«XIX ғасырдағы қазақ халқының мәдениетінің дамуы және мәні»



I.Кіріспе.
II.Негізгі бөлім.
1.Музыка мәдениеті және өнері
2.Халық құрылымы және ғылымы
3.Абай Құнанбаев және қазақ әдебиеті
4. XIX ғасырдағы қазақтардың материалдық мәдениеті
III.Қортынды.
IV.Пайдаланған әдебиеттер.
Қоғамдық-тарихи даму барысында қазақтардың көшпелі өміріне неғұрлым ыңғайлы, көркемөнер түрлері іріктелді. Қазақтар үшін олар поэзия және музыка болды. Сақталып қалған халық күйлері-архаикалық салттарға, сенім-нанымдарға және аңыздарға байланысты фольклор қабаты болып табылды. Барлық қобыз музыкасы шаман-бақсылардын діни-сиқыршылық салттармен байланысты болды. Қобыз қасиетті аспап болып саналады.
Аңдар мен құстардың дыбыстарын салған қобыз үнін пайдалана отырып, бақсылар ауруларды емдеген, жын-шайтаандарды аластаған, адамның, рудың, елдің тағдырын анықтаған. Қобыз аспабын ең бірінші болып VIII ғасырда өмір сүрген Қорқыт ата пайдаланған деген аңыз бар. Қорқыттың 11күйі белгілі. Олар “Қорқыт”, “Желмая”, “Елім-ай”, т.б. Қорқыт дәстүрі Ықылас Дүкеновтың (1843-1916) шығармашылығында жалғастырылды. Оның күйлері арасында “Ерден”, “Жезкиік”, “Аққу”, күйлері мейлінше кең тарады.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ
ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер кафедрасы

Баяндама
ТАҚЫРЫБЫ: XIX ғасырдағы қазақ халқының мәдениетінің дамуы және мәні

Орындаған: Мықтыбек С.Б
Тобы: 105 ФК
Қабылдаған: Өтегенов Б.Д

Шымкент 2017

Жоспар

I.Кіріспе.
II.Негізгі бөлім.
1.Музыка мәдениеті және өнері
2.Халық құрылымы және ғылымы
3.Абай Құнанбаев және қазақ әдебиеті
4. XIX ғасырдағы қазақтардың материалдық мәдениеті
III.Қортынды.
IV.Пайдаланған әдебиеттер.

Қазақстанның музыка өнері және музыкалық аспаптары

Қоғамдық-тарихи даму барысында қазақтардың көшпелі өміріне неғұрлым ыңғайлы, көркемөнер түрлері іріктелді. Қазақтар үшін олар поэзия және музыка болды. Сақталып қалған халық күйлері-архаикалық салттарға, сенім-нанымдарға және аңыздарға байланысты фольклор қабаты болып табылды. Барлық қобыз музыкасы шаман-бақсылардын діни-сиқыршылық салттармен байланысты болды. Қобыз қасиетті аспап болып саналады.
Аңдар мен құстардың дыбыстарын салған қобыз үнін пайдалана отырып, бақсылар ауруларды емдеген, жын-шайтаандарды аластаған, адамның, рудың, елдің тағдырын анықтаған. Қобыз аспабын ең бірінші болып VIII ғасырда өмір сүрген Қорқыт ата пайдаланған деген аңыз бар. Қорқыттың 11күйі белгілі. Олар "Қорқыт", "Желмая", "Елім-ай", т.б. Қорқыт дәстүрі Ықылас Дүкеновтың (1843-1916) шығармашылығында жалғастырылды. Оның күйлері арасында "Ерден", "Жезкиік", "Аққу", күйлері мейлінше кең тарады.
Қазақтардың музыка мәдениетінің ең маңызды бөлігін домбыра әуені құрайды. Домбыра дәстүрінің ең ежелгі үлгілеріне аңдар мен құстарға, аңшылыққа және жануарларға арналған күйлер жатады. Осындай ежелгі күйлер қатарына "Нар идірген", "Ақсақ құлан " күйлері жатады. Көптеген ғасырлар бойы қазақ халқының музыкалық өнері жеке ән айту және домбыра, қобыз немесе сыбызға жеке ойнау түрінде дамыды. Аспаптарда ұжымдық болған жоқ. Арасында жастар ойыны және той кештерінде жасөспірімдер және қыздар бір-бірінен бөлек-бөлек бір дауыста немесе жекеше ән айтып жарысатын болған.
Көптеген ақындар, әншілер және музыканттар қызметі кәсіби сипатта болды, олардың ішінде өз әндерін аспапта қостап, суырып салып айтатындары үлкен құрметке ие болды. Олар үнемі ауылдарды аралап, жәрмеңкелер мен базар күндері қалаларда үлкен алаңдардада, ас кезінде өнер көрсеткен. Олардың үнемі ел аралап жүруі халықтың жағдайын жақсы білуге, өз шығармаларын көбірек насихаттауға мүмкіндік берді. Халық өзінің әншілерін қатты құрметтеуге, алда-жалда қыдырма ақын, әнші немесе күйші шаруа-малшы үйіне келе қалса, оны үй иесі құрақ құрап ұшып қабылдаған. Өнерпаздың өнерінтамашалауға бүкіл ауыл тұрғындары тайлы тұяғы қалмай жиналған.
Кең таралған музыкалық аспап қылқобыз дәстүрлі көшпелі мәдениеттің әлеуметтік биік деңгейінде орналасқан жыраулар шығармашылығымен тығыз байланысты болды. Жырау хандардың, батырлардың және халықтың ерлігін , игі істерін жырлай отырып, жұртшылықты ерлікке шақырды. Бірте-бірте қобыз дәстүрі қазақтың қоғамдық өміріндегі өзгерістерге байланысы әлсірей бастады. Батырлар жырларын жырлау дәстүрі домбыраның сүйемелдеуін жыраулардың ақын- жыршыларға өтті.
Қобызбен қатар, қазақтар арасында кең тараған музыкалық аспап ауызға салып тілдің көмегімен ойналатын шаңқобыз болды. Бұл аспап ағаштан, сүйектен, металдан дайындалды.
Домбыра ғасырлар бойы халық өнерпаздарның сүйікті аспабы болып қала берді.Қазақтың музыкалық және әдебиет мәдениетінде айтыс өнері ерекше орынға ие болды. Әсіресе, суырып салма ақындар өнері әрқашан өте жоғары бағаланды. Ақындардың бәрі бірдей айтысқа түсе алған жоқ. Өйткені, айтыс кезінде бірден суырып салып өлең шығару өнерінен басқа, айтыс ақындарының өз өлеңдеріне ән шығаратын, яғни композиторлық өнері болуы талап етілді. Айта кететін жайт, суырып салып өлең шығарушылық(импровизация) тек қазақтар арасында ғана дамыған өнер болды. XIX- XX ғасыларда қазақ елінде Біржан сал, Сара Тастанбекқызы, Сүйінбай, Жамбыл, Шөже, Құлан аяқ Құлманбет, Мұрат, Жылқышы, Бала Ораз, т.б. аса көрнекті айтыс ақындарының өнері қайтадан қалыпқа келтіріліп, жүйелі түрде дами бастады. Соңғы он жыл ішінде "Атамұра" корпорациясының демеушілігінің арқасында бірқатар жас ақындар өз өнерлерімен халық назарына ілінді.Олар Ә.Беркенова, М.Қосымбаев, М.Тазабеков, Қ.Әлкенбаева, Ә.Тұрсынбаева, А.Ілеубаева, Б.Имашев, т.б айтыс өнерін табысты жалғастырып келеді.
Театрдың, музыканың, киноның және сурет өнерінің дамуы
Кеңестік дәуірде театр және музыка өнері, сондай-ақ кино өнері өзі дамуының жаңа кезеніне өтті.
Кәсіби кадрлар дайындау мақсатында республикада тұңғыш 1932жылы музыкалық-драмалық техникум, 1933жылы музыкалық актерлік студия, келесі жылы бірінші музыкалық мектеп ашылды.1934 жылы 13 қаңтарда құрамында К. Байсейітова, Қ. Жандарбеков, М. Ержанов, Ж.Елебеков бар музыкалық студия М.Әуезовтің либреттосы бойынша "Айман-Шолпан" музыкалық комедиясын сахнаға шығарды. Бұл оқиға тарихқа қазақтың операсы келгенін паш етті. Келесі қадам Ленинград консерваториясының түлегі Е. Брусиловскийдің "Қыз Жібек " және "Жалбыр" операларын қою болды.1937 жылы Қазақтың музыкалық театры Е.Брусиловскийдің "Ер Тарғын" операсын қоюы арқылы опера және балет театры болып өзгерді (қазір Абай атындағы опера және балет театры). 1935жылы Қазақтың мемлекеттік филармониясы құрылды. Оның алғашқы директоры болып, қазақтың халықтық музыкасын жинаушы және зерттеуші А. Жұбанов тағайындалды. Салтанатты ашылуы 1926 жылы республика астанасы Қызылорда қаласында М.Әуезовтің "Еңлік-Кебек" пьесасын қоюмен басталған Қазақтың драма театры үлкен жетістіктерге жетті
1940 жылы республикада 40 театр болса, оның 20-сы қазақ тілінде жұмыс істеді. Алматыда республикалық ұйғыр және корей театрлары ашылды. Қазақстаның музыкалық мәдениетінің ерекшелігі оның көпұлттық сипаты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Араб - мұсылман дәстүрлі мәдениеті
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы мен зерттелуі
ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХІХ ғасырдағы Қазақстан мәдениеті
XIX ғасыр поэзиясындағы өнер, білім, ғылым тақырыбы
Орыс ғалымдары ХІХ ғасырдың Қазақстан өндіргіш күштері мәдениеті мен тұрмысы
Қазақ халқының музыкалық мұрасы
XVIII ғасырдың екінші жартысы мен XIX ғасырдағы Қазақстан мәдениеті
Жеке тұлғаға және оның эстетикалық талғамының қалыптасуына қолөнердің әсері
Орталық Азияның ортағасырлық мәдениеті жайлы
XVIII – XIX ғ.ғ. Қазақстан мәдениеті
Пәндер