ҚР-ның мемлекеттік билік жүйесін реформалау


Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
«Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы. »
Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы : ҚР-ның мемлекеттік билік жүйесін реформалау
Орындаған: Мықтыбек С. Б
Тобы: 105ФК
Қабылдаған: Еркінбаева Ә. С.
Шымкент 2017 жыл
Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Мемлекеттің пайда болу туралы негізгі теориялары.
2. Мемлекет механизмі
3. Президенттік институттың құқықтың мәртебесі
4. Парламент, ҚР Парламент жүйесі.
5. Үкімет, үкімет түрлері.
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Мемлекет адам қоғамы дамуының белгілі бір сатысында пайда болған. Мемлекет мәңгілік табиғатқа ие емес, ол алғашқы қауымдық құрылыста болған жок, тек осы қоғамның дамуының финалды негізінде адамзаттың өндірістік жәнк өмір сүруінің жаңа ұйымдық - еңбектік үлгісімен байланысты себептерде пайда болған. Мемлекеттік билік оның шығу тегі теориялық зерттеудің маңызды обьектісі. Ерекше айта кететін жайт, қазіргі кездегі мемлекет теориясында билкарасындағы, олардың ұйымдастырылуы және экономикалық иемдену және экономикалық өндіруші қоғамында, топқа дейінгі және топтық қоғамда жүзеге асырушы үшін арасында ерекшеліктерді жүргізу керек.
Батыстағы отандық мемлекет пен құқық теориясына эквивалентті қоғам ғылымдардың кейбір шеңберінде, бірақ мұндай ерекшеліктер әрқашан ескерілмейді, алғашқы қоғамдық қоғаммен ерте таптық қоғам билігі арасындағы шекара өшіріліп қалады. Былайша билік ерте таптық қоғамда мемлекеттік болады, қанушылық қатынасын бекітуі мүмкін, озушылықтың артықшылығын бекітіп, қамтамасыз етіледі, оның көмегімен негізгі өндірістік салаларға белгілі бір топтың меншігі бөлінеді және осы тап билік етушіге айналысатыны толық анықталмайды. Осылайша, топқа дейін эгалитарлық қоғамға қарағанда (эголите- тендік) топтық қоғамда билік саяси болады. Бұл топқа дейінгі және топтық қоғамдағы биліктердің қағидалы ерекшеліктеріне негізделеді. Мысалы, бұл жерде тікелей өндірушулердің енбегіне басқарушы бойынша енбекті ауыстыру болады және осы ауыстырудың басшылық етуі бойынша енбекке сыйақының ұйымдастырушылық үлгісі туралы ғана әнгіме болуы мүмкін. Осылайша мемлекеттік билік әр түрлі жолдармен тарихи дамиды: әскери-иерархиялық құрылым арқылы, қоғамдық лауазымдардың династиялық монополизация (аристократиялық жол) және экономикалық билік етуші топтың артықшылығын, жағдайын бекіту жолы (плутократиялық жол) . Енді, мемлекеттің пайда болумен тағы бір маңызды қоғамдық дамуды ерекшелігі бар. Бұнда ангіме қоғамдық дамудың бірдей еместігі туралы, яғни азамзаттың белгілі бір тарихи кезеңдерді отрядтармен өтуі туралы. Бұл процеске объективті ғана сәйкес, субъективті факторлардың да әсер етуі туралы, бұл ең бір фундаментальді заңдылықтардың бірі. Осы заңдылық мемлекеттің пайда болуының әртүрлілігне әкеп соқтырады.
Бұл заңдылық топтың қоғам мен алғашқы қауымдық арасында жүрген қадамдар арасындағы байланыстың пайда болуына көмектеседі. Оларға сауда, әскери, мәдени, технологиялық байланыс жатады. осында мемлекеттік байланыс та жатады.
Мемлекет механизмі - белгілі түрде ұйымдастырылған, ішкі тұтастығымен және өзара байланыстылығымен сипатталатын мемлекет органдарының жүйесі. Мемлекет механизмінің құрамдық және қызметнің әр түрлілігі, оның жалпылама және көптеген бұрынғы және қазіргі мемлекеттерге тән сипаттағы маңызды белгілерін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді
Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәртебесі ең алдымен Қазақстан Республикасының Конституциясымен, 1995 жылдың 25 желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық заңмен, 1996 жылдың 06 мамырында енгізілген өзгертулерімен толықтыруларымен, «Қазақстан Республикасының Президентінің қызметін қамтамасыз ету туралы» жарлығымен реттеледі.
Республика Конституциясының ІІІ бөлімі Президенттің құқықтық мәртебесін бекітеді. Президент ең алдымен мемлекет басшысы және оныі ең жоғары лауазымды тұлғасы. Мемлекет басшысы ретінде Президент ішкі және сыртқы саясаттың негізігі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда мемлекет атынан өкілдік ететін ең жоғарғы лауазымыды тұлға болып табылады. Конституцияға сәйкес Президеттің абыройы мен ар-намысына қол сұғылмайды.
Қазақстан Республикасының Президенті мемлекеттік биліктің нышаны, халық пен мемлекеттің бірлігінің Конституциялық мызғымастығының, адам және азамат құқықтарымен бостандықтарының кепілі.
Қазақстан Республикасы Президентінің міндетіне Конституция мемлекеттік биліктің барлық үш тармағының келісіп жұмыс істеуін және үкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етуді енгізеді
Президенттің өкілеттігі мынадай жағдайларда тоқтатылады
а) Жаңадан сайланған Республика Президенті қызметіне кіріскен сәттен бастап;
ә) Президентті қызметінен мерзімінен бұрын босатқан жағдайда;
б) Қызметінен кетірген жағдайда;
в) Президент қайтыс болған жағдайда.
1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасының қос палаталы Парламенті заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы болып табылады. Қазақстан Республикасы Парламентінің ұйымдастырылуы мен қызметі, оның депутаттарының құқықтық жағдайы Конституциямен, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңмен және басқа да заңнамалық актілермен айқындалады. Парламенттің өкілеттігі бірінші сессиясы ашылған сәттен басталып, жаңа сайланған Парламенттің бірінші сессиясы жұмысқа кіріскен кезден аяқталады. Парламенттің өкілеттік мерзімі кезекті сайланымдағы Мәжіліс депуттарының өкілеттік мерзімімен айқындалады. Парламенттің өкілеттігі Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген жағдайларда және тәртіппен ғана мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады.
Сенат әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан, тиісінше облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және республика астанасының барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан құралады. Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, оның он бес депутатын Республика Президенті тағайындайды. Сайланған Сенат депутаттарының жартысы әрбір үш жыл сайын қайта сайланып отырады. Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі - алты жыл.
Палатаны мемлекеттік тілді еркін меңгерген өз депутаттарының арасынан жасырын дауыс беру арқылы Палата депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен сайланған Төраға басқарады. Сенат Төрағасының қызметіне кандидатураны Қазақстан Республикасының Президенті ұсынады. Мәжіліс жүз жеті депутаттан тұрады. Мәжілістің тоқсан сегіз депутаты саяси партиялардан партиялық тізімдер бойынша жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы Парламенттің жұмыс істеп тұрған сайланымы өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі. Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі - бес жыл. Палатаны мемлекеттік тілді еркін меңгерген өз депутаттарының арасынан Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен жасырын дауыс беру арқылы Мәжіліс сайлаған Төраға басқарады. Мәжіліс Төрағасының қызметіне кандидатураларды Палатаның депутаттары ұсынады.
Үкімет - мемлекеттік биліктің жоғары атқарушы органы. Үкімет түрлі елдерде түрліше аталуы мүмкін: мысалы, министрлер кеңесі, министрлер кабинеті, мемлекеттік кеңес, т. б
Президенттік республикаларда Үкіметті президент, парламенттік республикаларда және монархияларда - премьер-министр басқарады. Үкімет бір партиялық немесе одақтасқан Үкімет болуы мүмкін. Парламенттік елдерде Үкіметті мемлекет басшысының тапсыруымен бір партиялы парламентте немесе екі партиялы парламенттің төменгі палатасында көпшілік орын алған партияның көшбасшысы (одақтасқан үкіметте - партиялар көшбасшыларының бірі) ; президенттік республикаларда президент жасақтайды, оның үстіне ол тағайындайтын Үкімет мүшелерінің әрқайсысын парламент (әдетте жоғары палата) бекітуге тиіс. Үкімет мүшелері (министрлер), портфельсіз министрлер, мемлекеттік министрлер, мемлекеттік хатшылар мемлекеттік басқарудың нақты орталық органдарын басқарады, парламенттік елдерде олар міндетті түрде парламент мүшелері болуға тиіс, президенттік, сондай-ақ жартылай президенттік республикаларда министрлік портфель мен депутаттық мандатты қоса алып жүрмеу қағидаты қолданылады. Парламенттік елдерде Үкіметке парламенттің алдында (қос палаталы парламентте төм. палатаның алдында) алқалы жауапкершілік жүктеледі. Мұның мәнісі: парламентте көпшілік дауыстан айрылған жағдайда (мысалы, үкіметтік коалиция екіге жарылған кезде) Үкімет не қызметті доғаруға (Үкімет дағдарысы басталып, жаңа Үкіметтің жасақталуымен және парламентке сенім білдірілуімен аяқталады), не парламентті таратып, мерзімінен бұрын сайлау тағайындау деген сөз. Федеративтік мемлекеттерде орт. (федералдық) Үкімет және мемлекеттік құрылым федерациясының құрамына кіретін Үкімет болады; қ. Қазақстан Республикасының Үкіметі.
Үкімет түрлері
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz