Адам анатомиясының позициялары, жазықтары және анатомиялық терминология мен номенклатураның тарихы


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Анатомиялық позициялар, адам құрылысының біліктері мен жазықтары. Анатомиялық терминология.

Анатомиялық атаулардың ең алғаш шығуы, кейінгі дамуы ертеден, көне замандардан басталады. Мәселен, анатомия терминдерінің алғашқы латын тіліндегі тізімі 1887 жылы Германияда шетелдің көрнекті ғалымдарының қатысуымен құрастырылды. Бұл тізім Германия анатомиялық қоғамының 1895 жылы Базельде өткен конгресінде бекітілді (B. N. A. ) .

1935 жылы Германия анатомиялық қоғамының Иенде өткен съезі анатомиялық терминдердің жаңа тізімін қабылдады (I. N. A. - Іеnаr Nomina Anatomica) .

1955 жылы Парижде анатомиялық номенклатураның (P. N. A. ) жаңа тізімі бекітілді.

Анатомиялық терминдерді жетілдіру жұмыстары одан әрі жалғаса берді. Анатомдар 1965 жылы Висбаденде өткен VIII Халықаралық конгресі анатомиялық терминдерге мыңнан аса өзгертулер мен толықтырулар енгізді. Ол конгресте оған қоса, P. N. A. -ға сәйкес келетін әр ұлттың анатомиялық номенклатураларын жасау ұсынылды.

Кеңестер одағы кезінде денсаулық сақтау Министрлігінің ғылыми кеңесі (1959) P. N. A. терминдеріне сәйкес тек орыс анатомиялық номенклатурасы қолданылсын деп қаулы шығарды.

Алғаш рет P. N. A. терминдеріне сәйкес келетін орыс анатомиялық терминдерінің ресми тізімін Д. А. Жданов пен профессор Ю. Н. Копаев жасады (Халықаралық анатомиялық номенклатура, М., "Медицина", 1970) . Алайда, бұл тізім көптеген сын-ескертпелерге тап болды. Соңынан анатомдар, гистологтар және эмбриологтардың бүкілодақтық съезінде орыс анатомиялық номенклатурасы бекітіліп, С. С. Михайловтың редакциялауымен тек 1980 жылы ғана жарық көрді.

Тұңғыш қазақтың анатомиядағы атау-терминдерді ғылыми жолмен тексеріп, бір жүйеге келтіру мәселелері 1963, 1966 жылдары баспадан шыққан А. Р. Рақышевтің "Анатомия терминдерінің қазақша-орысша-латынша сөздігінен" басталады. Содан, осы кейінгі 40 жыл ішіндегі еңбектердің қорытындысы ретінде қазақтың өз ұлттық анатомия номенклатурасы Халықаралық анатомия номенклатурасымен сәйкестіріле (латын, орыс тілдерінде) 2003 жылы баспадан шығарылды)

Бірқатар терминдер қысқартылған түрде берілді:

art.: art.
- articulatio (буын) ;: - articulatio (буын) ;
art.: artt.
- articulatio (буын) ;: - articulationes (буындар) ;
art.: Hg.
- articulatio (буын) ;: - ligamentum (байлам) ;
art.: ligg-
- articulatio (буын) ;: - ligamenta (байламдар) ;
art.: a.
- articulatio (буын) ;: - arteria (артерия)
art.: aa.
- articulatio (буын) ;: - arteriae (артериялар) ;
art.: v.
- articulatio (буын) ;: - vena (вена) ;
art.: vv.
- articulatio (буын) ;: - venae (веналар) ;
art.: n.
- articulatio (буын) ;: - nervus (нерв) ;
art.: nn.
- articulatio (буын) ;: - nervi (нервтер) ;
art.: m.
- articulatio (буын) ;: - musculus (бұлшықет) ;
art.:
- articulatio (буын) ;:

- musculi (бұлшықеттер) .

Анатомияда жалпы қабылданған өзара перпендикуляр жазықтықтардың белгілеулері пайдаланылады, бұл жазықтықтар ағзалардың немесе олардың бөліктерінің кеңістіктегі орнын анықтайды. Мұндай жазықтықтар үшеу: сагитталды, фронталды және горизонталды. Бұл жазықтықтардың адам денесіне қатынасын айтқанда, оның вертикалды қалпы алынатынын есте ұстау керек.

Сагитталды жазықтық деп вертикалды жазықтықты түсінеді, ол арқылы біз ойша денені тесіп өтетін садақ оғы бағытында алдынан артына қарай және ұзына бойымен қақ бөлеміз. Сагитталды жазықтық дененің дәл ортасынан медиалды өтеді, оны симметриялы оң және сол екі жартыға бөледі. Вертикалды, бірақ сагитталды жазықтыққа тік бұрыш жасай өтетін жазықтық, фронталды маңдайға параллелді деп аталады. Ол денені алдыңғы және артқы бөлімдерге бөледі. Үшінші, горизонталды жазықтық сагитталды жазықтыққа да, сондай-ақ фронталды жазықтыққа да тік бұрыш жасай жүргізіледі. Ол денені жоғары және төменгі бөлімдерге бөледі.

Бұл жазықтықтарда жекелеген нүктелер мен сызықтардың орындары былай бөлінеді: орта жазықтыққа жақындау орналасқандарын медиалды, medialis (medianum, латынша - ортасы) деп белгілейді, орта жазықтықтан алыстау жатқандары, латералды (laterialis - бүйір) деп белгілейді. Алдыңғы-артқы бағытта: дененің алдыңғы бетіне жақындау - алдыңғы, anterior немесе вентралды, ventralis (venter - іш), артқы бетке жақындау артқы, posterior немесе дорсалды, dorsalis (dorsum - арқа) деп аталады. Вертикалды бағытта: дененің жоғарғы жағына жақындау - жоғарғы, superior, төменгі жағына жақындау - төменгі, inferior деп аталады.

Қол-аяқ бөліктеріне қатысты "проксималды" және "дисталды" терминдері қолданылады. Проксималды (жақын) - тұлғада қол-аяқтың басталатын жеріне жақындау бөліктерді, дисталды (алыстағы) -керісінше, алыстау орналасқан бөліктерді белгілеу үшін қолданылады. Мәселен, қолдың шынтағы саусақтарға қарағанда проксималды, ал саусақтар шынтаққа қарағанда дисталды орналасқан.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық анатомиялық номенклатура мен анатомиялық терминдер: тарихы, қағидалары және қазақша баламаларды қалыптастыру мәселелері
Халықаралық анатомиялық номенклатура және анатомиялық терминологияның қалыптасуы мен жүйеленуі
Анатомиялық номенклатура: тарихы және қазақша терминологияның қалыптасуы
Қазақстанның жазықтары, үстірттері және қыраттарының аймақтық сипаттамасы
Дән анатомиясының микроқұрылымы және технологиялық маңызы
Халықаралық анатомиялық номенклатура мен қазақша анатомиялық терминдер
Адам скелетінің анатомиялық құрылысы
Анатомиялық терминдердің латын тіліндегі қолданылуы: тарихы мен қазақша номенклатура мәселелері
Анатомиялық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі: тарихы, қағидалары және құрылымы
Төлдің туылу кезіндегі келу позициялары: анатомо-топографиялық негіздері мен акушерлік маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz