Белгілердің тұқым қуалау заңдылықтары


Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрлігі
«Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы. »
Биохимия, биология және микробиология кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы : Белгілердің тұқым қуалау заңдылықтары. Тіркесті тұқым қуалау. Т. Морган заңы. Жыныспен тіркескен тұқым қуалау.
Орындаған: Мықтыбек С. Б
Тобы: 105ФК
Қабылдаған: Ажибаева-Купенова Д. Т.
Шымкент - 2017 жыл
Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Доминаттылық және рецессивтілік.
2. Гомо- және гетерозиготалы.
3. Гибридологиялық әдіс.
4. I, II, III гибрид ұрпақтары.
5. Гендер: аллельді және аллельді емес.
6. Генотип және фенотип.
7. Өзгергіштік және тұқымқуалаушылық.
8. Тұқымқуалаушылық, тұқымқуалаушылық типтері: аутосомды және жыныспен тіркес тұқымқуалау.
9. Комплиментарлық, полимерия, эпистаз.
10. Т. Морган еңбектері. Т. Морган заңы.
11. Тіркес тұқым қуалау.
12. Хромосомалық теория. Оның қағидалары.
13. Кроссинговер және сантиморганида терін сипаттау.
14. Хромосомалардың генетикалық және физикалық картасы.
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Г. Мендель бұршақтың тұқымының сары не жасыл болып келетін екі сортын өзара будандастырған. Сонда бірінші ұрпақ өкілдерінің бәрінің тұқымдары сары болып келген. Бірінші ұрпақ өкілдерін өкілдерін өздігінен тозаңдандырғанда екінші ұрпақта сары түсті бұршақтармен қатар жасыл түсті бұршақтар да пайда болған. Г. Мендель бірінші ұрпақта байқалған сары түсті доминантты, ал бірінші ұрпақта байқалмай, тек екінші ұрпақта ғана байқалатын жасыл түсті рецессивті белгі деп атаған.
Бірінші ұрпақ өкілдерінің тұқымдарының бәрінде бірдей белгінің байқалуын Г. Мендельдің 1 заңы - гибридтер белгілерінің біркелкілік заңы деп атайды.
Г. Мендельдің 2 заңы - белгілердің ажырау заңы деп аталады. Бірінші ұрпақ өкілдерін өздігінен тозаңдастырсақ екінші ұрпақта белгілердің ажырауын байқаймыз, яғни олардың 3 бөлігі жасыл түсті болады.
Г. Менделдің 3-заңы - бегілердің тәуелсіз тұқым қуалау заңы деп аталады, яғни ди- полигибридті будандасуларда әрбір жұп белгілер бір-бірінен тәуелсіз тұқым қуалайды; тәуелсіз ажырасады.
Гомозиготалы деп - геннің біркелкі аллельдерінен тұратын немесе бір типті гаметаларды түзетін жасуша не ағзаны айтамыз, ал гетерозиготалы деп геннің әр түрлі типті гаметаларын түзетін жасуша не ағзаны айтамыз. Сонымен қатар аллельдер гемизиготалы болуы да мүмкін. Гемизиготалы деп - аллель сыңар, тек бір хромосомада болып екіншісінде кездеспейтін жасушаны не ағзаны айтамыз.
Гибридологиялық әдіс
Тұқым қуалаушылықтың заңдылықтарын зерттеудің ғылыми негізін Грегор Мендель қалады. Ол өз тәжірибелеріне қолайлы объект ретінде асбұршақты (Pіsum satіvum) алды. Себебі, басқа өсімдіктермен салыстырғанда асбұршақтың мынадай айрықша қасиеттері бар:
1. бірнеше белгілері бойынша бір-бірінен айқын ажыратылатын көптеген сорттары бар;
2. өсіруге қолайлы;
3. гүліндегі жыныс мүшелері күлтежапырақшаларымен толық қалқаланып тұратындықтан, өсімдік өздігінен тозаңданады. Сондықтан, әр сорт өзінше таза дамып жетііндіктен, белгілері ұрпақтан-ұрпаққа өзгеріссіз беріледі;
4. бұл өсімдіктің сорттарын қолдан тозаңдандыру арқылы өсімтал будандар алуға болады.
Міне, сондықтан, Мендель асбұршақтың 34 сортынан белгілері айқын ажыратылатын 22 сортты таңдап алып, өз тәжірибелеріне пайдаланды. Ол өсімдіктің негізгі жеті белгісіне көңіл аударды: сабағының ұзындығы, тұқымының пішіні мен түсі, жемістерінің пішіні мен түсі, гүлдерінің реңі мен орналасуы. Мендель тәжірибелерінің келесі бір ерекшелігі белгілердің тұқым қуалауын зерттеуде гибридологиялық әдісті қолдану арқылы дәл және тиянақты нәтиже алуында болды. Бұл әдістің негізгі жағдайлары мыналар:
1. будандастыру үшін бір-бірінен айқын жұп белгілері бойынша ажыратылатын бір түрдің дарақтары алынады;
2. зерттелетін белгілер тұрақты, яғни бірнеше ұрпақ бойы қайталанып отырады;
3. әр ұрпақтағы алынған будандарға жеке талдау жасалып, нақтылы сандық есептеулер жүргізілді.
Мендель өзінің тәжірибелерін 8 жыл бойы (1856-1864) Брно қаласындағы Августин монастырының бағында жүргізді. Ол өз зерттеулерінің нәтижесі туралы 1865 жылы 8 ақпанда сол Брно қаласындағы табиғат зерттеушілер қоғамының кеңесінде баяндады. Соның негізінде “Өсімдік будандарымен жүргізілген тәжірибелер” атты еңбегін жариялады.
Қандай да болсын белгі-қасиеттерінде тұқым қуалайтын өзгешеліктері бар организмдерді будандастырғанда гибридті формалар алынады. Бір ғана жұп белгілерінде айырмашылығы бар ата-аналық формалар будандастырылса моногибридті, екі жұп белгісі болса дигибридті, ал белгілердің саны көп болса полигибридті будандастыру деп атайды.
Аллельді гендер деп гомологтық хромосомалардың бірдей локусында орналасқан және қарама-қарсы белгілерді анықтайтын гендерді айтамыз. Аллельді гендердің әрекеттесуіне
1. Доминанттылық
2. Рецессивтік
3. Толық емес доминанттылық
4. Аса жоғары доминанттылық
5. Кодоминанттылық
6. Аллельдер аралық комплементация
7. Аллельдің біреуінің істен шығарылуы жатады.
Доминанттылық дегеніміз бір аллельді геннің екінші аллельді геннің әрекетін бастырмалауы.
Толық доминанттылық дегеніміз доминантты аллельдің рецессивті аллельді толық бастырмалауы, мысалы: бұршақтың гетерозиготалы күйінде түсінің сары болуы.
Толық емес доминанттылық дегеніміз доминантты аллельдің рецессивті аллельді толық бастырмалай алмауы салдарынан рецессивті аллель аз да болса өзінің фенотипін көрсетеді де аралық белгі дамиды. Мысалы, қызыл түсті гүлі бар намазшамгүлін ақ гүлді намазшамгүлмен будандастырғанда бірінші ұрпақтың гүлінің түсі не қызыл, не ақ емес, қызғылт болады.
Аса жоғары доминанттылық дегеніміз F1 -дің гетерозиготалы дараларында доминантты белгінің гомозиготалы күйіне қарағанда әлдеқайда күшті байқалуы.
Рецессивтік дегеніміз бір аллельді геннің фенотиптік байқалуының екінші бір аллель арқылы бастырмалануы.
Кодоминанттылық дегеніміз екі гетерозиготалы доминантты аллельдің бірлесіп бір белгіні дамытуы, ал жеке-жеке олар әр түрлі белгілерді дамытады.
Аллельдераралық комплементация-аллельді гендердің сирек кездесетін әрекеттесу түріне жатады.
Аллельдердің біреуінің істен шығарылуы дегеніміз гомогаметалы жыныстарда екі Х хромосоманың біреуі активсізденіп жыныс хроматиніне айналуы салдарынан онда орналасқан гендердің активсізденіп істен шығарылуы болып табылады.
Аллельді емес гендердің әрекеттесуіне - эпистаз, комплиментарлық, полимерия жатады.
Эпистаз дегеніміз бір аллельді емес геннің екінші бір аллельді емес генді бастырмалауы.
Комплиментарлық дегеніміз екі не одан да көп аллельді емес доминантты гендердің бірлесіп жаңа белгіні дамытуы, ал жеке-жеке олар әртүрлі белгілерді дамытады.
Полимерия дегеніміз - бірнеше аллельді емес гендердің бірлесіп бір белгіні дамытуы.
Фенотип - ағзаның онтогенез барысында қалыптасқан барлық белгілері мен қасиеттерінің жиынтығы.
Генотип - тірі организмдердің көбеюі кезінде ата-анадан берілетін клеткадағы барлық гендердің жиынтығы. Генотип, фенотип деген терминдерді ғылымға 1909 жылы В. Иогансен енгізген.
Тұқым қуалаушылық - ұрпақтар арасындағы материалдық және функционалдық сабақтастықты қамтамасыз ететін тірі организмдерге тән қасиет. Тұқым қуалаушылыққа байланысты тірі организмдердің морфология, физиология және биохимия құрылымы мен жеке даму ерекшеліктері ұрпақтан ұрпаққа беріледі.
Өзгергіштік дегеніміз - әр түрлі себептердің нәтижесінде ағзалардың белгілерінің және қасиеттерінің азды-көпті өзгеруі болып табылады.
Тұқымқуалаушылық типтері:
Моногенді деп бір генмен анықталатын белгілердің тұқым қуалауын айтады. Мысалы, адамның көптеген морфологиялық және кейбір патологиялық белгіллері.
Полигенді деп екі немесе бірнеше генмен анықталатын сандық белгілердің тұқым қуалауын айтады.
Морган екінші тәжірибедегі ақ көзді аталық шыбынды F1 - дегі қызыл көзді аналықпен шағылыстырған. Алынған ұрпақта қызыл және ақ көзді аталық, аналық щыбындардың мөлшері тең болған. Морганның жасаған қорытындысы: көздің түсін анықтайтын ген Х - хромосомада орналасқан. У - хромосомада оған сәйкес локус жоқ. Ендеше, бұл геннің тұқым қуалауы тек Х - хромосома арқылы жүреді. Бұл құбылысты жыныспен тіркес тұқым қуалау деп атайды.
Аутосомалық тұқым қуалау:
Аутосомалық доминантты тұқым қуалау деп аутосомалық хромосомаларда орналасқан гендердің доминантты аллельдердінің бірнеше ұрпақ бойы көрініс беру заңдылығын айтады.
Аутосомалық рецессивті тұқым қуалау деп -аутосомалық хромосомаларда орналасқан гендердің рецессивті аллельдерінің бірнеше ұрпақ бойы көрініс беруін айтады.
Г. Мендель дигибридттік будандастыруға да тәжірибе жасаған, яғни ол сары түсті тегіс бұршақты жасыл түсті кедір-бұдыр бұршақпен будандастырған. Бірінші ұрпақ өкілдерінің бәрінің тұқымдары сары және тегіс болып Г. Мендельдің бірінші заңы- біркелкілік заңы қайталанған. Ал, екінші ұрпақта белгілер 9:3:3:1 ара қатынасындай ажырасқан. Бұл жерде ата-аналарына тән белгілермен қатар жаңа, ата-аналарында кездеспейтін белгілер де пайда болған. Мұны кроссинговер құбылысының нәтижесідеп біліміз керек.
Т. Морган мынадай болжам жасады: шыбындардың көзінің түсін анықтайтын ген жыныс хромосомасында Х хромосомада орналасқан және онымен бірге тіркес тұқым қуалайды, ал У хромосомада ол кездеспейді.
Жеке белгілердің тұқым қуалауын зерттей отырып, Морган және оның шәкірттері дрозофилалардың көзінің түсінің тұқым қуалауының және Мендельдің заңдарының сәйкес келмеуін байқады.
Т. Морган шәкірттерімен екі белгісі: денесінің түсі және
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz