Оқу-тәрбие процесін ізгілендіру негізінде мұғалімнің оқушылармен гумандық қарым-қатынасын көрсету



Кіріспе ... ... ... ... 3
І. Бастауыш мектеп оқушыларының оқу үлгермеушілігін болдырмау мәселелелері.
1.1. Оқушылардың оқуға үлгермеуін анықтау және оны болдырмаудың жолдары ... ... 4.6
1.2. Оқуға үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыс түрлері және оны ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ..7.9
1.3 Бастауыш мектепте ана тілінен үлгермейтін оқушыларды оқытудың мәселелері және олармен жүргізілетін іс.әрекеттер. ... 10.22

Қорытынды ... ... ... ..23

Пайдаланылған әдебиеттер
Қазіргі кездегі білім беру жүйесінің жағдайы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуымен тығыз байланысты екені белгілі. Сондықтан білім беруді жариялау және ізгілендіру процесі – бүгінгі таңның басты міндетттерінің бірі. Себебі өркениетттің дамуы жеке адамның рухани дамуынсыз мүмкін емес. Осыған байланысты қоғамдық өмірдің негізгі салаларында рухани бай, гумандық тұлғаны қалыптасстыру қажеттілігі туып отыр.
Көптеген зерттеулерге қарағанда гуманизмнің шығуының анықталған кезеңі жоқ.Гуманистік идеялар ерте заманнан пайда болғанын, алғашында тек адамдардың өзара қарым-қатынасы, күнделікті іс-әрекеті, жауларынан қорғану барысында өз руластарына деген сүйіспеншілік қамқорлық ретінде көрінгенін, кейін бұл мәселе ұлы ойшылдардың еңбектерінде көрініс таба бастағанын байқадық.
Олардың гуманизм туралы пікірлері гуманистік педагогиканың қалыптасып дамуына негіз болды.
Ізгілік педагогиканың негізін қалаушы ағартушылар: Тома Мор, Т. Компанелло, Я. А. Коменский, Жан-Жак Руссо, Л. Н: Толстой, К. Д. Ушинский, Ы. Алтынсарин, М. Жұмабаев, т.б.
Оқушылар бойында гумандық қасиеттер қалыптастыруда оқу-тәрбие процесін ізгілендіру және ол үшін оқушылармен жеке жұмыс жүргізудің маңыздылығын көріп отырмыз. Нашар үлгеретін және үлгермейтін оқушылардың білім мен білік дағдылардың жағдайын және сыныптардағы үлгермеушілікті болдырмау жөніндегі іс-әрекеттерді талдап қарастыру.
1. Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев. Педагогика. А.. 20О2 ж. у
2. Г.А.Ильина. Педагогика. «Мектеп» баспасы, А., 1977 ж.
3. Н.В.Савин. Педагогика. «Мектеп» баспасы. А.. 1975 ж.
4. С.Бабаев, А.М.Кудьярова. Педагогика.
5. С.Бержанов. Педагогика тарихы.
6. Ыбырай Алтынсарин тағлымы. А.. «Жазушы» баспасы, 1991 ж.
7. Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы. А.. «Рауан» баспасы. 1994 ж.
8. А.С.Макаренко. Работа воспитателей. Сочинения. V том.
9. Педагогикалык гиеніс. А.. «Рауан» баспасы. 1990 ж.
10. Г.Жүндібаева. Окушылармен жеке жұмыс жүргізу жолдары.
Бастауыш мектеп.№5, 200I ж (10-11бет).
11 .А О.Малдыбаева, А.А.Сұлтанбекова. Окушылардың үлгерімі
жайында. Бастауыш мектеи. №8, 2003 (21-22 бет).
12 Б.Шетенов. «Жеке оқушымен жұмыс». Бастауыш мектеп. №12, 1988
9 бет)
13. Ә.Дөненбаева. Жеке жұмыс жүргізу. Бастауыш мектеп №3, 1987 ж. (9-11 бет).

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Көкейкестілігі: Қазіргі кездегі білім беру жүйесінің жағдайы Қазақстанның
әлеуметтік-экономикалық дамуымен тығыз байланысты екені белгілі. Сондықтан
білім беруді жариялау және ізгілендіру процесі – бүгінгі таңның басты
міндетттерінің бірі. Себебі өркениетттің дамуы жеке адамның рухани
дамуынсыз мүмкін емес. Осыған байланысты қоғамдық өмірдің негізгі
салаларында рухани бай, гумандық тұлғаны қалыптасстыру қажеттілігі туып
отыр.
Көптеген зерттеулерге қарағанда гуманизмнің шығуының анықталған кезеңі
жоқ.Гуманистік идеялар ерте заманнан пайда болғанын, алғашында тек
адамдардың өзара қарым-қатынасы, күнделікті іс-әрекеті, жауларынан қорғану
барысында өз руластарына деген сүйіспеншілік қамқорлық ретінде көрінгенін,
кейін бұл мәселе ұлы ойшылдардың еңбектерінде көрініс таба бастағанын
байқадық.
Олардың гуманизм туралы пікірлері гуманистік педагогиканың қалыптасып
дамуына негіз болды.
Ізгілік педагогиканың негізін қалаушы ағартушылар: Тома Мор, Т.
Компанелло, Я. А. Коменский, Жан-Жак Руссо, Л. Н: Толстой, К. Д. Ушинский,
Ы. Алтынсарин, М. Жұмабаев, т.б.
Оқушылар бойында гумандық қасиеттер қалыптастыруда оқу-тәрбие процесін
ізгілендіру және ол үшін оқушылармен жеке жұмыс жүргізудің маңыздылығын
көріп отырмыз. Нашар үлгеретін және үлгермейтін оқушылардың білім мен білік
дағдылардың жағдайын және сыныптардағы үлгермеушілікті болдырмау жөніндегі
іс-әрекеттерді талдап қарастыру.
Нысанасы: Бастауыш сынып оқушылары ( 1-сынып)
Зерттеу пәні: Бастауыш мектепте ана тілі сабақтарында - сабақ
үлгермеуші оқушыларды болдырмау.
Міндеттері: 1). Оқу-танымдық іс-әрекетінің шарты болатын білім
қорын жинау. 2). Озат іс-тәжірибені практикаға ендіру, дидактикалық
материалдармен жұмыс істеу.
Мақсаты: Оқу-тәрбие процесін ізгілендіру негізінде оқушылармен
жеке жұмыстың түрлі фомасын, мұғалімнің оқушылармен гумандық қарым-
қатынасын көрсету.

І. Бастауыш мектеп оқушыларының оқу үлгермеушілігін болдырмаудың теориялық
негіздері.

1. Оқушылардың оқуға үлгермеуін анықтау және оны болдырмаудың
педагогикалық шарттары.

Сынып жетекшісінің аса маңызды міндеті оқушылардың тәртібі мен оқу
үлгерімін күшейтуге қамқорлық жасау болып табылады.
Осы мақсатпен сынып жетекшісі оқушылардың сабақ үлгеріміне үнемі
бақылау жасап отырады. Ол сынып журналдарын үнемі қарап, осы сыныпта сабақ
беретін мұғалімдермен әңгімелеседі, олардың сабағына қатысып қойылатын
талаптардың бірегей болуына, үйге берілетін тапсырмаларының біркелкі болуын
қамтамасыз етеді, оқушыларға тапсырмалрадың шамадан тыс берілмеуін
қадағалайды.
Тіпті оқу жұмысын мұғалім дұрыс ұйымдастырғанда да сыныпта бірнеше
артта қалған және үлгермейтін оқушылар болады.
Бұл құбылыс мейілінше сан алуан себептерден, кейде ұзаққа созылған
сырқаттан туады. Сондай-ақ мұғалім оқушының ерекшелігін ескермей, онымен
өзінің жұмысын онша дұрыс құра алмағандығынан да болуы мүмкін. Үлгерімі
төмен оқушыларды зерттей отырып, оларда дамудың жеке варианттарының көп
түрлілігі байқалады. Олар таным компоненттерінің қалыптасуының әр түрлі
деңгейіне байланысты, яғни бұл артта қалудың әр түрлі себептері бар екнін
көрсетеді.
Үлгерімі төмен оқушылардың ақыл-ой әрекетінің жеке бастық параметрі
қалыптаспаған, білім қоры аз, жағымды ақыл сапалары қалыптаспаған.
Нашар оқудың алдын алу үшін артта қалу мен үлгерімнің төмендеуінің
себептерін анықтау қажет. Таным әрекетінің нәтижелілігі – ақыл-ой
әрекетінің даму дәрежесіне байланысты. Оның негізгі компоненттерінің
қалыптаспауы үлгерімнің төмен болуының басты себебі болып табылады.
Компоненттердің қайсысы үлгерімнің төмендеуіне негізгі себеп
болуына байланысты артта қалу түрлі болып бөлінеді: педагогикалық жағынан
назардан тыс қалған балалар және нашар оқитын оқушылар.
Педагогиалық жағынан назардан тыс қалған балалармен жұмыс орындау нашар
оқитындармен салыстырғанда әлдеқайда тиімді болып табылады. Нашар оқитын
оқушылар көбірек біліктілікті қажет етеді. Бірақ, балалардың екі түрінде
де жұмыстың жалпы бағыты бірдей. Педагогикалық жағынаан назардан тыс қалған
балаларды мектепке дейін қолға алу керек. Мектепке дейінгі балалармен оқу-
тәрбие жұмысын жүргізу сапалы білімге, олардың сезімдеріне бағытталуы
керек. Осы мақсатпен әр түрлі дидактикалық және рөлдік ойында қолдануға
болады. Көп назарды балаларлардың сөйлеу қабілетін дамытуға, олардың
сөздік қорын белсенді байытуға назар аудару керек. Сабақ үстінде және
сабақтан тыс уақытта ырықты зейін мен ырықты есте сақтауды дамыту қажет.
Осы қиыншылықтардың себебі – баланың ақыл-ой ерекшеліктерінің ақыл
сапаларының қалыптасқаны, ал бұл ерекшеліктер мидың кейбір органикалық
аномалияларымен байланысты, сондықтан олар сыртқы әсерлерге тез көне
алмайды. Бұндай сыртқы әсерлерге өте ерте жаста жағымсыз әлеуметттік-
педагогикалық жағдайлардың ықпалына назардан тыс қалған балалар тез көнгіш
болып келеді. Мұндай артта қалудың алдын алу үшін жұмыс балалардың ақыл-ой
әрекетін белсендіруге, сөйлеу қабілетін дамытуға, практикалық тәжірибесін
кеңейтуге бағытталуы керек.
Кейбір оқушылар қандай да бір пәннің қиыншылығын үнемі дұрыс бағалай
білмейді, сондықтан да артта қалады. Ата-аналар тарапынан олардың оқуына
және мінез-құлқына бақылау болмағандықтан оқушы үлгермеу жағдайы көп, артта
қалу, үлгермеу және екінші жылға қалып қою оқушыға жаман ықпал етеді. Ол өз
күшіне сенуден айырылады да, оқуды жиі тастап кетеді.
Артта қалуды жою құралдарының бірі оқушымен қосымша жұмыс істеу болып
табылады. Жұмыс формасы мен оның көлемін дұрыс белгілеп алу үшін қосымша
сабақтарды бастардан бұрын оқушының артта қалу себептері мен сипатын
білудің маңызы зор. Егер оқушы ауырып артта қалған бірақ жақсы үлгеретін
болса, мұғалімнің басшылығымен істелетін өзіндік жұмыспен ұштастырған
қолайлы болады.
Егер оқушы жалқауланса оны тым қамқорлыққа ала бермеу керек,
мұғалімнің, жолдастарының, ата-анасының бақылауымен оны жұмыс істеуге
көндіру керек.
Сақтандыратын қосымша дара жұмыс өте тиімді. Артта қалу басталысымен-
ақ мұғалім оқушыға қажеттті көмек көрсетуі тиіс. Қосымша сабақтар ерікті
де, міндетті сипаттта болады. Нашар оқитын оқушыға көмек беру үшін
күнделікті оқушыларды тарту да пайдалы. Бірақ бұл жұмысты мұғалім
ұйымдастыруы тиіс. Алайда қосымша сабақтарды да көп пайдалануға болмайды.
Әсіресе қосымша сабаққа сыныпты түгел қалдыру зиян. Мұндай сабақтар тиісті
нәтиже бермейді.
Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізу жолдары жаңа оқу жылы
басталмай тұрып жұмыс жоспары мен оны жүргізудің әдіс-тәсілдері бірлестік
отырысында талқыланып белгіленіп алады. Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс
жүргізу үшін алдымен олар арнайы зерттеледі. Оқушыны зерттеуде мына
мәселелерге баса назар аударылады. Ұжыммен, ортамен қарым-қатынасы оқу
тәрбие процесіне семьяның ықпалы, қоғамдық және үй жұмыстарына араласуы.
Үйде күн режимінің жоспарлануы және оның орындалу барысы. Денсаулығы туралы
анықтамалар мен ұсыныстар, сабаққа қатысуы мен біріңғай талапты орындауы.
Дара ерекшеліктер, ойлау қабілетінің деңгейі, зейіні мен есте сақтауы, ерік-
жігері, табандылығы, қызығушылығы, жеке пәндер бойынша үлгерімінің
көрсеткіштері, үлгермеу себептері. Осы мәселелер анықталғаннан кейін
баланың жеке пәндер бойынша білімі мен дағдыларын есепке ала отырып, ондағы
негізгі олқылықтар анықталады. Жеке жұмыстар сол кемшіліктерді жоюға
бағытталып оңайдан қиынға қарай сатылап жүргізіледі. Зерттеу жұмыстарының
қорытындыларына сәйкес алдағы уақытта жүргізілетін педагогикалық жұмыстар
белгіленеді. Мысалы, Қанат деген оқушыға зерртеу нәтижелеріне орай мынадай
педагогикалық жұмыстар жүргізу керек деп ұйғарды.
Ата-ансымен тығыз байланыс жасау. Үйдегі күн режимін белгілеп, оны
орындаудың қажеттілігін ата-анаға түсіндіру.
Оқушының ұжыммен байланысын нығайту мақсатында арнайы әңгімелер, тәрбие
сағатын өткізу, мінез-құлқының жақсы жақтарын жетілдіру, оқуға ынталы,
алғыр балалардың жолдастық көмегін ұйымдастыру.
Баланың қабілетін, зейінін, қызығушылығын арттыру мақсатында ойын
элементтерін пайдалану, оқушының оған белсенділігін арттыру. Сабақта
дидактикалық материалдарды, техникалық құралдарды мейілінше молынан
пайдаланып жүргізу, жеке жұмыста да көрнеліктер пайдалану.
Есте сақтауын дамыту мақсатында шағын да тілге жеңіл материалдарды
мақал-мәтелдермен жұмбақ, жаңылтпаштарды жаттауға ұсынып отыру. Барлық жеке
жұмыстарда Оңайдан қиынға, жеңілден күрделіге принцпін басшылыққа алып
қайталауға көбірек мән беру. Оқушының еңбектерінің жақсы жақтарын дер
кезінде байқап, тиісінше мақтап, өз күшіне сенімін ояту, т.б.
Еңбектегі табыс бұл мұғалім мен оқушыларың ата-аналар мен
балалардың өзара түсінісу негізі, демек мектеп пен жанұялық қимыл және
тәрбиелік күш-жігер бірлігі.
Осындай байланыс жасамайынша, көңілдер жараспайынша, өзара
түсініспейінше ештеңе де тынбайды. Егер барлық бала алдарына қойған
міндеттерді орындаса, егер бір-біріне өзара көмектесіп сергек рахаттана
жұмыс істесе, өткерілген оқу күніне риза болып үйлеріне тараса, және
ертеңгі күнді асыға күтетін болса, онда оқуға деген ынта арта түседі. Ал
мұның өзі мұғалім еңбегі мен оқушы үлгерімін нәтиже көрсеткіштерінің бірі.
Мұғалімдерге В. А. Сухомлинскийдің Өз еңбегін мақтан тұтпаған нағыз
адам бола алмайды - деген сөздерін ұдайы есте ұстауымыз керек.

