Психологияның бала жөніндегі ұғымдар жүйесіндегі алатын орны мен маңызы



1. Бала психикасының дамуындағы басты кезеңдер.
2. Бала психикасының дамуы туралы теориялар
Барлық табиғат құбылыстары сияқты бала психикасы да өнебойы дамып, өзгеріп бір кезеңнен екінші кезеңге диалектикалық жолмен өтіп отырады. Тәрбиенің нәтижесінен жаңа туған баланың психикалық әрекеттері біртіндеп дифференцияланып, дами келе, жаңа сапалардың пайда болуына әзірлік жасалады. Баланың онтогенетикалық дамуы тек оқу-тәрбие арқылы ғана әсер етумен дамиды, оның психикасының дамуына ересек адамдар қоршауы ерекше әсер етеді. Бала психикасы-ның дамуы бір қозғаушы күштің нәтижесі емес, ол — ішкі заңды даму. Бірақ даму қалыпты болуы үшін балаға әсер етуші сыртқы жағдайлардың, тәрбиенің, оқудың дұрыс ұйымдастырылуы және баланың белсенді түрде әрекет етуі шарт. Бала қылығының түрлі форма-лары және жаңа сапалы психикалық әрекеттердін, пай-да болуы, оның әрекеттерінің өзгеруімен, айналасында-ғы дүниені тануының бара-бара дамып, жаңа сатыға шығуымен байланысты.
1. Т.Тәжібаев. «жалпы психология» Алматы. 1997ж.
2. Ж.Жарықбаев. «Жалпы психология» Алматы. 2000ж.
3. Қ.Сейдалиев. «Жалпы психология» Алматы. 2007ж.
4. www. Google.kz

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
1. Бала психикасының дамуындағы басты кезеңдер
Барлық табиғат құбылыстары сияқты бала психикасы да өнебойы дамып,
өзгеріп бір кезеңнен екінші кезеңге диалектикалық жолмен өтіп отырады.
Тәрбиенің нәтижесінен жаңа туған баланың психикалық әрекеттері біртіндеп
дифференцияланып, дами келе, жаңа сапалардың пайда болуына әзірлік
жасалады. Баланың онтогенетикалық дамуы тек оқу-тәрбие арқылы ғана әсер
етумен дамиды, оның психикасының дамуына ересек адамдар қоршауы ерекше әсер
етеді. Бала психикасы-ның дамуы бір қозғаушы күштің нәтижесі емес, ол —
ішкі заңды даму. Бірақ даму қалыпты болуы үшін балаға әсер етуші сыртқы
жағдайлардың, тәрбиенің, оқудың дұрыс ұйымдастырылуы және баланың белсенді
түрде әрекет етуі шарт. Бала қылығының түрлі форма-лары және жаңа сапалы
психикалық әрекеттердін, пай-да болуы, оның әрекеттерінің өзгеруімен,
айналасында-ғы дүниені тануының бара-бара дамып, жаңа сатыға шығуымен
байланысты.
Бала психикасының дамуында, дамудың өршіп, ілгері кетуін көрсететін
дәлел — ол үлкен адамдардьін, кейбір сөздерін, қимылдарын және пішін
өзгерістерін түсіне бастауы, түрлі дыбыстармен бет, дене қимылымен өзінің
қажеттілігін, түйсіктерін білдіре бастауы. Баланың тілі шығып, сөйлей
бастауы психика дамуының басты белгісі болып табылады. Бұл жайт бірінШІ жыл-
дың аяғы мен екінші жылдың бас кезінде пайда болады. Осы мезгілде балада
саналы әрекеттердің элементтері де пайда бола бастайды. Баланың сыртқы
дүние бол-мыстарымен байланыстары кеңейіп, айналасындағы заттарды,
болмыстарды тануы ұлғая түседі. Ол түрлі болмыстарды бір-бірінен ажыратып,
олардың кейбір байланыстарын аша бастаумен бірге, өзін де айнала-сындағы
дүниеден біртіндеп ажыратып, беле бастайды. Бала айналасымен кәдімгідей
қатыса бастайды, бірақ жануарлардың инстинктік қарым-қатынасуынан олардікі
тіптен өзгеше болады. Бала айналасындағы қоршаудың құлы болмай, ол қоршауға
өзінше әсер етеді, оны өзгертуге, әлі келгенше өзіне бағындыруға тырысады.
Баланың бұдан былайғы өмірінде сананың пайда болуымен бірге барлық
психикалық функциялар қайта құрылып, өршіп, ілгері қарай дами түседі.
Сана пайда болумен бірге бала өзін-өзі танып, өз қоршаудағы
(жанұя, балабақша т. б.) орнын біле бастайды. Сыртқы дүниемен қарым-
қатынасының өзгеруі, онда жаңа мұқтаждықтар мүдделер, әрекеттердің жаңа
формаларын тудырып, дами түсуіне себепші болады. Психикалық дамуда сандық
көріністер бара-бара сапалық қасиеттерге көшіп отырады. Мысалы, тілдің
шығуы, сананың пайда болуы жаңа сапалық даму болып табылады. Тәрбие мен
оқудың әсерімен бала психикасы біртіндеп ересек адамдардың психикасына
айналады. Бірақ оған дейін балалардың психикалық әрекеттері бірнеше
кезеңдерден өтеді. Олар негізінде бала жасының түрлі кезеңдерімен
байланысты. Пеихи-калық әрекеттердің дамуы бірыңғай процесс болғанмен, оның
төменгі сатылары жоғарғы сатыларға негіз болып, олардың пайда болуына
дайындық жасап отырады.
Балалардың жасын түрлі кезеңдерге бөлуде олардың іс-әрекетінің түрлі
сатылардан етуіне, анатомиялық-физиологиялық және психологиялық дамудың
езгеше-ліктерін бір-бірінен ажыратпай, бәрін бірге алып қарастыру керек.
Қазақ педагогикасы мен психологиясында оқу-тәрбие жұмысының тәжірибесіне
сүйене отырып, мына төмендегі кезеңдерді белгілеуге болады. Алғашқы балалық
(бөбектік) шақ, яғни балабақша жасындағы балалар (туғаннан 3 жасқа дейін),
мектеп жасына дейінгі балалар (3-тен 7 жасқа дейін), кіші мектен жасындағы
оқушылар (7-ден 11 жасқа дейін), орталау мектеп жасындағы оқушылар (11-ден
14 жасқа дейін), орта мектеп жасындағы оқушылар (14-тен 18 жасқа дейін).
Әрбір кезеңге енетін балалардың өздеріне лайықты тиісті анатомиялық,
физиологиялық және психикалық өзгешеліктер болады.
Жаңа туған нәрестенің өмірлік мұқтаждықтары үлкендер арқылы ғана
қанағаттандырылып отырылады. Баланың әрекеттерінде адамға тән белгілер әлі
пайда болмаған. Дәл мағынада онда әлі адамдық әрекет те жоқ. Оның
әрекеттері — тәннің жаңа дүниеге келіп, онымен алғашқы қарым-қатынас
жасаумен байланысты пайда болған, еріксіз өздігінен болатын, шартсыз
рефлекстік, яғни инстинктік әрекеттер. Алғашқы балалық (балабақша жасы)
жасында баланың тік тұрып жүре бастауы мен тілі шығуының нәтижесінде
айналасындағы дүниемен тікелей өзі қарым-қатынас жасай бастауы, сөйтіп
айналасындағы дүниені өзінің тәжірибесі арқылы тани бастауы —оның бұрынғы
қарым-қатынастарын кеңейте түседі. Ол дүниені кеңірек танып, оның
психикалық әрекеттері де белсенді түрде дами бастайды. Ол өзінің
айналасындағы адамдармен және заттармен қарым-қатынасын ерікті түрде
ұйымдастыра алып, өз әрекетіне қатынасатын заттарға зейінін аударуды,
олардың қимылдарын байқауды үйренеді, Айналасындағы қоршаумен күнделікті
қатынасудың нәтижесінде баланың психикалық әрекеттері дифференцияланып,
олардың ой-өрісі кеңейеді. Баланың тілі шығып, өзі басқалардың тілінұ
бастаған соң, онда үлкендердің әңгімесінен өз қоршауында жоқ заттар жөнінде
көрнекті елестеулер пайда болады. Тілдің шығуы баланың өз талабын
басқаларға түсіндіруге де мүмкіншілік туғызады.
Алғашқы балалық кездегі психикалық даму мектеп жасына дейінгі
балалардың психикасының қорлануына даярлық жасайды. Мектеп жасына дейінгі
баланың нақтылы қоршауы — үй іші мен балалар бақшасы. Бұл жастағы баланың
негізгі әрекеті — ойын. Ойын арқылы бала айналасындағы дүниемен танысады.
Өте көрнекті, әсерлі заттар мен оқиғалар, қызық ойындар баланың зейінін
тартып, көңілін бөліп отырады. Сондықтан олар-дың зейіні бір заттан екінші
затқа көшіп, негізінде еріксіз, аумалы, тұрақсыз болып келеді. Бала
елестеулері, есі мен қиялы, ойы көрнекі, бейнелі (образды) болып,
эмоциялары тез пайда болып, тез ауысып отырады.
Баланың ойынды өзі ұйымдастыра алуы, белгілі ережелерге бағына бастауы,
ойынды жеткізуі, ондағы заттармен олардың қарым-қатынастарын, тұрмыстағы
қиялының пайда болып, өзінше ақиқатты өзгертіп құрастыра білуі — ерік
саналарының дами бастағандығын көрсетеді. Ол біртіндеп айналасындағы
дүниеге қарым-қатынасын өзгерте бастайды. Бұл айтылғандар оның психикасы
оқу жасындағы балаларға лайықты психикалық әрекеттердің сипаттамаларының
дами бастағандығын көрсетеді.
Мектеп жасындағы балалардың негізгі іс-әрекеті — оқу. Ойын қосымша
әрекетке айналады. Бала мұғалімнің жәрдемімен адам баласының ғасырлар бойы
жинастырған ғылыми-білімінің негіздерін жүйелі түрде ғана ұға бастайды.
Енді ол бұрынғыдай көрінгенге қызығып, ойнап кете беруге құмартпайды.
Өйткені оқушының арнаулы міндеттері болып, сол міндеттерді бала дұрыс
атқаруға тырысуы керек. Мектепте тиісті кесте бойынша түрлі сабақтар
жүреді, бала күнделікті сабаққа дайындалады. Мектепте және мектептен тыс
жерде тәртіп ережелерін сақтау баланың міндетті түрде атқаратын әрекеттері
болып табылады. Бұл мектеп жасына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психология ғылымының Ресейде дамуы
Психика мен сана мәселелері
Психолгия ғылымының зерттеу әдістері мен салалары
ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақстандағы өріс алған оқу-ағарту, тәлім-тәрбиенің жәй-жапсары
Психология саласы
Психологияның методологиялық негіздерінің қарастырылуы
Қазіргі психология және оның адамтану ғылымдары жүйесінде алатын орны
Жалпы психология және психология ғылымының зерттеу əдістері
ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ ҚҰРЫЛУ ТАРИХЫ
Психология ғылымының зерттеу әдістері мен салаларын анықтау әдістер
Пәндер