Бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беру (сыныптан тыс жұмыс арқылы)


Бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беру (сыныптан тыс жұмыс арқылы)
Мазмұны
Нормативтік сілтемелер 3
Анықтамалар 4
Кіріспе 5
1 Бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие берудің теориялық мәселелері
1. 1 Жалпы білім беретін орта мектепте патриоттық тәрбие берудің бағыттары7
1. 2 Бастауыш сынып оқушыларын патриотизмге тәрбиелеудің қазіргі жағдайы18
2 Бастауыш сынып оқушыларына сыныптан тыс жұмыстар арқылы патриоттық тәрбие берудің әдістемелік негіздері
2. 1 Бастауыш сынып оқушыларына халық ауыз әдебиеті арқылы патриоттық тәрбие беру жолдары30
2. 2 Сыныптан тыс жұмыстар арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беру жолдары 41
Қорытынды 55
Пайдаланған әдебиеттер 58
Қосымша 60
Анықтамалар
Патриотизм - (грекше patrіotes - отандас, patrіo - Отан, туған жер) Отанға деген сүйіспеншілік. Бойындағы күш қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау, туған жерін, ана тілін, елдің әдет-ғұрпы мен дәстүрін құрмет тұту.
Патриоттық білім - оқушылардың іс-әрекет тәсілдерді меңгеруі мен білім алуы, іскерлік пен дағдыны игеруге даярлау.
Ақпараттандыру - бұл адамзат өмірінің барлық жағына ақыл-ой, қызметтің интеллектілік құндылығы мен ықпал етушілік дәрежесінің артуына байланысты туатын объективтік үрдіс.
Патриоттық іс-әрекет - тұлғаның мұқтаждарын қанағаттандыру мен таным немесе психикалық үрдістерін қалыптастыруға бағытталған іс-әрекет.
Патриоттық сезім - жалпы адам баласының еліне, жеріне, өз тілі мен мәдениетіне, ұлттық құндылықтарына жеке қатынасын, өзіндік бағасын түйсінуін, қуаттап қолдауын пайымдайтын сезім көрсеткіші болып табылады.
Ұлттық патриотизм - бұл ұлттың ішіндегі жеке адамның асыл белгісі мен қасиеті - өз халқына деген сүйіспеншілігі, өз халқымен қан жағынан да және шыққан тегі, территориясы, тілі, тұрмыс-тіршілігі, мінез-құлқы, психологиялық және этнографиялық ерекшеліктері, қалыптасқан тарихи дәстүрлері жағынан да әбден айқын, әрі дербес басқа қасиеттері және ерекшеліктерімен де байланысты.
Қазақстандық патриотизм - халқының келешегі үшін күресумен, ол үшін аянбай еңбек етумен етене қабысып жатқан сезім, Қазақстанның келешегі үшін ақ жүрек, адал ниетпен қандай салада болмасын өз шама-шарқы келгенше аянбай еңбек ету.
Патриоттық тәрбие беру - өзінің мазмұны жағынан саяси -идеялыққа, адамгершілікке тәрбиелеу саласының бірі болып табылады, өйткені оның қалыптастыратын түлғалық қасиеттері оның саяси сипатына қатысты. . Отанға берілгендік адамның жоғары адамгершілігінің жетекші нышанның бірі болып табылады.
Сыныптан тыс жұмыстардың мақсаты - баланы жан-жақты жетілдіру, халықтық дәстүрлерге деген құрмет сезімін дамыту және халық педагогикасы арқылы бойларында атамекенге сүйіспеншілікті қалыптастыру.
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі: Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғарғы оқу орындарына дейінгі орталықтарда, барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады. Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу-мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы», -деген еді [1] . Әр дәуірдің тарихи кезеңдерінде Отансүйгіштікке тәрбиелеудің өзіндік мүдделері болады. Ол ең алдымен, «ұлтжандылық», «отансүйгіштік», «патриотизм» ұғымдары, сол заманның ақиқаты - наным - сенімінен туындайды.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бабында білім беру жүйесінің басым міндеттері - «азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны − Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға және қоғамға қарсы кез-келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу» - десе, ал орта білімді дамыту тұжырымдамасында « …тәрбиелік жұмыстарды қазақстандық патриотизм, азаматтық, ізгілікті интернационализм негізінде құру керек» екендігі көрсетілген [2, 3] .
Жеткіншектердің патриоттық тәрбиесі - педагогикадағы аса бір күрделі де көпжақты мәселе. Бастауыш сынып оқушыларының бойында патриоттық сезімді қалыптастыруда сыныптан тыс жұмыстардың алатын орны ерекше. Отанын сүйген, елін жаудан қорғау үшін қасық қаны қалғанша аянбай шайқасатын Қобыланды, Қамбар, Ер Тарғын, Алпамыс тұлғалары, ақын - жыраулардың, билердің татулыққа, адамгершілікке, елін сүюге шақырған өлең жырлары, шешендік сөздерінің бастауыш сынып оқушыларының бойында патриоттық сезімді қалыптастыруда маңызы өте зор. Патриоттық сезімнің объектісі мен қайнар көзі - Отан десек, оның мазмұны: туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі тамаша киелі орындар. Олардың адам көкірегіне жылылық, жақындық, туысқандық сезімдерді ұялатып, ізгі де ерлік істердің қайнар көзіне айналуы - патриотизмге тәрбиелеудің арқауы. Қасиетті сезім ананың сүтімен бірге өзінен - өзі келмейтін, баланың бойында біртіндеп қалыптасатын құдіретті сезім. Бұл сезім әркімде әр кезеңде оянып, кейін кәмелетке келгенде біржола буыны қатып, тәжірибемен, уақытпен, біліммен, қоршаған ортаның ықпалымен, балабақша, отбасы, мектеп, жоғарғы оқу орындары, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар әсерімен қалыптасады.
Бүгінгі ХХІ ғасырда егеменді Қазақстанда өмір сүріп жатқан жас ұрпақтың бойындағы ерлік пен елдік қасиеттің рухани негізі туып-өскен жері мен елінің салт-дәстүрінен, ұлттық мәдени мұраларынан, ел мен жер байлығын қорғап қалған Күлтегін, Тоныкөк, Қобыланды, Ер Көкше, Ер Қосай, Едіге, Қарасай, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Сұраншы, Саурық батырлардың ерлік істерінен бастау алады. Сонымен қатар, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан мәдени-рухани мұралар, тастағы жазбалардағы өсиет, өнеге, нақыл сөздер, өлкетану мұражайларына орналасқан мұрағаттар жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік, ерлік сезімді ұялатып, олардың туған жерге, өскен елге, ұлт мәдениетіне деген сүйіспеншілік қасиеттерді қалыптастыруға игі ықпал етеді [4] .
Тәрбие - қайшылықты және ұзақ үдеріс. Оның нәтижесін есепке алу күрделі мәселе Ол үшін жобаланған және қол жеткен нәтижені салыстырып талдау керек, қол жеткен нәтиже дегенде тұлғаның тәрбиелік деңгейі түсініледі.
Халқымыздың сан ғасырлар бойы атадан балаға жалғасып, қалыптасқан ұлттық дәстүрі, өзіндік тәрбие мектебі бар. Сол дәстүрдің қаймағын бұзбай, іргесін шайқалтпай, керегесін сөкпей, балаға таныта білу отбасынан басталмақ. Сондықтан болар, «Отан отбасынан басталады» деген сөз бекер айтылмаған. Ал ол мектепте белгілі жүйемен оқытылып, сабақта, сабақтан тыс шараларда жалғасады.
Зерттеудің мақсаты: бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие берудің маңыздылығын теориялық және әдістемелік тұрғыда дәлелдеу.
Осы мақсаттан туындайтын міндеттер: 1. Тақырыпқа байланысты педагогикалық, әдістемелік әдебиеттермен оқып танысу.
2. Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық тәрбиесінің мәні мен мазмұнын ашып көрсету.
3. Сыныптан тыс жұмыстар арқылы бастауыш сынып оқушыларының патриотизмін қалыптастырудың мүмкіндіктерін негіздеу.
Зерттеу объектісі: бастауыш сыныптардың оқыту және тәрбие процесі.
Зерттеу пәні: бастауыш сынып оқушыларына сыныптан тыс жұмыстар арқылы патриоттық тәрбие беру.
Зерттеу әдістері: психологиялық, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттермен танысып, жалпы білім беретін мектептердің патриоттық тәрбиеге байланысты тәжірибе жұмысының нәтижелерін жинақтау, салыстыру, талдау, қорытындылау.