2. Оқуға үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыс түрлері және оны
ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері.

Тәрбие - жалпы халықтық іс. Бұл ұран емес, өмір талабы. Мұнсыз
болашақтың саналы азаматын қалыптастыру мүмкін емес. Жасөспірімді
тәрбиелеу проблемасын сөз еткенде, оның маңызды бір аспектісін айтпай
кетпеуге болмайды. Ол сабақты нашар үлгеретін, тәртіпсіз балалардың болуы.
Оқушы сабақта болған жоқ. Осының өзі педагогикалық проблема, ол
мұғалімге ой салсын. Сенің жәрдемің қажет, оны тез арада өзінің немесе
оқушылармен ұйымдастыр, сабаққа қатыспау себебін зерттеп біл. Қайтіп
көмектесуді ойлан. Жаңа оқу жылының алғашқы күндеріндегі сынып
жиналыстарында, әсіресе бірінші сыныптарда олардың ата- аналарын, мектеп
ережесімен таныстырып онда оқушы сабаққа қатыспаса, өтілген материалды
өзінше оқып үйренуге міндетті. Оқушы сабаққа келмесе, ол сол күнгі өтілген
тақырып бойынша арнайы сынақ тапсыруы керек. Бұл қашанда мұғалімдер мен
оқушыларға заң.
Жұмыс барысында үлгерімі төмен оқушылардың жеке пәндер бойынша
біліміндегі олқылықтар анықталып жүргізілетін жұмыстар соларға орай нақты
белгіленеді, олардың нәтижелері жазылып отырады. Жеке жұмыстардың мақсаты
ең алдымен баланың білімді саналы меңгеруі, ойлау қабілетін дамыту.
Сондықтан тәжірибе көрсеткендей зерттеу жұмыстарын үнемі және ғылыми
тұрғыда жүргізіп жеке жұмыстарды біртіндеп күрделендіріп отыру керек.
Оқудың белгілі бір кезеңінде үлгерімі төмен болған оқушылардың
жоғарыдағыдай жұмыстар барысында едәуір жақсы нәтижеге бастауы осы бағыттың
дұрыстығын көрсетеді.
Оқушылардың үйдегі оқу жұмысы, олардың сабағындағы жұмысымен тығыз
байланысты. Мұның табысты болуы сабақтың қалай өткенін мұғалімнің үйге
тапсырманы қалай бергеніне байланысты. Сондықтан сабақтың сапасы жоғары
болса оқушылардың үй жұмысы соғұрлым табысты болады.
Олар: ауызша (оқушының материалды оқып үйренуі, өлеңдер, ережелер
жаттау), жазбаша ( жазбаша жаттығуды, есп шығаруды, шығарма т.б.), оқу-
практикалық тапсрмалар, ( тәжірибелер, бақылаулар т.б.)
Оқушының үй жұмысын ұйымдастырудың маңызды мәселесі оның көлемі. Мектеп
ережесінде оқушының үй тапсырмасын орындауына 1-сыныпқа –1 сағат, 2
сыныпқа – 1,5 сағат, 3-4 сыныпқа – 2сағат. Үйге берілген тапсырмаларды
оқушының ойдағыдай орындауы мұғалімнің жұмыс сапасына байланысты да.
Сондықтанда әрбір тапсырмаға нұсқау қосарлануы тиіс:
Бұлардың формалары төмендегідей:
1. Бұрын қолданылған тәсіл мен тапсырма орындауды жәй көрсету.
2. Екі-үш мысалмен тапсырманы көрсетіп жіберу.
3. Үйге берілген тапсырманың ең қиын жақтарын сыныпта талдау.
4. Жұмысқа және тапсырмаларды орындау әдістеріне қойылатын талаптарды
түсіндіру.

Оқушылар жас болған сайын, нұсқау соғұрлым нақты егжей-тегжейлі болу керек.
Мысалы: 15- беттегі ережені жаттау, 16 беттегі 3-4 жаттығуды орындау.
Оқушылардың тапсырманы күн сайын орындап отыруға үйрету маңызды.
Ол үшін мынадай шаралар жүйесі қажет:
А) Оқушыға мұқият нұсқау беріп дер кезінде жұмысқа үйрету.
Ә) Олардың жұмысына бақылау жасаудың нақтылы жүйесін ойластыру;
Б) Оқушылардың режимдері дәл сақталуына жету;
В) Кездескен қиыншылықтарды өздігінен шешуге үйрету.
Оқушы сабақ айтып тұрғанда ойын бөлмей, жауабы аяқталған соң, бағаны
не үшін қойғаныңды баланың берген жауабының кемістігі мен жетістігін айта
түсіндірген жөн. Бұл, сөзсіз оқушылардың сабақ үлгеруіне, материалды
саналы меңгеруіне ықпал жасайды.
Оқушы жауап бере алмай тұрып қалса, мұғалім ой салатындай жетекші
сұрау беру керек. Мұндайда жауаптың мазмұн толықтығына ғана емес, оның
тіліне, ой жүйесіне, бастауы мен аяқтауына көңіл бөлген дұрыс. Сонда
оқушының тілі ұстарып, оған қойылған баға әділ болады да оқуға, өзіне
деген сенімі артады.
Үй тапсырмасының маңызы зор. Ол балаларды өз бетінше жұмыс істеуге
үйретіп, жауаптылық сезімін оятады, білімді игеріп алуға көмектеседі.
Тапсырманың мақсаты мен мазмұны, сондай-ақ оны орындаудың тәсілдері сабақ
үстінде түсіндіріледі. Мақсат олардың сабақ үстінде алған білімдерін
бекіту, үйренген дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ өздігінен білім алу
шеберлігін дамыту. Мысалы, оқушы қысқа бір өлеңді жаттау үшін ол алдымен
өлеңді 3-4 жолдан бірнеше бөлімге бөліп, әуелі бірінші бөлімін, содан кейін
екінші бөлімін бірнеше рет қайталайды. Соңынан ол бөлімдерді қосып, тағы
жаттайды. Өлең жаттаудың басқаша тәсілі көп. Кейбір оқушылар өлеңді әуелі
басынан аяғына дейін түгел 2-3 рет оқып шығады қиын жерлерін қайталап
айтады, осыдан соң түгел қайталайды. Зерттеулерге қарағанда өлең жаттаудың
бұл 2 түрі де нәтижелі.
Қабағын түйіп ашулы дауыспен, жекірумен сабақ өткізетін мұғалімдер де
бар. Әрине, ондай мұғалімнің сабағы оқушыларды тартпайды да,
қызықтырмайды. Ал, өз пәнін, оның методикасын, балалардың өзгешелігн,
психолгиялық процестерін жетік білетін мұғалімдерді, сөз жоқ, оқушылар
ұнатады да құрметтейді.
Атақты педагог А.С. Макеренко айтқандай, бала мұғалімнің бет құбылысы
мен ырғағынан не айтқалы тұрғанын білгені пайдалы екенін тәжірибе
көрсетті.
Біздер, болашақ мұғалімдер, қиын да қызықты еңбегімізбен Ы. Алтынсарин
айтқандай, мектептің жүрегі болуымыз керек.
Ақауы жоқ, таза қанды, тоқырап тоқтап қалуды білмейтін, өз білмегенін
біреуден көрмейтін, өмір бойы балалармен бірге соға беретін жүрек керек
мектепке. Мектептің жүрегі бола білу - өмірден өз орнын табу деген сөз.
Үлгермеушілікті тудыратын факторлардың бірі – мұғалімнің оқушы
білімін тексерудің және бағалаудың әр-түрлі әдістерін орынды пайдалана
білмеуінде. Күнделікті сабақ барысында 3-4 оқушыдан ғана сұрап, сол
бағалардың негізінде тоқсандқ қорытынды шығару оқушы білімінің дәрежесін
толық көрсетпейді. Оқушылардың ауызша жауаптары мен жазбаша жұмыстары
үшін күнделікті бағалардың негізінде тоқсандық баға қойылады.
Баға қойғанда оқушылардың жазбаша жұмыстарының сауаттылық дәрежесі
еске алынуы тиіс. Оқушылардың ауызша жауаптарын бағалауда мына негіздерге
сүйенеміз:
1). Оқушы білімінің толықтығы, яғни оқып жүрген сыныбының бағдарламалық
материалын толық меңгеруі.
2) Оқушының білім сапасы:
а) Оқушы анықтамалар мен ережелерді жете түсіне ме, оны мысалдар
келтіріп, дәлеледеп айтып бере ала ма? Жауаптарында қандай қателер жіберді,
олардың сипаты қандай, қателерін оқушы өздігінен түзей ала ма?
ә) Оқушының алған білімін практикада дұрыс қолдана білуі, берілген
тапсырманы өздігінен толық орындай алуы.
3) Оқушы оқу материалын стильдік жағынан жатық тілмен толық айтып бере
алуы қажет. Баланы оқыту, білім беру, бағалау үлкен тәрбиелік міндетті де
қамтитыны белгілі. Сабақатың тәрбиелік мақсатына жету алуан түрлі
жолдармен іске асады. Солардың бірі – сұралған оқушының білім дәрежесін
әділ бағалау, қойылған бағаны жариялау.
Біздің ойымызша, әр бағаның сұралған балаға ғана емес, бүкіл сынып
оқушыларына қатысы бар.
Бағаны жариялау сапасы белгілі тақырып немесе бөлім материалдарын
түгел меңгеруге сынып оқушыларын толық ұмтылдыратындай болсын. Ол үшін
оқушыға қойылған баға жай айтыла салмай, жариялана түсіндірілуі қажет.
Бұл әдіс бойынша екі түрлі мақсат жүзеге асады. Біріншіден, қойылған
бағаның әділдігі дәлелденеді, екіншіден мұғалімнің ескертпесі бойынша
оқушы олқы білетін материалдарын келешекте қайталап жете білуіне нақты
тапсырма алғандай жауапкершілк сезінеді.

1.3 Бастауыш мектепте ана тілінен үлгермейтін оқушыларды оқытудың
мәселелері және олармен жүргізілетін іс-әрекеттер.

Қазіргі мектептерде балалардың есту, көру, қозғалыс анализаторларын
дамытуға аз уақыт бөлінуде. Сондықтан практикалық интелекті балалар
өздігінен ерекшеліктерін көрсетіп, өздігінен мүмкіндіктерін дамытуға,
қоршаған ортаның назарына ие бола алмайды. Қазіргі мектептерде сөз-
логикалық ойлауға үлкен талап қоюда. Ән, сурет, спорт пәндері арқылы
көрнекі амалды, нақтылы-бейнелі және практикалық ойлауға сүйенуді талап ету
оқудағы артта қалу мәселелерін шешудің бір жолы болып табылады. Мұғалімдер
балалардың қайсысы практиктерге жататынын анықтап, мұндай оқушылардың
ерекшелігін ескеру керек. Сабақ үстінде көбірек көрнекіліктерді қолданып,
тереңірек талдау жасауды қарастыру қажет. Оқушылардың өзіндік жұмысын
ұйымдастырудың маңызы өте зор, өйткені сол арқылы оқушылардың іс-әрекетінің
дербестігі артады.
Бұл туралы А. Байтұрсыновтың пікірі бойынша, бала білімді тәжірибе
арқылы өздігінен алу керек. Мұғалімнің қызметі оның білімінің шеберлігін
ұзақ жолды қысқарту үшін, ол жолдан балалар қиналмай өту үшін, керек
білімін кешікпей, дер кезінде алып отыру үшін, балаға жұмысты әліне қарай
шағындап беру мен бетін белгілеп мақсатқа қарай түзеп отыру керек.
Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың негізгі шарттары мыналар:
Мұғалімнің нақты тапсырмалар беруі, жұмысты орындаудың аяқталудың
уақытын белгілеуі, мұғалімнің басқаруымен оқушылардың дербестігінің өзара
байланысы, олардың жұмысты өздігінен еркімен және қолдауымен істеуі, оған
әсер ететін мотивтер т.б
Оқушылардың өзіндік жұмысының жоғарғы формасына, олардың өз еркімен
жаңа амал- тәсілдер қолданып жасайтын шығармашылық жұмыстары да жатады.
Оқушылардың таным әрекеті білім алу қажетімен ұштасады. Осыған орай,
олардың дербестігі ең аллымен белсенділікке байланысты, ол белсендік
дербестікті қажет етеді. Окушылардың өздігінен істейтін жұмыстар оның
белсенділігін арттырады. Бұл екі термин өзара ұқсас болғанымен, олардың
мазмұнында айырмашылық бар.
Қысқаша айтқанда, бұлар бір мағынадағы ұғымдар емес.
Белснеділік-дербестікке карағанда мағынасы кең ұғым.
Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруда халық педагогикасының үлгілерін
қолданудын тиімділігін тәжірибе көрсетіп отыр. Мысалы: ана тілінен Төрт
түлік тақырыбын өткенде:
Лағым, құлыншағым өлеңін өткенде меңгеруге тиіс сабаққа
окушылардың жаппай қатысуын басты назарда ұстап, қазақтың әдет-
ғұрпы, салты туралы түсінік бере отырып, инабатылыққа тәрбиелеп ана
тіліне деген сүйіспешіліктерін арттыруға тырысатындй мақсат қойылуы керек.

Осы мақсатты жүзеге асыру үшін мал өрісі, төлдер (құлын, бұзау, лақ,
бота) бейнеленген суреттер, қоржын, сыйлықтар әзірлеп бір оқушыны
Алдаркөсе етіп киіндіріп, бір оқушыны Дымбілмес қылып киіндіріп,
сабақты ойын- сауық түрінде жүргізуге болады.
Үнтаспадан коңыр сазды күй ақырын естіліп тұрады.Тақтаға мал өрісі
салынған сурет ілінеді.
- Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз мал өрісінде өтеді - деп бастап,
сабағымыздың кейіпкерлері - төлдер. Балалар өздерің төлдердің кай-қай түрін
білесіңдер?
- Бота, құлын, бұзау, қозы, лақ.
Осы сәт есік қағылады. Алдаркөсе кіреді.
- Балалар, біздің сабаққа кім келді?
- Алдаркөсе.
- Алдаркөсеге сәлем берейік!
- Ассаламағалейкум, Алдаркөсе!
Алдаркөсе өзімен бірге қоржынын ала келіпті,

қоржынында бізге әкелген сыйлықтары бар екен. Әкелген сыйлықтарын алу үшін,
сабаққа жақсы қатысуға тиіспіз.
Өткен сабақта (Бота, Қошақан, Бұзауқан) өлеңдерін пысықтау үшін Төлдерді
өріске айда атты ойын ұйымдастырып, окушыларға төлдер суреті таратылып
беріледі.
Олардың сыртында мынадай сұрақтар жазылған.
1. Ботақан өлеңін мәнерлеп оқып, бота туралы мақал айт.
2. Қошақанды суреттеп бер. (Момақан, маймақ, томпаңдап жүреді).
3. Төлдерге деген ақын сүйіспеншілігін айт. (Момақаным, маймағым,
әукешім, батырым).
4. Төлдердің қимылдарын білдіретін сөздерді ата. (Майысып, балдырап,
мөлдіреп, желбіреп, жарысып, алысып, сүрініп).
5. Ботақан, Қошақан, Бұзауқан ненің төлдері?
Сұраққа жауап берген оқушылар төлдерді тақтадағы өріске апарып кояды.
Өтілген сабақты үнтаспадан Қошақан әні тыңдалып қорытылады. Осыдан кейін
ғана жаңа тақырыпқа көшуге болады.
Сергіту сәті.
Қошақаны қойдың,
Қайда қалып койдың?
Бұлтиып тұр бүйірің,
Қай өрістен тойдың?
Секең-секең ей лақ,
Жүрмін саған кейіп-ақ
Тыным тапсаң болмай-ма?
Секірмей-ақ кей уақ.
Оқушылар әндете отырып өлең сөзіне лайық әр түрлі қимылдар жасайды.
Тақтаға назар аударту.
- Балалар, біз төлдерді өріске түгелімен айдадық па?
- Жоқ.
- Қай төлдер калды?
- Лақ, құлын.
- Лақ ненің төлі?

- Ешкінің.
- Құлын ненің төлі?
- Жылқының.
Пайдалары туралы әңгімелету. Екеуін өрістегі төлдерге қосу.
Өлеңді мәнерлеп оқып, өлең авторы мен таныстыру . Өлеңдегі

Бура

Құндыз
Марқа

Жұп-жұмыр
сөздерімен сөздік жұмыстарын жүргізу.
Ұққандарын бекіту мақсатында қонаққа Дымбілместі шақырту
Дымбілмес: Балалар, мұнда неғып жиналып алғансыңдар? Оданда жүріңдер, асық
ойнайық.

Оқушы: Жоқ, біз ойнамаймыз. Сен одан да бізбен бірге отырып сабақ тыңда.

Дымбілмес: Мен онсыз да бәрін білемін.

Оқушы: Білсең, бізге төрт түлікке кандай жануарлар жатады айтып берші?

Дымбілмес: Ой, соны да білмейсіңдер ме, менің атам үнемі қой жайғанда
есекке мініп, итті де ертіп алады. Бұлар да төрт түлікке жатады.

Оқушы: Жоқ, сен қателесесің, төрт түлікке қой, ешкі, сиыр, жылқы, түйе
жатады. - Сен өзің түйені көріп пе едің?

Дымбілмес: Иә, хайуанаттар паркінен көргем. Бойы ұзын үстінде ақ
теңбілдері бар.

Оқушы: Сен жирафты айтып тұрсың, - деп бір бала түйені сипаттап береді.

Дымбілмес: Балалар, мен көп нәрсені білмейді екенмін. Қатемді енді
түсіндім.
Сендерге рахмет, мен енді сабақ оқимын деп партаға отырады.
Төлдерді шақыру ойыны.
- Балалар, біз төлдерді өріске айдап жібергенбіз. Енді оларды қалай
шақырамыз? Кеш болып калды. Сабақта бітуге таяу.
Балалар, төлдерді калай шақырады.
Бота: Екі көзі танадай
Екі өркеші баладай,
Елпеңдеген ойнақтап,
Енесіне қарамай,
Ойсыл қара баласы-
Ботақаным қайдасың?
Көс,
Көс!
Қүлын:
Жолға шықсам – көлігім,
Жапанда калсам - серігім.
Қамбар ата өсірген
Құла атым менің,
Қайдасың?
Құру,
Құру!
Қозы:
Қой баласы - қоңырым,
Ұя бұзбас момыным,
Шопан ата түлігі –
Қошақаным кайдасың?
Пұшайт, Пұшайт!

Лақ: Тастан - тасқа
Секірген шұнағым!
Шөре,
Шөре!

Қазақша жыл аттарының да төрт түліктің аттарымен аталатынын айтып кеткен
жөн.
Әрі жаттығу, сергіту, әрі алған білімдерін қорытындылау мақсатында
Алдаркөсені шақырып, төрт тіүлікке байланысты тыйым сөздер сайысын өткізу.
1. Малды теппе
2. Малға теріс мінбе ...

Алдаркөсе әкелген сыйлықтарды оқушыларға таратып беріп,

ең жаксы жауап берген оқушыға қоржыннан шопан
суреті, келесі оқушыға тымақ т.б. суреттер беріледі.
Оқушылардың өзіндік жұмыстарды орындауда әр түрлі тәсіл-амалдарды қолданып,
солардын ішінде мәтінді ауызша мазмұндату, еркін мазмұндату.
Еркін мазмұндату, түсінігін, не есте қалғанын айтқызу.
Көркемдеп немесе мәтінге жуық мазмұндату.
Қысқаша тезисті мазмұндату.
Осы мазмұндатудың жеңіл түрінен бастап. күрделі түрлеріне қарай
дағдыландыру.
Мысалы, мына тәрізді: әңгіме оқылып, кейіпкерлеріне мінездеме беріліп,
жалпы оқиға желісінің негізгі ойын таптыру.
Негізгі ой табылған соң, жеке бөліктерге бөлгізіп бөліктердегі негізгі
оқиғаға байланысты оларға ат койғызып, жоспар жасату
Осы жасатқан жоспармен әңгіме мазмұнын айтқызу.
Жоспардан соң қысқаша мазмұндату
Ал мұндай деңгейге жету үшін балалардың ойлау деңгейін, сөйлеу деңгейін,
сөздік қорын кадағалап отыруымыз керек.
Оқушылардын оқыған, естіген әңгімелеріне байланысты шығарма жазу. Өнер
саласында (сюжетті суреттер бойынша кино, мультфильм, т.б.) байланысты
шығармалар.
Окушылардың өз іс- әрекетіне (ойын, еңбек) байланысты шығармалар.
Оқушылардың танымдык белсенділігін дамытуға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық бастауыш сынып оқушыларының гуманистік көзқарасын қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларының бойында гуманистік көзқарасты қалыптастырудың ізгіліктік негіздері
Бастауыш мектепте оқыту туралы
Білімгерлердің гуманистік көзқарасын қалыптастыру мазмұнын жаңғыртудың теориялық-әдіснамалық негізі (көпсалалы колледждің оқу-тәрбие үдерісі жағдайында
Ынтымақтастық технологиясын оқыту негізінде жеке тұлғаны ізгілендіру
Педагогикалық қарым - қатынас стилі
Бастауыш мектептің оқу-тәрбие процесін гуманизациялауда оқушыларды жекелеп оқыту
Оқу-тәрбие процесін ізгілендіру негізінде оқушылармен жеке жұмыстың түрлі формасын зерттеу
Мектеп өмір қауіпсіздігі
5 сыныпта қазақ тілін ізгілендіру технологиясы арқылы дамыта оқыту әдістемесі
Пәндер