Орталық жүйке жүйесінің жеке физиологиясы



1.ОЖЖ.НЫҢ ЖЕКЕ ФИЗИОЛОГИЯСЫ.ТОРЛЫ ҚҰРЫЛЫМ ФИЗИОЛОГИЯСЫ.
2. ЖҰЛЫН.ЖҰЛЫННЫҢ ҚҰРЛЫСЫ.
3.МИ.МИ БӨЛІМДЕРІ.
4.ТОРЛЫ ҚҰРЫЛЫМ.
Жүйке жүйесі орталық және шеткі бөлімдерден тұрады.Омыртқалы жануарларда алғашқысының қатарына жұлын мен ми,ал екіншісінің қатарына-жұлын түйіндеріндегі және ағзалар ішіндегі (интрамуральдық) нейрондар жатады.Ағзалар ішіндегі жүйке вегетативтік жүйесінің нейрондары,ал жұлын түйіндері тұлғалық жүйке жүйесінің сезгіш жасушаларынан тұрады.Орталықтағы нейрондардың денесі мида немесе жұлында орналасқанмен,олардың ұзын талшықтары жұлыннан,мидан шығып шеткі ағзаларға барып таралады.Мұндай жүйке өскінділерін орталықтағыдан айыру үшін шеткі талшықтар деп те атайды.
орталық бөліміне ми және жұлын,
ал шеткі бөліміне — мидан және жұлыннан организмнің шеткі аумақтарына таралатын мүшелер: жүйке түбіршіктері, жүйкелер, жүйке тораптары, жүйке түйіндері (ганглийлері) және жүйке талшықтарының ұштары жатады.
Орталық жүйке жүйесі– адам мен жануарлардың жүйке клеткалары (нейрондар) мен оның өсінділерінен тұратын жүйке жүйесінің ең негізгі бөлігі.
1.СӘТБАЕВА Х.Қ, ӨТЕПБЕРГЕНОВ А.А, НІЛДІБАЕВА Ж.Б «АДАМ ФИЗИОЛОГИЯСЫ» 2005
2.GOOGLE.KZ

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

1.Ожж-ның жеке физиологиясы.Торлы құрылым физиологиясы.
2. Жұлын.Жұлынның құрлысы.
3.Ми.Ми бөлімдері.
4.Торлы құрылым.

ОЖЖ-нің жеке физиологиясы.
Торлы құрылым физиологиясы.

Жүйке жүйесі орталық және шеткі бөлімдерден тұрады.Омыртқалы жануарларда алғашқысының қатарына жұлын мен ми,ал екіншісінің қатарына-жұлын түйіндеріндегі және ағзалар ішіндегі (интрамуральдық) нейрондар жатады.Ағзалар ішіндегі жүйке вегетативтік жүйесінің нейрондары,ал жұлын түйіндері тұлғалық жүйке жүйесінің сезгіш жасушаларынан тұрады.Орталықтағы нейрондардың денесі мида немесе жұлында орналасқанмен,олардың ұзын талшықтары жұлыннан,мидан шығып шеткі ағзаларға барып таралады.Мұндай жүйке өскінділерін орталықтағыдан айыру үшін шеткі талшықтар деп те атайды.
орталық бөліміне ми және жұлын,
ал шеткі бөліміне -- мидан және жұлыннан организмнің шеткі аумақтарына таралатын мүшелер: жүйке түбіршіктері, жүйкелер, жүйке тораптары, жүйке түйіндері (ганглийлері) және жүйке талшықтарының ұштары жатады.
Орталық жүйке жүйесі - адам мен жануарлардың жүйке клеткалары (нейрондар) мен оның өсінділерінен тұратын жүйке жүйесінің ең негізгі бөлігі.
Орталық жүйке жүйесі ми мен жұлыннан тұрады
Жұлын омыртқа өзегінде орналасқан, ұзындығы ересек адамдарда жарты метрге жуық, салмағы 37-38 г. Жұлынның жоғарғы ұшы сопақша мимен жалғасады да, төменгі ұшы шашақтанып І және ІІ бел омыртқа тұсында бітеді

Жұлын - ОЖЖ ең көне бөлігін құрайды. Ол омыртқа жотасының өзегінде орналасқан, өткізгіш және рефлексті қызмет атқаратын ОЖЖ бөлімі. Ерекшелік белгісі: оның сегменттік құрылысы
Адамның жұлыны 31-33 сегменттен тұрады: 8 мойын ( СІ-СҮІІІ), 12 кеуде (ТІ-ТХІІ), 5 бел (JІ-JҮ), 5 сегізкөз (SІ-SҮ) және 1-3 құймышақ ( СоІ-СоІІІ).
Жұлынның әрбір сегментінен жұптасқан алдыңғы және артқы түбірлер шығады.
Әрбір сегментіне дененің белгілі бір бөлігі сәйкес келеді, ол метамер деп аталады.
Жұлынға қабысу принципі тән: дененің 3 метамерін жүйкелендіреді, өзі 3 метамерден ақпарат қабылдайды.

Жұлынның нейрондық құрылымы
Адам жұлыны құрамына 13,5 млн. жуық нейрондар енеді, олардың 3% эфферентті нейрондар, 97% интернейрондар (ендірме) құрайды, ал сезімтал нейрондар денесі жұлыннан тыс жұлындық немесе интрамуралдық ганглийларда орналасады.

Жұлын нейрондары топтары:
Мотонейрондар немесе қозғалтқыш - алдыңғы түбір;
Интернейрондар - жұлын ганглийлерінен ақпарат алатын артқы түбір;
Симпатикалық және парасимпатикалық бүйір түбір; олардың аксондары жұлыннан алдыңғы түбірлер арқылы шығады.
Ассоциативті жасушалар - жұлынның меншікті нейрондары, сегменттер арасында байланыс қамтамасыз етеді.

Нейрондық құрылымы
Эфферентті нейрондар ішіне альфа и гамма мотонейрондарды, сонымен қатар преганлионарные нейроны вегетативті жүйке жүйесінің ганглийге дейінгі нейрондары жатады . Альфа мотонейрондар, адам бетінен басқа, барлық, қаңқа бұлшық еттерімен байланысқан. Альфа нейрондар аксондары қаңқа бұлшық еттерінің экстрафузалды талшықтарына қозуды 70-120 мсек жылдамдықпен өткізеді . Нейрондар тұтасып жеке бұлшық еттерді жүйкелендіретін мотонейронды пул түзеді. Мотонейронды пул құрамына жұлынның әр түрлі сегменттерінен мотонейрондар енуі мүмкін.

Ми
Ми' ('дұрыс айтылуы -- мый) -- латын тілінен encephalon деп аталады.Сүтқоректілерде мінез-құлыққа жауапты орталық нерві жүйесінің меңгеру торабы. Ми баста бассүйек қуысында орналасады. Ол мынадай бөлімдерден тұрады: сопақша ми, ми көпірі, мишық, ортаңғы ми, аралық ми және үлкен ми сыңарларымен мишықты қаптап, ми қыртысын түзеді.

Сопақша ми мен көпір жұлынның жалғасы болып табылады, олар рефлекстік және өткізгіштік қызмет атқарады.

Сопақша ми мен көпірдің ядросы ас қорыту, тыныс алу, жүрек қызметін және басқа процестерді реттейді, сондықтан сопақша ми мен көпірдің зақымдалуы өмірге қауіпті. Шайнау, жұту, ему процестерінің реттелуі, сондай-ақ құсу, түшкіру, жөтелу сияқты қорғаныш рефлекстері мидың осындай бөлімдерінің қызметіне байланысты болады.
Сопақша мидің үстіңгі жағына мишық орналасады. Оның беті сұр зат -- қыртыстан тұрады, қыртыстың астындағы ақ затта ядро болады. Мишық орталық жүйке жүйесінің көптеген бөлімдерімен байланысады.
Мишық адамның қимыл әрекетін реттейді. Оның қалыпты қызметі бұзылса, адам дәл үйлесімді қимылынан айырылып, дененің тепе-теңдігін сақтай алмайды. Мұндай адамдар, мысалы, иненің көзінен жіп өткізе алмайды, олар мас адамдарша теңселіп жүреді, жүргенде қол-аяғы сермеп, ебедейсіз қимыл жасайды.

Ортаңғы мида ядролар орналасады, олар қаңқа бұлшық еттеріне үнемі жүйке импульстарын жіберіп, олардың шыриғып тұруын -- тонусын сақтауға мүмкіндік береді. Көру және дыбыс тітіркенуін қабылдайтын бағдарлау рефлекстерінің рефлекс доғалары ортаңғы ми арқылы өтеді. Бағдарлау рефлекстері бас пен денені тітіркендіргішке қарай бұрудан бөлінеді.

Сопақша ми, көпір және ортаңғы мидан ми бағаны түзіледі. Одан 12 жұп бассүйек -- ми жүйкелері таралады. Нервтер миды баста орналасқан сезім мүшелерімен, бұлшықеттер мен бездермен байланыстырады.

Ми бөлімдері
Миды пайда болу, құрылымдық және қызметтік ерекшеліктеріне байланысты үлкен үш бөлімге бөледі: бағаналы (сопақша ми, ми көпірі, мишық, ортаңғы ми), қыртысасты (аралық ми, алдыңғы мидың ми сыңарлары) және алдыңғы ми сыңарларының қыртысы. Мидың бағаналы және қыртысасты бөлімдері ертеден пайда болған. Ал ми қыртысы кейіннен пайда болған бөлім.

Сопақша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жануарлар физиологиясы пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен
Нейронның құрылысы қызметі
Физиология ғылымы
Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы пәнінен дәрістер
ОЖЖ-нің жеке физиологиясы
Нервтер мен нерв талшықтары
Қан жүйесінің физиологиясы
Синапстың құрылымы және жіктелуі
Орталық жүйке жүйесінің жұмысы
Жас ерекшелік физиологиясы мен мектеп гигиенасының дамуы
Пәндер