Қазақ тіліндегі -дай, -дей, -тай, -тей тұлғалы теңеу мәнді тілдік бірліктердің этнотанымдық сипаты
КІРІСПЕ
Тіл – адамдардың өзара түсінісу, қатынас құралы болуымен қатар, ол – адамның рухани өмірінің, қоғам мен табиғат құбылыстарының бірден бір көрсеткіші. Ұлт пен адамның, ұлт пен қоғамның, табиғаттың арасындағы тікелей байланыс халықтың танымынан, білімдер жүйесінен көрініс табады. Ал тіліміздегі теңеу құбылысы – осы танымның нәтижесі. Қазақ тіліндегі теңеулер ұлттық үрдістің күні бүгінге дейін жалғасып келе жатқан бұл дәстүрден басталуы да, қалыптасып, кең тарау уәждері де тарихта белгілі этномәдени көне құбылыстарға жатады.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Ғасырлар бойы қалыптасып, тіл қорының қат-қабат қойнауларында сақталып келе жатқан, үнемі дамып, жаңаланып, толығып отыратын тілдік бірліктердің бірі – қазақ теңеулері. Ойымызды бейнелі, мәнерлі етіп, айқын жеткізуде өзінің бейнелілігін, экспрессивті-эмоционалды бояуымен көзге түсетін теңеулердің маңызы ерекше құнды. Теңеу модельдерінің табиғаты бұрыннан зерттеліп келе жатса да, олардың этнос болмысын, оның көркемдік, бейнелі дүниетанымдық мәні мен тілдегі қызметін терең де жан-жақты қарастыру антропоцентризмнің өзекті мәселелеріне жатады. Өйткені мыңдаған теңеу модельдерінің уәжі мен нысаны, сайып келгенде, халықтық дүниетанымға, ұлттық менталитетке және оның құндылығын айқындау принципіне тікелей байланысты.
Бұл тіркестердің қай-қайсысын алсаң да, олардың мазмұнында халықтың тарихы, мәдениеті, оның өмір сүру салты, ассоциациялық ой-қиялы жатыр. Тілімізде мыңдап саналатын бұл тіркестер тақырыбы, мағынасы, құрамы мен құрылымы, уәждік негізі және көркемдік ерекшеліктері жағынан сан алуан. Теңеудің басты ерекшелігі қандай затты, құбылысты болсын, я қандай затпен, құбылыспен болсын салыстырса да, айналып келіп, адамның іс-әрекетін, сын-сымбатын, қалып-күйін т.б. қасиеттерін сипаттауға бағышталады.
Теңеу тіркестерін зерттеу – бұл өз ұлтыңның тұрмыс-тіршілігін, оның болмысын, табиғатын танып білу. Теңеу тіркестерінің тілдік болмысын тану ол сол халықтың тарихымен тығыз байланыста зерттеу болып табылады. Сондай-ақ, -дай, -дей, -тай, -тей қосымшалары арқылы жасалған теңеулерге, оларға негіз болып тұрған тіліміздегі әртүрлі атауларға этнотанымдық сипаттама беру арқылы өткен замандағы қазақ халқының тұрмысынан, әдет-ғұрпынан, салт-санасынан, шаруашылық дәстүрінен мол мағлұматтар алуға болады.
Сонымен қатар, кез келген тұрақты теңеулердің жасалуында белгілі бір қалыптасқан жүйелі логикалық ой болады. Теңеу тіркестері фразеологиялық тіркестермен бір қатарда көркем сөз қорынан ерекше орын алып, ғылыми зерттеу нысаны болуының себебі, біріншіден, олардың сан жағынан көптігі

ӘОЖ: 811.512.122:39 Қолжазба құқығында
ӨТЕБАЕВА ЭЛЬМИРА ӘБДІҒАЛИҚЫЗЫ
Қазақ тіліндегі -дай, -дей, -тай, -тей тұлғалы теңеу мәнді тілдік
бірліктердің этнотанымдық сипаты
10.02.02 – қазақ тілі
Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін
алу үшін дайындалған диссертацияның
А В Т О Р Е Ф Е Р А Т Ы
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2010
Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Қазақ тіл білімі
кафедрасында орындалды
Ғылыми жетекшілері: ҚР ҰҒА академигі, филология
ғылымдарының докторы, профессор
Ә.Т.Қайдар
филология ғылымдарының докторы
Р.Шойбеков
Ресми оппоненттер: филология ғылымдарының
докторы
Қ.Айдарбек
филология ғылымдарының
кандидаты Ұ.Әділбаева
Жетекші ұйым: Абылай хан атындағы
Қазақ
халықаралық қатынастар және
әлем тілдері университеті
Диссертация 2010 жылы 12 қараша сағат 14.00-де ҚР БжҒМ А.Байтұрсынұлы
атындағы Тіл білімі институты жанындағы 10.02.02 – қазақ тілі және 10.02.06
– түркі тілдері мамандықтары бойынша филология ғылымдарының докторы ғылыми
дәрежесін алу үшін диссертация қорғайтын Д 53.38.01 диссертациялық кеңестің
мәжілісінде қорғалады (050010, Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 29).
Диссертациясымен ҚР Білім және ғылым министрлігінің Орталық ғылыми
кітапханасында танысуға болады (050010, Алматы қаласы, Шевченко көшесі,
28).
Автореферат 2010 жылы 11 қазанда таратылды.
Диссертациялық кеңестің
ғалым хатшысы, филология
ғылымдарының докторы, профессор
Ж.А.Манкеева
КІРІСПЕ
Тіл – адамдардың өзара түсінісу, қатынас құралы болуымен қатар, ол –
адамның рухани өмірінің, қоғам мен табиғат құбылыстарының бірден бір
көрсеткіші. Ұлт пен адамның, ұлт пен қоғамның, табиғаттың арасындағы
тікелей байланыс халықтың танымынан, білімдер жүйесінен көрініс табады. Ал
тіліміздегі теңеу құбылысы – осы танымның нәтижесі. Қазақ тіліндегі
теңеулер ұлттық үрдістің күні бүгінге дейін жалғасып келе жатқан бұл
дәстүрден басталуы да, қалыптасып, кең тарау уәждері де тарихта белгілі
этномәдени көне құбылыстарға жатады.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Ғасырлар бойы қалыптасып, тіл қорының қат-
қабат қойнауларында сақталып келе жатқан, үнемі дамып, жаңаланып, толығып
отыратын тілдік бірліктердің бірі – қазақ теңеулері. Ойымызды бейнелі,
мәнерлі етіп, айқын жеткізуде өзінің бейнелілігін, экспрессивті-эмоционалды
бояуымен көзге түсетін теңеулердің маңызы ерекше құнды. Теңеу модельдерінің
табиғаты бұрыннан зерттеліп келе жатса да, олардың этнос болмысын, оның
көркемдік, бейнелі дүниетанымдық мәні мен тілдегі қызметін терең де жан-
жақты қарастыру антропоцентризмнің өзекті мәселелеріне жатады. Өйткені
мыңдаған теңеу модельдерінің уәжі мен нысаны, сайып келгенде, халықтық
дүниетанымға, ұлттық менталитетке және оның құндылығын айқындау принципіне
тікелей байланысты.
Бұл тіркестердің қай-қайсысын алсаң да, олардың мазмұнында халықтың
тарихы, мәдениеті, оның өмір сүру салты, ассоциациялық ой-қиялы жатыр.
Тілімізде мыңдап саналатын бұл тіркестер тақырыбы, мағынасы, құрамы мен
құрылымы, уәждік негізі және көркемдік ерекшеліктері жағынан сан алуан.
Теңеудің басты ерекшелігі қандай затты, құбылысты болсын, я қандай затпен,
құбылыспен болсын салыстырса да, айналып келіп, адамның іс-әрекетін, сын-
сымбатын, қалып-күйін т.б. қасиеттерін сипаттауға бағышталады.
Теңеу тіркестерін зерттеу – бұл өз ұлтыңның тұрмыс-тіршілігін, оның
болмысын, табиғатын танып білу. Теңеу тіркестерінің тілдік болмысын тану ол
сол халықтың тарихымен тығыз байланыста зерттеу болып табылады. Сондай-ақ,
-дай, -дей, -тай, -тей қосымшалары арқылы жасалған теңеулерге, оларға негіз
болып тұрған тіліміздегі әртүрлі атауларға этнотанымдық сипаттама беру
арқылы өткен замандағы қазақ халқының тұрмысынан, әдет-ғұрпынан, салт-
санасынан, шаруашылық дәстүрінен мол мағлұматтар алуға болады.
Сонымен қатар, кез келген тұрақты теңеулердің жасалуында белгілі бір
қалыптасқан жүйелі логикалық ой болады. Теңеу тіркестері фразеологиялық
тіркестермен бір қатарда көркем сөз қорынан ерекше орын алып, ғылыми
зерттеу нысаны болуының себебі, біріншіден, олардың сан жағынан көптігі
болса, екіншіден, қолданыс аясының кеңдігі, үшіншіден, мазмұн-тақырып
жағынан ауқымдылығы және тіл тәжірибесінде жиі қолданылуы болып табылады.
Зерттеу жұмысының нысаны: Қазақ тіліндегі -дай, -дей, -тай, -тей
тұлғалы теңеу мәнді тілдік бірліктердің танымдық мәні, жасалу жолдары мен
этнолингвистикалық табиғатын ашу.
Зерттеу жұмысының пәні: Қазақ тіліндегі -дай, -дей, -тай, -тей тұлғалы
теңеу мәнді тілдік бірліктердің этнотанымдық сипаты.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының мақсаты -
қазақ тіліндегі -дай, -дей, -тай, -тей тұлғалы теңеу мәнді тілдік
бірліктердің этнотанымдық сипатын ашу. Осы мақсатты орындау үшін
төмендегідей міндеттер белгіленді:
– -дай, -дей, -тай, -тей тұлғалы теңеу мәнді тілдік бірліктердің қазақ
тіл біліміндегі зерттелу тарихына шолу жасау;
– мағынасы көмескіленген -дай, -дей, -тай, -тей тұлғалы теңеулердің шығу
тегін анықтауға арналған ғылыми зерттеулерді талдау;
– халықтық өлшемге қатысты теңеу тіркестерінің мазмұн-межесін ұлттық
таным негізінде жан-жақты анықтау;
– қазақ тіліндегі -дай, -дей, тай, -тей тұлғалы теңеу мәнді тілдік
бірліктерді Адам-Қоғам-Табиғат үштігіне байланысты айқындаудың
тілтанымдық ғылыми-теориялық тұғырына сүйене отырып топтастыру;
– ер адамдар мен әйел адамдарға қатысты теңеу мәнді тілдік
бірліктердің мағыналарын анықтау;
– этностың білімдер жүйесінен, танымынан туындаған тұрақты
теңеулердің лексика-семантикалық қырын этнолингвистикалық
контексте көрсету;
– теңеу мәнді тілдік бірліктердің лексика-семантикалық
ерекшелігінің негізіндегі этномәдени табиғатын анықтау;
– олардың қолданыс аясындағы этнолингвистикалық факторлары мен
уәжділік сипатын айқындау;
– ұлттық нақышын танытып тұратын тұрақты теңеулерді көркемдік
талғаммен сұрыптап алу.
Зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері. Зерттеу жұмысында лексика-семантикалық
талдау, этимологиялық түсіндіру, уәждемелік сараптама, сондай-ақ,
этнолингвистикалық, ассоциативтік-салыстырмалы, статистикалық, тілдік
фактілерді жинақтау, тақырыптық-мағыналық топтастыру, жүйелеу сияқты
лигвистикалық әдіс-тәсілдер қолданылды.
Зерттеу жұмысының дереккөздері. Жұмыстың негізгі дереккөзін Қазақ
тілінің түсіндірме 10 томдық сөздігі, (Алматы, 1974-1986), Қазақ тілінің
қысқаша этимологиялық сөздігі (Алматы, 1966), І.Кеңесбаевтың Қазақ тілінің
фразеологиялық сөздігі (Алматы, 1977), 15 томдық Қазақ әдеби тілінің
сөздігі (жарық көрген тоғыз томы: Алматы, 2006-2008), Ә.Қайдардың Халық
даналығы (Алматы, 2004) және Тысяча метких и образных выражений: казахско-
русский фразеологический словарь с этнолингвистическими пояснениями
(Астана, 2003) атты этнолингвистикалық сөздіктері, Т.Қоңыровтың Қазақ
тілінің тұрақты теңеулері сөздігі (Алматы, 1990), Қазақ тілінің аймақтық
сөздігі (Алматы, 2005) сияқты лексикографиялық көздерден, Ж.Бабалықұлының,
Х.Арғынбаевтың, А.Тоқтабайдың, С.Қасимановтың этнографиялық еңбектерінен
және көркем әдеби шығармалардан, фольклорлық туындылардан жаппай сұрыптау
тәсілімен жинақталған -дай, -дей, -тай, -тей тұлғалы теңеу мәнді тілдік
бірліктердің 1000-ға жуық картотекалық қоры құрайды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы мен нәтижелері. Зерттеу барысында
қазақ тіліндегі -дай, -дей, -тай, -тей тұлғалы теңеу мәнді тілдік бірліктер
лингвомәдени және антропоөзекті аспектіде қарастырылып, халықтың көп
ғасырлық білімдер жүйесінен, дүниетанымынан қалыптасқан теңеу мәнді тілдік
бірліктердің этнотанымдық сипаты алғаш рет арнайы зерттеліп, төмендегі
нәтижелерге қол жеткізілді:

тегі жан-жақты қарастырылып, олардың қолданыс аясы айқындалды;
– тіліміздегі халықтық өлшемге қатысты -дай, -дей, -тай, -тей теңеу
мәнді тілдік бірліктер семантикасы жағынан белгілі ұғымдарды салыстыру
арқылы қолданылатыны анықталды;
– қазақ тіліндегі -дай, -дей, -тай, -тей тұлғалы тұрақты теңеулер Адам-
Қоғам-Табиғат үштігіне байланысты айқындаудың тілтанымдық ғылыми-теориялық
тұғырына сүйене отырып топтастырылды;
– гендерлік категория негізінде -дай, -дей, -тай, -тей тұлғалы теңеу
мәнді тілдік бірліктердің гендерлік ерекшеліктері анықталды;
– қазақтың тілдік қорында қалыптасқан соматикалық теңеулер әуел
бастан-ақ адамдардың өзін-өзі тануға ұмтылуынан пайда болғаны
этнолингивстикалық талдау арқылы дәйектелді;
– қолданыстағы тұрақты теңеулер арқылы ұлттық дүниетанымның,
ұлттық нақыштың көрінісі ашылды;
– Адам факторының тілдік сипаты зоонимдік, орнитонимдік,
фитонимдік лексикалары қатысқан теңеу мәнді тілдік бірліктер
уәждеме тұрғысынан талданды;
– теңеулерді тақырыптық-мағыналық топтарға бөліп, лексика-
семантикалық маңызын анықтау арқылы қазақ халқының түп тарихы,
дүниетанымы мен этномәдениеті өте тереңде екендігі дәйектелді.
Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңыздылығы. Қазіргі тіл
білімінің антропоөзектік бағыттағы лингвомәдениеттану, этнолингвистика,
когнитивті лингвистика салаларының теориялық мәселелерін шешуде,
принциптерін айқындауда және бұл салалардың алға қарай дамуына зерттеу
жұмысының нақты нәтижелері мен тұжырымдары өз деңгейінде үлес қосады.
Жұмыстың нәтижелерін жоғары оқу орындарда арнайы оқытылатын
лексикология, этнолингвистика, лингвомәдениеттану, когнитивті лингвистика,
стилистика пәндері бойынша оқулықтар мен оқу құралдарын жазуда, теориялық
курстар мен арнайы семинарларда пайдалануға, сондай-ақ лексикографиялық
тәжірибеде қолдануға болады.
Зерттеу жұмысы бойынша қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:
– мағынасы көмескіленген -дай, -дей, -тай, -тей тұлғалы теңеулер қазіргі
тілімізде лексикаланған сөздер болып саналады;
– қазақ тіліндегі халықтық өлшемге қатысты -дай, -дей, -тай, -тей теңеу
тіркестері семантикасы жағынан жылдамдық, қашықтық, көлемдік, ауырлық,
сапалық, мезгілдік т.б. ұғымдарды салыстыру арқылы қолданылады;
– адамның жыныс ерекшелігін бейнелейтін қазақ теңеулері ұлттың тарихын,
дүниетанымын, ішкі жан-дүниесін, рухани-мәдени өмірін өз бойына сіңірген
маңызды лингвомәдени бірліктер болып табылады;
– соматикалық атаулар арқылы жасалған кейбір теңеу мәнді тілдік
бірліктердің адамның қалып-күйін бейнелеуде көбірек қолданысқа ие болуы
таным дүниесінің тетіктерін өзіндік ұлттық қабылдау әлемімен көре білген
этностық ой-ұғымымыздан туындайды;
– қазақ тіліндегі зоонимдер, орнитонимдер, фитонимдер қатысқан
теңеу мәнді тілдік бірліктер – адамның дене-бітімі, мінез-
құлқы, іс-әрекеті, қадір-қасиеті салыстырылып сипатталатын
бірден-бір тілдік көрініс;
– наным-сенімге байланысты теңеу мәнді тілдік бірліктердің
этномәдени, лингвомәдени сипатын қарастыру арқылы танымдық
компоненттерді ашуға болады;
– теңеу модельдерінің уәжі мен нысаны халықтық дүниетанымға,
ұлттық менталитетке және оның құндылығын айқындау принципіне
тікелей байланысты.
Зерттеу жұмысының талқылануы мен жариялануы. Зерттеу жұмысының мазмұны
мен нәтижелері атап айтқанда Профессор С.М.Исаев және мерзімді баспасөз
тілі атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияда (Алматы, 2003),
Академик Ш.Ш.Сарыбаев және қазақ тіл білімі мәселелері атты халықаралық
ғылыми-теориялық конференцияда (Алматы, 2005), Мемлекеттік тіл саясаты:
терминология, аударматану, ресми құжат тілі атты халықаралық ғылыми-
теориялық конференцияда (Алматы, 2007), Профессор С.М.Исаев: Қазақ тіл
білімі мен әдебиеттанудың теориялық және әдістемелік мәселелері атты
халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда (Алматы, 2008), Профессор
Қ.Жұбановтың 110 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық
конференцияда (Алматы, 2009), Этнос және тіл атты халықаралық ғылыми-
теориялық конференцияда (Алматы, 2009), сондай-ақ, ҚР БҒМ А.Байтұрсынұлы
атындағы Тіл білімі институты жанындағы Лингвистикалық жұма атты ғылыми-
әдістемелік лингвистикалық семинарда (2008, мамыр) баяндалды.
Сондай-ақ ҚР бақылау комитеті бекіткен тізімдегі республикалық ғылыми
басылымдар мен жинақтарда диссертация тақырыбына сәйкес 11 мақала
жарияланды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі тараудан және
қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалар
берілген.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Диссертациялық жұмыстың кіріспе бөлімінде тақырыптың өзектілігі, зерттеу
нысаны, негізгі мақсаты мен міндеттері, жұмыстың ғылыми жаңалығы, қорғауға
ұсынылатын тұжырымдар айқындалып, теориялық және практикалық маңыздылығы,
зерттеу барысында қолданылған әдістер, пайдаланылған тілдік дереккөздер,
жұмыстың жариялануы туралы мәлімет беріледі.
Жұмыстың Қазақ тіліндегі -дай, -дей, -тай, -тей тұлғалы теңеу мәнді
тілдік бірліктердің лингвомәдени аспектісі деп аталатын бірінші тарауында
қазақ тіліндегі теңеу мәселесіне байланысты зерттеулерді талдай отырып,
оның ішінде -дай, -дей, -тай, -тей тұлғалы теңеулердің этимологиялық қыры,
лексика-семантикалық мәні, аймақтық ерекшелігі лингвомәдени сипатта жан-
жақты қарастырылады.
1.1 -дай, -дей, -тай, -тей тұлғалы теңеудің зерттелу тарихы. Қазақ
тіліндегі әр алуан сөз тудырушы аффикстердің ішінде компаративті мағына
беру үшін қолданылатын аффикстер тобының бірі – -дай, -дей, -тай, -тей
аффиксі. Бұл – зат есімнен сын есім және үстеу тудырушы өнімді аффикс. Бұл
аффикстің негізгі семантикасы теңеу, ұқсату семантикасы екендігін қазақ
тілі мамандары бірауыздан қолдайды. Алайда түркі тілдерінде сыры әлі де
толық ашылмаған, әлі де біраз зерттеулерді қажет ететін қосымшалардың бірі
-дай, -дей қосымшасы. -дай, -дей қосымшаларының сөзге жалғану қызметі өте
кең. Жалғанған сөздеріне үстейтін мағыналары да әртүрлі болғандықтан,
түркологтардың бұл қосымша жөнінде көзқарастары бірізді емес.
Қазіргі тіліміздегі қосымшалардың о баста жеке-жеке сөз болғандығы аз
айтылып жүрген жоқ. Олардың көпшілігі екінші бір сөздің шылауында тұрақты
жұмсалуының нәтижесінде өзінің лексикалық мағынасынан айырылып қалып, өз
шылауында жұмсалып отырған сөзге әртүрлі грамматикалық мән-мағына үстеп,
көмекші, шылау сөздерге айналып, негізгі сөздің ықпалынан әртүрлі дыбыстық
өзгерістерге түсіп деформацияға ұшырап, вариантталып, қосымшаға айналған.
Мәселен, көне түркі жазба ескерткіштерінің тілінде қазіргі -дай, -дей,
-тай, -тей қосымшасының -дағ, -дег, -тақ, -тег болып берілуі Қ.Жұбанов,
Ғ.Мұсабаев, Б.Сағындықұлы, Ж.Тектіғұл, А.Жаңабекова, Е.Өмірбаев сынды
ғалымдардың еңбектерінде айтылған.
Бұл -тег (тек) аффиксінің қолданысы Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари,
Ахмет Йүгінеки, Қадырғали Жалайыр, Әбілғазы Бахадур т.б. еңбектерінде де
ұшырайтыны ортағасырлық ескерткіштерді зерттеушілердің еңбектерінде
көрсетіледі. Қазіргі тіліміздегі -дай, -дей жұрнағының көне бастауларын сөз
еткенде, сол дәуірдегі жазылған көркем жырларды аттап өте алмаймыз.
Ә.Керімұлы Ескі түркі ескерткіштері тіліндегі сөз жасайтын жұрнақтар (ХІV
ғасыр) атты еңбегінде Хұсрау Шырын, Махаббат-наме, Гүлстан жырларына
ортақ -дақ, -дағ, -дек, -дег, -тек, -тег жұрнағын, негізінен, зат есім және
жіктеу, сілтеу есімдіктеріне жалғанып, ұқсату, салыстыру мәніндегі сын
есімдер жасайтынына мысалдар келтіріледі: Толун айдек – толған айдай (МН,
5). Булутлар йел тек көкрәб йүрүрләр – Бұлттар желдей күркірет жүрер (МН).
Қылыч тек тіл білә туттым жаһанны – Қылыштай тілмен тұттым жаһанды (МН).
Нагаһ бір йылдырымтек көкрәр ерсә – Кенет бір найзағайдай күркіресе (ХШ).
Қачып зағтек фәләк тотысыдын түн – Қашып қарғадай аспан тотысынан түн (ХШ).
Алматег нәзүк сақақы – алмадай нәзік сағағы (ХШ, 59). Ажунда тогмады антег
жеһангер – әлемде тумады ондай жеһангер (ХШ, 60) [1, 55 б.].
1.2 Қазақ тіліндегі -дай, -дей, -тай, -тей тұлғалы теңеуінің -лай, -лей
қосымшасымен варианттылығы. Қазақ тіліндегі -дай, -дей, -тай, -тей
жұрнақтары арқылы жасалған сөздерде лексикалық және семантикалық варианттар
өзара байланыста болады. Сөздердің лексика-семантикалық варианттары бір
түбірлес және әр түбірлес болып келеді. Кейбір сөздерге -дай, -дей, -тай,
-тей жұрнағы қосылса да, оның мағынасын өзгертіп жібере алмайды. Денесі мұз
боп қатты – денесі мұздай боп қатты; Тас қараңғы – тастай қараңғы. От боп
жанды – оттай жанды. Көмір қара – көмірдей қара. Бұл сөйлемдердегі мұз,
мұздай, тас, тастай т.б. сөздері грамматикалық вариант есебінде қолданылып
тұр. Бұлай болу -дай, -дей, -тай, -тей жұрнағының қызметіне байланысты.
Әрбір сөз бір мағынаны білдіріп, бір ұғым бір атаумен берілуге тиіс, бірақ
өмірде барлық жағдайда бұлай бола бермейтіні байқалады. Атаулар фонетикалық
және морфологиялық өзгерістерге ұшырап, олардың әрбір варианты басқа
варианттармен жарысып жұмсалады.
Қазақ тіліндегі -дай, -дей, -тай, -тей, -лай, -лей жұрнақтары бір-
біріне вариант болып жұмсалады. Бұлардың әрқайсысына -дайын, -дейін,
-тайын, -тейін форманттары вариант бола алады. Бірақ бұл – өте көне
құбылыс. Бұл қолданыс көбінесе ауызекі тілге тән. Бұл жұрнақтардың бір-
біріне варианттылығы және -ын, -ін тұлғаларының көне заманнан бері қосылып
қолданылып келе жатқан зат есімнен үстеу тудыратын өнімсіз жұрнақ. -дай,
-дей жұрнағынан кейін -ын, -ін қосымшасы қосылып айтылып, алғашқы түріне
морфологиялық вариант болып жұмсалатыны И.Ұйықбаев еңбегінде айтылды [2, 54
б.]. Мысалы, Бурадайын сақылдап, күліседі көп шайтан, қылған ісін мақұлдап
(І.Жансүгіров). Аттанып атандайын, алшаңдатып, Ақситып бір балуанды
арсаңдатып (І.Жансүгіров).
Академик Р.Сыздық -дай жұрнағының -дайын варианты поэзия тілінде бұрын
да, қазір де қатар қолданылатын бір-біріне кезекші элементтер екенін айта
келе, қазіргі проза тілінде бұлардың бір ғана (көбінесе ықшам) варианты
норма (немесе актив) болса, өлең тілінде бұлардың екеуі де әдеби норма.
Өлең өлшеміне, ұйқасына қарай, буын саны артық болса, ықшамы жетпей жатса,
бірінің орнына екіншісі еркін қолданыла береді. Ал кейбір ықшамдауларды тек
поэзия тілі көтеретінін айтады [3, 18 б.].
Ғалым Н.Уәли варианттардың тілдің даму тенденциясына лайықты түрін
өрістете жұмсап, артықшылық беріп отыру, олардағы нәзік айырма, реңдерді
дер кезінде тап басып тани білу т.б. мәселелер тіл құрылысында оңай шаруа
емес, – деп, тілдегі варианттар құбылысына лингвистикалық барлау жасап
көруге болатынын айта келе, жарыспалы жүйенің газет-журналдардан: ақшалай-
ақшадай, екіншілей-екіншідей, ескілей-ескідей, жылылай – жылыдай, жаңалай –
жаңадай, өлілей – өлідей, пісілей – пісідей, тірілей – тірідей, шикілей –
шикідей, ыссылай – ыссыдай т.б. түрілерін жиі кездестіруге болатынын
айтады. лд дыбыс алмасуына байланысты екі түрлі жүйенің әдеби тіл
нормасына лайықтысын былайша көрсетеді: ақшалай (ақшадай емес), жылылай
(жылыдай емес), тірілей (тірідей емес) т.б. Ғалым осылайша тілдің өзгеру,
даму бағытына сай тенденцияны арқау ете отырып норманың кейбір босаң түрін
қатаң нормаға көшуді жеделдетуге де болады, – дейді [4, 127 б.].
Демек, қазақ тіліндегі -дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтары арқылы келетін
мұндай сөздердің кейбіреулері ғана варианттылыққа ие. Қазақ тіліндегі -дай,
-дей, -тай, -тей жұрнақтарына қатысты варианттылықты жеке бөліп алып, сөз
етуіміздің маңызы зор. Себебі, грамматикалық, лексикалық, морфологиялық,
фонетикалық варианттар тілдің бір қалыпқа түспеген, стандартталып бітпеген
әлі де зерттеуді керек ететін құбылысы. Дегенмен бұлардың барлығы бірдей
нормасыздықтан туған варианттар емес екенін де ескеру қажет.
1.3 Мағынасы көмескіленген теңеулердің этимологиясы турасында. Біздің
күнделікті тілдік қорымызда өткен өмірді бейнелейтін сөздер мен сөз
тіркестері көптеп кездесетіні белгілі. Бірақ та олардың біразы күнделікті
қарым-қатынаста айтылса да, бәрі бірдей бүгінгі ұрпаққа айқын бола да
бермеуі мүмкін. Олардың арасында қолданыс аясы тарылып, о бастағы
мағынасының күңгірттеніп, не мүлдем ұмыт болғандары да аз емес.
Кейбір сөздердің тілдегі қолданыс белсенділігі, заманға сай өзектілігін
жоғалтып жатады, тіпті қолданыстан шығып қалып жатады. Қазіргі тіліміздің
нормасы тұрғысынан қарағанда теңеулердің құрамында бірқыдыру лексикаланған
элементтер кездеседі. Лексикалану процесінде дербестігінен айырылған сөздер
қазіргі уақытта өзінің заттық мағынасынан мүлдем қол үзіп, алшақтап
кеткендігі байқалады.
