XIX ғасырдағы қазақ халқының мәдениетінің дамуы және мәні туралы ақпарат


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ
ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
«Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық» пәндер кафедрасы
Реферат
ТАҚЫРЫБЫ: «XIX ғасырдағы қазақ халқының мәдениетінің дамуы және мәні»
Орындаған: Мықтыбек С. Б
Тобы: 105 ФК
Қабылдаған: Асанқұлова Т. А
Шымкент 2017
Жоспар
I. Кіріспе.
II. Негізгі бөлім.
1. Мемлекеттің шығу тегі: мәні және қызметтері.
2. Мемлекеттік құрылым түрлерінің ерекшеліктері.
3. Құқықтық мемлекеттің функциялары мен генезисі.
4. Қазақстанның жаңа мемлекеттілігінің қалыптасуы.
III. Қортынды.
IV. Пайдаланған әдебиеттер.
Мемлекет - белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Егемендікке, заңдастырылған зорлықты пайдалануға монополияға ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың еркеше түрі, саяси жүйенің орталық институты. Жалпы ежелгі дүниедегі мемлекеттердің қалыптасуы кезінде экономдау, басқару, қорғану мәселелерін шешу барысында адамдар бірлестігі жаңа сапалық қасиеттерді бойына сіңіріп, реттеу мен мәжбүрлеуді күшейтіп отырғаны байқалады. Ал адамдар қауымдастығының не үшін реттеу мен мәжбүрлеуді күшейтіп отырғанының себебі әр түрлі елдердегі мемлекет туралы ұғымның сол кезеңдегі түсініктерінде жатыр. Ежелгі грек ойшылы Платон “ Мемлекет дегеніміз адамдардың қажеттілікті өтеу үшін бірігуі” деп анықтама беріп, оның пайда болуына еңбек бөлінісі әсер етті десе, ал оның шәкірті Аристотель “ Мемлекет дегеніміз адамдардың пайда табуы үшін бірігуі” деп түсіндірді.
Мемлекеттің пайда болуы . Көне Рим ойшылы Цицерон “Мемлекет дегеніміз ортақ іс, халық игілігі, ал халық дегеніміз адамдардың көрінген бір қосындысы емес, ол көптеген адамдардың құқық мәселесі бойынша келісімі мен мүдделер бірлігінің нәтижесінде байланысқан бірігуі” дейді. “Мемлекет” сөзінің араб тілінен аудармасы “иелік ету, иелену” деген ұғымды, яғни белгілі бір аумаққа, сол аумақтағы халыққа иелік етуді білдіреді. Ал түркі тілдес халықтардың кейбірі “мемлекет” сөзінің орнына “дәулет” сөзін пайдаланады. Енді дәулет дегеніміз байлық, яғни көшпелі тайпалардағы мемлекеттің қалыптасуына әсер еткен пайда табу идеясынан туындаған. Сонымен мемлекеттің әр түрлі себептердің нәтижесінде пайда болғанын оның атауы да аңғартады. Бірақ ондай себептер көп емес, шектеулі. мемлекеттің қалыптасуына географиялық орта немесе табиғи орта, адам саны, шаруашылық жүргізу тәсілі (экономика), өндіріс тәсілі мен еңбек бөлінісі, дін немесе дүниетаным іспеттес және басқа да сыртқы фактор әсер етеді.
Мемлекеттің белгілері
- мемлекеттің орталық және жергілікті билік органдары жүйесі болады, оған заңды, атқарушы және сот органдары, әскер, полиция жатады;
- мемлекеттің тұрғындары әкімшілік-аумақтық бірлестіктерге (облыс, аудан, ауыл, т. с. с. ) бөлінеді (ол бірліктер әр елде түрліше аталады) ;
- мемлекеттің шекарасы анық белгіленген аумағы болады;
- мемлекеттің әскерді, полицияны, сотты, басқа мемлекеттік мекемелерде қызмет істейтін шенеуніктерді ұстау үшін салық жинайды;
- мемлекет заңдар және басқа нормативтік-құқықтық актілер шығарады, солардың көмегімен қоғамда тәртіп орнатады
Мемлекет түрлері
- Унитарлық(лат. unitas- біртұтас, біріккен) құрылыста саяси билік бір орталыққа бағынады, мемлекет ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға жол берілмейді. Оның территориясы, конституциясы бір болады. Мемлекеттік биліктің жоғары органдар жүйесі, азаматтығы ортақ. Мысалы, Италия, Франция, Қазақстан т. б. осы түрге жатады.
- Федерация(лат. foederatio- одақ, бірлестік) - белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар, бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа бір мемлекетті құруы. Федерация мен оған кіретін субъектілердің міндеттері арасындағы айырмашылықтар жалпы мемлекеттік конституциямен реттеледі. Әр субъектінің өзінің жоғарғы билеу (заң шығарушы, атқарушы, сот органдары болады) . Мұндай мемлекеттерге АҚШ, Алмания, Малайзия, т. б. жатады.
Мемлекет басқаруы бойынша
- Монархия(гр. μοναρχία- біртұтас билік) - абсолюттік және конституциялық болып екіге бөлінеді. Абсолюттік монархия
- мұраланған тақ иесінің ешқандай заңдармен шектелусіз, өз қалауынша дара билік жүргізуі. Шыңғыс хан және оның ұрпақтары билеген Қыпшақ мемлекеттері, XVIII ғасырдың соңындағы буржуазиялық революцияға дейінгі Людовиктер басқарып келген Франция осы абсолюттік монархияға мысал. Атадан балаға мұра боп қалған билік иесінің мемлекеттің сайланып қойылатын басқару органдарымен біте қайнасып, демократиялық ұстанымдармен үйлесім тауып басқаруын конституциялық монархия дейді. Мысал ретінде қазіргі Англия, Жапония мемлекеттерін айтуға болады.
- Республикалық басқару- екіге бөлінеді. Парламенттік жүйесі бар елдерде парламенттегі орындардың көпшілігін сайлауда жеңіп алған партия немесе партиялар коалициясы - премьер-министр басқарады. Үкімет өзі жасап парламент бекіткен бағдарлама бойынша жұмыс істейді, парламентке есеп береді. Парламент жетекші рөл атқарады, қажет десе, басқарушы үкіметті қызметтен кетіре алады. Парламент заңдарды ұсынады және оларды қабылдайды. Премьер-министр де парламенттің қарауына заңдар ұсынады. Сот билігі тек заңдарға сүйеніп жүзеге асырылады. Парламенттік республикалық басқаруға Италия, Алманияны жатқызуға болады. Президенттік жүйеде президентті және парламентті халық сайлайды, заңды билік пен атқарушы билік арақатынасы өзгереді, ел президенті мемлекеттің де, үкіметтің де басшылығын өз қолына алады. Президенттік басқару үлгісі ретінде АҚШ-ты келтіруге болады.
- Диктатура(лат. dictare- нұсқау беру) - бір қолға шексіз биліктің жинақталуы, заңды аяққа баса отырып, күш көрсету арқылы мемлекет басқаруды жүзеге асыру. Диктатура мемлекеттік билік формасының ерекше көрінісі ретінде монархиялық және республикалық режімдер жағдайында ұшыраса береді.
Қызметтері
Мемлекет мынадай қызметтерді атқарады: шаруашылық жүргізу (меншік) мәселелерін реттеу (бөлу), жер бөлу, алым-салық жүйесін белгілеу, адамдардың құқықтық жағдайын белгілеу, қорғанысты қамтамасыз ету, тағы басқа мемлекет саяси ұйымдардың ішіндегі ерекше күрделісі және қуаттысы бола отырып, бүкіл қоғамды қамтып, сол қоғам атынан оның ішінде де, сыртында да өкілдік етіп, сол қоғам үшін қызмет ететін саяси ұйым.
Мемлекет функциялары
Мемлекет функцияларын анықтауда, біз ең алдымен мемлекеттің қоғам өміріндегі жалпы рөлін басшылыққа алуымыз керек. Бұл жерде бірінші орынға мемлекеттің адамдарды қауымдастыққа біріктіретін, олардың мүдделерін түйістіретін, жалпы нормаларды сақтауға мәжбүрлейтін және геосаяси тұтастықты қалыптастыратын біріктіруші рөлі қойылады. Бұдан мемлекеттің ең бірінші функциясы мәжбүрлеу функциясы екендігін көруге болады.
Мәжбүрлеу функциясы әр түрлі әдістер мен құралдар арқылы іске асуы мүмкін. Бұл не тікелей күш көрсету болуы мүмкін, не жанама мәжбүрлеу болуы мүмкін. Барлық мемлекеттерде билік құрушы субъект мәжбүрлеуді пайдаланады, бірақ оны әр жағдайда әркалай қолданатындықтан мазмұны мен сипаты, әдістері мен құралдары әрқилы болуы мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz