Саяси сана мен саяси мәдениет: анықтамасы, функциялары және құрылымы


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ

ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРЛІГІ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ

«Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық» пәндер кафедрасы

Реферат

ТАҚЫРЫБЫ: «Саяси мәдениет және саяси сана»

Орындаған: Мықтыбек С. Б

Тобы: 105 ФК

Қабылдаған: Асанқұлова Т. А

Шымкент 2017

Жоспар

I. Кіріспе.

II. Негізгі бөлім.

1. Саяси сана.

2. Саяси мәдениет.

3. Саяси мәдениеттің құрлымы.

III. Қортынды.

IV. Пайдаланған әдебиеттер.

Саяси сана - өмірдегі саяси қатынастарды бейнелейтін, оларды түсініп-сезінетін, адамдардың бұл саладағы іс-әрекеттеріне бағыт-бағдар беретін әлеуметтік сезімдер, түсініктер, көзқарастар жиынтығы. Яғни, адамдардың саяси өмірді түсініп, сезінуі. Оған ең алдымен қоғамдағы саяси идеяларды, көзқарастарды, мақсат-мүдделерді ұғынуы, саяси билікке қатынасуы жатады. Олар адамның іс-әрекетіне, әр түрлі жағдайда өзін-өзі ұстауына тікелей әсер етеді.

Саяси сана деңгейлері - қарапайым саяси сана және теориялық саяси сана, саяси психология және саяси идеология деген деңгейлерден тұрады. Қарапайым саяси сана қалыптасып жүйеге түспеген, күнделікті саяси өмірден туған әдет-ғүрып, дағды, дәстүрлі нанымдар, тағы сол сияқтылардың жиынтығы. Ол күн сайынғы саяси өмір тәжірибесін байқап, пайымдаудан пайда болады. Саясаттың тереңіне бойламай, себеп-салдарын сараламай, көбіне сыртқы белгілеріне байланысты қорытынды жасайды. Сондықтан ол саяси сананың төменгі сатысына жатады. Теориялық саяси сана жағдайлардың мән-мағынасын анықтап, оларды айтарлықтай жоғары дәрежеде теориялық түрғыдан жинақтап бейнелейді. Сондықтан ол тұжырымдамалар мен көзқарастардың жүйесі болып келеді. Теориялық саяси сана қарапайым саяси сананың негізінде пайда болады және олар бір-біріне ықпал етеді. Теориялық саяси сана стихиялық түрде туындамайды, оны арнайы дайындығы жоғары саяси сауаты бар теоретик адамдар қалыптастырады.

Саяси сананың функциялары - саясаттың институтционалдық емес элементі ретінде келесі функцияларды орындайды: когнитивті, яғни, саяси субъектілер функцияларын орындау мен модификациялау үшін қоғамның әрдайым білімді жетілдіру мұқтаждықтарын көрсету; коммуникативтік, яғни, субъектілердің өзара және билік институттарымен саналы өзара қарым-қатынасын қамтамасыз ету; идеялық, яғни, саяси әлемді өзінше түсінуге субъектілердің қызығушылық танытуын түсіндіруі.

Саяси мәдениет (ағылш. political culture, ағылш. cultura - тәрбие, білім, даму) - белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің жиынтығы. Яғни, өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар, қазыналар, адамның өзін-өзі ұстауы жөніндегі жарлық, қаулылар жүйесі. Ол қоғамдағы саяси өмірдің барлық салаларын қамтиды. Оған ең алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың, топтардың, ұлттардың өзін-өзі мәдени ұстай білуі, осы жүйенің шеңберінде жұмыс істейтін саяси мекемелердің мәдениеті кіреді.

Саяси мәдениеттің жіктелуі - Г. Алмонд пен С. Верба ұсынған саяси мәдениет түрлері:

"патриархалдық" мәдениет, мұнда жалпыұлттық саясаттың мақсаттары мен құндылықтары туралы біліктер, сезімдер мен нормативті пайымдаулар жоқтың қасы. Қатысу мәдениетінің осы типіне негізделген жүріс-тұрыс үлгісі бүкіл ұлтқа қатысты саяси процеске деген немқұрайлылықпен, бұл саладағы еш үміттердің болмауымен және жергілікті немесе этникалық ынтымақтастыққа негізделген бірегей топталумен сипатталады;

"Бағыну, тәуелділік пен табыну" мәдениеті саяси басшылық қадағалауға тиісті нормалар мен бағынуға тиісті өкімдерді "өндіруші мен сыйлаушы" ретінде қабылданатын жүріс-тұрыс үлгісін анықтайды. Бұл үлгідегі негізгі психологиялық мотивтер игіліктерді күтушілік пен жазадан қорқу болып табылады;

"Қатысу" мәдениеті жүріс-тұрыстың біршама күрделі үлгісіне ие. Оны әлеуметтік серіктестік ретінде сипаттауға болады, мұнда мемлекеттік биліктің саналы сипаты мен тиімділігіне қарай бағынуды қажет ететін нормалар мен өкімдерді "өндіруші" ретінде де, саяси шешімдерді қабылдауға төменнен келетін қатысушы ретінде де қабылдана алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси сана мен саяси мәдениет: деңгейлері, функциялары және технологиялары
Саяси сана мен саяси мәдениет: ұғымы, деңгейлері және функциялары
Саяси мәдениет, саяси әлеуметтену және саяси сана мен идеология: мәні, құрылымы және қызметтері
Саяси мәдениет: анықтамасы, жіктелуі және құрылымы
Саяси мәдениет пен саяси сананың құрылымы, түрлері және функциялары
Саяси мәдениет: құрылымы, функциялары және саяси практикадағы рөлі
Саяси мәдениет: ұғымы, функциялары және құрылымы
Саяси сана мен саяси мәдениет: саяси әлеуметтену және Қазақстанның ерекшеліктері
Саяси сана мен саяси мәдениет: теориялық негіздері және тәрбиелік рөлі
Қоғамның саяси жүйесі және саяси сана: элементтері, функциялары мен формалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz