Ұрықтың даму сатылары


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

  1. Ұрықтың даму сатылары
  2. Пернатальды патология
  3. Гемотопартиялар
  4. Ана-нәресте функциилық жүйесі
  5. Дамудың қауіп-қатерлі (кризистік) кезеңдері

ІІІ Қорытынды

Глоссарий

Пайдаланылған әдебиеттер

Ұрықтың даму сатылары

Ұрықтану - еркектің (сперматозоид) және әйелдің (аналық) жетілген жыныс клеткаларьшьщ қосылу құбылысы.

Ұрықтың даму сатылары. Жатыр қабыргасына енуі. Ұрықтанудан кейін (24 сағатта) түтікте зигота бөлінеді де, бірінші бөлінуде екі бластомер, төрт бластомер шығады. Бластомерлер әрі қарай асинхронды бөлініп, "тұт жемісі" тәрізді болады, бұл сатыны - морула сатысы деп атайды, осы сатыда жатыр қабырғасына енеді. Ұрықтың келесі бөліну сатысы - бластоциста. Бұл сатысы кезінде екі түрлі бластомерлер түзіледі, кейбіреулері үлкен күңгірт, ал қалғандары ұсақ ашық түсті болып келеді. Ірі күңгірт клеткалары морула орталығында орнығады, оны "эмбриобласт", сыртқы қабатын "трофобласт" деп атайды. Келешекте эмбриобластан ұрық, ал трофобластан плацента түзіледі. Эмбриобласт пен трофобласт арасында сұйықтықден толғырылған кіші қуыс пайда болады. Бластоциста түзілгеннен кейін 7-8-күнге қарай трофобласт протеолиттік ферменттер өндіреді, бұл ферменттер жылтыр қабықты (zona pellucida) бұзады. Осы кезде жұмыртқа клеткасы жатыр қуысына түсіп, шырышты қабатқа жабысады. Ұрықтың жатыр шырышты қабатына жабысуын имплантация деп атайды. Имплантация протеолиттік ферменттердің әсерінен болады. Трофобластан бөлінген ферментгер жатыр шырышты қабаты бездерінің эпителийін ерітіп, бластоциста 24 сағат ішінде шырышты қабатқа жартылай, ал 40 сағат ішінде толық өтеді. Имплантация процесі кезінде жатырда секреция өтіп жатады. Ұрыққа қажетті барлық қоректі заттар барады. Ұрықтанған жұмыртқа клеткасы шырышты қабатқа жанасқанда, яғни бекінгеннен кейін, ұрық морфологиялық және биохимиялық өзгерістерге ұшырайды. Осы кезеңнен бастап жатырдың шырышты қабаты децидуалды деп аталады, бұл өзгерген эндометрийдің функционалды қабаты.

Балалар ауруы

Пернатальды патология

Зигота пайда болуымен туғанға дейінгі аралықтағы ұрықтың қалыпты дамуындағы ауытқулықтар пернатольды дәуір патологиясында жатады. Пренатальды ( антенатальды ) ( brae алдында бұрын және natalis - туу деген латын сөздері) туғанға дейінгі дәуір деген мағынаны береді. Адам үшін бұл дәуір орташа 280 күнге немесе 40 апта созылады. Көптеген зеттеушілер пренатальді патологияға жыныстық клеткаларының гаметаларының да патологиясына ( прогенез) кіргізеді.

Гемотопартиялар

Прогенез дәуірінде гаметаларының ( әйелдің жыныс клеткасы мен сперматазойттарының) пісіп жетілуімен ұрықтануына дейінгі кезең жатады. Прогенез патологиясы дегенде жыныстық клеткалардың (гаметалардың) зақымдануымен байланысты дамитын гаметопатиялардың түсінеміз. Жыныстық клеткалардағы өзгерістер әдетте мутациялармен (гендік хромосомдық геномдық) түсіндіріледі. бұл өзгерістер тұқыс қуалау жөнімен дамитын аурулардың және пайда болған кемістердің себептері бола алады.

Гаметалар құрамындағы құрамындағы гендер ата - анадан ( одан арғы әлуметтерден ) балаға тұқым қуалау белгілерін тасушылар болып есептеледі. Сондықтан гаметопатиялар түсінігіне тек озінің ата - анасының сақталып қалған мутациялардың да көріністері кіреді. Мутациялар нәтижесінде дамитын гаметопатиялар ұрықсыздыққа, ұрықтың өз-өзінен түсіп қалуына туа пайда болған кемістіктерге тұқым қуалайшы ауруларға алып келуі мүмкін.

Хромосомалар патологиясы - тұқым қуалайтын хромосомалы аурулардың және және туа болған кемістіктердің дамуына соқтырады. Хромосомалық аурулардың қатарына Дауна сырқаты ( 21 - жұп хормасомалардағы трисомия) патау синдромы (13-15 жұп аутосомалардағы трисация ) және т. б жатады.

Дауна сырқаты ең жиі кездесетін хромосомалық ауру. Жаңа туған 600-700 баланың біреуінде осы ауру кездеседі. Мұндай балалар мидың мандайлық бөлігі жақсы дамығандықтан жарымес, жүрек, ас қопрыту кейде несеп-жыныс жүйесінде туа болған кемістіктер болады. Олардың сыртқы көрінісі де ерекше. Көз саңылауы қиғаш бір-біріне жақын мұрынның үсті жалпиған, таңдайы өте жоғары (эпикант) тілі үлкейген (кейде аузына сыймайды) құлақтары кішкентай және төмен орналасқан, мойны, аяқ-қолы қысқа және жалпақ.

Ауру балалар туғаннан бастап ақыл-ойының денесінің жетілуі бойынша өз қатарынан қала бастайды. Олар әр түрлі инфекциялар әсерінен немесе жүрек кемістіктерінен көп өмір сүрмей өледі.

Тренатальды дәуірінің өзін: бластогенез, эмбриогенез және фетогенез, кезеңдеріне бөлу қабылданған. Кейде осы патологиялардың бірін қосып киматопатиалар (грекше куета-ұрық) деп те аталады.

Бластогенез ұрықтанғаннан бастап жүктіліктің 15 күніне дейінгі аралықты қамтиды. Осы кезде жұмыртқаның бөлшектенуі аяқталып эмбрио және трофобласт қабықтары пайда болады. Бұл кезеңнің патологиясын бластопатия деп атайды.

Эмбриогенез кезеңінде ұрықтың барлық ағзаларының негізгі қаланады және амнион мен хорион пайда болады. Бұл кезеңнің ұзақтығы 16 күннен 76 күнге дейін. Оның патологиясын эмбриопатия деп атайды.

Плацента (бала орны) - эмбриогенездің 3-айында тузіліп, ана мен нәресте организмдерін байланыстыратын ұрықтан тыс уақытша мүше. Ол ұрық дамуын қамтамасыз ететін бірнеше аса маңызды қызметтерді атқарады: 1) тыныс aлу (О 2 және СО 2 алмасу) ; 2) транспорттық (қоректік заттар су электролиттер және қорғаныс заттар - иммуноглобулиндерді тасымалдау) ; 4) экскреторлық (зат алмасудын ақырғы уытты өнімдерін шығару) ; 5) миометрий (жатырдың бұлшық етті қабығы) қысқарылуын реттеу; 6) . иммундық қорғаныс - (а) нәрестені бактериялардан қорғайтын қорғаныс ақуыздар - иммуноглобулиндермен жабдықтау, (б) нәрестені ана оргаиизмінің иммундық жүйесінен қорғау) ; 7) эндокриндік (қалыпты жүктілікті және нәресте дамуын қамтамасыз ететін бірқатар гормондар өндіру) ; 8) барьер. іік (нәресте организміне кейбір заттардың өтуіне белгілі дәрежеде тосқауыл болу) .

Плацента екі бөліктен тұрады: ұрықтық немесс нәрестелік - pars loeiahs, және аналық - pars matema. Нәрестелік белігі хорион бүрлерінен құрылған. Жоғарыда қарастырылғаңдай. 3-аптада жатыр қабырғасының тереңдігіне қараған хорион бөлігінің бүрлері гипертрофияға (саны көбеюі және қатты тармақталуы) ұшырап, васкуляризациясы нығайып, үшіншілік бүрге айналады. Дамудың 3-айының соңында бүрлердің тамырлары эмбрион денесінің қан айналым жүйесімен байланыс құрып, бұдан былай эмбриондық қан бүрдердің капяллярлары арқылы ағады.

Сонымен, бүрлер құрылысына қабаттылық тән: жабынды симпластотрофобласт. астында - цитотрофобласт дифференцияланған дәнекертінді стромасы (қаңқа) және қан тамырлары.

Плацентаның аналық бөлігі - жатырдың түрі қатты өзгерілген тырышты (кілегейлі) қабығының (эндометрийдің) децидуальді. яғни босанғаннан кейін түcin қалатын қабатының ұрық пен миометрий арасындағы decidua basalis бөлігі. Эндометрнйдің бұл бөлігі ісінген, мұнда қан тамырлары және өнімдерін белсенді бөлетін бездері көп. Жасушалары қоректік заттарға - гликоген және липидтерге бай. Бүрлер ұштарының симпластототрофобласт қабаты эйдометрийдің децидуальді тініне қарай кіре өсіп, оның барлық қабаттарын ерітіп, жатырдың спиральді артерияларының қабырғасын бұзады. Нәтижесінде, бүрлерді қоршаған лакуналар аналық қанға толып, бүрлерлі қан тікелей шайып тұрады. Плаценталардың мұндай типін гемохориальді деп атайды. Бірақ, қалыпты жағдайда аналық қан мен нәресте қаны араласпайды. Өйткені, олардың арасында нәресте тамырының эндотелийлі қабырғасынан, тамырларды қоршаған дәнекертіннен, хориои бүрлерінің эпителийі - цитотрофобласттан, оның базальді мембранасынан және симпластрофобласттан тұратын гематохориальді барьер бар.

Қалыптасқан плацентаның құрылымдық-функциялық бірлігі болып котиледондар табылады. Ол бигана бүрден және ішінде нәрестенің қан тамырлары бар оның тармақтарынан тұрады. Жүктіліктің соңында плацента диаметрі 15-18 см, орталық бөлігінің қалыңдыңы 2-4 см, массасы 500-600 г жұмсақ диск түрге ие болады. Хориальді бүрлер бетінін жалпы ауданы - 16 м 2 жуық, ал, капиллярларының көлемі -12м 2 . Плацентаның екі бетін ажыратады. Нәрестеге қараған беті нәрестелік деп аталады . Ол, астында ірі тамырлар көрінстің, амийонмен қапталған. Патология кезінде плацентаның бұл бетінің түсі өзгеріледі. Плацентаның аналық бетінде 15-20 үлесшелері - коптледондар көрінеді. Ал, сыртқы шекаралық беті жұқа базальді табақшадан тұрады.

Клиникалық маңызды көрсеткіштер ретінде плацентаның пішіні, массасы. локалиациясы есепке алынады. Босану кезінде болатын бірнеше патология түрлерін алдын алу үшін, плацентаны ультрадыбыс арқылы зерттеу (УДЗ; орысша • УЗИ) кең қолданылады.

2. Ана-нәресте функциилық жүйесі

Нәрестенің қалыпты дамуының шарты - ана организмімен жан-жақтьі тығыз қатынаста болуы. Эмбрион (кейін - нәресте) өсуіне және дамуына қажет қоректік заттарды оттекті анасынан алып, зат алмасудың қажет.

Жүктілік кезінде, плацента арқылы тығьп байланысқан екі организм, қызмет және құрылымдық тұрғыдан біртұтас ерекше биологиялық достастық - ана-нәресте жүйесін құрайды. Жүйенің әрбір элементінде - ана және нәресте организмдерінде - үш механизмдер дамыған рецепторлық (ақпараттыққабылдайтын), реттейтін (оны қайта өңдейтін) және орындаушы. Осы механизмдер арқылы ана және нәресте организмдері бір-бірі жайлы алынған ақпараттарға сәйкес өзгерістерге ұшырап, жүктіліктің қалыпты өтуін қамтамасыз етіп отырады.

Ана организмінің рецепторлық механизмдері сезімтал нерв ұштары (хемо-: механо-, термо-, барорецепторлар) түрінде жатырдың эндометрийінде. әсіресе, оның плацента бекітілген бөлігінде және қан тамырларында орналасып дамушы нәрестенің жағдайы туралы ақпаратты қабылдайды. Олардың тітіркенуі ана организмінін реттеуші механизмдері (орталық нерв жүйесінің бөлімдері, жүйенің гормондары) арқылы оның орындаушы мүшелеріне жетеді. Нәтижесінде, ана организмінің тыныс алуы, қан қысымы, зат алмасуы күшейіп дамушы нәресте тіршілігіне қолайды жағдай жасалынады.

Реттеуші механизмдер арасында гормондардың (тироксин, кортикостерондтар, нисулнн, жыныс гормондары) қызметтері ерекше маңызды. Мысалы, жүктілік кезінде ананың бүйрекүсті безінің қыртыс затының белсенділігі күшейіп, нәресте метаболизмін реттейтін кортикостероидтарды өндіруі жоғарылайды. Плацентада түзілетін бірқатар гормондар: прогестерон, эстроген, хорнондық гонадотронин, плаценталық лактоген жүктіліктің сақталуын ұрықтың қалыпты дамуын қамтамасыз етеді. Сонымен, ана және нәресте арасындағы байланыс (иейрогуморальдік) механизмдер арқылы жүзеге асырылалы. Бұл байланыстардың төрт жолдарын (каналдарын) қарастыруға болады: 1) интраплаценталы нервтік: 1) интраплаценталы гуморальді (екеуі де жоғарыда қарастырылды) ; 3) ; 4) экстраплаценталы гуморальді. Экстрнплаценталы (плацентадан тыс) байланыстар ұрық қабықтары және қағанақ суы арқылы атқарылады.

Ұрық дамыған санын онда ана организмінің жағдайы туралы және өз ішкі ортасынын (қан. лимфа. тін сұйықтығы) тұрақтылығы - гомеостазы жайлы ақпарат тіркейтін рецепторлық механизмдері құрылады. Олар ұрықтың кіндік тамырларында, терісінде және ішегінде орналасқаны анықталды. Бұл рецепторяарлық тітіркенуі нәрестенің реттеуші нейрогуморальді ме. ханизмбері (нерв орталықтары., эндокриндік бездер) арқылы оның орындаушы механизмдеріне әсерін тигізеді. Нетижесінде, ұрыктың тыныс алу, жүрек-тамыр қызметі, бұлшық ет белсенділігі өзгеріліп газ, заттар алмасу деңгейі, терморегуляция және т. с. с. қызметтері жаңа жағдайға сәйкес бейімделігі, қалыпты дамуын қамтамасыз етеді.

Ең көлемді және ақпараты мол болып табылатын гуморальді каналдар арқылы оттек, көмірқышқыл газы, ақуыздар, витаминдер, электролиттер. гормондар антиденелер (бөгде заттар) және т. с. с. диффузия немесе активті транспорт мехакпзмдері бойынша екі жақты өтіп тұрады.

Гуморальді байланыс түрлерінің бірі - ана және ұрық организмдері арасындағы иммундық байланыстар (лат immunis • ерікті, бір нәрселен құтылу яғни бөгде зат антигеннен құтылу үшін жауап әрекеттер) . Аналық және нәресте организмдері генетикалық тұрғыдан алғанда, бір-біріне бөгде болса да (себебі нәресте генотипінің 50% - әкесінен), әдетте олардың арасында иммундық конфликт (шиеленіс) дамымайды. Яғни. қалыпты жүктілік кезінде аналық организм жатырында орналасқан ұрыққа табиғи толерантты (лат. lolerantia - шыдам, сабыр) - оны бөгде дене ретінде шығарып тастау үшін иммундық әрекеттер жасамайды. Сондықтан, нәресте 9 ай бойы ана организмінде дамып шығады. Ал барлық басқа бөгде денелерге қарсы (вирус, саңырауқұлақ, гельминттер; трансплантат т. с. с. ) оргаиизмде йммундық жауап түзіліп. олар шығарылады немесе бейтараптыққа ұшырайды.

Жүктіліктің иммунологиясы бойынша көп зерттемелер жасалғанмен. жоғарыда қойылған сауалға тыңғылықты жауап әлі қалыптасқан жоқ. Иммундық оқиғалар нәрестенің перифериялық мен жатырдың decidua basalis қабаты арасында өтуі мүмкін. Бірақ, қалыпты жағдайда бұл процесс жүзеге аспайды. Ғалымдардың бірінің пікірі бойынша (В. М. Покровский. Г. Ф. Коротько, 1998 ж. ), иммундық толеранттықты қамтамасыз ететін механизмдер мыналар: I) симпластотрофобластта аналық организмнің иммуңдық жауабын бөгейтін ақуыздар синтезделуі, 2) плацентада синтезделетін хориальді гонадотропин және плаценталық лакпюген гормондары ананың лимфоииттерін (иммундық жауап атқаратын жасушалар) тежейді; 3) трофобластың протеолиздік (гр. proios -ақуыз. eysis - еріту) қасиеті бөгде ақуыздарды инактивацияға (бейтараптық) ұшыратады; 4) бүрлердің цитотрофобласттарын қоршаған тығыз гомогенді фибриноид оларды ананың иммуноциттерінен (қорғаныс жасушаларынан) механикалық оқшауландырады және оның гликопротеидтерінің электр заряды (дәрмені) аналық лимфоциттеріндей теріс болғандықтан цитотрофобласттарды иммундық бүркеп тұрады, яғни танытпайды

3. Дамудың қауіп-қатерлі (кризистік) кезеңдері

Онтогенезді және оның алғашкы кезеңі болып табылатын эмбриогенезді өте ойлы-қырлы жерде ағатын өзенге ұқсатуға болады. Бір кезеңдері терең алқапта аққан өзеннің арнасындай орнықты болса, басқа кезеңдері -тегіс немесе дөңес жерлерде жайылыл» бірнеше салаларға тасып аққан өзен сияқты құбылмалы болады.

Жануарлар дамуын экспериментальді зерттеу нәтижесінде қауіп қатерлі (шешуші маңызды өзгерісті) кезеңдер (орысша - критические периоды) деген ұғым қалыптасты (австриялық дәрігер Норман Грегг. 1944 ж. және орыс эмбриологі П. Г-Светлов. I960 ж. ) .

Фетгенез 76 күннен бала туғанға дейінгі аралықты (280 күн) қамтиды. Осы кузеңде әртүрлі тканьдер, ағзалар пісіп жетіліп (12 аптада) бала жолдасының қалыптасуы аяқталады. Фетогенезді ерте (76 күнен 180 күнге дейін) кузеңдерге бөледі. Алғашқы 180 күнде іштегі бала өлмесе, екінші кезеңде оның барлық жүйелері туғаннан соңөз алдына өмір сүруге бейімделіп жетіледі, ал бала жолдасы ө қызметін аяқтап қартаяды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Онтогенез сатылары
Онтогенездің генетикалық негіздері
Онтогенез және филогенез
Төлдің даму кезеңдері
Онтогенез және аурулар кезіндегі ақуыз құрылысының өзгерістері
Төл және төл қабаттарының дамуы
Жасушалардың жіктелуі
Геннің әрекеті
Өсімдік қоректі балықтар өте бағалы, зор кәсіпшілік маңызы бар балық
Анатомия пәні мен міндеттері, аралас пәндермен байланысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz