«Қазақстанның және көрші аймақтардың ұлттық қауіпсіздік проблемалары»



I.Кіріспе.
II.Негізгі бөлім.

1. Қоғамдық саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету
2.Қоғамдық ұйымдар мен БАҚ және саяси партиялардың қызметі.

III.Қортынды.
IV.Пайдаланған әдебиеттер.
Жүргізілген ұйымдстыру-дайындық жұмыстары нәтижесінде семинарға 27 таңдаушы қатынасты. Бөлу қағазын орындағандар - Алматы облысы – 6 тыңдаушы, Жамбыл облысынан – 3 тыңдаушы, Оңтүстік Қазақстан облысынан 5 тыңдаушы, Қызылорда облысынан – 2 және Алматы қаласынан – 11 тыңдаушы қатысты. Семинар жұмысына «Нұр Отан» ХДП Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орындасары Махамбет Бейдали қатысты. Дәріскер ретінде белгілі ғалым-саясаткерлер сөз алды, олар: Абылайхан атындағы халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры, филоф. ғ. д. профессор, Саясаттану ғылымдары академиясының академигі С. Бөлікбеев; «әл-Фараби» атындағы ҚазҰу «Соцология» кафедрасының профессоры, әлеум. ғ.д. профессор К.Биекенов; «Нұр Отан» ХДП жанындағы Құқықтық кеңес мүшесі, «әл-Фараби» атындағы атындағы ҚазҰу «Азаматтық және кәсіпкерлік құқық» кафедрасының профессоры, заң ғ. д., Т.Шиқтыбаев, «АсСалазар» Лингвистика орталығының басшысы Т.Аймағанбетова; Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының жетекші ғылыми қызметкері, Алматы қ., және Алматы облысының Түркімен қоғамдық-мәдени орталығының Төрағасы Г.Аннакулиева; Д.Қонаев атындағы университеттің конституциялық және халықаралық құқық кафедрасының меңгерушісі, заң.
1.Абдурахманов Н.А Қазақстан тарихы: оқу құралы.-Шымкент, 2013
2.Дарашова,З.Б. Қазақстан тарихы: оқу-әдістемелік құрал.; ОҚМФА.
3.Қозыбаев М. Қазақстан тарихы: оқулық. 2004.-240 бет
4.Кан, Г.В. Қазақстан тарихы оқулық Алматы: Алматы кітап баспасы 2012.
5.Маданов, Х. Кіші жүздің шежіресі: тарихи шежіре. – Алматы, 1994.-168 бет.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ
ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер кафедрасы

Баяндама
ТАҚЫРЫБЫ: Қазақстанның және көрші аймақтардың ұлттық қауіпсіздік проблемалары

Орындаған: Мықтыбек С.Б
Тобы: 105 ФК
Қабылдаған: Өтегенов Б.Д

Шымкент 2017
Жоспар

I.Кіріспе.
II.Негізгі бөлім.

1. Қоғамдық саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету
2.Қоғамдық ұйымдар мен БАҚ және саяси партиялардың қызметі.

III.Қортынды.
IV.Пайдаланған әдебиеттер.

Қоғамдық саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету тетіктері
Жүргізілген ұйымдстыру-дайындық жұмыстары нәтижесінде семинарға 27 таңдаушы қатынасты. Бөлу қағазын орындағандар - Алматы облысы - 6 тыңдаушы, Жамбыл облысынан - 3 тыңдаушы, Оңтүстік Қазақстан облысынан 5 тыңдаушы, Қызылорда облысынан - 2 және Алматы қаласынан - 11 тыңдаушы қатысты. Семинар жұмысына Нұр Отан ХДП Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орындасары Махамбет Бейдали қатысты. Дәріскер ретінде белгілі ғалым-саясаткерлер сөз алды, олар: Абылайхан атындағы халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры, филоф. ғ. д. профессор, Саясаттану ғылымдары академиясының академигі С. Бөлікбеев; әл-Фараби атындағы ҚазҰу Соцология кафедрасының профессоры, әлеум. ғ.д. профессор К.Биекенов; Нұр Отан ХДП жанындағы Құқықтық кеңес мүшесі, әл-Фараби атындағы атындағы ҚазҰу Азаматтық және кәсіпкерлік құқық кафедрасының профессоры, заң ғ. д., Т.Шиқтыбаев, АсСалазар Лингвистика орталығының басшысы Т.Аймағанбетова; Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының жетекші ғылыми қызметкері, Алматы қ., және Алматы облысының Түркімен қоғамдық-мәдени орталығының Төрағасы Г.Аннакулиева; Д.Қонаев атындағы университеттің конституциялық және халықаралық құқық кафедрасының меңгерушісі, заң. ғ.д., профессор Қ.Айтхожин және Абай атындағы ҚазҰПУ Халықаралық құқық кафедрасының доценті, заң ғ.к. К,Құжекеев т.б. Семинар бағдарламасында тыңдаушыларға мына: Партияның Қазақстан қоғамдық-саяси тұрақтылығын қамтамасыз етудегі рөлі, Мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық жаңғырту шеңберінде кәсіпкерлікті дамыту, Қоғамның саяси тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында діни бірлестіктер мен ұйымдардың қызметін реттеу, Қазақстандық қоғамды жаңғыртудың әлеуметтік институттары мен тетіктері, БАҚ-тың Қазақстан тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі, Қоғамдық-саяси тұрақтылықты конституциялық-құқықтық қамтамасыз ету, Жария шешендік шеберлігі т.б. баяндамалар сияқты өзекті тақырыптар ұсынылды. Сабақтар тыңдаушылардың үлкен қызығушылығын туғызды. Бірінші күні аттестациялық комиссия мүшелері инновациялық жобаларды (ИЖ) қарап, оларды пысықтау бойынша ескертулер мен ұсынымдар берді. Тыңдаушылар бұл кемшіліктерді олардың негізгі жұмыстарындағы жүктеменің көптігі салдарымен түсіндірді.
Саяси партиялар азаматтардың саяси өмірге қатысуының негізгі себепші әлеуметтендіру құралы болып есептеледі. Қоғамда ұйымдар, соның ішінде саяси ұйымдардың мүшелерінің саны мен сапасының көрсеткіші жоғары болған сайын, олардың саясатқа қатысу деңгейі де жоғары болып есептеледі. Бірақ, барлық уақытта солай болады деуге болмайды.
Қоғамның саяси жүйесіне кіретін саяси партиялар мен ықпалды топтардың іс-әрекеті мен әдістерінің арасында айырмашылық та жоқ емес. Мысалы, партиялар мемлекеттік аппаратты бағындырып, оларды басқаруға ұмтылады. Ал ықпалды топтар мемлекеттік аппараттардың шешім қабылдау ісіне ықпал жасаумен шектеледі. Бұлар кейде саяси партиялардың құрамына да кіреді. Партиялар азаматтардың саяси ерік-жігерін қалыптастыруға және оны білдіруіне жәрдемдеседі (Қазақстан Республикасының Конституциясы, 56-бап). Бірақ ол шексіз емес, олардың және басқа да қоғамдық бірлестіктердің мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметіне араласуына жол берілмейді (54-бап). Сол сияқты мемлекет өз аумағында басқа мемлекеттердің саяси партиялары қызметіне жол берілмейді.
Көп партиялылық - плюрализмнің бірден-бір тетігі емес, оның заманы өткен дейтін зерттеушілер де бар екенін айтпай кетуге болмайды. Олай деушілердің ойынша көп партиялылықты шұғыл енгізу жағдайында ішкі саяси ахуал қатты шиеленіседі, белгілі дәрежеде демократиялық дағды қалыптасып үлгермеген қоғамда бірден шексіз еркіндік беруге де болмайды. Егер басқа партиялар болмайтын болса, онда басқарушы партияның ішінде кең түрде саяси еркіндік қамтамасыз етілуге тиіс. Бұл сияқты платформа идеясының жүзеге асып жатқанын жапондық либералдық-демократиялық партияның, үнді ұлттық конгресінің іс-әрекетінен көруге болады. Бір ғана саяси партия жағдайында ол проблемаларды талқылауға құқықты бірден-бір ұйым болмауға тиіс. Партияның деңгейінде дамымаған болса да, саяси майданда бәсекеге түсе алатын басқа саяси ұйымдар да болуға тиіс. Бұдан басқа да АҚШ-тағы сияқты екі партиялылықтың тиімді екенін жақтайтын пікірлер де бар. Азаматтардың саяси еркіндігі көп ретте осы жағдайлармен байланысты.
Қазақстанда саяси партияларды жоғарыдан құру тәжірибесі кеңінен тараған. Бұл жағдайдың барлық деңгейде қалыптасып отырғандығын Отан партиясының кезектен тыс ІV съезінде сөйлеген сөзінде Президент Н.Ә.Назарбаев ... Басшы партия органдары қаншалықты жасыруға тырысса да, аймақтық бөлімшелердің қалыптасуының өзі жоғарыдан дейтін классикалық схема бойынша жүреді. Сосын жергілікті жетекшілер, жұмсартып айтқанда, нұсқау бойынша сайланады , - деп ашық айтуы бекер емес.
Қазақстанда азаматтардың партиялар мен қоғамдық ұйымдар арқылы саясатқа қатысу еркіндігі де біркелкі бірдей деуге болмайды. Мысалы, азаматтар үшін Нұр Отанның беделі жоғары. Ал Әділет, Азат, Ақ жол, Ауыл, Руханият, Патриоттар, 2 компартия; Қоғамдық қозғалыс ұйымдарының мүшелері: Тәуелсіздікті қорғау (М. Шаханов), Рух пен тіл (Н. Мамай), Ұлт тағдыры (Д. Көшім) және т.б; жастар ұйымдары (бірнеше ондаған) Қаһар, Айбын және т.б. имидждері туралы олай деу қиын. Сайлаушылар жаңа идеологиялық модельге, жаңа партиялық құрылысқа үйрене қойған жоқ. Сонымен бірге, саяси партиялар бағдарламаларының ұқсастығы да бұған кедергі келтіруде. Социологиялық зерттеулеріміздің нәтижесі де мұны дәлелдеп отыр. Сіз өзіңізге танымал саяси партиялар бағдарламасымен таныссыз ба? - деген сұраққа ия деп жауап бергендер 30-40 пайыздың төңірегінде.
Саясатқа еркін араласудың алғы шарттарының тағы бірі - саяси, құқықтық факторлар. Міне солар демократиялық тәртіпті қоғамда демократиялық саяси мәдениет басымдығын, билік құрылымдарын құқықтық тұрғыдан қамтамасыз етуі саяси басқарушылық шешімдерді қабылдап, жүзеге асыру қажет. Саяси салада да қарама-қайшылықтар аз емес. Мысалы, демократиялық даму жолындағы саяси-ұйымдастырушылық шаралар (сайлау жүйесінің өзгеруі т.б.) мен қоғамда басым болып отырған саяси мәдениет деңгейінің төмендегі арасындағы қарама-қайшылық және т.б.
Саяси салғырттықтың көбісі халықтың әлеуметтік жағдайларындағы қиыншылықтарға байланысты екені анықталып отыр.Әдетте, саяси партиялардың ықпалында болатындар бірінші кезекте мемлекеттік қызметкерлер, олардан кейін бюджет саласындағы қызметкерлер. Бүгінгі күні қазақстандық саяси партиялардың құрамы көбінесе дәл осы екі топ өкілдерінен тұратыны белгілі, бірақ олар ерікті негізде ме әлде міндеттеу, қысымшылық негізде ме? - деген тағы бір үлкен мәселе бар. Ал жұмыссыздар, үй шаруасындағы әйелдер, студенттер арасындағы саяси партиялар қызметіне деген қызығушылық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұмсақ регионализм - қатал регионализмге балама
Қазақстан Республикасындағы туризм дамуының қазіргі жағдайы және болашағы. Туризмды дамытудың негізгі бағыттары
Орталық азиядағы аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ішкі және сыртқы факторлары
Экономикалық қауіпсіздік
Қазіргі халықаралық қатынастар. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты
Қазақстан Республикалық экономикалық қауіпсіздігі мәселесі және оны шешу жолдары
Қазақстан Республикасындағы туризм дамуының қазіргі жағдайы
Қазақстан халықаралық экономикалық қатынастар жүйесінде
Экономикалық жүйенің дамуы үшін қажетті алғы шарттар мен жағдайлар туралы ақпарат
Қазақстан экономикасын аймақтық басқару
Пәндер