Жалпы ұйқылар артериясы


ЖОСПАР
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
- Жалпы ұйқылар артериясы
- Сыртқы ұйқы артериясы
- Ішкі ұйқы артериясы
ІІІ. Пайдаланылған әдебиеттер
Жалпы ұйқы артериясы
Жалпы ұйқы артериясы - 3 ден - 4-ші қолқа доғалары бойында вентралды қолқадан дамиды; оң жағында truncus brachiocephalicus-тен, сол жағында қолқа доғасынан шығады. Жалпы ұйқы артериялары кеңірдек және өңештің жағымен жоғары қарай жүреді. Оң жақ жалпы ұйқы артериясы сол жақтағы-дан кысқалау, өйткені, сол жақ ұйкы артериясы екі - кеуде (қолқа доғасынан сол жақ төс-бұғана буынына дейін) және мойын бөлімдерінен, ал оң жақ ұйқы артериясы тек мойын бөлімінен тұрады. Л. carotis communis, trigonum caroticum-re өтіп, қалқанша шеміршек немесе тіласты сүйегі денесінің деңгейінде өзінің соңғы тармақтарына: a. carotis externa et a. carotis interna-ға (бифуркация) бөлінеді. Қан ағуды тоқтату үшін жүзік тәрізді шеміршектің төменгі жиегі деңгейінде, жалпы ұйқы артериясын VI мойын омыртқасының - tuberculum caroticum-ына. батырып қысады. Кейде сырткы және ішкі ұйқы артериялары ортақ сабаумен емес, жеке-жеке қолқадан шығады, бұл олардың калай дамитындығын көрсетеді. A. carotis communis сабауының бүкіл ұзына бойынан оның қасында өтетін тамырлар мен нервтср үшін ұсақ ұсақ тармақтар vasa va-sorum және vasa nervorum-дар кетеді, бұлар, мойында жанама қан айналымының дамуы үшін белгілі бір қызмет атқарады.
Сыртқы ұйқы арериясы
Сыртқы ұйқы артериясы - a. carotis externa бас пен мойынның сыртқы бөліктері қанмен қамтамасыз етеді. Сыртқы ұйқы артериясы басталған жерінен жоғары көтеріліп, in. Digastricus-ің артқы карыншасы мен т. stylohyoideus-тің артқы бөлігінін ішкі жағынан құлаққасы безін тесіп өтіп, төменгі жақ өсіндісінің мойынды өзінің ақырғы тармақтарына бөлінеді. Олар алдыңғы, ортаңғы жөне артқы топтарға бөлінеді.
Алдыңғы топқа жататын артериялар, қамтамасыз ететін ағзалардың дамуы және орналасуына байланысты, желбезек доғаларының туындылары болып табылады, атап айтқанда: калқанша без бен көмейдікі - a. thyroidea superior, тілдікі - a. lingualis, беттікті - a facialis.
1. A. thyroidea superior - жоғарғы қалқанша артериясы сыртқы ұйқы артериясының басталатын жерінен сәл жоғарыдан шығып, төмен және алдыға қарай жүріп, қалқанша безге келіп, сол жерде басқа қалқанша артерияларымен қосылады,
Жолында n. laryngeus superior мен ірге lig thyroidcum ды тесіп өтіп, тармақтарымен көмейдің бұлшыкеттерін, байламдарын және шырышты кабығын қанмен камтамасыз ететін a. laryngea superior-ді береді.
2. A. lingualis - тіл артериясы, тіласты сүйегінін үлкен мүйіздері деңгейінен шығып, т. hyoglossus-пен жабылған Пирогов үшбұрышы арқылы жоғары өтіп, тілге қарай келеді. Оған енгенге дейін тіласты сүйегіне, таңдай бадамшасыпа және тіласты безіне тармақтар береді. Тілге енгеннен кейін тіл артериясының сабауы - a. profunda linguae деген атпен тілдің ұшына дейін созылып, жолында тіл арқасына көптеген тармақтар - rr. dorsales linguae береді.
3. A. facialis - бет артериясы, алдыңғы артериядан сәл биіктеу Төменгі жақ бұрышы деңгейінен шығып, т. digastricus-тың артқы қарыншасынан ішке өтіп, т. masseter-дің алдыңғы жиегі түсында, төменгі жақтын жиегінен иіліп бетке өтеді. Бұл жерде, m. raasseter алдында, оны төменгі жаққа қарай кысуға болады (қан токтатканда) . Одан әрі көздің медиалды бұрышына қарай жүріп, сол жерде ақырғы тармағы - a. angu-laria mil ішкі ұйқы артериясы жүйесінің тармағы - а. ophtalmica-дан кететін в dorsalis nasi-мен анастомоз құрады. Төменгі жақ арқылы иілгенге дейін жақын жатқан құрылымдарға: жұтқыншақ пен жұмсақ таңдайға, таңдай бадамшаларына, төменгі жақасты безі мен ауыз көкетіне, сілекей бездеріне, иілгеннен кейін жоғарғы және төменгі еріндерге тармақтар береді.
Арткы топ.
4. А. осcipitalis - шүйде артериясы, processus mastoi-deus-тегі жүлге арқылы өтіп, желке аймағындағы тері астына келіп төбеге дейін тармақталады. Өз жолында a. occipitalis бірқатар қоршаған бұлшықеттерге, кұлақ қаландарына, артқы бассүйек шұңқыры аймағындағы мидың катты кабығына кішкене тармақтар береді.
5. A. auricularis posterior - артқы құлақ артериясы, жоғары және артқа жүріп, құлақ қалқаны артындағы теріге қарай етеді. Оның тармақтары құлақ қалқанында, шүйде терісі мен бұлшыкеттерінде, сондай-ақ дабыл қуысында (оған артериянын тармағы foramen stylo-mastoideum арқылы өтеді) таралады.
6. A. sternocleidomastoidea, аттас бұлшыкетке барады. Ортаңғы топ артерия доғаларыныц қалдықтарынан тұрады.
7. A. pharyngea ascendens - жоғарылаған жүткыншақ артериясы, жоғары қарай оның қабырғасымен көтеріле жұтқыншақты, жұмсақ таңдайды, таңдай бадамшасымен, есту түтігі дабыл қуысын және мидың қатты қабығын қанмен қамтамасыз етеді.
8. A. temporalis superficialis - беткей самай артериясы, сыртқы ұйқы артериясының екі соңғы тармақтарының бірі a. carotis externa сабауының жалғасы ретінде самай бұлшықеті шандырында терінің астында сыртқы есту тесігінің алдынан самайға барады. Бұл жерде артерияны самай сүйегіне қысуға болады. Онын ақырғы тармақтары -ramus frontalis- және ramus parielals, шеке мен самай аймағында тармақталады. Ол жол-жөнекей құлаққасы безіне, құлак қалқанынын латералды беті мен сыртқы есту тесігіне тармақтар береді; тармақтардың бір бөлігі беттің артқы жағына, көздің сыртқы бұрышының m. orbicularis oculi және бет сүйегіне барады. Л. temporalis superficialis, m. tem-poralis-ті де қанмен жабдықтайды.
9. A. maxillaries - жоғарғы жақсүйек артериясы, сыртқы ұйқы артериясының басқа бір соңғы тармақ болып табылады, Тармақтарды зерттеу оңай болу үшін оның қысқа сабауын үш бөлімге бөледі: бірінші бөлім төменгі жақ мойнын орап өтеді, екінші бөлім m. pterygoideus lateralis-тің бетімен fossa infratemponilis-ке өтеді.
Бірінші бөлімнің тармақтары жоғары қарай сыртқы есту тесігіне fissura pterygotympanica арқылы дабыл қуысына барады; мидың қатты қабықшасына foramen spinosum арқылы a meningea mеdm ортаңғы менингеалдық артерия (ең ірі тармақ) өтеді және төмен қарай төменгі тістерге - a. alveolaris inferior төменгі ұяшықтар артериясы барады. Соңғы артерия төменгі жаққа canalis tnandibulae арқылы өтеді. Өзекке енгенге дейін a. alveolaris inferior аттас бұлшықетке r. mylohyoideus береді, ал өзекте өзінің тармақтары төменгі тістерді қамтамасыз етіп, a. mentalis деген атпен foramen mentale арқылы шығып, иек терісі мен бұлшықеттерінде тармақталады.
Екінші бөлім тармақтары: ірі бұлшықетіне және барлык шайнау тобы бұлшықеттеріне аттас артериялар арқылы, сондай-ақ sinus maxil-laries-тің шырышты қабығына және жоғарғы азу тістерге артқы жоғаргы үяшықтар артериялары арқылы барады.
Үшінші бөлімнің тармақтары. 1) a. infraorbitalis - көз ұяасты артериясы, fissure orbitalis inferior аркылы көзұясына енеді, содан кейін canalis infraorbitalis арқылы жоғарғы жақсүйектің алдыңғы бетіне шығып, төменгі қабаққа, көз жасы қабына және төмен қарай жоғарғы ерін мен ұртқа тармақтар береді. Бұл жерде бет артериясы тармақтарымен қосылады, сондықтан a. maxillaries сабауында қан ағысы киындағанда, қам оның бассейніне a. facialis арқылы келеді. Көзұясының өзінде-ақ a. infraorbitalis көз алмасы бұлшықеттеріне тармақтар береді; көзасты і inn men өткенде ит және күректістерді (аа. alveolarae superiors anteriores) және sinus maxillaries-тің шырышты қабығын тармақтармен жабдықтайды; 2) таңдай, жұтқыншақ және есту түтікшесіне баратын тармақтар, олардың бір бөлігі canalis palatinus major аркылы төмен түсіп, foramina palatine majus et minores арқылы шығып, қатты және жұмсақ таңдайда тармақталады; 3) a. sphenopalatina - сынатәрізді - таңдай артериясы, аттас тесік арқылы мұрын қуысына өтіп, оның латералды кабырғасы мен қалқасына тармақтар береді; мұрын куысының алдыңғы бөлігі аа. ethmoidales anterior et posterior-лар арқылы қан алады (а. орһ-talmica-дан) .
Ішкі ұйқы артериясы
Ішкі ұйкы артериясы, a. carotis interna - жалпы ұйқы артериясынан басталып, бассүйек негізіне көтеріліп, самай сүйектегі - canalis caroticus-ке енеді. Мойын аймағында тармақталмайды; басталатын жерінде дорсалды қолқаның латералды орналасқан сабауынан дамуына сәйкесті, a. carotis externa-дан сыртқа карай жатады, алайда көп ұзамай оның медиалды бетіне ығыса бастайды. Ішкі ұйқы артериясы canalis caroti-cus-тің иілгендігіне қарай онда алдымен тік жүріп, содан кейін алдыңғы медиалды бағытта иіліп самай сүйектің ұшында, foramen lacerum жанында бассүйек куысына енеді; жоғары қайырылып, сынатәрізді сүйек (sulcus caroticus) арқылы түрік ершігінің түбі деңгейінде кайтадан алға бұрылып, кеуекті қойнау қабаты арқылы өтіп, canalis opticus қасында соңғы рет жоғары және сәл артқа қарай иілім жасап, бірінші тармақты - a. ophthalmica - береді де, содан кейін катты және торлы қабықты тесіп, ақырында өзінің соңғы тармақтарына бөлінеді.
A. carotis interna-ның тармақтары:
1. Дабыл қуысына өтетін - rr. caroticotympanici.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz