылдың басында пайда болған.

Идеография -грек тілінің -«идея» ldеа -«жазамын» деген сөзінен алынған. Логография -грек тілінің -«сөз» soz- «жазамын» деген сөзден алынған. Жазу адамның ой-пікірін, сөзін белгілі бір тілде жазу таңбалары арқылы қағаз бетіне түсуі. Жазу- адам баласы ойлап тапқан өте маңызды әрі құнды табыстардың бірі, дүниежүзілік барлық мәдени жетістіктердің негізі. Жазудың алғашқы нұсқалары өте ертеде жасалған. Жазу үлгісі-әріптерді, сөздерді, сөйлемдерді және бүтін мәнінде колиграфиялық жағынан дұрыс жазудың үлгісі. Жазу үлгісі-жазуға үйренудің бірден бір құралы болады, сауат ашуда ең басты рөл атқарылады.

Жазу үлгілері;

ғ ғ ғ ғ ғ ғ Ғ Ғ Ғ Ғ Ғ Ғ

Т Т Т Т Т Т

Ғалым ағай ат тағалады

Бақылау

Жазу Өндіру

Бағалау Ұйымдастыру

Қайта құру

Жазу арқылы ойлау мен таным бірлігі.

Тәрбие Білім

Жазу Оқу

Мұғалім Таным

Ізденіс Оқушы

Ойлау Сөздік Шығарма

Көркем жазудың алға қоятын мақсаты - балаларды таза, сұлу және түсінікті жазуға үйрету үшін мынадай 4 талаптар қойылады.

  1. Әріптер мен әріп элементтерін бұзбай дұрыс жазу.
  2. Әріптер мен әріп элементтерінің биіктігі көлбеу ара қашықтығы және көлбеулігі бірдей біркелкі болуы керек.
  3. Әріптерді өзара дұрыс байланыстыру .
  4. Жазу тазалығын сақтау, артық сызықтар жасамау.

Оқу, жазу процесін талдаудан шығаратын негізгі қорытындылар мыналар.

  1. Оқушы оқуға.
  2. Жазуға үйрену.
  3. Сөзді буынға.
  4. Буынды дыбысқа ажырату және керісінше
  5. Дыбыстардан буын, буыннан сөз құрайды.

ІІ. 1. Сауат аша бастаған бала оқу, жазуға үйренеді.

  1. Бір әріпте және бір сөзді жазу үшін нерв жүйесін бірнеше толық (импульс) жасау.

Әріп элементін жазуға үйрену сабағы.

  1. Балалардың қарындаштарын, дәптерлерін дайындау.
  2. Оқушыларды жазуға даярлау. Қарындашты қалай ұстау керектігін көрсетіп, саусақтарын бүгу, жазу, ауаға жазғызып жаттықтыру.
  3. Бүгін дәптердің бір бетіне жалауша салатындарын айту.
  4. Тақтаға жазып көрсету және оны қайта ауаға жазып көрсету.
  5. Балаларға дәптерлерін жазғызу.

Дыбыспен таныстыру сабағы.

  1. Жұмбақ жасырып, оқушыларға шешкізу; осы жұмбақпен оның шешуі бойынша әңгіме.
  2. Әңгімені сөйлемдерге, сөйлемдерді сөздерге, сөздерді буындарға талқылатқызу.
  3. Дыбыспен таныстыру (а-ра, ал-ма, а-ғаш, а-па, т. б. сөздерді талдай отырып, «а» дыбысына көңіл аударылады) .
  4. Таныс дыбыстан басталатын сөздер ойлату.
  5. Айтылған кейбір сөздердің суретін салғызу.

« Сөз және буын» тақырыбы бойынша сабақ (ауызша)

  1. Әліппенің алғашқы беттеріндегі суреттер бойынша әңгіме жүргізу.
  2. Оқушылардың айтқандарын сөйлемге талдау.
  3. Сөйлемдерді сөзге талдау.
  4. Сөздерді буынға талдау.
  5. Сөздің басқы немесе сөңғы буындардын жауып қойып, оны оқушыларға тапқызу.
  6. Әңгімеленген заттардың суреттерін салу немесе пластилиннен жасату.

Жазбаша тіл -ауызша тілдің графикалық бейнесі. Ол көбіне-коп ойды ауызша айтуға мүмкіндік болғанда немесе ыңғайсыз болған кезде пайдаланады. Әдетте жазбаша тіл ауызша тілдің негізінде ғана пайда болған:

өйтекні жазатын адам ойын іштей айту арқылы ғана қағазға түсреді, жазуға айналдырады. Ал оны оқу- жанама (жазбаша) жолмен жеткен оны іске асырушы басқа адам әрі қабылдаушы болып шығады.

Жазбаша тілдің ережелері мен заңдылықтарын тіл білімінің графика және орфаграфия деп аталатын тарауы қарастырылады.

Графикамен орфография әр түрлі құбылыс бола тұра бірімен - бірі тығыз байланысты және бірін -бірі толықтырып тұрады.

Графика орфографияны да қамтитын кеңірек ұғым деуге болады.

Жазба 1

Ертедегі бір елдің не көне дәуірдің графикалық (тас және қағазға жазылған ) жазылулары.

Жазба әдебиет - жазбаша түрде қағазға түсірілген көркем әдебиет.

Жазба жұмыс - жазба түрде өткізілетін емтихан. Жазба үстел - жазуға арналған, жазу үстелі.

Жазба тіл - жазу негізінде қалыптасқан, өзіндік дәстүрі бар тіл.

Жазба 2

Қол үзбеу, ажырамау, жаңылмау.

Жазбай таныды - жаңылмай, бірден дәл таныды .

Жазбаша - жазба түрде [12] .

Бастауыш кластардағы жазу сабақтарының мақсаты - балалардың жазу тілі дағдыларын қалыптастыру. Жазу дағдысының психологиялық негізі мидың үлкен жарты қабығындағы анализатор ұштарының бір - бірімен күрделі байланыста түсуі екінші сигнал системасының жинақталып бір арнаға бағытталуы болып табылады. Жазу тілі көзбен қабылданады, қолмен іске асады. Ал, ауызша сөйлеу, есту-синтездеуге нерв байланысы арқылы өтеді. Жазу тілі ауызша сөйлеуден кейін шықты сондықтанда ол үнемі ауыз тілге сүйеніп отырады. Ең алғашқы ерте дәуірде адамадар қандай да болмасын бір оқиғалар туралы мәліметті кейінгі ұрпақтарға қалдыруға болады. Сөйтіп ондай мәліметтерді түрлі суреттермен белгілейді. Бұл кезең идиографиялық сөйлеу кезеңі деп аталады.

Идиографиялық сөйлеу - белгілі бір айтылатын жағдай туралы еске түсіру рөлін атқарады. Кейінірек иеороклиптік жазу шықты, бұл құжаттарды немесе ойды білдірген жазудың құрамына алфавит, графика және орфография енеді.

Алфавит - тіліміздегі әріптердің белгілі бір жүйемен орналасу тәртібі. Графика - дыбыстардың немесе буынның сөздің айтылуы қалай болса, солай таңбалануы.

Орфография - тілдің белгілі бір нормаға келтірілген ережесін сақтап жазу. Алфавит пен графиканы меңгеру - оқу мен жазудың (сауат ашудың) ең алғашқы, ең қарапайым, ең маңызды дағдыларын қалдыруды көздейді. Жазбаша сөйлемнің өзіне тән ережелері бар. Мысалы: Жазбаша сөйлеудің қабылдаушыға әсер ететіндей қосымша құралдары жоқ. Ол бүкіл оқушы қауымға айналады. Енді автордың эмоциясы мен сезімі, толқуы мен мұңаюы, қуанышы мен реніші т. б. Бәрі сөз арқылы жеткізілуі жазу тілін қабылдау қиялдың жұмысын талап етеді.

Жазу дағдысының бастамасы әріптің әрбір бөлігін (таяқша, дөңгелек,

қосу сызықтары) сызық жүргізу арқылы жаттықтырылады. Бұл кезеңде бала басымен бүкіл денесімен жоғары көтеріліп, төмен еңкейіп екі жағына қисайып неше түрлі қозғалыстар жасайды.

Орфография жазудың бүкіл жағдайларын тәртіптейді. Оған тілдің ережелері (әріп қолданарлық қолдану әріпті таңдау бірге және бөлек жазу) оны құрастыру қолдану жатады. Қазақ тілі орфографиясының негізгі принципі, морфологиялық принцип, яғни түбір сөздердің соңғы дыбысы қосымша аралығында да (бас-шы, басшы емес) Сөз шекарасында да (боз - құнан, бозғұнан) емес біріккен сөздерде (үмбет - бай, үмбетбай) сақталып жазылады. Қазақ тілінде фонетикалық принципке сүйеніп етілуінше жазылады [13] .

Жазу жұмысын жақсарту үшін мұғалім оқушы дәптерін жүргізуге қойылатын төмендегідей біртұтас арнайы талаптарды жүзеге асырады.

  1. Аса ұқыпты, түсінікті етіп жазу.
  2. Дәптердің сыртқы бетіне жазылатын жазулардың біркелкі болуы, оның қандай мақсатқа арналғанын көрсетсек (қазақ тіліне арналған дәптер, ана тіліне арналған дәптер т. б. ), (класы, мектептің номері мен аты, оқушының фамилиясы мен өз атын жазып қою) . 1-сынып оқушыларына арналған дәптердің сыртына жазылатын жазу үлгісін мұғалімнің өзі жазады.
  3. Шетіндегі ашық жолдарды басып жазбау.
  4. 1-сыныптың қазақ тілі және математика пәні бойынша бірінші тоқсандағы жұмыстары. 1-сыныпта екінші жарты жылдықтан бастап, сондай-ақ 1-4 сыныптарда жазба жұмыстарының арнаулы мерзімі көрсетіледі.
  5. Жаттығу мен есеп нөмірлерін қою, жазба жұмысының қайда орындалғанын (сыныпта, үйде) көрсету.
  6. Азат жолдарды сақтап жазу.
  7. 1-4 сыныптарда әрбір жазба жұмысының тексін, жұмыстың датасымен тақырыбы аты көрсетілген бетте азат жолдан бастап жазу.

Қазақ тілінен орындалатын жұмыстың күні мен тақырыбы аты арасына жол қалдырмай жазу. Математика дәптерінде мұндай жағдайларда тек екі тор тастау керек. Әр күнде орындалған жұмыстан соң немесе әрбір аяқталған мәтіннен кейін қазақ тілі дәптеріне екі жол, математика дәптерінде төрт тор көз тастап жазу (бұл бір жұмыс пен екінші жұмыстың шекарасын көрсету үшін және баға қою үшін қажет) .

  1. Жазба жұмыстарында жіберілген қателерді төменгі тәртіппен түзету: қате жазылған әріпті не тыныс белгісін көлбеу сызықпен сызып тастау керек, қате жазылған сөз бөлігі мен сөйлемдерді, жазу: қате жазылғандарды жақшаға алмау.
  2. Барлық түзету сызықтарын ұқыпты етіп қарындашпен, ал аса қажет жағдайда - сызғыш арқылы орындау керек.

Барлық оқушылардың қазақ тілі мен математикаға арналған дәптерлері әрбір сабақтан соң тексеріледі. 1969 жылдан бастап республика мектептері оңайлатылған жаңа жазу шрифтісіне көшіріледі.

Байланыстырып жазуды қалыптастыру үшін мұғалім мына төмендегілерді ескеруі тиіс.

а) қолжазба әріптерінің биіктігі мен ені 2:1 қатысына сай болуы керек (үш негізгі элементтен тұратын ж, м, т, ф, ш, щ, ю әріптерінен басқасы)

ә) жазу оң жаққа қарай 65 0 көлбеу болуға тиіс, әріптер мен әріп элементтерінің көлбеулігі бірдей болу керек.

Алфавит

Аа Әә Бб Вв Гг Ғғ Дд Ее Ёё Жж Зз Ии Йй Кк Ққ Лл Мм Нн ң Оо Өө Пп Рр Сс Тт Уу Үү Ұұ Фф Хх һ Цц Чч Шш Щщ Ыы Іі ьъ Ээ Юю Яя

б) дөңгелек немесе жартылай дөңгелек элементтері бар әріптерді сөз ішінде басқа әріптермен байланыстырудың негізгі екі әдісі бар: үстіңгі және астыңғы.

Оқушы қолжазбаға сауат ашу кезеңінен бастап үйретіледі. Одан әрі жазуға (көркем жазуға) машықтандыру генетикалық жүйеде өткізіледі. Генетикалық жүйенің ерекшелігі сол - онда жазу жұмысы оқушының

қозы көзілдірік торғай

қоян кеме әке әже

күш, психологиялық және интелектуалдық даму дәрежесіне, дұрыс сөйлей білуіне, сондай-ақ өздігінен жұмыс істей білу қабілетінің артуына сай келетін жоспарлы да жүйелі, біртіндеп күрделенген жаттығулар негізінде ұйымдастырылады. Бұл кезеңдегі көркем жазу оқушының қол қимылын жаттықтыру, көзінің көруін қалыптастыруға арналға «техникалық» жаттығулар ретінде емес, қазақ тілін оқытудың жалпы жүйесімен тікелей байланысты қарастырылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту
Математиканы оқып үйренудегі компьютерді пайдаланудың әдістемелік ерекшеліктері
Математика мен информатиканы интеграциялап оқыту мүмкіндіктерін анықтау
Бастауыш сыныпта ақпаратты оқыту әдістемесін тәжірибеде қолдану
Жаңартылған білім мазмұны бойынша бастауыш сыныптарда оқу процесін ұйымдастыруда қолданатын педагогикалық тәсілдері мен әдісмемелер технологиясы
Қазақ халқының математикалық ертегілерін сабақта қолдану
Ұрпақ жалғастығы
Оқытудың қазіргі педагогикалық технологиялары
Бастауыш сыныптағы математика пәнінде оқушыларды ынталандыру құралы ретінде интерактивті тақтаны қолдану
Сөздік әдіс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz