Сольволиз және гидролиз реакциялары



I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1.Тұздар гидролизі
2. Гидролиз константасы және дәрежесі
3.Гидролиздің биохимиялық процестердегі рөлі, оның фармациядағы маңызы
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер
Гидролиз – су мен түрлі заттар арасындағы иондық алмасу реакциясы. Гидролизге тұздар, гидридтер, тиоангидридтер, галогенангидридтер, әр түрлі органикалық қосылыстар ұшырайды.
Гидролиз — кейбір химиялық қосылыстардың су молекуласының әсерінен төмен молекулалы түзілімдер жиынтығына ыдырау қасиеті. Гидролиз сулы ерітінділер жағдайында немесе судың және су буының қатты, сұйық және газ тектес заттарға тигізер әсері нәтижесінде жүзеге асады.
Гидролиз — судың магма текті минералдармен негізгі химиялық реакциясы.Соның нәтижесінде сілтілік және сілтілік жер элементтерінің кристалл торындағы катиондарсу молекуласы диссоциацияланғанда сутектің иондарына алмасады.
1. Патсаев Ә.Қ. Жайлау С.Ж. Махатов Б.Қ. Мамытова В.Қ. «Бейорганикалық химия» Шымкент – 2008
2. Пірәлиев С.Ж. Бутин Б.М. Байназарова Г.М. Жайлау С.Ж. «Жалпы химия» Алматы - 2003
3. https://kk.wikipedia.org/wiki/Тұздар_(химия)
4. http://lektsii.net/1-128570.html

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау
министрлігі
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы

Фармакогнозия және химия кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Сольволиз және гидролиз реакциялары. Дәрілік преператтарды анализдеу,сақтау,алу кезіндегі гидролиздің ролі.Ағзаға дәрілік заттардың химиялық тәуелсіздігі. Қышқыл мен негіздерің протолиттік теориясы.Амфолиттер

Орындаған: Мықтыбек С.Б
Тобы: 105 ФК
Қабылдаған: Кучербаев К.Ж

Шымкент 2016ж
Жоспар:

I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1.Тұздар гидролизі
2. Гидролиз константасы және дәрежесі
3.Гидролиздің биохимиялық процестердегі рөлі, оның фармациядағы маңызы
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Гидролиз - су мен түрлі заттар арасындағы иондық алмасу реакциясы. Гидролизге тұздар, гидридтер, тиоангидридтер, галогенангидридтер, әр түрлі органикалық қосылыстар ұшырайды.
Гидролиз -- кейбір химиялық қосылыстардың су молекуласының әсерінен төмен молекулалы түзілімдер жиынтығына ыдырау қасиеті. Гидролиз сулы ерітінділер жағдайында немесе судың және су буының қатты, сұйық және газ тектес заттарға тигізер әсері нәтижесінде жүзеге асады.
Гидролиз -- судың магма текті минералдармен негізгі химиялық реакциясы.Соның нәтижесінде сілтілік және сілтілік жер элементтерінің кристалл торындағы катиондарсу молекуласы диссоциацияланғанда сутектің иондарына алмасады.Тұздардың гидролизі - тұздың құрамындағы иондары мен су молекулаларының арасында жүретін, нәтижесінде әлсіз электролит молекуласы не иондары түзілетін реакциялар.

Тұздар гидролизі
Тұздардың гидролизі - тұздың құрамындағы иондары мен су молекулаларының арасында жүретін, нәтижесінде әлсіз электролит молекуласы не иондары түзілетін реакциялар. Тұздар түзілу табиғатына қарай мынадай топқа бөлінеді:
I. Күшті негіз бен күшті қышқылдан KCl, K2S04, NaN03, NaCl;
ІІ. Күшті негіз бен әлсіз қышқылдан Na2S, Na2C03, K2S03, Na3P04;
ІІІ. Әлсіз негіз бен күшті қышқылдан Al2(S04)3, FeS04, ZnCl2.
1. Әлсіз негізбен күшті қышқылдан түзілген тұздар гидролизденеді.
NH4CI + HOH -- NH4OH + HCI қайтымды процесс.
NH4+ + CI- + HOH -- NH4OH + H+ + CI-
NH4+ + HOH -- NH4OH + H+ орта қышқылдық
Ортаның өзгеруі тұз ионының сумен әрекеттесуінің нәтижесінде пайда болады.
2. Күшті негізбен әлсіз қышқылдан түзілген тұздар гидролизденеді
Na2 CO3 + HOH -- NaHCO3 + NaOH
2Na + + CO32- + HOH -- Na+ + HCO3- + Na + + OH-
CO32- + HOH -- HCO32- + OH- орта сілтілік
3. Әлсіз негізбен әлсіз қышқылдан түзілген тұздар гидролизденеді.
Бұл жағдайда гидролиз реакциясы соңына дейін жүріп, қышқыл мен негіз түзіледі. Яғни гидролиз реакциясы қайтымсыз болады:
AI2S3 + 6H2O -- 2AI(OH)3↓ + 3H2S↑ орта бейтарап.
4. Күшті қышқылмен күшті негізден түзілген тұздар гидролизге ұшырамайды. Мұндай тұздардың иондары сумен әлсіз электролиттер түзе алмайды. Тұздардың иондары іс жүзінде реакцияға қатыспайды. Судың диссоциациялану тепе - теңдігі бұзылмайды, демек ерітінді нейтрал реакция көрсетеді. Сонымен гидролизге тек құрамында әлсіз электролит қалдығы бар тұздар түседі. Сондықтан күшті негізбен күшті қышқыл қалдығынан түзілген тұздар гидролизге түспейді.Көп негізді қышқылдар мен көп қышқылды негіздерден түзілген тұздар гидролизге сатылап түседі. Бірінші сатысы көбірек, жүреді. Саты саны катион мен анионнның зарядына байланысты. Гидролизді жазғанда (сатылы гидролиз үшін де) үш теңдеу жазу керек: 1.гидролиздің қысқаша иондық теңдеуі;2.толық иондық теңдеуі; 3.молекулалық теңдеуі.
Өте әлсіз қышқыл мен негіздерден тұрған тұздар гидролизі аяғына дейін жүреді:

Cr2S3 + 6 HOH -- 2 Cr(OH)3↓ + 3H2S↑
2Cr3+ + 3S2-+ 6 HOH -- 2Cr(OH)3↓ + 3H2S↑

Гидролиз-қайтымды процесс.Сондықтан әртүрлі себептердің әсері Ле Шателье принципі негізінде түсіндірілу мүмкін: температуралардың жоғарылауы гидролиздің ынтықтылығын (тез жүруін) көтереді, өйткені ол эндотермиялық процесс; сумен сұйылту (судың сіңірілуімен байланысқан) гидролиздің күшеюіне ықпал етеді.
Еріген зат және су әсерлесуінің алмасу процесі сольволиздің жеке жағдайы болып табылады және гидролиз деп аталады.
Заттың еріткіште еруі кезінде еріген зат иондары мен еріткіш иондары арасында химиялық әсерлесу сольволиз деп аталады.

Гидролиз константасы және дәрежесі

Тұздар гидролизін гидролиз константасы (Кгидр) және гидролиз дәрежесі (һ) арқылы сипаттауға болады.Гидролиз константасы тұздың гидролиз түзу жағдайын сипаттайды. Кгидр көп болған сайын тұз гидролизі көп жүреді.
Кгидр= КсКқышқыл немесе Кгидр = КсКнегіз ;Кгидр = Кс ( Кқышқыл∙ Кнегіз)
Кс- судың иондық көбейтіндісі, Кқышқыл және Кнегіз - қышқылдың және негіздің диссоциациялану дәрежесі.Бұл теңдеуден Кқышқыл Кнегіз аз болған сайын, Кгидр көп болатыны көрініп тұр, яғни қышқыл не негіз неғұрлым әлсіз болса, соғұрлым тұз көбірек гидролизге түседі. Егер тұз сатылап гидролизге түссе, онда әр саты гидролиз константасымен сипатталады. Гидролиздің қаншалықты толық жүретіндігін гидролиз дәрежесі көрсетеді.
ГИДРОЛИЗ ДӘРЕЖЕСІ ДЕП ГИДРОЛИЗГЕ ТҮСКЕН МОЛЕКУЛА САНЫНЫҢ ЕРІГЕН МОЛЕКУЛАЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ САНЫНА ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қышқылдар мен негіздер теориялары
Гидролиз. әр түрлі типті гидролизденуші тұздардыңph есептеу. дәрілік препараттарды алу мен сақтаудағы гидролиздің маңызы
Қышқылдар жайлы теориялар
Полиэтилентерефталат
Бухгалтериядағы және қоймалардағы материалдар мен құндылығы төмен тез тозатын заттардың есебі. Тауарлы-материалдық запастарды есепке алуға арналған шоттар корреспонденциясы және құндылығы төмен тез тозатын заттар. Ластағыш заттардың айналуларын химиялық реакция типтері
Улы заттардың жасушаға енуі және ферменттерге әсері
Биологиялық химия пәнінен тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар
Бренстед және Лоури теориясы
Ақуыздардың құрамы мен құрылысы өте күрделі
Полимерлердің химиялық түрленуі
Пәндер