Мысалы, қазіргі уақытта жұнттай сөзі тіліміздегі -дай, -дей, -тай, -тей
жұрнағы арқылы жасалып, лексикаланған кейбір сөздер тәрізді (жұрдай,
бүлдіршіндей, көсіктей, білеудей, тап-тұйнақтай) осы -дай жұрнағымен
қалыптасқан күйінде қолданылатын сөздерді көптеп кездестіреміз.
Тілдік қолданыста кездесетін мұндай сөздердің бірсыпырасы жалғанған
сөзімен жымдасып кеткен, бөліп қолдануға келмейді. Осындай түбір мағынасын
жоғалтқан, мағына жағынан күңгірттенген, дербестігін жоғалтқан және тек
қана белгілі аффикстер (-дай, -дей, -тай, -тей) арқылы ғана қолданылатын
сөздер өте көп. Олардың қатарына дағарадай (үлкен), дардай (үлкен),
дәсердей (қуану, шаттану), дүрдейдардай (айбарлы), дыңдай (сап-сау, аман-
есен, зақымданбаған), дыраудай (үлкен), дырдай (үлкен, ірі, мықты, ересек),
зәрдей (суық, ащы), жардай (семіз, үлкен), жұрдай (жоқ) мағынасын
білдіреді, барлығынан айырылған) т.б. жатады. Бұл сөздер түбір күйінде жеке-
дара қолданылмайды, әрі бұл сөздердің мағынасы түрлі себептермен
күңгірттелінген, сөздің өзі сақталса да, халықтың жадында оның бір
замандағы айқын-анық лексикалық мағынасы ұмыт болған. Бір қызығы осы
сөздердің барлығы да адамның қимылына, жүріс-тұрысына, салмағына,
лауазымына, көңіл-күйіне, жас ерекшелігіне т.б. әрекетіне байланысты
айтылған.
Мысалы, қаншырдай қату – жіп-жіңішке болып жарау. Мысалы, Қаншырдай
қатып қалыпты ғой жылқылар (Ғ.Мүсірепов). Жазға салым бура мен үлек
қаншырдай қатып бауырынан жарайды (Есенжанов X. Ақ Жайық). Осы тіркестегі
қаншыр сөзіне қазақ әдеби тілінің сөздігінде 1. далалы жерде, қырда жүретін
еті адал, кішірек келген сұр құс. 2. арыстанның ұрғашысы деген мағыналарда
түсіндірілген [ҚТӘС, 9, 243 б.]. Ал М.Әлімбаев болса, түлкінің қаншығын
қаншыр деп атайды [5, 9 б.].
Қаншыр сөзін қазіргі кезде кез келген адам тілдік қолданысында
пайдалана бермейтіні мәлім. Академик Р.Сыздық бұл сөздің өзі аса түсінікті
болмағандықтан, ол бірде қаншырдай қатып тұлпарлар, бірде қанжардай болып
жазылып жүргенін айтып өтеді [6, 171 б.]. Қазақ тілінде бұл атау қаншырдай
қату деген образды фразада сақталған. Белгілі этнограф Ж.Бабалықұлы бұл
фраза жөнінде былай дейді: Қаншырдай қатқан қыз, қаншырдай қатқан қатын
деген сөз тіркестері бар. Бұл теңеуді көп ретте әйел затына қаратып айтады.
Кейде қазақ бәйге аттарды жаратқан кезде терін алып, іш майын тарттырып,
қоңын төмендетіп, бәйгеге қосқан. Бабына әбден келген ат жарап, жіптіктей
болады. Аттың осындай сәттеріне көзі түскен бапкерлер: Пай, пай, мынау
қаншырдай қатқан екен! – дейді. Сонда атқа теңеу болған қаншыр сөзі нені
білдіреді? Ұзын аяқты, денесі жіп-жіңішке, тұрқы шағын, сидам қаққан
қазықтай тік тұратын құсты қаншыр дейді. Құсқа қаншыр деп ат қойған
қазақтың сөзіне қарағанда, қан – адам, шыр – сөл, ет пен майды
білдіреді. Мал мен адам арық болса, семірмесе, әлгі ұғымды білдірген. Шыр –
семіздік, еттілік, күйлілікті білдіреді. Қан мен шырды бірге қосып, қаншыр
деп жазғанда ұғым өзгеріп, арық жүдеу, қан-сөлсіз, тыртиған, қатып, семіп
қалған деген ұғымды білдіретін болған [7, 32 б.]. Біздіңше, шыр алды
(байлады) – ет алу, қоңдану мағынасын білдіреді. Арыстанның ұрғашысының
күшіктегеннен кейінгі физиологиялық жайы, бой жинауы сәтіндегі қалып-
күйімен салыстырылып тұрған тәрізді. Яғни іші тартылған сәті. Осы қасиетін
сақтап қалудан туындауы да мүмкін. Бұл тіркес негізінен аңшылыққа
байланысты туындаған.
Қазіргі уақытта мұндай сөздер -дай, -дей, -тай, -тей жұрнағы арқылы
жасалып, лексикаланған сөздер осы -дай жұрнағымен қалыптасқан күйінде
қолданылып кеткен. Лексикалану процесінде өз дербестігінен айырылған сөздер

кеткендігін ғалымдар атап өткен.
1.4 Халықтық өлшемге байланысты теңеулердің лексика-семантикалық мәні.
Әрбір қауым, тайпа мүшелері өздерінің айналасын, ортасын, әртүрлі заттарды
танып-білу үшін сандық, кеңістік, салмақ, көлем, уақыт тәрізді
өзге де сапалық қасиеттерді анықтау үшін түрлі әдіс-тәсілдер пайдалана
білген. Әр халықтың күнделікті өмір сүру, тұрмыс қажеттілігінен туындаған
қарапайым өлшемдері болды. Тіл тарихында кездесетін қашықтық, көлем, өлшем
бірліктерін зерттеудің тіл ғылымы үшін де, метрология ғылымы үшін де маңызы
бар. Сондықтан да бұл – зерттеуді қажет ететін тың мәселе. Халық өлшемдерін
ата-бабаларымыз бірнеше ғасырлар бойы қолданып және сол арқылы өлшем
бірліктерін жасаған. Өлшем бірліктері қазақ халқының күнделікті тұрмыс-
тіршілігіндегі мал шаруашылығымен, көшіп қонумен, түрлі нысандарды
салыстырып теңеуінің нәтижесінде өмір қажеттілігінен туындаған деуге
болады.
Белгілі бір тілдің лексикалық қорындағы көптеген сөздердің халықтың
тұрмыс-тіршілігінде кездескен объектілермен ұқсастыру, салыстыру, теңеу
арқылы когнитивтік санасында қалыптасқанын білуімізге болады. Қазақ этносы
алғаш өмірге келгеннен бір заттың бір заттан ұзын-қысқалығы, аз-кемдігі,
биік-аласалығы, көп-аздығы, ауыр-жеңілдігі, алыс-жақындығын т.б. өзінің
күнделікті шаруашылығында атқарған нысандарымен салыстырып, анықтап, өлшеп,
межелеп, сырын ұғып тани білуінің нәтижесінде қазақи менталитетті
бейнелейтін, дәл айтып, дөп басып суреттейтін теңеу бірліктері молынан
кездеседі.
Жылдамдық, қашықтық өлшемі. Тіліміздегі арақашықтық меже, шаманы
анықтап білуде халқымыз өздері тұрған мекеннің айналасындағы мекендерді де
өлшем, меже, шама ретінде танып білген. Бұған тіліміздегі ұйтқы сөзге
теңеу, салыстыру мағынасын білдіретін -дай, -дей жұрнағының жалғануы арқылы
жасалған бие бауындай жер, желі басындай жер, қой өрісіндей жер, қозы
өрісіндей жер, бойдақ қой аулындай жер, қозы көген жер сияқты сөз
оралымдары дәлел болады.
Уақыт аралығын, оның алыс-жақындығын білдіретін толып жатқан тұрмыстағы
харакеттерге теңей өлшейтін халқымыздың өзіндік ерекшеліктегі өлшемі бар.
Ата-бабамыздың өмір-тіршілігі төрт түлік малмен байланысты болғандықтан,
біраз қашықтықты білдіретін бірсыпыра өлшем атаулары малға қатысты туған.
Мысалы, бие бауындай жер – өте жақын, шамамен бір арқан бойы жер; қозы
өрісіндей жер – 2-3 шақырым; қой өрісіндей жер – 5-6 шақырым (шақырым –
1000 метрді құрайды); ат шаптырымдай жер – 25-30 шақырым жер; құнан
шаптырымдай жер – 8-10 шақырым жер; тай шаптырымдай жер – тай-құнан
ентікпей келетін қашықтық (4-5 шақырым шамасында). Бұл тіркестер сол
тобымен сөйлем ішінде бөліп жаруға келмейтін сөз тіркестерінің бір-ақ
сыңары қызметінде жұмсалады. Осындағы шақырым деген сөз қазір километр
сөзінің орнына қолдану жиі кездеседі. Бірақ екеуін бірдей мағына беретін
ұғым деп қарауға болмайды. Шақырым кең жазық далада айқайлаған адамның
дауысының жеткен жерін шамамен белгілесе, шын мәнісінде дауыстың жеткен
жерін дәл анықтау толып жатқан қосымша факторларға байланысты. Мәселен: екі
адамның құлағының естуіне, ауа райының қолайлығына, жердің жағдайына
байланысты объективті, субъективті жағдайларға байланысты нәрселер. Демек,
шақырым деген сөздің өлшем ретінде алынуы о баста барлық жағынан оңтайлы
жағдайларда алынғанын көреміз.
Сонымен қатар жылдамдықты, қашықтықты білдіретін теңеулер: қас пен
көздің арасындай – жақын; сідік шаптырым жердей – тиіп тұрған, өте жақын
қашықтық; желі басындай жер – жақын жерге қатысты айтылған; құйындай ұшу –
жылдамдығына көз ілеспеу; құстай ұшу – жүрісіне көз ілеспеу, зымырау; есік
пен төрдей – өте жақын, бір аттам ғана жер; ағын судай екпіндеу – мейлінше
тегеурінді қарқындылық; жұлдыздай ағу, сынаптай ағу – көз ілеспес жылдамдық
т.б. лингвокультуремалар жатады.
Салмақ-көлем өлшемі. Бұл өлшем бірлік түрін мынадай тілдік бірліктер
арқылы көрсетуге болады: аузын арандай ашу – аузын кең ашу; балтыры
бесіктей (келідей) – жуан балтырлы; қол басындай – халықтық өлшем,
жұдырықтай; алақандай, алақанның аясындай – көлемі тар, кішкене ғана; аядай
жер – азғантай, тар жер; бармақтай, шынашақтай, жұдырықтай – кішкентай т.б.
деген мағынада дене мүшелерінің қатысуымен жасалған салмақ-көлем өлшемін
білдіретін теңеулер көптеп кездеседі. Заттың көлемін, аумағын білдіру үшін
кейде ат басындай алтын, ат басындай қорғасын, қой басындай ділда; қойдың
құмалағындай, қой боғындай қорғасын, бұзау салмағындай, от орнындай деген
теңеу сөздер де жиі ұшырасады.
Жоғарыдағы қойдың құмалағындай теңеу тіркесі бойынша, ежелгі
қолбасшылар мен әскери жетекшілер өздерінің сарбаздарының санын, межесін,
шамасын анықтау үшін қойдың құмалағын алып салып сол арқылы да есептеген,
өлшеудің, межелеудің тағы бір тәсілі – ұзын жіптерді түйіп, сол түйген
түйін арқылы да қажетті нысандардың есебін, санын анықтап отырған [8, 365
б.]. Сол сияқты түйе санын біліп жүру мақсатында түйелі байлардың табынында
әрбір жүз түйенің бірінің көзін шығарып, соқыр жасап қою да сандық мөлшерді
білдірген.
Уақыт-мезгіл өлшемі. Уақыт мезгілдерін анықтауға және оның жиіліктерін
жіктеп, айыруға байланысты қалыптасқан халық теңеулері мен өлшемдері әрі
қызық, әрі анық, әрі түрге де өте бай. Халық ұғымында мерзім – уақыттың,
мезгілдің шамасы мен ұзақтығын білдіреді. Мысалы: бие сауымдай жер – биенің
екі сауымының арасы, бір сағат шамасындағы мезгіл (1,5-2 сағат); тайдай
тал түсте – күннің тас төбеге келген тұсы, тапа тал түс мезгілі. Сүт
пісірімдей уақыт – 15-50 мин жүрген арақашықтық, ет пісірімдей уақыт – 2-3
сағат шамасы. Осында бір ескертетін нәрсе егер осы тұрақты тіркестер жер
сөзімен тіркессе арақашықтықты, уақыт сөзімен тіркесіп келсе, уақыт
мөлшерін білдіретін болған.
Ұзындық өлшемі. Ұзындық өлшемдері бір заттың (таяқтың, арқанның)
ұзындығын, мөлшерін анықтайды. Шынтақтай, құлаштай, тұтамдай деген өлшемдер
ұзындықты білдіреді. Сонымен бірге халықтың тұрмыс-тіршілігіндегі
қолданылатын арқан, найза, қамшы, садақ сияқты сөздері басқа сөздермен
тіркесуі арқылы кейде ұзындықты, биіктікті білдерген. Мысалы: Биік найзадай
үш молаға қарап тұрып, әлденелер есіне түсті (С.Сейфуллин). Қысқа ғой қамшы
саптай қыз көктемі (М.Әлімбаев). Сонан әбден жақындап, екі-үш арқан
бойындай жер қалғанда, қиқуды салып, ағашты қағыстырып, сатырлатып келіп,
тиіп кеп кеттік (М.Әуезов). Осы мысалдардағы тіркестердің ұзындық,
биіктік, уақыт мағынасында жұмсалғанын аңғаруға болады.
Көлем-ауқым өлшемі. Қара құрттай қаптады – өте көп мөлшерде; ұлтарақтай
жер – азғантай, болмашы жер (адам табанының көлемі); тайлаққа артқан теңдей
– шамадан, мөлшерден артық затты әлі келмейтін жанға көтеруге орай
айтылған; жер теңгедей, аспан тебінгідей – кіп-кішкентай, болар-болмас қана
деген мәнде; тулақтай – мал терісінің көлемі т.б.
Жас өлшемі. Бұл өлшем бірліктер – адамның жас мөлшеріне қатысты тілдік
бірліктердің жиынтығы. Адамның жас шамасын білдіретін теңеулер нақты жасын
айтпай, көбінесе мағынасын астарлай отырып айтуды мақсат етеді. Кәрі
қойдың жасындай – жасы жетіп, қартаю. Мысалы, Маңдай бар базарлы кезі,
бозтайлақ шағы кеіндеп, жар жағасына жақындай түсіп, кәрі қойдың жасындай
жасы қалған кейуанаша кешегісіне үздіге үңілді (Ақпанбет Ә. Қатын қашқан).
Солқылдаған жас шыбықтай – жап-жас. Мысалы, Өсті бала өрімдей боп,
Молқылдаған жас шыбықтай (Ә.Тәжібаев). Көктей солу. Көктей солмаса, ырық
бермейтін қызыл езудің өзі (Ғ.Мұстафин).
Халықтық өлшемдер ұлтымыздың көшпенді өмір салтына және шұғылданған
шаруашылығына, кәсібіне байланысты туындаған. Көшпенді, малшылық тұрмыста
адамдарға қажетті белгі, бағыт-бағдарды білдіру үшін өлшемге байланысты
туындаған лингвокультуремаларды бүгінгі күнге дейін көркем шығарма тілінен
көптеп кездестіреміз. Халықтық өлшемге негіз болатын ұлттық және мәдени
құрамы айрықша айқындалған лингвомәдени бірліктер мәдени ассоциациялардың
байлығымен ерекшеленеді.
1.5 Қазақ тіліндегі теңеу мәнді -дай, -дей, -тай, -тей арқылы жасалған
аймақтық бірліктер. Әдеби тілде қолданылмайтын сөздердің бәрін диалектизм,
аймақтық сөздер, жергілікті ерекшеліктер қатарына жатқызуға болмайтыны
белгілі. 22 мың сөз бен сөз тіркесін қамтитын Қазақ тілінің аймақтық
сөздігінде -дай, -дей, -тай, -тей арқылы жасалған салыстыру, теңеулерді өз
алдына жинақтадық. Мәселен, -дай, -дей, -тай, -тей арқылы жасалған 133
теңеулі тіркестер берілген. Әрине, оның бәрін біз диалектілік ерекшеліктер
деуден аулақпыз. Бұл диалектілік тіркестерден адам, табиғат, әлеумет және
өмірдің барлық жағдайына байланысты кездестіруге болады. Сол 133 тілдік
бірліктердің ішінде халық арасына кең тарап, әбден қалыптасып, сіңісіп
кеткен тәрізді 70-тен астам халықтық теңеулер жүр.
Соның ішінде үлкен, кішкентай деген сөздерге берілген аймақтық теңеулер
өте көп кездеседі. Қазақ тіліндегі аймақтық сөздердегі үлкенділік,
ірілік, ұсақтық, майдалық ұғымдары мейлінше кеңінен, терең танылған
ұғымдардың бірі болып табылады. -дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтары
кішірейту, үлкейту мағынасында өте көп кездеседі. Кей кезде -дай, -дей
арқылы туған кейбір кішірейту мағынасынан гөрі іс-әрекет, қимылдың
көрінісіне байланысты белгілері басым болады. Бұл сөздердің қолданылу
аймағы, шегі (изоглосы) болғанымен, олардың әдеби тілде баламалары бар.
Сонымен, аймақтық сөздікке енген тіліміздегі үлкен, кіші семаларын
білдіретін -дай, -дей, -тай, -тей тұлғалы теңеу мәнді тілдік бірліктерді
ара-жігін ашып көрсетуге болады.
Аймақтық қолданыстағы үлкендікті білдіретін теңеу мәнді лексикалық
бірліктер. Апанаттай-кенепаттай – үлкен, зор деген мағынаны үстейді.
Бұл қос сөзді теңеу көбінесе Қарақалпақстан өңіріндегі қазақтардың тілінде
кездеседі. [ҚТАС, 64 б.]. Дәңгілдей– үлкен, енгезердей. Бұл теңеу мәнді
сөз негізінен еліміздің батыс аймағындағы тұрғындардың және көршілес жатқан
Түрікменстан қазақтарының тілінде айтылады. Мысалы, Темір дәңгілдей адамды
да жықты. Сақалың дәңгілдей болып, ол жерде саған не бар. Алайда, қазақ
әдеби тілінің сөздігінде дәңгіл сөзі бос кеуде, әупірімшіл мағынасында
берілген [ҚӘТС, 4, 567 б.]. Зіңгірдей – үлкен, сомадай. Зіңгірдей
теңеуі Тәжікстан қазақтарының тілінде кездеседі. Мысалы, Тайыр зіңгірдей
жігіт болыпты [ҚТАС, 294 б.]. Мауыздай. Еліміздің батыс және оңтүстік,
оңтүстік-шығыс аймақтарында мауыздай сөзін ірі, еңгезердей деген мағынада
қолданады. Мысалы, Айдың-күннің аманында қара жерді қолымен тырналап тары
салатын. Сол әлдерінше шетінен мауыздай, дығал (Аманшин Б. Махамбеттің
тағдыры).
Кіші мағынасын білдіретін теңеу мәнді лексикалық бірліктер. Сақадай
– Атырау өңірінде кішкентай деген мағынаны білдіреді. Мысалы, Сақадай
кітап [ҚТАС, 573 б.]. Ал әдеби тілімізде бұл сөз ірі, үлкен, дәу деген
мағынаны түсіндіреді. [ҚТТС, 8, 105 б.]. Мысалы, Малдарды айдап апару үшін
с а қ а д а й он жігітті таңдап алдық (Ә.Нұрпейісов). Ерткен есепсіз көп
дивизиясы, С а қ а д а й солдаттары сайдың тасы. Бастаған батыр қолды
Әлібидің Қырықтың ортасынан асқан жасы (О.Шипин, Дастан.).
Сонымен қатар, қазақ тілінде талапқа сай, тап-тұйнақтай деген
мағынаны үстейтін сақадай сай тілдік бірлігі бар. Мысалы, Біздің атқыштар
ротасы да атакаға сақадай сай болатын (С.Нұрмағанбетов). Шүкіметтей –
кішкентай, титтей. Бұл сөзді көбінесе Қызылорда өңірінің тұрғындары
қолданады. Мысалы, Осы кезде баланың шүкіметтей кішкене мұрны тырбиып,
томпиған бүйрек бетімен бірдей болып кетті [ҚТАС, 768 б.]. Баспақтай болу
тіркесі Моңғолия қазақтарының тілінде айтылып, кіп-кішкене болу деген
мағынаны береді. Мысалы, Баспақтай боп жатқанын қарашы! Ал әдеби тілімізде
баспақтай теңеу сөзі үлкен, добалдай деген мағынаны береді [ҚӘТС, 3, 60
б.].

бірліктердің антропоөзектік аспектісі деп аталатын екінші тарауда
тіліміздегі -дай, -дей, -тай, -тей қосымшасы арқылы жасалатын тұрақты
теңеулердің этнолингвистикалық табиғатын, уәжділік сипатын, танымдық мәнін
Адам-Қоғам-Табиғат үштігінің негізіндегі Адам факторы арқылы ашуға
талпыныс жасалды.
2.1 Тұрақты теңеулерді топтастырудың принциптері. Академик Ә.Қайдар
Хаос болып көрінетін дүниенің өзінде о бастан-ақ қалыптасқан табиғи
реттілік бар. Ол реттілікті біз барлықтағы барша заттар мен құбылыстарды
үлкен үш салаға топтастырып, ішкі жүйесі мен мағынасына қарай шоғырландырып
қарағанда ғана көре аламыз [9, 134 б.] дей келе, оларды шартты түрде Адам
– Қоғам – Табиғат деп атауды ұсынады. Ғылымдағы идеографиялық ұғымдардың
барлығы дерлік осы үш саланың аясына толық сияды десек, тілдегі тұрақты
теңеулердің табиғатын түсінудің бір жолы – жүйелілік принципі.
Осыған орай қазақ тіл білімінде тұрақты теңеулерді тақырыптық топтарға
бөліп, мазмұны, мағынасы жағынан жіктеп, күнделікті қолдануда тілдің қай
саласында көп, қай саласында аз қолданылатынын, тіпті тарихи-
этнолингвистикалық себептерін айқындай түсуге мүмкіндік аламыз.
Тұңғыш рет қазақ теңеулер сөздігін жасаған Т.Қоңыровтың еңбегінде
тақырыптық принциппен қатар алфавиттік принцип те қолданылған. Ғалым
тақырыптық принциптің тиімділігі – оқырман қауым қандай аңдардың, қандай
құстардың, қандай өсімдіктердің – қанша рет теңеу образы (В) болып
қолданылғанын және олардың қандай сапа, қасиет, белгілерінің теңеуге негіз
(С) болғанын ешбір қиындықсыз бірден тауып алуға септігін тигізетіндігін
айтады. Қазақ тіліндегі теңеулерді тақырыптық-мағыналық жағынан
топтастыруда ең алдымен, олардың тілдік қолданыс аясы анықталады. Бұл
принципті қолданудың нәтижесінде қазақ тілі теңеулеріне образ болған күллі
заттар мен құбылыстар 12-і тақырыптың төңірегіне топтастырылған.
Қазақ теңеулері Адам – Қоғам – Табиғат факторларының үшеуіне де тегіс
қатысты. Осы үштіктің негізінде Т.Қоңыровтың сөздігіндегі 12 тақырыптық
топтастыруды басшылыққа ала отырып, олардың өз ішінен бірнеше микротоптарға
бөліп қарауға болатыны анықталды.
Сан мыңдаған теңеулерді тақырыптық-мағыналық топтарға жіктеудің
негізінде ғана халықтың тіл байлығын қала берсе өмірін, қандай кәсіптермен
шұғылданғанын, қалай, немен өмір кешкендерін анықтауға және топтастырудың
негізінде этностың ұлттық-мәдени ерекшеліктерін байқауға болады.
2.2 Гендер категориясы және оның теңеудегі көрінісі. Қазақ тіл білімінде
гендерлік лингвистика жаңадан қалыптасып келе жатқан тіл ғылымының бір
саласы ретінде қарастырылып келеді. Қазіргі таңда әйел мен ердің алатын
орны туралы түсініктер мен құндылықтар, соған байланысты стереотиптер мен
әлеуметтік үрдістер өзекті мәселе болып табылады. Ал ғылыми тілде гендер –
әлеуметтік мәдени категория ретінде қарастырылып жүргені белгілі.
Жыр-дастандарда, көркем әдебиетте, поэзияда әйел бейнесін сомдайтын
теңеулер өте көп кездеседі. Тілдегі гендерлік мәселені ғалымдар негізінен
дәстүрлі әйел мәселесі шеңберінде қарастырады да, ер адам мәселесі көп
жағдайда назардан тыс қалып жатады. Әсіресе қазіргі әлем бейнесіне әйел
факторы белсенді қызмет атқаруда.
Қазақ тіл білімінде гендер мәселесіне қатысты зерттеулерді
Б.Хасанұлының, Г.Мамаеваның, Г.Шоқымның және т.б. еңбектерінен көреміз.
Г.Мамаева қазақ тіліндегі ерлер мен әйелдердің сөз қолданыстарындағы
ерекшеліктерді зерттеу жұмысына арқау етсе, гендерлік стереотиптерді
зерттеп жүрген Г.Шоқым ер мен әйел образын көркемдеген теңеулерді іріктеп,
жүйелеп, олардың гендерлік мәнін ашып көрсетеді.
Адамның жыныс ерекшелігін бейнелейтін қазақ теңеулері ұлттың тарихын,
дүниетанымын, психологиясын, рухани-мәдени өмірін өз бойына сіңірген
маңызды лингвомәдени бірліктер болып табылады. Мәселен, қазақ халқында жас
ерекшелігі мен тұрмыстық беделіне қарай, әйел адамды: қыз, бойжеткен,
бикеш, келіншек, қатын, ана, шеше, апа, бәйбіше, тоқал, әже, кемпір, өгей
ана, ене т.б. десе, ер адамды: жігіт, бойдақ, еркек, аға, әке, ата, шал,
қарасақал, ақсақал т.б. лингвомәдени бірліктермен сипатталады.
Бүлдіршіндей қыз – кіп-кішкене, сүйкімді, уыздай жас, әп-әдемі
деген мағынадағы бұл теңеу қазақ тіліндегі бүлдіршін деген 2 жасқа толар-
толмас түйенің ұрғашысына ұқсастырылудан туған. Бүлдіршіндей әдемі қызбен
Асқардың таныс болғысы кеп кетті (С.Мұқанов). Тілімізде бүлдіршін көзін
сүзбесе, буыршын бұйдасын үзбес деген мәтел бар.
Өрімдей қыз – түp-түс, бет-әлпетiне адам қызығаpлық, әп-әдемi, үpiп,
ауызға салғандай жас қыз. Мысалы, Бір өңкей қоңырқай өңді, қара шаш, қара
көзді өрімдей қыз, жігіттер қаптап кеткен (Қ.Жұмаділов).
Алпамсадай жігіт – ірі, алып денелі, бойындағы күш-қуатына сенуге
болатын жігіт. Омар қолын таяна еңкеңдеп, алпамсадай шомбал денесін әрең
игергендей орнынан тұрды (О.Бөкей).
Қыздай (сызылған) жігіт – мінезі жайлы, жұмсақ, сызылып тұратын, биязы,
артық сөзі жоқ, ешқашан дауыс көтермейтін, әдепті әрі сыпайы жігіт.
Айғай шоқыдай азамат деп Қытай қазақтарының тілінде беделді, абыройлы
азаматты айтады. Мысалы, Өз маңынан мойны озған айғай шоқыдай азамат қана
елестейді көз алдыма (Ғ.Қанапияұлы).
Арыстай азамат арыстай үлкен – абырой-атағы, ой-толғам, көзқарас-
пікірлерімен кең танылған, ерен еңбегі елге сіңген ерлерді, арба-шананың
көлік жегетін қос жетегі, тәртесі – арыс тәрізді елін алға сүйрейтін, ия
үйдің төбесін жапқан өрімдерді ұстап тұратын белағашы – арысы тәрізді елдің
ауыртпашылығын көтеретін білікті де қадірменді адамды қазақ арысқа
теңеген. Мысалы, Қауменнің екі ұлы да арыстай үлкен, қабыландай қайратты
болатын (М.Әуезов).
Сонымен, адамның жыныстық ерекшелігін бейнелейтін сөздеp мен сөз
тipкестеpi тiлiмiзде өте көп және олаp мазмұн-мағына, тақыpып жағынан да
сан алуан. Гендерлік ерекшелік адамға тән түрлі сын-сипаттың негізінде
тілде жеке сөздеp мен сөз тipкестеpi аpқылы сипатталады.
2.3 Құрамында соматикалық лексикасы бар теңеулердің этнолингвистикалық
табиғаты. Қазақ тіліндегі теңеулер үнемі даму үстінде болатын, мағына және
тұлға жағынан жетіліп, ширап, сараланып отыратын –тұрақты сөз тіркестері.
Адам – өмірдегі барлық құбылыстың өзегі бола тұрып, өзін-өзі танып-білуге
ұмтылады, өз істеріне баға беріп, өзіндік ерекшеліктерін ашуға тырысады.
Соның нәтижесінде тілімізде адамға байланысты, адамның дене мүшелеріне,
қимыл іс-әрекетіне, мінез-құлқына байланысты сан алуан сөз тіркестері мен
фразеологизмдер қалыптасады. Тіл білімінде анатомиялық атауларға
негізделген фразеологизмдердің түрлерін соматикалық фразеологизмдер деп
атайды. Соматикалық атаулар – тілдегі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz