Жаңа педагогикалық технологиялар арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру жолдары



КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді. Бұл міндеттерді шешуде, әрбір білім беру мекемесі, әрбір мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы, барлық жаңалықтар мен қайта құру өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды.
Қазіргі кездегі жоғары білім беру қоғам талаптарын қанағаттандырудың бірнеше жүйелерін қарастырады, яғни ғылымды, білімді және өндірісті интеграциялау түрі ретінде ғылыми оқу-өндірістік кешендер құру; оқытуды және студент еңбегін дараландыру, білім беруді ізгілендіру; оқытушылардың кәсіби даярлығына жоғары талап қою, жоғары оқу орнында болашақ мұғалімдерді даярлау мен олардың кәсіби деңгейін жаңа педагогикалық технологиялар негізіне көтеру қажет.
1 Студенттердің педагогикалық практикасы: оқу-әдістемелік құрал.- Алматы, 2004. – 7 6б. (К.М.Беркімбаев, Е.Д.Оразбаевпен бірлестікте).
2 Жалпы психология және педагогика негіздері: оқу-әдістемелік құрал.-Алматы, 2005.-75 б. (Е.К.Қуандыковпен бірлестікте).
3 Психологиялық жаттығулар, тестілер, тапсырмалар: оқу-әдістемелік құрал. - Алматы, 2006. – 75б. (К.М.Беркімбаев, Б.Н.Садуовпен бірлестікте).
4 Жан тыныштығы тән саулығы // Білім-Образования.- 2003.- №4 (14).- 215-218 бб. (К.М.Беркімбаев, Ы.С.Молдалиевпен бірлестікте).
5 Ұстаз беделі кәсіби шеберлікте. «Шоқан тағлымы-10» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалы.- Көкшетау, 2005.- ІІ том.- 91-92 бб. (К.М.Беркімбаев, Б.Н.Садуовпен бірлестікте).
6 Бүгінгі студент - келешек білікті маман // Білім-Образование.- 2006. - №3.- 61-64бб. (К.М.Беркімбаев, Б.Н.Садуовпен бірлестікте).
7 Педагогтарды кәсіби даярлаудың қазіргі мәселелері. «Экология, білім, ғылым және қоғам» атты Республикалық ғылыми-теориялық конференцияның еңбектері. - Кентау, 2006.- 345-349 бб. (К.М.Беркімбаев, А.Исаевамен бірлестікте).
8 Кредиттік технологияны қолдану маңызы. «Экология, білім, ғылым және қоғам» атты Республикалық ғылыми-теориялық конференцияның еңбектері. - Кентау, 2006. - 396-398 бб. (К.М.Беркімбаев, М.Сарбаевамен бірлестікте).
9 Болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастырудың құрылымдық-логикасы: «Шоқан тағлымы-12» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция. - Көкшетау, 2007.- І том.- 340-342 бб.
10 Педагогикалық технология болашақ мұғалімдердің білім сапасын арттырудың құралы: Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары.- Тараз.- І том.- 2007.- 173-177 бб.
13 Бірінші курс студенттерін болашақ қызметін бейімдеу шарттары. Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. - Тараз, 2007. - 168-172 бб.
12 Кредиттік технология негізінде студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру: Жалпы және кәсіби педагогиканың өзекті мәселелері атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары.- Қарағанды, 2005.- І том.- 70-72 бб.
14 Жаңа формациядағы мұғалімдерді дайындаудағы психология және педагогика пәндерінің рөлі: Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары.- Көкшетау, 2007.- І том.- 75-80 бб.
15 Педагогикалық практиканың болашақ мұғалімдерді дайындаудағы маңызы: Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. - Тараз, 2007.- І том.- 175-180 бб.
16 Жаңа педагогикалық технологиялар - болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру құралы //Ізденіс. - Алматы, 2007.- №4. 181-188 бб.
17 Жаңа педагогикалық технологиялардың болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастырудағы алатын орны мен маңызы // Ұлт тағылымы.- Алматы, 2007.- №4. 78-82 бб.
18 Жаңа педагогикалық технологияларды тиімді пайдалану мұғалімнің шеберлігіне байланысты //Білім берудегі менеджмент.- Алматы, 2008.- №1.- 96-99 бб.
19 Жаңа педагогикалық технологияларды оқыту үдерісінде қолдану принциптері // Хабаршы.- Түркістан, 2008. - №3.
20 Болашақ мұғалімдердің кәсіби іс-әрекетін қалыптастырудағы жаңа педагогикалық технологиялар: Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары.- Семей, 2007. - 530-532 бб.
21 Дәріс сабағын жүргізудегі жаңа педагогикалық технологияларды қолдану барысы: Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары.- Көкшетау, 2008.- І том. - 301-304 бб.
22 Жаңа педагогикалық технологиялар – болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру құралы ретінде //Профессионал. - Алматы, 2008. - №3.- 98-92 бб.
23 Жаңа педагогикалық технологияны тиімді пайдалану білімділіктің негізі. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. - Қарағанды, 2007.- І том. - 75-79 бб.
24 Тәрбие болашақ жастардың тұлғалық қадір-қасиетін қалыптастыратын негізгі құралы. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары.- Алматы, 2008.- І том.- 156-159 бб.
25 Жаңа педагогикалық технологияларды оқыту үдерісінде қолдану ерекшеліктері: Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары.- Павлодар, 2008.- І том.
26 Жаңа педагогикалық технологиялардың оқу үдерісінде алатын орны мен атқаратын қызметі. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары.- Шымкент, Отырар университеті , 2007.- І том. - 125-129 бб.
27 Білім беру жүйесінің негізгі мақсаты тұлғаны тәрбиелеу. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материлдары.- Көкшетау, 2008.- І том.
28 Кредиттік технология бойынша ОБСӨЖ жүргізудің әдістемелік нұсқауын дайындау ерекшеліктері. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары.- Шымкент, 2008.- І том.
29 Қазіргі педагогикалық технологиялар: оқу-әдістемелік құрал.- Алматы, 2008. – 76 б. (К.М.Беркімбаев, Л.К.Керимовпен бірлестікте).

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
ӘОЖ 378.02:37.6.013.41
Қолжазба құқығында

САДУОВА ЖАНАР НҰРӘЛІҚЫЗЫ

Жаңа педагогикалық технологиялар арқылы болашақ мұғалімдердің
кәсіби бағыттылығын қалыптастыру

13.00.08 – Кәсіптік білім беру теориясы мен әдістемесі

Педагогика ғылымдарының кандидаты
ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

А В Т О Р Е Ф Е Р А Т Ы

Қазақстан Республикасы
Түркістан, 2008
Жұмыс Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде
орындалған.

Ғылыми жетекшілері: педагогика ғылымдарының
докторы,
профессор
Л.К. Керімов

педагогика
ғылымдарының докторы,
доцент
К.М. Беркімбаев

Ресми оппоненттері: педагогика ғылымдарының
докторы,
профессор Б.Т. Кенжебеков

педагогика ғылымдарының
кандидаты,
доцент Қ.А Сарбасова.

Жетекші ұйым: Евразиялық гуманитарлық
институт

Қорғау 2008 жылы ______________сағат_____ Қ.А.Ясауи атындағы
Халықаралық қазақ-түрік университеті жанындағы педагогика ғылымдарының
докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 14.61.35 диссертациялық кеңесінің
мәжілісінде өтеді.
Мекен-жайы: 161200, Түркістан қаласы, Университет қалашығы, Мәдениет
орталығы, кіші мәжіліс залы.

Диссертациямен Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік
университетінің кітапханасында танысуға болады. Мекен-жайы: 161200,
Түркістан қаласы, Университет қалашығы, Мәдениет орталығы.

Автореферат 2008 жылы ______________таратылды.

Диссертациялық кеңестің
ғалым хатшысы
К.М. Беркімбаев

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының Білім туралы
Заңында Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық
құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды
қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті
жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді
ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу -
деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді. Бұл
міндеттерді шешуде, әрбір білім беру мекемесі, әрбір мұғалімнің күнделікті
ізденісі арқылы, барлық жаңалықтар мен қайта құру өзгерістерге батыл жол
ашарлық жаңа практикаға, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды.
Қазіргі кездегі жоғары білім беру қоғам талаптарын қанағаттандырудың
бірнеше жүйелерін қарастырады, яғни ғылымды, білімді және өндірісті
интеграциялау түрі ретінде ғылыми оқу-өндірістік кешендер құру; оқытуды
және студент еңбегін дараландыру, білім беруді ізгілендіру; оқытушылардың
кәсіби даярлығына жоғары талап қою, жоғары оқу орнында болашақ мұғалімдерді
даярлау мен олардың кәсіби деңгейін жаңа педагогикалық технологиялар
негізіне көтеру қажет. Мұндай үдеріс әлемнің түрлі елдерде өздерінің ұлттық
ерекшеліктеріне, экономикалық жағдайына, білім беру жүйесінің дәстүрлеріне
қарай әртүрлі деңгейде көрініс тапқан.
Жеке тұлғаны жан-жақты дамыту шеңберінде білім берудің мақсаты мен
мәнінің өзгеруі білім беру технологиясы деп аталатын жаңа ұғымның пайда
болуына ықпал етті. Бұл ұғымның мәнін білім беру үдерісін өзгеше дамытатын
жүйе деп түсінуге болады, онда білім алушылардың іс-әрекеті жетекші фактор
болып табылып, оқыту мұғалім мен білім алушының субьектаралық өзара
әрекетін қарастыратын және олардың мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін
рефлексиялық басқару ретінде көрінеді.
ЖОО-да білім беру технологияларын пайдаланудың тиімділігі болашақ
мұғалімнің кәсіби іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыра алуымен байланысты.
Педагогикалық іс-әрекеттің қыр-сырын әртүрлі салада қарастырған ауқымды
зерттеу еңбектері баршылық. Мәселен, болашақ мұғалімнің кәсіби мәнді
сапаларын қалыптастыру және тұлғасын дамыту, педагогикалық іс-әрекеттің
дидактикалық негіздерін айқындау, ЖОО-да оқу үдерісінің тиімділігін
арттыру мәселелері қазақстандық ғалымдар - А.П. Сейтешов, Н.Д. Хмель,
С.А. Ұзақбаева, Л.К. Керимов, Б.Р. Айтмамбетова, Б.Ә.
Әдікәрімұлы, М.А. Құдайқұлов, А.Е. Әбілқасымова, Ғ.К.
Ділімбетова, В.В. Егоров, М.Ж. Жадрина, А.А.
Калюжный, М.С. Молдабекова, З.А. Исаева, Б.К.
Момынбаев, Г.Ж. Меңлібекова, Г.К. Нұрғалиева, С.А. Жолдасбекова,
М.Н. Сарыбеков, Қ. Сарбасова, Ә. Абуов, Б.С. Имандосова және т.б.
еңбектерінде қарастырған.
Болашақ түрлі сала мамандарының кәсіби бағыттағы даярлығын әр қырынан
қалыптастыру бойынша ғалымдар еңбектерінің маңызы зор. Олар: С.Ж. Пірәлиев,
Л.А. Шкутина, С.Ә. Әбдіманапов, К.М. Беркімбаев, Ж.К. Оңалбек т.б. болашақ
мұғалімдерді кәсіби даярлау; Б. Кенжебеков, Б.А. Оспанова болашақ
мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігі мен креативтілігі туралы еңбектері бар.
Оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру мақсатында педагогикалық технологияларды
ұсынған Н.П. Гузиктің, В.М. Монаховтың, В.Ф. Шаталовтың, Т. Галиевтың,
Л. Бектұрғановалардың еңбектері және т.б. ғылыми тұрғыдан практикалық
мәні зор еңбектері біздің зерттеу жұмысымызда басшылыққа алынды.
Педагогикалық технологияларды білім беру саласында пайдаланудың әдіс-
тәсілдері, шарттары, дидактикалық-әдістемелік негіздері В.П. Беспалько,
Ж.А. Қараев, Ш.Т. Таубаева, Қ. Ералин, Б.Т. Барсай, Д.М. Жүсібалиева,
М.В. Кларин, Қ.Ө. Қариева, С.А. Көшімбетова, Қ.
Қабдықайырұлы, А.А. Саипов, Г.К. Селевко, Б.К. Төлбасова және т.б.
ғалымдардың зерттеу еңбектерінің арқауы болды.
Көптеген ғалымдар жаңа педагогикалық технологияларды оқыту
үдерісінде қолдану мәселесіне ерекше мән беріп келеді. Мысалы, Ж.А. Қараев
оқытудың компьютерлік технологияларын пайдалану жағдайында оқушылардың
танымдық белсенділігін арттыру, С.М. Кеңесбаев болашақ мұғалімдердің жаңа
ақпараттық технологияны пайдалана білу мәселелерін, С.А. Көшимбетова оқу-
тәрбие үдерісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланудың
педагогикалық шарттары, Қ.А. Сарбасова инновациялық педагогикалық
технологиялар негізінде бастауыш сынып мұғалімдерінің даярлығын жетілдіру,
Ә.Е. Абуов мектептің оқу үдерісінде инновациялық білім беру
технологияларын қолданудың педагогикалық шарттарын қарастырған.
Біз жоғарыда аталған еңбектерге талдау жасай отырып бүгінгі таңда жаңа
педагогикалық технологияларды оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану мәселесінің
ғылыми-теориялық тұрғыда әлі де болса шешімін таппай отырғандығын
анықтадық.
Болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығына бүгінгі өркениетті қоғамның
сұранысы мен оларды жоғары оқу орындарында даярлауда жаңа педагогикалық
технологияларды пайдаланып теориялық және практикалық білім беруді
жетілдіруде әдістемелік нұсқаулардың жоқтығы арасында қарама-қайшылықтар
бар екені анық байқалады. Осы қайшылықтардың шешімін іздестіру біздің
зерттеу мәселемізді айқындауға және тақырыпты Жаңа педагогикалық
технологиялар арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын
қалыптастыру деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеудің нысаны: болашақ мұғалімдерді жоғары оқу орнында кәсіби
даярлық үдерісі.
Зерттеудің пәні: жаңа педагогикалық технологиялар арқылы болашақ
мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру.
Зерттеудің мақсаты: жаңа педагогикалық технологиялар негізінде болашақ
мұғалімдердің кәсіби- бағыттылығын қалыптастыруды теориялық-әдістемелік
тұрғыдан негіздеу, оны ғылыми-әдістемелік нұсқаулар негізінде жетілдіру.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, болашақ мұғалімдердің кәсіби
бағыттылығын қалыптастыратын жаңа педагогикалық технологиялардың мәні мен
мазмұны теориялық тұрғыдан айқындалып, моделі жасалса және педагогикалық
жүйе ұсынылып тәжірибеге ендірілсе, онда бүгінгі қоғамға қызмет ететін
білікті және бәсекеге қабілетті мұғалім мамандары даярланады, өйткені бұл
қазіргі білім беру саласындағы қоғамдық сұраныс.
Зерттеудің міндеттері:
- болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлаудағы жаңа педагогикалық
технологиялардың мәні мен мазмұнын теориялық тұрғыдан негіздеу.
- болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру моделін
жасау, өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлерін анықтау.
- болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастырудағы
педагогикалық практикалардың мүмкіндіктерін айқындау.
- жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану арқылы болашақ
мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру жүйесін құру.
- ұсынылған әдістемелік жүйенің нәтижесін тәжірибелік-экспериментте
тексеру және тәжірибеге ендіру.
Зерттеудің жетекші идеясы. Болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын
қалыптастыруда жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану қазіргі заман
талабына сай білікті мамандардың даярлығын жетілдіре түседі.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздерін тұтас педагогикалық
үдерісінде жаңа педагогикалық технологиялар бойынша тұжырымдар, жеке
тұлғаның әлеуметтік мәні туралы философиялық, психологиялық қағидалар, жеке
тұлғалық – бағдарлы білім беру теориясы, ғылым мен практиканы кіріктіру
теориясын құрайды.
Зерттеудің көздері. Қазақстан Республикасының Білім беру туралы
Заңы, Қазақстанның-2030 даму стратегиялық бағдарламасы; Қазақстан
Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамытудың тұжырымдамасы;
Отандық және алыс-жақын шетелдік педагог ғалымдардың зерттеліп отырған
мәселе бағытындағы еңбектері; Қазақстан Республикасы үкіметінің ресми
құжаттары, заңдары, қаулы-қарарлары, оқу-әдістемелік құралдар,
бағдарламалар, автордың өзінің жеке басына тән ғылыми-әдістемелік және іс-
әрекет тәжірибесі.
Зерттеудің әдістері. Зерттеу проблемасы бойынша философиялық,
психологиялық, педагогикалық ғылыми әдебиеттерге, жоғары және арнайы оқу
орындарының оқу-тәрбие үдерісінің құжаттарына талдау жасау; бақылау,
әңгімелесу, сауалнамалар жүргізу; озық тәжірибелерді зерделеу, эксперимент
жүргізу, алынған нәтижелерді математикалық тұрғыдан өңдеу.
Зерттеудің теориялық мәні мен ғылыми жаңалығы:
1. Жаңа педагогикалық технологиялар арқылы болашақ мұғалімнің кәсіби
бағыттылығының қалыптасуына теориялық тұрғыдан талдау жасалған.
2. Болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру моделі
жасалып, өлшемдері, көрсеткіштер мен деңгейлері нақтыланған.
3. Болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастырудағы
педагогикалық практикалардың мүмкіндіктері айқындалған.
4. Жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану арқылы болашақ
мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыратын жүйе құрылған.
5. Ұсынылған әдістемелік жүйе тәжірибелік-экспериментте тексеріліп және
нәтижесі дәлелденген.
Зерттеудің практикалық маңызы. Зерттеудің нәтижелері бойынша жоғары оқу
орнының студенттеріне арналған жаңа педагогикалық технологиялардың
мазмұндық сипаттамасы, болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын
қалыптастыру моделі мен педагогикалық жүйесі, Қазіргі педагогикалық
технологиялар және Мұғалім іс-әрекетінің психологиялық-педагогикалық
негіздері атты арнайы курс бағдарламалары болашақ ұстаздардың кәсіби
бағыттылығын қалыптастыру мақсатында жоғары оқу орындарының тәжірибесіне
ендірілді.
Зерттеу нәтижелерін жоғары және арнайы орта педагогикалық оқу
орындарындағы мұғалім мамандарын даярлауда және Республикалық, аймақтық
мұғалімдердің кәсіби білімін жетілдіру институттарында пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:
1. Жаңа педагогикалық технологиялардың ғылыми-теориялық мазмұны болашақ
мұғалім мамандарының педагогикалық білімдерін жетілдіріп қана қоймайды, ол
кәсіби бағыттылықты қалыптастырудың жетекші құралы болып табылады, өйткені
ол оқу-тәрбие үдерісінің тиімділігін арттырып, білікті, шығармашыл,
белсенді мұғалімдерді даярлауға септігін тигізеді.
2. Болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру моделі
мотивациялық, мазмұндық, іс-әрекеттік компоненттері бірлігінде байқалады
және нақты өлшемдер мен көрсеткіштер және деңгейлер арқылы сипатталады.
3. Болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастырудағы
педагогикалық практикалардың мүмкіндіктері.
4. Жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану арқылы болашақ
мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыратын жүйесі.
5. Болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастырудың
педагогикалық жүйесі Қазіргі педагогикалық технологиялар және Мұғалім іс-
әрекетінің психологиялық-педагогикалық негіздері атты арнайы курс
бағдарламалары, Жалпы психология және педагогика негіздері,
Студенттердің педагогикалық практикасы, Жас ерекшелік және педагогикалық
психология, Психология мамандығына кіріспе пәндері және педагогикалық
практика және арнайы курстар арқылы жүзеге асырылады.
Зерттеу кезеңдері. Зерттеу үш кезеңге сәйкес жүргізілді.
Алғашқы кезеңде (2002-2004 ж.ж.) зерттеудің теориялық негіздері
анықталды, философиялық, психологиялық, педагогикалық ғылыми-әдістемелік
зерттеулер мен педагогикалық технологиялар бойынша әдебиеттер терең
меңгеріліп, теориялық тұрғыдан талданды, зерттеудің ғылыми аппараты
анықталды.
Екінші кезеңде (2004-2006 ж.ж.) ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге,
қазіргі ғылым мен техниканың даму жағдайындағы, психологиялық және
педагогикалық бағыттағы пәндердің мазмұнын жетілдірудегі басты идеяларға,
жоғары оқу орындарында психология және педагогиканы оқытудағы алдыңғы
қатарлы озат тәжірибелер мен әдістерге сүйене отырып, қазіргі педагогикалық
технология, мұғалім іс-әрекетінің психологиялық-педагогикалық негізі
курстарының мазмұны анықталып, бағдарлама құрастырылды; оқытушыларға және
студенттерге арналған әдістемелік нұсқаулар дайындалды, экспериментке
қатысушылардың әр түрлі топтары үшін тәжірибелік-педагогикалық жұмыстардың
бағдарламасы мен әдістемесі жасақталып, анықтау және қалыптастыру, бақылау
эксперименттері жүргізілді.
Үшінші кезеңде (2006-2007 ж.ж.) жоғары оқу орындарында Қазіргі
педагогикалық технологиялар, Мұғалім іс-әрекетінің психологиялық-
педагогикалық негіздері атты арнайы курстары жасалынып,
тәжірибелік тексеруден өткізіліп, алынған нәтижелер психологиялық және
педагогикалық бағыттағы пәндердің құрамды бөліктері бойынша эксперименттік
және бақылау топтарының оларды игеру деңгейлерін салыстыру әдісімен
өңделді; теориялық және тәжірибелік тексеру жұмыстарының нәтижелері
жүйеленіп, тұтас зерттеу бойынша қорытынды шығарылды және әдістемелік
ұсыныстар жасалды.
Зерттеу базасы. Тәжірибелік-зерттеу жұмыстары Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ
Кентау институтында, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да жүргізілді.
Зерттеу нәтижелерін талқылау және ендіру. Диссертациялық жұмыстың
негізгі нәтижелері Халықаралық (Шымкент, 2004, 2007, Қарағанда, 2005,
Көкшетау, 2005, 2007, 2008, Кентау, 2006, Тараз, 2007, Семей, 2007,
Алматы, 2007), республикалық (Шымкент, 2004, 2005) ғылыми-практикалық және
ғылыми-теориялық конференцияларда, республикалық педагогикалық оқуларда
(Шымкент, Түркістан, Кентау 2002-2007) және Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық
қазақ-түрік университетінің жыл сайынғы өтетін конференцияларда, ғылыми-
әдістемелік семинарларда, сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан облыстық,
аймақтық, қалалық білім беру басқармаларында баяндалды, мерзімді ғылыми-
педагогикалық басылымдарда, жинақтарда, бағдарламаларда, әдістемелік
нұсқауларда, оқу-әдістемелік құралдарда, электронды оқулықтарда көрініс
тапты. Жалпы саны – 29.
Диссертация құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды
мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.
Кіріспе бөлімде зерттеудің көкейкестілігі, мақсаты, нысаны, пәні,
міндеттері, ғылыми болжамы, жетекші идеясы, зерттеудің теориялық және
әдіснамалық негіздері, зерттеу көздері, әдістері мен кезеңдері беріледі
және ғылыми жаңалығы, практикалық мәні, қорғауға ұсынылған қағидалар
мазмұндалады.
Жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану арқылы болашақ
мұғалімдерді кәсіби даярлаудың теориялық негіздері атты бірінші бөлімде
Отандық және алыс-жақын шетелдік педагог ғалымдардың ғылыми зерттеу
еңбектеріне талдау жасай отырып, инновация, технология, жаңа
технология және т.б. ұғымдардың мазмұны мен мәніне ғылыми-теориялық
тұрғыдан мазмұндық сипаттама жасалып, теориялық негізі анықталды. Жаңа
педагогикалық технологиялар негізінде болашақ мұғалімдердің кәсіби
бағыттылығын қалыптастыру моделі ұсынылады.
Болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру әдістемесі
атты екінші бөлімде болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын
қалыптастыратын жаңа педагогикалық технологиялардың педагогикалық жүйесі
жасалып оның тиімділігін айқындау мақсатында әдістемлік нұсқаулар, арнайы
курс бағдарламалары ұсынылады, тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының әрбір
кезеңдеріндегі нәтижелері мазмұндалды, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар
беріледі.
Қорытындыда болжамды дәлелдейтін зерттеудің негізгі нәтижелері мен
тұжырымдары мазмұндалады, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беріледі және
қарастырылып отырған мәселенің келешекте зерделенетін бағыттары айқындалды.
Қосымшада зерттеу жұмыстарында қолданылған Жоғарғы оқу орындарындағы
оқыту үдерісінде оқытушы мен студенттердің бірлескен іс-әрекеттерінің
құрылымдық-мазмұндық тәсілі, сауалнамалар, дәріс, практика, семинар
сабақтарын өткізу жоспарының үлгілері, педагогикалық практика құжаттарының
рәсімделуі, зерттеу нәтижелерін оқу орындарында ендіру анықтамалары
келтіріледі.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Техникалық прогресс пен ғылыми ақпарат көлемінің ұлғаюы, жоғары
мектептегі білім беру мазмұнын және оқу-тәрбие орындарының іс-әрекет
қағидаларын қайта құрылуының бәрі мұғалімнің кәсіби біліктілігі мен
шеберлігі, бүкіл педагогикалық үдерістің тұлғалық бағдарлануына қойылатын
талаптардың сөзсіз арта түсуіне алып келеді. Бүгінгі таңда кез-келген оқу
орындарында оқу үдерісін жетілдіру үшін жаңа педагогикалық технологияларын
пайдаланудың тиімділігін практиканың өзі дәлелдеп отыр. Мұның өзі аталған
мәселенің теориялық негіздемесін жасау қажеттілігін туындатады.
Технология ұғымы соңғы кездері педагогикалық әдебиеттегі ең көп
қолданылатын ұғымдардың біріне айналды. Технология ұғымының дидактикалық
ұғымдармен байланысы сан алуан: оқытудың технологиясы, педагогикалық
технология, білім беру технологиясы, тәрбие технологиясы, қарым-қатынас
технологиясы, дамыту технологиясы, қалыптасу технологиясы, модульдік
технология, топтық оқыту технологиясы және т.б. Бұл технологиялардың қайсы
түрі болмасын анықтаманы қажет етеді. Сондықтан да әрбір автор технология
дегеніміз не? - деген сұраққа немесе технологиямен байланысты жеке ұғымға
өз анықтамасын беруге тырысады. Нәтижесінде, дәл қазіргі кезде білім беру
жүйесінде жүріп жатқан үдерістердің технологиясына түсіндіретін жалпы
анықтама жоқ. Біз зерттеу барысында технология дегеніміз әрбір пән
мұғалімінің қоғам талаптарына сәйкес білім беру жолдарын ұсыну шеберлігі
деген тұжырымға келдік.
Білім беру жүйесі – басқару органдарынан, түрлі типтегі және деңгейдегі
білім беру мекемелерінен, жүйенің жұмыс істеуі және дамуын қамтамасыз
ететін қаржы қорлары мен материалдық обьектілерден, ғылыми орталықтардан
тұратын күрделі құрылым болып табылады. Технологиялық тәсіл білім беру
жүйесінің кез-келген саласында қолданылуы мүмкін. Сондықтан, білім беру
технологиясы деген сөз тіркесін бірыңғай түсіндіру мүмкін емес. Көптеген
авторлар бұл жағдайды интуиция деңгейінде түсінеді де, бұл ұғымды тек қана
оқытушы мен білім алушы арасындағы арнайы ұйымдастырылған үдерістерге ғана
қатысты қолданады. Егер бұл үдерісті оқыту үдерісі деп атайтын болсақ, онда
оған технологияның осы салаға арналған жиынтығы жатады. Біздің
қарастыратынымыз да технологияның осы түрлері.
Жаңа педагогикалық технологиялар негізінде болашақ мұғалімдерінің
даярлығын жоғары оқу орнының қабырғасында жетілдіру оқу үдерісін жобалау
арқылы іске асырылады. Болашақ мұғалімдердің кәсіби-педагогикалық даярлығын
қамтамасыз ететін барлық оқу пәндері үшін оқу үдерісін жобалаудың бірегей
алгоритмі жаңа оқу мақсатын құрып, соған сәйкес оқу пәндерінің жаңа
мазмұнын, оқытудың жаңа педагогикалық технологияларының мақсатын және
ерекшеліктері мен сипаттамаларын анықтауды көздейді (1- сурет).

1- сурет - Жаңа педагогикалық технологиялардың мақсаты және мазмұндық
сипаттамасы
Білім беру жүйесіндегі реформалар мен қазіргі мектептің тұлғалық-
бағдарлы оқытуға бет бұруы болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығының
даярлығына жаңа талаптар қояды. Білім беру жүйесі дамуының қазіргі кезеңі
жаңа парадигмаға өтудің жолдарын іздестірумен, яғни білім берудің жаңа
мақсатының жетістіктерімен байланысты.
Жаңа парадигманың маңызды компоненті – тұлғаның өзіндік даму
тұжырымдамасы болып табылады. Өзіндік даму – бұл ішкі және сыртқы әлеммен
байланысу қабілетін қалпына келтіру. Тұлғаның әртүрлі саладағы
икемділіктері мен қабілеттерін дамыту оның дербес ерекшеліктеріне, өзіндік
талдау, өзіндік баға беру қабілеттеріне байланысты, мұның өзі әрбір
студентке ерекше қатынас керек екендігін, оларға өзін көрсетуге, дамытуға
мүмкіндік жасау қажеттігін дәлелдейді. Сондықтан біздің зерттеуіміз болашақ
мамандарды дәстүрлі формада даярлаумен қатар жаңа педагогикалық
технологиялар негізінде жетілдіруді көздейді.
Әдістемелік тұрғыдан алып қарағанда, студенттерді тұлғалы-бағдарлы
оқытуды модельдеу білім беру жүйесінің үш функциясын көрсетеді:
- орнын толтыру, яғни тұлғаның базалық біліміндегі ақтаңдақтарды жою;
- бейімдеу, яғни пәндік және функциональдық жағынан неғұрлым жаңа
білім, талаптар ұсыну;
- дамыту, яғни тұлғаның шығармашылық тұрғыдан өсуіне ықпал ету және
оның әр түрлі рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Кәсіби тұлғаны дайындау үшін нағыз педагогикалық, білімді-педагогикалық
бір бүтін болу керек және педагогикалық квадраттың барлық мазмұнына ие болу
қажет. Яғни, білім беру, оқыту, тәрбиелеу, дамыту болып саналады. Бұл тек
қана білім беру мекемесінің талабына тиісті емес, сонымен қатар әрбір оқу
тобының, циклының, факультеттің, кафедраның, оқытушының, студенттің,
тыңдаушының іс-әрекетіне қатысты.
Жоғары оқу орнындағы білім беру жүйесі психологиялық-педагогикалық
талаптарды ұстанған жағдайда болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығы
талапқа сай қалыптасады. Оларға:
1. Білім беру мекемесінің іс-әрекеті толығымен оның басты мақсатына
жетуге тәуелді. Ал басты мақсат кәсіби тұлға дайындау, олардың өздерін
өмірде қалыптастыра алу қабілетін мәдениетті, демократиялық, гуманды,
құқықтық және қарқынды дамушы азаматтық қоғамның құрылу қажеттігіне сәйкес
ұйымдастыру. Білім беру мекемесін басқару егер бірбүтін жұмысқа және оның
нәтижесіне, нәтижеге жету кепілділігі қамтамасыз етілген болса, ол тиімді
болмақ. Керек бағытта жұмыс жасап, студенттерді керек болады деген
ұстаныммен оқыту маңызды емес, әрбір түлектің барлық педагогикалық және
психологиялық құрамдар негізінде қажетті білімділікке қол жеткізу маңызды.
Бұл нәрсе бар болғанымен, жалпы практикада қажетті нақтылық және қатаң
тәртіппен тез арада жасалады.
2. Білім беру үдерісінің студенттерге тұлға және болашақ маман ретінде
бағытталуы. Барлық білім беру мекемесі онда оқитындар үшін болады. Білім
беру мекемесінің басты мақсаты - жоғары білімді тұлға мамандарды дайындау.
Басты оптималды нәтиже - жоғары білімді тұлға маман. Әрбір педагогикалық
жүйе элементінің басшылықтың, оқытушының, студенттің, білім берудегі
жаңашыл тәсілдер студенттерді өз ісінің маманы етіп дайындаудағы беретін
білімдеріне байланысты болып келеді.
3. Кәсіби білімдендіру үдерісінде кәсіби тұлғаны даярлау мақсат қана
емес, сонымен бірге үдеріс тиімділігінің міндетті жағдайы. Білім
бағдарламасын меңгеруде студенттің қандай тұлға екендігіне байланысты. Егер
адам пассивті, өздігінен оқымайтын болса оны бір нәрсеге үйрету қиын.
Жоғары оқу орнының бағдарламасын студент өзіндік қызығушылығы бар,
мәдениетті тұлға және нағыз маман, жауапкершілігі мол, ерікті, талапты
тұлға ретінде көрсетсе ғана сәтті меңгеруге болады.
4. Студенттердің оқуының максималды интенсификациясы. Ешнәрсе адам
ақылының және қасиетінің қазынасы бола алмайды, егер оның іс-әрекеті
белсенді болмаса. Профессионализмнің барлық компоненттері әр уақытта да
оқытушы және студенттің ұзақ және тер төгіп атқарған еңбегінің жемісі. Оқу
тек қана студент тұлғасының педагогикалық және психологиялық толы іс-
әрекетінде активтілік танытқан жағдайда нәтижелі болмақ. Білім алушының
оқып үйренудегі сәттілігі, оның мотив қажеттілігіне (жеке мақсат,
жоспарлар, мамандықты таңдау мотиві, оқуға деген қатынасының мотиві және
т.с.с.), моральді қарым-қатынасына (міндетті болу, жауапкершілік,
ақылдылық, шыншылдық, еңбексүйгіштік, өзіне сын көзбен қарау және т.с.с.),
еркіне (мақсатқа бағыттылығы, белсенділігі, ұйымдастырушылығы, қабілеті)
пропорционал болып келеді.
5. Білім беру үдерісін тиімді психологиялық-педагогикалық технология
негізінде құру. Соңғы жылдарда білім беруді ұйымдастыруда көп нәрсе
өзгергенімен, педагогикалық технологияларды айтарлықтай өзгерістер жоқ.
Яғни, білім беру және оқыту формалары, әдістері, сонымен қатар
мемлекетімізде және дүниеде жаратылған жаңалықтармен толықтыруды, оларды
бүтіндей пайдаланудағы өзерістер көп емес. Әрбір мұғалімнен дәстүрлі
педагогиканы меңгеруді талап етеді. Мұны бағаламау және ескіріп қалған деп
санау дұрыс емес. Бірақ біздегі және шет елдегі білім беру тәжірбиесінде
жоғары оқу мұғалімдерінің әдіснамалық дүниетанымын толықтыратын көптеген
педагогикалық технологиялар болғанымен олар дұрыс қолданылмай жатыр.
6. Білім беру үдерісін басқаруды оқытушы-мамандар жоғары адамгершілік
және педагогикалық мәдениеттілікпен жүзеге асыру тиіс. Олар арнайы
педагогикалық рухани, жоғары гуманды, құнды мақсатқа ие болуы қажет етеді.
Педагогикалық ұжымның әрбір мүшесі білім беру үдерісінің белгілі аймағында
арнайы ұйымдастырушы, ұстаз-тәлімгер болып табылады. Білім беру үдерісінде
мұғалім, қажеттіліктерді жүзеге асырмаса, өзінің тәжірибесі, білімі,
қабілеттіліктерін көрсетпесе, жүрегінің бөлшегін бермесе, сабақтардың
өткізуді кәсіби әрекеттерімен жандандырмаса барлығы қағазға жазылған
жақсы тілек болып қалмақ.
Студенттердің кәсіби тұлғасының қалыптасуы психологиялық және
педагогикалық практикада, теориялық негіздеріне сүйенбейтін болса және
жоғары оқу орнының білім беру жүйесінің ұйымдастырылуы бойынша негізгі
құжаттар тоқырау күйінде қалады.
Жаңа педагогикалық технологиялар негізінде болашақ мұғалімдердің кәсіби
бағыттылығын қалыптастыру оқытушылардан да, студенттерден де осы әрекеттің
түпкі мақсатын саналы түрде ұғынуды талап етеді. Мұның өзі осы зерттеу
аумағы бойынша нақтылы бағыт болуын айғақтайды. Біз осының барлығын және
модель құрудың ерекшеліктерін ескере отырып, зерттеу барысында жалпы
жетекші теориядан туындайтын талаптарға сәйкес жаңа педагогикалық
технологиялар болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру
моделін жасадық. Модельдің аясында компоненттер, өлшемдер, көрсеткіштері,
деңгейлер қарастырылады (2- сурет).
Модельді жасауда алдын-ала сараланған әдістер (психологиялық-
педагогикалық, әдістемелік-тәжірибелік зерттеулерге теориялық талдау;
педагогикалық оқу орындарындағы оқу-тәрбие үдерісінің барысын бақылау;
мұғалімдер мен студенттер арасында сауалнамалар жүргізу; болашақ мұғалімдер
қызметінің нәтижелілігін талдау; мұғалімдер мен студенттердің өзін-өзі
бағалауы, сұрақ-жауап), сандық және сапалық жағынан талдаудан өткен
материалдар басшылыққа алынды. Бұл модельдің сапасын анықтауды, біз болашақ
мұғалімдердің кәсіби даярлық деңгейлерін бағалап, сараптау арқылы
мәселелерді шешу және оны қалыптастыру үшін эксперимент жүйесін жасаудың
маңызды алғышарты ретінде қарастырдық. Жаңа педагогикалық технологиялар -
болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру моделінде педагог
біліктілігі берілген маман сипаттамасының құрамдас бөлігі
ретінде қарастырған жөн.
Модель (Model, simulator) – үғымы, біріншіден ќасиеттері белгілі бір
маѓынадаѓы ж‰йеніњ немесе үдерістіњ ќасиеттеріне ±ќсас объектілер немесе
үдерістер ж‰йесі; екіншіден, сериялы б±йымдарды жаппай µндіруге арналѓан
‰лгі, эталон; кез-келген бір объекті ж±мысы. Модельге ќойылатын негізгі
талап – оныњ ќасиеттерініњ негізгі объектіге сєйкес келуі, яѓни
барабарлыѓы. Жоғарыда біз ұсынған модельдің үш құрамдас бөлігі бір-біріне
өзара ықпал етеді, бірін-бірі толықтырып, дамыта түседі.
Осы модельдің өлшемдері мен көрсеткіштерінің арқатынасының әр түрлі
дәрежеде көрініс беруіне байланысты және жоғары оқу орындарында оқитын
студенттердің педагогика пәндерінің материалдарын меңгерудегі білім мен
практикалық біліктері және әлемнің біртұтас ғылыми бейнесінің қалыптасуының
мүмкін болатын төрт шартты деңгейі анықталды:
Жоғары деңгей, болашақ мұғалімнің кәсіби іс-әрекеті және жаңа
педагогикалық технологиялар бойынша білімді жетік меңгерген, оларды кез-
келген білім беру мекеме практикасында еркін іске асыра алады, жаңашылдық
тұрғысынан шығармашылыққа және өзін-өзі жетілдіруге деген тұрақты
ынтасымен, жүйелі мүддесімен сипатталады. Болашақ мұғалімдер жаңа
педагогикалық технологияларды пайдалану мәселесі бойынша қосымша
әдебиеттерді оқып-үйреніп, білім беру саласының жұмыс жасауының шынайы
жағдайына сүйене келе, білім алушылардың жас және дербес ерекшеліктеріне

бейімдей отырып, қызметтерінде ғылыми-практикалық ақпаратты іріктеп
пайдаланады. Оқу-тәрбие үдерісінде жаңа педагогикалық технологияларды
пайдаланып, ұйымдастырылуы оларда қанағат сезімін тудырады. Олардың
икемділіктеріне шығырмашылық сипат тән, мақсатты-мәнді, психологиялық-
педагогикалық іс-әрекеттердің заңдылықтары деңгейінде негізделген, жалпы
білім беретін оқу орындары жағдайында жаңа педагогикалық технологияларды
пайдаланып, жұмыс істеудің табиғаты мен ерекшеліктеріне сай келеді.
Жеткілікті деңгей, болашақ мұғалімнің кәсіби іс-әрекеті және жаңа
педагогикалық технологиялар бойынша білімі жеткілікті, оларды іс жүзінде
асырудың әдіс-тәсілдерін, жолдарын, құралдарын, әдістемесін меңгерген,
теория мен практикадан алған білім, білік, дағдысын практикада
мүмкіндігінше пайдалануға тырысады. Кей жағдайда шығармашылық көзқарас
танытады. Олардың білімдері жеткілікті түрде берік, әрі жүйеленген, алайда
кейде нақты нақтылы жағдайда бұларды пайдалануында қиындықтар туындайды.
Икемділіктерін тек белгілі бір жағдайда ғана табыспен, жүйелі және саналы
түрде қолданады. Бұл деңгейдегі болашақ мұғалімдерде әрқашан жаңа
педагогикалық технологияларды қолдануға деген рефлексиялық әрекеттің
басымдылығы бола бермейді.
Орташа деңгей, болашақ мұғалімнің кәсіби іс-әрекеті мен жаңа
педагогикалық технологиялар туралы жалпы білім бар, бірақ оларды іс жүзінде
іске асырудың әдіс-тәсілдерін, жолдарын, құралдарын, әдістемесін толық
меңгермеген, теория мен практикадан алған білім, білік, дағдысын практикада
анық көрсете алмайды. Бұл деңгейдегі болашақ мұғалімдердің білімі
толымсыз. Бүтіндей алғанда , білімдері жеткілікті түрде берік әрі жүйелі
емес. Олардың іс-әрекеттері толық көлемінде тұжырымдалмаған, психологиялық-
педагогикалық іс-әрекет заңдылықтарымен және жаңа педагогикалық
технологияларды пайдалану ерекшеліктерімен жеткілікті байланыстырылмаған,
мәні мен мазмұныныа сәйкес келмей жатады. Болашақ мұғалімдер жаңа
педагогикалық технологиялардың кәсіби іс-әрекетінің міндеттерін шешу
тәжірибесін сирек талдайды.
Төмен деңгей, болашақ мұғалімнің кәсіби іс-әрекеті мен жаңа
педагогикалық технологиялардың мәнін жете түсінбейді, олардың құрылымдық
компоненттерін, мазмұнын және ерекшеліктерін толық білмейді. Бұл деңгей
болашақ мұғалімдердің жаңа педагогикалық технологияларды оқу-тәрбие
үдерісінде ұйымдастыруға даяр еместігін сипаттайды.
Аталған модель бізге жаңа педагогикалық технологиялар арқылы болашақ
мұғалімдердің кәсіби бағыттылығының қалыптасу деңгейін зерттеп білуге,
білім берудің ұстанымдар жүйесін анықтауға және педагогикалық шарттарды
айқындауға мүмкіндік берді.
Педагогикалық практикада студенттердің кәсіби бағыттылығын
қалыптастырудың өлшемдері мен көрсеткіштерін ажыратуға мүмкіндік береді.
Алғашқы өлшем мамандығына қызығуы, яғни кәсіби қызығуы болып, төмендегі
көрсеткіштер арқылы анықталады: мұғалім мамандығы туралы білімі, жүмыс
істеуге қажеттілігі, мамандығына қызығуы, мамандығын таңдау мотиві; екінші
өлшем педагогикалық құзырлығы: қоғамның әрбір мүшесін

3- сурет - Педагогикалық практикада студенттердің кәсіби бағыттылығын
қалыптастыру жүйесі
оқыту және тәрбиелеу туралы білімі, талдау, жобалау, құрастыру, ұйымдастыра
білуі, коммуникативтік біліктіліктері; үшінші өлшем ғылыми-шығармашылық
қабілеті: психология, педагогика, әдістемелерден білімі, өздігімен ізденуі,
зерттеушілік қабілетінің болуы.
Студенттердің педагогикалық практикасының педагогикалық мүмкіндіктеріне
негіздеме жасай отырып, біз оның сандық және сапалық сипатын көрсететін
теориялық жүйесін ұсынамыз (3- сурет).
Сонымен, эксперимент ретінде біз ерекшеліктерді, байланыстарды,
заңдылықтарды анықтау үшін арнайы жасалған жағдайлардағы педагогикалық
факторлар мен жағдайларды, фактілер мен құбылыстарды, ‰дерістерді зерттеуге
байланысты танымдық операциялар жүйесін түсінеміз.
Педагогикалық экспериментке мына ерекшеліктер тән болады:
педагогикалық ‰деріске зерттеу және болжамның міндетіне сәйкес
маңызды өзгерістерді әдейі енгізу; оның біртұтас сипатын бұзбай,
құбылыстардың арасындағы байланыстарды көруге мүмкіндік беретін
педагогикалық ‰дерісті ұйымдастыру; терең сапалы талдау және мүмкіндігінше
педагогикалық ‰деріске енгізілген жаңа компоненттерді және барлық ‰деріс
нәтижелерін дәлірек сандық өлшеу.
Экспериментке мына міндеттер қойылды: педагогикалық пәндерді оқыту
барысында оқу ‰дерісініњ құрылымын оңтайландыру; эксперименттік зерттеу
барысында жасалған жұмыс бағдарламаларын, арнайы курс бағдарламаларын
педагогикалық пәндерді оқытуда тәжірибеден өткізу; болашақ мұғалімдердің
кәсіби бағыттылығын қалыптастыру үшін жасалған педагогикалық жүйені
практикаға ендіру; жаңа педагогикалық технологиялар арқылы болашақ
мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру ‰дерісінің тиімділігін
қамтамасыздандыратын оңтайлы әдістемелік технологияларды және құралдарды
айқындау; тәжірибелі-эксперимент жұмысы нәтижелерінің математикалық-
статистикалық өңдемесін көрсету.
Тәжірибелі-эксперимент жұмысы. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-
түрік университетінде, М.Ауезов атындағы ОҚМУ-да өткізілді. Экспериментке
педагогика және психология мамандығының 250 студенті қатысты, оның 130-ы
эксперимент тобында, 120-ы бақылау тобында. Алға қойылған міндеттерді
түбегейлі шешу және қозғаған ғылыми болжамның дұрыстығын тексеру мақсатында
студенттермен экспериментттік жұмыс (анықтау, қалыптастыру, бақылау)
жүргізілді. Анықтау экспериментінің негізгі мақсаты - болашақ мұғалімдер
мен педагогика және психология мамандарының жаңа педагогикалық
технологиялар туралы ойларын анықтау болды.
Анықтау эксперименті барысында үш компонент бойынша (мазмұндық,
мотивациялық, іс-әрекеттік) даярланған анкеталық сұрақтар, сауалнама,
әңгімелесу, тест, бақылау әдістері, арнайы тапсырмалар жүйесі қолданып жаңа
педагогикалық технологиялар арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіби
бағыттылығының қалыптасу деңгейі анықталды. Эксперимент нәтижесі
студенттердің жаңа педагогикалық технологиялар туралы білімінің
төмендігін, педагогикалық технологиялар тек педагогика сабағында ғана
қысқаша меңгерілетінін, оны студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру
мақсатында пайдаланылмайтынын көрсетті. Арнайы пән ретінде жүргізілмеуі,
оқулықтардың, бағдарламаның, әдістемелік нұсқаулардың жоқтығы да мәселенің
шешімін шектеп отырғанын айғақтады. Біз осының бәрін ескере отырып осы
кезеңде арнайы курс бағдарламасын жасап, қазіргі педагогикалық
технологиялар пәнінің мазмұнын анықтадық, нақты өлшемдер бойынша
бағдарламаға енетін жаңа педагогикалық технологияларды сұрыптадық
( Кесте 1).
Бұл курсты жалпы кәсіби және арнайы пәндерден кейін оқыту
көзделеді. Себебі, ол, біріншіден, болашақ мұғалімдерді инновациялық іс-
әрекетке даярлауға бағытталған жоғары оқу орындарындағы оқу-тәрбие үдерісі
құрылымында негізгі пән болып табылады, екіншіден, Педагогика, Ғылыми
педагогикалық зерттеу негіздері, Педагогиканы оқыту әдістемесі курстарының
өзіндік жалғасы болады, студенттер арнайы курсты оқып-үйрену барысында
педагогиканы оқыту әдістемесінен алған білімдеріне сүйенеді, үшіншіден
арнайы курс студенттердің өзіндік жұмысында және педагогикалық
практикасында жалғасын табуы керек.
1- кесте - Қазіргі педагогикалық технологиялар атты арнайы курстың
жоспары (90 сағат)
Тақырыптары Сабақ түрлері бойынша
сағат саны
Лек. Прак. ОБСӨЖ.
1 2 3 4
Кіріспе. Қазіргі педагогикалық технологиялар туралы2 2 2
жалпы түсінік.

Педагогикалық үдерістің тұлғалық бағдарлануы 2 2 2
негізіндегі педагогикалық технологиялар
Материалды дидактикалық тұрғыдан жетілдіру және 2 2 2
қайта өңдеуге негізделген педагогикалық
технологиялар
Дербес пәндік педагогикалық технологиялар 2 2 2
Табиғатқа сәйкестік технологиялар 2 2 2
Дамыта оқыту технологиялары 4 4 4
Альтернативті технологиялар 2 2 2
Авторлық мектептердің педагогикалық технологиялары 4 4 4
Білім алушыларың іс-әрекетін белсендіруге және 4 4 4
интенсификациялауға негізделген педагогикалық
технологиялар
Оқу үдерісін ұйымдастыру мен басқару тиімділігі 6 6 6
негізіндегі педагогикалық технологиялар
Барлығы: 30 30 30

Ұсынылып отырған арнайы курстың мақсаты - болашақ мұғалімдердің
педагогиканы оқыту әдістемесіндегі жаңашылдықты меңгерту, сол алған
білімдерін бүгінгі таңдағы оқу орындарына қойылып отырған талаптарға сай
педагогиканы оқыту үдерісінде нәтижелі пайдалана білулерін қамтамасыз ету.
Қалыптастыру экспериментінің мақсаты - жаңа педагогикалық технологиялар
негізінде болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастырудың
педагогикалық жүйесін сынақтан өткізу және оның тиімділігін тексеру болды.
Бұл мақсатқа жету төмендегідей міндеттердің шешімін табумен байланысты:
арнайы пәндердің мүмкіндіктерін пайдалану; арнайы курс бағдарламасын жасап,
сынақтан өткізу; аудиториядан тыс әртүрлі жұмыс нысандарын жүргізу;
педагогикалық практика барысында студенттердің теориялық білімдерін бекіту,
олардың кәсіби біліктері мен дағдыларын қалыптастыру.
Қалыптастыру эксперименті бір-бірімен өзара тығыз байланысты екі
кезеңде өткізілді, олардың әрқайсысы студенттердің даярлықтарын сатылап
жетілдіру көзделді. Қалыптастыру экспериментінің бірінші кезеңінде 050103 -
педагогика және психология мамандығының 4- курс студенттеріне 7- семестрге
Қазіргі педагогикалық технологиялар атты арнайы пән оқу жоспарына
ендірілді. Бағдарламада жоспарланған тапсырмалар жүзеге асырылды. Сабақ
барысында жаңа педагогикалық технологиялардың мәні мен мазмұнын, практикада
қолдану мақсаты мен ерекшеліктерін меңгертуге аса назар аударылды. Сонымен
қатар эксперименттік топқа Жоғарғы оқу орындарындағы оқыту үдерісінде
оқытушы мен студенттердің бірлескен іс-әрекеттерінің құрылымдық-мазмұндық
тәсілі атты арнайы жаңа тәсілмен сабақ жүргізілді, ал бақылау тобына
үйреншікті әдіс-тәсілдер жүргізілді. Аталған тәсіл туралы мәлімет
диссертацияда берілген. Эксперимент нәтижесінде ұсынған тәсіл болашақ
мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыруда жоғары көрсеткішті
көрсетті. Студенттердің бағдарлама бойынша меңгерген білім деңгейі арнайы
сұрақтар, қосымша тапсырмалар, СӨЖ және ӨБСӨЖ жұмыстары бойынша айқындалды.
Бақылау тобы тек жалпы білімді қалыптастырғанын көрсетсе, эксперименттік
топ жалпы білімдерін тәжірибе барысында жүзеге асырудағы педагогикалық
шеберлікті меңгергенін байқатты.
Қалыптастыру экспериментінің осы кезеңінде болашақ мұғалімдердің кәсіби
бағыттылығын қалыптастыруға арнап жасалған Мұғалім іс-әрекетінің
психологиялық-педагогикалық негіздері атты арнайы курс психология және
педагогика пәндерінің типтік бағдарламасы негізінде жасалды (2- кесте).
2- кесте - Мұғалім іс-әрекетінің психологиялық-педагогикалық
негіздері атты арнайы курстың жоспары (45 сағат)
Тақырыптары Сабақ түрлері
бойынша сағат
саны
ЛекПрак СӨЖ.
.
1. Мұғалімінің іс-әрекетінің психологиялық құрылымы. 2 2 2
2. Мұғалімнің жеке басының кәсіби маңызды сапасы. 2 2 2
3. Педагогикалық міндеттер және мұғалімнің оны шешу 2 2 2
әдістері.
4. Білім алушылардың іс-әрекетінің заттық мазмұнын 2 2 2
ұйымдастыруға қойылатын талаптар.
5. Мұғалімнің оқу іс-әрекеті формасын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңа педагогикалық технологиялар арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру
Жаңа педагогикалық технологиялар арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын жетілдіру
Кәсіптік мамандарын даярлаудағы педагогикалық технологиялар
Оқушылардың ауылшаруашылық машиналарын жөндеу мамандығына қызығушылығын қалыптастырудың әдіс –тәсілдер жүйесі
Болашақ ағылшын тілі мұғалімдерін кәсіби даярлауда жаңа педагогикалық технологияны пайдалану
Инновациялық-компьютерлік технологияны қолдану арқылы экономикалық білім берудің педагогикалық алғышарттары
Садуова Жанар Нұралықызы
Педагогикалық колледж студенттерінің кәсіптік бейімін анықтау
МҰҒАЛІМНІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАС-ТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Оқушы белсенділігін арттыру негізіндегі педагогикалық технологиялар
Пәндер