Зерттеу жұмысының болжамы: Егер әлемдік педагогикалық озат жиынтығынан тұратын барлық оқу- тәрбие үдерісінің ең таңдаулы нұсқаулары, тұжырымдамалары Қазақстан Республикасының түкпір - түкпірінде жүзеге асырылып жатса, әрбір мектепте елін, жерін ардақтай білетін, рухани құндылықты бағалай білетін патриот тұлға қалыптасады.
Диплом жұмысының құрылымы: кіріспе, 2 тараудан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. Бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие берудің теориялық мәселелері
1. 1 Жалпы білім беретін орта мектепте патриоттық тәрбие берудің бағыттары
Ғылым әлемді танудың қайнар көзі болса, оның негізі - білім. Ал білімнің іргетасы мектепте қаланады. Бастауыш мектеп - бұл жалпы білім беретін мектептің оқушыларын оқыту, тәрбиелеу, дамыту және өзін - өзі тануға, тәрбиелеуге қолайлы жағдайды туғызатын алғашқы негізгі буын. Сондықтан мектептегі тұтас педагогикалық үдеріс сапалы нәтижеге жету үшін, оның бастауыш буындағы оқу- тәрбие саласы заман талабын қанағаттандыратындай деңгейде ұйымдастырылуы, ғылыми негізделуі және әдістемелік қамтамасыз етілуі тиіс. Жалпы білім берудің іргетасы болып саналатын бұл буынның өзіндік ерекшелігі, мәні мен мағынасы зор. Сол себептен қоғамда білім беру саласындағы өзгерістер де алдымен бастауыш сатыдан басталады. Осы аталған оң өзгерістерді жүзеге асыру үшін бастауыш саты мұғалімдері біліммен өзі қаруланған болуы тиіс. Тәрбие - қайшылықты және ұзақ үдеріс. Оның нәтижесін есепке алу күрделі мәселе. Ол үшін жобаланған және қол жеткен нәтижені салыстырып талдау керек, қол жеткен нәтиже дегенде тұлғаның тәрбиелік деңгейі түсініледі.
Мораль бүкіл тәрбие процесінің негізі болып табылады және оның барлық құрамды бөліктерін қамтиды. Ол, ең алдымен, халықтың сана-сезімінде және істерінде көрініс алады. Адамдарды белсенді еңбек пен қоғамдық іс-әрекеттерге талаптандыратын адамгершілік сезімдерінің ішіндегі аса бір әсерлі де тереңі патриотизм сезімі болып табылады. Ол идеялық сеніммен байланыста бола отырып қазақстан халқының еңбекке деген көзқарасынан, саналы тәртібінен, еңбектегі және жауынгерлік ерліктерінен, өмірі мен іс-әрекеттерінің басқа да саласынан көрініс алады. Бұл, өз кезегінде, бүгінгі танда жеткіншектерде патриотизм сезімін тәрбиелеуде жалпы білім беретін мектептің алдында тұрған жетекші міндетті айқындайды, қоғамдық идеяларды оқушылардың жеке басының сеніміне айналдыруға, жаңа қоғамдық құрылыс мүддесіне сай әрбір тұлғаның тіршілік әрекетін одан әрі қамтамасыз етуге итермелейді.
Бүгінгі жас ұрпақ - болашақ Қазақстан азаматы. Олар өзімізді қоршаған ірі өркениет орталықтарын, түрлі мәдениетті меңгеріп, өзін сыйлата алатын, рухани дүниесі бай, интеллект деңгейі жоғары, білімді де білікті жаһандану заманына сай болуы шарт.
Бастауыш мектепте тәрбие жұмысын жан-жақты ұйымдастыра отырып, оқушыларды тәрбиелеу болашақ қоғам мүддесі үшін еңбектене алатын, Отанын сүйетін, нағыз патриот тұлға етіп даярлауға бағытталады.
Жалпы білім беретін мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеу мәселелерін зерттеген ғалымдардың еңбектерінің қорытындылары мен тікелей мектеп практикасындағы мұғалімдердің іс-тәжірибелерінің қорытындыларына сүйене отырып, біз мектептегі патриотизмге тәрбиелеу - оқушылардың нақты іс-әрекеті, мінез-құлқын ұйымдастыру, оған бағыт беруді негізге алу қажет деп шештік. Патриотизмге тәрбиелеу үрдісінің танымдық мәнін естен шығаруға болмайды, бірақ ол әрбір оқушыда патриоттық сана, патриоттық сезім қалыптастырудан бастау алғанда ғана тиімді болмақ.
Мектеп окушыларына патриоттық тәрбие берудің іс-тәжірибелерін зерттеушілер олардың әдістері, формалары мен мазмұнын анықтаған (С. Ешімханов, С. Иманбаева, Л. Сейдахметова, т. б. ) ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып [5, 6], патриоттық тәрбиені калыптастырудың төмендегідей бағыттары бар:
1. Патриоттық білім
2. Патриоттық сана.
3. Патриоттық іс-әрекет.
Қазіргі қоғамның әлеуметтік сұранысын мектепке қойып отырған талап тұрғысынан қарастырғанда, патриоттық білім беру маңызды мәселе болып отыр. Патриоттық білім ол қоғамда білімнің тез және шапшаң қарқынмен дамуына байланысты туындауда. Өйткені оқушылардың мектепте алған білімдерімен шектеліп қалуына болмайды.
Әр оқушы білімді өздігінен ізденіп, ғылыми және техникалык ақпараттардың ағымына бағдар ұстау дағдысын қалыптастыру қажет. Бұл патриоттық білім үрдісін оқушы тұлғасын қалыптастыруға бағыттау үшін қажет.
Патриоттық білім - оқушылардың іс-әрекет тәсілдерді меңгеруі мен білім алуы, іскерлік пен дағдыны игеруге даярлау.
Патриоттық білім қасиеттілігі осы заманда ақпараттық алмасу үлгісінің қарқындығымен байланысты.
Ал ақпараттандыру - бұл адамзат өмірінің барлық жағына ақыл-ой, қызметтің интеллектілік құндылығы мен ықпал етушілік дәрежесінің артуына байланысты туатын объективтік үрдіс. Осыған орай білімді ақпараттандыру бүгінде оқушылардың жан-жақты дамуының басты шарты болып табылады. Бүгінгі таңда білімді ақпараттандыру нарықтық қарым-қатынас жағдайында оқушыларды өмірге жан-жақты даярлауды талап етеді.
Патриоттық білім тұлғаны жан-жақты дамыту, патриоттық сана мен сезім қалыптастыру үрдісі ретінде қарастырылады. Қазақстандық патриотизм өткен замандағы қоғам құндылықтары: тұлға, отбасы, білім, еңбек, Отан, Жер бетіндегі бейбітшілік. Бүгінгі таңдағы патриоттық тәрбие жекелеген бағыттарға ғана емес, қоғам құндылықтарына қарай бағыт ұстайды. Өйткені патриоттық сезімнің басты нысанасы - Отан, оның мазмұны: туған жер, табиғат, дін, тіл, дәстүр, тарих, әдебиет, өнер. Олар жеке тұлғаны ерекше жылылық, сүйіспеншілік сезіміне баулып, патриоттық сезімнің қайнар көзі болады. Ал патриотизм дегеніміз Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдері, яғни қазақстандыктардың Отанымызға, елімізге, жерімізге деген сүйіспеншілігі. Әрине, Отанды сүю - әркімнің сана-сезіміне байланысты, қасиетті сезім. «Бұл сезім әркімді, әр кезеңде (яғни әртүрлі жаста) оянып, кейін кәмелетке келгенде біржола буыны қатып, тәжірибемен, жаспен, уақытпен, біліммен, қоршаған ортаның ықпалымен, мемлекеттік және қоғамдық, әлеуметтік институттардың әсерімен қалыптасады», деп көрсетеді Ә. Қалмырзаев.
Отанға деген сүйіспеншілік, туған жерге құрмет, патриотизм -тұлғаның дамуындағы ең жоғарғы деңгейді сипаттайтын аса маңызды рухани игіліктердің бірі. Ол адамның Отан игілігі үшін қызмет етуінен, қажет болса, сол мақсат жолында ғұмырын құрбандыкка шалуға дейін баруынан көрінеді.
Біз баршаға мүмкіндік беретін қоғамды - әрбір адамның жеке басы мен бостандығын құрметтейтін, өзіне-өзі қызмет етуге жағдайы жоқ жандарды қамқорлыққа бөлейтін, қандай еңбекті болса да қадірлейтін, ана мен баланы қорғайтын, зейнеткерлерге қамқор болатын, ардагерлер мен отан қорғаушыларды ардақ тұтатын қоғам құруды аяқтауға тиіспіз. Бұл - Қазақстанның шынайы патриоттарының басты ісі. Сондай-ақ патриоттық сезімді еліміздің әрбір азаматының санасына сіңіру - - кезек күттірмейтін мәселе.
Ұлтына, нәсіліне, сенімі мен нанымына, саяси көзқарасы мен ұстанған бағыт-бағдарына, т. б. ерекшеліктеріне қарамастан, Республикамыздың әрбір азаматы өзі өмір сүріп, ауасын жұтып, игілігін пайдаланып отырған мемлекетін «Туған елім, Отаным» деп тануы қажет. Мемлекетке есімін беріп отырған ұлттың салт-дәстүріне құрметпен қарау, оның тілі мен дінін сыйлау, заңдарына бағыну, рәміздерін ардақтап, жетістіктеріне шаттану - қоғамның әрбір мүшесінің басты міндеті.
Патриоттық сана - сабақта және сабақтан тыс іс-шараларда Отанды сүю. елін қорғауға байланысты басты ұғымдарды ашып көрсету арқылы қалыптасады.
Елімізде болып жатқан шын мәніндегі тарихи өзгерістер, ұлттық сана-сезімнің өсуі, ұлт арқылы қатынастар үрдісі Отанымыздың ортақ тағдыры үшін жауапкершілікті сезінетін патриоттар тәрбиелеуді ерекше талап етеді.
Осыған байланысты мектеп ұжымдарының жас ұрпақтың патриоттық санасын қалыптастыру үрдісіндегі іс-әрекетіне қажетті, адамгершілік ұстанымдар мен тұжырымдардың мәндерін тереңірек анықтау қажет.
Қазіргі коғамдағы патриоттық сана екі топтан тұратын біртұтас жүйе ретінде беріледі:
1. Оқушылардың сана-сезімін өз ұлтының мәдениеті мен ана тілін меңгеру негізінде дамыту.
2. Әлемдік өркениет жетістіктерін, жалпы адамдық касиеттер жүйесін меңгеру негізінде дамыту; яғни оқушылардың өз халқының тарихы мен мәдени дәстүрлерін үйрену, интеллектуалды және эмоционалды дамуы, сондай-ақ әлем халықтары мәдениетінің дамуындағы бір-біріне ықпалы туралы түсінігін қалыптастыру.
Бастауыш сыныпта патриоттық сананың негізгі жүйесін мына ретте қалыптастыруға болады:
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге үйрету.
- Ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды дамыту.
- Батыр, қаһарман, елжанды азаматтардың ерлігін үлгі ете отырып, отаншыл, ұлтжанды, намысшыл, ұлттық тілді меңгерген, тарихын білетін патриот тұлға тәрбиелеу.
Мемлекеттік рәміздер Ту, Елтаңба, Әнұранда халқымыздың өткен өмір тарихы, бүтінгі игілікті істері айшықталған. Осы Мемлекеттік рәміздерден басталған тәрбие тұлғалардың қоғамдық бағыт-бағдарын анықтайды, адамгершілік құндылықтарын қалыптастырады, әлеуметтік белсенділігін жоғарылатып, өз іс-әрекеттеріне жауапкершілігін арттырады және Отан игілігі жолында қызмет етуге ұмтылдырады. Сондай-ақ қазақ халқының озық гуманистік құндылықтары негізінде жалпы ұлтжандылыққа, қазақстандық патриотизмге, отансүйгіштікке, жастарды ашық пікір таласқа, сөз бостандығына тәрбиелейді [7] .
Баланың әрбір даму кезеңінде жетекші іс-әрекеті болады, мұндай іс-әрекет өзінің мақсаттары, мотивтері және орындалу тәсілдерімен сипатталады.
Патриоттық іс-әрекет - тұлғаның мұқтаждарын қанағаттандыру мен таным немесе психикалық үрдістерін қалыптастыруға бағытталған іс-әрекет.
Қазақстан мектептерінде өсіп келе жатқан жас буындарды патриотизмге тәрбиелеудің теориясы мен практикасына қатысты жеткілікті тәжірибелер жинақталған. Осы тәжірибелердің белгілі бір кезеңдегі жай-жапсарын зерттеу, танып білу, оның нәтижелерін қазіргі даму жағдайында мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеу жолдары мен бағыттарын қарастыру бүгінгі күн талаптарынан туындап отыр.
Жеткіншектерді патриотизмге тәрбиелеуде классик-педагогтар К. Д. Ушинский, А. С. Макаренко, В. А. Сухомлинский үлкен үлес қосты [8, 9, 10] . Олар өз еңбектерінде патриоттық тәрбиенің маңызды идеяларын қарастырып, бағыттарын көрсетті.
Советтік патриотизмді Н. П. Егоров қарастырса, Г. И. Щукина, Б. Т. Лихачев еңбектерінде патриотизмнің мән-мазмұнын қарастырады [11, 12, 13] .
Қазақстан халқының патриоттық көзқарасын қалыптастыруда терең ғылыми зерттеулер жүргізіліп, жаңа бағыттар іздестірудің үлкен маңызы болды. Педагогика саласында зерттеулер жүргізген отандық ғалымдар С. Қалиев, С. Ұзақбаева, Е. О. Омар, еңбектерінде педагогика тарихы мен теориясына қатысты мәселелер қамтылған [14, 15, 16, ] . Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін жеткіншектерді патриотизмге тәрбиелеу мәселелеріне түрлі бағыттарда Е. Жұматаева, С. Т. Иманбаева, Д. С. Құсайынова, У. К. Санабаев, Л. Сейдахметова т. б. зерттеулер жүргізді [17] . Олар жеткіншектерге патриоттық тәрбие беру жұмыстарының мазмұнына, міндеттеріне, оны шешудегі әдіс-тәсілдеріне қатысты ұсыныстар береді.
Патриотизм идеясының дамуына француз материалистерінің, неміс философтарының да қосқан үлесі мол.
Орыс революционер - демократтары да көптеген құнды идеялар көтерді.
Жүсіп Баласағүни, Қожа Ахмет Ясауи, Әбу Насыр Әл-Фараби, Махмуд Қашғари т. б. еңбектерінде келелі, пікірлер айтылған.
Асан Қайғы, Шалкиіз, Бұхар жыраулар, Махамбет Өтемісұлы да өз шығармаларына арқау етті.
Патриоттық сезімді қазақ ағартушылары Ш. Уалиханов, Ы. Алтынсарин, Абай шығармаларынан да байқауға болады.
Отаншылдық сезім - адамға туа біткен қасиет емес. Ол адамның саналы өмірімен қабаттас қалыптасатын психологиялық, саяси -әлеуметтік құбылыс. Патриоттық сезім жалпы адам баласының еліне, жеріне, өз тілі мен мәдениетіне, ұлттық құндылықтарына жеке қатынасын, өзіндік бағасын түйсінуін, қуаттап қолдауын пайымдайтын сезім көрсеткіші болып табылады. Осыған орай Н. Ә. Назарбаев, - патриотизмді «әр этностың ұлттық сезімін сыйлап, бірде-бір ұлтпен қарама-қайшылық туғызбау»- деп белгілеген.
Егемендік алған бастапқы күндерден-ақ патриотизм ұғымы, оның мазмұны төңірегінде пікірталас жүріп келді. Одан, «ұлттық патриотизм», «қазақстандық патриотизм» - деген екі ұғымның туындағаны белгілі. Бірақ, өсіп келе жатқан жас буындарды отаншылдыққа тәрбиелеуде бұл екі ұғымның қайсысын ұстанған жөн; олардың мазмұндық құрылымы қандай ой-тұжырымдар жүйесінен тұрады; бұдан былайғы кезде жастарды патриотизмге бұрыннан қалыптасқан әдіс-тәсілдері, формалары мен мазмұнын қолдануға бола ма?, - деген сияқты көптеген проблемалар туындап отыр.
Бүгінгідей демократиялық бағыт ұстанып отырған қоғамда, балалар мен жастардың тағдыры өздеріне, отбасының материалдық ахуалына байланысты болып отырған жағдайда патриотизмнің маңызын айқындау басты мәселелердің бірі екені даусыз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz